Психика


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Психика

1. Түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, ерік және т. б. түрінде шынайы өмірді бейнелеу түрінде көрсететін мидың қызметі; адамның өзіне тән сапалы тәлім-жосығын анықтайды; қоғамдық еңбек үдерісі мен тілдің дамуы арқасында пайда болуымен байланысты психиканың жоғары нысаны - адам санасы.

2. Адамның рухани жетілушілігі, оның рухани сапасы, көңіл-күй иірімдерінің жиынтығы.

Психика (гр. psychikos - ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И. М. Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның - сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.

Психика -

1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті;

2) адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі.

Психиканың екінші сатысында адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін өзінше ұйымдастыратын және оқиғаның өткенін, бүгінін және болашақ күйін реттей алатын қабілет қалыптасады. Адам өткен оқиғаны есінде сақтайды, бүгінгі күйін қобалжу актісімен, ал болашақтағы мүмкін жайын үміті, мақсаты, арманы, түс көру арқылы жеткізе алады. Психика - биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Организм осы фактор арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай қимыл-әрекет жасауға және ортаға бейімделуге мол мүмкіндік алады. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Адам психикасы іс-әрекеті нәтижесін әрдайым ортаның жағдайымен салыстыра отырып, индивид ахуалын қайтарымды байланыста ұстауға мүмкіндік алады, оның түсінік сезімін ықшамдайды. Психика жүйке жүйесін тітіркендіретін әсерді заттың бейнесіне түрлендіреді, мінез-құлыққа ынта-ықылас дарытады. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И. М Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін және құрылымдық-сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік заңдылықтары қалыптасады

Ми

Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі - ми. Ол им сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 г құрайды. Мидан 12 жұп нервтер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады жєне сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Бұларға I - иіс, II - көру, III - көз қимылдатқыш, IV - шығыршық, V - үшкіл, VI - бұру, VII - бет, VIII - дыбыс, IX - тіл-жұтқыншақ, X - кезеген, XI - қосымша, XII - тіласты нервтері жатады. Ми артқы ми, (сопақша ми мен варолий көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми жєне екі ми сыңарларынан тұрады.

Мидың атқаратын қызметі

Мидың ең негізгі атқаратын қызметі - ойлау, сөз, жадта сақтау. Оның ең басты қызметі сұр жұқа қабыққа байланысты екенін айта кеткен жөн. Ол мидың алдыңғы және қапталын жауып тұр. Мұны ми қабығы деп атайды.

Ми бір мезгілде жүздеген мың импульс дабылдарды өңдеуге қабілетті. Мидың бірқатар бөлігінде, шамамен алғанда он бес текше сантиметрінде жүз миллион жүйке жасушасы болады. Оның әрқайсысы сан мыңдаған басқа жасушалармен байланысқан.

Артқы ми.

Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. Артқы мидың тiршiлiктегi маңызы өте зор. Мидан шығатын 12 жұп нepвтepдiң сегiзi артқы мидан тарайды. Олар мыналар үштармақты, көз алмасын кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тiл асты нepвтеpi. Осы нервтердің қатысуымен тыныс алу, журек соғу, қан айналымы, тамақтану, түшкiру, құсу, терлеу, жылау, кiрпiк қағу, жөтелу сияқты тiршiлiкте маңызды рефлекстер орталықтары бар.

Сопақша ми

Сопақша ми жұлынмен тікелей байланысқан жєне екі түрлі қызмет өткізгіштік жєне рефлекторлық қызмет атқарады. Сопақша ми мидың сұр заты жұлындағыдай бiр ғана жерге топтаспай, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, кызметi әр түрлi орталықтарға айнaлған. Ақ зат нерв тaлшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткiзетiн жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлiмдерiмен, сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбiр жұлын жолдары осы мида бiр-бiрiмен айқасып оң жақтан келген тaлшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады. Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми нepвтepiнiң. соңғы бесеуiнiң (VIII, IX, Х, XI, ХII) ядролары мен бiрқатар аса маңызды рефлекстердi icкe асыратын орталықтар және жұлын қызметiн реттеуде маңызды торлы құрылымның бiр бөлігi сопақша мида орналасқан. Сопақша мидың нерв орталықтары адамның өмірiн қамтамасыз етуде үлкен мєн атқарады.

Сопақша мида тыныс, ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сiлекей шығару, қарын сөлi мен ұйқы безi сөлiн шығаратын және құсу), қан тамырларын тарылтып, кеңейтетiн (қозғалтатын), жүректiң соғуын баяулатып, сирететiн (тежейтiн) жєне көптеген қорғаныс (көз жасын шығару, кipпiк қағу, жөтелу, түшкiру, тер шығару) рефлекс орталықтары бар. Сопақша мидың мойын және көз еттерiнiң тонусын өзгертетiн көптеген қозғалтқыш ядролары көпір және ортаңғы мимен бiрге статикалық және статокинетикалық (вестибұлярлық) рефлекстердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Сопақша мида демдi iшке алу және сыртқа шығару рефлекстерiнiң орталықтары бар. Олар үздiксiз кезектесiп, бiрi серпiлгенде екiншici тоқырайды. Бұлардың ауыспалы кезектесуi тыныс алу ырғағын үйлестіредi.

Сопақша мидың рефлекстерi туа бiткeн рефлскстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Әpтicтep сахнада жүрiп, қажет болса, көз жасын төгіп жылай алады. Бұл айтылғандар сопақша мидын қызметiн ми қыртысы реттейтiнiн көрсетедi.

Варолий көпірінiң қызметi осы күнге дейiн толық анықталмаған. Ми көпiрінiң құрамында ақ зат көп. Ақ заты жоғары бағытталған және мидың жұлынға қарай (төмен) бағытталған жолдарын құрады.

Ақ заттар аралығында бөлек-6өлек нейрон шоғырлары жайылған Бұлардың iшiнде бас сүйек, ми нервлерiнiң V, VI, VII жұптарының ядролары, көлденең жолақ еттердi ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау (сергек болу) тәртiбiн реттейтiн торлы құрылым нейрондары бар. Бұлармен қатар көпiрде дем алуды дем шығарумен алмастырып отыратын пневмотаксикалық орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтiн орталық орналасқан.

ОРТАҢҒЫ МИ.

Варолий көпiрi және сопақша мимен бiрге ортаңғы ми ми діңінің негiзiн құрады. Оның сырт жағындa ми қақпағы, iшкi жағында ми аяқшалары орналасқан. Opтaңғы мидың негізгі құрлымдарына төрт төмпешiк, қара зат(субстанция), қызыл ядро, III және IV жұп ми нервтерiнiң түйiнiсi мен торлы құрылым болады. Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай таламусқа, мишыққа баратын жолдар, ми қыртысынаң жолақ денеден гипоталамустан төмен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтедi.

Төрт төмпешiк пен көз алмасын көзғайтын ІІІ жұп нервтер түйiндерi ортаңғы мидың сырт жағына, ал iшкi жағында қара зат, қызыл ядро және IV жұп шиыршық нервтің нейрондары орналасқан.

Сопақша мидың торлы құрылымын электр тогымен тітіркендіргенде көптеген жұлын рефлекстерiнiң тежелгенi байқалған. Торлы құрылымды тiтiркендiргенде пайда болатын нәтиже тітіркендіргіштiң күшiне байланысты болған. Әлсiз тітіркендіргішпен торлы құрылымның бiр жақ бөлiгiне әсер еткенде жұлынның сол бөлiгiндегi нейрондар тежелген, ал күштi тітіркендіргішпен әсер еткенде екі бөлiгiнiң де нейрондары тежелген. Және де ондай нәтиже торлы құрылымның вентромедиальды бөлiмiн тітіркендіргенде ғaнa байқалады. Ал басқа жерлерін тітіркендіргенде ондай нәтиже болмаған.

Торлы құрылым тыныс еттерiн, жұлынның симпатиқалық орталықтарын және тыныс алу мен вазомоторлық жауаптарды реттейтiн мотонейрондарды қозды­рады және тежейдi. Айтылғандардың барлығы торлы құрылымның төмен бағытталған әcepiнің болатындығын көрсетеді.

Торлы құрылым ми қыртысына, яғни жоғарыға қарай бағытталған белсендiру әсерін ми бағанасының және таламустың белсендiрушi жүйесiне бөледі. Ми бағанасындағы жүйе жинақталған белсендiліктi тудырады, ал таламустық жүйе жергіліктi әсер eтeдi. Торлы құрылым ми қыртысына белсендіруші әсер етеді.

Аралық ми.

Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында аралық ми орналасқан. Аралық ми төмпешіктен - таламус жєне төмпешік асты аймақтан - гипоталамустан тұрады.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психика және сана түсінігі
Психология ғылымы туралы түсінік, Психологияның әдіснамасы мен зерттеу әдістері. Психика және сана, Іс-әрекет психологиясы, Қарымқатына, . Тұлға психологиясы Ұжым-топтар
Психиканың даму сатылары
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Адам психикасы
Психология жүйесі
Салыстырмалы психология пәні, міндеттері, әдістері
Психика дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру
Психика және сана негіздері
Психология ғылымының зерттеу пәні - психика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz