Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдары



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
• Ұйымның міндеті мен мақсаты
• Ұйымның негізгі қағидаттары
• Мүше мемлекеттер
• ШЫҰ және Қазақстан
Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей мен Тәжікстан басшылары Шекара аймағындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісім (Шанхай қаласы, 1996 ж.) мен Шекара аймағындағы әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімге (Мәскеу қаласы, 1997 ж.) қол қойғаннан кейін құрылған «Шанхай бестігі» тетігінің негізінде 2001 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) құрылды.
2002 жылғы 7 шілдеде қабылданған ШЫҰ Хартиясына сәйкес Ұйымның негізгі мақсаттары: өзара сенім, достық пен тату көршілікті нығайту; саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, энергетикалық, көлік, экологиялық және басқа салалардағы ынтымақтастықты қолдау.
Қазіргі кездегі ШЫҰ мүшелері: Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан. ШЫҰ жанындағы бақылаушы статусына ие елдер: Монғолия (2004 жылдан бастап), Үндістан, Иран және Пәкістан (2005 жылдан бастап). 2009 жылы маусымда Екатеринбургте өткен саммиттте қабылданған шешім бойынша Белоруссия мен Шри-Ланка сұхбат бойынша әріптес мәртебесіне ие болды.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
• Ұйымның міндеті мен мақсаты
• Ұйымның негізгі қағидаттары
• Мүше мемлекеттер
• ШЫҰ және Қазақстан

Кіріспе

Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей мен Тәжікстан басшылары Шекара
аймағындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісім (Шанхай
қаласы, 1996 ж.) мен Шекара аймағындағы әскери күштерді өзара қысқарту
туралы келісімге (Мәскеу қаласы, 1997 ж.) қол қойғаннан кейін құрылған
Шанхай бестігі тетігінің негізінде 2001 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы
(ШЫҰ) құрылды.
2002 жылғы 7 шілдеде қабылданған ШЫҰ Хартиясына сәйкес Ұйымның негізгі
мақсаттары: өзара сенім, достық пен тату көршілікті нығайту; саяси, сауда-
экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, энергетикалық, көлік,
экологиялық және басқа салалардағы ынтымақтастықты қолдау.
Қазіргі кездегі ШЫҰ мүшелері: Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей,
Тәжікстан мен Өзбекстан. ШЫҰ жанындағы бақылаушы статусына ие елдер:
Монғолия (2004 жылдан бастап), Үндістан, Иран және Пәкістан (2005 жылдан
бастап). 2009 жылы маусымда Екатеринбургте өткен саммиттте қабылданған
шешім бойынша Белоруссия мен Шри-Ланка сұхбат бойынша әріптес мәртебесіне
ие болды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы – қандай да бір елге қарсы бағытталған әскери
блок емес және жабық альянс та емес, ол кең халықаралық ынтымақтастыққа
бағытталған құрамы кеңейтілуі мүмкін ашық ұйым.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) — 1996 жылы Шанхай бестігі деп атаумен
құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан,
Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген.
2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шаңхай
Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) [The Shanghai Cooperation Organisation]
2001 ж. 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей,
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған
үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал
Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан
арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының
күшейтілуімен жүзеге асырылды. 1996 және 1997 жж. бес мемлекеттің басшылары
Шанхайда және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын
күшейту Келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын
күшейту Келісіміне қол қойды. Осыдан кейін бес мемлекеттің аумағында
кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты, кездесулер тақырыбы да кеңейе
бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік,
сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік
дәрежесіне көтерілді. 2000 ж. Өзбекстан президенті Душанбеде өткен саммитке
қатысты. бұл бес мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі Шанхайда
өткендіктен әріптестіктің бұл тетігі "Шанхай бестігі" деп аталды. 2001 ж.
маусымда "Шанхай бестігінің" бес жылдығына орай мүше-мемлекеттер басшылары
және Өзбекстан президенті Шанхайда кездесті. Осы кездесуде Өзбекстан
құрылымға енді. Ӏлешала Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі
Декларация жарияланды. бұл құжатта мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және
жаңа айбаттар мен қатерлерге қарсы түру, өзара әріптестік деңгейін және
дәрежесін көтеру үшін "Шанхай бестігінің" негізінде Шанхай ынтымақтастық
ұйымын құру жөнінде шешім қабылданғаны айтылған. ШЫҰ Хартиясына және Шанхай
ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияға сәйкес, ұйымның негізгі
мақсаттары мынадай:
• мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, тату көршілік
қарымқатынастарды нығайту;
• саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі,
көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын
дамыту;
• ортақ күш жүмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және
тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және үтымды саяси,
экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.

ШЫҰ келесідей негізгі қағидаттарды үстанады:

БҮҮ-ның мақсаттары мен принциптерін үстану; тәуелсіздікті,
егемендікті, аумақтық түтастықты сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне
араласпау, өзара күш қолданбау және қолданамын деп қоқанлоқы
кәрсетпеу; барлық мүшелердің тең құқықтығы; барлық мәселелерді өзара
кеңесу арқылы шешу; басқа мемлекеттерге немесе ұйымдарға қарсы
бағытталған одақтарға бірікпеу; басқа мемлекеттермен және аймақтық
ұйымдармен әртүрлі диалогқа, пікір алмасуға жүгіну, әріптестікке
ашықтық және даярлық.

ШЫ¥ қарулы күштерді қысқартуға, қауіпсіздікке әріптестік жолымен қол
жеткізуге, діңгегі одақтастық емес, әріптестік болып табылатын жаңа
сипаттағы мемлекетаралық қатынастарға, аймақтық әріптестіктің жаңа
үлгісіне негізделген қауіпсіздіктің жаңа түжырымдамасын толық
қолдайды.

Бүгінгі таңда ШЫ¥ шеңберіндегі әріптестік қоғамдық өмірдің әртүрлі
салаларын (қауіпсіздік, көлік, мәдениет, төтенше жағдайлардың алдын
алу, салдарын жою; құқық қорғау қызметі және т.б.) қамтиды.
Қауіпсіздік пен экономика саласындағы әріптестік басым бағыт ретінде
қаралады.

ШЫҰ-ның органдары

• Мемлекет Басшыларының Кеңесі
• Үкімет Басшыларының Кеңесі
• Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі
• Министрліктер жәненемесе ведомстволар басшыларының Кеңесі
• Ұлттық Үйлестірушілердің Кеңесі
• Хатшылық
• Өңірлік Терроризмге Қарсы Құрылым (ӨТҚҚ)
• ӨТҚҚ Кеңесі

ШЫҰ және Қазақстан

ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы
бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің
арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады.
Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы
және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның
қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен
түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей
мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың
жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны
болып табылады.
1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты
өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның
аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар
мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына
үлкен үлес қосып келеді. 2006 жылы Қазақстан Бейжіңдегі Хатшылықтың
жанындағы және Ташкенттегі Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы
комитетіндегі өзінің тұрақты өкілдігінің аппаратын алғашқы құрғандардың
бірі болды.
2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат
Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі), Аймақтық лаңкестікке қарсы Ташкенттегі
құрылымның Атқарушы комитетінің директоры болып Мырзақан Субанов
(Қырғызстан өкілі) тағайындалды. ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның
атынан 6 адам қызмет атқаруда.
2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия
энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-
экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды.
Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде
келісім жасасуды ұсынды.

Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты
модельдерінің бірі болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша,
 Қазақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті –
ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ.
Ұйымға мүше мемлекеттердің арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз
ету саласында өзара іс-қимылдың зор оң тәжірибесі жиналған, мүше
мемлекеттердің арнайы қызметтері мен құқықтық органдары лаңкестік және
экстремистік күштермен күресу үшін тиімді байланыстар орнатты.
2006 жылы Қазақстан Қытаймен бірлесіп, шекаралас аудандарда Тянь-Шань –
2006 лаңкестікке қарсы жаттығуларын, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің
қатысуымен Шығыс-Лаңкестікке қарсы жаттығуларын өткізді. 2007 жылы жазда
Ресейде Бейбітшілік миссиясы – 2007 ШЫҰ-ның кең ауқымды әскери
жаттығулары өтті.
ШЫҰ жылдан жылға ынтымақтастықтың жаңа салаларын қамтып келеді. 2006 жылы
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің парламенттері, жоғарғы соттары басшыларының,
білім министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Сыртқы экономикалық және сыртқы
сауда қызметіне, көлік пен мәдениетке жауап беретін бас прокурорлардың,
министрлердің кездесулері тұрақты ұйымдастырылып отырады. Отын-энергетика
кешені саласында өзара іс-қимыл нығаюда. 2007 жылы энергетика
министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жоғарыда аталған барлық фактілер
Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты өңірлік құрылымға бірте-бірте ауысып
келе жатқандығын айғақтайды.
2007 жылғы тамыздың 16-сында Бішкекте өткен саммитте мемлекеттер басшылары
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімге тату көршілігі, достығы және
ынтымақтастығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алты елдің көшбасшылары сондай-
ақ Бішкек декларациясына қол қойып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық
ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі Іс-қимылдар жоспарын бекітті.

Тарихи шолу

• 2001 жылғы Шанхай Саммитінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ынтымақтастық
Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық ұйымындағы ролі
Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі
Қылмыс пен күресудегі халықаралық ынтымақтастық
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Аймақтық қауіпсіздік мәселелері
Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты
Қазақстан - Ресей және ТМД мемлекеттерінің мәдени байланыстары
Азия баспасөзінде көбінесе
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны
Пәндер