Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды зерттеу


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ...2.бет

1. ТАРАУ. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нысаны
1.1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар ұғымы,
түсінігі ... ... .3.бет
1.2. Экономикалық кызмет және кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстардың түрлері...10
1.3. Банкроттық жағдайындағы заңсыз іс.әрекеттердің нысаны ... ... 28.бет

2. ТАРАУ. Ақша.несие саласындағы кылмыстардың ұғымы
2.1. Бағалы қағаздар щеңберіндегі кылмыстардың ұғымы ... ... ... 34.бет
2.2. Экономикалық контрабанда . экономикалық қызмет саласындағы қылмыс ... ... ... ... ... ..44.бет
2.3. Несиені заңсыз алу және мақсатынсыз пайдалану ... ... ... ... ..55.бет

3. ТАРАУ. Компютерлік ақпаратка заңсыз кіру, ЭВМ үшін зацды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату ... ... ... ... ... ...58.бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ..63.бет
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ..66.бет
Қылмыстық кодекстің жетінші тарауы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға арналған.
Осы тарауға енген қылмыстарды топтық объектісі-экономикалык қызмет саласын кұқықтық жолмен реттейтін өзара біртектес қоғамдык пен істелген қылмыс жоқ. Бірақта жекелеген қылмыс түрлері кінәнің екі нысанымен жасалады, іс-әрекет қасаканалықпен, ал қоғамға қауіпті зардапты абайсыздықпен.
Қылмыстың субьектісі-жалпы, сондай-ак арнаулы субьекті болуы мүмкін. Осы тараудағы барлык кылмыстар үшін субьектінің жауаптылығы 16 жастан басталады.1
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың арнаулы субьектілері болып қызмет бабын пайдаланып жасаған мемлекеттік органның лауазымды адамдары, сондай-ақ коммерциялық немесе баска үйымдардың баскарушылары немесе жеке кәсіпкерлер танылуы мүмкін. Тікелей субьектісі бойынша экономикалык кызмет саласындагы қылмыстарды шартты түрде мынадай түрлерге бөлуге болады.
1. Қ.Р. Конституциясы 30.08.1995 ж.
2. Қ.Р. Қылмыстық Кодексі 1998 ж.
3. Қ.Р. Қылмыстық Кодексіне түсінік И.И. Рогов С.М. Рахметов Алматы 1999
4. Қ.Р. Заңы “Банкроттық туралы” Алматы 21. 01. 1997 ж.
5. Қ.Р. Жоғарғы Сотының Пленумы “Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заңдарды қолдану тәжірибесі” Алматы 1997ж.
6. Қ.Р. Заңы “Мемлекеттік шекара туралы” 13.01. 1996 ж.
7. Қ.Р. Заңы “Мемлекеттік қызмет туралы” 2001 ж.
8. Қ.Р. “Бағалы қағаздар рыногы туралы” 05.03.1997 ж.
9. Қ.Р. Заңы Кеден ісі туралы Алматы 2002 ж.
10. “Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане” Алматы 1996 г.
11. Қ.Р. Азаматтық Кодексі
12. А.Н. Ағыбаев "Қылмыстық құқық" Ерекше бөлім Алматы 2000 ж.
13. Қ.Р. Қылмыстық құқығы. Ерекше бөлім. «Дәнекер». Алматы 2002 г.
14. Б.В. Здравомыслова "Уголовное право РФ" Москва 1996 г.
15. И.Я. Козаченко "Уголовное право РФ" Москва 1997 г.
16. С.М. Рахметов, Е.О. Алауханов, Т.Э. Бапанов "Қылмыстық
құқық”. Алматы 2000 ж.
17. Т.Э. Бапанов «Қ.Р. Қылмыстық құқық». Ерекше белім
(Альбом үлгі) Алматы 2000 ж.
18. И.И. Рогов С.М. Рахметов «Уголовное право Казахстана» Алматы 2001ж.
19. А.В. Наумов «Уголовное право» Москва 1999 ж.
20. Я.Г. Бурчак "Квалификация преступлений". Киев 1983г.
21. М.П.Карпушин "Уголовная ответственность и состав
преступления". Москва 1971 г.
22. В.Н. Кудрявцев "Общая теория квалификации
преступлений". Москва 1972 г.
23. Б.А.Куринов "Научные основы валификации
преступлений". Москва 1984 г.
24. Қ. Р. Жоғарғы Сотының Пленумы "Эйел зорлағаны үшін
жауапкершілікті белгіейтін Заңдарды соттардың колдануы
туралы". Алматы 1993 ж.
25. А.И.Рарог "Уголовное право" Особенная часть. Москва 1996 г.
26. В.И.Борисов "Уголовная ответственность за нарушение
правил охраны труда". Харьков 1990 г.
27. С.Я.Булатов "Ответственность за преступления
политических, трудовых, и других прав граждан по УК
КазССР". А. 1962 г.
28. В.Н.Иванов "Уголовно-правовая охрана основных прав
граждан". М. 1967 г.
29. Қ.Р. Заңы "Мемлекеттік қупияларды сақтау туралы". Алматы 1993 ж.
30. А.М. Плещаков "Экологические преступления против мира
и безопасности человечества". Москва 1994 г.
31. А.Н. Райнин "Защита мира и уголовный закон". Москва 1969 г.
32. В. П. Панов "Международное уголовное право". Москва 1997г.
33. С.М.Рахметов "Преступления против основ
конституционного строя и безопасности государства". Алматы 1998 г.
34. Е.И. Каиржанов «Криминология» Алматы 2000 ж.
35. А.И. Алексеев «Криминология» Москва 1999 ж.
36. В.Н. Кудрявцев В.Е. Эминова «криминология» Москва 1997 ж.
37. Л.Д. Гаухман «Обьект преступления» Москва 1992 ж.
38. В.Н. Кудрявцев «Обьективная старана преступления» Москва 1960ж
39. Н.Ф. Кузницова «Преступления и преступность» Москва 1969 ж.
40. А.И. Долгова «Криминология» Москва 1999 ж.
41. Г.И. Шнайдер «Криминология» Москва 1994 ж.
42. Қ.Р. Жоғарғы Сотының Пленумы «Бөтен мүлкті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы» Қаулысы 1996 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Көлемі: 66 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1500 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 -бет

1. ТАРАУ. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нысаны
1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар ұғымы,
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3-бет
1.2. Экономикалық кызмет және кәсіпкерлік қызмет саласындағы
қылмыстардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10бет
1.3. Банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттердің нысаны ... ... 28-бет

2. ТАРАУ. Ақша-несие саласындағы кылмыстардың ұғымы
2.1. Бағалы қағаздар щеңберіндегі кылмыстардың ұғымы ... ... ... 34-бет
2.2. Экономикалық контрабанда - экономикалық қызмет саласындағы
қылмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44 -бет
3. Несиені заңсыз алу және мақсатынсыз пайдалану ... ... ... ... ..55-бет

3. ТАРАУ. Компютерлік ақпаратка заңсыз кіру, ЭВМ үшін зацды
бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату ... ... ... ... ... ...58-бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 63-бет
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66-бет

КІРІСПЕ

Қылмыстық кодекстің жетінші тарауы экономикалық қызмет саласындағы
қылмыстарға арналған.
Осы тарауға енген қылмыстарды топтық объектісі-экономикалык қызмет
саласын кұқықтық жолмен реттейтін өзара біртектес қоғамдык пен істелген
қылмыс жоқ. Бірақта жекелеген қылмыс түрлері кінәнің екі нысанымен
жасалады, іс-әрекет қасаканалықпен, ал қоғамға қауіпті зардапты
абайсыздықпен.
Қылмыстың субьектісі-жалпы, сондай-ак арнаулы субьекті болуы мүмкін.
Осы тараудағы барлык кылмыстар үшін субьектінің жауаптылығы 16 жастан
басталады.1
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың арнаулы субьектілері
болып қызмет бабын пайдаланып жасаған мемлекеттік органның лауазымды
адамдары, сондай-ақ коммерциялық немесе баска үйымдардың баскарушылары
немесе жеке кәсіпкерлер танылуы мүмкін. Тікелей субьектісі бойынша
экономикалык кызмет саласындагы қылмыстарды шартты түрде мынадай түрлерге
бөлуге болады.
1) қәсіпкерлік саладағы және экономикалык кызметтің баска да сала-сындағы
қылмыстар;
2) ақша-несие саласындағы қылмыстар;
3) қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар;
4) сауда және халыққа қызмет көрсету саласындағы қылмыстар;
5) экономикалық қызмет саласындағы баскада кылмыстар.

1. ТАРАУ. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нысаны

1. . Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар ұғымы, түсінігі

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің,
кәсіпкерлердің заңды мудделері мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету
ісінде экономика саласындағы қылмысқа қарсы белсенді курес жургізудің
теориялық, жэне тэжірибелік маңызы зор.
Қaзipri кезде экономикалық, қызмет саласындағы қызметтік қылмыстылыққа
қарсы күрес жургізу мэселесіне ерекше назар аударылуда. Себебі,
қылмыстылыктың дәл осы түрі қоғамның өміpi мен кызметінің көптеген
саласына бойлай еніп, қоғамның, экономикалық құқықтық және iзгілік
негіздерін шайқалтып, мемлекеттік дұрыс қызмет етуіне кедергі жасайды.
Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру тусінігі мен онын, сапалық
сандық сипаттамасын қарастырайык. Бұл үшін алдымен, экономикалық жэне
коррупциялык қылмыстылық түсінігі мен сипаттамасын қарастырғанымыз жөн.
Себебі талдау жасауымыздың нысаны кылмыстық заңнама бойынша экономикалық
к,ызмет саласындағы қылмыстарға жата-ды. Заңды кәсткерлік қызметке
кедергі келтіру мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан
жасалады, сөйтіп жемқорлықтың етек жаюына жағдай туады. Бұл сезімізді КР
бас прокуроры мен эділет министрінің "Коррупциялық қылмыстар туралы"
бірлескен бұйрығымен қуаттауға болады, онда біз қарастырып отырған қылмыс
коррупциялық қылмыстар қатарына жатқызылған. Соңғы он жылда экономикалық
қылмыстылық криминалистердің ерекше назарын тартуда. Ішкі ітер органдары
басқа да құқық қорғау құрылымдары өз қызметінде қылмыстың осы түріне
қарсы күреске ерекше орын бөлуде1. Ал ғалымдар дәстүрлі криминология
ғылымынан арнайы бағыт немесе сала ретінде экономикалық криминологияны
бөліп шығару туралы пiкip устануда.
Экономика саласындағы қылмыстылықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл
жоғары дәрежелі жасырындық, жылдамдылық, өсіңкілік, тез өзгеруге
кабілеттілік және шаруашылық етудің жаңа жағдайлары мен ережелеріне
(экономикалык құқытың жаңалықтарға жэне т.б.) бейімделе алушылық.
Қазіргі заманғы экономика саласындағы қылмыстылықты кри-минологиялық
талдау үшн қылмыстық статистика мәліметтері құқық қолдану тәжірибелік
деректерін белгілі мөлшерде пайдалануға болады.
Ресми статистика қылмыстылыктың ахуалы есебін мына көрсеткіштер
бойынша жургізеді жәбірленушілердің, жасалған қылмыстар туралы берген
арыздары мен өтінеіштерінің саны; тіркелген қылмыстардың саны; қылмыс
жасаған адамдардың анықталғанының саны; күшіне енген үкімдер бойынша
қылмыс үшін кінәлі сотталушылардың саны.
Қылмыстылық сипаттамасы толық болу үшін оның сапалық және сандық
өлшемдері сияқты керсеткіштерін пайдалануымыз қажет. Олардың
негіздері ахуалы динамикасы және құрылымы.
Қылмыс динамикасының статистикалық жағдайы қылмыстық кудалау
органдарыньң қылмыстарды уақтылы анықтау және тіркеу, оларды ашу және
кінәлілерді әшкерелеу, әдсі жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз
ету бойынша қызметінің пәрменділігіне де байланысты.
2001 жылы еліміз бойынша 14 741 экономикалық қылмыс анықталды. Соның
ішінде Қарағганды облысының көрсеткіштері ең жоғары - 1 596,
Оңтүстік Қазақстан облысы – 1 334, Шығыс Қазақстан облысы 1 165,
Қостанай облысы - 946, Алматы облысы -917, Павлодар облысы -
907, Ақмола облысы - 833 және Алматы қаласы - 1 246 қылмыс.
2002 жылғы 9 айда қылмыстық қудалау органдарында республика
бойынша экономикалық кызмет саласында 4 699 қылмыс тіркелді, бұл
тіркелген кылмыстардьң жалпы санының 4,62 пайызын құрайды. Бұл жерде
қыл мыс санының тұракты есеп отыруы байқалады. Салыстырар болсақ
2001 жылдың осындай мерзімде 4 471 қылмыс тіркелген, яғни
ерсеткіш 228 қылмысқа артқан.
Қылмыстық қудалау органдарына таратып қарағанда қаржы полициясы
органдары 3 386 қылмысты, ішкі істер органдары 981 қылмысты, кеден -
313 және ұлттық қауіпсіздік органдары 19 қылмысты анықтаған.
Қылмыстылық құрамында маңызы шамалы және бір көріністік, күрделі
зерттеуді қажет етпейтін, анық сипаттағы және қоғам үшін аса қауіпті
емес қылмыстар бұрынғыдай басым болып келеді. Бұл қылмыстар-дың залалы
елу жуз теңгеден сәл ғана асса да, олар экономикалық қылмыстардың ашылу
пайызын реттеудің жағдайды ескерген дұрыс болар.1
Біріншіден қазіргі уақытқа дейін отандық және шетелдік криминология
ғылымында неғұрлым жалпы болып табылатын "экономикалық қылмыстылық"
категориясының жалпы мойындалған анықтамасы әлі қабылданған жоқ. Эрине бұл
факт жоғарыда аталған категорияға қарағанда жеке, жарыса бағынған сипатта
болатын "экономика саласындағы қылмыстылық" түсінігін баян ету ушш
жалпы қабылданған көзқарасты табу жолын қиындатады екіншіден,
криминологиялық жіктеудің қылмыстық құқықтық жіктеумен толық сэйкес келе
беруі шарт емес, демек экономика саласындағы қылмыстылық деген құбылысты
криминологиялық талдау қолданыстары заңнамамен шектелмейді және
көзқарастар мен өлшемдер таңдап алу жағынан зерттеушілерге айтарлықтай
еркндік берешегін бұл келешекте оңды әдістемелік шешім табуды
оңайлатады.
Экономикалық қызмет жалпы алғанда адам қызметінің маңызды
құрамдас бөлігіп бола отырып экономика, шаруашылык, жүргізу кәсіпкерлік
салаларын камтиды.
Экономикалық қызметті кәсіпкерлік кәсіпкерлік қызмет деп түсіну осы
саладары кылмыстылықты криминологиялық талдау мақсаттары ушін қолайлы.
ҚР ҚК-ң 7-тарауына енген қылмыс құрамдарының басым көпшілігінің
кәсіпкерлік саласына тікелей қатысты болып отырғаны да осыныкң
пайдасына келеді. Басқаша айтсақ экономикалық қызмет са-ласындағы
қылмыстылық кәсіпкерлік саласындағы кәсіпкерлік қызмет саласындағы
қылмыстылықты өзі деп шартты түрде айтуға болады. Бұл ретте осындай немесе
ұқсас интерпрентацияда түсіндіретін және криминология ғылымы айналысқа
енгізіп жатқан "экономика саласындағы қылмыстылық" категориясы өзінің
мінісі жағынан озық индустриялық елдердің мамандары арасында тараған
"экономикалық қылмыстылық" анықтамасына жақын тұрғанын атап
кеткеніміз дұрыс.
Расында да, шетелдік криминологтар әдетте экономикалық қылмыстарға
жалған банкроттық несие берушілеррді алдау, жалған фирмалар ұйымдастырумен
байланысты алаяқтық сенімге кіріп қиянат ету, валюталық қылмыстар
чектер мен вексельдерді ақша мен құжаттарды қолдан жасау
монополизмнің әр түрлі көріністері жэне арам ниетті бәсекелестік пен
кедендік қылмыстарды жатқызады.
Сонымен бүгіндері отандық ғылымға енгізіліп жатқан "экономика
саласындағы қылмыстылық" түсінігі мазмұны этимологиясы жағынан тұтас
алғанда шетелдік мамандардың колданып жүрген "экономикалық
қылмыстылық" түсінігіне бара-бар. Бұның біздің криминологтардың басқа
елдерден әріптестерімен өзара түсінісуін жақсарту қылмыстық статистика
деректерін дұрыс салыстыру превенция шаралары бойынша жалпы ұсыныстарды
айқындау және т.б. үшін жағымды болары анық.
Экономика саласындағы қылмыстылыктың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл -
жоғары дәрежелі жасырындық жылдамдылық, өсіңкілік, тез өзгеруге
қабіеттілік және шаруашылық етудің жаңа жағдайлары мен ережелеріне
экономикалық-құқықтық жаңалықтарға және т.б. бейімделе алушылық.1
Қазіргі заманғы экономика саласындағы қылмыстылықты кри-минологиялық
талдау үшн қылмыстық статистика мәліметтер құқық қолдану тәжірибесінің
деректерін белгілі мөлшерде пайдалануға болады.
Ресми статистика қылмыстылықтың ахуалы есебін мына көрсеткіштер
бойынша жүргізеді жәбірленушілердің жасалған кылмыстар туралы берген
арыздары мен өтініштерінің саны тіркелген қылмыстардың саны; кылмыс
жасаған адамдардың анықталғанының саны; күшіне енген үкімдер бойынша
қылмыс үшін кінәлі сотталушылардың саны.
Қылмыстылық сипаттамасы толық болу үшін оның сапалық жене сандық
өлшемдері сияқты керсеткіштерін пайдалануымыз қажет. Олардың
негізгілері ахуалы, динамикасы және құрылымы.
Қылмыс динамикасының статистикалық жағдайы қылмыстық қудалау
органдарыньң қылмыстарды уақтылы анықтау және тіркеу оларды ашу және
кінәлілерді әшкерелеу әдісі жазадан құтылмаушылықты қамта
масыз ету бойынша қызметінің пәрменділігіне де байланысты.
Қылмыстылық құрамында маңызы шамалы және бір көріністік күрделі
зерттеуді қажет етпейтін анық сипаттағы және қоғам үшін аса қауіпті емес
қылмыстар бұрынғыдай басым болып келеді. Бұл кылмыстар-дьң залалы екі
жүз теңгеден сәл ғана асса да, олар экономикалық қылмыстардың ашылу пайызын
реттеуді құралы болып отыр. Олардың қатарында мынадай кылмыстарды атауға
болады тутынушыны алдау - 1 179 (ҚР ҚК 223-бабы), заңсыз кәсіпкерлік - 775
(К,Р К,К 190-бабы), ақшаны қолдан жасау және өткізу - 509 (ҚР ҚК 206-бабы),
акциз алымдары маркаларын қолдан жасау және пайдалану - 421 (ҚР ҚК 208-
бабы).
Эдетте, осы қылмыстар бойынша қылмыстық жауапкершілікке шағын сауда
орындарының сатушылары және аз мөлшерде жалған ақша мен акциз маркаларын
сатумен айналысатын табысы аз азаматтар тартылады. Ал ақша мен акциз
маркаларын қолдан жасайтын адамдар анықталмайды да, тиісті жазасын
алмайды.
Экономикадағы қомақты кылмыстар саналатын қылмыстар бойынша козғалған
қылмыстық істердің саны болмашы ғана: жалған банкроттық — 2, банктік
операциялар жөнінде көрінеу жалған деректер табыстау - 6, заңсыз банктік
қызмет - 1, көпшілік сауда-саттық пен аукциондар өткізудің белгіленген
тәртібін өрескел бұзу - 2. Ал бағалы кағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін
бұзу, компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізу, ЭЕМ ушін зиянды
бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату, көрінеу жалған жарнама
сияк.ты мацыз-ды кылмыстар бойынша бірде-бір к.ылмыс анықталмаған.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай қылмыстар
көбінесе жасырын сипатта болады.
Қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде экономика саласындағы
қылмыстар бойынша 5 971 қылмыстық іс болған Солардың ішінде 2 999 іс
бойынша өндіріс аяқталған бұл өндірісте болған қылмыстық істерді жалпы
санының 50 пайызын құрайды. Соның ішінде сотқа жіберілген - 2021 іс және
ақталмайтындай негіздер бойынша тоқтатылғаны - 987 қылмыстық іс.
Қазіргі уақытта экономикадағы қылмыстылықтың ең қауіпті бағыттарының
ішінде криминологтар мыналарды ерекше атайды:
1. қаржы несие қатынастары және банк қызметі саласында
жасалатын қылмыстар;
2. сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар;
3. мемлекеттік мүлікті жекешелендіру саласындағы
кылмыстар;
4. тұтынушылар нарығы саласындағы қылмыстар;
5. бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстар;
6. салықтықылмыстар.
Қорыта келгенде криминологиялық алдын алу жағынан карағанда
экономикалық қылмыстың ұйымдасқан қылмыспен тығыз байланысты екенін
айтқанымыз жөн. Осындай қылмыс-тарға пайдакүнемдік сарын рана,
коммерциялық құрылым-дардын жеке азаматтардың немесе ұйымдардың заңсыз
жолмен баюға деген ұмтылысы тән.

1.2. Экономикалық кызмет және кәсіпкерлік қызмет саласындағы
қылмыстардың түрлері

Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке
кәсіпкерлердің немесе комерциялық ұйымының құқықтары мен заңды мүдделерін
шектеу, сондай-ақ жеке кәсіпкср мен комерциялық үйымның дербестігін шектеу
не оның кызметіне озгеде заңсыз араласу егер осы әрекеттерді лауазымды адам
өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса, сол сиякты заңды күшіне енген сот
актілсрін бұза отырып немесе үлкен залал шектіріп жасалса, заңда
кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау болып табылады.1
Қазақстан Республикасының Конститутциясы әркімнің кәсіпкерлік қызмет
екендігіне, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпксрлік қызмет үшін еркін
пайдалану құқығына кепілдік берген Қазақстан Республикасының Азаматтык
кодексінің 10-шы бабына сәйкес кәсіпкерлік меншік түрлеріне карамастан
азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранымды канағаттандыру
арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншікке не
мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы
қьгзметі. Кәсіпксрлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен
және мүлікті жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Мемлекет кәсіпкерлік
кызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды
камтамасыз етеді. Заңға сәйкес әрбір адамзат лицензия берілетін қызмет
түрлерінсн баска кәсіпкерлік қызметті. Кімнің де болсын рүксатын алмай-ақ,
жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асыруға
құқылы.ІІІаруа қожалығы да кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлга
болып табылмай-ақ, шаруа қожалығын мемлекеттік тіркеуден өткен соң
жүзеге асырады. Заңды тұлғалар белгіленген тәртіпке сәйкес әділет
министрлігі органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, кәсіпкерлік қызметпен
айналысады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі
Лицензиялау туралы заң күші бар жарлығына сәйкес кейбір кәсіпкерлік
кызмет түрімен айналысу үшін жеке немесе заңды тұлгаларга белгілі бір
мерзімге, кызметтің белгілі бір түрімен айналысуға және оны жүзеге асырудың
шарттарын белгілейтін ресми құжат болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы Шетелдік азаматтар кәсіпкерлік қызметпен
айналысу үшін Қазақстан Республикасының 1994 жылы 27 желтоқеандағы Шет
елдік инвестициялар туралы заңына сәйкес тіркеуден өтсді.
Осы қылмыстың обьектісі болып кәсіпкерлердің мүддесін қоргайтын
қогамдык қатынастарға қол сүғу болып танылады. Ондай қоғамдық қатынастар
тізбегі Қазакстан Республикасының Жеке кәсіпкерлік туралы 1997 жылғы 6
маусымдағы арнайы заңында көрсетілген.
Обьективтік жағынан кылмыс мына төмендегі бірнеше балама
әрекеттер арқылы сипатталады.
а) үйымдық қүқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына карай
жеке кәсіпкердің немесе коммерциялык ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін
шектеу.
б) жеке кәсіпкер мен коммерциялык ұйымның дербестігін шектеу, не оның
қызметіне өзге заңсыз араласу.
в) сол сияқты заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып жасалган осы
қылмыс.
г) немесе үлкен залал келтіріле отырылып жасалған осы әрекеттер.
Ұйымның -кұкықтық нысандарына немесе меншік нысандарына ка-рай жеке
кәсіпкердің немесе комерциялық ұйымның кұкықтары мен заңды мүдделерін
шектеуге заңда белгіленген кәсіпкерлік кызметін түрін таңдап алуға кедергі
жасау, кәсіпкерлік қызмет түрімен айналысуға субьектілердің тең құқығын
бұзу , жеке немесе комерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін ашық немесе
көмескі түрде тіркеуден жалтару, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия
беруден негізсіз бас тарту немесе лицензия беруден ашық жалтару, жеке
немесе комсрциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін экономикалық, ғылыми --
техникалық немесе құқыктық жағынан негізсіз колдану, азаматтардың, заңды
тұлғалардың, мемлекеттік баскару органдарының заңды кәсіпкерлік қызметке
кедергі жасауына байланысты әрекеттеріне сотқа шағымдану мүмкіндігін шектеу
немесе одан айыру т.б. әрекеттер жатады.
Жеке кәсіпкер мен комерциялық ұйымның дербестігін шектеуге не оның
кызметіне өзге де заңсыз араласуға өндірістік бағдарламаларға өз бетімен
жасау мүмкіндіктеріне кедергі қою өз өнімдеріне тұтынушылар мен
өткізушілерді сұрыптап алуды, олардың бағарын дербес белгілеуді шектеу;
жеке немесе заңды тұлғалардың мұлкін; мүліктің құқығын, интеллектуалдык
меншік обьектілерін, каржысын келісім шартты негізінде пайдалануды тежеу;
сыртқы экономикалық кызметті жүзеге асыруға негізсіз араласу әрекеттері
жатады.1
Заңды күшіне енген сот актісін бүза отырып заңды кәсіпкерлік қызметке
кедергі жасауға - жеке немесе ұйымдардың заңды кәсіпкерлік кедергі
жасалуына байланысты кәсіпкердің шағындану негізінде анықталып, кәсіпкердің
сотка шағымдану негізінде анықталып, сот құжатында көрсетілген, заңды
күшіне енген талаптарды бұзу әрекеттерге жатады.
Ірі залал келтіріле отырылып жасалған кәсіпкерлік кызметке кедергі
жасауға азаматтық айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын соммада
келтірген зиян, не ұйым мен мемлекетке кылмыс жасалған сәтке Қақақстан
Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз
есе асатын соммада келтірілген зиян жатады. өзінің заңдылык кұрылымына
қарай талдап отырылған қылмыс құрамы формальдық материалдық құрамға жатады.
Қылмыс 189-бапгың диспозициясында көрсетілген балама әрекеттердің біреуі
жасалса аяқталған деп саналады.
Субьективті жағынан қылмыс тікелей касаканалық аркылы істеледі. Кінәлі
адам өзінің іс әрекеті арқылы заңсыз кәсіпкерлік қызметкс ксдергі
жасалғанын сезеді, біледі және соны тілейді.
Қылмыстың субьектісі арнаулы субьект, кәсіпкерлік кызметті тіркейтін,
лицензия беретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.
Кәсіпкерлік кызметті тіркеуден өткізбей не рұксат алу міндетті болған
жағдайда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру,
сондай-ак кәсіпкерліктің тыиым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы
әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, ірі
мелшерде табыс берумен байланысты болса іс - әрекет заңсыз кәсіпкерлік деп
танылады.
Азаматтардың кәсіпкерлік қызметін тіркеудің тәртібі Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 19-бабында көрсетілген. Осыған орай
азаматтар арнайы көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ
мемлекеттік тіркеуге тұрған уақыттан бастап қызметксрлік қызметпен
айналысуға кұқылы.
Сондай-ақ шаруа кожалығы; мердігерлік шарт және өзге де азаматтық
құқықтың шарттары негізінде бір жолғы тұрмыс атқаратындар; көтерме және
бөлшек сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-ақ
өндірілген, өңделген, сатып алынған өнімдерді оған қоса импорттық
өнеркәсіптік жеке азык түлік тауарларын сол үшін арнайы бөлінген жерлерде
немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар; жұмыс
істеп; қызмет көрсегуден түскен түсімі жылына ең теменгі жиырма жалақы
жиынтығынан асиайгын азаматтар мемлекеттік тіркеуден босатылады, бүлар
заңды тұлғалар кұрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады.
Азаматтық кодекстің 42- бабына сәйкес заңды түлгаларды мемлекеттік
тіркеудің тәртібі көзделген. Осы және жеке кәсіпкерлік туралы 1997 жылғы 5
маусымдығы заңға лицензиялау туралы зац күші бар жарлыкка сәйкес
кәсіпкерлік қызметті атқару арнаулы рұқсат
лицензия болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Осыған орай осы
кылмыстық обьектісі кәсіпкерлік кызметті жүзеге асырудың мемлекет
белгіленген біркалыпты дұрыс қызметтік қызметін қамтамасьп стетін когамдык
катынастар болып табылады.
Қылмыс обьективтік жағынан мынадай балама әрекеттерден кұралады;
1) Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат алу қызмепі
болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензия шарпарын
бұзып жүзеге асыру. Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей жүзеге
асыру заңда белгіленген тіркеу тәртібін бұзып, бұл әрекетті жүзеге асыру
болып табылады.
Рұқсат алмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда заңда белгілен
қайсыбір-кәсіпкерлік қызметті аткаруға арнаулы рұксат алу жарпарын бүзу
жатады. Лицензия шарттарын жүзеге асыруға.
Лицензияда көрсетілген кызметті жүргізу, немесе оныц жүзеге асырыруы
тәртібін бүзу.
Қолдану мерзімі өтіп кеткен лицензияны пайдалану т.б.
2) Кәсіпкерліктін тыиым сапынған түрлерімен жұғылдану. Зацда
кейбір қызметтін түрлерімен кәсіпкерлікпен шүгылдануга тыиым
салынған. Осыған қарамастан кәсіпкер заң нормасын бүзыІп, ғылым
салынған кәсіппен шұғылданады.
3) Жоғарыда көрсетілген әрекеттер азаматқа, ұйымга
немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен
байланысты болса.
Қылмыстық кодекстің осы бабының ескертуіне сәйкес заңсыз кәсіпкерлік
және заңсыз банктік қызмет бапгарында сомасы 500 жүз айлық есептік
көрсеткіштен асатын табыс-ірі мөлшердегі табыс деп, ал сомасы 2000 мың
айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс аса ірі мөлшердегі табыс деп
танылады.
Ірі зиянның түсінігі ҚК-тің 189 бабының ескергуінде берілген - ол
азаматтар үшін айлык есептік көрсеткіштен 100 есе, ай үйым мен мемлекетке
500 еседен асатын соммада болуы керек.
Заңсыз кәсіпкерлік қылмыс күрамы жөнінен магериалдык қүрамга жатады.
Осыған орай қылмыс заңда көрсетілген ірі зиян келтірілуімем немесе ірі
мөлшердегі табыс табумен байланысты аяқталган деп танылады. Субъективтің
жакынан қылмыс кінәнін қасақаналык ІІысаны аркылы жасалады.
Қасақаналық тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Қылмыстың субьектісі
жалпы немесе арнаулы болуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 190 бабының 2 тармагында осы қылмыстың
ауырлататынын ;
а) үйымдасқан топ жасаған;
б) аса ірі мөлшердегі табыс табумен ұштастырылған;
в) заңсыз кәсіпкерлігі немесе заңсыз банктің қызметі үіліи бүрын
сотталған адам жасаған түрлері көрсетілген.
Ұйымдасқан топтың түсінігі Қылмыстық кодекстің 31 бабыиың 3-тармағында
көрсетілген. Аса ірі мөлшердегі табыстың түсінігі 190 бабтың ескертуінде
берілген. Заңсыз кәсіпкерлігі немесе заңсыз банктік қызметі үшін қылмыстык
кодекстің 190 немесе 191-баптары бойынша бүрын сотталған, бірак
сотталғандық атағы заңда белгіленген тортіппен жайылмаған немесе
алынбағандар танылады.
Ақша - несие жүйесіндегі қылмыстылык экономика саласындагы
қылмыстардың ең қауіпті түрі болып отыр. Бұл қылмыс зацсыз кәсіпкерліктің
ерекше бір көрінісі болып табылады.
Қылмыстық заңда Банктік қызметті тіркеуден өткізбей немесе рүқсат алу
міндетті болған жағдайларда арнаулы рүксатсыз немесе лицеизиялау шаргіарым
бүзып жүзеге асыру, егер осы әрекет азаматқа, үйымға немесе мемлекетке ірі
зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумеи ұштасқан іс әрекеттер заңсыз
банктік кызмет деп белгіленген.
Қылмыстың обьектісі - акша-несие жүйесіндегі заңмен белі ілеш си
қоғамдық катынастарға қол сұғу болып табылады.
Обьективтік жағынан кылмыс құрамы мынадай бірнеше, жске дара
әрекеттермен сипатталады:
банктік кызметті тіркеуден өткізбеу;
міндетті рүксат алуды сақтамау;
банктік қызметті лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру;
көрсетілген әрекеттер ұйымға, мемлекетке ірі зиянкелтіру немесе ірі
мөлшерде табыс алумен байланысты болып табылады.
Банктік қызметті лицензиясыз жүргізу, тіркеуден өткізбеу заңсыз әрекет
деп танылады. Міндетті лицензия алуды сактамау деп арнаулы заңда
көрсетілген осы талаптарды сақтамау саналады. Лицензия шарттарын бүзуға
осында рүқсат етілген банктік қызметті істемсй басқа қызметпен шүғылдану
әрекеттері танылады.
Көрсетілген іс әрекеттер заңда көрсетілген ірі зиян келтірумен немесе
ірі мөлшерде табыс алумен ұштасу қажет. Егер зеңда көрсетіліген қылмыстық
зардап орын алмаса, онда кінәлі адам әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.
Ірі зиян немесе ірі мөлшердегі табыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің
190-191 баптарында берілген. Қылмыстың субьектісі болып заңсыз банктік
қызметпен айналысқан Қазақстан Республикасының азаматы, шет елдік немесе
азаматтығы жоқ адамдар танылады.1
Субьективтік жағынан кылмыс кінәсінің қасақана нысаны арқылы жүзеге
асырылады. Бүл жерде қасақаналықтың тікелей нсмесе жанама түрі де орын
алады.
ұйымдасқан топ жасаған;
аса ірі мөлшерде табыс табу мен ұштаскан;
заңсыз банктік кызмет немесе заңсыз кәсіпкерлік үшін
бұрын сотталған адам жасаған әрекеттер заңсыз банктік қызмет жүргізу қүрамы-
ның ауырлататын түріне жатады.Бұл белгілердің түсінігі Қылмыстық
кодекстің 190-бабының 3 тармағында көрсетілген осындай белгілерге
ұқсас болып табылады.
Заңсыз жолмен тапқан ақшаны заңдастыру, Яғни лас ақшаны тазарту
тауарлар мен қызмет көрсету саласындағы экономикалық қылмыстардың бір түрі.
Ақшаны тазартқанда қылмыскер өз әрекетіне заңдылық кейіп беру үшін
барлық негізгі әлеуметтік экономикалық институттарды және мүмкіндік
тудыратын жағдайларды өте білгірлікпен пайдалану.
Заңды бизнесті ол , көбіне, өзінің ірі ауқымды заңсыз мәліметтерін
бүркемелеу ,заңсыз жолмен тапқан ірі мөлшердегі ақшаны шетелге аудару үшін
пайдаланады. Экономикалық түрғыдан алғанда, Ақшаны тазарту дегеніміз -
жасырын корлар мен капиталды ашық экономикаға енгізу.
Үйымдасқан қылмыстың мақсаты алынған табыстыц негізгі бөлігін
сыбайластық байланыс аркылы заңдастыру.
Сарапшылардың болжамы бойынша халыкаралық қылмыстық үйымның ақшасы әр
түрлі жылжымайтын мүліктерге айналған, фирмалар мен кәсіпорындарға
салынган, сондай-ақ 300 млрд долларға жуығы банктік есепте.Сонымен қатар
оның жылдық табысы 120 млрд доллар шамасында.
Қылмыстық жолмен табылған ақшаны тазарту оның кімге тиесілі екенін
жасыруды және басқа жаққа ауыстыруын қажет етеді.
Үйымдасқан кылмыстың табысы болуы оның ақшаны тазарту қабілетіне
негізделген.
Ақша тазартуды бетімен жіберу - қаржы ұйымдарының әлеумет тік,
экономикалық және саяси қүрылымдарын ақсатады.
Заңсыз қаржылатындыралатын кәсіпорындар бәсекені түншык-тырады.
Қоғамға түсетін салык салмағы артады.
Тікелей банктік күрылымдар арқыры қылмыстық жолмен табылған ақшаны
тазартудың алдын алу мәселесі бір қатар халықаралық конферен-цияларда, атап
айтканда, 1990жылғы Гаванада, 1991 жылғы Сузалада тал-қыланады. Бұл
мәселені талкылаған кезде сарапшылар банктік құпияның тазартуды
жеңілдететін және қылмыстық жолмеп алынған акционерлік бақылау жасауды
қиындататынын тілге тиек етті.
Банк операциялары мен бақылау жасау практикасының ережелері бойынша
БҰҰ Комитетінің принциптері туралы мәлімдемеде де бұл мәселелердің дұрыс
шешуіне көмегін тигізеді. Бұл мәлімдемеде клиентте жеке басын анықтаудың
кажеттігін күдікті мәмілелер жасаудан банктің бас тартуын, әкімшілік
органдармен салыстырмалы құпиялық ережесінің щеңберінде ғана карым -
қатынас жасауды қарастырады.
Бірқатар елдер жасырын банк есептеріне тиым салу жөнінде ішінара
қабылдау, дегенмен, бүл тұрұыда Австрия, Люксимбург, Щветция сияқты елдерде
белгілі бір шектеулер әлі бар. Біркатар елдердің банктерінде не барлык
операциялардың, не ірі ақшамен операциялардың ішкі тіркеуін сақтаған.
Капиталдың түсуін бақылауды Щвецария катайтты. 28 мыц Щвецар
франкісінен артық сомма түскен клиенттің есебін барлық банкілер тексеруге
тиісті. Заңсыз ақша операцияларына қатынасқан үшін белгіленген жаза
қатайған, заңсыз алынған ақша тәркіленеді.
Уругвайда орнаған жаңа тәртіп бойынша, шыққан тегі күдік тудыратын ірі
салымдарға және оларды ауыстыру операциясына катаң бакылау орнатылған.
Мақсат қылмыстық жолмен табылған ақшаны тазартуға тоқтауыл жасау.
Бұл елде бұрын орын алған салым қүпиясы және банкирлердің онша талап
қоймауы ұйымдасқан кылмыстың етек алуына мүмкіндік туғызған болатын.
Ал, жаңа ережеге сәскес кез келген ірі салымның шыққан тегі мұқият
тексеріледі, құжат арқылы расталынады. Австрия заңы бойынша банк күдікті
салым түскен бойда полицияға хабарлауы тиіс.
АҚШ-та банк қүпиясы туралы заң жұмыс істейді, Конгресс сол заңға
сәйкес Ақшаны тазартудың алдын алу операциясын заңдастыруға әрекет
жасайды.
Қазір банк мәселесі 10 мың доллардан асатын әрбір салым бойынша валюта
операциясы жөнінде есеп береді және басқада есептер жүргізеді.
АҚШ-тың Жасырын ақша қаражатын ипвестициялау жөніндегі операциялар
туралы Заңды күдікті қаржы операциялары туралы құқық қорғау органдарына өз
еркімен хабарлаған банкті айыппұлдан босатады. Қылмыстық ақшаны тазарту,
іздестіру, басып алу және тәркілеу жөніндегі Европа Конвенциясын
Республикада практика жүзінде іске асыру мамандырылған мемлекеттік органдар
құруды қажет етеді . Мысалы; Францияда қылмыстык капиталды іздестіру
жұмысымен эономика және қаржы министірлігі жағынан арнайы құрылған
Тракфин тобы айналысады.
Егер ірі ақша аударымы жайында банктен келіп түскен ақпарат күдік
тудырса, мотериял прокурорға беріледі. Содан кейін полицияға және кеден
қызметіне тергеу жүргізу жайында нұсқау беріледі.
Щветцияда құрылған қаржы полицияның міндеті кару жарақты, мұнайды
контрабандалық жолмен сатып, жасырын есірткі сатып түсірген ақшаны Щветция
банктері аркылы тазартуды көдеген халықаралык кылмыстык топтарды анықтау,
оларға тосқауыл болу.
Бұл өзекті мәселені шешу үшін Қазакстан дүние жүзілік қауымдастықпен
тығыз байланыста болуы тиіс.
Мұндай қызметті БҰҰ шеңберінде ұйлестіруге талпыныс Бас хатшының
экономикалық және әлеуметтік кеңестің екінші сессиясына 1990 жылы ұсынған
баяндамасынды, БҰҰ-ның есірткімен күресуге бағытталған қоғамдык жоспарында
болды. БҰҰ жұмысының.
Дүниежүзілік бағдарламасында да қаражаттың заңсыз
айналымы, қаражаттың заңсыз түсімі және банк жұйесін заңсыз пайдалану
арқылы жинакталған ақша қаражатының зардаптарымен күресу үшін
тиісті шаралар ұсынылған.
Ақшаны тазартумен күрестегі қылмыстың жазалау саясаты, ең алдымен,
ұйымдасқан қылмысты сыбайластықтың материялдық құндылықтарын іздеп табуға,
бақылауға алуға жәнеде тәркілеуге бағытталуы тиіс.1
Қылмыстық қызматтен түскен табысты тазалау, анықтау, алу және тәркілеу
туралы 1990 жылғы Европалык конвенцияның ережелеріне сәйкес елдер лас
ақшаны тазартудың мына қасақана іс - әрекеттерін қылмыс ретінде саралау
үшін заңды шаралар колдануға тиіс, - олар;
а) Материалдың құндылықтың заңсыз екендігін жасыру немесе
негізгі құқық бұзушылықты жасаған кез- келген адамға оның өз іс әрекеті
үшін заңдык салдардан құтылуына көмектесу мақсатында, сол
материалдық құндылықтың қылмыстан келген табыс екенін біле тұра адамның
материалдык құндылықты конверсия жасауы немесе беруі;
б) материалдык кұндылықтың немесе оған тиесілі кұқыктың
жаратылысын, тегін, орындалуын, козғалысын немесе оның анық кімге
тиесілігін жасырып қалу немесе бұрмалау, егерде адам бұл материалдың
құндылықтың қылмыстық жолмен істелгенін білетін болса;
в) Материалдык кұндылықтарды сатып алуды, иемденуді немесе
пайдалануды, егер сатып алған адам құндылықтың қылсыстык жолмен келген
табыс екенін білген болса.
Қылмыстың тікелей обьктісі қаржылык несиелік қатынастар, сондай-ақ
кәсіпкерлік қызметтің заңдылыгын реттейтін қоғамдық катынастар.
Қылмыстың заты біле тұра заңсыз жолмен алынған ақша каражатты немесе
басқа мүлік.
Қылмыстык кызметпен алынған табысты тазарту, анықтау, алу және
тәркілеу жөніндегі 1990 жылдың 8 қарашасындағы Европалық конвенцияға сәйкес
табыс термині кылмыстық жолмен алынған кез-келген материалдық пайданы
білдіреді.
Мұлік термині - заттың немесе заттық емес, козғалатын немесе
қозғалмайтын мұліктің кез-келген тұрін қамтиды, сондай-ақ адампың сол
мұлікке немесе ондағы ұлесін куәландіретін заңдық құжат немесс қағаз.1
Ақша қаражаты тұсінігіне ұлттықта, шетелдікте валюта, қолма-қол ақша
да, қолма-қол еместе кіреді.
Баю, парнография, жазөкшелік максатында сексті пайдалануға, балалармен
кәмелетке толмағандарды сатуға тиым салу жөніндегі Европа Кеңесінің 1991
жылғы 9 қыркүйектегі ұсынысы да балалар мен кәмелетке тлмағандарды тән
ләлаты үшін пайдаланудан түскен табысты алу және тәркілеу мүмкіндігін
қарастырады.
Кәсіпкерлік - өз меншігіндегі, карызға алған және басқа қаражаттар мен
мүлік есебінен, осы қызметке катысушылардың барлығы үшін өзәра тиімді
нәтижелер мен табыстар алу мақсатындағы ынталы, күшіндагі заң щеңберіндегі,
шаруашылық және басқадай қажет қызметтің бұл ашық, заңды формасы кылмыстық
жолмен алынған ақша қаражатын тазаргуға пайдаланылады.1
Басқадай экономикалық қызмет дагеніміз, мүлікті, оның ішінде, ақша
қаражатын пайдаланумен байланысты, бірақ коммерциялык мақсатты көздемейтін
кез- келген қызмет.
Белгілі бір экономикалык міндетті орындау мақсатында ақша қаражатымен
жасалған операция аяқталғанда емес, бұл қаражаттың кез-келген қозғалысында,
оның ішінде заңсыз иемденген мүлікті тазарту мақсатындағы мәмілені жүзеге
асыру барысынды бұл іс-әрекетті аяқталган деп санауға болады.
Субьективтік жағы. Кінәнің формасы қасақана жасағандық. Ең басты
максаты тек табыс табу болып саналатын адамдарды қылмыстық жауапкершілік
деп босатуға болмайды. Олардың пайдаланудагы заңсыз екендігі белгілі-бір
ақша қаражатының шыққан тегіне немқұрайлы қарау жанама ниеттің көрініс
табуы болып табылады. Саралау үшін себеп пен мақсаттың маңызы жоқ.
ҚК тің 193-бабының екі бөлігі мынадай ауырлататын мән жайларды
қарастырады;
Егер қылмысты;
1) адамдар тобының алдын ала сөзбайласуы бойынша
2) әлденеше рет
3) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған болса.
Қызмет бабын пайдалану дагеніміз - мемлекеттік билік органының
лауазымды адамының, мемлекеттік қызметкердің немесе жергілікті өзін-өзі
баскару органы кызметкерінің сондай-ақ комерциялық және басқа мекемеге
баскарушылық міндет атқаратын адамныц заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын
немесе мүлікті заңдастыруы.
Қызмет бабында берілген өкілеттік олардың қылмыстық жолмен тапқан
мүлікті заңдастыруын жеңілдетеді.
Қылмыстың субьектісі - жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Заңсыз жолмен табылған ақша қаражаты немесе басқадай мүлік нақты
кімнің карамағында болса, сол адам жауапкершілік көтереді.
Жарнамада жарнама берушінің пайдакүнемдік ниетпен жасаған және ірі
зиян келтірген тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ
оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрінеу
жалған ақпаратты пайдалануы-көрінеу жалған беру деп танылып, ол үшін
қылмыстық кодекістің 198 бабында жауаптылык белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі-экономикалық қызмет субъектілерінің адал
бәсекелестігін реттейтін қоғамдық қатынастар.
Объективтік жағынан қылмыс құрамы іс-әрекет пен заңда көрсетілген
зардаптың болуымен және іс-әрекет пен зардап арасындағы себепті байланыстың
болуы арқылы сипатталады.
Жарнама дегеніміз тауардың құны немесе басқа да қызмет көрсетудің,
оларға деген сұранысты туғызудың шарттары туралы ақпарат болып табылады.
Бұл қылмыстың объективтік жағы - жарнамада жарнама берушінің
пайдакүнемдік ниетпен тауарлар, жұмыстар немесс қызмет көрсетулерге, сондай-
ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты жалған
ақпаратты пайдалануы арқылы жасалады. Мысалы; тауардың сапасы туралы, жұмыс
немесе қызмет көрсету-олардың адамдар және жануарлар дүниесіне
қауіпсіздігі, тауардың дайындаушылары, жасалған орны, тауар белгісі туралы
жалған ақпараттар беру.
Мұндай іс-әрекеттерімен күрес жүргізу тұтынушылар құқығын қорғау
ассоциациасы арқылы жүзеге асырылады. Егер жоғарыда айтылған ақпараттарға
көрінеу жалған мәліметтер берілсе, онда оның таратылуы осы кылмыстың
объективтік жағының белгісін құрайды.
Көрінеу жалған жарнама беру үшін қылмыстық жауапталык тек қана ірі
зиян келтірілген жағдайда орын алады. Құрылысы жағынан қылмыс құрамы
материалдық. Субьективтік жағынан қылмыс тікелей қасаканалықпен және
пайдакүнемдік мақсатпен істеледі.
Көрінеу жалған жарнама берген кінәлі адам өзінің жарнамада тауарларға,
жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ оларды
өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрінеу жалған
ақпарат пайдаланғанын сезеді, тұтынушыларға және баскаларға ірі зиян келуі
мүмкін екенін немесе мұндай зиян сөзсіз болатынын алдын-ала болжайды, бірақ
пайда күнемдік максатымен соның болуын тілейді.1
Егер мұндай жарнама абайсыздықпен таратылса, онда іс әрекет кылмыс
емес болып табылып, жауаптылык азаматтық құқык нормасы арқылы реттейді.
Қылмыстың субьектісі кәсіпкер, жарнама қызметін жүзеге асыратын
жетекші немесе оны жүзеге асырушы.
Нарықтық қатынасқа көшу, бәсекенің дамуы экономикалық, коммерциялық,
техналогиялық ақпараттарды мұқият корғауды талап етеді. Акпараттар шын және
жасырын болған жағдайда ғана нағыз байлық болып есептеледі.
Өнеркәсіптік құпияға тиісті құқылық интелектуальдык өнімге деген
кұкыктың оның өндірушіге ғана тиісті екендігіне негізделген. Ақпаратты
корғау -- мемлекеттік ұйымның, жеке адамның маңызды да ешкім ала алмайтын
құкығы.
Дамыған елдерде кұпияландырылған ақпараттардың 50%-не дейінгі
өнеркәсіптік және коммерциялык құпиялар болып табылады. Өнеркәсіп
құпиялылығы интелектуальдық меншіктің көріністерінің бірі.
Сондықтан да мемлекет құпиялау керек екенін көрсетуге тиіс емес, бірак
құқықты корғауға және оның мемлекет мүддесіне қайшы келмеуін бақылауға
тиіс.
Қылмыстың тікелей обьектісі коммерциялык немесе банктік
құпиялалардың қорғалуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Қылмыс заты коммерциялык немесе банктік кұпия.
Коммерциялык құпия дагеніміз -- өзінің үшінші
адамға белгісіздігімен құнды, оны еркін алуға болмайтындығы заңға
негізделген және иесі оның жасырындығын қорғау үшін шара қолданатын
ақпарат.
Банктік құпияда депозиторлар есебінің бар екендігі, оның иесі және
нөмірі, банк клиенттері мен корреспонденттері туралы, осы есептердегі және
банктің өз есебіндегі ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы, банк
операциялары туралы, шкафтарында және жайларында сақтауда тұрған
мүліктердің бар екендігі, оның иесі штаты және құны жайындағы деректкр
болады.
Банктік құпия тек есеп иесіне есеп иесініц банкте тікелей катысуымен
берілген жазбаша келісім бойынша кез-келген үшінші адамға, сонымен қатар ,
заңда қарастырылған жағдайларда, өкімет өкіліне ғана жария етіледі.
АҚШ та жеке өнеркәсіптің техникалық және технологиялық жетістіктерінің
басым көпшілігі өндіріс құпиясы ретнде қорғалады. Бұл түсінікке бәсекелік
күресте басымдылықты қамтамасыз ететін, заңмен немесе патентпен
қорғалмаған, фирма қорғамайтын сол фирманың техникалық, техналогиялык,
ұйымдық және әкімшілік жетістіктері кіреді.
Мұндай құпиялары бар фирмалық құжатнамаларға компания құпиясы немесе
компания кызметкерлері үшін құпиялы гриф тағылады. Бұл текті барлық
ақпараттар мұнда тауар ретінде қаралады, олардың белгіленген құны болады,
сондықтан да оның интеллектуалдык тегі ескеріліп, жеке меншікті қорғау
туралы заң бойынша күзетке алынады.
Америка заңгерлері өндіріс кұпиясы терминіне мейлінше толық анықтама
алмады, сондыктан да АҚШ конгресі 1960 жылы тиісті ұлттық заң қабылдау
әрекетінен бас тартты. Дегенмен мұндай заңдар елдіц 22 штатында, жергілікті
заң актілері аясында бар.
Америка фирмалары өздерінің өндірістік құпиялаларын корғауға міндетті
түрдс шара қолданулары тиіс акпараттады басшылықтың қолына жинақтауға,
қызметкерді жалдағанда олардың жұмыс істеген кезде де, жұмыстан шыкканда да
қызметтік ақпараттарды жария етпеуін шартқа кіргізуге, фирма сатылған
жағдайда да құпияны корғау кепілдігін көрсетуге тиіс.
Германияда да арам ниетті бәсекелік туралы заң бар, онда коммерциялық
немесе өндірістік құпияны бөгде адамға хабарлағаны үшін, мұндай
құпиялаларды білуге талпыныс жасағаны үшін жауаптылық көзделген.
Коммерциялық құпияға,заң, фирма-ұйымдардың сауда қаты-настарына,
қаражат айналымының көлеміне, өткізу рыногының жағдайына, дайыдап берушілер
мен тұтынушылардың банктік операцияларына қатысты мәліметтерді жатқызады.
Өндірістік кұпияға өнім өндіру тәсілдері, техналогия, еңбекті
ұйымдастыру, техникалық жаңалықтар мен ашылымдар, зерттеу жұмыстарының
сипаты мақсаты жайындағы мәләметтер жатады.
Қылмыстың обьективтік жағы құжаттарды ұрлау, комерциялық немесе
банктік құпияны білетін адамды немесе оның жақындарын сатып алу немесе
қоркыту, байланыс құралдарын ұстап қалу, арнайы техникалық құралдарды
пайдалану жолымен, сондай-ақ заңсыз тәсілдер мен тиісті мәліметтерді жинау.
Қылмыста формальдық құрам бар және ол коммерциялық немесе банктік
құпия болып табылатын мәліметтерді жинай бастаған кезде аяқталған деп
танылады.
Қылмыстың субьективтік жағы - тікелей ниетпен сипатталады.
Субьект - жалпы жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Қылмыстық кодекстің 200 бабының 2 бөлігі коммерциялық нсмесе банктік
кұпияны құрайтын мәліметтерді олардың иесінің келісімінсіз, бұл құпия
қызметіне немесе жұмысына байланысты сеніп тапсырылған адамның пайда
күнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесіне жария еткені немесе
пайдалынылғаны үшін жауаптылық жүктейді.
Жария ету дегеніміз коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын
мәліметтерді заңсыз таратудың әртүрлі тәсілдері, нәтижесінде, олардың
иесінің келісімінсіз бұл құпиялар білуге тиіс емес адамға белгілі болады.
Мұндай мәліметтерді пайдалану дегеніміз сол мәліметтерді коммерциялық
немесе банктік құпияның иесіне зиян келтіре алатын кез келген қызмет үшін
пайдалану.
Осы мәліметтерді жария етудің немесе пайдаланудың нәтижесінде ірі зиян
келуі мүмкін. Қылмыстың құрамы материалдык, ол зиян келген кезден бастап
аяқталды деп саналады, ондай зиянға мүліктік залал, клиенттерінің сенімін
жоғалту, өндірістік көрсеткіштердің төмендеуі, банкроттықтағы басқа жатады.
Қылмыстың субьективтік жағы кінәсінің қасақаналық формасымен
сипатталады. Қылмыс жасаудың себебі - бас пайда немесе басқадай жеке бастың
мүддесі. Оған іштарлық, кек, бәсекеден құтылу әрекеті тағы басқа жатады.
Қылмыстың субьектісі қызмет немесе жұмыс бойынша
коммерциялық немесе банк құпия сеніп тапсырылған адам.
1.3. Банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттердің нысаны

Бұл қылмыстың тікелей обьектісі банкроттық процесін жүзеге асыруға
байланысты туындайтын қоғамдык қатынастар.
Қылмыстың қосыша обьектісі немесе берушілердің мүліктік мүдделері.
Қылмыс заты мүлік, мүліктік міндеттеме, мүлік туралы
мәліметтер, мүлік туралы басқадай ақпарат, бухгалтерлік және ұйымның
борышқордың немесе жеке кәсіпкер борышқордың экономикалық
қызметі көрініс табатын басқадай есептік құжаттар.
Бұл қылмыстың обьективтік жағы мынадай әрекеттерден көрініс
табады:
1) мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік,оның мөлшері,
туған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы басқадай ақпаратты
жасыру;
2) мүлікті басқаның иелігіне беру;
3) мүлікті иеліктен шығару;
4) мүлікті жою;
5) экономикалық кызметі көрініс табатын бухгалтерлік және
басқада есеп кұжаттарын жасыру, жою, бұрмалау.
Қылмыс құрамының элементінің міндетті нысаны кылмыс жасалған дағыдай.
Бұл банкроттық немесе банкроттықтың болатынын алдын ала білу жағдайы.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 52-бабына және
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Баңкроттық туралы
Заңның 1-бабына сәйкес, банкроттық туралы мәлімет бұл сот шешімімен
танылған, борышқорды тартуға негіз болатын оның шамасының жоқтығы.
Банкроттыктың негізі шамасы, жоктың, яғни жеке кәсіпкер немесе заңды
тұлға борышқордың еңбек шарты бойынша есеп ажырату, ақшалык міндеттемелер
бойынша несие берушілер талабын қанағаттандыру, сондай-ақ бюджетке және
бюджеттен тыс қорғауға міндетті төлемдерді қамтамасыз етуге кабілетсіздігі
(Қазакстан Республикасының Азаматтык кодексінің 52-бабының 2-болігі және
Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы).
Борышқорды банкрот деп танығаннан кейін немесе берушілердің талаптарын
канағаттандыру және банкротты борышқордан бос деп жариялау мақсатында
конкрустық іс - процедура жүзеге асырылады. Бұл қылмыстың обьектівтік
жағын құрайтын әрекет не конкрустың іс процесінде, не борышқордың
банқроттығын конкрус бойынша тану немесе жариялау процесінде, сондай-ақ
борышқорды банкрот деп танығанға дейін, яғни банкроттықтың алдында
жасалынуы мүмкін.1
Өзінің құрылымы жағынан бұл құрам материалдық мөлшері Қылмыстық
кодекстің 189-бабында берілген ескертуде белгіленген ірі зиян келтірген
кезден бастап қылмыс аякталған болып саналады.
Бұл қылмыстың субьективтік жағы - не тіке, не жанама ниет түрінде
кінә. Айыпты адам банкроттық кезінде немесе оның алдында заңсыз жасап
отырғанын түсінеді, несие берушілерге ірі зиян келтіруі мүмкін екенін алдын
ала біледі және оның болуын қалайды немесе біле тұра оған жол береді не
немкұрайлы карайды.
Бұл кылмыстың субьектісі басшы, борышқор ұйымның иесі, жеке кәсәпкер.
Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес басшы, борышқор ұйымның иесі жеке
кәсәпкер, өзінің шамасыз екендігін біле тұра және де өзі ірі зиян шектірген
басқа несие берушілерге тиістігіне карамастан, кейбір несие берушілердің
мүліктік талабын заңсыз қанағаттындырса, бұл қылмыстың сараланған нысаны
болып табылады.
Қазакстан Республикасының Банкроттық туралы заңына сәйкес несие
берушілердің банкротка қойған талабын қанағаттандыруды, конкрустық істі
жүргізу үшін белгіленген тәртіпте тағайындалған адам конкрустың жетекшісі
жүзеге асырады. Заңның 72-бабында бес кезек белгіленген. Әр кезктің талабы
алдыңғы кезектің талабы толық қанағаттандырылғаннан соң қанағаттандырылады
(75-баптыц 1-бөлігі). Қарастырылып отырған кылмысты жасағанда бұл тәртіп
сақталмайды.1
Бұл қылмыста материалдық құрам бар, яғни ол ірі зиян келтіргсн кезден
бастап аяқталған болып саналады.
Бұл қылмыстың тікелей обьектісі банкроттық процсссін іске асырумен
байланысты туындайтын қоғамдык катынастар.
Қарастырылып отырған кылмыстың обьективтік жағы төлем қабілетсіздігін
жасау немесе ұлғайту түріндегі белсенді әрекеттер, ірі зиян түріндегі
қоғамға қауіпті салдарлар және әрекет пен салдар арасындағы себептік
байланыс.
Қазақстан Республикасының Банкроттық туралы Заңның I-бабына сәйкес,
борышқор мүлкін иемденушінің немесе борышқор занды тұлға органдарының өз
мүдделері немесе басқа адамдардың мүдделері үшін борышқорды касақана төлем
қабілетінен айыру - әдейі банкроттық деп танылады. Әдейі банкроттыктың
негізгі нышандары төлсм қабілетсіздігі, яғни орындау мерзімі келген ақшалық
міндеттемслерді және ақшалық сипаттағы баска талаптарды орындауға
борышқордың қабілетсіздігі.
Бұл кылмыстың құрамы материалдық ірі зиян келтіргсн немесе басқадай
ауыр зардап шеккен кезден бастап қылмыс аякталған болып саналады.
Қылмыстың субьективтік жағы тікелей немесе жанама ниет
түріндегі кінә. Төлем кабілетсіздігін жасағанын немесе ұлғайтканын айыпкер
біледі, ірі зиянның немесе басқа ауыр зардаптың боларын алдын ала болжайды,
бұл салдардың болуын қалайды не оған әдейі жол береді немесе оған
немқұрайды карайды.
Субьективтік жақтың міндетті нысаны себеп. Айыпкер бұл кылмысты өз
мүддесіне немесе басқа адамның мүддесі үшін жасайды.
Қылмыстың субьектісі жасы 16-ға толған басшы, коммерциялык ұйымның
иесі ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды тергеудің өзекті мәселелері
Экономикалық қылмыстарды зерттеу
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар туралы
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар жайында
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар жайлы
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь