Бактериофагтар



1 Фагтың бактерияларға әсері.
2 Лизогения.
3 Фагтың табиғатта таралуы.
4 Бактериофагтың тәжірибеде қолданылуы.
5 Туляремия қоздырғышы (Francisella tularense).
6 Иммунитет. Ауырғаннан кейін иммунитет тұрақты
1915 жылы Туорт агарда өсетін стафилококк колонияларының мөлдір болып жоғалуын байқады. Ондай колонияның басқа қалыпты колонияға егілуі бұл колонияның да жойылуына алып келді.
1917 жылы Д. Эррель қантышқақ бактерияларының сорпалы дақылына қантышқақпен ауратын науқастардың нәжісі фильтраттарын қосқанда сорпаның мөлдір болып, онда қоздырғыштың жойылуын байқады. Д. Эррель бұл құбылысты адам және жануар ішегінде бактерияларды ерітетін вирустардың бар болуымен түсіндірді. Ол бұл вирустарды бактериофаг деп атады.
Бактериофаг деп арнайы агент бактериофагтың микроб клеткаларын ерітіп (лизис) жіберуіне айтылады.
Фагтар ұсақ организмдер болып денесі 20 дан 200 нм ге дейін болады. Вирустар сияқты фагтар, сыртқы белокты қабықтан және нуклеин қышқылынан тұрады. Көпшілік фагтарда бұл екі жіпшелі ДНК болып келеді. Химиялық құрамы бойынша бактериофаг 50-60% белоктан және 40-50% ДНК дан тұрады. Кейбір фагтарда РНК, липид, көмірсу табылған.
Фагтарға арнайы-қасиет тән, яғни олар тек белгілі бip түрдегі бактерияларда ғана көбейіп, оларды ерітеді (лизисіне алып келеді). Фагтардың бұл спецификалық қасиеті жүқпалы аурулардың лабораториялық диагностикасында қолданылады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Бактериофагтар.

1915 жылы Туорт агарда өсетін стафилококк колонияларының мөлдір болып жоғалуын байқады. Ондай колонияның басқа қалыпты колонияға егілуі бұл колонияның да жойылуына алып келді.

1917 жылы Д. Эррель қантышқақ бактерияларының сорпалы дақылына қантышқақпен ауратын науқастардың нәжісі фильтраттарын қосқанда сорпаның мөлдір болып, онда қоздырғыштың жойылуын байқады. Д. Эррель бұл құбылысты адам және жануар ішегінде бактерияларды ерітетін вирустардың бар болуымен түсіндірді. Ол бұл вирустарды бактериофаг деп атады.

Бактериофаг деп арнайы агент бактериофагтың микроб клеткаларын ерітіп (лизис) жіберуіне айтылады.

Фагтар ұсақ организмдер болып денесі 20 дан 200 нм ге дейін болады. Вирустар сияқты фагтар, сыртқы белокты қабықтан және нуклеин қышқылынан тұрады. Көпшілік фагтарда бұл екі жіпшелі ДНК болып келеді. Химиялық құрамы бойынша бактериофаг 50-60% белоктан және 40-50% ДНК дан тұрады. Кейбір фагтарда РНК, липид, көмірсу табылған.

Фагтарға арнайы-қасиет тән, яғни олар тек белгілі бip түрдегі бактерияларда ғана көбейіп, оларды ерітеді (лизисіне алып келеді). Фагтардың бұл спецификалық қасиеті жүқпалы аурулардың лабораториялық диагностикасында қолданылады.

Фагтар бактерия клеткасы ішінде көбейіп, оларды жойып, тығыз қоректік орта бетінде таза дақтардың пайда болуына алып келеді. Ондай дақтар фагтың негативті колониялары деп аталады. Бұл колониялардың пішіні әртүрлі болып келеді, көбінесе мөлдір орталықтан және лайланған шеткі зонадан тұрады Егер фаг оған сезімтал болған бактерия өскен сұйық ортаға қосылса, бұған дейін лайланған орта мәлдір сұйық ортаға айналады.

Фагтар сыртқы ортаға тәзімді болып келеді. Ол белгілі. дезинфекциялық - 1-2% фенолға, 0,5% сулемаға, 1,5% лизолға тәзімді болып келеді. Фагтар 70-75 С ке дейін қыздырғанда сақталады. Оларға рентген және ультракүлгін сәулелері, стрептомицин, полисахаридтер, крахмал кері әсер етеді. Организмде фаг 10-13 күнге дейін сақталады.

Фагтаң пайда болуы және табиғаты әлі күнге дейін толығымен зерттелмеген, бірақ 2 көзқарас бар:

Фаг бактериялардың эктопаразиты болып, бір бактериядан екіншісіне өту арқылы өмір сүреді (бактериялар ауруы).

Фаг эндогенді болып, ол бактериялардың даму түрінің бірі есептеледі.

Фагтың бактерияларға әсері.

Фагтың бактерияны жою әрекеті бірнеше этаптардан тұрады.

1. Фаг адсорбциясы - фаг денесі бактерия клеткасы қабырғасында орналасқан арнайы рецепторларға жабысады. Фаг талшығы ушында лизоцимге ұқсас фермент орналасқан, ол бактерияның цитоплазматикалық мембранасын тесіп, сол жердей фагтың басында орналасқан ДНК бактерия цитоплазмасына енеді. Бос қалған фаг клетка сыртында қалады.

Латентті (жасырын) кезең - фаг ДНК сының бактерия цитоплазмасына енгенінен кейін басталады. Бұл кезеңнің созылу уақыты әртүрлі болып келеді. Мыс: Ішек таяқшасы мен оның бактериофагы үшін - бұл кезеңнің созылуы -12 мин. Бұл кезеңде фаг жасырын (латентті) жағдайда болғандықтан ДНК-сы анықталмайды.

Жаңа фагтың пайда болу кезеңі. Бұл кезеңде фаг ДНК-сы бактерияның генетикалық басқаруын өз қолына алып, фаг белоктарын және фаг қабықтарын синтездеуді бастайды.

Кезең соңында фагтың ДНК-сы және белокты қабықтары қосылып, фагтың жетілген бөлектерін құрайды.

Л. Клетка лизисы - фаг бактерия клеткасына жабысқаннан кейін шамамен 30 минуттан соң басталады. Жаңа пайда болған фаг басқа клеткаға енеді. Әрбір зарарланған бактерияда пайда болатын вирус белшектері 20 дан 200 ге дейін барады. Бұл сан фагтың шығуы деп аталады.

Лизогения.

Бактерия лизисіне алып келетін фагтар вирулентті фаг деп аталады. сонымен қатар клетка ішіне еніп, бірақ жоймайтын фагтар да бар. Олар клеткаға еніп, бактерия хромосомасына қосылып, онымен бірге көбейеді. Бактериялардың ондай түрін лизогенді деп атайды, олардың алдынға түрі - профагтар лизогенділерден бұрын дамиды. .

Лизогенді бактериялар профагты ұзақ уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа беруі мүмкін. Лизогенді фагтарға антибиотиктер, аскорбин қышқылы әсер еткенде профагтар клетка хромосомасынан цитоплазмаға өтіп вирулентті фагтарға айналады. Олар көбейіп, бактерияларды ерітіп, сыртқы ортаға шығып, басқа бактериллрға енеді.

Клетка - егесін жойғаннан кейін фаг оның кейбір гендерін алып, оны хромосомалық аппаратқа енгізуі мүмкін. Профагтың бактерияны жоюға қатысты әрекет құбылыстарын лизогения деп атайды.

Фагтың табиғатта таралуы.

Фаггар табиғатта кең таралған. Ішек фагтарын су, топырақ, нәжістің құрамынан, стафилококк фагтарын мұрын, жүтқыншақ - шырышты қабықтарынан, теріден, жара бөлінділерінен алуға болады.

Кәзіргі уақытта барлық патогенді және көптеген патогенді емес микроорганизмдердің фагтары анықталған. Фагтар қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, спирохеталарларда табылмаған.

Зерттелінетін материалдан бактериофагты бөліп алу микроорганизм түрін алуға мүмкіншілік болмаған жағдайда жүргізіледі. Фагты бөліп алу үшін зерттелінетін материал фильтраты фаг көбейетін микроб түрімен қоса тығыз және сұйық қоректік ортаға егіледі. Фагтың бар екенін тест культураның (бактерияның) жоқ болуы дәлелдеиді.

Бактериофагтың тәжірибеде қолданылуы.

Бактериофагтар фагодиагностика үшін, яғни ауру қоздырғышын анықтау үшін қолданыладц. Микробтың түрін анықтауда бактериофагтың спецификалық қасиеті ескеріледі. Осыған орай микроб түрін анықтау үшін зерттелінетін микроорганизмдің таза түрі сұйық және тығыз қоректік орталарға егіледі. Оған бірнеше тамшы белгілі фаг қосылады. Сұйық орталарда микробтардың азаюы (ортаның мөлдір болуы) және тығыз қоректік орталарда өсудің болмауы фагтың бөліп алынған түрімен сәйкестігін дәлелдейді.

Фаготиптік әдіс - бір түрдеп микробтарды әр түрлі фаготиптерге бөлуге мүмкіншілік береді. Бұл әдістің жүқпа көзін анықтауда үлкен эпидемиологиялық маңызы бар.

Кейбір фагтар профилактика және ем ретінде қолданылады. Бактериофагтар бактериялардың өзгеріп тұруына күшті фактор болып саналады. Олар тірі вакцина алу үшін, антигендік қасиеттерді, токсин боліп шығаруды, антибиотиктерге тәзім қасиеттерін бір бактериядан екіншісіне өткізу үшін қолданылады. Фаг көмегімен оба қоздырғышының және тыры вибрионының авируленттік штаммдары алынған, олар жүқпалы аурулар профилактикасында. қолданылады. Фаг көмегімен стрептомицин продуценттері болатын стрептомицеттерде жоғары продуктивті штаммдары алыңады.



Туляремия қоздырғышы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бактериофагтардың бактерия клеткасына әсері
Фагтардың түр ерекшелігі
Вирустар мен олардың эволюциясы
Биопрепараттар туралы
Паповавирустар. Парвовирустар. Поксвирустар. Вирустың клеткаға өтуі
Вирустарды вирусология ғылымы зерттейді
Иммуногендер мен вакциналардың биотехнологиясы
Биопрепараттар туралы ақпарат
БАКТЕРИЯЛАР МЕН ВИРУСТАРДЫҢ ГЕНКТИКЛЛЫҚ ЕРЕКШЕЛГІ, ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНІЕ ӨСІП - ӨНУІ
Вирустардың құрылысы және тiршiлiк процестерi
Пәндер