«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен лекциялар


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Виртуалдық лекция бойынша пәнің «Қылмыстық іс жүргізу құқығы» мәліметтері

Виртуалдық лекциялық сабақтардың кестесі

Тақырыптар
Сағат саны
№: 1
Тақырыптар: 1-ші дәріс. Қылмыстық іс қозғау сатыс
Сағат саны: 2
№: 2
Тақырыптар: 2-ші дәріс. Қылмыстық іс қозғаудың заңдық негіздері
Сағат саны: 2
№: 3
Тақырыптар: 3-ші дәріс. Алдын ала тергеу сатысы
Сағат саны: 2
№: 4
Тақырыптар: 4-ші дәріс. Алдын ала тергеу сатысындағы тергеу әрекеттері
Сағат саны: 2
№: 5
Тақырыптар: 5-ші дәріс. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту.
Сағат саны: 2
№:
Тақырыптар: Барлығы
Сағат саны: 10

1-ші дәріс. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ САТЫСЫ

1. Қылмыстық іс қозғау сатысының ұғымы. Маңызы және міндеттері.

2. Қылмыстық іс қозғау сұрағын шешетін құзыретті органдар мен лауазымды адамдар.

3. Анықтау және алдын ала тергеу органдарының қылмыс туралы түскен арыздар мен хабарлар бойынша атқаратын қызметтері. Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды тіркеу мен есепке алу тәртібі.

4. Қылмыстық іс қозғаудың негіздері, себептері және процессуалдық тәртібі. Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды алдын ала тексеру тәртібі, тәсілі және мерзімі. Жеке және жеке-жариялы түрде ізге түсу мен айыптау істері бойынша қылмыстық жауапқа тарту ерекшелігі.

5. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту: негіздері және тәртібі. Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар.

6. Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды соттылығына немесе тергелуіне қарай беру.

7. Қылмыстық іс қозғау сатысындағы процессуалдық бақылау, прокурорлық қадағалау және сот тексеру.

Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық іс қозғаудың мәнін айқындайтын арнаулы нормалар болмағанымен, осы сатыны жүзеге асыру рәсіміне "Қылмыстық іс қозғау" деп аталатын дербес 23-тарауарналған, ал ол "Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" деп аталатын 6-бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады.

Бұл жағдайдың мынадай тұрғыдан ерекше маңызы бар:

- қылмыстық іс жүргізу кодексінің ( ҚІЖК), басқаша айтқанда, аспаптық немесе операциялық бөлімі деп аталатын Ерекше бөлімі сотқа дейінгі іс жүргізуді реттеуден басталады, яғни заң шығарушыларлар қылмыстық іс қозғау сатысының маңызын ресми қылмыстық іс жүргізу қызметі басталатын акт ретінде анықтаған;

- қылмыстық іс қозғауды сотқа дейінгі іс жүргізуге жатқызу осы құқық қатынастары субъектілерінің сапалық құрамына бағдарланады, ал мұндай құқық қатынастары талданатын сатыдағы қылмыстық процеске тартылатын тиісті тұлғалар мәртебесінің жиынтығынан туындайтын құқық қатынастарының сипатын айқындауға мүмкіндік береді;

- қылмыстық іс қозғау рәсімінің өзін реттейтін жарлықтарды талдау арқылы ғана, сондай-ақ белгілі дәрежеде осы сатыға қатысы бар басқа да нормалардың мәні арқылы қылмыстық іс қозғау сатысының мәні мен мазмұнын, оның құқықтық табиғатын түсінуге болады.

Қылмыстық іс қозғаудың зандық анықтамасының болмауы құқық нормаларын түсінуге, оларға түсінік беруге және оларды қолдануға қойылатын біркелкі талаптарды сақтауды қиындатады. Оның үстіне, ҚІЖК-нің осы бөлігінде көзделген рәсімдерді дәлме-дәл сақтаған жағдайда соңғы талапты толық орындауға болады.

ҚІЖК-нің 7-бабының 27-тармағына сәйкес "іс бойынша іс жүргізу" - қылмыстық іс қозгау, сотқа дейінгі дайындық, сотта істі қарау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы болып табылады. Одан әрі, осы баптың 28-тармағында "қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" - бұл қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жургізу деп айтылған. Келтірілген қағидалар бұрынырақ айтылған мынадай ойларды растай түседі:

-қылмыстық іс қозғау және сотқа дейінгі дайындық әрекеттері өзара алғанда тұтас әрі оның бір бөлігі ретінде түсініледі;

-қылмыстық іс қозғау секілді бастапқы іс-әрекетсіз сотқа дейінгі дайындықтың болуы мүмкін емес;

-қылмыстық іс қозғау сатысының болмауы қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының жоқтығын көрсетеді.

Сонымен, қылмыстық іс қозғау дегеніміз - бұл қылмыстық процестің ең бірінші және міндетті сатысы болып есептеледі, онда қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жасаған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде хабар алған соң қылмыстық іс қозғау жөнінде шешім қабылдауға қажетті алғышартгың бар-жоғын анықтайды.

Қылмыстық іс қозғау фактісі қылмыстық ізге түсумен бірдей емес. Қылмыстық ізге түсудің адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту кезінен басталатыны, яғни іс жүргізу шешімдерінің уақыты мен көп сатылылығы жөнінен қылмыстық іс қозғаудан артта қалатыны белгілі. Қылмыстық ізге түсу әрекетінің қылмыстық іс қозғаумен байланысты болатыны соншама, қылмыстық іс қозғамайынша, қылмыстық ізге түсудің болуы мүмкін емес. Қылмыстық іс қозғаудың қылмыстық ізге түсуден басты айырмашылығы - қылмыстық ізге түсу қашан да қылмыс жасауға қатыстылығы уәкілетті органдардың сотқа дейінгі жұмысы барысындадәлелденген нақты адамға қарсы бағытталған және бұл адам corpus delicti шегінде, яғни материалдық-құқықтық мағынада құқық субъектінің барлық белгілерін иеленеді, олай болмаған жағдайда қылмыстық тәртіппен ешкімнің ізіне түсуге болмас еді. Қылмыс жасады деп сезіктенген адам туралы ешқандай мәлімет болмаған жағдайларда шешім қабылданатын кездердегі қылмыстық іс қозғау сатысы -бұл басқа мәселе. Оған қоса, уәкілетті адамдардың қылмыстық іс қозғағаннан кейін жасайтын әрекеттерінің нәтижелері істелген әрекетте қылмыстық сипаттағы белгілердің немесе осындай жағдайда айтылып жүрген қылмыс құрамының жоқтығы туралы қорытынды жасауға негіз болуы мүмкін. Қылмыстық әрекет жасаған адам туралы мәліметтер болмайтын, бірақ мұндай әрекеттің қылмыстық сипаты болуы мүмкіндігін көрсететін белгілер кездесетін жағдайларда қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау тәжірибеде "факті бойынша қылмыстық іс қозғау" деп аталады (бұл шартты атау, ресми терминологияға жатпайды) . Егер қылмыс жасаған деп сезіктенетін адам қылмыстық іс қозғау сатысында анықталатын болса, онда бұл адамға қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданады.

Қылмыстық іс қозғауға уәкілеттігі бар лауазым иелері осындай шешім қабылданған кезден бастап ҚІЖК бойынша қылмыс жасау жағдайларын, оны жасаған адамды, айыптының қылмыстық ізіне түсудің негіздерін анықтау секілді мақсаттарға жету үшін көзделген кез келген іс жүргізу әрекеттерін қолдануға құқылы.

Қылмыстық іс қозғау бұл қылмыстық процестің дербес сатысы. Бұл дегеніміз, осы кезеңде пайда болған құқық қатынастары оларды өзге іс жүргізу сатылары мен кезеңдерінен оқшаулайтын өзіңдік белгілергеие болатынын білдіреді, өйткені олар, біріншіден, осы сатының мақсаттарын жүзеге асыратын іс жүргізу құралдарының мақсаттары мен міндеттері жөнінен, екіншіден, олардың сипаты мен құрылымы жөнінен ерекше белгілерге ие болады.

Сонымен, қылмыстық іс қозғау сатысының маңыздылығы мынада:

- уәкілетті орган (лауазым иесі) қылмыстық іс жүргізу мүддесін туғызатын қылмыстық әрекетті оған қылмыстық жаза белгілеу қажеттігін көрсететін белгілер тұрғысынан бағалайды;

-қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау қылмысты тез ашу, қылмыстың жасалу жағдайларын толық әрі әділ тергеу, қылмыс жасаған адамның кінәлылығын дәлелдеу үшін іс жүргізу жағдайларын туғызуға бағытталған;

-ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау туралы ресімделген шешім сотқа дейінгі қызметтің барысында туатын барлық өзге құқық қатынастарын жүзеге асыру үшін бастапқы іс жүргізу құқықтық қадам болып табылады; - уәкілетті органның қылмыстық іс қозғау жөніндегідұрыс ресімделген іс жүргізу шешімі сотқа дейінгі қызметті бастау заңдылығының өзіндік кепілдігі болып саналады.

Қылмыстық іс қозғау сатыларының мақсаттары мыналар:

-қылмысты тергеу ісін дер кезінде бастауды қамтамасыз ету;

-осы қылмысты тергеуге тиісті органды анықтау;

-екінші мақсатпен өзара байланысты - осы сатыда сотқа дейінгі қызметке қатысатын уәкілетті органдар мен лауазым иелерін, сондай-ақ олардың уәкілеттігі ауқымын анықтау.

Заң қылмысты болдырмауға немесе оның жолын кесуге, сондай-ақ қылмыстың іздерін сақтауға бағытталған шараларды қолдану үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың міндетгі түрде жауап қайтаруын көздейді.

Қылмыстық іс қозғау сатысының міндеттері ҚІЖК-нің 8-бабында көзделгеніндей, жасалған қылмысқа дер кезінде назар аударуға, оны тез әрі толық ашуға, кінәлы адамды анықтауға, одан кейін сотта істі әділ қарауға бағытталған қылмыстық процестің жалпы міндеттерінен келіп шығады.

Бұл сатының міндеттерін дұрыс шешу бұдан былайғы алдын ала тергеуді ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қылмыстық істі дер кезінде қозғамау дәлелдемелерді жоғалтуға, қылмысты жасыруға әкеп соқтырады, осының нәтижесінде қылмыстық іс бойынша - қылмыстық процестің негізгі мақсаты бойынша ақиқатгы анықтау мүмкін болмай қалады.

Сонымен қатар, А. П. Рыжаковтың анықтағанындай, қарастырылатын сатының екі бірдей міндеті бар. Біріншіден, әрбір жасалған қылмыс фактісіне жауап беру керек, яғни қылмыс құрамының объективтік жақтарының белгілері бар кез келген арызды (хабарламаны) дереу тіркеуге алу қажет. Екіншіден, қылмыстық процестің кейінгі кезеңдерін шектеу, атап айтқанда, алдын ала тергеу сатыларын: а) іс жүзінде болмаған; ә) ешқандай қылмысқа жатпайтын, яғни қылмыс құрамының объективтік жақтарының ең болмағанда міндетті бір белгісі жоқ, оның ішінде маңызы шамалы (әкімшілік, тәртіптік және басқа теріс қылықтар) бірде-бір белгісі жоқ фактілерді қарастырудан сақтандыру керек. Бұл анықтаманы даусыз деуге болмайды.

Қылмыстық іс қозғау үшін жеткілікті мағлұматтарды анықтауда қылмысқа кінәлы адам туралы мәліметтердің болуын немесе оны әшкерелеудің нақты мүмкіндіктерін көздейтін немесе осы іс бойынша айыптау үкімі шығады деуге негіз болатын сот болашағы деп аталатын жағдайды басшылыққа алуға болмайды. Мұндай қағида заңға негізделмеген. Ол іс қозғаудан заңсыз бас тартуға, қылмыс туралы бастапқы материалдарды тексеру шегін кеңейтуге әкеп соқтыруы мүмкін.

Бұл позиция Д. Терентьевтің пікірімен сәйкес келеді, ол қылмыстық іс қозғау сатысының маңызы мен міндеттерін бағалай келе, былай деп жазған:”Жасалған қылмысқа көз жетушілік дәрежесіне келетін болсақ, онда қылмыстық іс қозғауда әдебиеттерде көрсетілетініндей, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы нанымды қорытындыны басшылыққа алу міндетті емес”.

Бұл мәселенің мәнін барынша терең түсіндірген М. С. Строгович былай деп жазады: ”Қылмыстық іс қозғау үшін жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде дәлелді жорамалдың болуы жеткілікті. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу қылмыс жасалды деген белгілі бір ықтималдық дәрежесінен басталады”.

Жоғарыда баяндалған қағидалар қылмыстық іс қозғаудың осы сатысының қатысушылары болып табылатын адамдардың арасында іс жүргізу сатысында заңмен белгіленген міндеттерді қылмыстық сот ісін жүргізудің пайда болуы мен дамуына ұштасатын белгілі бір іс жүргізу әрекеттерін жасау арқылы шешуге болады деп анықтауға негіз болады.

Қылмыстық іс қозғау құқығы бар органдар мен тұлғалар жөніндегі мәселе айтарлықтай маңызды мәселе болып табылады. ҚР ҚІЖК қылмыстық процесті бастау және қылмыстық істі қозғау құқығы бар органдар мен лауазымды адамдар тізбесін белгілейді. Оларға анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор жатады (ҚІЖК-нің 185-186-баптары) . Аталған органдар мен лауазымды адамдардың бәрі өздерінің құзыреті шегінде қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешеді.

Бұл тізбе мейлінше толық болғандықтан, кеңейте түсіндіруді қажет етпейді. Осыған байланысты бұл тізбенің заң арқылы қылмыстық ізге түсу органдарына жатқызылған қатынастар субъектілерінің аясымен сәйкес келмеуі түсіндіруді талап етеді. ҚІЖК-нің 7-бабының 14-тармағына сәйкес қылмыстық ізге түсу органдарының тізбесінетергеу бөлімінің бастығынан басқа, қылмыстық іс қозғау құқығы бар барлық органдар мен тұлғалар кіреді. Бұл жағдайда тікелей түсіндіру мынаны білдіруі тиіс: тергеу бөлімі бастығының қызметі шектелген, ол айып тағылатын кезге дейін аяқталады. Алайда ол мүлде олай емес. ҚІЖК-нің 63-бабындағы 2-бөлігінің мазмүны бойынша тергеу бөлімінің бастығы тергеушінің уәкілеттіктерін пайдалана отырып, қылмыстық іс қозғауға, қылмыстық істі өзі жүргізуге қабылдауға және алдын ала тергеуді жеке өзі жүргізуге құқылы болып шығады.

Сонымен, тергеу барысында тергеушінің уәкілеттіктерін пайдалана алатын тергеу бөлімінің бастығын да қылмыстық ізге түсу құқығы бар тергеуші ретінде түсіну қажет.

Мұндай ерекшеліктерді ескерудің маңызы зор, өйткені қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы қисынына сүйенетін болсақ, қылмыстық іс қозғау құқығы бар субъектілердің қылмыстық ізге түсудіжүзеге асыратын субъектілерге айналуы істің дәлелдемелерін түсіну және кейін бағалау тұтастығын қамтамасыз етуі тиіс.

Г. В. Дроздовтың атап көрсеткеніндей, қылмыстық іс қозғау сатысының мазмұнына сондай-ақ заңды органдар мен лауазымды адамдардың мынадай әрекеттері кіреді: а) қылмыс туралы ақпаратты қабылдау, оны тиісінше ресімдеу және тіркеу; ә) бұл ақпаратты қарау және қажет болған жағдайларда қылмыстың болғаны жөніндегі нақты мағлұматтарды анықтау үшін тексеру жүргізу; б) заңға сәйкес іс жүргізуді бастау, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту немесе тергеуге яки сот қарауына жататыны жөніндегі қылмысқа қатысты арызды (хабарламаны) жіберу туралы шешім қабылдау. Экстраполяциялық көзқарас аталған әрекеттерді - бұл өздерінің қылмыстық іс қозғау құқықтарын жүзеге асыратын анықтаушының, анықтау органының, тергеу бөлімі бастығының, тергеушінің, прокурордың біртұтас қызметін құрайтын өзіндік кезеңдер деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Қылмыстық іс қозғау құқығы бар қатынастар субъектілерінің мәртебесі (құқықтық жағдайы, құқықтар мен міндеттемелер жиынтығы) әр түрлі болып келеді. Бұл олардың құзыретіндегі айырмашылықтар қылмыстық іс қозғау жөнінде шешім қабылданатын дербес іс жүргізу жағдайларын талап ететінін білдіреді. Басқаша айтқанда, қылмыстың жасалғанын көрсететін белгілер тиісті негіздерді алғаш рет ашқан немесе көрген осы субъектілердің кез келгені үшін қылмыстық іс қозғауға негіз бола алмайды.

Егер анықталған тергеуден тыс қылмыстық іс қозғау қылмыстық іс қозғауға құқығы бар нақты органның немесе уәкілетгі адамның құзыретіне кірмейтін болса, онда қылмыс жөніндегі арыз немесе хабарлама қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін құзыретті органға беріледі.

Сонымен, қылмыстық іс қозғау құқығы және тиісті уәкілетті органдар мен адамдар құзыретінің көлемі толық көлемде сәйкес келмейді.

Қарастырып отырған сатыда прокурорға ең кең өкілеттіктер берілген. ҚІЖК-нің 62, 190, 192-баптарының 6, 7-бөліктерінің мағынасынан оның тергеуге алынғанына қарамастан, прокурордың өзі қылмыстық іс қозғауға құқылы екені көрінеді. Прокурор өкілетгігінің кеңдігі жария айыптауды ғана емес, сондай-ақ жеке және жеке-жариялы айыптауды да қамтиды. Мұнда прокурор мынадай қылмыстық істерді қозғауға құқылы:

- кез келген жариялы айыптау ісі бойынша (ҚІЖК-нің 62, 190-баптары) ;

- егер қылмыстық әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы немесе басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, жәбірленушіден арыз түспеген реттерде жеке айыптау ісі бойынша (ҚЖК-нің 33-бабы) ;

-егер қылмыстық әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы немесе басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қозғайтын болса, жәбірленушіден арыз түспеген реттерде жеке-жариялы айыптау ісі бойынша (ҚІЖК-нің 34-бабы) ;

-коммерциялық және өзге ұйымдағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық әрекет бойынша (ҚР Қылмыстық кодесінің 228-232-бап-тары) мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын тек қана коммер- циялық немесе өзге ұйымдарға зиян келтірсе және басқа ұйым-дардың, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмесе, қылмыстық жауапқа тарту осы ұйымнемесе уәкілетті орган басшысының арызы немесе олардың келісімі бойынша жүзеге асырылады (ҚІЖК-нің 35-бабы) .

Прокурор сотқа дейінгі әрекетке оқтын-оқтын ғана қатысатындықтан, ал қылмыстық іс қозғау - бүл прокурордың заңды қадағалау жөніндегі өзіне жүктелген міндетті жүзеге асыру құралы болып табылатындықтан, бұл жағдайда қылмыстық іс қозғау құқығының бірден-бір іс жүргізу салдары туады, ол қозғалған қылмыстық істі соттылығына қарай құзыретті органға тапсырумен аяқталады. Мұнда прокурордың сотқа дейінгі әрекеттің заңдылығын қадағалауы толығымен сақталады. Бүл жерде прокурордың қылмыстық ізге түсудіжүзеге асыру құқығы адамды қылмыстық жауапқа тартатын кезден басталатынын есте сақтау қажет. Алайда бұл жағдайда да прокурордың қылмыстық ізге түсуге қатысуы үздік-создық сипатта болады.

Өз құзыретінің көлемі бойынша қылмыстық іс қозғау құқығы бар келесі адам тергеуші болып саналады. Уәкілетті адамдардың бүл санатына ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық тергеушісі және қаржы полициясы органдарының тергеушісі жатады (ҚІЖК-нің 64-бабының 1-бөлігі) . Заң шығарушылар тергеуші іс қозғауға құқылы қылмыстық істер көлемін тергеушінің қай ведомствоға қарайтынына және қылмыстық ізге түсу органдарында (прокурор мен прокуратура органдарынан басқа) тергелуіне қарай жіктеген.

Уәкілетті органдар тергеу көлеміне қарай былайша орналасады. (ҚІЖК-нің 192-бабы) :

1) ішкі істер органдарының тергеушілері Қылмыстық кодекстің

177-бабы бойынша;

2) ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушілері - Қылмыстық кодекстің 38-бабы бойынша;

3) қаржы полициясының тергеушілері - Қылмыстық кодекстің 36-бабы

бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы;

4) Қылмыстық кодекстің бірқатар нормалары бойынша балама тергеу көзделген, ол тұтас алғанда жоғарыда келтірілген көлемнің арақатынасына әсер етпейді.

Тергеушінің уәкілеттігін тергеумен өзара байланыста жіктеу дегеніміз жалпы ереже бойынша мынаны білдіреді:

- бұған дұрыс негіз болған жағдайда тергеуші өзіне бөлінген тергеу шегінде қылмыстық іс қозғауға міндетті;

- егер қылмыстық әрекеттің белгілері ол тергейтін құрамның тізбесіне жатпайтын болса, тергеуші қылмыстық істі өзі қозғауға және бұдан кейін оны тергелуі бойынша, немесе қылмыстық іс қоз-ғамастан, қылмыс туралы арызды немесе хабарламаны қылмыстың тергелуі бойынша беруге құқылы (ҚІЖК-нің 188-бабы) .

Қылмыстық іс қозғау сатысындағы уәкілеттігінің көлемі жөнінен тергеу бөлімінің бастығы тергеушіге жақындайды, мұны ҚІЖК-нің 63-бабының 2-бөлігінен байқаймыз. Тергеу бөлімінің бастығы тергеушінің уәкілеттігін пайдалана отырып, қылмыстық іс қозғауға құқылы деген нұсқау қарастырылатын бөлікте тергеуші мен тергеу бөлімі бастығының уәкілеттігі толық сәйкес келеді деген сөз емес. Тергеу бөлімінің бастығы қылмыс туралы арызды немесе хабарламаны қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін, сондай-ақ қылмыс жөніндегі арызды немесе хабарламаны қылмыстық іс қоз-ғамай-ақ тергелуге жіберу үшін өзі басқаратын бөлімнің кез келгентергеушісіне беруге құқылы. Тергеу бөлімі бастығы уәкілеттігінің бұл ерекшелігі іс жүргізу сипатынан гөрі көбіне ұйымдық-басқару сипатына ие болады.

Қылмыстық іс қозғау құқығы бар келесі субъект - бұл анықтаушы және анықтау органы (ҚІЖК-нің 186-бабының 1-бөлігі) . Заң шығарушылар бұлармен қоса, анықтау органының бастығына да осындай қүқық берген (ҚІЖК-нің 66-бабының 4-бөлігінің 4-тармағы) . Нақты қылмыстық іс жүргізу шегінде анықтау органы бастығының өзіне бағынышты анықтаушыға қатысты іс жүргізу жағдайы тергеу бөлімі бастығының өзіне бағынышты тергеушіге қатысты жағдайына ұқсайды.

Анықтаушы, анықтау бөлімінің бастығы, анықтау органы қылмыстық іс қозғауға құқылы қылмыстық істердің аясы, біріншіден, олардың қай ведомствоға жататынына қарай (ол анықтау органдарының тізбесін қамтитын 65-бапта белгіленген), екіншіден, оған берілген құзыреті көлеміндегі шектеулермен анықталады. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдауда да анықтаушының дербестігі шектеулі сипатта болады: анықтаушының қылмыстық іс қозғау туралы қаулысы оны анықтау органының бастығы бекіткеннен кейінғана іс жүргізу күшіне ие болады (ҚІЖК-нің 66-бабының 5-бөлігі) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ
Қылмыстық іс жүргізу заңдары және қайнар көздері
Қылмыстық құқықтың дәрістері
Құқық мәдениеті ұғымы және құрылымы
«Қылмыстық атқару-құқығы» пәнінен лекциялар
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
ҚР дін туралы заңнамасы пәнінен лекциялар жинағы туралы
Сот экспертологиясы пәнінен қысқаша лекция жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz