Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу мәселелері


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу мәселелері

Оқытушы., , Қанат Көкаршын Жолбарысханқызы

Құқықтану мамандығы, III-курс, заң факультеті, Prokuror_01k@mail. ru

Түйіндеме

Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың қаңтар айының жиырма жетінші жұлдызында Қазақстан халқына Жолдауында «маңызды мәселе - құқық қорғау және арнаулы орган­дарды сапалы кадрлық жаңарту» керек­тігін айта келіп, «2012 жылдың 1 шілде­сіне дейін олардың бүкіл жеке құрамын қайта аттестаттаудан өткізу міндетін қоямын», - деді. [1] Жолдауда міндеттелген тапсырмаларды орындау мақсатында Елбасының «Құқық қорғау органдары қызметкерлерін ке­зек­тен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жар­лығы шықты. [2]

Кезектен тыс аттестаттаудың мақсаты -құқық қорғау орган­дарын кадрлық тұрғыдан сапалы жаңарту, қыз­меткерлердің кәсіби дайындық деңгейін және олардың қазіргі заман талаптарына сәйкестігін анықтау. Құқық қорғау жүйесін моральдық-адамгершілік қасиеттері төмен және жемқор­лық әрекеті арқылы жалпы мемлекеттің беделін түсіретін біліксіз қызметкерлерден тазарту. Қазіргі уақытта Жоғары аттестаттау комиссиясы туралы Ереже бекітілді. Президенттің Жарлығына сәйкес, барлық құқық қорғау органдарының жеке құрамынан 110 мыңға жуық адам, оның ішінде, 449-ы жоғары аттестациялық комиссиядан өтеді. Құқық қорғау құрылымдары мен прокуратураның бірінші басшыларынан басқа барлық қызметкерлері, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК), прокуратура, қаржы полициясы және кеден комитетін қоса алғанда, өздерінің кәсіби біліктілігін дәлелдеу үшін кезектен тыс аттестациядан өтуі тиіс. Аттестация бiрқатар сатылы кезеңдерден тұрады:

- аттестаттауға жататын қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге және логикалық ойлау қабiлетiне компьютерлiк тестiлеу;

- дене шынықтыру және қызметтiк даярлық бойынша белгiленген нормативтердi тапсыру, сондай-ақ психологиялық орнықтылығына тестiлеуден өту;

- өңірлік аттестаттау комиссиясында қызметкермен әңгiмелесу.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу қызметкердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

Қазіргі танда кезектен тыс аттестаттауға жататын қызметкерлердің 55% -ы аттестатаудан өткен. Олардың ішінде 5% -ы атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және қызметтен босатуғы ұсынылады. Осыған орай, Ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіру мақсатында еліміздегі 75 мыңға жуық полиция қызметкері ау­қымды аттестациядан өтуге тиіс болатын. Әзіргі күні, жоғары, орталық, өңірлікті қоса алғанда барлығы 72 600 құқық қорғау қызметкері сынақтан өткен екен. Осының нәтижесінде, 10 662 азаматтың жұмысы қызметіне сәйкес келмейді деп танылып, олардың 3906-ы қызметінен кеткен. Ал өзгелері қызметінен төмендетілген немесе жұмыс орнын ауыстырған. Дәл мұндай науқан іргедегі Ресейде де өтіп, соның нә­тижесінде Ішкі істер саласы қызмет­кер­лерінің 22 пайызы қысқарып, санға шақ­тағанда 20 мың полицей жұмыс орындарынан босаған болатын. Елімізде қолға алын­­ған аттестацияның деректеріне қарап-ақ, бізде де бұл шараның жеңіл-желпі жүр­гізіл­мегенін көреміз. Осынау игі бастама халықтың күзетіндегі полиция қыз­меткерлерінің алдыңғы кезекте қалың бұқара алдындағы жауапкершілігін арт­тыр­ғаны анық. Жалпы аттестация барысына келсек, 75 мыңға жуық полицейдің бар­лығы ең алдымен Қазақстан Респуб­лика­сының заңнамаларын жетік біліп, логикалық ойлау қабілеті бойынша компьютерлік тес­тілеуден өтті және денешынықтыру мен әскери дайындық деңгейі бойынша нормативтер тапсырды. Жіліктеп айтқанда, Өңір­лік аттестаттау комиссиясы 70 мыңнан аса қызметкерді сын сүзгісінен өткізген екен. Олардың 10 003-і өз лауазымдарына лайық емес деп танылып, 3683-і орындарынан босапты. Өзгелері болса, алдағы уа­қыт­та қызметінен төмендетіледі немесе бас­қа қызметке ауысады. Қазіргі таңда өңір­лік аттестаттау комиссиясы Қарағанды академиясында (203 адам), ҚАЖК академиясында (139 адам), Павлодар заң кол­леджінде (88 адам), Семей қаласындағы ІІМ оқу ор­талығында (58 адам) өз жұмысын аяқтады. Ендігі кезекте, Шымкент, Ақтөбе, Алматы қалаларында Ішкі істер мамандарын тәр­биелейтін оқу орындары аттестациялаудан өтпек. Ал Орталық аттестаттау комиссиясы ведомствоның орталық аппараты қызметкерлерін, облыстардың және кө­ліктегі ІІД қызметінің басшыларын, құ­қық қорғау органдарының аумақтық бө­лім­шесі, аудандық орган жетекшілерін, қыл­мыстық-атқару жүйесі мекемелерінің басшыларын, қысқасын айтқанда Ішкі іс­тер министрлігінде жауапты қызмет ат­қа­ра­тын 3139 қызметкерді кезектен тыс аттестациялаудан өткізді. Оның нәтижесі бойынша 633 азаматтың жұмысы біліксіз деп танылып, солардың 212-і жылы орындарын босатты. Жоғары аттестаттау комиссиясы да өз жұмысын көшелі орындап отыр. Ішкі істер министрлігіндегі басшылық құрам­ның біліктілігін тексерген комиссия сына­ғынан 158 адам өтіпті. Солардың 26-сы ла­уазымдарына сәйкес келмейді деп танылып, 11-і қызметінен кеткен. Осы үш комиссияны қоса алғанда, қазіргі күні құқық қорғау қызметкерлерін тоқсанға жуық комиссия сарапқа салып жатыр. Олардың құрамында Президент әкімшілігінен, үкіметтік емес ұйымдардан, партия басшылары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдерін қоса алғанда 500-ден аса адам бар.
Айта кетелік, науқан қараша айының аяғына дейін жалғасатын болады. Осы мер­зім аралығында жоғарыдағы деректер де сан құбылары, сан өзгерері анық. Қалай болған күннің өзінде күні кеше ғана Ішкі істер органдарында қызмет еткен 3906 құқық қорғау қызметкерінің біліксіз деп танылуы бертінге дейін осынау құзырлы орган қатарында қандай мамандар қызмет атқарып келгенін көрсетіп берді. Оның ішінде, қазіргі сақшылар сапында қарын­дылар көп екені жасырын емес. Бәлкім, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігі қарындарына байланысты емес шығар, десек те полиция қызметкерінің артық сал­мақтан арылуы олардың қылмыскерлердің қыр соңынан қалмай қуып, құрықтауға да әжептәуір сеп болары сөзсіз ғой. Осынау аттестация, өз нәтижесінде құқық қорғау саласындағы ішкі тәртіпті де түзейді деген ойдамыз.
ҰҚК-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Кенжеболат Бекназаров «президенттің бұл жарлығының бүкіл құқық қорғау жүйесі мен арнайы органдардың жұмысын жаңғырту туралы бұрын қабылданған заңдар аясында шыққанын», «құқық қорғау органдары қызметкерлерін қайта аттестаттау - олардың қызметін жетілдіру тетіктерінің бірі және бұл арада имидж жақсарту жөнінде әңгіме жоқ екенін» айтты.

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис «президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл жарлыққа қол қоюына маңызды екі фактор түрткі болғанын» айтты. Оның пікірінше, бірінші фактор - мемлекеттің құқық қорғау органдарының беделден жұрдай болуы мен халық сенімінен түбегейлі айырылуы. Ал екінші фактор ретінде Жовтис «ереуілді басып-жаншу үшін полицейлер қару қолданған Жаңаөзендегі қанды оқиғаны» атады.

​​ КНБ-ҰҚК-нің отставкадағы полковнигі Арат Нарманбетовтің пікірінше, құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау туралы президент жарлығының пайда болуының басты себебі - әлем қоғамдастығының Жаңаөзен қасіретіне байланысты Қазақстан билігіне қолайсыз пікірі.
- Жаңаөзен оқиғасы үшін жауапкершілікті өз мойнына алмай отырған билік, осы аттестация арқылы әлем алдында «полиция қызметкерлеріне шара қолданып жатырмыз» деп жар салмақ, - дейді бұрынғы чекист.
Арат Нарманбетов «Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер туралы» іс бойынша Ақтауда өтіп жатқан сот процесінде полицейлердің көпшілігі айыпталушылардың арасынан өздерін жәбірлеген адамдарды нақты көрсетпей жатқанына назар аударды.
- Біздің билікті мазалап жатқан да осы жағдай. Мына аттестация «елегі» арқылы олар, біріншіден, құқық қорғау органдарындағы биліктің ығына жығылмаған қызметкерлерден құтылуды көздеп отыр. Ал аттестациялық сыннан «сүрінбей өтіп», құқық қорғау органдарының қатарында қалатын қызметкерлерді осындай жолмен үркітіп алмақшы, - дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мемлекетті нығайтудағы президент жолдауларының маңызы және тиімділігі
Ұйым персоналын аттестациялау жүйесінің мәні
Адвокаттар алқасының жарғысы
Республикадағы балаларға қосымша білім беруші ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттардың жинағы
Еңбек жағдайларының кестесін толтыру
Өнеркәсіп қауіпсіздігін басқару жүйесі
Еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігі бойынша аттестаттау картасын ресімдеу
Бақылау комитетінің басшылығы, қызметін ұйымдастыру, миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
Өлшеу құралдарын мемлекеттік метрологиялық бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz