Мағауия Абайұлы Құнанбаев еңбектері


Мағауия Абайұлы Құнанбаев
(1870-1904) - ұлы ақын.
Өмірбаяны
Мағауия Абайұлы Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқытқаннан кейін, Семейдегі Городское училищесіне орысша мектепке оқуға түсіреді, бірақ Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, ауылға қайтады. Осыдан кейін де әкесінің қасында жүріп, өздігінен ізденіп білімін толықтыра береді. Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Мағауия әдебиет тарихында Абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды.
Өмірінің соңыНебәрі 34 жыл жасаған Мағауия шағын ғұмырында қазақ әдебиетіне мұра боларлық тамаша туындылар тастап кетті. 1904 жылы 14 мамырда қайтыс болған Мағауия Ақшоқы мекеніндегі Құнанбай бейітіне жерленді.
ШығармашылығыАбайдың ақылының арқасында бірнеше поэма жазады. Ол жазғандары:
- «Еңлік-Кебек»,
- «Абылай»,
- «Медғат-Қасым».
Өз махаббаты үшін күресіп, құрбан болған Еңлік пен Кебекті келер заман жастарына үлгі етіп жырлайды. «Еңлік-Кебек», «Абылай» поэмалары қолжазба күйінде қалып, оқушыларға таралмаған.
- «Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы қазақтан жырақ, алыс елдерден, яғни Африка өмірінен алынған. Сол елді мекендеген адам қауымын реалистік шындық түрғысынан көрсетеді.
Осылайша поэзияның үлкен үлгісін шебер танытқан Мағауия осындай романтикалық поэманы қазақ әдебиетіне кіргізді. Сол кездегі өнерлі жастар осы поэманы жаттап алып, әнге қосты. Осыдан кейін де қазақ өмірінен алып, тағы бір поэма жазды. Ол «Еңлік-Кебек» жайындағы коспа поэма болды. Бұл поэмада Кеңгірбай бидің бейнесін шебер керсете білген. Еңлік-Кебектің өліміне себепкер биді кіналайды. Осылайша, образдарды бейнелеуде, өткеннің қараңғылығын сынауда адамгершілікті ең үлкен максат етіп қойған Мағауияның поэмасы өз уақытындағы бағалы еңбек болды.
М. О. Әуезовтің айтуынша, Мағауия бірнеше поэма жазған. Әйтсе де сақталғаны, көптен бері баспа жүзін көріп, оқырмандар жұртшылығына мәлім шығармасы - «Медғат-Қасым».
Ақылбайдың «Қисса Жүсіп» поэмасы және қазақ әдебиетінде романтизм бағытының дамуымен байланысты Мағауияның «Медғат- Қасымын» атап өттік. Енді поэманың өзіне тоқталалық.
«Медғат-Қасымның» қысқаша мазмұны: Нил дариясы бойындағы Африка еліне Мұрат деген адам баю үшін Мысыр қаласынан кәсіп іздеп келеді. Оның Медғат деген ұлы, Ғазиза деген қызы болады және Мария деген бір қызды еншілес етіп алады. Мұраттың құлдары көп, соның ішінде әрі қайратты, әрі қайсар Қасым деген бір құлы бар. Бұл құлдың шешесін жас кезінде бай сатып алып, Қасымды өзіне бала етеді. Бірақ Медғат туған соң, оны құл орнына жұмсайды. Ержеткеннен кейін Қасым Марияны сүйіп, өзінің көңілін білдіреді. Мария Медғатпен әліптес болғандықтан, Қасымды менсінбейтіндігін айтып, оған теріс қарайды. Онымен қоймай, бұл әңгімені Медғатқа жеткізеді. Медғат Қасымды бұлқынның (насостың) астына отырғызып, жаза тарттырады. Қасым талып қалады. Алайда бұл жазадан аман құтылып, бірнеше күннен кейін Марияны өлтіріп, қашып кетеді. Бірнеше жыл өткеннен кейін Мұрат бай Мысырға көшпекші болады. Қасым сол кеткеннен үш жылдай қарақшы болып жүреді. Бұлардың көшейін деп жатқанын естіп, жол тосады да, Мұратты, Медғатты өлтіреді. Ғазизаны қолға түсіреді.
Ғазизаның Сәлім деген сүйген жігіті болады екен, бірақ Мұрат пен Медғат оны кедейсініп, Ғазизаны бермеген соң, ол бір аңшыға қосылып, аңшы болып кеткен. Енді соған хабар жетіп, барлық мергендер жиналып, Ғазизаны құтқармақшы болып келеді. Қасымның жолдастары арақ ішіп, мас болып, өзі ұйықтап жатқанда, Сәлімдер қамайды. Қасым Ғазизаны алып қашады. Сәлім артынан қуады. Бірақ Сәлімді Ғазиза танып, Қасымды тоқтатады. Қасым Ғазизаны Сәлімге береді. Поэма осымен аяқталады.
Поэманың идеялық мазмұнындағы бір құндылығы - Мұрат, Медғат сықылды құл иеленушілердің құлдарға көрсеткен ауыр азабын суреттеу. Поэмада Медғат пен Қасымның арасындағы қарым-қатынастан қожаның құлға деген мейірімсіздігі өте айқын көрінеді. Мұрат та, Медғат та өте қатал, өте мейірімсіз адам болып суреттеледі. Олар құлды адам деп санамайды. Олардың құлдарды қалай жазғырам десе де еріктері өздерінде. Бар байлық, бар игілігі құлдардың қолымен жасалып отырса да, ешбір жазықсыз Қасымды қатты жазаға бұйырады. Туысында бірбеткей, өжет Қасымды Медғат қылмысқа айдайды. Ақырында жас жігіт өмірден түңіледі. Мұрат та, Медғат та байлықты, сол байлықтан туған менмендікті ең жоғарғы нәрсе деп ұғады да, соны берік ұстайды. Сөйтіп, ақын құл иеленуші жауыз байдың типін жасайды.
Ақын поэмада Мұратты да, Медғатты да жамандықтың өкілі ретінде көрсетуді мақсат етіп қойған да, тілегін дұрыс орындап шыға алған. Поэманы оқығанда оқушылар Мұратты да, Медғатты да мейлінше жек көреді. Өйткені екеуінің де ойлайтыны - байлық пен менмендік. Сол жолға кімді құрбан етуге болса да тайынбайды. Олардың осы тәрізді іс-әрекеті оқушыларды өздеріне қарсы қояды.
Поэмада ерекше орын алатын қаһарман - Қасым. Автор Қасымды ұнамды кейіпкер етіп көрсетуді мақсат еткен. Оның кісі өлтіріп, қарақшы болып кетуін де, басқа қылмысты іс-әрекеттерін де автор өзінше дәлелдеп, соның бәріне жауапты Медғат екенін көрсетеді. Автор өзінің поэзиясында, бір жағынан, өткен кездегі құл мен қожаның арасындағы күресті көрсетпек болса, екінші жағынан, «кекке-кек, қанға-қан» деген ескі пікірді қолдайды. Әрине, соңғы пікірдің дұрыс та, теріс те жағы бар. Кекке-кек таптық тұрғыдан, отан тілегінен туса, ол күрес ел жауы, отан жауына қарсы күрес болмақ. Бірақ мұндағы кекке-кек мәселесі олай емес, сондықтан қазіргі тұрғыдан қарағанда, ондай күресті дәріптеуге болмайды.
Бірақ автордың көрсетіп отырған уақиғасы - өткен замандікі. Ол кезде басқа жолдың болуы да қиын және автордың мақсаты - өз мақсаты үшін күрескен өжет, ер, намысқой адамның образын жасау, айқындалған таптық санасы болмаса да, таптық жағдай, правосыз өмір, қожадан көрген орынсыз зорлыққа қарсы аттанған құлды әр жағдайда алып, романтикалық қаһарман етіп көрсету. Объективтік тұрғыдан қарағанда, Қасымның Медғатқа қарсы күресі тек сол дәуірдің шеңберінде ғана мәні бар. Ал бүгінгі көзқараспен қарасақ, артта қалған, күрестің атам заманғы ескі әдісі.
Бұл поэманың біздер үшін екінші бір құндылық жағы - поэманың өз кезінде қазақ әдебиетіндегі жаңалығы. Жас ақын Мағауия «Медғат-Қасым» арқылы қазақ әдебиетіне мәдениеті алдағы орыс әдебиетіндегідей романтикалық бағытты енгізді. Поэманың құрылысына, оқиғасына, образ жасау әдістеріне қарағанда, автордың ол кездегі романтик ақын-жазушылармен де, романтикалық поэма, романдармен де жақсы таныс болғаны байқалады. Сондықтан да ақын өзінің поэмасын шын мәніндегі романтикалық поэма етіп шығара алған.
Оқиға байланысы жай дағдыдағы эпостық поэмалардың ізінше басталса да, кейін оқиғаның жайы және оқиғаның даму кезеңдері басқаша бола бастайды. Ең алдымен, оқиға дағдыдан тыс, жаңа географиялық ортада болады. Қаһармандарының іс-әрекет, мінез-құлық, наным-сенім, тіпті сыртқы көрінісі, т. б. алсақ, қалыптағы жай іс-әрекет, мінез-құлықтардан ерекше. Бір амал мен екінші амалдың байланысы, оқиғаның шиеленісі, шарықтау шегі - бәрі де күтпеген жерден кенет жалтарысқа ұшырап, шешілуі де осыған сәйкес болып келеді. Адам образдарын жасау әдісі де осыған дәл. Солардың ішінде романтикалық қаһарманды көз алдыңа елестете аларлық және өте шебер жасалған образ - бас қаһарман Қасым образы.
Қасым - өжет, қайратты, бірбеткей, қайсар, мейлінше кекшіл. Оның істерінің қайсысын алсаң да ірі, басқалардан бөлек, ерекше. Бір жерінде:
Дейтұғын бір құлы бар Қасым атты.
Қара сұрлау пішіні зәңгі затты.
Отты қара көзі бар, ұзын бойлы,
Тәкаппар, тәуекелшіл, бек қайратты, -
десе, екінші бір жерінде ақын Қасымның осы сыртқы кескініне оның бірбет, қайсарлық мінезін де сай етіп суреттейді. Мысалы, Қасымды Медғат бұлқынмен (насоспен) жіберілген судың астына қойып, оны қатты жазалап жатқанда да, ол дыбысын шығармайды.
Ыңқ еткенімді естісе, сүйсінер деп,
Тістеніп, жатып алды ернін шайнап.
Су құйылды краннан басына атқып,
Қыңқ етіп дыбыс шықпай қалды қатып.
Ойбайынан өлгенін оңай көріп,
Шыдай берді жатса да қанша батып.
Қасым кекті қатты ұстайды. Жауына мейірімсіз және мейлінше қатал. Мұрат пен Медғатты жазалап, өлімге бұйырған жерінде де тайынбайды. Оның көз алдына жалғыз-ақ нәрсе елестейді. Ол - Медғаттың бұдан үш жыл бұрын қолданған жазасы. Мұрат пен Медғат қана емес, баяғыда Қасымды жазалап жатқанда ара түспегендігі үшін Ғазизаны да жазаға бұйырады. Бірақ Ғазизаның тәрбиешісі, кемпірдің аналық сөздері Қасымның сезімін оятып, Ғазиза жазадан аман қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz