Жер учаскесіне құқық шектері


Мазмұны

I . Жер учаскесіне құқық шектері

1. 1. Жер учаскесіне құқық шектері және жер учаскелеріне құқықтарды табыстау

1. 2. Жер учаскелерін беру нормалары

1. 3. Бөлінетін және бөлінбейтін жер учаскелері

Жер учаскесіне құқық шектері

1. Жер учаскесіне құқық шектері және жер учаскелеріне құқықтарды табыстау

Жер учаскесіне заттық құқықтар басқа заң актілерінде өзгеше белгіленбесе осы учаске шекарасындағы топырақтың үстіңгі қабатына, тұйық су айдындарына және екпелерге қолданылады.

Жер учаскесінің меншік иесі мен жер пайдаланушының топырақ астындағы жер қойнауын пайдалануы жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес және жер қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтін заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Жердің меншік иесі мен жер пайдаланушыға осы учаске астындағы кең тараған пайдалы қазбаларды өз қажеті үшін өндіруге құқық, жер учаскесіне меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беру кезінде бірге жүзеге асырылады.

Жер учаскесінің меншік иелері мен пайдаланушылары өз құқықтарын заңдарда белгіленген шектерде жүзеге асырады.

Мемлекет меншігіндегі және пайдалануға берілмеген жер учаскесіне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын табыстауды жергілікті атқарушы органдар жер заңдарында белгіленген құзыреттері шегінде жүргізеді.

Жер заңдары көлемінде жерге құқықты табыстаудың жалпы реті төмендегідей болып белгіленген:

жер учаскесіне тиісті құқық табыстау туралы өтінім жасау;

мәлімделген өтінімді қанағаттандыру мүмкіндігін анықтау;

жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту;

жер учаскесіне құқық табыстау туралы атқарушы органның шешімін қабылдау;

берілген жер учаскесінің шекарасын белгілеу;

жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатты әзірлеу және құқық иесіне беру;

жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеуден өткізу.

Өтініште өтініш беруші жер учаскесін пайдалану нысанын, шамаман оның орналасқан жерін, көлемін көрсетуі тиіс.

Өтініш үш ай мерзімде қаралып нәтижесі өтініш иесіне берілуі керек.

Атқарушы органның тапсырысы бойынша аймақтық жерге орналастыру қызметі, ал елді мекендерде сәулет пен құрылыс органдарымен бірлесіп жер учаскесін беру мүмкіндіктері туралы өз ұсыныстарын атқарушы орган жанындағы арнаулы комиссияға ұсынады.

Арнаулы комиссияның тұжырымы бойынша жерге орналастыру жобасы жасалынып, оның негізінде атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі жобасы дайындалады.

Шешім, құзыреттеріне қарай, атқарушы органның, яғни әкімшіліктің қаулысымен ресімделеді.

Үлкен сұранысқа ие жер учаскелері мен жер учаскесіне өтеулі жал құқығы жер аукциондарында сатылуы мүмкін. Аукционда сатылатын жер учаскелерінің тізбесін жергілікті атқарушы органдар анықтап, өкілетті органдар бекітеді. Қазіргі уақытта бұл мәселе Қазақстан Республикасы Үкіметінің № қаулысымен бекітілген.

Тұжырым. Қолданудағы осы жерге құқық беру тәртібіндегі өтініштерді қарау мерзіміне байланысты біршама кемшіліктер бар сияқты. Бұндай кемшілік жер учаскесіне құқықтарды табыстау барысындағы әр түрлі жұмыстарды қамтуына және әр түрлі орындаушыларға байланысты болып отыр. Мәселен жерге орналастыру жобасы, оған келісім алу, жер учаскесінің жобасын шаруашылық субъектілер өтініш берушімен шарт негізінде жасайды, сондықтан да заңда бұндай істерді атқару мерзімі заң белгіленген мерзім ішіне кірмеуі керек. Сонымен бірге жер учаскесіне құқықтарды рәсімдеу барысында әр түрлі мемлекеттік органдарда аталған мәселені қарауға нақты уақыттық мерзім қою осы органдардың жауаптылығын арттырар еді.

2. Жер учаскелерін беру нормалары

Азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттар үшін берілетін жер учаскелерінің мөлшері қызметтің осы түрлеріне жер бөлудің заңдарында белгіленген тәртібімен бекітілген нормалар бойынша не сәулет-қала құрылысы немесе құрылыс құжаттамасына сәйкес белгіленеді.

Жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:

ауылдық жерлерде өзіндік үй шаруашылығын (маңындағы және егістік тілімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін - суарылмайтын жерде 0, 25 гектар және суарылатын жерде 0, 15 гектар;

жеке тұрғын үй құрылысы үшін - 0, 10 гектар;

бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін - 0, 12 гектар;

Жер учаскелерін аталған мақсаттар үшін қайталап тегін беруге жол берілмейді.

Егер жоғарыда көрсетілген тегін берілетін жер учаскесінің көлемі жоғары болса, қалған қосымша жер учаскесінің көлемі жер иесіне ақы арқылы төлеп алуға мүмкіндігі бар.

Жоғарыда келтірілген жеке меншік құқығымен берілетін жер учаскелерінің шекті (жоғарғы) мөлшерін жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерімен белгіленеді. Сондай-ақ тауарлы ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін жеке меншік құқығымен болуы мүмкін жер учаскелерінің көлемін облыстық атқарушы және өкілді органдардың бірлескен шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Жер заңдарында жер иесіне белгіленген көлемнің жоғары болмауына шек қойылған, ал Азаматтық Кодекстің 191 «Жеке меншікте тұрған мүліктің құны мен мөлшері шексіз» - деп келтіруі бір жағынан заңға қарама-қайшы болып көрінеді. Бірақ бұл мәселе, Конституцияның 6-бабына сәйкес, яғни жер жеке меншікте заңдарда белгіленген негіздерде, шарттарда және шектерде болуы мүмкін деген қағидаға сай келеді. Яғни, жерге байланысты шектеулер жер заңы жүзінде анықталатынын айтуға болады.

Сонымен бірге, Азаматтық Кодекстің 193 - бабы бойынша «Жердің жеке меншік құқы мен басқа да табиғи ресурстар … жер заңы мен басқа да заңдармен ерекшеліктері іске асырылады» деген нормалары айтылған тұжырымдарды дәлелдейді.

Жер жеке меншігінің регламенттік жолы жер заңында құқықтық нормалармен бекітілген.

Бұның мағынасы түгелдей нарықтық қатынастарға сәйкес келетіндігі Жер кодексінің 25 - бабында көрсетілген «Меншік иесі өзінің жер учаскесіне қатысты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келгн мәмілелерді жасасуға құқылы» нормаларымен сәйкес келеді. {3}.

Жер учаскесіне меншік құқығы басқа адамға мәміле жасалған кезде болған барлық ауыртпалықтармен қоса беріледі.

Жер учаскесінің меншік иесі жер учаскесімен мемлекеттік органдардың қандай да болсын рұқсатын алмай-ақ, өз қалауы бойынша заңдарда белгілеген шектерде иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырады.

3. Бөлінетін және бөлінбейтін жер учаскелері.

Жер учаскелері заңда анықталғандай екі түрге бөлінеді: бөлінетін және бөлінбейтін.

Нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық және өзге де міндетті нормалар мен ережелерді бұзбай бөліктерге бөлуге болатын, бөлінгеннен кейін әр қайсысы дербес жер учаскесін құрайтын жер учаскесі бөлінетін жер учаскесі болады, ал олай болмаған жағдайда ол бөлінбейтін болып табылады.

Бұндай заңды нормалар, жер учаскесінің нысаналы пайдалану принципін анықтайды. Жер иесі немесе жер пайдаланушы нысаналы пайдалануды сақтай отырып, өзінің жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын мәміле арқылы ғана жасай алады. Бұл талаптар бөлінетін мен бөлінбейтін жер учаскелеріне бір дәрежеде әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге меншік құқығы
Жерге меншік құқығының субъектілері
Жер құқығы қатынастары
Жер учаскелерінің меншік иелерінің құқықтары
Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелеріне меншік құқығы
Қазақстан Республикасы заңнамасына негізделіп жер дауларын шешу
Жерге жеке меншік қатынастарының түсінігі
Жер құқығының мәні
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Жер зандарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz