Гальванизация және электрофорез әдістерін емдеуде қолданудың биофизикалық негіздері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Гальванизация және электрофорез әдістерін емдеуде қолданудың биофизикалық негіздері.

Гальванизация және электрофорез әдістерін емдеуде

қолданудың биофизикалық негіздері

Тақырыптың маңызы: Қазіргі медицинада адам ағзасына емдік әсер ету үшін көптеген электрофизикалық әдістер қолданылады. Ол әдістер негізінен екі топка бөлінеді: өріспен әсер ету және токпен әсер ету. Гальванизация және электрофорез әдістері - олар адам ағзасына тұрақты токпен әсер ету әдістері. Сондықтан осы әдістердің физикалық, негізін және биофизикалық әсерін білу дәрігерлер үшін аса қажет.

Жұмыстың мақсаты: Тұрақты токты емдеу мақсатында қолдану; иондардың; қозғалғыштығын тәжірибе жүзінде анықтау; гальванизация және электрофорез аппаратының құрылысымен танысу.

Студенттер иегеруге тиісті дағдылар:

  1. Тұрақты электр тоғы, оның күш сызықтары. Тұрақты электр тоғының әсерінен зарядтар қозғалысы.
  2. Адам ағзасыңда тұрақты электр тоғымен әсер еткенде өтетін биофизикалық процесстер.
  3. Адам ағзасының электр тоғын сезгіштік қасиетінің ерекшелігі.
  4. Электрод пен адам денесінің арасына ерітіндіге шыланған дәкені не үшін салады?
  5. Электрофорез әдісі, оның гальванизация әдісінен ерекшелігі.
  6. Гальванизация аппараты, принциптік схемасы.
  7. Иондардың қозғалғыштығы, және оны анықтау әдістері.

Студент игеруге тиісті дағдылар:

Тұрақты токпен адам ағзасына әсер етудің әдістерін игеру және оны іс жүзінде қолдану.

Қажетті құрал-жабдықтар:

Гальванизация аппараты, KJ немесе KMnO 4 - судағы ерітіңдісі, екі қорғасын электродтар, дәке, шыны пластина, сүзгіш қағаз, су тамызғыш.

Тақырыпты игеруге қажетті ақпаратты - дидактикалық материал

Адам ағзасына тығыздығы 0, 1 mA/см 2 , кернеуі 60-70 B тұрақты токпен әсер етіп емдеу әдісін гальванизация әдісі дейді.

Тұрақты ток деп шамасы және бағыты уақыт бірлігінде өзгермейтін электр тоғын айтады.

Адам ағзасынан тұрақты электр тоғы өткенде аса күрделі физико-химиялық процесстер өтеді. Электр тоғының күш сызықтарының бағытымен сәйкес келетін ұлпалардағы иондар қозғалысқа келеді. Әр түрлі химиялық элементтердің иондарының қозғалғыштық қасиеті әр түрлі болғандықтан олардың мембранада жинақталуы да әр түрлі болады. Сондықтан клеткалардағы иондардың концентрациясы да әр түрлі болады. Иондардың қозғалысының ерекшеліктері клеткалардағы процесстердің қозуына немесе тежелуіне әкеліп соқтырады да қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті өзгертіп, клеткалардағы судың мөлшеріне және ұлпалардағы басқа қасиеттерге әсер етеді. Осының салдарынан адам ағзасы тұрақты токқа реакция жасайды.

Адамның денесінен ток өткенде электродтардың арасыңда болатын қышқылдық - сілтілік өзгеріс денені күйдіреді. Сондықтан ондай эффектіні болдырмау үшін электрод пен адам терісінің арасына, міндетті түрде, физиологиялық ерітіндіге (тіпті жәй суға болса да) малынған дымқыл дәке орналастырылады.

Гальванизация әдісін, қажет болғанда, тұрақты токтың көмегімен адам ағзасына шаншымасыз (иньекциясыз) дәрі енгізу үшін қолдануға болады. Осы әдісті электрофорез дейді. Электрофорез әдісінде электродтар мен адам денесінің арасына салынатын дәкелер дәріге малынады. Тұрақты токпен әсер еткенде теріс электродтың астындағы дәкеден теріс иондар, және олардың күрделі химиялық қосылыстары, оң электродтың астындағы дәкеден оң иондар және олардың күрделі химнялық қосылыстары адам ағзасына кіреді.

Адам ағзасының ток өткізетін бөлігі NaCl-дың ерітіндісінен тұрсын. Оң электрод пен адам денесінің арасына СаС1 2 , ал сол электрод пен адам денесінің арасына KJ ерітіңділеріне малынған дымқыл дәке орналастырайық /1-сурет/. Суретте иондардың қозғалысы бағдармен және ұлпалардың шекарасында иондардың жинакталуы 1-4 позицияда көрсетілген. Теріс электродта калий иондары бейтараптанады да, содан кейін сумен екінші реакцияға түсуі нәтижесінде Н 2 және КОН түзеді. Осы сәтте олар он электродқа қарай қозғала бастайды. Оң электродта Сl және НСl түзіледі, ал Са иондары ұлпаға өтеді. Электрофорез процедурасының өту уақыты иондардың ұлпаға өту жылдамдығына байланысты. Иондардың қозғалыс жылдамдығы электр өрісінің кернеулігіне (Е) тәуелді. Өріс кернеулігі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым иондардың қозғалыс жылдамдығы да үлкен болады. Иондарға тек қана өріс кернеулігі әсер етсе, онда олардың қозғалысы бірқалыпты үдемелі қозғалыс болар еді. Бірақ иондардың жылдамдығы артқан сайын қоршаған ортаның кедергісі де артады. Бұл құбылыс иондарға әсер етуші электр өрісінің күші мен оған қарсы әсер күші-кедергі күші бір-бірін теңестіргенге дейін өтеді. Сонда иондар қалыптасқан қозғалысқа келеді, яғни олардың қозғалыс жылдамдығы тұрақты болады.

Жоғарыда иондардың қозғалыс жылдамдығы электр өрісінің кернеулігіне тәуелді дедік, енді осы байланысты былай жазайық;

υ = КЕ

υ - иондардың қозғалыс жылдамдығы;

К - иондардың қозғалғыштығы.

Бұл формуладан кез-келген ортадағы жеке ионның қозғалысы, сан жағынан, оқшауланған өрістің, әсерінен пайда болған қалыптасқан жылдамдыққа тең болатыны көрініп тұр. Олай болса иондардың қозғалғыштық қабілеті сол қозғалысқа қарсы әсер ететін ортаның кедергісіне және қасиетіне тәуелді екен. Ортаның қасиетіне мыналарды жатқызуға болады: тұтқырлығы, құрылымы, температурасы, иондардың, пішіндері, зарядтары және т. б. Сондықтан емдік электрофорез әрбір науқастың денесіне әр түрлі уақытта өтуі мүмкін және процедураның өту уақыты адам ағзасына енгізілетін дәрінің құрамына да тәуелді болады.

Гальванизация және электрофорез әдістерін қолдану - қала тізбегіндегі айнымалы тоқты тұрақты токқа түзету арқылы өтеді. Ол үшін электрондық фильтрі бар қосжартылай периодты түзеткіш қолданылады. Олай болса гальванизация және электрофорез аппараты - ол түзеткіш.

Жұмыстың орындалу тәртібі

Тапсырма 1. Иондардың қозғалғыштығын анықтау

  1. KJ судағы ерітіндісіне мақтаны сулап, шыны пластинканың үстіне қойыңыз.
  2. Аппараттың электродтарын мақтаның үстіне вертикаль орналастырамыз.
  3. Аппаратты ток көзіне қосыңыз да, 3-5 минуттан кейін оның ток көзінен ажыратыңыз. Сонда бір электродтың астында J-иондары /қызыл қоңыр түсті/, екінші электродтың астында К-иондары /түссіз/ жиналатынын көресіз. Бірақ К - иондары түссіз болғандықтан оны қарапайым көзбен көре алмаймыз. Осы құбылысқа түсініктеме беріңіз.

Тапсырма 2. КМпО 4 - иондарының қозғалыс жылдамдығьш анықтау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дисперсті жүйелердің классификациясы мен табиғаты
Дисперістік жүйелердің электрокинетикалық қасиеті
Түрлі мүшелердің электрлік белсенділігін зерттеу әдістері
Ерітінділер қасиеттері
Гальванизация. Электрофорез
Физиотерапиялық емшаралардың түрлері
Медициналық биофизиканың өзекті мәселелері. Клеткалардың зақымдану теориясы
ЖЖ, АЖЖ және УЖЖ токтарды қолдануға негізделген терапевтік техника. Тұрақты токты қолдануға негізделген терапевтік техника
“Аса жоғары жиілікті және жоғары жиілікті токтардың медицинада пайдаланылуы”
Аутогемотерапия қолдану жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz