Сөздердің лексикалық тіркесімділігінің кейбір мәселелері
1 Лексикадағы синтагматикалық қатынастар
2 Сөздердің тіркесімділік шегі
3 Лексикалық тіркесімділік пен валенттілік ұғымдарының арақатынасы

Лексикадағы синтагматикалық қатынастар сөздердің семантикалық және синтаксистік қасиеттері негізіндегі тіркесімділігі арқылы жүзеге асырылады. Тіркесімділік – тілдік бірліктердің арасындағы жоғары деңгейдегі бірліктер құрудағы тіркесімінің синтагматикалық қатынастарын сипаттайтын қасиеті [1].
Сөздердің тіркесімділік қасиеті тілдік жүйенің ішкі семантикалық заңдылықтарымен анықталады. Тіл деңгейінде сөздің белгілі бір грамматикалық форма мен синтаксистік құрылымдарда басқа сөздермен семантикалық немесе грамматикалық белгілері арқылы тіркесімділігі сипатына қарай лексикалық және грамматикалық тіркесімділік деп топтастырылады. Оның ішінде лексикалық тіркесімділік сөздердің семантикалық қасиеттерімен, грамматикалық тіркесімділік синтаксистік белгілерімен анықталады. Синтагматикалық қатынастағы сөздердің лексикалық және синтаксистік тіркесімділіктерінің ерекшелігі тіркесімділіктегі сөздердің өзі белгілейтін ұғыммен арақатынасына байланысты сипатталады. Бұл жөнінде Н.З. Котелова: «Лексикалық тіркесімділік лексикада сипатталған сөздердің ұғымдарының тіркесімділігі болса, синтаксистік тіркесімділікті грамматикалық деп атау керек» [2,83] деп жазады. Сондықтан сөздің лексикалық тіркесімділігі сөз бен ол арқылы белгіленетін зат не құбылыстың арасындағы заттық-логикалық байланыс арқылы жүзеге асады. Мысалы, үй – салу, орындық – отыру, жаңбыр – жауу, боран – соғу, ит – үру т.б. Мұндағы зат пен қимыл атауларының арасындағы заттық-логикалық байланыс олардың лексикалық тіркесімділікке түсуіне негіз болып тұр.

1. Кононов А.Н. Родословная туркмен. Москва, Л.енинград, 1958.
2. Н. А. Б а с к а к о в. Тюркские языки. Москва, 1960.
3. А.М Щербук. Грамматика староузбекского языка.Москва, Л.енинград, 1962.
4. X. Арғынов. Қазақтілі методикасы. Синтаксис, пунктуация. Алматы, 1974.
5. Қазақ тілінің грамматикасы. 2 бөлім. Алматы, 1967.
6. Шэукенұлы Қ. Синтаксис. Алматы, 2004.
7. Қордабаев Т.Р. Тарихи синтаксис мәселелері. Алматы, 1964.
8 Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2003.
9. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1966.
10. Әміров Р.С. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы 1982.
11. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов.-Москва,1966.
12. Котелова Н.З. Значение слова и его сочетаемость.-Москва,1975.
13. Харитонова И.Я. Теоретическая грамматика немецкого языка. Синтаксис. Киев,1976.
14. Қарағойшиева Д. Валенттілік және тіркесімділік терминдері//Қазақ тілі мен әдебиеті. №1,2004.
15. Матченко Г.В. К вопросу об ограничении лексической сочетаемости в русском и английском языках// Википедия. Курский государственный университет.
16. Хасанов Ғ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы: Докт. дис. авторефераты.-Алматы,2009.
17. Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание.-Москва: Просвещение,1979.
18. Хасанов Ғ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы. Докт. дис. қолжазбасы.-Алматы,2009.
19. Исаев С.М. Қазақ тілі жайында ойлар.-Алматы,1997.
2. Н. А. Б а с к а к о в. Тюркские языки. Москва, 1960.
3. А.М Щербук. Грамматика староузбекского языка.Москва, Л.енинград, 1962.
4. X. Арғынов. Қазақтілі методикасы. Синтаксис, пунктуация. Алматы, 1974.
5. Қазақ тілінің грамматикасы. 2 бөлім. Алматы, 1967.
6. Шэукенұлы Қ. Синтаксис. Алматы, 2004.
7. Қордабаев Т.Р. Тарихи синтаксис мәселелері. Алматы, 1964.
8 Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2003.
9. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1966.
10. Әміров Р.С. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы 1982.
11. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов.-Москва,1966.
12. Котелова Н.З. Значение слова и его сочетаемость.-Москва,1975.
13. Харитонова И.Я. Теоретическая грамматика немецкого языка. Синтаксис. Киев,1976.
14. Қарағойшиева Д. Валенттілік және тіркесімділік терминдері//Қазақ тілі мен әдебиеті. №1,2004.
15. Матченко Г.В. К вопросу об ограничении лексической сочетаемости в русском и английском языках// Википедия. Курский государственный университет.
16. Хасанов Ғ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы: Докт. дис. авторефераты.-Алматы,2009.
17. Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание.-Москва: Просвещение,1979.
18. Хасанов Ғ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы. Докт. дис. қолжазбасы.-Алматы,2009.
19. Исаев С.М. Қазақ тілі жайында ойлар.-Алматы,1997.
Сөздердің лексикалық тіркесімділігінің кейбір мәселелері
Лексикадағы синтагматикалық қатынастар сөздердің семантикалық және синтаксистік қасиеттері негізіндегі тіркесімділігі арқылы жүзеге асырылады. Тіркесімділік – тілдік бірліктердің арасындағы жоғары деңгейдегі бірліктер құрудағы тіркесімінің синтагматикалық қатынастарын сипаттайтын қасиеті [1].
Сөздердің тіркесімділік қасиеті тілдік жүйенің ішкі семантикалық заңдылықтарымен анықталады. Тіл деңгейінде сөздің белгілі бір грамматикалық форма мен синтаксистік құрылымдарда басқа сөздермен семантикалық немесе грамматикалық белгілері арқылы тіркесімділігі сипатына қарай лексикалық және грамматикалық тіркесімділік деп топтастырылады. Оның ішінде лексикалық тіркесімділік сөздердің семантикалық қасиеттерімен, грамматикалық тіркесімділік синтаксистік белгілерімен анықталады. Синтагматикалық қатынастағы сөздердің лексикалық және синтаксистік тіркесімділіктерінің ерекшелігі тіркесімділіктегі сөздердің өзі белгілейтін ұғыммен арақатынасына байланысты сипатталады. Бұл жөнінде Н.З. Котелова: Лексикалық тіркесімділік лексикада сипатталған сөздердің ұғымдарының тіркесімділігі болса, синтаксистік тіркесімділікті грамматикалық деп атау керек [2,83] деп жазады. Сондықтан сөздің лексикалық тіркесімділігі сөз бен ол арқылы белгіленетін зат не құбылыстың арасындағы заттық-логикалық байланыс арқылы жүзеге асады. Мысалы, үй – салу, орындық – отыру, жаңбыр – жауу, боран – соғу, ит – үру т.б. Мұндағы зат пен қимыл атауларының арасындағы заттық-логикалық байланыс олардың лексикалық тіркесімділікке түсуіне негіз болып тұр. Егер үй – жауу, орындық – үру, жаңбыр – салу т.б. десек, бұлардың арасында ешқандай логикалық байланыс болмағандықтан, олар лексикалық тұрғыдан тіркесімге де түспейді. Бұдан тілдің синтагматикалық жүйесіндегі лексикалық тіркесімділікке сөздердің арасындағы заттық-логикалық байланыстың белгілі бір дәрежедегі ықпалы көрінеді.
Лексикалық тіркесімділікке қарағанда синтаксистік тіркесімділік анағұрлым жалпылама сипатта болады. Тіркесімділіктің бұл түрінде зат – заттың белгісі, затқа бағытталған қимыл; әрекет – әрекет құралы; қимыл – қимылдың белгісі; бөлшек – бүтін тәрізді белгілер негізге алынады. Мысалы, биік үй (зат және белгі), домбыра тарту (затқа бағытталған қимыл), орақпен ору (әрекет және құрал), еркін сөйлейді (қимыл және оның белгісі), домбыраның тиегі (бүтіннің бөлшегі) т.б. Сөздердің синтаксистік тіркесімділігінде олардың грамматикалық формаларына назар аударылады. Грамматикалық формалар арқылы берілетін грамматикалық мағыналардың әсерімен сөздердің синтаксистік тіркесімділік тұрғысынан байланысы жүзеге асады. Бұл салыстырулардан шығатын тұжырым: лексикалық тіркесімділік синтаксистік тіркесімділікпен тығыз байланыста болғанымен, синтаксистік тіркесімділіктен, біріншіден, заттық-логикалық байланысымен, екіншіден, нақты лексикалық мағынамен тікелей қарым-қатынасымен, үшіншіден, шарттылығымен ерекшеленеді. Ал сөздердің лексикалық тіркесімділігінде синтаксистік тіркесімділіктің негізге алынуы, яғни сөздің лексикалық тіркесімділігінің белгілі бір синтаксистік үлгілер арқылы берілуі тіркесімділіктің аталған түрлерінің арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді.
Сөздердің тіркесімділік шегі ондағы лексемалардың семантикалық белгілерімен байланысты анықталады. Мысалы, күшті адам, қатты жел, мықты өндіріс т.б. Мұндағы өзара мәндес сын есімдер зат есімдермен семалардың үйлесімділігі негізінде тіркесімділікке түскен. Бірінші тіркестегі сын есімді екінші тіркестегі сын есіммен ауыстырсақ, онда тіркесімділік мағыналық жағынан өзгеріске түседі. Бұл жағдай үшінші тіркеске де (мықты (бірақ қатты емес) өндіріс) қатысты. Сондықтан лексикалық тіркесімділік үшін сөздердің мағыналық жағынан сәйкестігі аса маңызды.
Тіл білімінде тіркесімділікпен байланысты қолданылатын ұғымдардың бірі – валенттілік ұғымы. Сөздердің лексикалық тіркесімділігі мәселесінде тіркесімділік пен валенттілік ұғымдары арқылы белгіленетін құбылыстардың да аражігін анықтау аса маңызды. Валенттілік – тілдік бірліктердің синтагматикалық қасиеттері арқылы жүзеге асатын құбылыс. Тілдік бірліктердің синтагматикасы олардың тіркесімділігімен сипатталатындығын ескерсек, валенттілік пен тіркесімділіктің арақатынасында өзіндік ерекшеліктер мен тығыз байланыстың да бар екенін анықтауға болады. Жалпы тілдік зерттеулерде тіркесімділік пен валенттіліктің арақатынасына қатысты бірқатар тұжырымдар қалыптасқан. Олардың қатарында орыс ғалымы И.Я. Харитонованың пікірі ерекше назар аударуды қажет етеді. Зерттеуші валенттілік пен тіркесімділік ұғымдарын бір-бірінен ажырататын белгілері ретінде, біріншіден, сөздің лексикалық мағынасын, екіншіден, сөз тіркесінің бағыныңқы не басыңқы мүшесі ретіндегі қасиетін, үшіншіден, әр түрлі типтердегі анықтауыштық қасиеттерін атап көрсетеді [3,16]. Егер валенттілік сөздің әлеуетті синтагматикалық қасиеттерімен байланысты болса, сөздің әлеуетті синтагматикалық қасиеті сөйлеу үдерісінде олардың тіркесімділік қасиеті арқылы жүзеге асады. Сондықтан валенттілік синтагматикалық қасиетпен, ал тіркесімділік сол қасиеттердің жүзеге асырылуымен сипатталады. Сөздердің тіркесімділігі мен валенттілігі өзара тығыз байланысты бола тұра, бір-бірінен ерекшеленетін екі түрлі тілдік құбылыс, заңдылық.
Тіркесімділік пен валенттілік ұғымдарының аражігін анықтауға қатысты Д. Қарағойшиева: Валенттілікке де, тіркесімділікке де тіркесу қасиеті тән. Тіркесімділікте бұл қасиет шексіз. Ол шексіздік сөз мағынасының әр түрлі деңгейдегі орнына байланысты [4,107] деп, тіркесімділіктің валенттіліктен тіркесу қабілетінің шексіздігімен ерекшеленетіндігін атап көрсетеді. Зерттеуші Г.В. Матченконың: ...понятие лексическая сочетаемость в некоторой степени условно, поскольку при изучении сочетательных возможностей конкретного слово мы имеем дело с набором заполняемых при нем семантико-синтаксических позиций или его валентностью [5] деген тұжырымын негізге алсақ, нақты бір сөздің тіркесімділік қабілетіндегі оның семантико-синтаксистік позицияларын толықтырушы жиынтықтары немесе валенттілігі лексикалық тіркесімділік ұғымының белгілі бір дәрежедегі шарттылығымен сипатталады. Соған қарамастан тіркесімділік валенттілікке қарағанда анағұрлым кең ұғым
Лексикалық тіркесімділік пен валенттілік ұғымдарының арақатынасы мәселесінде Ғ. Хасанов орыс және қазақ тіл біліміндегі ғылыми пікірлерді өзара салыстыра талдап, соның негізінде тіркесімділікті синтагматика ұғымымен тең қарайды [6,20]. Зерттеуші одан әрі лексикалық синтагматиканы тіркесімділігіне қарай еркін және байлаулы лексикалық тіркесімділік, көріну дәрежесіне қарай қарапайым және анық лексикалық синтагматика [6,13] деп топтастырады. Жалпы қазақ тілі лексикалық синтагматикасындағы сөздердің лексикалық тіркесімділігін, итеративтілік, сөз-синтагма, синтагмема тәрізді ұғымдардың сөздердің синтагматикалық қатынасындағы қызметін анықтауда Ғ. Хасановтың зерттеуінде маңызды тұжырымдар жасалады.
Тіл деңгейінде сөздердің арасындағы мағыналық үйлесімділік тілдің белгілі бір даму кезеңінде өзгеріске ұшырауы әбден мүмкін. Ол өзгерістер сөз мағынасының семантикалық жағынан кеңеюі немесе тараюымен, сондай-ақ сөздің қолданыстық сипатымен де байланысты. Сондықтан сөздің лексикалық тіркесімділігі оның мазмұнымен үнемі байланыста болмайды. Сондай-ақ сөздердің лексикалық ерекшеліктері де олардың лексикалық тіркесімділігіне кері әсер етеді. Мысалы, ұсқыны жаман, дауыстап оқу, оқыс оқиға т.б. Берілген тіркестердегі жаман, оқу, оқыс сөздерін осы тіркестердің құрамында жақсы, жазу, кенет сөздерімен ауыстырып қолдануға болмайды. Ондай жағдайда сөздің лексикалық тіркесімділігі бұзылады. Сөздің лексикалық тіркесімділігінің бұзылуы көп жағдайда көп мағыналы сөздердің дұрыс қолданылмауымен байланысты түсіндіріледі. Сөз негізгі мағынасында өзіне мағыналық жағынан сәйкес кез келген басқа сөзбен еркін тіркесімділікке түседі. Мысалы: таза су, таза қағаз, таза жер. Ал ауыспалы мағынасында таза ой, таза жүрек, таза ниет тәрізді санаулы сөздермен ғана тіркесімділікке түседі.
Лексикалық тіркесімділік тұрғысынан тілдегі атауыш сөздер негізгі атауыштық мағынасының сипатына қарай шартты түрде екі топқа бөлініп қарастырылады. Бірінші топтағы атауыш сөздерге тіркесімділігі заттық-логикалық байланысы тұрғысынан шектелмейтін лексемалар жатады. Мысалы: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz