Электрондық қызмет көрсетудегі ілгері істер халықаралық рейтинг назарына ілігуде


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Электрондық қызмет көрсетудегі ілгері істер халықаралық рейтинг назарына ілігуде

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Жаңа заманауи технологиялардың көшінен қалыс қалмас үшін елімізде соңғы жылдары ақпараттық-коммуника­ция­лық технологияларды қарқынмен енгізу қолға алынып, интернет және басқа да арналар арқылы электрондық қызмет көрсетулер дамытыла бастады. Осы бағыттағы жұмыстар мен түйіткілдер Елбасының да, Үкіметтің де назарынан тыс қалған емес және олар стратегиялық басымдықтардың алдыңғы кезегіне қойылды.

2006 жылы іске қосылған "элек­трондық үкімет" жобасы халық пен бизнес үшін мемлекеттік қызметтерді санаулы уақыттарда алудың бірден-бір тиімді тетігіне айналды. ІТ-индустриядағы жетістіктерімізге халықаралық қауымдастықтың да жоғары баға беруі ерекше қуантады. Айта кетейік, үстіміздегі жылы жарияланған мәліметтерге сәйкес, Біріккен Ұлттар Ұйымы «Электрондық үкіметке» жаһандық дайындық бойынша рейтингіде Ресей, Украина, Беларус және тағы да басқа бірқатар дамыған елдерді артта қалдырып, Қазақстанды бірден 35 орынға жоғарылатты.

«БҰҰ Электрондық үкіметке жаһандық дайындық бойынша зерттеулерді алғаш 2003 жылы бастады және Қазақстан ол рейтингке 192 мемлекетпен бірге сол уақыттан бастап енді. Зерттеулердің алғашқы нәтижелері 2008 жылы жарияланды, Қазақстанға ол кезде 81-ші орын тиген болатын. Ал 2010 жылдың қорытындысы бойынша БҰҰ Қазақстанды бірден 35 межеге көтеріп, 46-шы орынға орналастырды», -дейді «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ-ның «Электрондық үкіметті» мониторингілеу департаментінің директоры Ақмарал Тұрсұмбаева. Оның айтуынша, әрбір мемлекеттің электронды үкіметке әзірлік деңгейін саралау үш түрлі индекске тәуелді, яғни олар - телекоммуникациялық инфрақұрылым, «электрондық үкімет» веб-қызметтерінің даму деңгейі және халықтың аталмыш жаңашылдықтарға әзірлігі .

«Аталмыш бағыттар бойынша біздің индекстеріміз әлемдік орта деңгейден әлдеқайда алда келеді. Мысалға телекоммуникациялық инфрақұрылымның дамуы бойынша Қазақстан - 91, онлайн қызметтерді көрсету бойынша - 24 және жаңашылдықтарға әзірлік бойынша 22-ші орында тұр. Ал мемлекеттік электронды жобаларға азаматтардың «электрондық қатысуының» көрсеткіші бойынша Қазақстан 18 - орынға табан тіреді. Айта кетейін, 2008 жылы біз 106-шы орынды қанағат тұтқан едік», - дейді ол.

Департамент директорының сөзіне қарағанда, Қазақстанның рейтингтерінің көтерілуі ақпараттық жүйелер мен жалпы пайдаланудағы байланыс желілерін, сондай-ақ заманауи және сапалы қызметтер нарығын жаңартып, жаңасын енгізу бағытында ұдайы жүргізілген тиімді технологиялық саясаттың арқасында мүмкін болды. Мәселен, телекоммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту индексі бойынша қазір Ақпараттандыру және байланыс агенттігі қалалармен қатар, ауылдық елді мекендерді де толығымен байланыспен қамту жұмыстарын атқаруда. Сондай-ақ бүгін байланыстың «3G» стандарты да енгізіліп жатқанын атап өту қажет.

Бүгінгі күні әлемдік ғаламтор ешбір қазақстандыққа таңсық дүние емес. Оны 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың желтоқсаны аралығында интернет-аудиторияның 30 пайызға арту үрдісі дәлелдеп отыр. Ал республика халқының жалпы санының 19 пайыздан астамы интернетті тұрақты пайдаланушылар болып табылады, олардың 30 пайыз үлесін 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрап отыр. Сонымен бірге, әлемдік байланыс жүйесін үйлерінде және ұялы телефондарында қолданатындардың саны да артып келеді.

Ал онлайн қызметтерді ұсыну ұстанымына (екінші позиция) тоқталатын болсақ, қазіргі күні қазақстандықтар үшін «электрондық үкімет» веб-порталы тұрақты жұмыс істеп тұрғанын атап өтуге болады. Және ол жеке және заңды тұлғалар үшін маңызды деген мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлерімен ылғи жетілдіріліп отырады. Бүгінде олардың саны 2009 жылғы қазанның аяғындағы 41-ден 59-ға дейін артты. Веб-портал іске қосылғаннан осы уақытқа дейін оған кірушілердің саны 1 миллион 600 мыңнан асып жығылды. Ал бір күндегі кірушілердің саны 1, 5-2 мыңның үстінде.

2005-2007 жылдарғы «Электрондық үкімет» бағдарламасына сәйкес тұрақты пайдалануға енгізілген - « Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» және «Мекен-жайды тіркеу» мемлекеттік дерек қорларынан бөлек, 2009 жылдың аяғында ілкі жоба ретінде «e-нотариат» Біртұтас нотариалдық ақпараттық жүйесі іске қосылды. Жаңа жүйені алғаш Астана қаласында сынақтан өткізу шешілді және қазіргі уақытта оған елордадағы барлық нотариустер қосылды. Ал 2010 және 2011 жылдары Біртұтас нотариалдық ақпараттық жүйе барлық облыстарға таратылатын болады. Ілкі жобалардың тағы бірі - м емлекеттік лицензияларды алу үшін азаматтар мен мекемелерден өтініштерді қабылдап, әзірлеп беретін - «Электрондық лицензиялаудың» бірыңғай жүйесі. Бүгінгі күні қызметтің бұл түрін 9 меморган ұсынып отыр. Жыл соңына дейін олардың қатарын тағы 10 лицензиармен толықтырып, жүйені өндірістік қолданысқа жіберу көзделуде. А. Тұрғымбаеваның айтуынша, мемлекеттік мекемелер бұл үрдіске көшуге толығымен дайын және олардың әрқайсысында өздерінің деректер базасы жасақталған. Мұндағы соңғы жұмыс - лицензиарларды «e-үкімет» веб-порталымен ықпалдастыру.

Орталық мемлекеттік органдардың электрондық мемқызметтерімен қатар, жергілікті атқарушы органдардың да қызметтерін дамыту бойынша қомақты жұмыстар атқарылуда. Мәселен, 2009 жылдың қарашасында әкімдіктердің халыққа қызмет көрсету бойынша жұмыстарын біріздендіруге бағытталған - «e-әкімдік» тәжірибелік жобасы іске қосылды. Оны сынақтан өткізу мемқызметтердің 5 түрі бойынша Павлодар облысының әкімдігінде жүріп жатыр.

«Зерде» Ұлттық Холдингі өкілінің сөзіне сенсек, «e-үкімет» аясында жүзеге асырылып отырған жобалардың ішінде Электронды мемлекеттік сатып алулар ( www. goszakup. kz ) порталы айтарлықтай сұранысқа ие. Мемлекеттік сатып алуларды элекронды түрде өткізу адами фактордың араласуын азайтып, ресімдеулердің ашықтығын арттырады, сонымен қатар шағын және орта бизнеске мемлекеттік тапсырыстарға жол ашып, бәсекенің адал болуына септігін тигізеді. Қазір жүйеде 80 834 хабарландыру ілінген. 143 135 тендер бойынша нәтижелер шығарылды, бюджеттік үнем - 24, 6 пайызды құрады.

Ал қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға мүмкіндік беретін «e-үкіметтің» - төлем шлюзын ақпараттық-технологияларды енгізудегі тың серпінді жобалардың бірі деп есептеуге болады. Төлем шлюзы Салық комитетінің салықтарының 120 түрін және Әділет министрлігінің қызметтерін үйіңізден шықпай өтеуге мүмкіндік беретін бірегей жүйе. Екінші деңгейлі банктермен ықпалдастыру жүргізіліп, төлем карталарымен, ағымдағы банктік шот және ұялы оператордың қысқа нөміріне СМС жіберу арқылы есеп айырысу механизмдері әзірленді. Қазкоммерцбанк, БТА, Нұрбанк және Ресей Жинақбанкімен келісімдер жасалды.

Қазіргі күні Электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесіне 16 әкімдік, оның ішінде Астана мен Алматы қалалары қосылды. Яғни бүгіннің өзінде Қазақстанның әрбір азаматы жылжымайтын мүлкінің бар жоғы, сотталмағандығы және АХАЖ-дан кез-келген анықтамаларды ала алады. Сонымен бірге, Жеке сәйкестендіру нөмірі мен Салық төлеушінің жеке нөмірін алуға тапсырыс жасауға мүмкіндігі бар.

«Ал үшінші индекс, яғни - халықтың жоғарыда аталған жаңашылдықтарға әзірлік деңгейіне келетін болсақ, А. Тұрсұмбаева бұл турасында: «Мемлекеттік электрондық қызметтердің саны 59-ды құрайды. Оларға деген сұраныс пен қолдану қарқыны «э-үкіметті» құрудағы басты міндеттің орындалып отырғандығын айғақтайды. Сонымен бірге, жаңа технологиялық мүмкіндіктерге халықтың қызығушылығын арттырып, оларға қол жетімдіктің барлығын көрсету үшін, өткен жылдың соңғы айларында Қазақстан Президентімен өткен тікелей эфиріне сауалдарды қабылдап, орналастыратын веб-сайт ашылды. Айта кетейін, веб-сайтқа азаматтардан байланыстың барлық түрлері бойынша қабылданған 45 мыңға жуық сауал орналастырылды. Сонымен қатар, Елбасының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауына сәйкес «электрондық үкімет» порталында мемлекеттік органдардың, банктер мен басқа да құрылымдардың бірінші басшыларымен онлайн-кеңес өткізілді, билік пен халық арасында байланыс көпірін орнату үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блогы ашылды. Бірінші басшылардың блогтарына кірушілердің саны өткен жылы 571 мыңнан сәл асқан болса, ағымдағы жылдың қаңтары мен ақпанның 16-сындағы жағдай бойынша олардың саны 100 мыңға жуықтады», - дейді.

Ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды дамыту мәселесінде Қазақстан айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенімен, бұл тақырып, заманауи ақпараттық жаңашылдықтар әрбір қазақстандық үшін әдеттегі жағдайға айналмайынша күн тәртібінен түспесі анық. Елбасы Н. Назарбаев елде ақпараттық технологияларды барынша дамы­ту және "электрондық үкімет" жүйесін қалыптастыру қажеттігі туралы өзінің « Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан" атты Жол­дауын­да да ерекше назар аударған болатын. Сондай-ақ, ол 2008 жылғы қарашаның 6-сында өткен «Нұр Отан» ХДП-ның жемқорлыққа қарсы форумында «электрондық үкіметтің» мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажеттігін және басқарудағы заманауи технологиялар жайында баса айтқан еді. Н. Назарбаев: «Әрбір адам электронды түрде көрсетілетін қызмет жөнінде толық ақпарат алумен қатар, қызметті сапалы және уақытылы алуға мүмкіндік алуы тиіс», - деп қадап айтқаны есте. Содан беріде біраз жүйелі жұмыстардың атқарылғаны белгілі болып отыр. Соның басты айғағы - халықаралық ұйым тарапынан бұл жұмыстардың назарға ілігіп, тиісінше бағалануы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық үкімет деген не
Коммерциялық банктердің негізгі қызметтерін топтастыру
БАҚ саласындағы этикалық нормалар
Қазақ халқының ұлттық киімі
Халықаралық жаңалықтардың өзектілігі және оның Қазақстанның ішкі саяси жағдайына әсері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесіндегі «электронды үкімет» туралы жалпы түсінік
Банктің бухгалтерлік балансының құрылымын талдау
Ғылымның негізі - кітапта
Мемлекеттік қызмет түсінігі және оның ерекше белгіліері
Қазақстан Республикасындағы ұлттық компаниялардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz