Жапон мемлекеті


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекеттің қалыптасу тарихы мен кұрылымы. Жапон жеріндегі алғашқы тайпалық бірлестіктер III ғасырда қалыптаса бастады. Тарихи деректерге қарағанда, IV ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан таптық негіздегі алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің негұрлым күшті дамыған оңтүстік-батысы VII ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің калыптасуына негіз болды. Алғашқы астаналардың іргетасы Осака шығанағының жағалауында қаланған. Ұзақ уақыт бойы (VI-IX ғғ . ) елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зор болды. Олардан жапондар иероглифтік жазу үлгісін, буддизм мен конфуций діндерін, ғылым негіздері мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін қабылдады. IX ғасырдың соңына қарай Жапония Қытаймен ресми қатынастарын үзді, бұл жапон өркениеті сипаты қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. XII ғасырдан бастап ел астанасының (алғашында Камакура, кейіннен Эдо, қазіргі Токио) солтүстікке ығысуы, феодалдық қатынастардың дамуы солтүстіктегі аудандардың біртіндеп шаруашылық тұрғыдан игеріле бастауына ықпал етті. Осыған қарамастан, ұзак уакыт бойы елдің шаруашылық қуаты, негізінен, оңтүстікте шоғырланып келді, экономикалық орталық қызметін Осака қаласы атқарды.

Жапонияға XVI ғасырдың соңына қарай келіп жеткен еуропалықтар алғашқы 100 жылда өз мәдениеті мен ғылыми-техникалық жетістіктерін қарқынды түрде енгізе бастады. Жапондардың еуропалықтармен қарым-қатынас аймағына айналған Кюсю аралының оңтүстігі қарқынды экономикалық өрлеуді басынан кешірді. 1603 жылы өзін біріккен Жапонияның сегуны (билеушісі) деп жариялаған Токугава Изясу еуропалық көпестер мен миссионерлерді елден аластады. Жапонияға шетелдіктердің енуіне тыйым салынып, елдің XIX ғасырдың соңына дейін созылған оқшау даму кезеңі басталды. 1867-1868 жылдары ыдырай бастаған феодалдық қоғамда болған буржуазиялық революция императорлық билікті қалпына келтірумен қатар, капиталистік қатынастардың дамуына негіз жасады.

XIX ғасырдың соңына қарай Жапония жедел калиталистік даму жолына түсті. Ел дайын өнімді сыртқа көптеп сату арқылы ғана жергілікті отын мен шикізат тапшылығының орнын толтыра алатын. Бұл ірі өнеркәсіп орындарының жағалауларда шоғырлануына тікелей ықпал етті. Жапонияның сыртқы саясатының өзі ел экономикасының сыртқы нарыққа бағдарлануымен тығыз байланысты болды. XX ғасырдың алғашқы жартысында көршілес елдерге қатысты басқыншылық саясат жүргізген Жапония ендігі жерде көптеген елдермен тығыз экономикалық байланыстар орнатты. Соның нәтижесінде Жапония дүние жүзіндегі аса ірі экономикалық және саяси орталыққа айналып, өз айналасындағы елдермен ынтымақтастығы нығая түсті.

Жапония - конституциялык монархия, мемлекеттің бұл құрылымы 1947 жылы қабылданған конституция негізінде анықталған. Мемлекет басшысы император болып есептеледі, іс жүзінде мемлекетті премьер-министр баскарады. Унитарлық мемлекет болып саналатын Жапония әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді.

Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Аумағының аралдық сипаты, Шығыс Азия жағалауларына жақындығы, бойлық бағытта ұзаққа созылып жатуы, жер бедерінің күрделілігі және елдің жеке бөліктеріндегі климат айырмашылықтары Жапонияның табиғат жағдайларының өзіндік бет-бейнесін калыптастырды.

Жер бедері, негізінен, таулы сипатта; ел аумағының 3/4 бөлігін кұрылысы күрделі, онша биік емес таулар мен қыраттар алып жатыр. Жапонияның ең биік нүктесі - Фудзияма тауы (3776 м) . Тау шындарының көпшілігі жанартау болып табылады, олардың жалпы саны 150, сөнбегені -15. Құрылымы жағынан тынық мұхиттық геосинклинальдық белдеуге енетін Жапония жерінде жылына 1, 5 мыңга жуық жер сілкіну оқиғалары болады, әсіресе ел астанасы орналасқан Токио шығанағы сейсмикалық жағынан кауіпті аудандар қатарына жатады. Жазықтар мен ойпаттар, негізінен, теңіз жағалауы және өзен аңғарлары бойымен жіңішке алап түрінде созыла орналасқан. Жағалық ойпаттар аса қолайлы қойнаулар мен шығанақтарға ұласады.

Тау беткейлерінің тік, жартасты болып келуі, қарқынды сейсмикалық әрекет, вулканизм көптеген таулы аудандардың шаруашылық игерілуін қиындатады. Жапония жағалауларына жақын орналасқан терең сулы шұңғымалар аумағында жиі байқалатын су асты сілкінулері нәтижесінде апатты алып толкындар - цунами пайда болады. Биіктігі 10 метрге дейін жететін цунами әрекетінен әсіресе Хонсю және Хоккайдо аралдарының солтүстік-шығысы көбірек зардап шегеді. Елдің жер қоры Нидерландтағы тәрізді теңізден "жаулап алынған" жерлер есебінен толығуда; қазіргі кезде жасанды алаптарда тіпті ірі кәсіпорындар мен әуежайлар салына бастады.

Жапония пайдалы қазбаларға аса бай емес, ел аумағында кездесетін тас көмірдің, мыс пен қорғасын-мырыш кендерінің мұнайдың қоры мардымсыз болумен қатар өндірісі қиындықтар тудырады. Шикізат пен отын ресурстарын басқа елдерден сатып алуға мәжбүр Жапония соңғы жылдары Дүниежүзілік мүхиттың ресурстарын игеруге кірісті. Мысалы, қазіргі кезде теңіз суы кұрамынан уранды бөліп алу, теніз түбінен марганец қосындыларын өндіру жолға қойылған. Сонымен қатар жергілікті өнеркәсіп салаларының сұранысын қамтамасыз ететін сирек кездесетін металдардың шағын кен орындары едәуір тиімді жұмыс істей бастады.

Жапонияның климат жағдайлары жалпы алғанда адамдардың өмір сүруі мен шаруашылық әрекетіне қолайлы болып табылады. Жалпы алғанда, ел аумағын 3 климаттық белдеу (қоңыржай, субтропиктік және тропиктік) қиып өтеді. Жапония климатын қалыптастыруда муссондардың маңызы зор. Бұған қоса Жапон аралдары Тынық мұхиттың батысында пайда болатын тайфундардың жолында орналасқан. Жаз айларында өтетін тайфундар тоқтаусыз нөсер жаңбырлар әкеліп, егістіктер мен елді мекендер су астында қалады.

Оңтүстік-шығыс жағалаулар бойымен ететін Куросио жылы ағысы климатты жұмсартуға өзіндік ықпал етеді. Жапонияның орталық бөлігінде меридиан бойымен созылып орналасқан тау тізбектері теңіз бен құрлық арасындағы ауа алмасуына аздап та болса кедергі келтіреді. Соның нәтижесінде құрлықтық ауа массаларының жолында жатқан батыс беткейлерде шығысқа қарағанда кыс әлдеқайда суық құрғақ болады. Субтропиктік және тропиктік белдеулер ауыл шаруашылығына өте қолайлы, бұл белдеулерде көптеген дақылдардан жылына екі рет өнім жинауға мүмкіндік бар.

Жер бедері мен климатының ерекшеліктеріне орай Жапония өзендері қысқа және мол сулы болып келеді. Ең ірі өзені - Хонсю аралындағы Синано өзені (367 км) . Өзендер су энергиясына бай келеді, сонымен қатар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында, тұрмыстық қажеттерге кеңінен пайдаланылады.

Жапон аралдарының 2/3 бөлігін ормандар мен бұталар алып жатыр. Хоккайдо аралында, негізінен, қылқан жапырақты ормандар басым болса, Хонсю аралында емен, шамшат және үйеңкіден тұратын жалпақ жапырақты ормандар, ал оңтүстіктегі аралдарда мәңгі жасыл ормандар тараған. Жапония жағалауларындағы суларда балықтың 600-ден астам түрі, былқылдақ денелілердің 1200-ге жуық түрі мекендейді, олардың көпшілігінің кәсіптік маңызы зор. Жер тапшылығына қарамастан Жапония жерінің 14%-ға жуығын қорғалатын аумақтар алып жатыр, мұнда 400-ге жуық табиғи саябақтар жұмыс істейді.

Халқы. Қазіргі кезде Жапония халкының саны жөнінен (128, 0 млн адам, 2004 ж. ) дүние жүзінде оныншы орын алады. Соңғы 130 жылда ел халқының саны 3, 5 есеге өсті. 1875 жылы Жапонияда бар болғаны 35 млн адам тұрған. Кәзіргі кезде туу көрсеткіші төмен (9% ) халықтың табиғи өсуі жылына 0, 16% ғана. Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына байланысты адамның өмір жасының орташа ұзақтығы да артуда. Мысалы, бұл көрсеткіш бойынша жапон әйелдері дүние жүзінде бірінші орын алады (85, 3 жас) . Туу көрсеткішінің күрт төмендеуі, жасы ұлғайғандар санының артуы, елде Батыс Еуропа елдеріндегі сияқты "ұлттың қартаюы" проблемасын тудыруда.

Халықтың ұлттык құрамы біркелкілігімен сипатталады: ел халқының 99, 3%-ын жапондар құрайды. Саны аз басқа ұлттар қатарында корейлер мен қытайлардың, айндардың үлесі біршама. Жапон аралдарының байырғы тұрғындары деп есептелетін айндардың ұрпақтары Хоккайдо мен солтүстіктегі ұсақ аралдарда тұрады. Жапондар арасында кең тараған діндер - буддизм мен синтоизм. Ұлттық дін болып саналатын синтоизмнін жапон үлтының езіндік келбетшің калыптасуына ыкпалы зор болды. Кдзіргі кезде Жапонияда сан алуан діндер мен діни ағымдардың өкілдерін кездестіруге болады, соған карамастан елде дін негізіндегі келіспеушіліктер мүлде байкалмайды.

Экономикальщ белсенді халықтың жалпы халық санындағы үлесі ете жоғары, ЭБХ Жапония халқының 54%-ын кұрайды. Олардың 60%-дан астамы қызмет көрсету саласында, 22%-ы өңдеуші енеркәсіпте жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы мен ендіруші өнеркәсіпте жүмыс істейтіндер саны жыл сайын азайып келеді. Жапонияда салыстырмалы түрде жүмыссыздар үлесі онша жогары (5, 3%, 2003 ж. ) болмаганымен, бүл керсеткіштің артуы байкалады.

Жапон аралдары - дүние жүзіндегі халықтың ен тыгыз қоныстанған аймактарының бірі; ел аумагында орташа тьныздык 1 км 2 -ге 341 адам шамасында болады. Әсіресе Тынык мұхит жаралауындагы жазықтарда халык. ете тыгыз орналасқан, мүнда ел халқының 2/3 белігі шогырланган.

Қазіргі кезде Жапония халқының 79%-ы қалаларда түрады, елде халық саны миллионнан асатын 11 ірі қала бар. Елдегі аса ірі қала агломерацияларының түтасуынан дүние жүзіндегі ен алып мегалополис - Токайдо 'калыптасқан. Токайдоның аумагында 60 млн-нан астам адам тұрады, бүл ел халкының 48%-га жуыіын күрайды. Токайдо мегалополисіне Токио, Иокогама, Осака, Нагоя тәрізді ірі калалар енеді. Соңгы жылдары халыктын ірі калаларда шоғырлану каркыны бәсеңдеді, бұл субурбандалумен тыгыз байланысты.

Сұраңтар мен тапсырмалар

1*. Жапонияның географиялык орнының геосаяси жагдайына өсерін қалай багалауға бо-лады? 2. Жапония мемлекетінің калыптасу тарихынын кандай кезендерін білесіңдер? 3. Елдіқ табиғат жагдайлары мен ресурстары шаруашылык дамуына калай әсер етті? Жауаптарыңды еакты мысалдармен дәлелдендер. 4. Жапония халқының ұлттык кұра-мының біркелкілігш немен түсіндіруге болады? 5. Жапонияда халықтың тырыздыгына қандай факторлар өсер етті? Ел аумағында орналасқан ірі калаларды тауып, аттарын дәп-терлеріңе жазыңдар.

Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, "Жапон халкының тұрмысы мен салт-дөстүрлері" деген такырьшка хабарлама дайындандар.

[Д^Хрестоматиядагы Жапония және жапон халқы туралы мәліметтермен танысыңдар.

§ 24. Шаруашылығы. Сыртқы байланыстары

Шаруашылығының қалыптасу кезеңдері мен жалпы сипаттамасы. Екінші дүниежүзілік согыстан әлсіреп шыққан Жапония экономикасы согыстан соңгы жылдары қарқынды өрлеу кезещн басынан кешірді. Шикізатпен қамтамасыз ететін және тауарларын сатып алатын отарларынан айырылган Жапония алдында әскери максатқа маманданган шаруашылығын бейбіт өмірге лайыктап қайта құру міндеті тұрды.

Соғыс барысында өндіріс орындарыньщ 40%-ға жуығы қирап, ауыл шаруашылығы тұралап қалды. Жеқіске жеткев америкалықтардын озық техникасы мен едәуір сапалы тауарларын көрген жапондар олардан ңалмай, керісінше басып-озу мақсатын алға койды. Ендігі жерде ұлттьщ ғылыми-техникалык даму концепциясы иегізінде жаңа экономикалык даму үлгісіне көшу жүзеге асырылды, Шикізат тапшылығы жағдайъшда арзан шикізатты сатып алып, қымбат дайын өнімді сату, яғни экспортқа бағдарланған экономиканы құру бірден-бір дұрыс жол деп табылды.

Жапон экономикасы XX гасырдың 50-жылдарының ортасында калпына келді. Бұл каржылык түрақтану және шаруашылық құрылымын толырымен кайта кұру жагдайында жүрді. Өсіресе өнеркәсілтің жаңа салаларын дамытуга көп көңіл бөлінді, олардың күрделі өнімдері бөсекелестік төмен жагдайда негүрлым қымбат багамен экспортка шығарыла бастады.

Сонымен жапон әкономикасының XX гасырдың 50-70-жылдары жоғары қаркынмен дамуына ішкі және сырткы экономикалық жағдайдың колайлы үйлесуі басты ықпал етті. Атап айтканда: 1) елде мамандану деңгейі жогары әрі кенбіс, салыстырмалы түрде арзан жүмыс күшінің болуы; 2) аталған кезеңде дүниежүзілік нарықта шикізат пен отын багасының арзан болуы; 3) шетелдердін ең соңгы гылыми-техникалык жетістіктерін сатып алып, жергіліктІ жағдайға тиімді түрде бейімдеу; 4) әскери шығындардың өте темен болуы; 5) қаржылык қорды экономиканы дашытуга жүмылдыру; 6) мемлекет тарапынан экономиканы реттеудің күшті жүйесінің қалыптасуы.

XX гасырдың 70-жылдарынан бастап дүниежүзілік нарыкта шикізат пен отын багасының күрт есуі энергия мен шикізатты көп кажет ететін салалардын үлесін азайтып, ғылымды көп кажет ететін өндірісті ұлгайтуға себепші болды. Өндірістік және өндірістік емес салалардың барлырын дерлік қамтыран

электрондандыру, кешенді автоматтандыру, робот техникасын енгізу мүлде жаңа материалдар мен ең соңғы технологияларды пайдаланумен катар жүрді. Елдің экономикалык куатының артуы қаржының жинакталуымен, халыкдралық есептесулерде иенаның кеңінен пайдаланыла бастауы, жапондык өнеркәсіп-қаржы топтарының нығаюымен қатар жүрді.

Жапония дүние жүзіндегі АҚШ-тан кейінгі екінші өнеркөсіп алыбы болумен қатар, аса маңызды каржылык орталыққа айналып, постиндустриялык даму кезеңіне өтті. 1990 жылдарда елдегі кызмет көрсету саласының жиынтык ішкі өнімдегі үлесі 60% шамасында болды. Экономикадагы сапалық күрылымдық өзгерістер елдің сыртқы экономикалық байланыстарының сипатына жөне дүниежүзілік экономикалық кеңістіктегі орнына тікелей ықпал етті. Қазіргі кезде дүние жүзщдегі аса жогары дамыған елдердін "жетітіігіне" енетін Жапония АЩП, Батыс Еуропа елдерінің, Қытайдың экономикалық бәсекелесіне айналды. 2003 жы-лы ЖЮ көлемі 4 трлн 245 млрд АКПІ долларын күрады.

Өнеркәсібі. Жапон әкономикасының козғаушы күші болган енеркөсіп постиндустриялық кезеңде де өзінің маңызын жогалтқан жоқ. Өнеркөсіп өнімінің келемі жөнінен Жапония XX ғасырдың 70-жылдарынан бері дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынды алады. Қазіргі кезде өнеркәсілтің жиынтьщ ішкі өнімдегі үлесі 38% шамасында, елдегі жүмыспен камтылғандардың 1/3-і өнеркөсіпте жұмыс істейді. Қазіргі кезде Жапонияда енеркәсіпке қатысты ғылыми жобалар мен бағдарламаларга кәп каржы белінеді. Елде 20-ға жуық технополистер жасалу үстінде, ғылым калаларында университеттер, гылыми-зерттеу мекемелері және гылымга негізделген өндіріс орналасады (14-суретке караңдар) .

Жапон өнеркәсібінде жалпы саны 800 мың шамасындағы кәсіпорындар жүмыс істейді, олардың арасында ірі өнеркөсіптік-қаржылык топтардың кұрамына енетін бірлестіктердің манызы зор (3-кестені қараңдар) .

3 кесте

Жапониянын аса ірі өнеркәсіптік-ңаржылық топтары

Өнеркәсіптік-
Әлемдегі ен ірі

Жылдыңсауда

Қаржы қоры,

Жұмыс істей-

№:
Өнеркәсіптік-: қаржылық
Әлемдегі ен ірі: 500 бірлестік
Жылдыңсауда:

көлемі, млрд

Қаржы қоры,:

млрд доллар

Жұмыс істей-:

тіндер саны, мың

№:
Өнеркәсіптік-: топтар
Әлемдегі ен ірі: қатарьша енетін
Жылдыңсауда:

доллар

Қаржы қоры,:
Жұмыс істей-:

адам

№:
Өнеркәсіптік-:
Әлемдегі ен ірі: бірлестік саны
Жылдыңсауда:
Қаржы қоры,:
Жұмыс істей-:
№: 1.
Өнеркәсіптік-: Мицубиси
Әлемдегі ен ірі:

7

Жылдыңсауда:

105, 1

Қаржы қоры,:

124, 6

Жұмыс істей-:

272, 2

№: 2.
Өнеркәсіптік-: Тойота
Әлемдегі ен ірі:

2

Жылдыңсауда:

84, 0

Қаржы қоры,:

77, 6

Жұмыс істей-:

116, 2

№: 3.
Өнеркәсіптік-: Мацусита
Әлемдегі ен ірі:

2

Жылдыңсауда:

66, 0

Қаржы қоры,:

84, 3

Жұмыс істей-:

280, 0

№: 4.
Өнеркәсіптік-: Хитачи
Әлемдегі ен ірі:

2

Жылдыңсауда:

65, 1

Қаржы қоры,:

81, 3

Жұмыс істей-:

341, 0

№: 5.
Өнеркәсіптік-: Нилпон Стил
Әлемдегі ен ірі:

5

Жылдыңсауда:

59Д

Қаржы қоры,:

78, 2

Жұмыс істей-:

99, 8

№: 6.
Өнеркәсіптік-: Ниссан
Әлемдегі ен ірі:

3

Жылдыңсауда:

57, 0

Қаржы қоры,:

67, 9

Жұмыс істей-:

155, 1

№: 7.
Өнеркәсіптік-: Фудзи
Әлемдегі ен ірі:

4

Жылдыңсауда:

52, 9

Қаржы қоры,:

62, 1

Жұмыс істей-:

226, 3

№: 8.
Өнеркәсіптік-: Сумитомо
Әлемдегі ен ірі:

6

Жылдыңсауда:

43, 8

Қаржы қоры,:

56, 0

Жұмыс істей-:

Г20, 5

№: 9.
Өнеркәсіптік-: Тошиба
Әлемдегі ен ірі:

1

Жылдыңсауда:

37, 5

Қаржы қоры,:

49, 3

Жұмыс істей-:

173, 0

№: 10.
Өнеркәсіптік-:

Дайити

Әлемдегі ен ірі:

б

Жылдыңсауда:

33, 4

Қаржы қоры,:

39, 3

Жұмыс істей-:

104, 3

№: 11.
Өнеркәсіптік-: Хонда
Әлемдегі ен ірі:

1

Жылдыңсауда:

33, 4

Қаржы қоры,:

26, 4

Жұмыс істей-:

90, 9

№: 12.
Өнеркәсіптік-: Сони
Әлемдегі ен ірі:

1

Жылдыңсауда:

31, 5

Қаржы қоры,:

39, 7

Жұмыс істей-:

126, 0

Ел өнеркәсібінін құрылымында дәстүрлі жөне жаңа салалар үйлесім тапқан. Жапония өндірістік, роботтар, сандық багдарламалар арқылы басқарылатын станоктар, кеме жасау, микропроцессорлардың кейбір түрлерін жасаудан дүние жүзінде алдыңғы орын алады. Сонымен катар Жапония жеңіл автомобиль, электроника мен электр техникасын жасауда, жоғары сапалы болат балкытуда өлемдегі жетекші орнын сактап келеді.

Отын энергетика саласыньщ дамуы жергілікті ресурстарды тшмді пайдалану, энергия алудъщ балама көздерін игеру және әнергия үнемдеуге мүтуікшдік беретін техникалык күралдарды жетілдіру багытында жүзеге асырылуда. Елдің энергетикалык балансыньщ кұрылымы сощы жылдары күшті өзгеріске түсуде. Мысалы, мұнайдың үлесі 70%-дан 54%-га төмендеп, атом энергиясьшың үлесі 0, 1%-дан 15%-га, ал табиги газдың үлесі 2, 2%-дан 11%-ш дейін артты. Соган қарамастан, Жапония шетелдерден жыльта шамамен 200 млн т мұнай сатьш алады.

Жапонияда 2004 жылы 1059 млрд кВт/саг электр энергиясы өндірілді, оның жалпы көлемі жөнінен дүние жүзінде АКШ, Қытайдан кейін үшінші орынды алады. Электр энергиясының 60%-ы жылу электр станцияларында, 30%-ы атом әлектр станцияларында өндіріледі. Су электр станцияларынын үлееі бар болганы 10% шамасында. Сонъшен катар елде 16 геотермалдык станция жұмыс істейді.

Өцдеушіөнеркәсіп салаларын шартты түрде екі топқа: материалды көп қажет ететін және гылымга негізделген ендіріске белуге болады. АлгапІкьІ топкд жататын салалар (болат балкыту мен мүнай химиясы, автомобиль және кеме жасау) өңдеуші өнеркөсіп әнімінің 1/3-ін береді. Екінші топты электрондык есептеуіш машиналар мен робот техникасын жасау, тұрмыстык радиоэлектроника салалары кұрайды.

Қара металлургия саласы шеттен әкелінетін (негізінен, Аустралиядан) шикізаткд негізделген. Сондыктан металлургия зауыттары, негізінен, Тынык мұхит жағалауынддры өнеркәсіпті белдеуде шогырланған. Дүниежүзілік нарықтагы кара металлургия өшмдерінін 23%-ы Жапониянын үлесіне тиесілі. Жапония жылына 103 млн т болат балкьітады. Сала кәсіпорындарының техникалык жабдьщталу деңгейі мен өндірістік куаты жоғары, кейбір кәсіпорындар жылына 10-15 млн т-га дейін болат балкытады.

Машина жасау кешенініц кұрылымы аса күрделі. Мұнда жаппай экспортқа багдарланран кеме және автомобиль жасау тәріздД байыргы салалармен катар ең жаңа, ғылымға негізделген салалар дамуда. Машина жасау кешені жалпы өнеркәсіп өнімінің 44%-ын береді, оның 20%-ы радиоэлектроника мен әлектр техникасын жасау өнеркәсібіне тиесілі.

Жапония аса ірі танкерлер мен алып жүк кемелерін жасауға маманданган, кеме жасаудың ірі орталыктары Иокогама, Кобэ, Нагасаки калаларында орналаскдн. Жүк сыйымдылыгының жалпы келемі жөнінен Жапонияда дүние жүзінде жасалатын кемелердің 42%-ы шыгарылады. Соңғы жылдары ендіріс карқыны баяулаганымен, Жапонияның автомобиль өнеркәсібі енім көлемі женінен дүние жүзінде бірінші орын алады, оган әлемдік. автомобиль экспортыныц 14%-ы тиесілі. Автомобиль зауыттарында жылына 10 млн шамасында автомобиль жасалады, оның 8 млн-нан астамы жеңіл автомобильдер. Өндірісте гылым мен техниканың ең соңгы жаңалықтары пайдаланылады,

сондьщтаи әлемдік нарықта "Тойота", "Ниссан", "Хонда" концерндерінін автомобильдері америкалық және еуропалық үлгілермен бәсекелесе алады. Қазақстанда да жапон автомобильдері үлкен сүраныска ие, еліміздің ірі қалаларында жапондық автомобиль концерндерінің өкілі жұмыс істейді. Автомобиль жасау орталықтары Нагоя маңында, Хиросимада және Токио маңындагы калаларда Іпоғырланган.

Жапонияда кұрал-жабдыктар мен өндіріске кажетті машина түрлерін шыгаруға маманданған жалпы машина жасау да күшті дамыған. Бүл саланын кәсіпорындары, негізінен, Тыньщ мүхит жағалауындағы өнеркәсіптік белдеуде шогырланган, бірақ жеке аудандардың мамандану багыттары айқын байқалады. Мысалы, Токио маңында сандык бағдарламамен баскарылатын станоктар тәрізді күрделі кұрал-жабдыктар, Нагояда негүрлым қарапайым өнеркәсіп станоктары жасалады, ал Осака ауданы металды көп кажет ететін ауыр машина жасауга маманданран. Жапония өнеркәсіп роботтарын шығарудан және оларды өндірісте пайдаланудан әлемде бірінші орын алады. Жапонияда өндіріс барысын толы-гымен роботтар кадағалайтын бірнеше тәжірибелік кәсіпорын бар (14-суретке караидар) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырдағы Корея тарихы
Ерте орта ғасырлардағы корея
Қазақстан Республикасының Жапониямен экономикалық және географиялық қарым-қатынасы
Корея Республикасының тарихы
Орта ғасырлардағы Қытай өркениеті
Жапония және халықаралық ұйымдар
Жапонияның сыртқы саясатындағы территориялық (РФ, ҚХР, Оңтүстік Кореямен) мәселелердің орны мен маңызы
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Корей Республикасы
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz