Кристаллдағы байланыстың түрлері



1. Ионды байланыс.
2. Ковалентті байланыс.
3. Металды байланыс.
4. Ван.дер.Ваальсті типті байланыс.
5. Сутектік типті байланыс.
Кристалдар құрылымындағы бөлшектері аралығындағы өзара әсерлесуі арқасында тұрақты күй орналасқан кезде кристалл пайда болады, тұрақты күйге минимальды потенциалдық энергия сәйкес келеді. Ондай кристалдардағы бөлшектерге атомдар, иондар немесе молекулалар жатады. Тұрақты кристалдық құрылым пайда болу үшін кристалды құрайтын бөлшектердің арасында екі түрлі күш болуы керек, олар бірін-бірі тартатын күш және бірін-бірі тебетін күштер. Кристалдағы атомдарды (иондарды) байланыстыратын күштерді толығымен электр күштері деп айтуға болады; магниттік әсерлесу күшінің үлесі шамалы, ал гравитациялық күшті ескермесе де болады. Атомдарды біріне-бірін жақындатқанда, араларында химиялық байланыс пайда болады, олардың пайда болуы атомдардың әсерлесуінің арқасында болады. Қазіргі кезде кристалдар атомдары арасындағы күштер түрін ионды (гетерополярлық), ковалентті (гомеополярлық), металдық, Ван-дер-вальстық түрлеріне бөледі. Сонымен қатар, тағы бір сутегі байланысты деп аталатын арнайы күш түрі бар.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Кристаллдағы байланыстың түрлері.

Жоспары:

1. Ионды байланыс.

2. Ковалентті байланыс.

3. Металды байланыс.

4. Ван-дер-Ваальсті типті байланыс.

5. Сутектік типті байланыс.

Кристалдар құрылымындағы бөлшектері аралығындағы өзара әсерлесуі арқасында тұрақты күй орналасқан кезде кристалл пайда болады, тұрақты күйге минимальды потенциалдық энергия сәйкес келеді. Ондай кристалдардағы бөлшектерге атомдар, иондар немесе молекулалар жатады. Тұрақты кристалдық құрылым пайда болу үшін кристалды құрайтын бөлшектердің арасында екі түрлі күш болуы керек, олар бірін-бірі тартатын күш және бірін-бірі тебетін күштер. Кристалдағы атомдарды (иондарды) байланыстыратын күштерді толығымен электр күштері деп айтуға болады; магниттік әсерлесу күшінің үлесі шамалы, ал гравитациялық күшті ескермесе де болады. Атомдарды біріне-бірін жақындатқанда, араларында химиялық байланыс пайда болады, олардың пайда болуы атомдардың әсерлесуінің арқасында болады. Қазіргі кезде кристалдар атомдары арасындағы күштер түрін ионды (гетерополярлық), ковалентті (гомеополярлық), металдық, Ван-дер-вальстық түрлеріне бөледі. Сонымен қатар, тағы бір сутегі байланысты деп аталатын арнайы күш түрі бар. Байланыстың бірінші үш түрі (ионды, ковалентті, металды) кейінгі екі түріне (ван-дер-вальс, сутегі) қарағанда өте күшті (үлкен) мәнге ие. Күштерді мұндай түрлерге бөлу, әсіресе бірінші үш түрге бөлу белгілі мөлшерде шартты болып есептеледі.

Ионды типті байланыс аз бағытталған болады және олар әр түрлі зарядталған иондардың өзара электростатикалық әсерлесуінен пайда болады. Әрбір ион қарама-қарсы зарядталған максималды иондар санымен қоршалған болады. Мұндай байланысқа ие кристалдар орташа және салыстырмалы жоғары координациялық санға (6 және 8) ие болуымен және көбінесе иондары тығыз орналасуымен сипатталады. Құрылымы ионды байланысы бар кристалдарға галагенидтер, оксидтер, силикаттар, көптеген халькогенидтер және органикалық емес кислота тұздары (соли неорганических кислот) жатады.

Коваленттік байланыс қосарланған (жалпыланған) электрондардың арқасында пайда болады, яғни спиндері қарама-қарсы екі валенттік электрондар бір мезгілде (бірденнен) екі атомдардың электрондары болудың арқасында болады. Бұл байланыс кеңістікте бағытталған болады. Коваленттік байланысы бар кристалдарда координациялық сан кіші мәнге иелігімен сипатталады. Координациялық санның шамасы Юм-Розери ережесі бойынша анықталады, яғни 8-N ережесі, мұндаңы N – берілген элементтің периодтық жүйедегі топ саны тығыз орналасу қасиетіне ие емес.

Коваленттік байланыс арқылы пайда болған қосынды (кристалл, зат, дене) көбінесе Менделеев кестесіндегі төртінші топтағы элементтердің және соған жақын топтардағы элементтер арасында пайда болады. Коваленттік байланыс өте мықты (күшті) болғандықтан, бұл қосындыдан пайда болған кристалдардың қаттылығы, серпімділігі, балқу температурасы жоғары болады. Ковалентті кристалдар жартылай өткізгіш немесе диэлектрик болып келеді.

Классикалық коваленттік кристалдарға алмаз мысал бола алады. Бұл кристалл таза коваленттік кристалдарда (сирек кездесетін кристалдардан басқа) коваленттік байланыстан басқа қосымша байланыстар да (ионды, металдық немесе ван-дер-вальстық) орын алады.

Металдық байланыс барлық атомдардың валентті электрондарының жалпылануынан (коллективизациялануынан) пайда болады. Бұл жалпыланған валентті электрондар белгілі бір атоммен байланыста болмай, кристалдың барлық көлемінде қозғалу мүмкіндігіне ие. Барлық валентті электрондар өздерінше электронды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Факультатив курстардың маңызы
Кристалдық торлар
Жартылай өткізгіштер
Оптикалық кванттық генератор
Материалдың қаттылығын өлшеу әдістері
Лазер сәулесін беретін аспап
Жоғарғы сипаттағы фулерендердің физикалық және химиялық ерекшеліктері, ғылымда және техникада қолданылуы
Поляризацияланған жарық алу
Жарық сәуле шығаратын құрылым – ғылыми прогресс. Нанокомпозиттерді алу және зерттеу әдістері
Аналогты-цифрлық түрлендіргіш және цифрлы-аналогтық түрлендіргіш
Пәндер