Ұлыбританияның екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы



Ұлыбритания-парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады. Король билігі тек қағаз жүзінде ғана. Іс жүзінде корольдің билігі мен өктемдігі бүтіндей үкіметтің министрлер кабинетінің қолында. Ұлыбританияның заң шығаратын өкіметі- екі палаталы парламент (құрамында король, лордтар палатасы және қауымдық палата).
Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңімпаз болып шыққанмен де, Ұлыбританияның экономикалық және саяси позициясы едәуір әлсіреді. Адам шығыны Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда аз болды, бірақ материалдық шығындары бірнеше миллиард фунт стерлингке жетті. Ол АҚШ-ка ұзақ уақыт бойы экономикалық және саяси тәуелді болып қалды. Ұлыбритания өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны жөнінен жетекші капиталисттік елдерден көп кейін қалды. Бұл жылдардағы жағдайды Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер-министрі У.Черчиль «Триумф және қасірет» деп атады.
50 жылдардың соңында ГФР, ал 60 жылдардың соңында Жапония өнеркәсіп өнімін өндіру дәрежесі жөнінен Ұлыбританияны басып озып, оны капиталисттік дүниеде 4-орынға ығыстырды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін империалзмнің, оның ішінде Британ империясының отарлық жүйесі күйрей бастады. Ұлт- азаттық қозғалысының мықтап өрлеуіне байланысты Британ империалистері Үндістанға тәуелсіздік беруге (1947) мәжбүр болды, бірақ елді діни наным бойынша екіге бөлінді. Бирма мен Цейлон (Шри Ланка) егемендік алды (1948). Езілген халықтардың күресі Ұлыбританияны отар елдерінің бәріне дерлік тәуелсіздік беруге мәжбүр етті. Отарлық империяның ыдырауы ағылшын империализмін күрт әлсіретті, бірақ Ұлыбритания көптеген бұрынғы иеліктерінде едәуір экономикалық және саяси позицияны сақтап қалды. Ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күресу мақсатымен

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ұлыбританияның екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы

Ұлыбритания-парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас
конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық
актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік
право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік
билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің
жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы
болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері
бірлестігін басқарады. Король билігі тек қағаз жүзінде ғана. Іс жүзінде
корольдің билігі мен өктемдігі бүтіндей үкіметтің министрлер кабинетінің
қолында. Ұлыбританияның заң шығаратын өкіметі- екі палаталы парламент
(құрамында король, лордтар палатасы және қауымдық палата).
Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңімпаз болып шыққанмен де,
Ұлыбританияның экономикалық және саяси позициясы едәуір әлсіреді. Адам
шығыны Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда аз болды, бірақ материалдық
шығындары бірнеше миллиард фунт стерлингке жетті. Ол АҚШ-ка ұзақ уақыт бойы
экономикалық және саяси тәуелді болып қалды. Ұлыбритания өнеркәсіп
өндірісінің өсу қарқыны жөнінен жетекші капиталисттік елдерден көп кейін
қалды. Бұл жылдардағы жағдайды Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер-
министрі У.Черчиль Триумф және қасірет деп атады.
50 жылдардың соңында ГФР, ал 60 жылдардың соңында Жапония өнеркәсіп
өнімін өндіру дәрежесі жөнінен Ұлыбританияны басып озып, оны капиталисттік
дүниеде 4-орынға ығыстырды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін империалзмнің, оның ішінде Британ
империясының отарлық жүйесі күйрей бастады. Ұлт- азаттық қозғалысының
мықтап өрлеуіне байланысты Британ империалистері Үндістанға тәуелсіздік
беруге (1947) мәжбүр болды, бірақ елді діни наным бойынша екіге бөлінді.
Бирма мен Цейлон (Шри Ланка) егемендік алды (1948). Езілген халықтардың
күресі Ұлыбританияны отар елдерінің бәріне дерлік тәуелсіздік беруге мәжбүр
етті. Отарлық империяның ыдырауы ағылшын империализмін күрт әлсіретті,
бірақ Ұлыбритания көптеген бұрынғы иеліктерінде едәуір экономикалық және
саяси позицияны сақтап қалды. Ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күресу
мақсатымен Ұлыбритания агрессиялық блоктарын ұйымдастыра бастады. Таяу
Шығыс пен Африкадағы отарлық позицияны нығайту үшін Ұлыбритания 1956 жылы
Франция және Израильмен бірге Египетке қарсы қарулы шабуылы жасады. Совет
Одағының, басқа да социалисттік елдердің Египетті қолдауы және дүние
жүзіндегі прогресшіл жұртшылықтың қарсылық білдіруі нәтижесінде Ұлыбритания
мен оның одақтастары Египетке қарсы соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. 30
жылдардың сабағын естен шығарып, Ұлыбритания Батыс Германияны НАТО-ға
қосуға жәрдемдесті.
Британ империализмінің капиталисттік дүниенің саяси, экономикалық және
ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күреске тығыз топтастыруға ұмтылуы
Ұлыбританияның АҚШ-қа кіріптарлығын күшейтті. Оның территориясында АҚШ-тың
соғыс базалары пайда болды. Ұлыбританияның экономикасына Америка капиталы
кеңінен ене түсті, елдің сыртқы қарызы көбуйді. Соған қарамастан, Вильсон
бастаған лейбористер үкіметі жанталаса қарулануға қыруар қаржы жұмсады,
мұның өзі Ұлыбританияның финанс қиыншылығын онан әрі өршітті. 1967 жылы
фунт стерлинг соғыстан кейін екінші рет құнсызданды. Ұлыбританияның
прогресшіл күштеі бейбітшілік жолында, билеуші топтардың империалистік
сыртқы саяси бағытына қарсы белсене күресіп келді. 60 жылдарыдың соңы мен
70 жылдардың басында Ұлыбританияда ереуіл қозғалысы өріс алды. Солтүстік
Ирландияда әлеуметтік және экономикалық теңсіздікті жою, азаматтарға тең
құқық беру жолында еңбекшілер бас көтерді.
Ұлыбритания- капиталистік елдер арасында АҚШ, ГФР және Жапониядан
кейінгі ірі өнеркәсіпті держава. Бастапқыда Ұлыбритания экономикасы
монополиялық жағдайға негізделіп дамыды. 2-дүниежүзілік соғыс және соғыстан
кейінгі капитализмнің жалпы дағдарысы ұлт-азаттық қозғалысының пәрменді
дамуы Британ отарлық империясының ыдырауына әкеп соқты.
50 жылдары өндірістің жаңа салаларының монополиясы құрылып, дами
бастады. Үкімет өндіріс концентрациясын жақтап, 1966 жылы осы мақсатта
өндірісті қайта құру корпорациясын құрды. Соғыстан кейін көмір, газ,
электроэнергетика, темір жол транспорты, қара металлургия, ішкі су және
қала транспортының бір бөлігі, ағылшын банкісі, атом өндірісі мен атом
энергетикасы, радио-теле жүйесі нациолизацияланды, яғни өнеркәсіп
өндірісінің 20%-дан астамы мемлекет қарамағына көшті. 50-60 жылдарда
байқалған Ұлыбритания өндірісіндегі ерекше құбылыс- бұл ел экономикасына
американ капиталының енуі. 70 жылдар басында байқалған экономикалық
дағдарыс белгілері Ұлыбритания экономикасында да анық сезілді. Өндіріс
мөлшері қысқарды, инфляция тұрақты процеске айналды, жұмыссыздар саны
тоқтаусыз өсті. 1975 жылы ел ішіндегі жалпы өнім 2,5%-ға кеміді және жаппай
тұтыну заттарының бағасы орташа есеппен 24%-ға артты. Өндірісті жандандыру
үшін және жұмыссыздықтың шұғыл шаралар да қабылдады. Мысалы: Бритиш
Лейленд мотор, Интернэшнал компьютерс, Альфред Герберт сияқты ірі
монополияларға көмек ретінде жүздеген миллион фунт стерлинг қаржы бөлінді.
Бірақ бұл шаралар Ұлыбритания капитализмінің одан әрі құлдырауын тоқтата
алмай отыр.
Саяси партиялары, кәсіподақтары және басқа қоғамдық ұйымдар.
Консервативтік партия- ұйымдық жағынан 19 ғасырдың ортасында тори партиясы
негізінде қалыптасты. Лейборист партиясы 1900 жылы негізі қаланды.
Либералдық партия 19 ғасырдың ортасында виги партиясы негізінде ұйымдасты.
Ұлыбритания коммунистік партиясы 1920 жылы негізі қаланды. Тред-юниондардың
британдық конгресі 1868 жылы негізі қаланды. Тред-юниондардың шотландық
конгресі 1897 жылы негізі қаланды. Ағылшын-совет достығы қоғамы 1946 жылы
құрылды. КСРО-мен мәдени байланыс қоғамы 1924 жылы негізі қаланды.
Жастардың коммунистік одағы 1922 жылы құрылды.
Соғыс жылдарындағы консерваторлар басқарған аралас үкіметтің құрамына
лейбористік және лиьералдық партиялардың өкілдері де енді. Соғыс бітісімен
бұл аралас үкімет тарады да, 1945 жылы шілдеде өткен парламент
сайлауында екі басты қарсыластар: консерваторлар және лейбористер арасында
билік үшін қайта басталды. Әдетте олардың екуінің бірі жеңеді. Бұл саяси
маятник осы уақытқа дейін тербелуде. Соғыстан кейінгі алғашқы сайлауда
лейбористер жеңді.
Лейбористік үкімет. 1945-1951 ж.ж. Лейбористер сайлаушыларға
әлеуметтік салада реформалардың кең бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама
Болашаққа бетбұрыс деп аталды. Консервативтік партияның айқын
бағдарламасы болмады, олар тек Черчильдің беделіне арқа тұтты. Олар өмір
сүру жағдайларын жақсартуды көксеген ағылшындардың көңіл-күйін ескермеді,
сөйтіп, қатты жуңіліс тапты. Лейбористер қауымдар палатасындағы орындарды
үштен екісіне ие болды.
Лейбористер өз уәделерін негізінен орындады. Мемлекеттенді-ру сатып
алу жолымен іске асырыла бастады. Шаруашылықтың көмір, газ, су және темір
жол транспорты, қара металлургия және тағы басқа салаларында жалдамалы
жұмыскерлердің 20%-дейін жұмыс істейтін. 1946 жылы кәсіподақтарға қарсы
1927 жылғы қабылданған жазалаушылық заң жойылды. 1945-48 жж. Кәсіби
науқастарға байланысты жәрдем ақыларды, қарттарға және жесір әйелдерге
зейнетақы төлеуді қамтитын әлеуметтік қамсыздандыру мен қауіпсіздендірудің
жаңа кешенді жүйесі іске асырылды. 10 миллионнан аса
жұмысшылардың жалақысы көбейтілді. Ақырында, 1948 жылы ұлттық денсаулық
сақтау қызметі құрылды және тегін медициналық қызмет көрсету жүйесі
енгізіліп, дәрі-дәрмектер тегін үлестірілетін болды. Лейбористік партия
біртіндеп реформалау жолымен Ұлыбритания демократиялық социализмге өтеді
деп есептеді.
Консервативтік үкіметтер. 1951-1964 жж. 1951 жылы қазанда сайлауда
жеңіп шыққан У.Черчиль тағы да үкімет басқарды. Консерваторлар лейбористер
құрған әлеуметтік құрылымды сол күйінше қалдырды. Тіпті олар 1945 жылғы
сайлаудағы жеңілістен қорытынды жасап, әл-ауқаттылық мемлекет идеясына
қолдау көрсетті. Консервативтік партия өзінің өзгерген жағдайларға
бейімделуге және мемлекеттік басқару мен әлеуметтік-экономикалық саясаттың
жаңа әдістерін қолдануға қабілетілігін көрсетті. 1962 жылы теңдестірілген
экономикалық даму бағдарламасын жасау үшін Ұлттық кеңес құрылды.
1964 жылы болған кезекті парламент сайлауы екі партияның ешқайсысына да
айқын басымдылық берген жоқ. Екеуі де 12 миллион дауыс алды, бірақ
лейбористердің бағы жанып, сәл ғана ьасымдылыққа ие болды.
Г.Вильсон үкіметі (1964-1970) консерваторлар бастап кеткен болашақ
экономикалық жоспарлауды жасау бағытын жалғастырды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атланттық хартия
Бірінші лейбористік үкімет
Британдық неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен дамуы. М. Тэтчердің консервативтік үкіметі және жүргізген реформалары
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзі Версаль-Вашингтон жүйесі
Ұлыбритания, АҚШ, кеңес одағының мемлекет басшыларының тегеран конференциясы
Антигитлерлік коалициясының құрылуы және екінші майдан мәселесі
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзі Версаль-Вашингтон жүйелері
Лойд Джордждың ішкі және отарлық саясаты
Ұлыбритания мемлекетінің туризм саласының дамуы
Екінші дүниежүзілік соғыс басындағы еңес-ағылшын қатынастары
Пәндер