Қылмыстың құрамы және құрылымы
1 Қылмыс құрамы
2 Қылмыстың объективтік жағы
3 Қылмыстың субъективтік жағы
4 Қылмыстық заңмен қорғауға алынған қылмыс объектісі
5 Қылмысты іс.әрекеттер

Қылмыс - жай әлеуметтік құбылыстың бір түрі ретінде ғана емес, ол сонымен бірге қылмысты сипаттай алатын және оның қауіптілігін көрсете алатын әлеуметтік-саяси тұрғыдан қауіпті белгілермен элементтердің жиынтығы ретінде бағаланады. Қылмысты квалификациялау үшін қылмыстық заңдағы жекелеген қылмыс түрлерінің қылмыстық құқықта белгіленген ерекшеліктерін немесе оларды өзге қылмыстардан ажырататын белгілер тобымен жақсы таныс болуы керек. Әрбір қылмысты білдіретін белгілер тобының жиынтығы арқылы ғана жеке қылмыс құрамдары өзге құрамдардан ажыратылады және нақтыланады. Әрине, әр қылмыс құрамының элементтерін сипаттайтын белгілер өзгелеріне ұқсамайтын, тек осы құрамға ғана тән сипатта болады деп түсінуге болмайды. Қоғамдық құбылыстардың, процестердің кейде бір-біріне кейбір белгілері ұқсас болып келетіндігі тәрізді қылмыс құрамдары да кейбір құрам элементтерінің белгілері бойынша бір-бірімен жақын болып келеді. Қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі қылмыстардың көпшілігі обьектісі, убъективтік жағы және субъектісі бойынша бірін-бірі қайталайтындай дәрежеде. Мұның себебі қылмыстық құқықтық ережелерге байланысты деп түсіну керек.
§1. Қылмыстың құрамы және құрылымы
Қылмыс - жай әлеуметтік құбылыстың бір түрі ретінде ғана емес, ол сонымен бірге қылмысты сипаттай алатын және оның қауіптілігін көрсете алатын әлеуметтік-саяси тұрғыдан қауіпті белгілермен элементтердің жиынтығы ретінде бағаланады. Қылмысты квалификациялау үшін қылмыстық заңдағы жекелеген қылмыс түрлерінің қылмыстық құқықта белгіленген ерекшеліктерін немесе оларды өзге қылмыстардан ажырататын белгілер тобымен жақсы таныс болуы керек. Әрбір қылмысты білдіретін белгілер тобының жиынтығы арқылы ғана жеке қылмыс құрамдары өзге құрамдардан ажыратылады және нақтыланады. Әрине, әр қылмыс құрамының элементтерін сипаттайтын белгілер өзгелеріне ұқсамайтын, тек осы құрамға ғана тән сипатта болады деп түсінуге болмайды. Қоғамдық құбылыстардың, процестердің кейде бір-біріне кейбір белгілері ұқсас болып келетіндігі тәрізді қылмыс құрамдары да кейбір құрам элементтерінің белгілері бойынша бір-бірімен жақын болып келеді. Қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі қылмыстардың көпшілігі обьектісі, убъективтік жағы және субъектісі бойынша бірін-бірі қайталайтындай дәрежеде. Мұның себебі қылмыстық құқықтық ережелерге байланысты деп түсіну керек. Мысалы қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықты әдетте 16 жастан белгілейді және тек есі дұрыс адамдарға кінә артып, жауаптылық жүктейді. Немесе қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тараулары қылмыс объектілері бойынша топтастырылған, сондай-ақ субъективтік жағы бойынша қылмыстық құқықта қасақаналық және абайсыздықтағы кінә нысандары белгіленген. Міне осындай ережелер қылмыс құрамдары белгілерінің көпшілік жағдайда ұқсас болуының басты себебі болып табылады. Қылмыстық кодексте қылмыстың объективтік жағының белгілері бойынша да бірін-бірі қайталайтын құрамдар кездеседі. Мысалы, қорлау (130-бап), Өкімет өкілін қорлау (320-бап), Сотты құрметтемеу (342-бап), Әскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап). Осындай ұқсастықтардың кездесуіне қарай сот-тергеу практикасында қылмысты квалификациялауға байланысты қиындықтар туындайды. Қылмысты квалификациялауды дұрыс жүргізу үшін осындай ұқсас қылмыс құрамдарының өзара бір-бірінен ажыратылатын құрам элементтерін білу қажет.
Қылмыс құрамы деген ұғым "құрам" деген сөздің қолданылуының өзінен-ақ, оның белгілі-бір элементтерден, белгілерден құралып бір ұғымды білдіретінін көрсетеді. Демек "қылмыс құрамы" деген атауда бірнеше құрамдас бөліктердің өмір сүретінін, ал жасалған қылмыс уақиғасы бойынша айыпты деп тану үшін сол қылмыс оқиғасының белгілі болуы ғана емес, адамның негізді жауапты-лығын ашып бере алатын белгілердің анықталуы қажет екенін білдіреді.
Қылмыстық құқықта қылмыс құрамдарының элементтері ретінде қылмыстың объектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы және субъектісі аталады. Бұлардың әр қайсысының қылмыс уақиғасын зерттеуде, ол бойынша кінәлі адамның жауаптылығын белгілеуде өз ролі бар.
Қылмыстың объектісі ретінде қылмыстық заң бойынша қорғауға алынған қоғамдық қатынастардың, заңды мүдделердің, құқықтардың және құндылықтардың жиынтығы алынады деп түсіну керек. Кейбір әдебиеттерде қылмыс объектісі ретінде "қоғамдық қатынастар" деген ұғым алынып, ал қалған "заңды мүдделер, құқықтар мен құндылықтар" деген ұғымдар "қоғамдық қатынастар" деген ұғымға жатқызылады.
Қылмыстың объективтік жағы ретінде қылмыстың сыртқы бейнесін сипаттайтын белгілердің жиынтығы алынып, онда қылмысты факт немесе уақиға ретінде бағалауға болатын белгілер тобына сипаттама беріледі. Объективтік жақты қылмыстың жасалу уақиғасын білдіретін элемент ретінде түсінуді ұсыну, ол объективтік жақтың "қылмыстың сыртқы бейнесін сипаттайды" деген ұғымға байланысты. Яғни бұл құрам элементінде қылмыстың қоғамға қауіптілігін көзге көрсете алатын сыртқы белгілер болып табылатын қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, елеулі зардап, себепті байланыс, қауіпті құрал, тәсіл, жағдай тәрізді белгілер түгелденеді немесе осы ба-ғыттағы материалдарды квалификация жүргізуші субъект іздес-тіреді.
Қылмыстың субъективтік жағы ретінде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның психикалық сезімдерін білдіретін ішкі жақ белгілері алынады. Демек бұл құрам элементінде қылмыс жасаған адамның қауіпті іс-әрекетіне, зардапқа, қылмыс тәсіліне, жағдайына деген психикалық қатынасы, сонымен бірге қылмыстың жасалуына түрткі болған ішкі сезімдер ашылады. Яғни қылмыскердің қылмыстың объектісі мен объективтік жағының белгілеріне деген ми жұмысының шешімдері анықталуға жатады.
Қылмыс субъектісі ретінде қылмыстық жауаптылық жасына жеткен, есі дұрыс, кінәлі адам алынады. Қылмыстың ұрамын негізінен субъективтік және объективтік бағыттардағы белгілерден құралатынын ескеріп, оның ұғымын осы екі бағыттағы белгілердің жиынтығы түрінде алу қисынды және өзге әдебиеттерде де осындай сипаттағы түсінік беріледі. Сонымен, қылмыс құрамы дегеніміз, қылмыстық заң бой-ынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қылмыс ретінде сипаттайтын объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы болып табылады.
Қылмыс құрамының элементтері өзара бір-бірімен байланысты ұғымдар болып табылады. Мысалы қылмыстың объективтік жағы мен субъективтік жағының түсінігі және оларды құрайтын белгілер бірін-бірі дәлелдеуші, анықтаушы роль атқарады. Яғни қылмыстың объективтік жағы қылмыстың сыртқы бейнесін сипаттаса, ал субъективтік жақ ішкі бейнесін ашады. Бұл ұғымдар қылмыстық құқықта бір ме-дальдің екі жағы іспеттес ұғымдар болып табылады. Яғни қылмыстың сыртқы жағы болмаса, оның ішкі жағы да болмайды.
Қылмыстың объектісі өзге құрам элементтерінің ішінен қылмыстың объективтік жағымен тығыз байланысты, өйткені кінәлі адамның жасаған қауіпті іс-әрекеті оның зардабы заңмен қорғалатын объектіге бағытталады. Ал қауіпті әрекеттің жасалуы заңмен қорғауға алынған объектінің бұзылғанын білдіреді.
Қылмыстың субъективтік жағының да қылмыс объектісімен байланысы бар. Бірақ бұл байланыста субъективтік жақ қылмыстың объективтік жағының белгілері арқылы қылмыс объектісімен байланысатын тәрізді болып көрінеді. Өйткені қылмыскердің қауіпті іс-әрекетіне немесе зардапқа деген психикалық қатынастары іске асырылғанда объективтік жақтың белгілері көрініс алып, заңмен қорғалатын объектіге щіқсан келеді.
Қылмыстың субъектісі қылмыстың субъективтік жағымен тікелей байланысты. Себебі объективтік жақтың белгілеріне деген әртүрлі психикалық қатынастар және қылмысты әрекеттің орындалуына түрткі болған ішкі сезімдер, сонымен қатар әрекеттің мақсаты барлық кезде адам ойынан шығып жатады. Сондықтан қылмыскер адам болмаса қылмыстың субъективтік жағына, объективтік жағына қатысты белгілер орын алмайды.
Қылмыстық құрамның элементтері бірін-бірі толықтыратын ұғымдар болып табылады. Бұлай деуіміздің себебі ол, жасалған әрекеттерде аталған элементтердің біреуі немесе бірнешеуі көрініс алған-мен, бірақ кем дегенде біреуі болмаса, онда қылмыс құрамы да, қылмыс уақиғасы да жоқ деп танылады. Мысалы заңмен қорғалатын объекті ретінде адамның өміріне, денсаулығына, меншігіне зиян келгенмен, бірақ ол зиянды келтірген адам болмаса қылмыстың субъектісі жоқ. Мұндай кезде заңмен қорғалатын мүддеге зиян кел-тіруші жануарлар немесе табиғаттың зілзала күштері болуы мүмкін. Сол сияқты қылмыстың объектісіне зиян келіп, ол зиянды келтірген адам бар болғанмен, бірақ ол адамда кем дегенде абайсыздық түріндегі кінәнің белгілері болмаса қылмыстың субъективтік жағы жоқ деп танылады. Мысалы жазықсыз зиян келтіру. Сондықтан жа-салған іс-әрекетте қылмыс құрамының бар болуы қылмыстық жа-уаптылықтың негізін ғана емес, сонымен қатар қылмысты квалификациялаудың құқықтық негізінде білдіреді. Бұл айтылып отырған ереже практикада мынандай жағдайда сақтала бермейді. Мысалы қылмыстық іс қозғалғанда орын алған уақиға (мұндай жағдайда фактіні немесе уақиғаны қылмыс емес, қылмысқа ұқсас уақиға, факт деп бағалаған дұрыс) негізінде қозғалады, бірақ қылмыс құрамының бұл уақиғада бар екендігі әлі белгісіз болуы мүмкін. Тергеу практикасында өрт уақиғасының орын алуы, қоғам және адам меншігіне елеулі зиян келгендігі немесе адамның қайтыс болуы бойынша да қылмыстық іс қозғалады. Бұл кездерде қылмыстық құрамның толық болуы талап етілмейді. Ал кейін адамға сезікті немесе айыпкер ретінде тану туралы қаулы шығарылғанда қылмыстық құра-мының толық болуы талап етіледі. Жоғарыда айтып отырған қайтыс болған адам бойынша қылмыстық іс қозғалғанмен, бірақ алдын ала тергеу барысында оның өз ажалынан қайтыс болғандағы анық-талып іс қысқартылуы мүмкін. Немесе болған өрт адамның кінәсінен емес, табиғи күш әсерінен болуы мүмкін. Мұндай қылмысқа ұқсас уақиға немесе зардаптың орын алуы бойынша дереу қылмыстық іс қозғалуы, ол мемлекеттің құқық қорғау орындарын үнемі сергек болуды, әрбір фактіні назарда ұстауды талап етуіне байланысты. Бір айта кететін жәйт, ол мұндай уақиғаларда қылмыстың құрамы бар екендігі әлі анық болмаса да, бірақ қылмысты квалификациялау жүргізіледі. Бұлай деуіміздің себебі, ол қылмыстық іс қозғалғанда міндетті түрде Қылмыстық кодекстің белгілі бір баптары бойынша қозғалады.
Қылмыс құрамы элементтерінің қылмысты іс-әрекеттерге құқықтық талдау жасау кезінде кезектілікпен аталу тәртібі, ол таза құқықтық емес, қылмыс құрамының әлеуметтік сипатына байланысты болып табылады. Әдетте қылмыс құрамының элементтері қылмыс объектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы және субъектісі деген реттілік-пен келтіріледі. Бірақ әдебиеттерде қылмыстың субъективтік жағы мен субъектісінің орнын ауыстырып, субъективтік жақты соңғы кезекте атайтын да оқулықтар кездеседі.
Құрам элементтерінің кезектілік тәртібін белгілеу мәселесі қылмыстық құқықтың зерттеу объектілерін әлеуметтік тұрғыдан талдауға алғанда ашылады.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда қылмыстың алғашқы белгісі қоғамдық қатынас болып табылады. Қоғамдық қатынас қылмыстық объектісі ретінде ғана емес, сол нақты қоғамдық қатынастың түрі немесе оның қоғамдағы ролі қылмыстың мазмұнын ашуға да әсер ете алады.
Қоғамдық қатынастар жалпы социология тұрғысынан алғанда қоғамда ерекше орын алады. Себебі белгілі бір ортада қоғам бар деу үшін, ол жерде қоғамның қалыптасуын, дамуын білдіретін қоғам мүшелері арасындағы қоғамдық қатынастар өмір сүруі керек.
Қоғам мүшелері-биологиялық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы емес, әлеуметтік құрамы бар адамдар арасында орын ала алады. Мысалы жұмыс беруші мен жұмысшының, сатушы мен сатып алушының т.б.
Қоғамдық қатынастар жеке адамға тәуелсіз сипатта болады деп түсіну керек, өйткені әрбір жеке адамға келгенде қоғамдық қатынастар ол адамға дейін өмір сүрген құбылыс. Жаңа адам тек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz