Полемика және оның теориялық сипаты


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Полемика және оның теориялық сипаты

Кез-келген кеңес дәуіріндегі болмаса бүгінгі таңдағы энциклопедиядан немесе ғылыми жинақтардан полемиканың жанр ретіндегі жалпы ұғымын табу өте қиын. Қазіргі кезде интернет сайттарында, газет-журнал беттерінде кездесіп қалатын публицистикалық айтыстың рөлі мен қоғамдағы орны енді ғана маңызға ие болып келеді. Бұған қарап полемика бұрын болмаған, енді ғана қалыптасып келе жатқан жанр деп ойлауға болмайды. Полемика жанр емес, публицистиканың белгілі бір саласы ретінде ғана қарастырылып келген. Ал полемика қазіргі кезеңде заман тудырған жаңа жанрлар топтамасына кіреді.

Полемиканың тереңіне үңілу үшін алдымен публицистикалық қыр-сырын анықтап алғанымыз жөн.

Жалпы публицистика дегеніміз - латын тілінен аударғанда (publicus) қоғамдық деген мағынаны білдіреді. Әдебиет және журналистика салаларының бір түрі. Қоғамдағы актуальды, саяси, экономикалық, әдеби, философиялық тағы да басқа проблемаларды қарастырады. Публицистиканың мақсаты қоғамдағы соның ішінде жаңа қоғамдағы пікірге, мінез-құлыққа, өмір сүріп жатқан саяси институттарға әсер ету.

Публицистика әрқашан да (ашық және жасырын) саяси, наным-сенімдік немесе философиялық күрес.

Публицистикалық стиль біржақтылығымен, полемикалылығымен, қызуқандылығымен ерекшеленеді. Оған интонация, шешендік өнер тән.

Публицистика газет-журналдың барлық жанрында (мақала, фельетон, памфлет, эссе, очерк, ашық хат т. б. ) қолданылады. Сондай-ақ әдебиет, кино, театр, телевидение жанрларында да өзіндік орны бар.

Публицистикаға былайша баға беріледі: «Дамыған публицистика әрқашан да өмір шындығын туғызуға тырысты. Қоғамдағы жаңа өзгерістерге оң баға беріп отырды және әділ шешімдерге барып, қоғамның шынайы бет пердесін танытты».

Публицистиканың көпқырлы салаларына мыналар жатады: оқиғалық-ақпараттық, позитивтік-аналтитикалық, сыни-аналитикалық, полемикалық, дискуссиялық публицистика.

Публицистік қайымдасуда публицстикалық пафос, авторлық толғаныс, тебіреніс басым. Бірақ онда қара басының қамын ойлап, қарсыласын қайтсем сүріндіремін деген жалаң мақсат жат.

Тақырыпты талдау үстінде автор көркем әдебиеттік, сатиралық және көркем-публицистік элементтерге жиі жүгінеді.

Полемика публицистік жанрмен қоса газет жанрлары мен сын жанрларының элементтері жақын. Мысалы талдамалы жанрлар ішінде коореспонденция, баспасөзге шолу, мақала элементтері, сын жанрларынан помфлет, сатира, ирония элементтері де кездесіп жатады.

Бұл сипаттар полемикадағы нақтылыққа, дәлділікке, тапқырлыққа, өткірлікке жауап бере алады.

Сипатына қарай жіктегенде полемика тіке және жанама болып 2-ге бөлінеді. Екеуі де диалогтық және монологтық формада кездеседі.

Диалогтық полемикаға бірнеше адам қатыса алады. Ол сұхбат түрінде де болады. Мұнда полемикаға түсуші адам ниеттесін немесе қарсыласын әңгімеге тартып, сұрақ қойып қана қоймай өз пікірін де білдіріп отырады, немесе бұл бірнеше маман қатысқан әңгіме түрінде де өрбуі мүмкін.

Полемиканы 2 түрге бөліп қарастыруға болады. Олар: «Достық рәуіште пікір таластыруды мақсат ететін публицистік қайымдасу және ашық айтысқа негізделген публицситік қайымдасу».

Ашық айтысқа негізделген қайымдасу көзқарастары бір-біріне сәйкес келмейтін топтар немесе жеке тұлғалар арасында өтсе, достық рәуішті пікір таластыруды мақсат еткен қайымдасу қоғам қайшылықтарын екеуара сөз ете отырып, одан шығу жолдарын бірлесе іздеуді көздейді.

Алғашқы жағдайда полемика таза академиялық пікірталастан, сөз жарысынан гөрі, жеке мүддені қорғаған айтыс-тартысқа көбірек ұқсайтын болса, келесісінде мәселелер, әлеуметтік проблемалар кеңірек сөз болады.

«Публицистиканың үлгілері сан алуан десек те, оны Элистратова: «Оқиғалы-ақпаратты, талдамалы, сатиралық, полемикалық және пікірталастық» - деп түрлерге бөледі. Осыған қарап, публицистік қайымдасуды әлдебір қатып қалған қағидалармен, ережелермен, әдіс-тәсілдермен жүйелеудің өзі негізсіз. Ол түптің түбінде идеялық көзқарастар арқылы ақиқатқа жетудің құралына айналатын болғандықтан барған сайын мазмұнмен байып, жаңа жанрлық сипаттарға ие бола бермек.

Полемика кезінде ережелерді сақтау және арбитрлардың яғни қазылардың (сот арқылы шешуге жатпайтын арнайы құрылған қазы) қатысуы қалауынша белгілі бір дәрежеде қажет. Бұлардың болуы немесе болмауы полемика түрлерін топтауға септігін тигізеді: 1) регламенттік полемика (белгілі бір ережеге бағытталған полемика) . 2) хаостық (яғни былыққан, бұл жерде ереже сақталынбайды) . 3) публикалық (ашықтан-ашық өткізілетін және үшінші бір жақтың қатыса алатын түрі) . 4) кулуарлық (ресми емес түрде өткізіледі, бұл жерде барлық қатысушылардың өз ойын білдіруге құқығы бар болады) .

Қатысушылар тек қана көпшілік емес, тағы да арбитрлардың қатысуы көрінсе, онда полемиканың мұндай түрі арбитраждық деп аталады.

Енді полемиканың тақырыбына назар аударсақ. Жалпы полемика арнайы бір тақырыпсыз өте алады ма? Әрине, өте алады.

Осы мәселеге толыққанды қол жеткізу үшін полемиканың тақырыбына анықтама беріледі: «Полемика тақырыбы дегеніміз ол диалог кезінде серіктестердің жақтай алатын тезистерінің жүйесі». Көп жағдайда пікір-таласқа түскен қарсыластардың нақты ұсталған позициясы, болжамы болмайды. Тек қана сол мәселеге қатысу себебін, нені дәледегісі келіп отырғандығын, былайша айтқанда өзінің айтқан позициясын бұлыңғыр түрде ғана түсініп, көре алады.

Ежелгі гректер белгілі бір мақсатқа бағытталған ортақ тақырыбы жоқ пікір-таласты логомахия деп атаған (логомахияны да полемиканың маңызды бір түріне жатқызуға болады)

Керісінше, логомахияға қарама-қарсы ұғым тақырыптық полемика болып табылады. Тақырыптық полемика ішінара ғылыми, философиялық, саяси, діни болып бөлінеді.

Полемиканың өзіне тән мақсаты мен міндеттері қарастырылған.

  • Жұмысқа кедергі болатын ала-құлалық, терминдердің шешімін таппау.
  • Дәлелдердің анықсыздығына шек қою, ақпараттардың жеткілікті болуы, негізгі аргументтерді қолдану мүмкіндігі.
  • Проблеманы шынайы қабылдау және оған деген сұранысты иелену.
  • Қарсылықтан туындаған дұрыс шешім ойша қорытулар мен шешімдерге күдікпен қарау.

Осылардың бәрі полемика тудырушы құбылыстар. Полемиканың мақсаты да оның әрбір құрылым элементіне байланысты.

Полемика терминологиялық ақпаратты ретке келтіру мақсатында жүргізіледі.

  • дәлелдерді анықтау үшін осы жұмысқа жарамдыларын растау немесе керісінше келтірілген тезистердің жалған екенін білдіру: дәлелдердің жеткілікті болу дәрежесін қадағалау,
  • полемика ой қорытындысын құру үшін қолданылады және оның логикалық әдептілігі үшін, мәселені әдейі шатастырып, жалған қағиданы сипаттау мақсатымен құрылған ой қорытындысын тастау, яғни софизмге бармау.
  • Полемика мақсаты - шындыққа қол жеткізу.

Аудитория үшін:

  • Полемиканы тудыратын партиялық, қауымдық, қызығушылықтар себеп болуы мүмкін, үлкен топты өзіне тарту мұқтаждығы өз жағына шығару керек. Бұрыннан белгілі болғандай, қоғамдық пікір-талас ол тек қана шіркеушілердің емес, шіркеуге келіп тұртын діндар адамдар үшін де талас болуы әбден мүмкін.

Полемиканың аудиторияға деген мақсаты өте қарапайым. Аудитория екі түрге бөлінеді: тыңдаушылар және қызуқанды көрермендер. Олар әрқашанда қолдауға және көмектесуге дайын тұрады. Сол себептен аудиториядағы полемиканың мақсаты тыңдаушыларды өз жанкүйеріне айналдыру болып табылады.

Полемика тікелей үшінші бір жақтың отыруына бейімделген. Ол - сот. Негізінен сот кез-келген мәселені әділ және ақиқат шешеді деп есептелген. Ол ақиқатқа жақын және екі жаққа да қолайлы істерді жақтап, дұрыс шешімін шығарады.

Полемиканы 3 түрге ажыратуға болады.

1. Танымдық. Логикалық, мәтіндік деңгейге бейімделген. Кейде оны логикалық немесе диалектикалық полемика деп те атайды.

2. Іскерлік полемика . Ол қоғамдық үлкен, едәуір салмақты жетістіктерге жетуге бағытталған. Мұндай тәжилере ресми мәлімдемелер, келісім шарт, хаттама бұйрықтар болуы мүмкін. Бұл әрекеттерде барлығына ортақ бір мақсат қойылу қажет. Ол екі жақты да қанағаттандыратын, пайдалы және қолайлы шешім болуы қажет.

3. Спорттық және ойын полемикасы . Бұл полемика жеке адамның мотивін мақұлдайды. Спорттық ойындағыдай әр адамның жетістікке жетудегі мақсаты ақиқат пен келісімге келуден маңыздырақ тұрады.

Ұлт мүддесімен өрнектелген полемика

Полемика тарихы әріден басталады. Полемикада публицистиканың эпистолярлық жанрына тән белгілерінің бар екендігін ескерсек, бұл туралы Элистратова былай дейді: «Эпистолярлық публицистика, зерттеулер көрсетіп отырғандай, ХVI ғасырда кең дами бастады. Ол кезде хаттарда әдеби сипат, көркем баяндау басым болды.

Оларда маңызды экономикалық, қоғамдық мәселелер көтеріле бастады. Еуропада монастырлар арасында ашық полемика түріндегі хаттар қатынаған.

Эпистолярлық мұраны зерттеушілер орыс публицистикасының жарқын бір үлгісі ретінде Грозныйдың Князь Курбскиймен жазысқан хаттарын атайды. Кейін публицистік хаттардың басым көпшілігі сатиралық сипатқа ие бола бастаған». Ал қазақ сахарасында газет полемикасының қазақ баспасөзінде орын алуы мен қалыптасуы сонау ХХ ғасырдың бас кезеңінде яғни алаш ақтаңдақтарының ел мүддесін көтерудегі дабылымен басталған.

Сонау 1870 жылы шыға бастаған «Түркістан уалаяты газетінде» мынадай деректер бар:

«Біздің қазақ бұрынғы ата-бабасынан қалған рәсімді ұстап, осы күнге шейін балаларына қыз айттырғанда балалары кішкене күнінде құда түсіп, қалыңмал алысып қояды. Балалары ержетіп, өскен соң бір, екі, үш жігіт ертіп, қайнына жібергенде, жә қызға жігіт жақпайды, жә жігітке қыз жақпайды. Кейбір қазақ қызы күйеу келместен бұрын көңілі сүйгенмен қосылып алып, буаз болса, баламды түсіремін деп, ішін езіп, мылтықтың дәрісін ішіп, жә түндіктен мұздай суық су үстіне құйдырып, әйтеуір әр түрлі дәрі қылып, намыс болады деп, баласын түсірудің қамын жейді. Бала түсіргеннің обалы қанша екенін қайдан білсін.

Қазақтың төрелері қара қазаққа бұрын қызын бермеуші еді. Енді осы күнде беретін болды. Қазақ та қайтсін, ақырындап, ілгері таман аяқ басып, жүріп келе жатыр».

Бұл мәселеге қарсы осы газет бетінде жазушы Бай деген есіммен мына мақала жарияланды:

«Июль айында, жиырмасыншы нөмірде біздің қазақтың рәсімі - қыз алып, қыз беруі тақырыпты жазып жіберген екенсіз. Рас, айтқан сөзіңіздің өтірігі жоқ. Бірақ қазақ қызы бала болса бала түсіруінің қамын жейді. Бала түсіргеннің обалы қанша екенін қайдан білсін деп, сіз қай жұрттың адамы бала түсірмей, қай жұрттың баласы обалдан қорқып: «Ойбай, обал болады ғой» деп, үйінде баласын туып отыр дейсіз. Рас, үлкен қала жерінде жасырынып, баласын тауып отырған бас болса, бар шығар, бірақ біздің көшпелі қазақтың ішінде ондай іс болмас, өйткені ауылдың ішінде қимылдаған жанның бәрі не қылып жатқаныңызды, не жегеніңізді бәрін бастан-аяқ біліп тұрғанда үйде түгіл қайда барып баласын тастаса да, адам білмес деп ойламаған болмаңыз, оны қойыңыз».

Сол дәуірдің шындығы сол дәуірдің үні байқалатын хаттарда публицистиканың полемикалық сарыны байқалып тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өтпелі кезеңдегі және бүгінгі таңдағы газет полемикасының басты тақырыптары мен көтерген мәселелері
Құран аяттарына полемикалық талдау
Конструктивті оқыту заңдары
Экономика сабағын оқытудағы оқушылардың белсенділігін арттырудың заманауи тәсілдермен оқыту
Журналистика-әлеуметтік ұғым
Өсімдіктер физиологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы
Тағам биотехнологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы
Тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану
Халықаралық қатынастар теориясы
Сыни тұрғыдан ойлану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz