Жерге заттық құқық



1. Жерге заттық құқық
2. Табиғи ресурстар және оларға заттық құқықтар ұғымы
Пайдаланылған әдебиеттер
ҚР АК-ның 195-бабының 1-тармағына және жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы жарлықтың 2-бабына сәйкес, жерге құқықтың ішінен меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, сервитуттар заттық құқықтарға жатады. Заң дактринасында жер учаскісіне заттық құқықтарға, жоғарыда аталғандардың басқа, әдебиетте кепілді, сенімгерлікпен басқару құқығын жатқызады. Біз, жер учаскілеріне оралымды басқару құқығының туындауы мүмкін деп ойлаймыз. Мұндай құқыққа, әсіресе, ғимараттары мен құрылыстары өздеріне оралымды басқару құқығында тиесілі мемлекеттік емес мекемелер мұқтаж болып отыр. Жер учаскісіне шектелген өзгедей заттық құқықтар ( тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы) мемлекеттік меншік құқығынан туынды құқықтар болып табылады, ал мемлекеттік емес мекеме құқығы құрылтайшылардың жеке меншік құқығынан туынды болуға тиіс.
1. ҚР Конституциясы, 30 тамыз 1995 (барлық енгізілген өзгерістері және қосымшаларымен қоса 2007 ж. 21 мамыр // СПС Юрист
2. Гражданское право РК. Учебник./ Под ред. Басина Ю.Г., Сулейменова М.К. Часть1.Алматы. 2002г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Жерге заттық құқық
Табиғи ресурстар және оларға заттық құқықтар ұғымы
Пайдаланылған әдебиеттер

Жерге заттық құқық
 ҚР АК-ның 195-бабының 1-тармағына және жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы жарлықтың 2-бабына сәйкес, жерге құқықтың ішінен меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, сервитуттар заттық құқықтарға жатады. Заң дактринасында жер учаскісіне заттық құқықтарға, жоғарыда аталғандардың басқа, әдебиетте кепілді, сенімгерлікпен басқару құқығын жатқызады. Біз, жер учаскілеріне оралымды басқару құқығының туындауы мүмкін деп ойлаймыз. Мұндай құқыққа, әсіресе, ғимараттары мен құрылыстары өздеріне оралымды басқару құқығында тиесілі мемлекеттік емес мекемелер мұқтаж болып отыр. Жер учаскісіне шектелген өзгедей заттық құқықтар ( тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы) мемлекеттік меншік құқығынан туынды құқықтар болып табылады, ал мемлекеттік емес мекеме құқығы құрылтайшылардың жеке меншік құқығынан туынды болуға тиіс. Оралымды басқару құқығы осындай конструкцияға жатады. Бірақ, қазіргі күшіндегі жер заңнамасы жер учаскелерін оралымды басқару құқығының обьектілері деп танымайды.
Барлық көрсетілген құқықтардың обьектісі- жер учаскелері. Заттық құқықтар дара белгілерімен анықталатың заттарға туындайды. Баяндалғандарға жүгінсек, жер учаскесіне заттық құқықтың туындауынын алғы шарты-обьектіні қалыптастыру болып табылады. Жер учаскелерін құқықтық қатынастардың обьектілері ретінде жеке даралау қазіргі уақытта оларға кадастірлік нөмерлерін беру,шекараларын, тұрғвн жерін анықтау, санатын және мақсатты арналымын белгілеу және басқа параметрлер арқылы жүзеге асырылады. Жер учаскесін сәйкестендіру оның қажетті нышандарын жер және құқық кадастрларына, сонлай-ақ құқық куәландыратын құжаттарға (меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актілерге, т.б ) енгізу арқылы жүзеге асырылады.Жер учаскелеріне құқықты куәландыратын, ҚР Үкіметінің қаулыларымен бекітілетін құжаттардың қазіргі, күшіндегі формаларында, негізінен, жер учаскісінін жер және құқық кадастрын жүргізу үшін қажетті сәйкестендіруші нышандар бар.
Қазіргі кезде құқық куәландыратын құжаттардың ( жерді өмірбақи мұралықпен иелену құқығына, тұрақты пайдалану құқығына) ескі формалары қолданылуда, олар ҚР Жер кодексінің ( ары қарай-ҚР Жер кодексі) 170-бабының 9-тармағына сәйкес зандық күшін жоғалтқан жоқ. Бірақ, мұндай құжаттар жер учаскесін жылжымайтын мүлік обьектісі ретінде толықтай сәйкестендіруге мүмкіндік бермейді, себебі оларда кадастр нөмері, жердің санаты, жер уяаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі туралы деректер көрсетілмеген. Соған байланысты жер және құқық кадастрларын жүргізу жөніндегі органдармен мұндай құжаттардағы жетіспейтін ақпаратты не оларға қосымша ақпарат енгізу не оларды құжаттардың жаңа формаларына алмастыру арқылы толықтыру процедурасы келісілген. Мұндай құжаттарды алмастыру жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Соған байланысты, актілердің ескі формаларының заңдық күшін жоғалтпағанына қарамастан, құжаттарды актілердің жаңа формасына алмастырмай онда бекімін тапқан құқықтың кейбір жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін емес.
Заңнаманың дамуының әртүрлі кезеңдерінде оның жер учаскелерінің параметрлерін анықтайтын құқықтық режимі өзгеріп отырды.Мүмкін,жаңа сәйкестендіруші нышандарды еңгізумен немесе ескілерін алып тастаумен байланысты алдағы өзгерістер бұрын берілген құжаттардың заңдық күшіне,құқық және жер кадастрларын толтыруға қатысты проблемелар тудырар.Осы баяндалғандарға байланысты жер және құқық кадастрлары арасында әрбір жағдайда бұрын берілген құқықты куәландыратын құжатты жаңағы алмастыруды қажет етпейтін,ақпарат алмасудың икемді жүйесін орнату керек.
Қ.Р заңнамасында,белгіленген тәртіппен жер қатынастары субектілеріне бекітіліп берілетін,тұйық шекара ішіндегі бөлінген жер бөлігі болып табылатын жер участігі ұғымынан басқа (ҚР  Жер кодексінің ) жер деген ұғым бар. Осыған байланысты осы ұғымдардың ара қатынасы және бұл нысандарға заттық құқыққа ие бола алатын субьектілер туралы мәселе туындайды.Жер кодексінде берілген анықтамаға сәйкес,Жер дегеніміз – шегінде Қ.Р егемендігі, табиғи ресурс, жалпыға бірдей өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі орнатылатын аумақтық кеңістік. Жер және жер учаскесі ұғымдарының ара қатынасы тек пен түр сияқты деп ойлаймыз.Ал, жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының обьектілері тек жер учаскілері бола алады.Қалған жер,біздің пікірімізше,мемлекеттік менщік обьектісі бола алады. Мұндай тұжырым жеке меншікте емес жерге мемлекеттік меншік құқығы презумпциясы принципінен шығады (Жер кодексінің 26-бабының 1-тармағы). Мемлекет меншігіндегі жерлер жер учаскелеріне бөлінуі немесе бөлінбеуі мүмкін. Жерді жеке меншікке немесе жер пайдалануға беру әрқашанда жер учаскелерін құру арқылы бщлады. Осыған байланысты мынандай сұрақ туындайды – таратылып берілмеген мемлекеттік жерлер жеке дара  анықталған заттар болып табыла ма, себебі оларда кадастр нөмірлері жоқ, олардың шекаралары, көлемі анықталмаған, т.б. Бұл көрсетілген жағдайларда жерді мемлекеттік меншік құқығының обьектісі ретінде жекелеу өзгедей белгілерімен анықталатыны рас. Атап айтқанда, бұл мемлекеттін шекаралары, жер кадастырынын жер – кадастрлық негізі, онда жерлер санаттар, жер бонитеті және басқа параметрлер бойынша бөлінген. Мемлекеттердің шекаралары бір мемлекеттің аумағын екінші мемлекеттің аумағынан бөлуге мүмкіндік береді. Қазақстанда, сол шекараның шегіндегі жеке меншік емес жерлердің барлығы мемлекет меншігі деп танылады.
Бұл айтылғандар заттық құқық обьектілерінің әрқашанда жеке даралануы тиіс екендігін растайды.
Жер учаскелеріне заттық құқыққа, жоғарыда аталып өткендей, меншік құқығы, тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы жатады.Олардың әрқайсын бөлек қарастырайық.
Қазақстан заңнамасы жерге (жер учаскесіне) меммлекеттік және жеке меншік болуына жол береді.Жеке меншік институтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге меншік құқығы: түсінігі, түрлері, жүзеге асыру тәртібі
Сервитут заттық құқық ретінде
Жерге меншік құқығының жалпы сипаттамасы
Жерге меншік құқығы
Азаматтық құқықтағы заттық құқықтар
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Қазақстан Республикасындағы жерлерге меншік қатынастарын құқықтық реттеу
Заттық құқықтың ұғымы
Жер құқығының жалпы түсінігі
Заттық қуқықтың түрлері
Пәндер