Адам скелетін жалпы шолу



1 Тірек.қимыл аппаратының маңызы
2 Тұлабой скелеті
3 Аяқ.қолдар
4 Бас сүйек
Тірек-қимыл аппаратына скелет және скелет бұлшық еттері жатады (II — V түсті таблицалар). Скелет — дененін, формасын ұстап тұратын қатты сүйеніш. Ол 200-ден аса сүйектерден тұрады. Сүйектердің көпшілігі бір-бірімен қозғалмалы болып біріккен, сондықтан олардың өзара орналасуы өзгеріп отыруы мүмкіну Бұлшық еттердің функ-циясына скелеттің жеке бөліктерін белгілі бір жағдайда бекітіп тұру немесе ол жағдайды өзгерту, яғни қозғалысқа келтіру жата¬ды. Әдетте бұлшық еттер өз ұштарымен іргелес екі сүйекке бекінеді, сонымен бірге әрбір қозғалмалы сүйектердің жалғасы айналасындағы қозғалысты түрліше жағдайға келтіруге мүмкіндік беретін әлденеше бұлшық еттер болады.[бұлшық еттер қимыл аппаратыньщ белсенді, жұмысшы бөлігі де, ал сүйектер — оның енжар бөлігі.
Адамнын. қозғалысы барынша алуан түрлі әрі дәл. Қозғалу сондай-ақ денені белгілі бір қалыпта ұстау және тепе-теңдікті сақтау көптеген бұлшық еттердің дәл әрі қатақ үйлестірілген жұмысы арқылы қамтамасыз етіледі.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
4. Адам скелетін жалпы шолу

Тірек-қимыл аппаратының маңьізы. Тірек-қимыл аппаратына скелет және скелет бұлшық еттері жатады (II — V түсті таблицалар). Скелет — дененін, формасын ұстап тұратын қатты сүйеніш. Ол 200-ден аса сүйектерден тұрады. Сүйектердің көпшілігі бір-бірімен қозғалмалы болып біріккен, сондықтан олардың өзара орналасуы өзгеріп отыруы мүмкіну Бұлшық еттердің функ-циясына скелеттің жеке бөліктерін белгілі бір жағдайда бекітіп тұру немесе ол жағдайды өзгерту, яғни қозғалысқа келтіру жатады. Әдетте бұлшық еттер өз ұштарымен іргелес екі сүйекке бекінеді, сонымен бірге әрбір қозғалмалы сүйектердің жалғасы айналасындағы қозғалысты түрліше жағдайға келтіруге мүмкіндік беретін әлденеше бұлшық еттер болады.[бұлшық еттер қимыл аппаратыньщ белсенді, жұмысшы бөлігі де, ал сүйектер — оның енжар бөлігі.

Адамнын. қозғалысы барынша алуан түрлі әрі дәл. Қозғалу сондай-ақ денені белгілі бір қалыпта ұстау және тепе-теңдікті сақтау көптеген бұлшық еттердің дәл әрі қатақ үйлестірілген жұмысы арқылы қамтамасыз етіледі.

Тірек-кимыл аппараты бұл айтылғаңдарға қосымша қорғаныш қызметін де атқарады. Скелет жұлын мен мидың нәзік тканьдерін, жүректі, өкпені және басқа да бірқатар мүшелерді соққыдан және зақымданудан қорғайды.

Тұлабой сқелеті. Адам скелеті тұлабой скелеті, аяқ-қол скелеті және бас сүйегі деп бөлінеді. Тұлабой скелетінің негізі — омыртқа жотасы, ол 33—34 омыртқадан: 7 мойын омыртқасынан, 12 арқа омыртқасынан, 5 бел омыртқасынан, біртұтас сүйекке — сегізкөзге жалғасқан 5 сегізкөз омыртқасынан және 4 — 5 қүйрық немесе қүйымшақ омыртқаларынан құралады. Омыртқаларды алдыңғы жақтан бірнеше есінділері бар доға бөліп тұрады да, олардың бірі бұлшық еттерді бекіту үшін қызмет етеді, ал екіншілері іргелес омыртқаларды біріктіру үшін қызмет етеді, Дене мен омыртқалар доғасы арасында тесіктер түрінде пайда болған омыртқа каналында жұлын болады. Құйымшақ омыртқалары — жануарларда жақсы жетілген кұйрық омыртқалары денесінің аздаған қалдығы.

Адамның омыртқа жотасында мойын, арқа, бел және сегізкөз иіндері бар, олар адамның тік жүруіне байланысты денедегі негізгі ерекшелігі болып табылады. Осы иіндердің арқасында тұрған адам денесінің салмағы артқа түсіп, табандардың арасынан өкшеге жақын өтетін тік сызықта болады. Мұндай салмақ түсу тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді және екі аяқпен жүруді едәуір жеңілдетеді. Иіндер омыртқаларды неғұрлым серпімді және икемді етеді. Жүргенде, жүгіргенде, секіргенде және түрліше кенеттен қимылдар жасаған кезде ол серпіліп-жиырылады, сол арқылы басты және сонымен бірге миды шайқалудан сақтайды.

Арқа омыртқалары — көкірек клеткасыныд құрамдас белігі. Арқа омыртқасының әрқайсысымен бір жұп қабырға қозғалмалы байланысады. Қабырғалардың жоғары 10 жұбының алдыңғы үштары иілгіш шеміршектер арқылы кекірек сүйегіне, немесе төс сүйекке қосылған. Сонымен бірге 8-ші, 9-шы және 10-шы қабырға жүбының шеміршегі өзара түтасып кетеді де, 7-ші жүптьщ шеміршегіне қосылады, ал 11-ші, 12-ші жұп төске дейін жетпей, бос тұрады. Көкірек клеткасы екпені, жүректі, сондай-ақ құрсақ қуысының жоғарғы жағындағы мүшелерді соққыдан және зақымданудан сақтайды. Адамның көкірек клеткасы жалпақ, бірақ алдыңғы-артқы диаметрі қысқа болады. Мұндай — форма дененің тік болуына байладасты және тепе-теңдікті сақтауды жеңілдетеді. V

Аяқ-қолдар. Жотаның жоғарғы жағында екі жалпақ сүйек — жауырын бар. Жауырынның әрқайсысы бұғанаға жалғасады, ал ол өзінің екінші ұшымен кеуде сүйегіне біріккен. Жауырын мен бұғаналар иық белдеуін құрайды. Жауырынның сыртқы бұрыштары қол сүйектерінің иық басы сүйектерімен бірігеді.

Аяқтар белдеуі, немесе жамбас белдеуі сегізкөзден және оған қимылсыз біріккен екі жамбас суйектерінен құралған, ал олар алдыңғы жағынан да бір бірімен қозғалмайтындай болып біріккен. Жамбас сүйектерінің, жауырындардағы тәрізді жұмыр ойысы болады да, оларға о.ртан жіліктің домалақ басы кіріп тұрады. Адамньщ жамбасы жануардың жамбасына қарағанда кең және тостаған пішінді болады." Неліктен бұлай екенін түсіну оңай. Жануардың ішек-қарыны өзінің барлық салмағын Карынын қабыр-ғаларына түсіреді де, ал адамда жамбас сүйектеріне түсіреді. Сөйтіп, адам жамбасының пішіні дененің тік қалыпта болуына байланысты.

Қол мен аяқ, скелеттерінің кейбір айырмашылықтары болуымен катар, көптеген езара ортақ жақтары да бар. Қол жауырынмен козғала біріккен иін сүйектеріне; екі сүйектен — шынтақ сүйек пен шыбық сүйектен құралған білек сүйегіне; құрамына білезіктің ұсақ сүйектері, алақанньщ бес ұзын сүйегіне және саусақ сүйектері (екеуі үлкен саусақ та, қалғандары үш-үштен) кіретін қол басына бөлінеді.

Тиісті бөліктер аяқтарда да болады: сан; балтырдың екі сүйегі — асықты жілік және оның шыбығы; таларсақтан, бақай сүйек-терінен және бақайщықтардан тұратын табан. Сан асықты жілігімен тізе буынын құрайды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
жасушалар мен хромосомалар
Лимфалық тамырлар
Тipi aдaмдa сүйeктepдiң мaңызы бap шығыңқы жepлepiн сипaп aнықтaу
Компьютерлік графикаға қолданылатын бағдарламалар
Сүйектің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері туралы ақпарат
Амин қышқылдарының алмасуы жайлы
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ
Қатты жанғыш қазбалар
Құс еті мен жұмыртқасын өндіру технологиясы
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің жалпы сұрақтары
Пәндер