Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

1-дәріс. Криминалистика пәнiне кiрiспе.

Қылмысты тез арада және толық әшкерлеудi қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарына әрқашан көмек көрсетiп отыру криминалистиканың негiзгi мiндеттерiне жатады. Мұндай көмек тергеу және сот өндiрiсiне жаңа ғылыми әдiстер мен техникалық құралдарды дайындап енгiзу жолымен жасалынады.

Криминалистика - қылмысты ашу туралы ғылым. Қылмыстың алдын-алып ашудың ғылыми әдiстерiн дамыту қызметi алдыңғы қатарлы тергеу тәжiрибесiн, сот және сараптама өндiрiсiн жинақтап зерттеу негiзiнде жасалынады.

Әдебиеттерде криминалистика затының басқа да анықтамалары көрсетiлген. Мысалы, профессор С. П. Митричев былайша көрсеткен: “Криминалистика - қылмыстардың алдын алып ашу мақсатында қылмыстық iс жүргiзу заңымен рәсiмделген дәлелдемелердi табу, жинау, бекiту және зерттеу үшiн қолданылатын техникалық құралдар, тактикалық тәсiл мен әдiстер туралы ғылым”, профессор А. Н. Васильев, криминалистиканы, қылмысты жоспарлы тергеу ұйымдығы, қылмыстық iс жүргiзу қағидаларына сай, дәлелдемелердi тиiмдi жинай отырып зерттеу және тергеу тәжiрибесi мен арнайы ғылым негiзiнде дамытылған әдiс-құралдарды қылмыстың алдын алу мақсатында қолдану туралы ғылым деп анықтаған.

Кафедра кезiнде профессор Р. С. Белкин ұсынған анықтаманы қолдайды. Оның мазмұны былайша, криминалистика- қылмыс механизмi, қылмыс және оған қатысушылар жайлы мәлiметтiң шығу заңдылықтары туралы ғылым бола келе, дәлелдемелердi жинау, зерттеу, баға беру және пайдалану заңдылықтарын оқып бiлу арқылы әдiстер мен құралдарды қолдана отырып, қылмыстың алдын алу, тергеу және әшкерлеу болып саналады.

Криминалистика ғылымының мазмұнын тереңiрек түсiну үшiн, оны бiр-бiрiмен байланысты элементтер (тараулар) жүйесi ретiнде қарастырған жөн.

Ғылым ретiндегi криминалистика жүйесi төрт тараудан тұрады:

1. Криминалистиканың жалпы теориясы (оқу бағамының жүйесiнде бұл тарау криминалистика пәнiне кiрiспе деп аталады) ;

2. Криминалистикалық техника;

3. Криминалистикалық тактика;

4. Криминалистикалық әдiстеме (нақты қылмыс түрлерiн тергеу әдiстемесi) .

1. Криминалистиканың жалпы теориясы, яғни дүниелiк көзқарас қағидаларының, теориялық концепциялардың, түсiнiктердiң, әдiстер мен байланыстардың, анықтамалар мен терминдердiң жүйесi. Оған: 1) криминалистиканың заты, мiндеттерi, принциптерi, даму заңдылықтары, ғылыми бiлiм жүйесiндегi орны туралы мағұлматтар анықталатын қағидалар; 2) криминалистика затын құрастырушы объективтiк шыңдық зандылықтарын көрсететiн қағидалар. Аталмыш заңдылықтар, қылмыспен күрес жолында қолданылатын криминалистикалық әдiс-құралдар мен нұсқауларды дамытудағы негiз болып саналады; 3) нақты криминалистикалық теориялар жүйесi (криминалистикалық идентификация теориясы, iз жасау механизмi туралы iлiм, криминалистикалық болжам және т. б. ) ; 4) түсiнiктер, анықтамалар, терминдер, таңбалар жүйесi ретiндегi криминалистика тiлi туралы iлiм; 5) затын анықтауда қолданылатын криминалистиканың әдiстерi туралы iлiм; 6) криминалистикалық жүйелендiру (ғылым жүйесi, нақты қылмыстарды тергеудегi тактикалық тәсiлдер мен талаптар жүйесi, криминалистикалық жiктемелер) енедi.

2. Криминалистикалық техника, ғылыми ережелер жүйесiн және соған негiзделе отырып, қылмыстың алдын алып, тергеп және әшкерлеу мақсатында дәлелдемелердi жинап зерттеу үшiн қолданылатын, техникалық құралдар мен әдiстердi көрсетедi.

3. Криминалистикалық тактика ол, ғылыми ережелер жүйесiне негiзделе отырып жасалған алдын-ала тергеу мен соттық тергеудi ұйымдастыру және жоспарлау талаптарын, соттық зерттеулер жүргiзетiн адамдардың мiнез-құлқын, және процессуалдық iс-әрекеттердi (жауап алу, қарау, тiнту және т. б. ) жүргiзу тәсiлдерi.

4. Криминалистикалық әдiстеме ол, ғылыми ережелер жүйесiн және соған негiзделе отырып ұрлық, тонау, кiсi өлтiру, адам ұрлау және т. б. нақтылы қылмыс топтарын тергеп алдын-алу үшiн жасалған әдiстемелiк нұсқауларды көрсетедi.

Криминалистиканы оқып үйрену барысында техникалық-криминалистикалық құрал, криминалистикалық тәсiл, криминалистикалық нұсқаулар, тактикалық комбинация сияқты түсiнiктерге көңiл аударған дұрыс.

Техникалық-криминалистикалық құрал деп қылмысты әшкерлеу барысында дәлелдемелердi жинау, зерттеу, баға беру және қолданудағы қажеттi мiнез-құлықтар және осы әрекеттердi iске асыруға көмектесетiн құрал, аспап не материалды айтады. Тәсiлдер, техникалық-криминалистикалық және тактикалық-криминалистiк (тактикалық) болып бөлiнедi.

Криминалистикалық тәсiл деп қылмысты тергеу, ашу және алдын-алу барысында дәлелдемелердi жинау, зерттеу, баға беру және пайдаланудағы ең тиiмдi мiнез-құлықтар ағымын айтады.

Криминалистикалық нұсқау ол, дәлелдемелердi жинау, зерттеу, баға беру және пайдалану әрекетiне қажет техникалық-криминалистiк құралдарды, криминалистикалық тәсiлдер мен әдiстемелердi дайындап қолдануға қатысты ғылыми негiзделген және тәжiрибе сынағынан өткен кеңес.

Тактикалық комбинация ол, тергеу үстiндегi тергеу ситуациясына байланысты қылмыстың мән-жайын анықтауға бағытталған тактикалық тәсiлдердiң немесе тергеулiк әрекеттердiң ұштасуы.

Тергеу ситуациясы деп тергеудiң белгiлi бiр кезеңiнде айғақты мәлiметтердiң, дәлелдемелердiң көлемiне және ерекшелiгiне, iстiң мән-жайын анықтау мүмкiндiгiне байланысты қалыптасатын жағдайды айтады.

Криминалистиканың жалпы теориясы элементтерiнiң бiрiне, әдiстер туралы iлiм жатады. Әдiстi кең мағынада - шыңдыққа жетi тәсiлi ретiнде түсiнуге болады; құбылыстар мен фактiлердi тану, зерттеу және талдау тәсiлi, қандай да бiр мақсатқа жету тәсiлi, мiндеттердi шешу; танымдық жол.

Криминалистика пайдаланатын әдiстер жүйесi үш тiркестен тұрады. Бiрiншiсiне, мазмұны бойынша материалистiк диалектика заңдары мен санаттарын құрастыратын, танымның жалпылама әдiсi жатады. Диалектикалық материализмнiң барлық қағидалары криминалистикада өзiнше байқалып отырады. Мәселен, материяның кескiнделу мүмкiндiгiнiң, құбылыстардың өзара байланысының, материяның бiртұтас қозғалысының, материалдық дүниедегi объектiлердiң даралығының және т. б. ерекше мағынасы бар. Танымның жалпылама әдiстерiне, екiншi тiркестi құрастыратын қылмысты тергеу, ашу және алдын-алу шеңберiндегi тәжiрибелiк қызмет пен криминалистика ғылымының жалпы (жалпы ғылыми) әдiстерi негiзделген. Әдiстердiң үшiншi тiркесiне, арнайы әдiстердi жатқызуға болады.

Жалпы (жалпы ғылыми) әдiс деп нақтылы құбылыстар, объектiлер және фактiлердi зерттеуде қолданылатын тәсiлдер, ережелер, нұсқаулар жүйесiн айтады. Жалпы әдiстер барлық ғылымдарда қолданыла отырып, олардың әрқайсысында өзiне тәндiлiгiн көрсетедi. Жалпы әдiстер қатарына бақылау, өлшеу, суреттеу, салыстыру, эксперимент, моделирование және математикалық әдiстер жатады.

Арнайы әдiстер жалпы әдiстерге қарағанда, бiр немесе бiрнеше ғылымдарда қолданылады. Олардың екi түрi болады: 1) өзiндiк криминалистикалық (техникалық-криминалистiк және құрылымы бойынша криминалистикалық) ; 2) криминалистикамен басқа ғылымдардан алынған әдiстер (физикалық, химиялық, социологиялық, статистикалық, кибернетикалық, антропологиялық және т. б. ) .

Жоғарыда аталып өткен әдiстерге баға беру критерияларына - ғылымдылық, тиiмдiлiк, берiктiлiк, қауiпсiздiк, қажеттiлiк және т. б.

2-дәріс. Криминалистикалық идентификация теориясы.

Қылмысты әшкерлеу барысында көптеген мәселелер теңдiктi анықтау жолымен шешiледi: мысалы, мәйiттегi оқ, күдiктiден алынған қарудан атылған ба; оқиға болған жердегi iздер зерттеудегi көлiкпен қалдырылған ба; зерттеудегi құжаттағы жазулар нақтылы тұлғамен қойылған ба және т. б.

Тыңдаушылар криминалистика бағамын оқып-үйрену барысында “криминалистикалық идентификация”, “белгiлiбiр топқа жататындығын”, “криминалистикалық диагностика” түсiнiктерiнiң мазмұнын тыңғылықты түрде ұғынып алғандары дұрыс.

Криминалистикалық идентификация - объектiнi оның кескiнiмен салыстыру арқылы теңдiгiн анықтау. Объектiнiң тепе-теңдiгi деп оның даралығын, қайталанбайтындылығын, өзi сияқты объектiлерден өзгешелiгiн айтады. Тең немесе тең еместiгiн дәлелдеу ретiне бағытталған түсiнiктер мен ережелер жүйесi, осы криминалистикалық идентификация теориясының мазмұнын құрастырады. Идентификация үшiн объектiнiң барлық белгiлерi емес, тек жалпы және нақты идентификациялық белгiлер ғана пайдаланылады. Идентификация мiндеттерiне сай, идентификациялық белгiлер елеулi, көзге ұрарлық (бiрнеше рет кескiнделетiндей мүмкiншiлiгiмен) және шамамен тұрақты болу керек. Идентификациялық белгiлер объектiнiң сыртқы құрылымын (нысаны, өлшемi, беткейлердiң қыртысы және т. б. ), iшкi қасиеттерiн (химиялық құрамын, тығыздығын, қаттылығын және т. б. ) сипаттай алады немесе объектi қасиеттерiнiң өзгертiлген кескiндерiмен байқалады (мысалы, қол жазу белгiлерi) .

Идентификация процесiне тiкелей не жанама қатысушы барлық объектiлердi екiге бөлуге болады: идентификациялауға жататындар және идентификациялауға көмектесетiндер. Идентификацияға жататын объект ол, идентификациялау мiндетiн құрастыратын, әрбiр нақты жағдайда теңдiгi анықталатын, объект. Идентификациялауға көмектесетiн объект ол, әрбiр нақты жағдайда идентификациялау мiндетiн шешуге көмек көрсететiн объект (яғни, идентификацияға жататын объект немесе оның бөлiгiнiң кескiнi) .

Идентификациялауға жататын объектiлер қатарына адам, жануар, зат, бөлме, аула және заттардың жиынтығы жатады, ал идентификациялауға көмектесетiн объектiлер, ол идентификациялауға жататындарға тән, сыртқы белгiлердiң нақты жиынтығы шоғырланған кескiндер.

Сипаты бойынша идентификациялауға көмектесетiн объектiлердi екi топқа жатқызуға болады: 1) шығу тегi белгiсiз объектiлер (мысалы, оқиға болған жерден табылған, қол саусақтарының iздерi) . Өздерiнiң процессуалдық табиғаты бойынша мұндай объектiлер, көбiне заттық дәлелдемелер ретiнде жүредi; 2) шығу тегi белгiлi объектiлер, не басқаша айтқанда сараптамалық зерттеулерге арналған үлгiлер, яғни теңдiгiн анықтау мақсатында, сараптамалық зерттеу үшiн ҚР ҚIЖК-i 256-264-баптарының талаптарына сай, тергеушi немее сарапшымен арнайы алынған объектiлер.

Тепе-теңдiк туралы сұрақ, әрекеттесу кезiнде басқа объект үстiнде кескiнделген, идентификациялауға жататын объектiнiң жалпы және нақты идентификациялық белгiлерiнiң даралық жиынтығы бойынша шешiледi.

Идентификациялық зерттеу жалпы әдiстемесi бiрнеше кезеңдерден құрастырылады: 1) объектiлердi қарау, мiндеттiұғыну; 2) нақты зерттеу, эксперимент; 3) салыстырмалы зерттеу; 4) белгiлерге баға беру және қорытынды құрастыру.

Сот-тергеулiк және жедел iздестiру тәжiрибесiнде идентификацияның төрт түрiн ажыратуға болады:

1. Материалдық түрде бекiтiлген кескiндер белгiлерi бойынша идентификациялау (мысалы, адамды саусақ iздерiбойынша) ;

2. Шығу тегi бiр белгiлер немесе тұтас объектiнi оның бөлiктерi бойынша идентификациялау (мысалы, жол оқиғасы болған жерден және осы оқиғаны жасады-ау деген көлiктен алынған сынықтар бойынша тұтас фараны анықтау) ;

3. Адам ойында кескiнделген белгiлер бойынша идентификациялау (мысалы, ҚР ҚIЖК-i 228, 229-баптармен рәсiмделген, тану үшiн ұсыну) ;

4. Суреттелген белгiлер бойынша идентификациялау (мысалы, бекiтiлген екi суреттемеде: жоғалған және табылған атыс қаруына құрастырылған картотекаларда) .

Кейбiр жағдайларда, идентификация мiндетiн шешу мүмкiндiгi болмағанда (идентификациялауға жататын объект мүлдем жоқ немесе елеулi өзгерiске ұшырады; iздерде, теңдiктi анықтауға қажет нақты белгiлер жиынтығы кескiнделмеген; идентификациялауға жататын объектiнiң кеңiстiкте бекiтiле алатындай құрылымы жоқ - сұйықтар, газдар және т. б. ), белгiлi бiр топқа жатқызу әрекетiне жүгiнедi. Ол дегенiмiз, ұсынылған объектiнiң нақтылы объектiлер түрiмен ұқсастығы, объектiнiң нақтылы топқа, түрге, классқа жатуы (оқиға болған жерден табылған гильза “ПМ” тапаншасынан атылған, бөтен мүлiктi ұрлау барысында “фомка” тәрiздес құрал қолданылған және т. б. ) .

Криминалистикалық диагностика дегенiмiз жағдайды, оқиғаны, құбылысты, процесстi тану және анықтау. Криминалистикалық диагностика мақсатына жататындар: 1) объектiнiң табиғатын, қасиетiн және жағдайын анықтау (мысалы, зерттеудегi объект атыс қаруы ма, оның атыс жүргiзу және нысананы зақымдау мүмкiндiгi барма) ; 2) қимыл жағдайларын анықтау (мысалы, жол-көлiктiк оқиғаны тергеу барысында, транспорт құралының бағытын, қақтығысу жерiн, қандай бөлшектерiмен қақтығысты, қалай қозғалды, тежелу мәселесi болдыма, сырғу, аударылу және т. б. анықтау) ; 3) фактiлер арасындағы себептiк байланысты анықтау (мысалы, нақты әрекеттердiң жасалуы не нақтылы жағдайларда iздердiң пайда болуы мүмкiнбе) . Мұндай зерттеулер нәтижесi бойынша, жауап берiп отырған тұлғаның қандай да бiр қимылдарды жасағандығы туралы мәлiметтердiң шындыққа жататындығы тексерiледi.

3-дәріс. Криминалистикалық техника.

Криминалистикалық техниканың жалпы қағидалары.

“Криминалистикалық техника” терминi ғылыми әдебиеттер және тәжiрибеде екi түрлi мағынада қолданылады: 1) криминалистика ғылымының бiр бөлiмi ретiнде; 2) қылмысты тергеу кезiнде қолданылатын, арнайы техникалық құралдар, тәсiлдер және әдiстер ретiнде.

Криминалистика ғылымының бiр бөлiгi ретiнде, криминалистикалық техника құрылымды түрде бiрнеше салалардан тұрады (нақты теориялар, iлiмдер) : криминалистикалық фотография, кино-, бейне жазу; iздер туралы криминалистикалықiлiм (соттық iз тану) ; қару және одан қалған iздердiң криминалистикалық зерттеуi (криминалистикалық қару тану) ; құжаттарды криминалистикалық тұрғыдан зерттеу (жазудың криминалистикалық зерттеуi және құжаттардың техникалық-криминалистiк зерттеуi) ; адам сырт келбетi белгiлерi туралы криминалистикалық iлiм (габитоскопия) ; криминалистикалық тiркеулер.

Қылмысты тергеуде қолданылатын арнайы техникалық құралдар арсеналы ретiнде, криминалистикалық техниканы шартты түрде екi топқа бөлуге болады: 1) дәлелдемелердi жинауда қолданылатын техникалық құралдар, яғни оқиға болған жердегi iздердi тауып, олардың белгiлерi мен қасиеттерiн айқындау үшiн пайдаланатындар (оқулықта, “дала криминалистикасы” деп аталады) және 2) заттық дәлелдемелердi криминалистикалық сараптамалық зерттеуден өткiзу кезiнде қолданылатын, техникалық құралдар (күрделi, көбiнесе лабораториялық жағдайларда қолданылатындар) .

Қылмысты тергеп әшкерлеуде техникалық-криминалистiк құралдарды қолдану ережелерi, ретi және мүмкiндiктерi, Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiмен рәсiмделген. ҚР ҚIЖК-i 129-бабының 1-тармағы бойынша, қылмыстық процесс жүргiзушi тұлғалардың дәлелдемелердi жинау, зерттеу және оларға баға беру мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану құқығы бар. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану, ҚР ҚIЖК-i 129-бабының 3-тармағы бойынша төмендегiдей жағдайларда мүмкiн болады: 1) заңмен тiкелей рәсiмделсе немесе оның қағидаларына қайшы келмесе; 2) ғылыми тұрғыдан орнықты болса; 3) қылмыстық iс бойынша тиiмдiлiктi қамтамасыз етсе; 4) қауiпсiздiк шаралары орындалса.

Қылмыстық процесс жүргiзушi органмен ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану, тиiстi процессуалдық әрекеттер хаттамасында бекiтiледi. ҚР ҚIЖК-i 129-бабының 4-тармағы бойынша, аталмыш құжатта: 1) ғылыми-техникалық құралдар туралы мәлiметтер; 2) оларды пайдалану жағдайлары мен ретi; 3) осы құралдар қолданылған объектiлер; 4) оларды пайдалану нәтижелерi көрсетiледi.

Криминалистикалық фотография, бейне жазу.

Фотоға түсiрудiң арнайы тәсiлдерiн оқып үйренбес бұрын, жалпы фотография негiздерiмен танысқан жөн. Оларға: фотографиялық аппарат құрлысы, фотографиялық материалдар (пластиналар, пленкалар, қағаздар, химиялық реактивтер), олардың түрлерi, қасиеттерi, фотоға түсiрудiң жалпы техникасы, жарық сәулесi әсер еткен пленка мен пластиналарды лабороториялық өндеуден өткiзу әдiстемесi жатады. Жалпы фотографияны бiлмей, сот фотографиясын оқып үйрену мүмкiн емес.

Криминалистика оқулығында жалпы фотография туралы мәлiмет жоқ. Ондай мәлiметтермен, бастауыш фотографиямен әуестенушiлерге арналған әдебиеттерден танысуға болады. Осындай мақсатта, төмендегiдей оқулықтарды ұсынуға болады: Справочник фотолюбителя. - М. : Искусство, 1989; Бунимовия Д. З. Практическая фотография. - М. : Искусство, 1960; Фомин А. В. Общий курс фотографии. - М., Легкая индустрия, 1975 және басқа да жаңадан жарық көрген басылымдар.

Аталмыш тақырып төңiрегiнде теориялық бiлiктiлiкпен қатар, фотография бойынша тәжiрибелiк шеберлiктi де арттыру қажет.

Тыңдаушылар, суретке түсiру әрекетiн, негативтiк және позитивтiк процестердi дұрыстап бiлгендерi жөн, себебiмұндай мәселелер туралы мағұлматтар болмаса, тәжiрибелiк сабақтарда сот фотографиясымен айналысу қиынға соғады.

Сот фотографиясын оқып-үйрене отырып, тыңдаушы тергеу әрекеттерiн (алдымен, оқиға болған жердi қарау кезiнде) жүргiзу барысында қолданылатын фотоға түсiру тәсiлдерiн меңгерiп алуға мiндеттi.

Тақырыптың екiншi бөлiгi сот-зерттеулiк фотографияға арналған. Бұл жерде әртүрлi сараптамалар жүргiзу кезiндегiсот-зерттеулiк фотография мағынасын ұғыну керек. Бiрiншiден ол, заттық дәлелдемелердi зерттеу әдiсi ретiнде, ал екiншiден болса, сараптамалық зерттеу барысында анықталған белгiлердi көрсету тәсiлi ретiнде.

Ерекше көңiл, микрофотография, сондай-ақ ультракүлгiн және инфрақызыл сәулелерде фотоға түсiру мәселелерiне аударылған дұрыс.

Кейiнгi жылдары криминалистика практикасына сандық фотография әдiсi ене бастады. Бұл әдiстiң ерекшелiгi - бұрыңғы негатив және позитив фотоматериалдарын өндеуге қарағанда арнайы электронды табақшамен (матрица) сурет шағаруда. Осыған дейiн қолданып келген фотоаппараттың объективi кескiндi жарыққа сезiмтал галогенкүмiстiк фотоматериал қабатына тiркейдi. Сандық фотокамерада кескiндер объектив арқылы “жарық-сигнал” деген түрлендiргiш, яғни зарядтық байланысы бар жарыққа сезiмтал аспап (ССD - chardqe coupled device) көмегiмен тiркеледi. Мұндай электрондық техника өнiмi оптикалық кескiндi электр белгiсiне (сигналына) түрлендiредi. Iс жүзiнде, зарядтық байланысы бар аспап өзiне фокусталу арқылы келiп түскен объектiнiң оптикалық кескiнiн электр бейнесигналына (видеосигнал) айналдырады. Осылайша, сандық фотокамера iшiнде түсiру объектiсiнiң кескiнi санды бейнесигналға түрленiп, магнит табақшасына жазылады және сандық фотокамера ойында сақталады. Электрондық бейнеленген суреттер сапасын компьютер көмегiмен әрлеп, жақсартуға болады. Ал көшiрмелерi арнайы компакт табақшаға немесе қарапайым қағазға басылады. Қылмыстарды тергеуде қолданылатын жаңа техникалық құралдар өзiнiң тиiмдiлiгi жағынан қолданыстағыдан кем болмау керек. Фотографиялық тәсiлмен бекiтiп алуда сурет сапасы ерекше орын алады. Сурет сапасын анықтайтын ажырату мүмкiндiгiн зарядтық байланысы бар аспап едәуiр көтере алады. Аталмыш құрылғыны құрайтын элементтер неғұрлым көп болса, соғұрлым сурет сапасы жоғары және фотоға түсiрiлетiн объектiнiң барлық тетiктерiн бекiтiп алу мүмкiндiгi туындайды.

Сандық фотография әдiсi криминалистикалық сараптама объектiлерiн бекiтуге де, зерттеуге де жарамды, тергеулiк қарау кезiнде қолданылады және электронды-санау мәшiнке көмегiмен фотокесте алуда пайдаланылады.

Қылмысты тергеу практикасына фотографиямен бiрге бейнетаспаға түсiру сияқты қосымша бекiту тәсiлi қолданылады. Криминалистикалық бейнежазба - киноматография және бейне түсіру мен жазу құралдарына, әдіс-тәсілдерінің негізіндегі және ғылыми ережелер жүйесi негiзiнде жасалған тергеу әрекеттері мен нәтижелерiн бекiтетiн криминалистикалық техниканың бір саласы. Бұл саланы тиiмдi пайдалану үшiн (ҚР ҚIЖК-нiң 84-шi бабына сай) алдымен бейнежазбаға түсiрілетін объектiлер анықталып, жоспар құрылып, бiлiктi маман шақырылады. Бейнежазбаны жағдайы қиын, елеулі оқиға болған жерлерде (мысалы, көлiк апаттары) қолданған тиiмдiрек болады.

Криминалистикалық трасология.

Трасология деп, қылмыс механизмiн көрсететiн әр түрлi iздердiң пайда болу заңдылықтарын оқып үйренетiн және қылмысты әшкерлеу мақсатында iздердi жинап, зерттеудегi әдiс-құралдарды жетiлдiретiн криминалистикалық техниканың саласын айтамыз.

Аталмыш тақырыпты оқып-үйрене отырып, iздердiң криминалистикалық мағынасын, олардың пайда болу механизiмiн, табу, бекiту және алу тәсiлдерiн, әртүрлi трасологиялық сараптамалар мүмкiндiктерiн, сондай-ақ осындай сараптамаларға материалдарды дайындауға байланысты сұрақтарды ұғыну қажет.

Трасологиялық сараптама, оқиға болған жерден табылған iздердiң топтық қатыстылығын анықтау мақсатында; қалдырылған iздерi бойынша адамды теңдестiру; қылмыс құралдар теңдiгiн анықтау; бұрын бiртұтас болған затты бөлшектерi бойынша айқындау және т. б. мәселелердi шешу үшiн жүргiзiледi.

Оқиға болған жердi қарау кезiнде iздердi тауып бекiтумен қатар, олардың пайда болу механизiмiнде анықтау шеберлiгi болу керек. Қазiргi кезде iздердi бекiтiп алуда полимерлер қолданылады. Полимерлер көмегiмен қиын жерлерде орналасқан iздерден көшiрмелер алуға болады (көпқырлы беткейлерден саусақ iздерiнен, бұрғылау iздерiнен және т. б. ) . Осындай мақсатта төмендегiдей полимерлердi пайдалануға болады: “К” синтетикалық пастасы, “СКТН”, тиокол “Т” және басқалар. Аталмыш материалдар көмегiмен iздiң микроскопиялық қыртыстары үлкен дәлдiкпен көшiрiп алынады.

Тақырыптың заты ретiнде iздердiң үш тобын қарастыруға болады: 1. кескiнделу iздерi, оның iшiнде: а) адам iздерi (антропоскопия) ; б) құрал-саймандар, өңдiрiс механизмдерiнiң iздерi (механоскопия) ; в) транспорт құралдарының iздерi (транспорттық трасология) ; 2. заттар, iздер ретiнде (құлыптар, пломбалар, заттардың бөлшектерi) ; 3. нәрселер, iздер ретiнде (жанар-жағармай, автомобиль бояуының қалдықтары, топырақ, шаң-тозаң ұшқындары және т. б. ) .

Iздер бойынша объектiнi және осы iздердiң пайда болу механизiмiн анықтаудың криминалистикалық мағынасы елеулi болып отыр. Мұндай мiндеттердi шешу арқылы қылмыс қаруын анықтауға, оның субъектiсi туралы мағұлматтарды (оның физикалық белгiлерi, кәсiби дағдалары және киiмi туралы) алуға болады. Сонымен қатар, қылмыстың жасалу тәсiлi, қылмыстық қастаңдылық заты туралы мәлiметтердi, нақтылы тұлғаның қылмыстық қимылдары мен табылған iздер арасындағы себептiк байланысын және қылмысқа итермелеушi жағдайларды анықтауға болады.

Криминалистикалық қару тану.

Аталмыш тақырыпты оқып-үйрену заты ретiнде, атыс қаруымен қатар, суық қару, жарылғыш заттар және оларды қолданудан қалған iздер де жүредi.

Криминалистикалық баллистика деп әр түрлi атыс қаруын, оқ-дәрi, жарылғыш заттар және олардан қалған iздердi оқып үйренетiн және қылмысты тергеп ашу мақсатында осы объектiлердi табу, жинау, бекiту және зерттеудегi әдiс-құралдарды жетiлдiретiн криминалистикалық техниканың саласын айтамыз.

Сот-баллистикалық зерттеу объектiлерi:

1. Қол атыс қаруы, осы тәрiздес құрылғылар, оның бөлшектерi мен жабдықтары.

2. Оқ-дәрiлер, яғни патрондар және оның бөлшектерi.

3. Атыс қаруын қолданудан қалған iздер орналасқан бөгеттер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дактилоскопия
Бесінші оқиға
Атыс қаруы
Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негіздері
Қазақстан Республикасындағы сот-медициналық сараптаманың жүйелі құрылуы
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Қылмыскердің жеке тұлғасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz