Интерьер және дизайнының даму тарихы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Интерьер және дизайнының даму тарихы

  1. Дизайн кеше және бүгін
  2. Интерьер дизайны
  3. Архитектура, сәулет өнері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Дизайн талғамды керемет дамытып, композиция негіздерін үйретеді. Қоршаған заттың ортада жамандық пен жақсылықты айыруға үйретеді - ал бұл аз нәрсе емес. Өнердің пластикалық түрінің, сонымен қатар дизайнның заңдылықтарын меңгерген, тіршілікті және заттық ортаның формасын сана-сезімімен түйсінетін адам эстетикалық дамымаған жандарға қарағанда бірқатар артықшылыққа ие: жақсы заттарды таңдау, көркемдік - қайталанбас заттар, заттық ортаны тудыру «Дизайн» термині біздің өмірімізге салыстырмалы түрде кейін пайда болған. Ағылшын тілінен аударғанда «Дизайн» сөзі-суреттеу, салу мағынасын береді. Бұдан бұрын «Дизайн» айналысатын заттарды проектілеу «Көркемдік құрастыру» деп аталалды, ал заттарды тудыру теориясы «көркемдік техникалық эстетика».

Көркем безендіру жұмыстарына арналған әдебиеттер тапшы болғандықта біз негізінен практикамызға сүйене отырып жазуға тырыстық.

Безендіру жұмысындағы негізгі міндет әртүрлі материалдарды пайдалана отырып түрлі түстердің үйлесімдері арқылы интерьердің біртұтастығын бере білу.

Көркемдік безендіруге мүмкіндігінше шығармашылық тұрғыдан келуге тырыстық. Түрлі безендірулер, тақырыптық көрме, плакат т. б. - осылардың бәрі де көркем шығарма. Мұнда да композициялық заңдылықтар бейнелеу өнеріндегімен бірдей, мұнда сондай-ақ нәзік көркемдік талғам мен шығармашылық көзқарас талап етіледі, сондықтан да бұл салада нағыз жетістіктерге ие болудың қиындығы кейде сурет салудағыдан, картина жазудан немесе мүсіндеуден ешбір кем соқпайды.

Көркем безендіру жұмысы қиялдауды, дарындылықты, шеберлікті талап ететін өнер саласы. Композиция жағынан қызықты, әдемі бояулар үйлесімі, сәтті шыққан шрифітері бар плакат немесе тіпті жанды жарнама жасау тәп-тәуір этюд салғаннан жеңіл емес, әлдеқайда қиынырақ. Көркемдік безендірудің қоғамдық өнердегі алар орны зор және солай болып қала береді. Бейнелеу өнері кәркемдік безендірумен терең байланысты, оларды бір бірінен бөліп қарауға болады.

1 Дизайн кеше және бүгін.

Үлкен өзгеріске, жаңа технология мен идеяға толы қазіргі уақытта дизайн адам өмірінің барлық саласына еніп жатады. Мұны үлкен ыңғайлы ауыр жүк машинасын айдайтын жүргізуші де, өзгеше құрастырылған велосипедтегі кішкене бала да сезінеді. Дизайн барлық жерде. Тұрмыста да, жұмыста да мейлі ол кофэмолка немесе авиалайнер, тұтқа немесе кәсіптік цех болсын.

Біздің өнерді оқытатын факультетте дизайн негіздерін оқыту студенттерге, келешекте қоғамға үлкен пайдасын тигізуі мүмкін.

Дизайн талғамды керемет дамытып, композиция негіздерін үйретеді. Қоршаған заттың ортада жамандық пен жақсылықты айыруға үйретеді - ал бұл аз нәрсе емес. Өнердің пластикалық түрінің, сонымен қатар дизайнның заңдылықтарын меңгерген, тіршілікті және заттық ортаның формасын сана-сезімімен түйсінетін адам эстетикалық дамымаған жандарға қарағанда бірқатар артықшылыққа ие: жақсы заттарды таңдау, көркемдік - қайталанбас заттар, заттық ортаны тудыру «Дизайн» термині біздің өмірімізге салыстырмалы түрде кейін пайда болған. Ағылшын тілінен аударғанда «Дизайн» сөзі-суреттеу, салу мағынасын береді. Бұдан бұрын «Дизайн» айналысатын заттарды проектілеу «Көркемдік құрастыру» деп аталалды, ал заттарды тудыру теориясы «көркемдік техникалық эстетика». Осыдан келіп «Дизайнер» - суретші - конструктор, «Дизайн - форма» - заттың сыртқы формасы және т. б. түсініктер пайда болды.

«Дизайн» сөзінің астарында не жатыр? Бұл туралы әйгілі көркемдік энциклопедияда былай деп жазылған: «Дизайн бұл - өндірістік заттарды шығаратын және біртұтас заттық ортаның рационалды формасын қамтитын көркемдік проектінің қайраткерлігінің әртүрлілігін білдіретін термин». Әйгілі италияндық архитектор және дизайнер Понти: «Дизайн бұл - біздің өркениеттің айқын мінезін ашатын әдемі формалар, заттардың әлемін тудырушы», - деп санайды. Тағы бір теоретик Т. Мольдонада басқа пікірді ұстанады. Оның ойынша, қолданылатын заттар көркемдік шығарманың функциясын орындай алмайды, ал өнердің, яғни заманауи интерьердегі негізгі талаптар, түстердің ықпалы, жарық пен түстер гаммасының адам психикасына әсері сияқты мәселелер туралы ой, пікір қозғалады. Үшінші бөлім «Фойені көркем безендіру», демек бұл негізгі бөлім болып есептеледі. Бұл бөлім «Жобаны өңдеу және мектеп интерьерін көркем безендірудің әдістемелік негіздері мен үйірме жұмыстары» деген екі параграфтан тұрады. Диплом жұмысының негізгі айтар ойын да осы бөлімнен табуға болады.

Мұнда өңделген эскиздер мен жалпы жұмыстың жобасының жекелеген элементтері сондай-ақ интерьердің тұтастығын көріп байқауға болады.

Шет елдерде дизайнның басты мақсаты - жеңіл сапа саласын тудыру пікірі кең тараған. Осылайша, дизайн тұтыну мен нарықтык сұранысқа тікелей тәуелді бола бастады.

Дизайн саласын анықтау оңай емес. Дизайнды архитектурадан (интерьерді проектілеу, ғимаратты құрастыру), мүсіннен (балалар алаңын, атракциондарды проектілеу), қолданбалы өнерден (ыдыстың немесе жиһаздың жаңа түрін дүниеге келтіру) ажырату қиын. Дизайн барлық бізді қоршаған заттық әлемді қамтиды. Бұл әлем барлығымызға жақындығы соншалықты, ол шындығында да барлығымызға түсінікті, айқын, оны тану әркімге оңай деген пікірден арыла алмаймыз.

Әрбір заттан көркемдік шығармадан айырмашылығы - ол әлдебір арнаулы өмірлік қажеттілікке, яғни функция ие. Бірақ әрбір адамда дерлік айналасын әсем заттармен қоршауға ынтасы бар. Сондықтан заттың құндылығын екі нәрсе қамтиды - тиімділік және әдемілік. Әрбір затта әрқашан тұрақсыз және тарихи ауыспалы техникалық және эстетикалық бастау қаланған. Әр дәуірдің өнерге қатысты өзіндік ерекшеліктері болады. Қайта өрлеу дәуіріне дейін техника мен өнерде бізді қоршаған ортаның стильдік бірлестігі тұтастық түрінде қаралған. Тек XVII - XVIII ғ. ғ. ғана жекелеген бұйымдарды талдап көрсете бастады.

Осыдан кейін инженер және суретші - деген мамандықтар пайда болды. Бұл дизайнерлік жобалаудың техникалық және эстетикалық бастауы болды деп айта аламыз.

Дәл осы кезеңді көркемдік құрылымдардың қол жұмысынан машиналық өндіріске ауысқан дәуірі деп түсінуіміз керек.

XIX ғасырда көркем өнерде қолөнерлік дәстүрлі сипатта өз қолтаңбаларын қалдырғандар болды. (Ұлыбританиялық Д. Ж. Рескин, И. Моррис; ресейлік Абрамцев пен Талашкин) . Көркемдік құрылым негіздері Г. Земпера еңбектерінде қаланған, ол көркемдік құралы теория мен практикада 20-шы жылдары П. Беренс (Германия), Ле Корбюзе, Ф. Рело (Франция) және орыстың инженерлік мектебінің өкілдері И. И. Рерберг, В. Г. Шухов еңбектерінде, Вербундпен Бахауз жұмыстарында көрініс тапты.

Алғаш 30-40-шы жылдары АҚШ-та көркемдік құрылым коммерциялық дизайн түріндегі бәсекелестік бағытта пайдалана бастады.

50-60-шы жылдарыЕвропа мен АҚШ-тан жоғарғы оқу орындары дизайн саласындағы теориялық ой ошақтарына айналды. Ұлыбритания, Франция, Италия, Германия, Финляндия, Жапония елдерінде дизайн бойынша ұлттық кеңестер, дизайн орталықтары, дизайнерлердің кәсіптік ассоциациялары 1957-жылы көркемдік құрылым бойынша Халықаралық Кеңес ұйымына бірікті.

Соғыстан кейінгі жылдары арнайы көркем ұйымдар құрыла бастады. 1962ж. Бүкілодақтық техникалық эстетикаларды ғылыми-зерттеу институты құрылды және өндірістің әртүрлі салаларында бірқатар көркемдік құрылым бюролары пайда бола бастады.

1964- жылдан бастап көркемдік құрылым мен дизайнның теория, практика және әдістемесі мәселелерін ашып көрсететін «Техникалық эстетика» журналы шыға бастады.

Дизайн бізді қоршаған орта мен еңбек заттарына, тұрмыстық бұйымдарды орналастыру ыңғайына қарай негізделеді.

Жобалаудың басты екі шарты бар. Оның ең кең тараған қазіргі жаңа үлгіге сәйкестендіріп келбетін заманға сай жетілдіре түсу.

Батыста мұны стайлинг (стилизация) деп атайды.

Ал екіншісі қалыпты жағдайға байланысты. Керек жарақтарды ыңғайластырып орналастыру.

2 Интерьер дизайны

Жылдап, айлап емес күн сайын өзгеріп жатқан мынау заманымызда интерьерді жеке бұйымдарға қарап жобалаудан гөрі кешенді жобалау яғни сол ортаға бейімдеу басым болып барады. Бұл заңды да. Ең карапайым мысал -кәдімгі асхана. Алдымен асханаға керекті бұйымдар (жиһаздар) сатып алынады да сонан соң оларды пайдалану ыңғайына, түр-түсіне, жалпы, көрінісіне қарай орналастырады. Яғни автор - жиһазшы немесе суретші-дизйнер шешімі интерьер дизайнының бір заңдылығына бағынуы тиіс.

Жалпы кез келген интерьер, мейлі ол тұрғын үй болсын, мекеме болсын тіпті дүкен, ателье, шеберхана болсын дизайнер көзқарасын қажет етеді.

Жеке тұрғын үй безендірілуі жағынан да, жоспарлауы жағынан да қоғамдық ғимараттардан өзгеше болатынын біз жақсы білеміз. Мысалы тұрғын үй бөлмесінің көлемі жиырма шаршы метр болатын болса, ол үлкен бөлме болып есептеледі, ал мектептің сынып бөлмесінің көлемі елу шаршы метр болатын болса, ол кәдімгідей тарлық жасайды. Өйткені мұнда өзгеше жиһаздар, басқа заттар, басқаша кеңістік қалыптасқан.

Кез келген интерьер қалың көпшілікке есептелініп жасалады. Сондықтан жоғарыдағы айтылған қарама-қайшылықтар өзінен-өзі түсінікті нәрсе.

Қоғамдық интерьерлер көбінесе жадағай түрде жобаланады. Ал шын туайттап келгенде оны көркем де ыңғайлы етіп жасауға болады. Бұл нағыз шығармашылық тапқырлықты қажет етеді.

Қазіргі заманғы интерьерде түстердің алатын орны өте қомақты. Интерьер кеңістігіндегі негізгі шешімдер осы түстерге байланысты. Оның көмегімен бөлме ішін кеңейтуге де, тарылтуға да сондай-ақ жарық қылуға, тұйық етуге де болады.

Сонымен қатар түстердің адам баласының, әсіресе балалардың физиологиялық және психологиялық ішкі сезімдеріне қатты әсер ететіні әсте естен шығаруға болмайды. Интерьер құрылымының қарапайым болғаны дұрыс, ол адамдардың өздерін еркін де, әрі жеңіл сезінулеріне зор ықпал жасайды. Бұл жерде бөлме мен оның ішіндегі жиһаздардың да түстерінің үйлесімді болғаны мақұл.

Заманауи интерьердің қазіргі ерекшелігі де осы қарапайымдылығында.

Озық үлгідегі интерьерлер бөлмелерді әсіресе әшекейлеуден, шектен тыс жылтырақ нәрселерден аулақ болуды ұсынады. Керісінше керек заттар, жиһаздар, бұйымдар, тіпті картиналар тағы басқалар кажетті орындарында тұрған болса ол адам жанына жылылық ұялатады, жаныңды сергітеді.

Сондай-ақ оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде мектеп интерьерлерін қазіргі заман талабына сай безендіру өте үлкен жауапты жұмыс. Мұнда бейнелеу өнерінің түрлері- монументальді және сәндік кескіндеме, мозайка, витраж, картиналар барлығы осы мектеп интерьерінен көрініс табуы тиіс. Педагогтардың осы безендіру жұмыстарына оқушыларды тартуы олардың тәрбиесіне оң әсер тигізеді, олардың шығармашылық белсенділігін оятады, өз істеріне жауапкершіліктерін арттырады.

Қазіргі заманғы сәулет өнерінің озық үлгілері интерьер элементтерінің біртұтастығына, стильдік ерекшеліктеріне негізделген.

Интерьердің гармониялық үйлесімділігі оның ішкі элементтеріне: бөлменің құрылымына, оның ішіндегі жиһаздарға және олардың дұрыс орналастырылуына, қала берді олардың түстеріне, шамдар мен люстраларға, есік-терезе перделеріне, тіпті сәндік бұйымдарға да байланысты. Ал осы жоғарыда аты аталған нәрселер шамадан тыс артық болса, ол адамның көңіл күйіне кері әсерін типзеді. Адамды жалықтырып шаршатуы мүмкін. Интеръердің заттық - кеңістіктік ортасы.

Жанұя жылуына, үйдің ішкі сұлулығына қазақ халқы өте ыждағаттылықпен қараған.

Оның айғағы кәдімгі қазақтың киіз үйі.

Арғы аталардың шеберлігінің тамаша үлгісі болып табылатын киіз үйдің негізі айқыш-ұйқыш көктелген керегеден дұрастырылған уықтардан, киелі шаңырақтан тұрады. Керегелер жиналмалы қанаттарға біріктіріледі. Олардың жоғарғы жағы үй күмбезінің төбесі, әрі терезесі болып саналатын шаңырақпен ұштастырылып бекітіледі. Керегенің сыртынан әр алуан түске боялған жұмсақ жүн оралып, өрнектеліп тоқылған ши ұсталады.

Киіз үйдің сықырлауық деп аталатын есігі, оның сыртынан ораулы шиден тоқылған, оюлы киіз қапталған жаппасы болады. Киіз үйдің ішіндегі (интерьер) оң жақтағы төсекті шымылдықпен қоршап қояды. Оған жалғас орналасқан сүйекті жұқа яққа көрпе-жастық жиналады. Оның жанына сандық, әбдре қойылады.

Үй ішіне түс киіз, кілем, алаша ұсталады. Еденге текемет, кілем төселеді. Ауқатты үйлерде кереге, уық сырланып, жез, күміс, алтын мен айшықталып ою-өрнектерімен әшекейленеді.

Киіз үйлердің «Қазақы киіз үй», «қалмақ киіз үй» деп аталатын түрлері бар. Соңғысы шошақ бөрікті болып келеді де, қазақ үйлер еңселі, иығы шығыңқы дөңгелек күмбез тәрізді болады.

Олар жорық, немесе көші-қон үйі, тұрғын үй, қонақ үй немесе салтанат үйі болып қанаттарының санына қарай бөлінеді.

Бұл үйлер сегіз қанаттан жоғары қарай салтанат үйі болып есептелінеді.

Алты қанат-ақ үй, сегіз қанат болса-ақ ала орда, он екі қанат-ақ орда, он сегіз қанат-ақ шаңқан, жиырма төрт қанат-алтын үзік, отыз қанат-алтын орда деп аталады.

Кейінгілерінің түндігін, шаңырағын көтеруге биік баспалдақтар, аттылы жігіттер пайдаланылған.

Ауасы таза, күннің аптап ыстығынан, жауын-шашыннан, қыстың қарлы боранынан сақтайтын, демалуға, тұрмыс-тіршілікке ыңғайлы бұл үйлерді көшпелі халық тез жығып, жинап барған жерінде аз уақыттың ішінде құрастырып, тіге салатын болған.

Сәулетті сарайға айырбастамайтын қазақтың қасиетті киіз үйі халқымыздың қайталанбас рухани, мәдени, материалдық игілігі болып табылады.

Ал енді өркениетті елдер қатарына ілігер тұста әлемдік мәдениеттің озық үлгілері біз де күнделікті тұрмысымызға дендеп енгізбесек көштен қалып қоярымыз анық.

Сондықтан да мазмұнына сипаты сай, мәнді де сәнді өмір сүру үшін өркениетті елдердің озық технологияларын меңгеруге ұмтылуымыз керек. Адамзат баласының алдындағы мақсаты, яғни жарқын болашақ үшін күресі бір сәт те толастаған емес. Қоғамның бір бөлшегі адам десек, әр адам тұрмысының тураламауы үшін, түтіні түзу шығу үшін күресетіні анық.

Әлемдік мәдениет пен өнерді ертерек игерген батыс елдері бұл мәселеде -бейнелеу өнерінде де, сәулет өнері саласында да көш ілгері алға кеткен.

Күнделікті өмірімізге тікелей ықпал ететін сәулет құрылыс өнері, оның ажырамас бөлігі интерьер дизайны біріншіден адамзат баласына қызмет етуі тиіс.

Кейбір теоретиктер сәулет құрылыс өнеріне келгенде оның тек техникалық жақтарын сөз етеді. Ал бұған кешенділік тұрғыдан шығармашылық көзқарас керек.

Демек көркем өнер, көркемдік ансамбль адамзат баласының дүниетанымына, эстетикалық сезімдеріне жағымды әсер етеді. Қазіргі заманда, техниканың кемелденген тұсында сәулет-құрылыс саласы жоғарғы қарқынмен екпінді дамып отыр және адам баласының қоғамдық өмірінде сол тұрғын үйге деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Және де сол тұрғын үйдің, оның интерьерінің көркемдік-сәндік жағынан эстетикалық талғамға сай болуына өте жоғары қызығушылық танытады.

Өмірлік ортаны ұйымдастырудың заман талабына сай міндеттерді шешуде ансамбльдік мазмұндық түсінік өте маңызды. Көркемдік ансамбль біздің заттық-кеңістіктің ортаның бір бөлігі бола тұрып, белгілі бір эмоция, ой-қиял, психологиялық жағдай және жалпы адамның өзіндік сезімін тудырып, өмірге келтіреді.

Заттық-кеңістіктің ортасының өнері көркемдік образдың әсері арқылы ортаны көзбен көру арқылы сезіммен қатар түсінік пен ойды, образдың шынай мазмұнын дамытып, бір сөзбен айтқанда, түйсікке біртұтас деңгейін береді. Осылайша заттық ортаның үлкен мәдени тәрбиелік күші қалыптасады. Оны тірі әдеміліктің жүйесін беретін техникалық мәдениет эстетизмін алмастыра алмайды. Заманға сай өмірлік орта тәуелділігін доғара алмайды, ал бұл ансамбьдің өзіне жаңа талаптар қоюды, оның элементтері мен бөлімдерінің жаңа принциптердің байланыстылығын іздеуді білдіреді.

Заттық ортаның адамның өмірлік қайраткерлігімен байланыстылығы материалдылықпен рационалды-функционалдықпен және утилитарлықпен шектелмеген, ол шынайы заттарды және адамның әлемдегі орнын сезінуінде айқындалған адамның рухани қайраткерлігін көрсетеді.

Архитектура, сәулет өнері

- құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері - техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен - қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес.

Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді. Ніл, Евфрат, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді. Мардук атты құдайға арналған Вавилон мұнарасы іргетасы 250 м биік тұғырға орнатылды. Анығында бұл жеті қабатты, ұшар басына қарай баспалдақтап жіңішкере беретін зиккурат еді. Месопотамияда ежелгі заманның өзінде-ақ біздің заманымыздан бұрынғы 5000 - 1800 ж. каналдар, су қоймалары, акведуктар, көпірлер мен бекіністер салынды. Тигр мен Евфратты қосқан ұзындығы 400 км каналды техникалық зор жетістік деп айтуға болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2700 - 2200 ж. салынған Мысыр пирамидалары мен ғибадатханалары зерттеушілер мен мамандарды әлі күнге дейін таңдандырып келеді. Месопотамияда ғимараттар балшықтан, күйдірілген кірпішпен салынып, сырты қапталып отырса, Мысырда олар сом тастан қаланды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2200 - 1500 ж. Фивы қаласы астана болған тұста, жартасқа жартылай үңгіп салынған ғимараттар пайда болды. Жаңа патшалық (біздің заманымыздан бұрынғы 1500 - 1100) кезінде Карнак пен Луксордағы ғибадатхана кешендері салынды. Мысырдағы ең үлкен Карнак ғибадатханасы перғауын Сети І тұсында тұрғызылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗАМАНАУИ ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ СТИЛЬДЕРІНЕ ТАРИХИ ШОЛУ
Интерьер дизайны
Эко - стильдегі кафе дизайнының негізгі принциптері мен ерекшеліктері
Қазіргі заманғы интерьер дизайны
Көріп сезінудің психо-педагогикалық негізде
Дизайн және композиция
Мектепте Дизайн өнерін оқыту
МЕЙРАМХАНА ФИРМАЛЫҚ СТИЛІН ЖОБАЛАУ мен БЕЗЕНДІРУ
Конструктивизм стильдегі жастарға арналған шығармашылық кеңістіктің дизайн жобасын әзірлеу
МЕЙРАМХАНАНЫҢ НЕГІЗГІ ФИРМАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz