Қазақстанның шөлді аймақтары туралы


Жоспар Шөлдену процесінің негізгі себептері Қазақстанның шөлді аймақтары Шөлдену процесімен күресу жолдары

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Шөлдену процесінің негізгі себептері

Қазақстан территориясындағы шөлдену процесінің негізгі басты себептері табиғи да және антропогендік факторлар болып табылады. Негізгі табиғи факторлар: Республикамыздың физикалық-географиялық орны, контингент ішінде ішкерілей жатуы, Құрғақшылық климаты, су ресурстарының бірқалыпты таралмауы, кең көлемде құмды жерлердің (30 млн. гектар) және тұзды жерлердің (127 млн. гектар) орын алды. Жердің тозуына (деградация) сондай-ақ құрғақшылық та үлкен әсерін тигізеді. Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Табиғаттың өзгертуді қаламайтыны белгілі. Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді, өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады. Дүние жүзінде адам үшін қолайсыз экологиялық жағдай қалыптасқаны, экологиялық дағдарыс болып жатқандығы баршамызға мәлім. Мұндай жағдай бірден, бір жылда, тіпті он жылдың ішінде емес, бірте-бірте қалыптасады. Адам баласы әр уақытта табиғатқа белгілі бір деңгейде әсер етіп келеді.

ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми техникалық прогресс нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктері мен құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері табиғат ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қоры бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келеді, ол жер бетінің өзгеру ауқымы, дауылдар, су толқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға келді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи күрделі энергия мен зат алмасуды бұзды. Өнеркәсіптің дамуы табиғатқа тиетін әсер ауқымын кеңейтіп, пайдалы қазбаларды пайдалануды ұлғайтты және қоршаған ортаның ластануын күшейтті. Шөлденудің тағы бір белгісі шөптесін-топырақ жамылғысының жеткіліксіздігі және оның айналымы.

Қазақстандағы шөлденудің негізгі типтері:

- өсімдік жамылғысының деградациясы

  • су және жел топырақ эрозиясы
  • топырақтың сорлануы және дегумификация
  • топырақтың химиялық ластануы
  • жер асты және жер үсті суларының ластануы
  • жердің су режимінің және техногендік өзгеріске ұшырауы.

Соңғы он жылда шабындық жердің деграциялық жағдайға ұшырауы 10% -ға төмендеген. Қызылқұм, Мойынқұм, Сарыесік - Атырау және т. б. массивтердің деградацияға ұшырауы катастрофиялық жағдай туғызады.

Оңтүстік Алтай және Рудный ормандарында соңғы 40 жылда, орман ағаштарын өндіру 7% -ға, Зайлы Алатауы және Жоңғар Алатауында алма ағаштарының территориясы 24 %-ға қысқарған. Әсіресе өзен жағалауындағы орман алқаптары өте қатты деградацияға ұшырауда, топырақтағы ылғалдың азаюы, өзен сулары деңгейінің түсуі, азаюы тікелей әсер етуде. Қазақстанның далалық экожүйесіне тың жерді көп көлемде игеру де өзінің кері әсерін тигізді. Қазақстан Республикасының басқару агенттігінің 1 қараша 2004 жылғы мәліметтері бойынша, 188, 9 млн. гектар шабындық жердің 26, 6 млн. гектары деградацияға ұшырап, шөлдену процесі өте айқын байқалады.

Орманды дала және дала зонасының шабындық жерлері 34, 8 млн. гектар болатын болса, оның 5, 6 млн. гектары қатты деградацияға ұшыраған. Шабындық жерлердегі деградация процесі ұлғаю үстінде. Қазақстандағы шөлденудің жел эрозиясы шөл және шөлейт зоналарының ландшафтары қатты өзгеріске ұшырауда. Жер ресурстарын тиімді пайдалану, оны болашақ ұрпақтар үшін сақтау қажеттілігі әрбір қоғамның міндеті екенін Қазақстан халқына Жолдауында, жер реформаларына қатысты бас қосуларда баса айтылды. Шын мәнінде Қазақстанда ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің сапасы нашар. Қазақстанның барлық жерінің 222, 3 млн. гектары ауыл шаруашылығына лайық жерлер болса, оның 35, 6 млн. гектары егістікке, 186 млн. гектары табиғи жайылымдарды құрайды. Қазақстанның аумағы - климаты қатаң континентальді, ауыл-шаруашылығы егістеріне қолайсыз аймаққа да жатады. Көп жерлер су және жел эрозиясына ұшыраған.

Кез-келген организмнің төзімділік шегі болады. Егер төзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Мәселен қатты қуаңшылық жылдары өсімдіктердің құрып кетуі, ал су қоймаларының су қорының азаюы, пестицидтермен ластануы тіршілік көзінің жойылуына әкеп соқтырады. Құрлықта тіршілік ететін организмдер үшін су негізгі экологиялық фактор болып саналады. Құрлық жануарлары мен өсімдіктер ұдайы су тамшыларын сезінеді. Ылғал жыл мезгілінің маусымдары мен тәулік бойы да өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер организмдердің де маусымдық немесе тәуліктік тіршілік ырғағын туғызады. Шөл-шөлейті жерлерде кездесетін қызғалдақ, жауқазын, ботакөз. Осоктар өзінің вегатациялық дамуын небәрі 15-30 күннің ішінде аяқтайды. Ұзақ уақытқа созылған құрғақшылық өсімдіктердің кейбіреуінің тіршілігін жойып отырады. Осының әсерінен өсімдіктер мен жануарлар дүниесі белгілі бір табиғат кешенінің жойылуына немесе шөлейттену процесіне әкеп соғады. Мұндай жерлер қазірдің өзінде 87, 6 млн. га (а/ш арналған жердің 38%) болса, оның 22, 1 млн. га егістік жерлер алып жатыр. Сол сияқты 38, 7 млн. га жерлер құнарсыз жерлерге, 8, 4 млн. га құрғап кетуге, 2, 1 млн. га жерлер батпаққа айналып отыр. Аталған жерлердің өзгерістері айнала қоршаған ортаға тікелей немесе теріс ықпалын тигізеді.

Қазіргі кезде ауыл-шаруашылығы айналасындағы жерлердің 185, 6 мың. га бүлінсе, оның 76, 7 мың гектары істен шығып отыр. Бұл көрсеткіштер мен жерлердің айналымнан шығуы 1991 жылдан бері жылдам өсуде. Қазақстан жерінің сапасының төмендеуі тарихи жағдайларға байланысты болады. Мәселен 1953 жылдары басталған тың игеру науқаны, техногенді кешенді жұмыстардың жүргізілуі. Тың игеру кезінде 20 млн. га астам шабындық жер жойылып кетті. Агрохимия қызметкерлерінің мәліметі бойынша тың игеру кезіндегі 30 жылға созылған науқан топырақ қарашірігінің 25-30 %-ын жоғалтқан. Сонымен мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи биоценоз бұзылып, күрделі физикалық-химиялық су режимі, топырақ құрамы мен құрылысы түбегейлі өзгерістерге, анторпогендік қысымға ұшырады. Нәтижесінде жердің тарихы - табиғи біртұтастығы бүлініп топырақтың өздігінен тыңайып, қалпына келуі, тұрақтылығы өзгеріп су және жел эрозиясына қолайлы жағдай туғызды. Ботаника және топырақтану ғылыми-зерттеу институтының геоботаника ғалымдарының зерттеулері бойынша табиғи жайылымдардың сапасы 50-60 %-еа кеміп, 15 млн. га жайылымдық жерді арамшөп басқан және 27 млн. га жайылым эрозияға, ал 14 млн. га жер тақырланған. Республикамыздағы орманды дала және дала зонасының 34, 8 млн. гектар жайылым жерлері 5, 6 млн. гектарға жайылып дегредацияға ұшыраған. Жайылым жерлердің деградациялық тозу тенденциясы өсіп келеді. Қазақстандағы шабындықтардың көлемі 5, 0 млн. гектарды құрайды. Ол жерлердің де соңғы күндері азаюда.

Дала, шөлейтті және шөл зонасы топырағының жел эрозиясына ұшырауы шөлдену процесінің көлемін ұлғайтуда. Аймақтағы экологиялық проблемалардың масштабының ұлғаюына, жергілікті жерлердегі иерригациялық жағдайлар мен судың тапшылығы, суды тиімді пайдаланбау мәселелері тікелей әсер етуде. Су бағыттарының өзгеруінен Амудария, Сырдария және Іле өзендерінің ластануы қауіпті жағдайлар туғызуда. Өзен, көл суларының тартылуы, тұздануы табиғат кешендеріне өз ықпалын тигізіп отыр. Дегумификация процесі барлық жыртылған және жайылым жерлерде байқалады. Егістік жерлердегі топырақ құрамындағы гумустың азаюы, өзендердегі су деңгейінің төмендеуі, сол маңдағы территорияның шөлейттенуіне әкеп соқтырады. Егістік жерлердегі 0, 7 млн. га да гумустың азаюы анықталған.

Жер ресурсының Қазақстан Республикасы басқару агенттігінің мәліметі бойынша, сор және сортаң жерлер - 94, 9 млн гектарды - 42, 1 % құрайды. Топырақ эрозиясы 30, 5 млн. га - 13, 0 % Өзен немесе көл суларының бірден төмен түсуі немесе тартылып қалуы, жер асты сулары деңгейінің төмендеуі топырақ түзілуіндегі су режимінің өзгеруіне, топырақтың тозуына, шөлейттенуіне әкеп соқтырады. Кең көлемдегі жерасты суларының ластануы шөлейттену процесінің бір жақтары болып табылады. Химиялық өндіріс орындары, қала агломерацияларының көбеюі, үлкен көлемде жер жырту, кен өндіру жұмыстары да себеп болып отыр. Техногендік шөлейттену процесіне, улы заттардың таралуы, өндіріс орындарының зиянды қалдықтары тікелей әсер етеді. Қоршаған ортаның экожүйесіне қауіп төндіруде. Техногендік процестерге сондай-ақ автомобиль, темір жолдарын салу әсер етеді. Табиғат кешендерінің жойылуына мұнай және газ құбырларының, жоғары вольтті электро линиялардың жүргізілуі техногенді шөлейттенудің спецификалық формасына космостық территориялардың, әскери және ядролық сынақ полигондарының ұлғаюы, яғни қазіргі таңда республикамыздың территориялық 6 %-ын құрайды. Шөлдену процесінің негізгі бір белгісі биологиялық әртүрліліктің жойылуы. Антропогендік факторлардың әсерінен Республикамыздағы жануарлар дүниесі қатты өзгеріске ұшырады. Жер асты және топырақтағы микроорганизмдер фаунасы зиян шекті. Құстар мен т. б. жануарлар санының азаюына әкеліп соқтырды. Солтүстік облыста дала зонасының 80 %-ға жуығы жойылды. Мұндай жағдайлар республикамыздың таулы аймақтарында (Тян-Шань) да орын ала бастады. Әсіресе сирек кездесетін эндемиктердің жойылуы Тянь-Шаньда, Жоңғар Алатауы, Тарбағатайда, Тауқым шөлінде, Мойынқұмда, Сарыелік -Атырау аймақтарында қатты айқындады. Шөлдену процесі өсімдіктердің жойылуына тікелей байланысты.

2. Қазақстанның шөлді аймақтары

Шөлді аймақ жалпы аумағы 124, 6 млн. гектар. Өзіне тән өсімдік жамылғысы аоуан түрлі. 2500-2800 түрі бар. Олардың ішінде 200-215 түрі - эндемиктер. Шөлді аймақта 5 белдеме ажыратылады.

1. ) Солтүстік далалы жердегі құрғақ, қоңыржай, ыстық шөлдер - жалпы аумағы 40 млн. гектар. Немесе еліміздің жер аумағының 14, 7 %-ын алады. Өсімдік жамылғысы астық тұқымдасты жартылай бұталы (бөз, еркекшөпті-жусанды) шөлдер мен құмдық бұталы (жүзім-рақ-шағыр жусан-еркекшөпті) шөлдер тарайды.

2. ) Орталық (Солтүстік Тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер - аумағы 51, 2 млн. гектар немесе республика жерінің 18, 9 % -ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изенді), сексеуілді, бұталы (қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғысы дамыған.

3. ) Оңтүстіктегі өте құрғақ, ыстық шөлдер - аумағы 30, 3 млн. гектар немесе Қазақстанның 11, 1 %-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемераидты - жартылай бұталы (сұр жусанды, эфемерлі), ал дөң және тізбектелген аллювгейлі-эолды құмдарда бұталы-сексеуілді эфемеройдты (сексеуіл-қоянжын-жүзімді) өсімдік жамылғылары тән.

4. ) Тау етегіндегі өте құрғақ, өте ыстық шөлдер-аумағы 3, 2 млн. га немесе Қазақстанның 1, 2 %-ын құрайды. Негізінен эфемороидтың ірі шөптесін-жартылай бұталы өсімдіктер өседі.

5. ) Тау етегіндегі өте құрғақ шөлдер-аумағы 11, 6 млн. га, немесе республиканың 4, 3 %-ын алып жатыр. Эфемеройдты псаммфиттік бұталы өсімдік жамылғысы тән. Қазақстанның таулы экожүйелерінің аумағы - 18, 6 млн. га, яғни республика жерінің 7 % -ы. Бұл жерде есепке алынып отырған 4-5 биіктік белдеулі биік таулар ғана. Таулы экожүйелердің флорасын 3400-3600 түр құрайды деп шамаланған. Оның ішінде 540-570 түрлі эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 155-170 эндемик түрлері бар. Олардың ішінде шыршалы (шренктік шырша, сібірлік шырша) : май қарағайды: самырсынды (сібірлік самырсын, сібірлік майқарағай) : қылқан жапырақты ормандарда: алмалы (сиверс алмасы, қырғыс алмасы), өрікті (кәдімгі өрік), қайыңды-теректі (түкті қайың, көк терек) - жапырақты ағаш ормандары атап өтуге болады.

Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөріқарақаттың (зеректің), аршаның, қылшаның, бетегенің, сарыкүйік қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы - пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 700-ден астам түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсем безендірушілік 700-800, ширнелік 1300-ден астам, Эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсімдіктер түрлері кездеседі.

3. Шөлдену процесімен күресу жолдары .

2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі және басымдықтары шығарыла бастады. Әлемдік тәжірибие көрсеткендей экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізгі кез келген мемелекеттің әлеуметтік экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылады. Осы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы «Қазақстан - 2030» стратегиясының басымдылықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес және XXI - ғасырдағы күн тәртібінің негізгі ережені қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханесбургте өткен (2002 жыл) тұрақты даму жөніндегі дүние жүзілік самиттің шешімдерін ескере отырып әзірленді. Қоршаған ортаның жай-күйінің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету осы тұжырымдаманың ережелерін кезең - кезеңмен іске асыруды көздейді. Бірінші кезең-(2004-2007 жылдар) -қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және оны тұрақтандыру жөніндегі іс - қимыл жоспарын әзірлеу.

Екінші кезең - (2008 -2010 жылдар) қоршаған орталық сапа көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетілдіру. Үшінші кезең (2011 -2015 жылдар) қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу. Қуаңшылық пен шөлденуге қарсы күрес туралы халықаралық конвенция Алматы қаласында 1994 жылы өтті. Қазақстанның көп бөлігі қурау аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66 % - түрлі деңгейде шөлдену процестеріне бейім. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа себептен алынбаған кіріс шамамен 300 млрд теңгені құрайды.

Қазақстан үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлденуі мен тозу проблемасы шаң - тозаң дауылының пайда болуы және ауа массалараының ластанушы заттарды алыс қашықтықта жеткізуі нәтижесінде біртіндеп-шекаралық проблемалар айналуы мүмкін. 2004 жылдың барысында шөлденудің көлемі мен құрғақшылықтың теріс әсерінің алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлерді және топырақтың құнарлығын қалпына келтіруге, ресурстың базаны сақтауды немесе қалпына келтіруде, қамтамасыз ететін, халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетіктерін әзірлеу мен енгізуге, сондай - ақ шөлейттену мен күрес процесінде халықтың кең қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттену мен күрес жөнінде бағдарлама әзірлеу және бекіту қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның шөлді аймақтары
Қазақстанның негізгі топырақ аймақтары
Экологиялық апат
Биік таулы аймақ
Экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты
Қазақстанда шөлдену мәселесі
Галофитті өсімдіктер және олардың биологиялық екрешеліктері
Қоршаған ортаны қорғау туралы заң
Қазақстан территориясындағы қорықтар. Қорықтар - табиғи лаборатория
Қазақстан Республикасында қорықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz