Кездесу орнын, уақытын таңдау


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Кездесу орнын, уақытын таңдау

Өз мансабын бастаған іскерлік адамға жұмыс мәселелерін аспен үйлестіріп шешуді білу - жетістікке жету жолдарының бірі. Таңертеңгі, түскі және кешкі астар іскерлік адам үшін оңды және теріс жақтарымен белгілі. Әрине, барлық жағдайларда қолданатын жалпы принциптер белгілі, мысалы үстел басындағы нормалар, бірақ іскерлік маңсабынызға көмектесетін де әртүрлі егжей - тегжейлі нормалар болады.

Іскерлік таңертеңгі ас - түс мезгілінде жұмыс жасайтын менеджерлерге немесе түскі ас жоспары бір жұмаға алдын-ала жасалған болса, сол күні кейінгі уақытқа жоспарланған іс-шараға дайындалып жиналу қажет болғанда іскерлік кездесулерге ыңғайлы уақыт. Ер адам мен әйел адамның іскерлік кездесуінде түскі ас уақыты ыңғайлы болады.

Іскерлік түскі ас - сіздің клиенттермен, әріптестеріңізбен, басшы және бағыныштыларыңызбен жақынырақ танысуға ғажайып мүмкіндік.

Іскерлік түскі астың танертенгі асқа қарағанда артықшылығы - түскі ас мезгілінде сіз өзіңізді белсендірек және еркінірек сезінесіз және жұмысқа келген уақытынызды келіскен түскі ас кездесуге дайындалуға жұмсап, оны тиімді өткізу мүмкіншілігіне ие боласыз. Тағы да бір артықшылық: түскі асқа жұмыстан тыс уақытта кездесе алмайтын адамдарды шақыруға болады.

Егер де сіз басқа біреуді іскерлік асқа ресторанға шақырған болсаңыз, әр кім өзіне тамақ түрін тандайды. Егер де сіз бірнеше адамдарды шақырсаныз, мәзірді алдын-ала шеф-повармен жоспарлауға болады. Нағыз іскерлік адамдар іскерлік асқа кең ассортименттті ойластырады, себебі сіз ұсынған мәзір және астың сапасы костюм, жазуды білу сияқты іскерлік имидждің элементтері болып саналады.

Өз сипатына қарай ең салтанатты қабылдау ас уақыттары - таңертеңгі (lunch) және түскі ас (dinner) . Таңертеңгі астың кең тараған уақыты - 12. 00 - 13. 00. Ол көбінесе 1 - 1, 5 сағатқа созылады, оның 45 минутын конақтар үстел басында өткізеді. Түскі ас уақыты 19. 30-21. 00 және ол 2- 2, 5 жалғасып, оның 1 сағатын қонақтар үстел басында өткізеді, таңертеңгі (түскі) асты ұйымдастыру шақырылған қонақтардын тізімінен басталады.

Қабылдау - үкімет, мемлекеттік органдар, кәсіпорындар сыртқы саясат және іскерлік іс әрекеттің жалпы қолданыстағы және кен тараған нысаны. Қабылдау манызды оқиғалар (ұлттық мейрам, мерей той, келісім шарттарға қол қою жылын тойлау), жоғары қонақ немесе делегацияны қарсылау кездерінде өткізіледі. Дипломатиялық хаттамада қабылдау күндізгі және кешкі, үстел басына отырғызылатын және отырғызылмайтын деп бөлінеді.

Күндізгілерге - «шампан бокалын», «шарап бокалын», «таңертеңгі асты» жатқызуға болады. Кешкілерге - «коктейльді», « а ля фуршетті», «түскі асты», «кешкі асты», «шайды» жатқызуға болады.

«Шампан бокалы» әдеттегідей сағат 12. 00 басталып, бір сағатқа созылады. Мұндай қабылдаудың себебі - ұлттық мейрамның жылы, өкілдің жол жүруі, делегацияның елде болуы, көрменің, фестивальдың ашылуы. Қабылдау мерзімінде қонақтарға шампан, одан басқа да сусындар (шарап, шырын, минералды су) ұсынылады. Сусындармен жеңіл тамақтарды официанттар тасиды. Ұйымдастыру жағынан, бұл - ең қарапайым қабылдау нысаны, көп және ұзақ дайындықты қажет етпейді. Оған ұқсас - «шарап бокалы» түріндегі қабылдау. Жақсы ұлттық шараптарды, сонымен қатар қымбат француз, испан, италия шараптарын ұсынған жөн. «Таңертеңгі ас» мәзіріне 1-2 салқын жеңіл тамақ, 1 балықтан немесе еттен дайындалған тағам және десерт қосылады. Суық тағам немесе ыстық жеңіл тамақта артық етпейді.

Таңертеңгі ас алдында қонақтарға сусындар беріледі. Кейін құрғақ жүзім шарабы, соңында шампан, кофе, шай берілуі мүмкін. Таңертеңгі ас уақытында минералды су мен сусындар ұсынылады. Таңертеңгі астың 1 сағаты - үстел басында өтеді, соңғы 30 минутында - кофе, шай беріледі. Олар сол үстел басында немесе қонақ қарсылау бөлмесінде беріледі. Әдеттегідей, шақыруда киім үлгісі көрсетілмесе, қонақтар күндегі киімдерімен келеді.

«Коктейль» 17. 00-18. 00 аралығында басталып, екі сағатқа созылады. Қабылдау негізінде официанттар сусындар мен жеңіл тағамдарды канапе (шағын бутерброд) түрінде таратады. Ыстық тағамдар да берілуі мүмкін. Кейде буфет ұйымдастырылып, официанттар сусындар ұсынады.

«А ля фуршет» түріндегі қабылдау «коктейль» сияқты уақытта өткізіледі. Бірақ фуршетте жеңіл тағамдар үстелде дайындалып, ыстық тағамдар қосылуы мүмкін. Қонақтар үстелге жақындап, өздері жеңіл тағамдарды алып, басқа қонақтар сондай мүмкіндіктерге ие болу үшін бөлек жерге тұрады.

«Коктейль» және «а ля фуршет» түріндегі қабылдауларда қонақтар тұрып жүреді. Қабылдаудың аса салтанаттылығын көрсету үшін соңында шампан, кофе, балмұздақ беріледі.

Егер де қабылдау ұлттық мейрам, жоғары қонақ қарсылау арналған болса, оның соңында шағын концерт немесе фильм көрсетілуі мүмкін. Қабылдаудың салтанатты түрі шақыруда көрсетілген киімнің айырықша нысанымен бейнеленеді.

«Түскі ас» - қабылдаудың ең құрметті түрі. Ол әдеттегідей сағ. 16. 00, сағ. 21. 00ден кеш басталмайды. Отандық хаттама тәжірибесіне сай түскі ас сағ. 14. 00 де басталуы мүмкін.

Түскі ас мәзірі ұлттық дәстүрге сай 2-3 жеңіл тағам, ыстық балықтан жасалған тағам, ыстық еттен жасалған тағам және десерттен тұрады. Сусындар таңертеңгі астағы сияқты болады. Түскі ас әдеттегідей 2-3 сағат, одан да ұзағырақ болуы мүмкін. Үстел басында 1 сағат өткізіледі, қонақтар әңгімелесуге қонақ бөлмесіне өтіп, оларға кофе, шай беріледі. Кейде кофе, шай үстел басында да берілуі мүмкін. Көбінесе түскі ас киімнің арнайы нысанын (ер адамдарға - смокинг немесе фрак, әйелдерге - кешкі көйлек) қажет етіледі.

«Түскі ас - буфет» түріндегі қабылдау 4-6 адам есебімен үстелдерге еркін орналасуды ұйғарады. Фуршет түріндегі қабылдаудағыдай, үстел жеңіл тағамдармен дайындалады, сусындар буфеті болады. Қонақтар жеңіл тағамдарды өздері алып, қалаулары бойынша шағын үстелдерге барып жайғасады.

Осындай қабылдаулар концерт, фильмді көруден кейін, би кеші үзілісінде ұйымдастырылады. Жазғы уақытта бұл қабылдау ашық аспан астында - бақта, дәлізде өткізіледі. «Түскі ас - буфет» қабылдау түрінің «түскі ас» қабылдауына қарағанда ресмилігі төмен.

«Кешкі ас» сағ. 21. 00 немесе одан кейін басталады. «Түскі ас» қабылдау түрінен бір айырмашылығы - басталу уақыты, ал мәзірінде айырмашылық жоқ.

Кейбір елдерде аса салтанатты жағдайда (мемлекет басшысы немесе жоғары денгейдегі мемлекеттік қайраткер басқарған делегация қабылдау кезінде) бірден қабылдаудың 2 түрі өткізіледі. «Түскі астан» кейін «коктейль» немесе «а ля фуршет» болады.

Кешкі қабылдау түріне «шай» жатады. Ол сағ. 16-19 аралығында әдеттегідей, әйел адамдарға өткізіледі.

Ірі бизнесмен немесе сыртқы істер министрінің зайыбы өкілдердің жұбайларын, басқа әйелдерді «шайға» шақырады. Қабылдаудың бұл түрі - сыртқы істер министрінің зайыбымен дипломатиялық өкілдердің жұбайлары қоштасқан кезде қолданылады (қатысушылардың санына байланысты) . Кәмпит, печенье, жеміс-жидектер, сусындар қойылады. Канапе (шағын бутербродтар) де артық етпейді. Қабылдаудың тағы бір түрі - презентация. Ол іскерлік бөлімде ( жаңа зауыт, кеңсе, жаңа газет шығу, жаңа өнім түрін көрсету, жаңа оқу жылын ашу және т. б. ) қабылдаудың «шампан бокалы», «коктейль» немесе «а ля фуршет» түрлеріндегі біреуін көрсетуден басталады. Іскерлік бөлімі 2-3 сағатқа созылып, қонақтарды тіркеу, проспект, жарнама материалдарын тарату, көрмеге бару, салтанатты ашылу, презентация тақырыбы бойынша шағын баяндама жасалады. Содан кейін презентация қонақтары қабылдауға арналған арнайы бөлмеге барады, онда қабылдау көбінесе тұрып өткізіледі. Презентациялар күндіз, кешкі уақыттарда өткізіле береді.

Қабылдауға даярлық

Әрбір қабылдау түріне арнайы дайындық қажет. Қабылдау түрін ұйымдастырылу мақсатына қарай таңдап, өткізілу орнын, шақыру тізімін жасап, оларды алдын-ала үйлестіріп, мәзірді дайындау, орналасу жоспарын жасау (таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас) керек. Түскі асқа қарағанда, кешкі асты ұйымдастырғанда көлік мәселесін ойластыруға тура келеді. Өз көлігімен келмегендерді үйлеріне жеткізу керек. Егер де кешкі ас ұйымдастырсаңыз, ән немесе басқа да көңіл көтеру шараларын жоспарлау керек. Оны жұмыс немесе демалыс күндері ұйымдастыруға болады. Іскерлік түскі астар көбінесе жұмыс күндері ұйымдастырылады, егер де шақырғандардың тізімінде қаланың әртүрлі жерлерінде, әртүрлі компанияларда қызмет атқаратын және жұмыстары әртүрлі уақытта аяқталатындар болса, кешкі асты сенбі кешінде өткізуге болады. Қонақтарды шақырған кезде оларды жұбайларымен немесе бөлек шақыру мәселесін шешу қажет. Іскерлік таңертеңгі ас немесе түскі асқа қонақтарды бөлек шақырады. Кешкі ас мәзірі мен өткізу орнын таңдауға еркіндік болғаны жөн.

Қабылдау кезінде ас алумен бірге бизнес туралы да ұмытпау керек. Әңгіме басқа тақырыпқа ауысса да, көңілді іске бөлу керек. Іскерлік қабылдауда десерт, кофе әкелген кезде әңгімеге көшу керек.

Іскерлік этикеттің маманы Рэнди Фрейдинг - «іскерлік кездесудің қажеттілігін анық түсіну керек» дейді. Осындай кездесу адамның 1- 3 сағат уақытын алады. Сондықтан кездесудің орнын белгілеуде пошта, телефон және жеке әңгімелесуді пайдаланған жөн.

Кіммен кездесу керек?

Іскерлік этикет ережелері бойынша таңертеңгі, түскі, кешкі ас кездерінде кіммен кездесуге болатынын анық түсіну керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚУШЫНЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Басшының жеке жұмысын жоспарлау
Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы, заңдылықтары
Мектеп тәрбие үрдісіндегі мұғалімнің кәсіби бағыты
Коворкинг орталығы демалыс пен шығармашылық жұмыс жасау кеңістігі
Дене жаттығулары кезінде спиндер
ФИЗИКАДАН ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Жарнама және оның түрлері
Театр - киім ілгіштен басталады
Мектепте сынып сағатын ұйымдастыру мен өткізудің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz