Аграрлық саладағы инновациялық қызмет



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 АГРАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инновация түсінігі, негізгі мақсаттары және оның түрлері ... ... ... ...
1.2 Аграрлық саладағы инновациялық қызметтің түсінігі ... ... ... ... ...
1.3 Аграрлық саладағы инновациялық қызметті ұйымдастырудың шетелдік озық тәжірибелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Қазақстандағы АӨК . нің жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ...
1.5 АӨК инновациялық қызметті жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ...

2 «ҚАЗАГРОИННОВАЦИЯ» АҚ . НЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ
2.1 «ҚазАгроИнновация» АҚ . ның ұйымдастырушылық . құқықтық және экономикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Ұйымның негізгі мақсаттары мен мәселелері, функциялары ... ... .
2.3 Негізгі атқаратын қызметтері . оларға экономикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 «ҚазАгроИнновация» АҚ . ның ұйымдастыру жүйесіндегі артықшылықтары мен кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3«ҚАЗАГРОИННОВАЦИЯ» АҚ . НЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІННІҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарындағы және ұлттық инновациялық жүйесіндегі «ҚазАгроИнновация» АҚ . ның орны және рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2«ҚазАгроИнновация» АҚ . ның даму бағыттары, перспективалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 «ҚазАгроИнновация» АҚ . ның қызметінің жетілдіру жолдарының
экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе

«ҚазАгроИнновация» АҚ (бұдан әрі – ҚАИ) 2007 жылдың 16 шілде күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 409 2007 жылдың 22 мамырдан бастап қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шараушылығы министрлігінің 25 мемлекеттік аграрлық ғылыми-зерттеу ұйымдардың қосылу жолымен құрылған.
«ҚазАгроИнновация» АҚ мемлекет акциялардың 100 %-ы Қазақстан Республикасы Үкіметінің иелігінде.
Соңғы жылдары Қазақстан агро-өнеркәсіптік комплексін басымдылық қолдау бойынша дәйекті саясатын жүргізуде. Аграрлы секторында бәсекелестікті ұлғайтуда аграрлық ғылым мен агро-өнеркәсіптік комплексінің инновация жүйесінде негіздерді құру рөльдері аса маңызды. Жаңа идеяларды, агро-өнеркәсіптік комплексін дамытудағы технологиялар мен бағыттарды қолдану ауыл шарыуашылық өндірісінің тиімді пайдалануда өзекті сыңар болып табылады.
«ҚазАгроИнновация» АҚ мемлекеттік қолдаумен өзінің қызметі барысында қысқа мерзімде агро-өнеркәсіптік комплексін технологиялық және ғылыми дамытуда бірқатар жүйелік шараларға кірісті. Бұған аграрлы ғылымның жаңа басқару моделі басшылық етеді, әлемнің ең тиімді тәжірибені ескере отырып, корпоративті басқару, ашықтық және тұнықтылық принциптерімен сәйкес қалыптастырылған. «ҚазАгроИнновация» АҚ агро-өнеркәсіптік комплексінің инновациялық қызметінің барлық қатысушыларына ашық түрде және ғылыми жетістіктері бойынша ақпараттық қол жетімділіктер принциптеріне жұмыс жасайды.
Компания өзінің еншілес ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және тәжірибелі шаруашылықтармен бірге 2009-2011 жылдары агро-өнеркәсіптік комплексінің қажеттіліктері мен белгілі сұрақтарды шешуге бағытталған ғылыми зерттеулерді орындайды. 2009 жылдан бастап «ҚазАгроИнновация» АҚ агротехнологияларды коммерциялау және трансферттеу ортасында жобаларды іске асыруға, ауыл шарушылығында инновациялық тәжірибені енгізу және тарату жүйесін, селекция-тайпалық жұмыстың дамуы мақсатында ірі қара мал ұрықтарын трансплантациялау технологияларын өндірістік енгізуге кірісті (селекциялық жылыжайдың құрылысы, мал мен өсімдік шаруашылығындағы биотехнологиялық профилі бойынша заманауи заманға сәйкес лабораториялар құрастыру, тұқымтану жүйесінің дамуы және т.б.).
Агро-өнеркәсіптік комплексінің ғылыми-зерттеу ортасында адам ресурстардың даму шаралары, инновацияларды енгізу жергілікті бюджеттен қаржыландыру, ғылымға меншікті инвестицияларды тарту, роялти механизмдерін енгізу жолы бойынша ғалымдарды экономикалық түрде ынталандыру нормалары жүргізіледі. Жасалатын шаралар халықаралық стандарттарға сай ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу үшін жағдайлар жасайды, «ҚазАгроИнновация» АҚ институттарында жұмыс жасау мақсатында әлемдік деңгейдегі ғалымдарды тартады, және қорытындысында нарыққа жылдам түрде тиімді ғылыми зерттемелер мен технологияларды береді.
Соңғы 3 жыл ішінде «ҚазАгроИнновация» АҚ ғалымдарымен мемлекеттік сортын байқаушыларына 165 жаңа ауыл шаруашылық және басқа да түрлердің сорттары мен дубаралары құрастырылып берілген; ауыл шаруашылық құстар мен малдардың тізімі мен түрлердің 23 жынысы құрастырылып мақұлданды. 79 патент пен 238 инновациялық патент қабылданды.
Ғылыми жетістіктер нақты өндіріске кіргізіледі. Соңғы жылдары қазақстандық селекциясының бидай сорт үлесі республиканың солтүстік аумақтарында орташа 60-70% өсті. 2009 жылы ресурстарды қорғайтын технологиялар бойынша бидай танаптың аймағы 10,3 млн гектарға немесе 61 % дейін, 2003 жылы бұндай технология 1,0 млн гектардан аз емес аумаққа қолданды.
Қазіргі кезде мемлекеттің агро-өнеркәсіптік комплексінің ғылыми әлеуеттің басым бөлігі «ҚазАгроИнновация» АҚ шоғырланған, бұл халықаралық ғылыми қоғамдастықта аграрлық ғылымның маңызын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Халықаралық ұйымның қызметтестік векторы ғылыми зерттеулердің қорытындылары өндірісте кеңінен пайдалынатын және ауыл шаруашылық зерттеулер ойдағыдай дамыған озық аграрлық мемлекеттеріне бағытталған. «ҚазАгроИнновация» АҚ ғылыми институттары Аргентина, АҚШ, Канада, Австралия, Израиль, Бразилия, Евроодақ мемлекеттері, Ресей, Украина, Кеңес топтарының халықаралық зерттеулер орталықтардың (СИММИТ, ИКАРДА, ИРРИ, ИВМИ, СИР және т.б.) ғылыми-аграрияларымен сәтті жұмыс жасалуда.
Мемлекетіміздің экономикалық индустриалды-инновациялық даму кезеңінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ғылым алдында, соның ішінде аграрлы ғылымда технологиялық даму процестердің жылдамдату мәселелерін қамтамасыз ету және өте тиімді инновациялық технологиялар мен жаңа білімдер негізінде өндірістің модернизациялану мақсаттары болады. «ҚазАгроИнновация» АҚ экономиканың аграрлы секторындағы рөлі өсуде екенін сезіне отырып, мемлекеттің Елбасымен белгіленген мақсаттардың тиімді шешуіне компанияның басшылығы мен ғылыми ұжымдар бар ұйымшыл, интеллектуалды, қаржылық ресурстарын қолданады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Многоукладность экономики в АПК и приоритеты его развития // ІІ «Модернизация межгосударственных интеграционных связей центральноазиатских стран» II Туркестанский интеграционный форум стран Центральной Азии, 3-часть, МКТУ им. Х.А.Ясави. – Туркестан, - 2006. c. 70-73. (бірлескен авторлықпен).
2. Состояние социальной инфраструктуры села и ее развитие в регионах // «Модернизация межгосударственных интеграционных связей центральноазиатских стран» II Туркестанский интеграционный форум стран Центральной Азии, 3-часть, МКТУ им. Х.А.Ясави. Туркестан, 2006. c.297-302. (бірлескен авторлықпен).
3. Развитие инновационных процессов в агропромышленном производстве // Материалы Международной научно-практической конференции – Шымкент, 2007, 5-том, c.269-271. (бірлескен авторлықпен).
4. Инвестиция көлемінің ауылшаруашылығы өндірісіне әсерін статистикалық-математикалық талдау // Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – Шымкент, 2007. б.140-147. (бірлескен авторлықпен).
5. Развитие инновационной системы – фактор конкурентоспособности сельского хозяйства // Материалы Международной научно-практической конференции – Шымкент, 2007, 5-том, с.138-140. (бірлескен авторлықпен).
6. Етті құс шаруашылығын дамытудың ұйымдастырушылық нысандары. // Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. –Шымкент, 2007. б.69-73. (бірлескен авторлықпен).
7. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу тетіктері // Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. - Көкшетау, 2008. б.111-114. (бірлескен авторлықпен).
8. Интеллектуальная собственность в АПК // Вестник МКТУ им. Х.А.Ясави. – Туркестан, 2008, №3. с.312-318.
9. Аймақтағы агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үдерістің негізгі бағыттары // Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы. – Түркістан, 2009. №1(64). б.387-391.
10. Агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үрдісті дамытудың ерекшеліктері // ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ғылыми журналы «Ізденіс-Поиск». – Алматы, 2009. №2. б.11-14. (бірлескен авторлықпен).
11. Ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару жүйесін жетілдіру // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Тараз, 2009, б.48-51.
12. Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіп кешенінің бүгінгі ахуалы және ондағы инновацияларды игеру тиімділігін бағалау // Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Түркістан, 2010. б.181-186.
13. Инновацияларды басқарудың мәні мен олардың жіктелуі // Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы. – Түркістан, 2010. №1. б.162-164.
14. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы Заңы;
15. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы;
16. http://www.minagri.kz
17. www.agroinnovations.kz
18. А.Н. Дәуренбекова, А. Сауқымбек; Кәсіпорынның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қалыптастыру. б.127-145
19. Абдыгаппарова С.Б. Инновационный потенциал Казахстана: механизм активизации: Монография / С.Б.Абдыгаппарова. – Алматы: Экономика, 2001. б.45-120
20. Абдиев К.В. , Алкеев К.Н. «Индустриально-инновационное развитие РК» опыт, задачи, перспективы. 2004г. б.126-150
21. Кембаев Б.А., Ахметов Р.И., Тулебаев А.К., Дзекунов В.П. Инновационная деятельность в Республике Казахстана; состояние и проблемы развития. Аналитический обзор. Алматы. Казгос. ИНТИ. 2002. б. 147-169
22 .Направления совершенствования инновационной политики государства в условиях ограниченности инвестиционных ресурсов // Вестник регионального развития. – 2009. – №4 –0,4 п.л.
23 .Принципы и приоритеты инновационно-технологического развития агропромышленного комплекса Казахстана // Вестник регионального развития. – 2010. – №1. – 0,5 п.л.
24 .Условия и предпосылки развития венчурного финансирования инновационных процессов // Вестник КазГАТУ. – 2010. - №2. – 0,5 п.л.
25 .Рыночные механизмы коммерциализации инновационной деятельности // Вестник КазГАТУ. -2010. - №3. – 0,6 п.л.
26 .Теоретические основы устойчивого инновационного развития национальной экономики // Вестник ЕНУ. – 2010. -№2. – 0,5 п.л.
27 .Формирование и развитие региональной инновационной системы в Казахстане // Вестник ИЭИ. - 2010. - №2. – 0,5 п.л.
28 .Приоритетные направления инновационной модернизации национальной экономики // Вестник КЭУК. – 2010. -№1. – 0,5 п.л.
29 .Теоретические основы формирования и развития национальной инновационной системы в современной экономике // Вестник регионального развития. – 2010. – №2 – 0,6 п.л.
30 .Приоритеты инновационной политики государства на современном этапе // Вестник КЭУК. 2010. - №2. – 0,4 п.л.
31 .Проблемы и перспективы инновационного развития агропромышленного комплекса Казахстана // Вестник КарГУ. – 2010. - №3. – 0,5 п.л.
32 .Повышение роли уполномоченных государственных органов в стимулировании инновационно-технологического развития АПК // Вестник регионального развития. – 2010. – №3. – 0,7 п.л.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 АГРАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инновация түсінігі, негізгі мақсаттары және оның түрлері ... ... ... ...
1.2 Аграрлық саладағы инновациялық қызметтің түсінігі ... ... ... ... ...
1.3 Аграрлық саладағы инновациялық қызметті ұйымдастырудың шетелдік озық тәжірибелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Қазақстандағы АӨК - нің жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ...
1.5 АӨК инновациялық қызметті жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ...

2 ҚАЗАГРОИННОВАЦИЯ АҚ - НЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ
2.1 ҚазАгроИнновация АҚ - ның ұйымдастырушылық - құқықтық және экономикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Ұйымның негізгі мақсаттары мен мәселелері, функциялары ... ... .
2.3 Негізгі атқаратын қызметтері - оларға экономикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 ҚазАгроИнновация АҚ - ның ұйымдастыру жүйесіндегі артықшылықтары мен кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3 ҚАЗАГРОИННОВАЦИЯ АҚ - НЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІННІҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарындағы және ұлттық инновациялық жүйесіндегі ҚазАгроИнновация АҚ - ның орны және рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 ҚазАгроИнновация АҚ - ның даму бағыттары, перспективалар ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 ҚазАгроИнновация АҚ - ның қызметінің жетілдіру жолдарының
экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

ҚазАгроИнновация АҚ (бұдан әрі - ҚАИ) 2007 жылдың 16 шілде күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 409 2007 жылдың 22 мамырдан бастап қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шараушылығы министрлігінің 25 мемлекеттік аграрлық ғылыми-зерттеу ұйымдардың қосылу жолымен құрылған.
ҚазАгроИнновация АҚ мемлекет акциялардың 100 %-ы Қазақстан Республикасы Үкіметінің иелігінде.
Соңғы жылдары Қазақстан агро-өнеркәсіптік комплексін басымдылық қолдау бойынша дәйекті саясатын жүргізуде. Аграрлы секторында бәсекелестікті ұлғайтуда аграрлық ғылым мен агро-өнеркәсіптік комплексінің инновация жүйесінде негіздерді құру рөльдері аса маңызды. Жаңа идеяларды, агро-өнеркәсіптік комплексін дамытудағы технологиялар мен бағыттарды қолдану ауыл шарыуашылық өндірісінің тиімді пайдалануда өзекті сыңар болып табылады.
ҚазАгроИнновация АҚ мемлекеттік қолдаумен өзінің қызметі барысында қысқа мерзімде агро-өнеркәсіптік комплексін технологиялық және ғылыми дамытуда бірқатар жүйелік шараларға кірісті. Бұған аграрлы ғылымның жаңа басқару моделі басшылық етеді, әлемнің ең тиімді тәжірибені ескере отырып, корпоративті басқару, ашықтық және тұнықтылық принциптерімен сәйкес қалыптастырылған. ҚазАгроИнновация АҚ агро-өнеркәсіптік комплексінің инновациялық қызметінің барлық қатысушыларына ашық түрде және ғылыми жетістіктері бойынша ақпараттық қол жетімділіктер принциптеріне жұмыс жасайды.
Компания өзінің еншілес ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және тәжірибелі шаруашылықтармен бірге 2009-2011 жылдары агро-өнеркәсіптік комплексінің қажеттіліктері мен белгілі сұрақтарды шешуге бағытталған ғылыми зерттеулерді орындайды. 2009 жылдан бастап ҚазАгроИнновация АҚ агротехнологияларды коммерциялау және трансферттеу ортасында жобаларды іске асыруға, ауыл шарушылығында инновациялық тәжірибені енгізу және тарату жүйесін, селекция-тайпалық жұмыстың дамуы мақсатында ірі қара мал ұрықтарын трансплантациялау технологияларын өндірістік енгізуге кірісті (селекциялық жылыжайдың құрылысы, мал мен өсімдік шаруашылығындағы биотехнологиялық профилі бойынша заманауи заманға сәйкес лабораториялар құрастыру, тұқымтану жүйесінің дамуы және т.б.).
Агро-өнеркәсіптік комплексінің ғылыми-зерттеу ортасында адам ресурстардың даму шаралары, инновацияларды енгізу жергілікті бюджеттен қаржыландыру, ғылымға меншікті инвестицияларды тарту, роялти механизмдерін енгізу жолы бойынша ғалымдарды экономикалық түрде ынталандыру нормалары жүргізіледі. Жасалатын шаралар халықаралық стандарттарға сай ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу үшін жағдайлар жасайды, ҚазАгроИнновация АҚ институттарында жұмыс жасау мақсатында әлемдік деңгейдегі ғалымдарды тартады, және қорытындысында нарыққа жылдам түрде тиімді ғылыми зерттемелер мен технологияларды береді.
Соңғы 3 жыл ішінде ҚазАгроИнновация АҚ ғалымдарымен мемлекеттік сортын байқаушыларына 165 жаңа ауыл шаруашылық және басқа да түрлердің сорттары мен дубаралары құрастырылып берілген; ауыл шаруашылық құстар мен малдардың тізімі мен түрлердің 23 жынысы құрастырылып мақұлданды. 79 патент пен 238 инновациялық патент қабылданды.
Ғылыми жетістіктер нақты өндіріске кіргізіледі. Соңғы жылдары қазақстандық селекциясының бидай сорт үлесі республиканың солтүстік аумақтарында орташа 60-70% өсті. 2009 жылы ресурстарды қорғайтын технологиялар бойынша бидай танаптың аймағы 10,3 млн гектарға немесе 61 % дейін, 2003 жылы бұндай технология 1,0 млн гектардан аз емес аумаққа қолданды.
Қазіргі кезде мемлекеттің агро-өнеркәсіптік комплексінің ғылыми әлеуеттің басым бөлігі ҚазАгроИнновация АҚ шоғырланған, бұл халықаралық ғылыми қоғамдастықта аграрлық ғылымның маңызын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Халықаралық ұйымның қызметтестік векторы ғылыми зерттеулердің қорытындылары өндірісте кеңінен пайдалынатын және ауыл шаруашылық зерттеулер ойдағыдай дамыған озық аграрлық мемлекеттеріне бағытталған. ҚазАгроИнновация АҚ ғылыми институттары Аргентина, АҚШ, Канада, Австралия, Израиль, Бразилия, Евроодақ мемлекеттері, Ресей, Украина, Кеңес топтарының халықаралық зерттеулер орталықтардың (СИММИТ, ИКАРДА, ИРРИ, ИВМИ, СИР және т.б.) ғылыми-аграрияларымен сәтті жұмыс жасалуда.
Мемлекетіміздің экономикалық индустриалды-инновациялық даму кезеңінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ғылым алдында, соның ішінде аграрлы ғылымда технологиялық даму процестердің жылдамдату мәселелерін қамтамасыз ету және өте тиімді инновациялық технологиялар мен жаңа білімдер негізінде өндірістің модернизациялану мақсаттары болады. ҚазАгроИнновация АҚ экономиканың аграрлы секторындағы рөлі өсуде екенін сезіне отырып, мемлекеттің Елбасымен белгіленген мақсаттардың тиімді шешуіне компанияның басшылығы мен ғылыми ұжымдар бар ұйымшыл, интеллектуалды, қаржылық ресурстарын қолданады.

1 Аграрлық саладағы инновациялық қызметің теориялық негіздері
1.1 Инновация түсінігі, негізгі мақсаттары және оның түрлері

Әлем елдерінің барлығының экономикалық сипаты мен дамуын анықтайтын маңызды факторлардың біріретінде бүкіл әлемде мойындалған ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) батыс және отандық әдебиеттерде инновациялық процес ұғымымен байланыстырылады. Бұл процесс жаңалық табуды білдіреді және ғылыми идеяның туылуынан оның коммерциялық іске асуына дейінгі кезеңдерді, яғни өндіріс, айырбас, тұтыну қатынастарының бүкіл жинағын қамтиды.
Инновациялық процестерді зертеудің маңыздылығы, бір жағынан, қоғам экономикасын көтеру үшін ғылым мен инновациялардың ерекше маңыздылығымен, екінші жағынан, Қазақстан Республикасында инновациялық дағдарысты жеңу жолдарын анықтау қажеттілігімен түсіндіріледі.
Инновация термині өтпелі экономика кезеңінде белсенді пайдаланады.С.б. инновациялық қызмет, инновациялық процесс, инновациялық шешім және т.б туыстас түсініктер енді. Инновация түсінігін анықтау үшін ғалымдардың әртүрлі көзқарастарымен танысу керек.
Инновация дегеніміз белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жаңашыл жаңалықтарды кешенді құру процесі, таралуы және қолданыс табуы.Әртүрлі ғалымдар, әсіресе шетелдік (Н.Мончев, И.Перлаки, В.Хартман, Э. Мэнсфилд, И.Шумпетер және т.б), инновация түсінігін өзінің зерттеу объектісі мен саласына байланысты тұжырымдар айтты. Мәселен, Б.Твисс инновацияны ғылыми ашылымдар немесе идея экономикалық мазмұнға ие процес ретінде анықтайды. Ал, Б.Сантоның пікірінше, инновация - бұл қоғамдық, техникалықжәне экономикалық процесс, яғни идеялар мен ашылымдарды практикада қолдану арқылы қасиеттері жақсы өнімдер мен технологияларды құруға жеткізеді. Ал егер де инновация экономикалық табысқа, пайдаға негізделсе, онда оның нарықта пайда болуы қосымша табысты әкелуі мүмкін. И.Шумпетер инновацияны кәсіпкерлікпен тығыз байланысты өндіріс факторлардың жаңа ғылыми-ұйымдастырылған комбинациясы деген анықтама ұсынған.
Инновацияның әртүрлі анықтамаларын талдау нәтижесінде, инновацияның спецификалық мазмұнын өзгерістер құрайды, ал инновациялық қызметтің негізгі функциясы өзгеріс функциясы болатынын анықтадық.
Сонымен халықаралық стандарттарға сәйкес инновация - (инно-қ қызметтің соңғы нәтижесі) жаңа немесе жетілдірілген өнімге айналған, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс нарығына ендірілген, тәжірибе жүзінде пайдаланылатын немесе әлеуметтік қызметтерге қатысты пайдаланылатын инновациялық қызметтердің соңғы нәтижесі.
Инновациялық процесті жаңашылдарды өткізу поцесінде болатын ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ал жаңашылдарды құру, тарату және пайдалануды инновациялық цикл деп атайды.
Инновацияның негізгі мақсаттары келесілер:
1. мәселенің жаңа техникалық шешімін табу-өнер табыстарын құру;
2. ғылыми-зерттеу және тәжірибе конструкторлық жасалымдарды өткізу;
3. өнімнің сериялық өндірісін бір қалыпқа келтіру;
4. өткізуді дайындау және ұйымдастыру;
5. нарыққа жаңа тауарды ендіру;
6. технологияларды үнемі жетілдіру жолымен жаңа нарықтард аорнығу, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату.
Инновацияның негізгі кезеңдері келесілер:
1. Келіп түсетін идеяларды бір жүйеге келтіру;
2. Идеяларды сұрыптау және жаңа өнім туралы идеяны өңдеу;
3. жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау;
4. жаңа өнімді құру;
5. нарықта тестілеу
6. өнім жөнінде маркетинг бағдарламасы негізінде өндіріске жаңа өнімді енгізу туралы шешімді қабылдау.
Инновацияның жаңа идеясының инновациялық әлеуетінің дәрежесі бойынша 3 түрі бар:
1.Радикалды инновациялар - әдетте жаңа өнімдер мен технологиялар.
2.Комбинаторлы инновациялар - белгілі элементтердің жаңа үйлесімі. Комбинаторлы инновациялар тұтынушылардың жаңа топтарын тарту немесе жаңа нарықтарды игеруге бағытталған.
3.Модификациялық инновациялар - нарықта бар өнімдерді жақсарту немесе толықтыруға бағытталған.бұл инновациялар кәсіпорынның нарықтағы орнын сақтауға немесе күшейтуге негізделген.
Сонымен инновациялық поцесс, ол жаңалықтарды жүзеге асыру барысында болатын ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістер жиынтығы.
Инновациялық процеске жүйелік, циклдық, мүмкіншілік, әлеуметтік маңыздылығы тән. Тәжірибеде инновацияны енгізуде инновацияны енгізуде инновациялық процестің ішкі құрылымынсипаттау үшін бірнеше моделдердің типтері пайдаланылады. Иновациялық тізбек - инновациялық процестің ең қарапайым моделі,онда бүкіл процесс жеке, функционалды немесе құрылымдық кезеңдерге бөлінген.[3]
Кәсіпорынның инновациялық қызметі -- бұл жаңа немесе ӨНІМІІІҢ жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
::өнімділік;
::үдерістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
Процестік инновация -- бұл жаңалыкты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен отандық және шетелдік практикада үқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нүсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастаганға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда косылатындары:
:: жаңалық идеяны өзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, онімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
:: өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;
:: жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
:: қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан откізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
:: жаңалықтарды іс жүзіне асыруға багытталган үйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
:: қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
:: қажетті ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
:: лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу;
:: инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
Нарықтық экономика жағдайыида инновациялық қызметінің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде - жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін дәстүрлі қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тиімділігі.
Техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады: еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары.
Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде ондірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады.
Жоғарыдағы аталган көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың жеке корсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу іқажет. Жеке корсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.
Техникалық және үйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру шаралары мына томендегі топтарга бірігеді:
:: еңбек онімділігінің үстелуі, жүмыс істеушілердің саны және еңбекақы қорының салыстырмалы ауытқуы;
:: материалдық қайтарымның үстелуі (материалдық-жетсіну), материалдық ресурстардың шығындарының салыстырмалы ауытқуы;
:: негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымының үстелуі (қор сиымдылығының төмендеуі), негізгі ондіріетік қорлардың салыстырмалы ауытқуы;
:: айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, (босатып алу немесе байлау) айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;
:: қарқындату есебінен еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануда өнімді шыгару молшерінің үстелуі;
:: пайданың немесе өнімнің өзіндік қүнының үетелуі;
:: кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржы жагдайының көрсеткіштерінің үстелуі.
Қолданылатын техникалық және технологиялык шешімдердің үдемелігі өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарга технологиялық қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге оның бейімделу-үйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады.[5]

1.2 Аграрлық саладағы инновациялық қызметтің түсінігі

Экономикалық дамудың жаңа ұстанымын ғылым, инновациялық қызмет, қазіргі ақпараттық технологиялар негізіне енген инновация ретінде қарастыру қажет. Осы себептен ғылыми білім, ғылыми зерттеулер стратегиялық ресурс ретінде, өз кезінде ғылыми-техникалық дамуды және инновацияны игеруді жеделдетеді. Инновациялық үрдіс өздігінше басқа сипатқа ие болады, өндірістік үрдістің барлық тарапын қамтиды, ұйымдастыру және басқару құрылымдарына енеді.
Қазіргі уақытта өндіріске инновация мен ғылыми жаңалықтарды игеру жылдамдығы мен экономикалық және технологиялық бәсекелестік қарқынды дамуда. Кәсіпорындар мен фирмалар жаңа технологияны, жаңа білімді ізденуде, іргетасты зерттеулер жүргізуге қатысуға ұмтылуда, өндірістік жағдайға тез бейімделу мақсатында тікелей өндіріске инновацияны игеруді ұйымдастыруда.
Инновациялық үрдіс түсінігі жаңа үйлесімділік ретінде, дамытуды қамтамасыз ететінін, бірінші рет И.Шумпетердің Экономикалық даму теориясында анықталды, онда экономикалық дамуды, инновациялық үрдіс пен кәсіпкерлік қызметті дамытудың үздіксіз байланысында қарастырса, Х.Фримен жаңа технологиялық жүйе мен технологиялық төңкерістің категориясын негіздеді, ол жаңа технологияны игеруде инновацияны қызметтік жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік берді.
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үрдісті дамытудың тұжырымдамасында инновациялық үрдіс жаңа немесе жақсарған ауыл шаруашылық өнімдері мен оның қайта өңделген өнімдерін, және шикізатты өңдеудің жаңа немесе жетілген технологиясын жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізіліп, инновацияны құру және оларды өздерінің тікелей өндірісінде игеру бойынша нақты іс-шаралардың заңды және кезекпе-кезек жүргізілетін жүйесі деп анықтау ұсынылады.[9]
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың аса көп нормативтік құжаттары бар, олар эканомиканың салаларында инновациялық қызметті реттейді, соның ішінде агроөнеркәсіп өндірісінде, мемлекеттік инновациялық саясаттың негізін белгілейді. Оларға Ғылым туралы, Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы республиканың заңы және т.б. құжаттар. Инновация туралы заң, сонымен бірге 2006-2015 жж. ҚР индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы әзірленді және бекітілді.
Осыдан келе, инновациялық үрдісті өндірістік-экономикалық жүйеде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижелерін жүйелі қолдануға мүмкіндік беретін, техника-технологиялық және ұйымдастырушылық-басқарушылық кезеңдерін өзара байланыста және өзара тәуелділікте қарастыру ұсынылады. Инновациялық кезең жаңалықтың немесе ғылыми әзірлеменің пайда болуы мен оларды өндірістік үрдісте қолдану арасындағы уақыт мерзімін көрсетеді. Инновациялық кезеңнің ұзақтығы төмендегілерге байланысты: 1) өндірістің технологиялық деңгейіне, 2) игеруге ортаның бейімделу қабілеттілігі және 3) сыртқы қаржылық-экономикалық факторларға (Кесте 1).

Кесте 1
Агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық үрдістің кезеңдері мен экономикалық мәні

Кезеңдері
Мәні және мазмұны
Басты орындаушылары

Инновацияны құру
- саладағы мәселелерді шешу, идеялардың пайда болуы және оларды ҒЗЖ-ң жоспарына ендіру;
- іргетасты және қолданбалы зерттеулерді жүргізу, әзірлемелерді жүзеге асыру;
- интеллектуалдық меншік нысандары ретінде аяқталған ғылыми-техникалық әзірлемелерді рәсімдеу;
- ғылыми сыйымдылығы жоғары өнімдерді өндіру және сату;
- инновацияны дайындау, оны өндірісте игеру.

АӨК-ң ғылыми-зерттеу мекемелері (ауыл шаруашылығы ғылымы)

Инновацияны тарату
- инновациямен жұмыс істеу үшін АӨК мамандарын даярлау және қайта даярлау;
- АӨК басқару мекемелерінің қызметтік міндеттерін жасау, инновацияны насихаттау;
- ауыл шаруашылық өндірісінде әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық түрде кәсіпорындарды ақпаратпен қамтамасыз ету;
- ақпараттық-кеңестік қызметтің (АКҚ) жұмыстары және бұхаралық ақпараттық құралдар.

АӨК-ді басқару ұйымдары және инновацияны әзірлеушілер

Инновацияны игеру
- инновация туралы тауарөндірушілерге ақпаратты жеткізу;
- тауарөндірушілердің инновацияны игерудегі ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері;
- инновацияны әзірлеушілер мен АКҚ және тауарөндірушілер арасында өзара келісім-шарттық қатынастар жүргізу;
- тауарөндірушілердің белсенді қызметі;
- инновацияға тауарөндірушілердің төлем қабілеттілік сұранысы.

Тауарөндірушілер және АӨК-ң
АКҚ-н бірлесе инновацияны әзірлеушілер
Инновацияны игерудің тиімділігі
- АӨК-де инновацияны игеру тиімділігі тауарөндірушілердің алған қосымша өнімі немесе табыстың, инновацияны құру және оны өндірісте игеру шығындарына қатынасы бойынша анықталады.
Тауарөндірушілер және АӨК-ң
АКҚ-н бірлесе инновацияны әзірлеушілер
Қазіргі кезеңдегі ұлттық шаруашылықты қайта қалыптастырудың басты мәселелерінің бірі - экономиканың агроөнеркәсіп саласын тұрақтандыру және дамыту барысында индустриалды-инновациялық дамуға үлкен мән беру болып табылады. Осыған байланысты агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамыту және оның экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын іздестіруге арналған зерттеулер ерекше өзектілікке ие. Инновациялық үрдістер өзінің мәні бойынша ғылым мен өндірісті бейнелейді, техникалық, биологиялық және химиялық құралдар мен заттардың, технологиялар мен шаруашылықты жүргізу тәсілдерін үздіксіз қайта жаңалау, ауыл шаруашылық өндірісін агроклиматтық факторлар мен нарықтың талаптарына сай, тауар өнімдеріне әлемдік стандарттарды қолдану үшін жағдай жасайды. Бұның барлығы ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өндірісінің интенсивтік дәрежесін көтеруге, инновацияны игерумен агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларында еңбек өнімділігін арттыруға және қосымша пайда алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үрдістерді бейімдеу арқылы және аумақтың табиғи, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуеттерін үйлесімді пайдалану факторларын есепке ала отырып, агроөнеркәсіп өндірісін жүргізуге бағытталған.
Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру тәжірибесі негізінде технологиялық, техникалық құралдар мен қондырғылар, нақты агроклиматтық және өндірістік жағдайларды есепке ала отырып өсімдіктің жаңа немесе жетілдірілген сорты мен нәсілді малдарды қолдану қажет. Сол үшін инновациялық үрдістерді дамыту, инновациялық қызметтердің жаңа түрлерін құру, агроөнеркәсіп өндірісінің аймақтық ерекшеліктерін есепке алу, ғылыми техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыруға әдістемелік жанасуларды негіздеу өте өзекті мәселеге айналуда және өз шешімін табуды қажет етеді.[31]
Агроөнеркәсіп өндірісінде ең көп таралған инновация кәсіпорындарды басқару және ұйымдастыру, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, механизация, электрофикация және өндірісті автоматтандыру, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және сақтау болады. Ұлттық шаруашылық жүйесінде инновациялар мен инновациялық қызметтерді игерудің негізгі теориялық және методологиялық аспектілерін ТМД елдерінің ғалымдары Л.Абалкин, Н.Кандратьев, Б.Санто, Б.Твисс, Р.Фатхудинов, Х.Фримен, И.Шевченко, Й.Шумпетер, М.Хучек, Ю.Яковц және басқалардың еңбектерінде қарастырылған.
Дамыған елдердің тәжірибесін үйренудегі жүйелік және нақты тарихи көзқарас агроөнеркәсіп саласына инновацияны ендіру мен инновациялық қызметтерді атқаруға жаңаша қарастыруға мүмкіндік береді және ауыл шаруашылығы саласында инновациялық қызметті үйлесмді ұйымдастыру және оны дамыту үлгілерін ұсыну үшін негіз болып табылады.
Осы айтылған мәселелердің теориялық тұстары мен тәжірибелік және аймақтық мәндері, нарықтық жағдайда ауыл шаруашылығы саласының индустриалды-инновациялық дамуын және олардың тиімділігін арттыру мәселелері қазақстандық ғалымдар: С.Байзақов, Г.Калиев, А.Кошанов, Ш.Купешев, М.Мамыров, Б.Мырзалиев, Т.Нурымбетов, М.Өскенов, О.Сабден, А.Сатыбалдин, Б.Сапарбаев, С.Тажибаев, Т.Исахметов және т.б. еңбектерінде қарастырған.
Дегенмен, агроөнеркәсіп кешенінде шаруашылық қызметтердің түрлерінің өзгеруі және инновацияны игеру, ғылыми және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері аймақтық агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үрдістерді дамыту бойынша әдістемелік негіздерді анықтау, болашақта дамыту және тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеуді қажет етеді.[30]
Әлемде технологияның қарқынды түрде дамуы, нарықтардың жаһаңдандырылуы, техникалық және ғылыми экспертизаның аймақтандырылуы, стратегиялық альянстардың құрылуы инновациялық теорияны әрі қарай жетілдіруді талап етуде.
Қазақстанда ғылымды, технологияны және инновациялық қызметті жоспарлаудың мәні 17 мамыр 2003 жылы №1096 ҚР Президентінің жарлығымен қабылданған "2003-2015 жылдар Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясын бекіту туралы" бағдарламасына байланысты арта түсті.
Стратегия елімізде инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясатты белсенді жүргізуді қарастырады.
Бағдарламада дүниежүзілік экономиканың ғалымдануы аясында Қазақстан экономикасын бірқатар проблемаларға тап болып отырғаны және сол проблемаларға нелер жататыны атап көрсетілген. Оларға Қазақстан экономикасынын бір жақты шикізат бағыттылығы: әлемдік экономикаға ықпалдасуының әлсіздігі: ел ішіндегі салааралық және өңіраралык экономикалық ықпалдасуының босаңдығы; ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы; кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы; ғылым мен өндіріс арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстырға қаржының аз бөлінуі; менеджменттін экономиканы ғаламдану процестеріне және сервистік-технологиялық экономикаға өтуге бейімдеу міндеттеріне сәйкес келмеуі жатады.
Әлемде индустриялық саясат жүргізушінің мол тәжірбиесі жинақталған. Санаулы елдердің ғана бір өнімге тәуелділік проблемасын ойдағыдай шешіп, өз өнеркәсібін әр тараптандыра алғанын атап өтуге болады.
Экспорттың құрылымын әр тараптандыру үшін индустриялық саясатты қолдану түрі елдердің тарихи өткен кезеңінде импортты алмастыруға және экспортқа бағдарланған саясаттың мысалдарынан айқын байқауға болады. Негізінен осындай саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика және Бразилия) және Шығыс Азия (Оңтүстік Корея және Сингапур) елдеріне жасалған талдаудан экспортқа бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткізуге болатын секілді.
Индустриалды-инновациялық саясаттың мақсатына жету өнім өндіру көлемдерін ұлғайту жолымен ғана емес, сондай-ақ адами және өндірілген капиталын үнемдеудің арқасында өңдеуші өнеркәсіптің қосымша құнын көтеруге мүмкіндік береді. Бұл өнімді қайта өндіру үдерісіне және халықтың тұрмыс деңгейіне жағымды әсерін тигізеді. Сонымен қатар, босаған еңбек ресурстарын, энергия мен материалдарды басқа да жаңа өнім өңдіруге жұмсауға болады.
Қазақстанның қабылданған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының ерекшеліктері заңмен белгіленген шаралар арқылы экономика дамуына мемлекеттің араласуы мен мемлекет пен жеке сектордың белсенді байланысында. Ол мемлекет нені және кімге өңдіру керектігін және қай жерде құрылыс жүргізуін көрсететін құрал емес, индустриалды-инновациялық дамудың негізгі қозғаушы күші болып, жеке сектор болып қалуы қажет, ал мемлекет экономиканың бәсеке қабілеттілігінің катализаторы болып, жеке кәсіпкерлерді инновация үрдісіне баулу жолымен модернизацияға тартуы қажет.
Таңдалған стратегия экономика дамуының нақты анықталған басым секторларына ие емес. Негізгі басымдылық - шикізатқа бағытталмаған экономика салаларында мүмкін бәсеке қабілетті және экспортка бағытталған өндірістерді құру мен дамыту. Берілген тұрғы кәсіпкерлер үшін экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін техникалық және ұйымдық жетілдіру жолы жатпайды. Инвестициялық және инновациялық маңызды жайт - өндіріс пен қызмет салаларына инновацияны енгізу үшін кедергілерді жою мақсатында заңнама базасын терең жетілдіру қажеттілігі
Қазіргі таңдағы экономикалық дамудың негізгі сипаттамаларының бірі оның әртүрлі сипаттағы технологиялардың периодты түрде бірін-бірі ауыстырып отыратын технологиялар мен ғылыми-техникалық жаңалықтарға негізделгендігімен ерекшеленеді. Елдердегі техникалық тәртіптің ауысуы кезінде, яғни техникалық дамыған мемлекет бұрынғы өндірісте капиталдың құнсыздануы мен жұмысшыларының біліктілігінің нашарлауына ұшырайды. Ал сол уақытта жаңа өндірістік-технологиялық жүйе құра білген елдер дәстүрлі сферадан келген капитал ағымының орталығына айналады.[3]
2005 жылы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтің ҚР Парламенті палаталар отырысындағы қазақстан халқына Жолдауында дүние жүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) тез арада өту туралы стратегиялық қызығушылығын білдіре отырып, Шанхай ұйымымен әріптестікке, ТМД елдерін реформалауға, ЕврАзЭС біріге отырып біріңғай экономикалық кеңістік (БЭК) құруды жалғастыру және экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны кешіктірмей жүзеге асыруға шақырған болатын.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары инновациялық қызметті ынталандыруда түрлі іс-шаралар атқарылуда. Солардың негізгілеріне тоқтала кетсек, 2001-2005 жылдардағы инновацияны дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 2006 жылы тұжырымдалған 2006-2008 жылдарда Стратегияны жүзеге асыру іс-шараларының Жоспары, және де сонымен қатар 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясы негіз бола алады.
Стратегияның негізгі жағдайы елдің 2030 жылдарға дейінгі даму стратегиясы, басқа да бағдарламалар құжаттарына және сонымен қатар ҚР Президентінің тапсырмасына негізделіп жасалған болатын.
Стратегияны жүзеге асыру негізгі үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең - 2003-2005жылдар;
Екінші кезең - 2006-2010 жылдар;
Үшінші кезең - 2011-2015 жылдар.
Индустриалды-инновациялық даму стратегиясының бірінші дайындық кезеңінің негізгі тапсырмалары болып:
Экономиканың барлық салаларын жүйелік реформалауда заңдық базаны дайындау;
Индустриалды-инновациялық дамуды инстутционалды қамтамасыз ету;
Экономиканың бәсекеқабілетті секторларын анықтау мақсатында зерттеулер жүргізу;
Ұлттық инновациялық жүйенің негізін қалыптастыру.[18]
Қазіргі таңда 9 салалық және салаішілік сипатқа ие бағдарламалар жасалып, бекітілді. Ол бағдарламаларға: ұлтық инновациялық жүйені дамыту мен қалыптастыру; құрылыс индустриасы, бұйымдық және конструкторлық жұмыстар, энергияны мемлекеттік сақтау және т.б. Сонымен қатар Техникалық реттеу туралы, инвестициялық қорлар туралы, Сауда қызметін реттеу туралы, Қазақстанның инвестициялық қоры туралы, Салық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы, инвестиция туралы, Арнайы экономикалық аймақтар туралы, Жеке кәсіпкерлік туралы және т.б сол сияқты 20-дан астам заңдар мен заңдарға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Парламентте инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заң жобасы әзірленуде. Берілген құжаттар кәсіпкерлікті дамыту, инновацияларды енгізу мен ынталандыруға оңтайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. 2005 жылдың 13 мамырында күшіне енген Техникалық реттеу туралы заң ДСҰ - ң тапсырысына сай келісілген сауда барьерасын техникалық реттеу жүйесін әкелуге мүмкіндік береді. Республикамызда техникалық реттеу сферасында мүлде жаңа екі деңгейлі құжат құрылымын жасау көзделіп отыр. Оларға міндетті сипаттағы техникалық регламент және де ерікті түрдегі стандарттар жатады.
Қысқа мерзім аралығында ҚР-н дамытудың мемлекеттік институттар жүйесі қалыптасты. Бұл институттар Ұлттық экономикадағы стратегиялық, ірі масштабтағы жобалар мен локомативтарды жүзеге асыратын болады.
Ғылыми-техникалық және өндіріс-әлеуеті саласындағы өнімдерге негізгі бағыт қазіргі заманғы инфрақұрылымдар ды ұйымдастырулар құру, қызмет етуші ғылыми базалар негізінде: Байқоңыр, Курчатов, Приозерск, Степногорскіде мамандануды ескере отырып, сонымен қатар ғылыми-техникалық және өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындары бар қалаларда индустриалды-инновациялық дамудың ажырамас шарты болып, адами- капиталдың жетілдіруі. Осыған байланысты стратегияны жүзеге асыру жағдайында жоғары қосымша құнды ғылым қажет ететін және жоғары технологиялық өндіріс салаларында маңызды құрылымдық қайта құрулар болады. Экспорт дифференциалданады да Қазақстанның дайын өніммен әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі кеңейеді, Қазақстан экономикасының әлемдік интеграциясына тереңдеуі тек шикізат өнімдері арқылы ғана емес, сондай-ақ дайын өніммен инновациялық қызмет арқасында жүреді. Экономиканың нарықтық емес салаларының үлесі күрт азаяды. Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің мөлдірлігі қамтамасыз етіледі. Инвестиция, технология трансферті ғылыми-инновациялық және өндірістік инфрақұрылым, жоғары білікті басқару, ғылыми, инженерлік, техникалық жұмыс кадрларын даярлау жүйесі үшін Қазақстанның деңгейі жоғарылайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың 16 наурыз айындағы №65 Қаулысымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің сол жылдың 15 сәуір айындағы №286 қаулысымен бекітілген мемлекеттік даму институттарына қатысты холдингтік компанияларды басқаруға Тұрақты даму қоры Қазына құрылды.[16]

1.3 Аграрлық саладағы инновациялық қызметті ұйымдастырудың шетелдік озық тәжірибелер

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, инновациялық қызмет мемлекеттік басқаруды және едәуір қаржыны салуды талап етеді. Инновациялық қызметке төмендегі факторлар әсер етеді: ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығын көлемі; ғылыми сыйымдылығы жоғары өнімді жасауға қабілетті ғылыми қызметкерлердің саны; бітіруші мамандардың саны мен сапасы; инновациялық қызметтің инфрақұрылымы; инновация негізінде еңбек, материал және қаржы қорларын тиімді қолдануға қабілетті салалық басқаруды ұйымдастыру. Мынаны ескеру қажет, егер экономикасы жоғары дамыған елдерде техникалық әзірлемелердің инновациялық кезеңнің ұзақтығы 5-6 жылды құраса, дамушы елдерде 15-тен 25 жыл аралығында болуда.
Көп елдердің экономикасы инновациялық дамудың негізіне және технологиялық дамуға қызмет ету ғылым, өндіріс және қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесінің қалыптастырылуына және инновацияға көбірек бағдарланған. Олар, оның бағыттарын барлық кезең бойынша ғылыми зерттеуден өндіріске енуін анықтайды. Әрбір мемлекетте, бірінші жаңалығы экономиканың инновациялық дамуына мән беріледі, ұлттық инновациялық жүйе қалыптастырылады.
Инновациялық үрдіске әртүрлі бағытталған, оң және кері әсер ететін факторлар мен жағдайлар жиынтығы әсер етеді. Сол себептен диссертациялық жұмыста инновациялық үрдістің ағымына оң және кері әсер ететін факторлар қарастырылып толық талдау жүргізілді.
Қазіргі кезде инновациялық үрдістің үш түрі бөлініп көрсетілуде:
-қарапайым ішкіұйымдық (ұйымаралық), ол жаңашылдықты әзірлеу және оны бір кәсіпорынның ішінде қолдануды ұсынады, бұл жаңашылдық, ереже бойынша тауар түрінде болмайды;
- ұлғаймалы, жаңашылдықтың бірнеше өндірушілері бар болуы, жалғыз өндірушінің монополиялық үстемділігін бұзу;
-тауарлы, бұл жағдайда кем дегенде екі шаруашылық субъект жаңашылдықты өндіруші және тұтынушы ретінде әрекет етеді, ал жаңашылдық тауар көрінісінде болады.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық үрдістің ерекшелігі ретінде, өндірістің тарихи-дәстүрлі технологиясынан басқа, келесілерді айтуға болады:
- ауыл шаруашылық өнім түрлерінің әртүрлігі, технология түрінің және оны өндірістегі қолдану мерзімінің ұзақтық айырмашылығы;
-шаруашылық қызметті жүргізуде аймақтар арасында табиғи және экономикалық жағдайлар бойынша айырмашылығы, ауыл шаруашылығы өндірісінің аумақтық әртүрлі орналасуы мен бір-бірінен қашықтығы;
-ауыл шаруашылығының ғылыми-техникалық өнімді өндіруші ұйымдар мен мекемелерден оқшау болуы;
-ауыл шаруашылығы өндіріне ғылыми жетістіктерді ендірудің нақты ұйымдастырушылық-экономикалық тетігінің болмауы, инновацияны игерудің төмен қарқыны.
Әлемдік шаруашылықтың интеграциялық жағдайында халықаралық аспектіде инновациялық саясаттың мәселелері - корпоративті және мемлекеттік - ұлттық бәсекеге қабілеттілікті күшейту болып табылады. Мысалы, АҚШ ғылыми-техникалық саясатын жүзеге асыру жақсы дамыған институционалдық құрылымға негізделеді.
Жапонияда 80 жылдарда ҒТҮ мемлекеттік реттеу тұжырымдамасында болған ең күрделі өзгеріс, жуырдағы он жылдықта осы мемлекеттің көзқарасы болып табылады, оны жаңашыл салада және өндірісте әлі де қалыптаспаған әлемдік көшбасшы қатарына шығару (жаңа материалдар, микроэлектроника, биотехнология және т.б.).
Жетекші Еуропалық елдерде (Германияда, Ұлыбританияда, Францияда) ұлттық мемлекеттік ұйымдар ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті қалыптастыруда, корпорацияларды қолдауда мәнді рөл ойнайды, олар жеке өнімнің және ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтереді.
Біздіңше, жаңашылдық тәуекелінің факторын ескере отырып, шығармашылық ізденіске және инновациялық шешімді жедел ендіруді ынталандырудың мақсатты бағыттылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Инновациялық қызметті басқару әдісі аудандық деңгейде белгілі ұстанымда анықталады, кестеде көрсетілген мақсат пен мәселені ескереді. Инновациялық қызметті басқарудың негізгі мақсаты кезеңнің барлық қатысушыларының басымды экономикалық әрекетінің жүйесін жасау, бұл агроөнеркәсіп саласында ғылыми-техникалық жетістіктерді ендіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ғылыми, өндірістік және қор әлеуетін белсендіреді
Ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін өндірістік инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуына әсер ететін факторлар жүйесін талдау оны жетілдіру тетігін кешенді тұрғыда қалыптастыруға мүмкіндік береді.[29]
Дамыған елдерде техниканы сатып алуға берілетін тікелей дотациялар қазіргі кезеңде өте сирек кездеседі. Бірақ, жеке дағдарыс кезеңдерінде ауыл шаруашылығының дамуында олар кеңінен қолданылды. Батыс Еуропа елдерінде фермерлер қажетті техниканың бір бөлігіне ие, ал кейбіреулерінің иелігінде олар тіпті жоқ. Яғни ауыл шаруашылығында мердігерлердің (МТБ, машиналық рингтер және т.б.) техникасын пайдаланады.
Индустриалды-инновациялық даму сипатындағы ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестиция көздері республикалық және жергілікті бюджет құралы, сол сияқты мемлекет бақылауындағы кәсіпорындар (ұлттық компания, мемлекеттік кәсіпорындар) арасынан индустриалды-инновациялық даму үшін интеллектуалдық және инфрақұрылымдық негізін құрайтын сала ғана қалуы қажет.
Келешекте ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамытуды жетілдіру бойынша инновациялық іс-шараларды жүзеге асыра отырып, өзіндік құны төмен, жоғары сапалы өнім өндіру арқылы ғана әлемде бәсекелестікте өз орнымызды ала отырып, төмендегі нәтижеге ие боламыз:
-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі және олардың тиімділігі артады;
- зиянкестермен күрес жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді;
-агротехникалық іс-шараларды жүргізгенде қуатты, өнімділігі жоғары техникаларды кеңінен пайдалану мүмкіндігін арттырады;
-минералды тыңайтқыштар жүйелі түрде пайдаланылады;
-өндірілген өнімді тиімді бағамен сатуға және нарықтық жағдайда бәсекелестігі жоғары өнім өндіруге ықпалы тиеді.
Бұл үшін ауыл шаруашылық саласында инвестиция тартудың тетіктерін жетілдіру бойынша мына бағыттар ұсынылады:
-ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартуда ең алдымен аймақтық ерекшеліктерін зерттей отырып, ауыл шаруашылық құрылымдарын ірілендіруді ынталандыру мақсатында мемлекеттен берілетін жеңілдетілген несиелер, жанар-жағар май, субсидия беру тетіктерінің құқықтық базасын дайындау;
-аймақтардың ауыл шаруашылық саласына инвестиция тарту тетіктерін жетілдіру мақсатында шет елдердің тәжірибесін зерттеп, оны жүзеге асыру қажет.[28]
Өзіме берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, құрылғанына биыл 40 жыл толып отырған Ресей Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Сібір бөлімшесінің жылдық жалпы жиналысы мен ғылыми сессиясына қатысуға шақырғандарыңыз үшін Сіздерге ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Сондай-ақ, бүгінгі мерейтой күніне байланысты құрметті Александр Семенович Донченкоға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Қ.Күрішбаевтың және Қазақстан аграрлық ғылымы ғалымдарының құттықтауларын сіздерге жеткізуге рұқсат етіңіздер (АШМ мен ҚАИ-дың құттықтау хаттары табыс етіледі).
Ресейлік әріптестермен аграрлық зерттеулерді және инновациялар саласындағы бірлескен ынтымақтастықты тереңдетуге Қазақстан ғалымдарының мүдделі болуына Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді стратегиялық серіктестік факторлары да, ғылымды дамытудың әлемдік үрдістерге сәйкес арамыздағы өзара қарым-қатынасымыздың деңгейін арттыру үшін қажет маңызды резервтер мен мүмкіндіктер бар екені де себеп болып отыр.
Қазақстандағы аграрлық ғылымның қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын қысқаша баяндап беруге рұқсат етіңіздер.
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев аграрлық ғылым мәселелеріне баса назар аударып, мынадай басым бағыттарды анықтап көрсетті:
бірінші -- АӨК индустриялық-инновациялық дамытуға арналған ғылыми зерттеулер мен технологиялық серпін;
екінші озық технологияларды трансферттеу және әлемдік ғылым жетістіктерін біздегі топырақ-климат жағдайына бейімдеу;
үшінші -- ғылыми-әзірленімдерді коммерцияландыру және ғылымды қаржыландыруға меншік инвестицияларды тарту.
Әлемдік ғылым да осы бағыттарда дамып келе жатыр, аграрлық ғылымда жүргізіліп жатқан реформалар да осыны көздейді.[21]
2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Үкіметі экономиканың аграрлық секторындағы технологиялық серпінді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 25 ғылыми-зерттеу ұйымы базасында ҚазАгроИнновация акционерлік қоғамын құрды. Осыған орай компанияға мынадай Миссия жүктелген болатын:
- ғылыми жаңа әзірленімдер даярлап, коммерциялық пайдалануға енгізу;
- шетелдік перспективалы технологияларды меңгеру (трансферт);
- ғылыми-техникалық және инженерлік-техникалық қызметтер көрсету;
-АӨК білім беру (тарату) арқылы экономиканың аграрлық секторын жедел ғылыми-технологиялық дамытуды қамтамасыз ету.
Жүктелген міндеттерді атқару үшін:
- ҒЗТКЖ сапасы мен нәтижелілігін арттыру;
-білім таратудың тиімді жүйесін құру;
-меншік секторының қажеттіктерін қанағаттандыру үшін сапалы ғылыми-техникалық және инженерлік қызметтер көрсету;
-жан-жақты ғылыми-техникалық және инновациялық инфрақұрылым құру және дамыту;
-жалпы ғылыми-техникалық ізденіс пен инновациялық прогреске қатысушылар арасында тиімді қарым-қатынасқа қол жеткізу арқылы қазіргі заманға лайық басқару моделін құруды және іске асыруды көздейтін, Аграрлық ғылымның дамуын тану стратегиясы айқындалды.
Қазіргі уақытта ҚазАгроИнновация АҚ құрамында бүкіл еліміздің аумағы бойынша филиалдарының кең жүйесі бар (26 филиалымен) 22 ғылыми-зерттеу институты, Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы, Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығы, Агроөнеркәсіп кешеніндегі экономикалық саясатты талдау орталығы қамтылған. Биылғы жылы Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы Асыл түлік акционерлік қоғамы компанияның құрамына енді, Ауыл шаруашылығы министрлігінің 14 тәжірибе шаруашылығын біздің компанияның қарамағына беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды. Компанияның ғылыми және инновациялық қызметі АӨК дамыту салаларын және еліміздің барлық өңірлерін түгелдей қамтиды.
Ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мақсатында кең ауқымды жұмыстар жүргізудеміз.
Ғылыми жобаларды басқарудың жаңа моделін енгізу басталды, оның мәнісі -- бүкіл зерттеулер ортақ мақсаттар мен міндеттер шеңберіне жұмылдырылған, ғылыми ұйымдар кооперацияланған. Осының нәтижесінде қазіргі уақытта ғалымдар кешенді тұрғыда әзірленген түпкілікті ғылыми өнімді коммерцияландыру және өндіріске енгізу үшін ұсынады.
2009 жылы бұрын орындалған 367 тапсырманың орнына, аграрлық нарықтың нақты қажеттіктеріне бағытталған, ғалымдардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тікелей қарым-қатынасы барысында әзірленген 36 кешендік зерттеу жобасын іске асыру басталды.
Компанияда басқарудың жаңа моделін ғылыми жобалармен ұйымдық қамтамасыз ету мақсатында құрылған Ғылыми-техникалық комиссияның құрамында 23 кісі бар, оның 18-і ғылым докторы (оның 9-ы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктері) және бесеуі ғылым кандидаты.
Осылайша, ғалымдар мен өндірушілердің өздерінің пікірлерін сараптауға, сондай-ақ АӨК дамытудың басым бағыттарын есепке ала отырып ғылыми әзірленімдерді бағалауға мүмкіндік беретін, ғылыми зерттеулерді басқарудың жаңа жүйесі енгізілді.[19]
Басқару және техникалық персонал есебінен ғылыми-зерттеу ұйымдарының штат санын оңтайландыру ғалымдардың еңбекақысын орта есеппен 50 пайыз ұлғайтуға мүмкіндік берді, бұл ретте еңбекақыны әр ғалымның нақты үлес қосуына сәйкес есептеудің сараланған жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта аграрлық ғылымда 2,5 мыңнан артық адам жұмыс істейді, оның жартысына жуығы (45 % -1120 адам) ғылыми қызметкер, сонымен бірге: 150-ден аса ғылым докторы, 423 ғылым кандидаты бар.
Осылайша, бір жағынан ғылыми ұйымдардың, тәжірибелік шаруашылықтардың, инновациялық орталықтардың қызметін үйлестіру проблемасы, екінші жағынан ғылымдағы бәсекелестік және оны коммерцияландыру үшін негіз қаланды.
Ғылымды қаржыландыруда түбегейлі өзгерістер болды.[1]
Ауыл шаруашылығы саласындағы ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін аграрлық өндіріске енгізу жөнінде айтсақ, дәнді дақылдардың отандық селекция сорттары 6,5 млн гектарға егілген, яғни 2007 жылғыдан 580 мың гектар артық, отандық селекцияның майлы дақылдары 286 мың гектарға егілді, 2007 жылғымен салыстырғанда 73 мың гектар артық. Мысалы, қазақстандық селекцияның бидай сорттары үлесі Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында соңғы 4 жылда орта есеппен 25 пайыздан 60-70 пайызға дейін өсті.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ылғал ресурстарын үнемдеу технологияларын енгізу алаңдары 2009 жылы 10,3 млн.гектарға немесе бүкіл астық алқабының 60 пайызына жеткізілді, ал 2003 жылы бұл технология тек 1,0 млн. гектардан аз алаңда ғана қолданылған болатын.
Былтырғы жылдан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беруде сараланған ұстаным қолдануының нәтижесінде осыған қол жеткізілді, яғни ылғал ресурстарын үнемдеуші жаңа технологияларды қолданатын АӨК субъектілері үшін субсидия көлемі 2 есеге жуық ұлғайтылды. АӨК субъектілері ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық бағыттарында, сонымен бірге мал шаруашылығы саласында ғылыми негізделген технологияларды қолдануға көшкен жағдайда ғана оларға мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі ұстанымдарды Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп әзірлеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығының инновациялық әлеуетінің қаржылық тиімділігін талдау
Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері
Оңтүстік Қазақстын Облысының агроөнеркәсіпті дамытудағы инновацияның рөлі немесе оның қызметін жетілдіру жолдары
Аймақтық өндірістік аөк инфрақұрылымының құрылуымен қалыптасуының теориялық және әдістемелік негізі
Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теориялық және тәжірибелік мәселелері
Аграрлық сектор саласындағы кәсіпкерлік және оның экономикалық рөлі
Тәжірибелік зерттеу әдістері
АӨК салаларындағы инновациялық қызметтің теориялық негізін қалыптастыру
Ауыл шаруашылығы өндірісін басқару механизмдері
Агроөнеркәсіптік бизнесті дамыту Қазақстанның экономикалық өсу драйвері ретінде
Пәндер