Феодалдардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптары


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Феодалдардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптары

2. Феодалдық әскер басшылар

3. Феодалдардың замогы

4. Германия жерлерінің мемлекеттік-саяси даму ерекшеліктері.

5. Герман рыцарьлары.

6. Еркін қалалар

7. Германиядағы шіркеу орталықтарының жағдайы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Феодалдық құрылыстың тағы бір ерекшелігі -феодалдар атақ-лауазымы бойынша бірнеше сатыға бөлінді. Ол бөліну тарихта феодалдық саты деп аталды. Ең жоғарғы баспалдақта басты феодал - королъ тұрды. Ол жоғарғы сот және әскердің қолбасшысы міндеттерін де атқарды. Келесі баспалдақта корольдің бағыныштылары герцогтер мен графтар болды. Герцогтер мен графтардың қол астына жүздеген деревнялар қарады. Олардың билігінде үлкен өскер отряды болды. Графтардан кейінгі баспалдақта олардың бағыныштылары - барондар мен виконттар түрды. Олар жиырма-отыз деревняны басқарып, сол деревнялардан шағын әскер бөлімін жасақтауға мүмкіндік алды. Барондар ұсақ феодалдардың - рыцарълардыц мырзасы еді. Ал рыцарьлар әлі рыцарь атағын ала қоймаған қатардағы жауынгерлердің мырзасы атанды. Мырзалардың бір-біріне сатылы бағыныштылығы әр елде әр түрлі болды. Мысалы, Германияда феодалдық сатының баспалдақтарында тұрғандардың бәрі өздерін төменнен жоғары қарай корольге бағыныштымыз деп есептеді. Ал Францияда «менің бағыныштымның бағыныштысы маған бағынышты емес» деген қағиданы ұстанды. Бірақ барлық елдердегі феодалдық сатыға ортақ тәртіптер де болды. Ол - соғыс бола қалған күнде әр бағыныштының қажетті қару-жарағымен өз мырзасының қол астына барып сапқа тұру міндеті еді. Шаруалар феодалдық сатыға кірмеді. Сатыға тек феодалдар, яғни мырзалар мен бағыныштылар ғана кірді. Шаруалардың міндеті сатыдағы феодалдарды азық-түлік, киім-кешекпен қамтама-сыз ету болды. Сонымен, ІХ-Х ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде жер иеленушілер өздерінің меншігіндегі жер мөлшері, тәуелді адамдары мен әскери қызметкерлерінің саны бойынша жікке бөлінді. Сөйтіп феодалдардың белгілі бір дәрежеде бір-біріне бағыныштылық жүйесі құрылды. Феодалдық саты деп аталатын Бұл жүйе феодалдық қатынастарды нығайту мақсатына қызмет етті.

Феодалдардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптары

Феодалдар өз иеліктеріндегі шаруашылықты басқаратын ұйымдастырушылар болды. Жекелеген аймақтардың, елдердің қуаттылығы шаруалардың күнделікті тіршілігін басқаратын феодалдардың іскерліктеріне, ұйымдастырушылық қабілеттеріне байланысты еді. Халқы алдында беделі күшті, шебер басшы - феодалдардың шаруашылығы өркендеп, дами түсті. Феодалдар, әрине, өздері тікелей егін егіп, мал баққан жоқ. Бірақ шаруалардың жұмысты жақсы істеуін ұйымдастыру, бақылау да оңай емес еді. Феодалдар шаруалардың есебінен байып отырды, бірақ олар арамтамақ болған жоқ. Олар мырзалар мен олардың бағынышты шаруаларының, тіпті бүкіл елдің қамын ойлады. Әрине, феодалдардың арасында қулары мен сұмдары да болды. Бірақ елді, жерді адал, еңбекқор, іскер феодалдар көркейтті. Феодалдар тек шаруашылықты ұйымдастырушы ғана емес, шаруалар феодалдық сатыға кірмеді.

Феодалдық әскер басшылар

Феодалдық сатыда әскер басшылары да болды. Әскери іспен айналысатын феодалдар X ғасырдың аяғынан бастап рыцарьлар деп аталды. Рыцарь болу үшін үміткердің жер үлесі, яғни «феоды» болуы керек еді. Себебі, оның тікелей өндіріске араласудан бос болуы, жер үлесінен түсіп жаткан табысының есебінен әскерді қажетті ат пен ер-тұрман, қару-жарақпен өзі қамтамасыз етуі керек болатын. Рыцарьлардың басты кәсібі - соғыс. Сондықтан олардың барлық тұрмысы мен әдет-ғұрпы соғыс талаптары мен соған байланысты тәртіптерге бағындырылды. Рыцарь феодалдар дене күшін жоғары бағалап, өздерінің, балаларының күш-қуатын қалыптастыруға көп көңіл бөлді. Олар күн сайын әскери жаттығулар жасады. Әр түрлі сайыстар өткізіп тұрды. Бос уақыттарында феодалдар аң аулаумен айналысты. Рыцарьлар әрі мерген, әрі палуан болуы тиіс делінді. Сауыт киген рыцарь. Рыцарьлардың мінез-құлқының ережелері мен міндеттері олардың кодексінде (ережелер, көзқарастар, тәртіптер жинағы) тұжырымдалды. Ол бойынша рыцарьлар өз мырзасына адал болуға ант берді. Рыцарьлар соғыста батырлық пен ерліктің үлгісін көрсетуге тиісті болды. Кодекс бойынша рыцарьлар әлсіздер мен зәбір көрушілердің, христиан шіркеуінің қорғаушысы саналды. Рыцарьларда сұлу әйелге табыну салты болды. Рыцарьлар сайысы. Көтермелі көпірі бар қақпа. Франциядағы Куси замогы (жаңғыртпа) . Осман империясындағы «сипахилер», Жапониядағы «самурайлар» ортағасырлық Батыс Еуропадагы рыцарьлар іспетті болды. Кейін, XIV-XVI ғасырларда тұрақты армияның құрылуына, оқпен атылатын қарудың тарауына байланысты рыцарьлардың әскердегі рөлі азая бастады. Бірақ рыцарьлар біржола жойылып кеткен жоқ. Олар дворяндарға айналды.

Феодалдардың қамалы

Феодалдар мықты аула-бекінісі бар үйіне азық-түлік, киім-кешек, еңбек құрал-саймандары мен кару-жарақ қорын жинады. Табиғи апат, жұт, өрт зардаптарынан кейін әр шаруа осы қордан карызға көмек алып, қайтадан әл жиятын. Шаруалардың аштан өлуі немесе тамақ іздеп, қаңғырып кетуі феодалдарға тиімді болмады. Сондықтан феодалдар шаруалардың қамын ойлауға мүдделі еді. Феодалдардың аула-бекіністері (замогы) бір жағынан корғаныс қамалы, сыртқы жаулардың шабуылынан тығылатын қорғаны болды. Көптеген замоктар норман, араб және венгр шапқыншылықтарына байланысты салынды. Замоктар әдетте төңіректі жақсы бақылауға мүмкіндік беретін, қорғануға ыңғайлы өзен-дердің биік жағалауларына салынатын. Бекіністі айнала дуалдар соғылып, су толтырылатын орлар қазылды. Ор үстінен көтерме көпір салынды. Сөйтіп феодалдардың замоктары орта ғасырларда тек тұрғын үй, қамба, мал қорасы қызметін ғана емес, қорған, қамал қызметін де атқарды.

Германия жерлерінің мемлекеттік-саяси даму ерекшеліктері .

962 жылы Германия королі І Оттон Римді басып алды. Рим папасы оған тәж кигізіп, император деп жариялады. Германия империясының құрамына Солтүстік Италия да кірді. Аумағы кеңейген Германия корольдігі енді «Қасиетті Рим империясы» деп аталды. XI ғасырда Бургундия корольдігі мен Чехияның біраз жерін қосып алды.

XI ғасырдың ортасына қарай Германияда орын алған саяси бытыраңқылық біртіндеп күшейе түседі. Германиядағы ұсақ және орташа ауқатты жер иелері тікелей корольге емес, кінәздерге, герцогтерге бағынды. Ал кінәздер өз биліктерін нығайтып, бейбітшілік кезінде корольге тәуелді болмады.

1356 жылы император IV Карл «Алтынбулла» деген жарлығын жариялады. Ол бойынша императорлар жеті курфюрстердің (үш діни, төрт ақсүйек кінәздер) жиналысында сайланатын болды. Курфюрстер өздері сайлаған императорлардан кінәздердің дербестіктеріне араласпауын талап етті. «Алтын булла» Германияның саяси бытыраңқылығына заң жүзінде жағдай жасап берді.

Императорлардың қолында атқарушы аппарат болмады. Елдің жалпыға бірдей заң шығаратын, империялық қаржы мәселесімен айналысатын мекемелері қалыптаспады. Жергілікті кінәздердің дербестігі, орталық өкіметке тәуелсіз болуы Германияның саяси өмірінің басты ерекшелігіне айналды.

Германияның ірі қалалары экономикалық жағынан өзара бір-бірімен емес, қайта шетел орталықтарымен анағұрлым көбірек байланыста болды. Оңтүстік-шығыстағы қалалар Венециямен сауда-саттық жұмыстарын қызу жүргізді. Батыстағы қалалар сауда-саттық қарым-қатынастары жағынан Францияға және Фландрияға қарай бейімдеу тұрды. Солтүстіктегі қалалар Англиямен, Скандинавия және Балтық жағалауы елдерімен сауда-саттық жасады. Германия қалалары бірігуге ұмтыла қоймады. Неміс қалаларының шет елдермен экономикалық байланыстары өскен сайын олардың өзара ішкі қарым-катынастары нашарлай түсті.

Елдегі саяси бытыраңқылық Германияның экономикалық дамуына кедергі келтіре бастады. Ортағасырлық Германияда елдің саяси бытыраңқылығын жоюды көздейтін король өкіметі мен қалалардың арасындағы одақ қалыптаспады.

Герман рыцарьлары .

Германияның жергілікті кінәздерінің күшеюіне олардың Балтық жағалауындағы елдердің және славян халықтарының жерлерін басып алулары да себеп болды.

Ол халықтарға қарсы жасалған жорықтардың ең негізгі соғыс күші феодалдар - рыцарьлардан тұрды. Олар славян, Балтық жағалауы халықтарының жерлерін басып алып, оңай олжа таппақ болды.

Славяндардың лютич тайпасының жерін басып алу жорығын кінәз Альбрехт Медведь басқарды. Оның басып алған жерінде Бранденбург маркграфтығы құрылды. Берлин қаласы оның орталығы болды.

XIII ғасырда неміс рыцарьлары Латвияны, Эстонияның оңтүстік бөлігін, литвандық прус тайпасының жерлерін басып алды. 1237 жылы рыцарьлар Тевтон ордені деп аталған одақ құрды. Оның иеліктері Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын түгелге жуық камтыды. Бұл одақ өзінің жерін Орыс елінің есебінен ұлғайтуға әрекет жасады. Бірақ ол әрекеттері сәтсіздікке ұшырады.

Жаулап алынған Эльба сыртындағы жерлерде өзінің үстемдігін нығайту үшін неміс рыцарьлары неміс шаруаларын пайдаланды. Оларды басып алынған жерлерге жеңілдік шарттарымен қоныстандырды. Бұл шаруалардың бастарына азаттық берілді, олар алғашқы кезде салықтардан босатылды.

Германдық отарлау Эльба сыртындағы жерлер үшін пайдалы болды. Енді бұл жерде экономикалық өрлеу басталды. Егістік жердің көлемі артты. Жаңа қалалар пайда болды.

Еркін қалалар

Х-ХІ ғасырларда қолөнер кәсібінің ауыл шаруашылығынан бөлінуі нәтижесінде Германияда қалалар пайда болып, өсе бастады. Қалалар қолөнер мен сауда орталығына айналды. Қаланың орталығы әдетте сауда-саттық алаңы саналатын. Алаң маңында қала әкімшілігінің үйі - ратуша салынатын. Алаңның бір шетінде орталық шіркеу орналасты.

Ортағасырлық қалалар феодалдар жеріне салынатын, сол себепті ол лажсыздан феодал-мырзаларға бағынуға мәжбүр болатын. Қаладағы қолөнер кәсібі мен саудадан феодалға көп пайда түсетін. Қолөнершілер мен саудагерлерге феодалдың салығы көрер көзге зорлық еді. Сондықтан да қала тұрғындары феодалдарға қарсы күрес жүргізіп отырды. Ол күрестің нәтижесінде кейбір қалалар өзін-өзі басқару құқына қол жеткізді.

Германиядағы ХІІ-ХІІІ ғасырларда тәуелсіздікке қол жеткізген қалалар Любек, Гамбург, Бремен, Нюрнберг, Аусбург, Майндағы Франкфурт және басқалар болды. Өзін-өзі баскаратын қала-коммуналар да калыптасты. Ондай қалалардың өзіндік қалалық соты мен қалалық әскери жасақтары болды. Өзіндік қаржы жинау және өзара салық салу құқына иелік етті. Олар феодалға төлейтін салықтардан босатылды. Қалалық кеңес жинаған салық қала мүктаждығына, әкімшіліктің айлық ақысына жұмсалды.

Кейбір бай қалалар мырзадан өз тәуелсіздігін көп ақшаға сатып алатын. Қала тұрғындарының жеке басы тәуелсіз болатын. Ауылдарда күнін көре алмағандар және өз мырзаларынан қашқандар қалаға ағылатын. Олар «қаладағы ахуал бостандыққа жеткізеді» деп есептеді.

Ортағасырлық қалаларға қашып барған басыбайлы шаруаны иесі бір жылдан 1 - 2 күн асқанша таба алмаса, онан әрі қарай әлгі шаруа тәуелсіз болып саналатын. Енді ол шаруаны қожайынның өзіне қайтарып алуға құқығы болмайтын.

Қала құқығына қол салғысы келген кінәздермен, рыцарьлармен күрес тоқталмады. Билігі шектеулі император қалаларды кінәздердің зорлық-зомбылығынан, рыцарьлардың талан-таражға салуынан қорғай алмады. Император қалалардың сыртқы саудасына да көмектесе алмады. Сол себепті Германия калалары өз мүдделерін өздері қорғауға мәжбүр болды. Осы мақсатпен олар өзара одақтар құрды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте орта ғасырлардағы феодалдар
Ислам діні қазақ жерінде таралуы.Ислам дінінің әлеуметтік және негізгі бағыттары
Құқық туралы қалыптасқан теориялардың жалпы сипаттамасы
Ислам діні жайлы түсінік
Чехияның мемлекеті мен құқығы
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар
Әдет - ғұрып алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы
Мемлекетің құрылым нысаны
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
Феодалдық Англияның құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz