Маскүнемдік, есірткіге әуесқой, темекі тарту денсаулығын нығайту жолдары


Маскүнемдік, есірткіге әуесқой, темекі тарту денсаулығын нығайту жолдары.
Маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық қазіргі заманның әлеуметтік, экономикалық, психология-педагогикалық, медицина-биологиялық проблемалардың ең маңызды және өзектісі болып отыр. Ғалымдардың есептеуі бойынша маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық тек еркектердің ғана арасында емес, балалардың, жасөспірім, жеткіншектердің, әйелдердің де арасында ең басты дерт болып отыр.
Ішімдіктерді, нашаны қолдану және темекі шегуге құштарлық - әсіресе бала жасында қауіпті, ол баланың өзін-өзі билеу психикасы мен мінез-құлқын реттеу өзегінің бұзылуына әкеліп соқтырады.
Ғасыр дертіне айналған нашақорлық және маскүнемдік халқымыздың өмірі мен денсаулығына да үлкен зиян тигізуде . Қазір елімізде есірткі заттары астыратын айналымнан тонналап алынатын болып жүр.
Өкінішке орай улы шөпті тұтынушылар жылдан жылға көбейіп келеді.
Олар өздерін қор етіп қана қоймай, жасөспірімдерді де есірткіге үйретіп, өздерінің қатарына қоса алады. Осы нашақорлықты ауыздықтау былай түрсын, есірткінің таратылуын тоқтатудың өзі қиын болып түр. Бұл кәсіппен күнін көре алмай жүргендер емес, ашкөздікке, азғындыққа салынғандар айналысады. Бір өкініштісі бұларға деген заң қатал емес. Сондықтан да болар олар өздерін еркін ұстайды. Бұл қауіпті кеселдің даму мүмкіндіктерін жою үшін есірткіні әкелу, таратуға қолданатын жазаны қатайту және осыған байланысты ең ауыр жазаны енгізу керек деген де пікірлер бар.
Кейбір елдерде нашақорлық үшін өлім жазасын белгіленген. Оның қоғамнның басқа дені сау мүшелерін қасиетті іс, заңды жаза деп есептейді. Олар нашақорлықтың нәубетін көріп, одан құтылу үшін, ұлтын қорғау үшін амалсыздан осындай қадамға барып отыр.
Нашақорлық бүгінгі таңда адамзатты алаңдататын, әлемдік деңгейге көшкен проблемалардың бірі. Құқық қорғау органдарының нашақорлық дертін алдын алуға бағытталған шараларының жүргізілуіне қарамастан, бұл дертке ұшыраған адамдардың, сондай-ақ есірткіге байланысты қылмыстардың саны жылдан жылға өсіп келеді. Есірткіге байланысты қылмыстарды бір сөзбен наркобизнез немесе наркомафия деп айтуға болады, өйткені нашақорлық дерті ең алдымен есірткіні өндіруден және оны заңсыз тасымалдаудан, сатудан бастау алады. Есірткі бизнесімен әлемнің іргелі елдерінің барлығы күресуде және ешбір ел халықаралық бірліксіз есірткі бизнесіне қарсы күресте айтарлықтай табысқа жете алмайды. Сондықтан есірткі бизнесімен күресті күшейту мақсатында арнайы халықаралық ұйымдар жоспарларын, тапсырмаларын қабылдауда және жүзеге асыруда. Өз кезегінде ол, әр елде құрылған есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеттерін, ұйымдарын, мекемелерін бірігіп жұмыстануына әкелуде.
Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес тақырыбында айта келе, Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының тиісті нормаларының тиімділігін нығайту мәселесін де қозғап кету керек. Қазіргі уақытта республикамызда әрекет ететін заңнама әр дайым заңсыз есірткі айналымының экономикалық аспектілерін есепке ала бермейді. Есірткі қылмыстарының экономикалық базасын кесу, қылмыскерлердің заңсыз әрекетін жасау мақсатында пайдаланатын қаражат құралдарын және өзге де материалдық құндылықтарын алу арқылы жүзеге асыру қажет. Мұндай алулар заңда белгіленген тәртіппен есірткімен заңсыз әрекет жасаған, кінәлі деп танылған тұлғаның мүлкін тәркілеу ұғымымен ұштады. ТМД елдерінің есірткіге қарсы заңнамалары, осы бағыттағы заңсыз әрекеттеріне жаза түрінде мүлікті тәркілеу, кең қолданатындығымен ерекшеленеді. Ал біздің республикамыздың Қылмыстық кодексінің халық денсаулығына және адамгершілікке қылмыстар тарауында көзделген кейбір баптарының санкцияларында, атап айтсам, Қылмыстық кодекстің 261 б., 262 б. 2т., 263 б., 264 б, жазаның тек бас бостандығынан айыру түрі ғана қолданылады. Тәркілеуді аталған баптарға қосымша жаза ретінде қолдану, есірткі бизнесінің экономикалық бастауының алдын-алуда ғана емес, жалпы тәркілеудің қосымша жаза ретінде қолданылуын кеңейтеді деген ойдамын.
Мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі, еліміздің ертеңі -жастар, дәлірек айтсақ XXI ғасыр жастары. XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры, жалпылама айтқанда күн сайын шығатын технологиялық жетістіктер жасөспірімдердің қызығушылығын толтыруда және ол өз кезегінде барған сайын жас жеткіншектердің тәрбиесіне, біліміне, ең бастысы денсаулығына көңіл аз бөлуде. Баршамызға мәлім, қазіргі кезде кез-келген ақпаратты, соның ішінде есірткіге байланысты мағлұматтарды интернет желілерінен, теледидардан және сол секілді телекоммуникация құралдарынан алуға болады. Тіпті, қазіргі уақытта есірткі заттарын айналадан іздеп қаңғудың немесе оны қалай пайдаланамын деп бас қатырудың қажеті жоқ секілді, өйткені интернетті ашып қалсаң болғаны, содан есірткі, көкнәр сататындар және сол есірткіні өзің үйіңде қалай жасауға болатыны туралы ақпараттар тізбектеп шыға келеді. Есірткіні үйде жасау мүмкіндігі фактілері қазір расталып отыр. Санаға әсер ететін синтетикалық есірткілік құрал жасап шығарумен және олардың рецептерін жасаумен айналысатындар, айталық «химиктер», аталмыш есірткілерді өндірумен қатар жаңа рецептерді арнайы веб сайттарға орналастырып та үлгеруде. Олардың ізіне түсу өте қиын, әлемдік телекоммуникациялы желі химиктер үшін жасырынуға қолайлы болып отыр.
Осы бізде де құдай мөлдіретіп жаратқан ой-санаңды, ақыл парасатыңды аздыратын, алпыс екі тамырыңды улап, қасіретке ұрындыратын, төрт мүшеден кем етіп, бейшара күйге түсіретін нашақорлық ішімдікке әуестік, темекіге құмарлық секілді жат қылықтан жас ұрпақты қайтсек аман алып қаламыз деген мәселе аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Осындай ақыл - ойыңды ойран ететін қатерден елдің ертеңі болып саналатын жастарды сақтап қалу жолында Отанымызда атқарылып жатқан игі шаралар аз емес.
Елбасы «Қазақстан 2030 жылға дейін даму стратегиясында» есірткі заттарын өткізіп бизнес жасайтындарға жазаны қатайту туралы «Есірткі - өте ерекше және түпке жететін сала, сондықтан бұл жерде адамгершілік принциптерінің қандай дәрежеде қолданылу үлкен мәселе . Тараздың бір басында оны әкеліп тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның «көмегімен» қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр», - деп ашық айтылған еді.
Сондықтан бұл кәсіптің түбіне балта шабу үшін барлығымыз бір ауыздан бірігіп осы кәсіппен айналысатын адамдарға қарсы жұмыс атқаруымыз керек, сол кезде біздің болашағымыздан жақсы үміт, жақсы, таза, тыныш, бақытты өмір күтуімізге болады.
Темекі, анаша, ішімдікке әуестік - тек қолданушының ғана денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймай, қоршаған ортадағы адамдардың да өміріне зиянын тигізеді. Темекі шегушілер өз жақындарының денсаулығын ойламайды, былайша айтқанда оларды да өзімен бірге «темекі шегулеріне» мәжбүрлейді, ал нашақорлар мен маскүнемдер өздерінің қылықтары мен әрекеттерін қадағалай алмай, жауапкершілік сезімдерін жоғалту арқылы қоршаған ортаға әлеуметтік зиян тигізулері мүмкін.
Темекінің түтіні арқылы асқынатын аурулардан жыл сайын әлемде 1, 5 миллионға жуық адам өледі екен. Шылым шегу адам иммунитетін төмендетеді, еңбекке жарамсыздыққа ерте ұшырауға әкеліп соқтырады. Темекінің жануынан туған көміртек тотығы адам ағзасына тамырдағы қан арқылы тарап, ағзаны оттегімен қамтамасыз етуші эритроциттердің өміршеңдігін төмендетеді, сол арқылы қанайналым жүйесі бұзылып, көптеген аурулар туады: қан ұйығы пайда болып, аяқ-қолдағы қан айналым жүйесін бұзады. Уақыт өте келе аяқтың ұстамалы ақсауы және буынның, тамырдың басқа да аурулары асқынады.
Темекені үнемі шегетін адамның сырт бейнесіне де өзгерістер енеді: тырнағы, тісі сарғайып, шашының талы жұқарып, сынғыш келеді, табиғи жылтырауын жоғалтады.
Темекі шегуші тек өзіне ғана емес, өз жақындарының да денсаулығына қауіп төндіреді. Темекі шегуші темекі түтінінің 25%-ын жұтатыны белгілі, ал қалған төрттен үш бөлігі сол түтінді жұтуға мәжбүр болғандарға бұйырады, осылайша олар «ырықсыз темекі шегушілер» қатарына жатады.
Ырықсыз темекі шегуші үнемі темекі шегілетін бөлмеде болса, бір сағаттың өзінде жарты темекі шеккенде алынатын зиянды заттарды қабылдайды екен. Осылайша ол да темекі шегушіде болатын денсаулық ақауларына ұшырайды. Сондықтан, темекі шегу жеке бастың ісі деп қана қарауға мүлдем болмайды.
Темекі шегу - адамның ең жаман әдеттерінің бірі. Соңғы жылдары темекі шегушілер саны артып отыр.
Нашаның адам ағзасына әсер етуі қолданылатын препараттың түріне, мөлшеріне және енгізілу жолына байланысты.
Әсер ету нәтижесі: масаңсудың қысқа фазасы, оның артынан ұйқыға тарту фазасы басталады; жүрек соғысы ақырындап, тыныс алуы бәсеңсиді; мидың жұмыс істеу қабілеті азаяды; тәбеті, рефлексі, жыныстық құштарлығы, ауыруды сезу қабілеті төмендейді.
Лас инені пайдалану, бір ине арқылы егілу нәтижесінде ЖҚТБ, гепатит, түрлі қан аурулары және бұдан да басқа қауіпті дерт тууы мүмкін. Сондай-ақ тазартылмаған героин, т. б. қоспалары жоғары нашаларды қолданғаннан кейін, көп мөлшерде қолданғаннан кейін адам бірден өліп кетуі де мүмкін. Героинге тәуелді болу, өз денсаулығына немқұрайды қарау, өз өмірін бағаламаудың салдарынан тәбет бұзылып, жұқпалы аурулармен жиі ауыратын болады.
Ішімдік - бір жағынан энергетикалық ыдыста, екінші жағынан - психоактивті зат, былайша айтқанда рұқсат етілген наша. Халық арасында ішімдіктің арқасында бойды еркін ұстау, босаңсу, ширығу, мазасыздықтан құтылуға болады деген сияқты жалған түсінік бар. Алайда ол дұрыс емес. Ішімдіктің салдарынан босаңсу мен көңіл-күйдің уақытша көтерілуінің астарында адам ағзасы биохимиялық табиғаты бар жаңа залалға ұшырайды. Көп мөлшерде ішімдік пайдалану, сондай-ақ оның ағзада құрылатын өнімі сіркесулы альдегид ми мен жүрек қызметіне қысым көрсетеді: ағза тіндерінде оттегі жетіспеушілігі туып, адам әлсізденіп, шаршап, әлсірейді. Көңіл-күйі бірден төмендейді. Бұндай жағдайдағы адам сабырсыздыққа бой алдырып, ес-түсінен айырылып, өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтындай жағдайға душар болады.
Жоғарыда айтылғандардың тобықтай түйінін айтатын болсақ, өз денсаулығын ойлаған, өзіне жақсылық тілеген, салауатты өмір салтын ұстанғысы келген, өзінің, туған-туыстарының, қоршаған ортаның жағдайын ойлаған адам өзінің зиянды қылықтарынан бас тартуы керек! Темекімен қоштасып, ішімдікке, нашаға бой алдырмай, оларды өз проблемаларын шешуші құрал ретінде қарамай, ішімдікті мүлдем қойып кетуі абзал.
Маскүнемдік пен нашақорлық кезең-кезеңмен асқына түсетін аурулар.
Адам маскүнемдігін жасырып, ине мен есірткі тұтынатын ауру деп санамай, жас организмнің қалай бейімделіп кеткенін андамай да қалады.
Ауруды жұқтыру адамның әлеуметтік жағдайында, қоршаған ортасына, алған тәрбиесіне, білім деңгейіне тікелей байланысты.
Сонымен бірге, ғалымдардың ата-анасының біреуі маскүнем немесе нашақор болса, олардың ұрпақтары осы дерттерге бейім келетіні туралы дәйектемесі де жоқ емес. Жасөспірімдердің маскүнемдік пен нашақорлық туралы алған мәліметтері, ата-ана тәрбиесі, жолдастары, әлеуметтік жағдайы ойдағыдай болса, аталмыш дерттерге шалдығу мүмкіндігі төмен болады. Қазіргі уақытта маскүнемдік пен нашақорлық дертіне шалдыққандардың орташа жасы жасарып барады. Дерттің асқынуы-ауруды жұқтырудан, яғни дәмін татып көруден басталады.
Арақ ішіп, есірткі пайдаланатындар қасындағы жолдастарын да осы жолға тартады. Өйтені, арақ пен есірткіні пайдаланып тұрмасқа олар қиналады, ал оларды күнделікті пайдалану үшін қаражат қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz