Қазақстан Республикасы Ұлттық Интерпол орталық бюросы қызметінің мәселелері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... 6
1. ИНТЕРПОЛ БЕДЕЛДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ РЕТІНДЕ
1.1 Интерпол құрудың халықаралық құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... 20
2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚПЕН КҮРЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
2.1 Мемелекеттердің ұйымдасқан қылмыстылықпен күрестегі халықаралық ынтымақтастығы ... ... ...24
2.2 Интерполдың қылмыскерлерді халықаралық іздестіру, экстардациялау және беру бойынша қызметі және оны үйлестіру проблемалары ... 39
3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 ҚР Интерпол ұлттық орталық бюросының құқықтық ережелері мен қызметтері ... ... .54
3.2 ҚР Интерполдың ұлттық орталық бюросы қызметін жетілдірудің практикалық проблемалары мен болашактары ... ... ...56
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ...62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ ... ...65

Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерімен, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтардың халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресте мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарының Халықаралық ұйымның қылмыстық полициясы - Интерполдың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру мәселелері бойынша шарттасады.
Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық кодексінде тәуелсіз, егемен мемлекет ретіндегі мүдделері – бұл конституциялық құрылым, егемендік және аумақтық тұтастығының еріктігі, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік басқару органдарының тұрақты қызмет етуі, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді орындау және мемлекеттегі құқық тәртібін қолдау, сондай-ақ серіктестік негізінде халықаралық ынтымақтастықты болашақта дамыту.
Қазіргі таңда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларында болып жатқан өзгерістер есебінен трансұлттық қылмыстың қайта құрылымдану процесі жүріп жатыр, бұл ұйымдастыру-құқықтық нысанында тұрақты, материалдық-техникалық қатынасында қамтамасыз етілген, қылмыстық қауымдастықтағы басқарудың ыңғайлы желілі жүйесімен қайта қалыптасады.

1. Дайжан И. «Интерпол. Всемирная система борьбы с преступностью » ., 2003г. Баспа «ИполКлассик».
2. Тоқсанбеков А.Б. «Интерпол и международный терроризм, проблемы тенденции развития и противодействие»., 2004г., Баспа ОФППИ «Интерпол» в Казахстане.
3. Тоқжигитов А.А. «Интерполиция кончномерных операторов и задачи управления спекралтными данными»., 2010г.
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2006-141 б.
5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2008.-212 б.
6. Ү.Ө.Нұрмашев, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу құқығы: оқу құралы.-Алматы: Жеті Жарғы, 2008.-368 б.
7. Е.Ерешев, Қылмыстық іс жүргізу. Жалпы бөлім: Оқулық – Алматы: «Өлке» баспасы, 2006.216 б.
8. Нысанбекова Л.Б. «Халықаралық жеке құқық» , 2006ж. Жеті жарғы,.
9. Құлжабаева Ж.О. «Халықаралық жария құқық», Баспа «HAS» 2003ж.
10. Досжанова Г.С. «Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі», 2005ж.
11. Бегалиев К., Шестакова А.Презумпция невиновности // Мысль. – 1993. - №8. – С.5-54.
12. Ағыбаев А.Н. «Қылмыстық құқық» Баспа «Жеті жарғы» 2011ж.
13. Айдарбаев Ж.Е. «Халықаралық жеке құқық», 2009ж, б-209.
14. Бюргенталь Т. «Халықаралық адам құқықтары», 2010 ж.
15.Нарикбаев М.С., Юрченко Р.Н., Алиев М.М. Актуальные вопросы применения нового уголовного и уголовно-процесуального законодательства Республики Казахстан. – Астана.1999.-416с.
16. Верховный суд Республики Казахстан. О судебной практике по делам о преступлениях несовершеннолетнихи вовлечении их в преступную и иную антиобщественну деятельность: Норомативное постановление от 11.04.2002г. №6 // Сбор.пост. Пленума Верховного Суда Казахской ССР, Пленума Верховного Суда РК, норм.постанов. Верховного Суда РК (1961-2003гг.).- Алматы: Издательство «Норма-К», 2004.-С.347-348.
17. Конституция Республики Казахстан.-Алматы: Казахстан,1995.-48 с.
18.Нуралиева А.С. Роль судебного следствия во всестароннем, полном, объективном исследовании доказательств по уголовному делу: Автореф.дис...канд.юрид.наук.- Алматы, 1999.-С.15-17.
19. Оспанов С.Д. Уголовный процесс Республики Казахстан (Общая часть). – Алматы, 2000.-С.31.
20. Рогов И.И., Бычкова С.Ф., Биятов Т.К. УПК РК – общая характеристика (в сравнении с УПК КАзССР): Практ.пособие. – Алматы: Баспа,1998. – С.30.
21. Кореневский Ю.В. Криминалистика для судебного следствия. – М.: «Центр Юр ИнфоР», 2001.-198 с.
22. Загорский Г.И. Судебное разбирательствопо уголовному делу Юрид.лит., 1985.-112 с.
23.Қазақстан Респуликасы Конституциясы.-Алматы: Қазақстан,1995.-48 б.
24.Халиков К.Х. Некоторые вопросы судебного контроля за прекращением судебных дел // Вестник МЮ РК.-1996.-№1.-С.10-13.
25. Халиков К.Х. Особый характер, исключительность и полнота судебной власти // Зангер.-2003.-№5.-С.14.
26. Мами К.А. Развитие судебной системы и утверждение судебной власти в Республике Казахстан // Зангер.-2003.-№10.-С.7.
27. О проекте Консепции развития судебной системы Республики Казахстан в свете опыта судебной реформы в Российской Федерации // Зангер.-2000.-№2.-С.11-15.
28. Когамов М.Ч. Предварительное расследование уголовных дел в Республике Казахстан: состояние, организация, перспективы. – Алматы: ТОО «АянЭдет», 1988. – 176 с.
29. Е.Г. Жәкішев Криминалистика тактика.- Алматы: Жеті Жарғы, 1997.-92.
30.Строгович М.С. Курс Советского уголовного процесса: В2т. – М.:Наука, 1968.-Т.1.-470 с.
31.Гиздатов Г.Г. Судебная риторика.- Алматы: ЖетГиздатов Г.Г. Судебная риторика.- Алматы: Жеті Жарғы, 1995.-С.99.
32. Матвиенко Е.А. Судебная речь: Учеб.пособие.- Минск, 1972.-с.312.
33.Рахметов С.М., Калмухамбетова Б.А. Наказание: понятие, цели, виды порядок и наказание: Учеб.пособие.-Алматы: Жеті Жарғы, 1999.-120с.
34.Республика Казахстан Закон от 11 июля 2001г. №238. О вынесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты // Казахстанская правда.-2001.-15 июля.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1. ИНТЕРПОЛ БЕДЕЛДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ РЕТІНДЕ
1.1 Интерпол құрудың халықаралық құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 9
1.2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... .20
2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚПЕН КҮРЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
2.1 Мемелекеттердің ұйымдасқан қылмыстылықпен күрестегі халықаралық
ынтымақтастығы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.2 Интерполдың қылмыскерлерді халықаралық іздестіру, экстардациялау және
беру бойынша қызметі және оны үйлестіру
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 ҚР Интерпол ұлттық орталық бюросының құқықтық ережелері мен
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
3.2 ҚР Интерполдың ұлттық орталық бюросы қызметін жетілдірудің практикалық
проблемалары мен
болашактары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...65
КІРІСПЕ
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының
ұлттық мүдделерімен, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтардың халықаралық
сипаттағы қылмыстармен күресте мүше мемлекеттердің құқық қорғау
органдарының Халықаралық ұйымның қылмыстық полициясы - Интерполдың қызметін
ұйымдастыру және үйлестіру мәселелері бойынша шарттасады.
Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық кодексінде тәуелсіз,
егемен мемлекет ретіндегі мүдделері – бұл конституциялық құрылым, егемендік
және аумақтық тұтастығының еріктігі, қоғамдық келісім мен саяси
тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік басқару органдарының тұрақты қызмет етуі,
қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді орындау және мемлекеттегі құқық
тәртібін қолдау, сондай-ақ серіктестік негізінде халықаралық
ынтымақтастықты болашақта дамыту.
Қазіргі таңда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің саяси,
экономикалық және әлеуметтік салаларында болып жатқан өзгерістер есебінен
трансұлттық қылмыстың қайта құрылымдану процесі жүріп жатыр, бұл
ұйымдастыру-құқықтық нысанында тұрақты, материалдық-техникалық қатынасында
қамтамасыз етілген, қылмыстық қауымдастықтағы басқарудың ыңғайлы желілі
жүйесімен қайта қалыптасады.
Бұл барлық құбылыстар мен процестердің интенсификациясы уақытында,
оның ішінде қылмыстар, аталған факторлар таза ұлттық құбылыс болып
табылмайды. Олар ұлттық құбылыс шеңберінен шығып, интернационалдық
құбылысқа айналады. Бұл жағдайда интернационалдық сегменттің маңызды
элементтері мемлекеттің халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресіндегі
жалпы мүдделері болып табылады. Мұндағы айқын факті жеке алынған
мемлекеттердің мүдделері халықаралық қауымдастықпен өзара қарым-қатынас
негізінде қамтамасыз етілуі болып табылады. Әлемдегі жағдай барлық қоғамдық
процестердің жаһандануына байланысты өзгергендігін атап өту керек. Бұл,
әрбір жеке алынған мемлекеттің жағдайының оңтайлы, жақсы болуы жалпы
мүдделерді қамтамасыз етуге байланысты екендігін білдіреді.
Қазіргі күні кез келген қоғам алдында жеке мүдделерін жалпы
мүдделермен келістіру міндеті тұр. Нью-Йоркте (2001 ж. 11 қараша), Мәскеуде
(2002 ж. 23-26 қазан) және Солтүстік Осетияның Бесланда (2004 ж. 1-3
қыркүйек) болған оқиғалар көрсеткендей, халықаралық терроризмге әлемдегі
ешқандай мемлекет жеке дара қарсы тұра алмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымы
бойынша, әлемдік қауымдастық тек бірігеді немесе бірігуге талпынады,
алайда бұл болғанға дейін барлық мемлекеттің бірігуіне жәрдемдесетін
ғаламдық құрылыстың әмбебап нысаны жоқ және болмайды жаһанданудың барлық
нысандарына қолданылатын тегіс бәрін қамтитын идеялар да, конструктивті
механизм де болмайды [1, б-18.]. Шынында да, жаһандану қазіргі күні
адамзаттың өркениеті үшін жаңа қауіп-қатер төндіреді, өте баяу әсер етеді
және оның туындау себептерін жоюға бағытталған пара-пар шараларды
қабылдамайды. Трансұлттық қылмыс, оның ішінде халықаралық терроризм,
жаһандану нәтижесінде туындаған болып табылады.
Сондықтан халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрес, ең алдымен,
халықаралық қауымдастық мүдделерін қамтамасыз етуді талап етеді, өйткені
халықаралық көлемде құқықтық тәртіп пен әрбір мемлекеттің қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге байланысты. Бұл Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы –
Интерполдың өз қызметін іске асыруда идеология, технология және ғылымда
өзгерістерге және ұлттыққа шектелмейтін айқын қауіпке қарамастан[2, б-
38.]. Интерполға мүше мемлекеттердің орталық ұлттық бюро мүдделерін ескеруі
қажет. Жалпы игілікке талпынуды халықаралық қатынастарда ғана қамтамасыз
етуге болады. Осы уақытта халықаралық қатынастарда көбінесе өз азаматтарына
қарсы, сондай-ақ бүкіл адамзат қауымдастығының мүдделеріне қарсы
бағытталған ұлттық мүдделер ретінде жасырылатын шектен тыс индивидуализм
фактілері кездесетінін ескеруіміз керек.
Халықаралық сипаттағы қылмыстармен байланысты туындайтын әлеуметтік
құбылыстарға объективті келісті атай отырып, Қазақстанның жаһандық
қауіпсіздік пен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етуде маңызды үлес
қосатындығын айтуға болады. Барлық әлемде бейбітшілік пен тыныштықты сақтай
отырып, БҰҰ жетекші халықаралық ұйымдарында, оның ішінде Интерполға
белсенді қатысады.
Жоғарыда аталған жағдайлардың негізінде, Интерпол қызметінің
проблемалары мен даму болашақтары тақырыбы зерттеу үшін өзекті болып
табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу кезінде М.Әлімов,
В.И. Самарин, В.С. Овчинский, Н.Ф. Кузнецова, Г.М. Миньковский,
И.Ш. Борчашвили, К.А. Антимиров, Г.С. Богатырева, Н.Л. Богданов, Ф.М.
Решетников, Л.А. Моджорян, А.И. Долгова, С.В. Дьяков, Ж. Баишев, К.
Шакиров, С.Д. Әбікенов, Б.С. Карикболов, Д.Ж. Балтабаев, Р.И. Османова
және т.б. жұмыстарының материалдары пайдаланылды.
Жалпы алғанда, қазақстандық ғылыми әдебиеттерде Интерпол тақырыбы
жеткілікті зерттелген, алайда Интерпол қызметін нормативтік-құқықтық
қамтамасыз ету проблемасы кешенді түрде ашылмаған, сондай-ақ аталған
ұйымның практикалық қызметінің проблемалары толық зерттелмеген. Интерпол
қызметін халықаралық терроризммен күрес аспектісінде тұтасымен, тереңінен
зерттелген ғылыми жұмыс А.Б.Тоқсанбаевтың Интерпол и международный
терроризм: проблемы, тенденции развития и противодействие (Алматы, 2004)
атты монографиясы болып табылады. Бұл жұмыста халықаралық терроризмнің
алдын алу және оны тоқтату мәселелері, оның құқықтық табиғатының мәселелері
мен халықаралық терроризммен күресте Қазақстан Республикасы Ұлттық Интерпол
орталық бюросы қызметінің құқықтық проблемалары зерттелген.
Ресей әдебиеттерінде Интерпол тақырыбы барынша егжей-тегжейлі
зерттелген, бірақ көбінесе оған Ресейдің қатысуы ұстанымында қарастырылады.
Диплом жұмысының мақсаты: Интерполдың, оның ішінде Қазақстан
Республикасы Ұлттық Интерпол орталық бюросы қызметінің проблемалары мен
болашақтарын зерттеу.
Атаған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу керек:
1. Интерполдың беделін халықаралық ұйым ретінде ашып көрсету;
2. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымдарының қылмыспен күрестің
құқықтық проблемаларын талдау;
3.Қазақстан Республикасының халықаралық қылмыстық полиция қызметіндегі
үлесін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі мемлекеттердің қылмыспен күрес бойынша халықаралық-
құқықтық қатынастары болып табылады.
Зерттеу тақырыбы – Интерпол халықаралық қылмыстық полиция ұйымы.
Әдіснамасы. Зерттеу кезінде салыстыру-құқықтық, логикалық-заң, жүйелі
талдау және кейбір басқа жалпы ғылыми және арнаулы таным әдістері
қолданылды. Зерттеудің нормативтік-құқықтық базасын Қазақстан Республикасы
Конституциясы ережелері, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі және
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Іс жүргізу кодексі, заңдар және заң
күшіндегі нормативтік құқықтық актілер құрайды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, бес
тармақтан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады. Жұмыс құрылымы жүргізілген зерттеудің мақсаттары мен
міндеттері есебінен анықталды.
1.ИНТЕРПОЛ БЕДЕЛДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ РЕТІНДЕ
1.1 Интерпол құрудың халықаралық-құқықтық негіздері
Қазіргі таңда экономикалық және қаржы салаларының (қоғам мен мемлекет
өмірінде шешуші маңызы бар) жаһандану жағдайында кез келген мемлекет
алдында, оның ішінде Қазақстан алдында өз мүдделерін жалпы мүдделермен
келістіру міндеті тұр. Халықаралық қауымдастықтың ортақ мүдделері – бұл
әртүрлі мемлекеттердің сәйкес келетін мүдделері ғана емес, сонымен қатар,
мемлекеттердің әлеуметтік-саяси жүйелеріндегі әр түрлілікке қарамастан,
қоғамның ерекше әлеуметтік-саяси құрылуы ретіндегі қажеттіліктері болып
табылады. Сондықтан, мемлекеттердің жалпы мүдделерін қамтамасыз ету
проблемалары қазіргі халықаралық құқық үшін ерекше маңызы бар. Бұл жалпы
мүдделер Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысында бекітілген:
• тиімді ұжымдық шаралар жолымен халықаралық ұйымдардың құрамына
енетін мемлекеттердің қоғамдық және ұлттық қауіпсіздігін қолдау;
• өзара мүдделі мемлекеттер арасында достастық және өзара тиімді
қатынастарды дамыту;
• халықаралық ынтымақтастықты гуманитарлық сипаттағы проблемаларды
шешу мақсатында жүзеге асыру [3, б-79.].
Жоғарыда аталған мүдделер жалпы халықаралық қауымдастықпен және
үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар нысанында қызмет ететін тиісті
халықаралық ұйымдармен қорғалады. Мысалы, халықаралық сипаттағы
қылмыстармен күресте барлық мүдделі мемлекеттердің қызметін ұйымдастыру мен
үйлестіруге шақыратын үкіметаралық ұйым - Интерпол халықаралық қылмыстық
полиция ұйымы болып табылады. Мемлекеттердің осындай үкіметаралық
халықаралық полиция ұйымымен ынтымақтастықта болу қажеттілігі барынша
күшейген трансұлттық қылмыстардың интернационализациялануы мен
ықпалдасуына байланысты туындайды.
Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрес бойынша қылмыстық әділет
салаларындағы мемлекеттердің ынтымақтастығында Халықаралық қылмыстық
полиция ұйымы – Интерпол айрықша орын алады. Қылмыспен күресте Интерпол
өзінің қатысуын оған ғана тән нысандарда білдіреді және өзіне ғана
қолжетімді құралдармен іске асырады.
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы, көбінесе Интерпол деген атымен
көпшілікке белгілі, қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы халықаралық полиция
ұйымы болып табылады. Аталған ұйым өзінің бірегей құрылымының, құқықтық
базасы мен техникалық жарақтандырылуының арқасында Интерполға мүше
мемлекеттердің ұлттық орталық бюросының қызметін ұйымдастыру мен
үйлестіруге бейімделген.
Халықаралық қылмыстық құқық полициясы (ең алғашқы атауы) Біріккен
Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесімен (ЭКОӘЛК) үкіметтік
емес ұйым ретінде қаралды.
1889 жылы Халықаралық қылмыстық құқық одағының құрылтай мәжілісі
болды, оған қатысушылар халықаралық масштабта халықаралық қылмыстың
туындауын белгіледі және әр түрлі мемлекеттердің полиция қызметтерін оның
алын алу мен болдырмау мәселесі бойынша келісілген әрекеттерге шақырды.
1905 жылы герман тілді мемлекеттердің криминалистерінің халықаралық
конференциясында халықаралық қылмысқа қарсы күресте полиция қызметтерінің
күштерін біріктіру әрекеті жасалды. Гамбургте өткен 10-халықаралық
қауымдастықта криминалистер туризм мен шетелдік саяхаттарға сұраныстың өсуі
халықаралық қылмыстың жаңа нысандарының пайда болуына мүмкіндік беретінін
дәлелдейтін қарарды қабылдады.
Қарарда халықаралық қылмыстың дамуына мүмкіндік беретін себептер мен
жағдайларды зерттеу, сондай-ақ қылмыскерлердің қылмысқа қарсы әрекеттерін
болдырмау мақсатында бірлескен халықаралық акцияларды қабылдау керек.
Кездесудің қорытындысы бойынша Қауымдастыққа қатысушылар барлық
мемлекеттерде полиция бөлімшелерінің құрамында халықаралық қылмыс туралы
ақпаратпен алмасу орталық бюросын құру қажет деген шешімге келді.
Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрестің проблемалы мәселелері
кеңінен талқыланған осыған ұқсас халықаралық конференциялар мен конгрестер
кейінгі жылдары да өткізілді: 1905 ж. (Буэнос-Айрес); 1909ж. (Мадрид); 1910
ж. (Буэнос-Айрес); 1912 ж. (Сан-Пауло, Берлин); 1913 ж. (Вашингтон). Осы
халықаралық конференцияларда форумға қатысушылар барлық үкіметтік және
үкіметтік емес ұйымдардың назарын халықаралық қылмыспен күрес бойынша
халықаралық полиция ұйымдарын құру проблемасына аудартты.
1914 жылы 14-інен 20 сәуір аралығында Монакода өткен бірінші
Халықаралық криминалистика полициясы конгресінде Франция, Италия, Ресей,
Австрия және Ұлыбританияның қылмыстық полиция өкілдері қатысты. Конгресте
талқылауға мынадай мәселелер қойылды: қылмыскерлердің экстрадиция
рәсімдерін біріздендіру; халықаралық превентивті (ескерту) антропометрия;
халықаралық қылмыстық ақпаратты есепке алу бөлімін құру, сондай-ақ
қылмыскерлерді қамауды жеделдету және оңайлату шараларын әзірлеу. Кездесу
қорытындысы бойынша Конгреске қатысушылар Монако үкіметіне Парижде жеке
куәліктердің бір ізге түсірілген стандарттарын әзірлеу бойынша және
халықаралық қылмыстарды теңдестіру бірыңғай халықаралық бюро ұйымдарын
ұйымдастыру бойынша халықаралық комиссия құру бастамасын өзіне алуын
өтінді. Алайда, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы Монакода қабылданған
барлық қарарларды нәтижесіз қалдырды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық полиция ұйымына деген
қажеттілік ұлғая бастады. Бұл қылмыстылық көлемдерінің ұлғаюымен, әлемдік
қауымдастықта қылмыстардан материалдық және өзге де шығындардың ұлғаюымен
байланысты болды. Сонымен қатар, әрбір мемлекеттің ұлттық құқық қорғау
органдары тарапынан қылмыстылықпен күрес тиімділігі өте төмен болды.
Ешбір мемлекет өз күшімен халықаралық сипаттағы қылмыстарға, әсіресе
оның аса қауіпті түрлеріне: жасырын есірткі сатуға; өнер туындыларын,
тарихи құндылықтарды ұрлау және оның контрабандасы; жалған ақша жасау және
тағы басқаларына қарсы тұра алмады. Сондықтан қажеттіліктің ұлғаюы,
көптеген мүдделі мемлекеттердің халықаралық қылмысқа қарсы бірлескен
әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында құқық қорғау органдарының күштерін
біріктіру өзін-өзі ақтады [4, б-128.].
1923 жылдың 3-6 қыркүйек аралығында Венада Халықаралық полиция
конгресі құрылды. Осы конгресс шақырылымының бастамашысы Австрия полицай –
президенті Иоганн Шобер болды. Оның бастамасы бойынша және австрия
үкіметінің қолдауымен Австрияның орналасқан орнымен Халықаралық қылмыстық
комиссия мекемелері туралы шешім қабылданды. Конгрестің күн тәртібіне
келесі мәселелер қойылды: қылмыстық полиция органдарының мемлекетаралық
байланыстарын ұйымдастыру; қылмыстылықпен тиімді күресті жөнге келтіру;
қылмыскерлерді беру; құқық қорғау органдарының халықаралық, іскер тілін
енгізу; криминалистикалық ғылымды дамыту.
Вен конгресінің шешіміне сәйкес қатысушы мемлекеттер өз
мемлекеттерінде ұлттық полицей орталықтарын құруға міндеттенді. Бұл форумға
бүкіл континенттен келген (Австралиядан басқа) барлық делегаттар өздерінің
үкіметтік мекемелерінен талқылау нәтижесі бойынша ешқандай міндеттеу
шешімдерін қабылдамау туралы нұсқау алғанымен, осы конгресте Халықаралық
қылмыстық полиция комиссиясы құрылды (ХҚПК). Басқаша айтқанда, 1923 жылғы 6
қыркүйекте (туған күні) Интерполдың құрылған күні деп есептеледі.
Халықаралық полиция ұйымының атауында комиссия терминін қолдану ол жеке
халықаралық полиция ұйымы туралы емес, халықаралық полиция конгрестерінің
көмекші органы туралы екендігін ғана білдіреді.
Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы 1924 жылы біздің пікірімізше,
оның дамуының стратегиясын ұзақ жылдарға анықтап берген өте маңызды
қарарды қабылдады. Бұл халықаралық қылмыстылық туралы фактілерді жинау
бойынша ақпараттық бөлімдерді құру туралы; қылмыскерлерді халықаралық
іздестіру мен дәлелдемелер жүйесін әзірлеу туралы; адамдарды қашықтықтан
идентификациялау бойынша бөлімдерді ұйымдастыру туралы; жалған банкноттар
мен құжаттарды айқындау мен оның алдын алу бойынша бірлескен
бағдарламаларды құру туралы шешімдер.
Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы 1930 жылға дейін австрия
үкіметінің толық қаржылық қолдауымен қызмет еткенін атап өткеніміз жөн.
Халықаралық қылмыстық полицияны ұйымдастыру мен қызметі мәселелері
бойынша ХҚПК кезекті конгрестері мынадай мемлекеттерде өтті: Вена (1934
жылы); Копенгаген (1935 жылы); Белград (1936 жылы); Лондон (1937 жылы);
Бухарест (1938 жылы). Сонымен қатар, Халықаралық қылмыстық полиция
комиссиясының даму тарихында жағымсыз сәттер де болды, 1940 жылдан екінші
дүниежүзілік соғыстың аяқталуына дейін Комиссияның қызметін неміс
қауіпсіздік қызметтері жүзеге асырды, олар өздерінің қылмыстық ниеттерін
жүзеге асыру мақсатында оның мұрағаттарын барынша пайдаланды.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бірқатар батыс елдерінің
полиция қызметтерінің басшылары Халықаралық қылмыстық полиция қызметін
қайта жандандыруға бағытталған шараларды қабылдады. Соғыстан кейінгі
Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының конгресін әзірлеу және өткізу
бастамасын Ф. Луваж (соғысқа дейін Бельгия комиссиясының құрамында болды,
Әділет министрлігінің бас инспекторы), Г. Содерман (белгілі швед
криминалисі, соғысқа дейін комиссияда істеді), Р.М. Хау (ағылшын Скотланд –
Ярда басшысы), М. Луне Дюкло (Ішкі істер министрлігі жанындағы француз
криминалды полициясының директоры, Сюрте насьональ) және В. Мюллер
(Швейцария астанасы Берн қаласының полиция президенті) өз мойындарына алды.
Осы уақытта Ф. Луваждың сіңірген еңбектерін ерекше атап өту керек, ол өз
үкіметінен шақыратын мемлекет Бельгия болуына қол жеткізді. Соған орай,
1946 жылғы 3 маусым және 5 маусым аралығында 1938 жылдан бірде-бір мәжіліс
өткізбеген Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясын қайта құру мақсатында
Брюссельде әлемнің 17 мемлекетінен полиция ведомстволарының өкілдері
жиналды.
Конгреске қатысушылардың барлығы Халықаралық қылмыстық полиция
комиссиясын қайта қалпына келтіру қажет деген бір ойда болды. Бұл конгресте
19 мемлекет өздерінің Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясына қатысуды
қайта жандандырды және бекітті. Бұдан басқа, комиссияның штаб-пәтерін
Парижге ауыстыру туралы шешім қабылданды, мұнда Францияның Ішкі істер
министрлігі комиссияны құруда және қызметіне жәрдемдесуде ерекше көмек
көрсетті (ғимарат ұсынды, персоналды ұстау бойынша шығындардың жартысын
өзіне алды және комиссияның штаб-пәтерде жұмыс істеуі үшін басқару
персоналымен қамтамасыз етті).
Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы 1946 жылы Уақытша ереже
(бұрынғы 1923 жылы қабылданған Жарғының орнына) қабылдады. Осы кезеңнің
ерекшелігі практикада Жарғы да, Уақытша ереже де қызмет етті. Егер Жарғының
қызметі оның комиссияның құрылтай құжаты болып табылатындығымен
түсіндіріледі, алайда халықаралық құқық тұрғысынан халықаралық сипаттағы
қылмыстармен күрес бойынша халықаралық полиция ұйымдарын фактісін бекіту
қажет болатын құрылтай актісінің түсінігіне сәйкес келмейді, ал Уақытша
ереже халықаралық қауымдастықтар-мен халықаралық құқықтық акт ретінде мүлде
қабылданбады.
Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының Бас Ассамблеясының 20-шы
сессиясында байқаушылар ретінде америка қазынашылық қызметінің өкілдері
(1951 жылғы қатысушы мемлекеттер тізімінде АҚШ болмаса да) қатысты. Бұл
Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясында Федералды тергеу-іздестіру
бюросының (ФБР) орнын ресми түрде АҚШ Қаржы министрлігінің Құпия
қазынашылық қызметі басты. Бұл қызметтің ерекшелігі (ФБР өзінің негізін
салушыдан басқа) ол азаматтық қызмет құрамында қызмет етті. Сондай-ақ,
қазынашылық қызметі құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы болған жоқ,
алайда оның қызметтерінің ішінде жалған ақша мен құнды қағаздарды жасаумен
күрес те болды.
1954 жылы Стамбулда Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының 24-ші
жыл сайынғы сессиясына қатысушылар жаңа жарғы жобасын әзірлеу туралы
шешімін қабылдады. Осындай шешімді қабылдау қажеттілігі көптеген
мемлекеттерде Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының құқықтық
мәртебесі мен әкімшілік-құқықтық ережесін бағалауда айқын қарама-
қайшылықтар байқалды. Бұдан басқа, бұл уақытқа комиссия халықаралық құқық
субъектісі ретінде ресми тіркелген нақты шынайы халықаралық полиция
ұйымымен санаспады.
Біріккен Ұлттар Ұйымында Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы
халықаралық үкіметтік емес ұйым ретінде ғана тіркелді. Сонда халықаралық
нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың
негізгі белгілері ұлттық қоғамдық ұйымдардың, жеке тұлғалардың немесе
жекелеген қалалардың бірлестігі болып табылады.
Алайда, Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының құрылтай
құжаттарында бекітілген ұйымдастыру-құқықтық нысанында аталған белгілер
болған жоқ. Сонымен қатар, ХҚПК Жарғысында оған мүше болу ережесі анық
көрсетілмеген.
Бұл анық еместік Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясын үкіметтік
емес халықаралық ұйымдардың қатарына жатқызудың нақты себептерінің бірі
болды. Сонымен бірге, Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы сөз
тіркесіндегі комиссия сөзі оның қолданылуына қарама-қайшы келді, өйткені
халықаралық практикада комиссия термині қандай да бір басқа ұйым
құрамында қызмет ететін және оған бағынатын ұйымды білдіреді. Сондықтан
комиссия сөзі сол уақытта алынған шынайы мемлекеттік мәртебесіне,
құзыретіне, өзге мемлекеттермен өзара қарым-қатынасының сипатына іс жүзінде
сәйкес келмеді.
Жоғарыда айтылған Жарғы нормаларындағы ақтаңдақтар Халықаралық
қылмыстық полиция комиссиясының қызметін, оның халықаралық сипаттағы
қылмыстармен күресте мемлекеттердің қатысуы мен ынтымақтастығы рөлін
кеңейту және жетілдірудегі тежеуші факторлар болды.
1956 жылы Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының Бас
Ассамблеясының мерейтойлы 25-ші сессиясында Венада полиция Ұйымының жаңа
Жарғысы қабылданды. Жаңа Жарғыны әзірлеушілер оған, ең алдымен, 1923 жылғы
Жарғыда жетіспеген құрылтайшы нормативтік құқықтық акті сапасын беруге
тырысты. Жаңа Жарғыда, Ұйымдардың мүшелік деңгейі сияқты біздің
пікірімізше, өте маңызды мәселе жартылай шешілуіне қарамастан, ол
құрылтайшы құжаты болды. Бұл құжатта Ұйымның құзыреті, оның мақсаты мен
міндеттері, халықаралық сипаттағы қылмыстармен халықаралық күреске қатысу
принциптері барынша жете мөлшерленген, әрбір құрылымдық бөлімшенің
құрылымы, қызметтері, олардың өзара бағыныстылық жүйесі, басқару шешімдерін
қабылдау тәртібі нақты анықталды.
Жаңа Жарғының айрықша ерекшелігі Халықаралық қылмыстық полиция
комиссиясы атауындағы комиссия сөзі ұйым сөзімен ауыстырылды.
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының (Интерпол) жаңа Жарғысының 1-бабында
Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы деп аталған ұйым алдағы
уақытта: Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы - Интерпол деп аталады [5, б-
79.]. Интерпол Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы ретінде 1956 жылы
Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының Бас Ассамблеясында қабылданған
Жарғы негізінен бастап әрекет етеді.
Сонымен қатар, халықаралық құқық субъектісі ретінде Халықаралық
қылмыстық полиция ұйымының ресми құрылтай шартының болмауы, дегенмен,
Интерполдың үкіметтік емес ұйым деп есептеуге негіз бола алады. Сондай-ақ,
жаңа Жарғыны зерттеу көрсеткендей, Жалпы ережелер бөлімінде көпшілік
талқысына салу қажет болатын бірқатар дәлсіздіктер бар. Мысалы, Жарғының 4-
бабында былай айтылады: кез келген мемлекет қызметтері Ұйым қызметімен
сәйкесетін кез келген ресми полиция органы Ұйым мүшесі ретінде қатысуға
құзыры беріледі. Мүшелікке алынуға өтінім тиісті үкіметтік органмен Бас
хатшыға жолданады [6, б-206.].
Бұл Жарығының талданып жатқан бабына сәйкес, Ұйымның мүшелері мемлекет
емес, полиция органдары бола алатындығын білдіреді. Интерполға мүше
елдердің тізімінде полиция қызметтері немесе органдары емес, тек мемлекет
атауы ғана көрсетіледі. Мемлекеттің аталған рәсімге қатысуы төмендегіден
тұрады: өз өкілеттерін Интерполдың Бас Ассамблеясында мемлекет мүдделерін
ұсыну мақсатында полиция органдарына табыстау. Ал Интерполға мүшелікке
өтінімді мемлекет атынан үкіметтік органдарға жолдайды. Сондықтан,
халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресте құқық қорғау органдарының
қызметін ұйымдастыру және үйлестіру бойынша халықаралық орталықты құрудың
бастамашылары мемлекеттер емес, полиция қызметтерінің үкіметтік емес
ұйымдары болды.
Айтылған мәселелер Интерполға мүше мемлекеттердің ұлттық орталық
бюросы қызметін ұйымдастыру және үйлестіру мәселелері оны құру мәніне
қойылған. Осы пайымдау Интерпол халықаралық қылмыстық полиция ұйымы
қызметіне нақты қылмыстарды жеке іздестіру-тергеу, тергеу әрекеттерін
немесе жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу енбейді.
Біріншіден, Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы онда
күштері мен құралдары болмауы сияқты қарапайым себептен тергеу әрекеттерін
немесе жедел іздестіру іс-шараларын жеке жүргізе ала алмайды. Сонымен
қатар, Интерполда мұндай күштер мен құралдардың болуы, халықаралық құқық
тұрғысынан, егемендікті бұзу және қатысушы мемлекеттердің ішкі істеріне
араласу ретінде қарастырылатын еді.
Екіншіден, басқа мемлекетте жасырынып жүрген қылмыскерді ұстау ниеті
бар мемлекеттің құқық қорғау органдары қылмыскерді ұстау, қамау және
экстрадициялау фактісі бойынша алдын-ала ұйымдастыру-басқару іс-шараларын
жүзеге асыру керек. Бұл мәселелерді тек әр түрлі мемлекеттердің полиция
қызметтерін тиімді ұйымдастыру мен үйлестіру жолымен ғана шешуге болады.
1998 жылғы халықаралық қылмыстық соттың ІІІ Статутыңда халықаралық
қылмыстық құқықтың жалпы қағидалары анықталды.
Оларға жататыңдар:
- nuiium crimen sine lege (заңсыз қылмыс жоқ) қағидасы Статут
бойынша тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, егер сәйкес әрекетті
жасау кезінде соттың юрисдикциясына түспейтін қылмыс жасаған болса;
- nulla poena sine lege (заңсыз жаза жоқ) қағидасы егер тұлға сотпе
кінәлі деп мойындалса, онда ол халықаралық халықтық қылмыстық сотқа сәйкес
ғана жазалануы мүмкін;
- заңның кері күшінің жоқ қағидасы. Осыған сәйкес тұлға Статуттың
күшіне енуіне дейін әрекет жасаған болса, онда осы статутқа сәйкес
қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды;
- жеке қылмыстық жауапкершілік қағидасы, осыған сәйкес сот тек жеке
тұлғаға қатысты юрисдикцияны иеленеді, қылмыс жасаған тұлға соттың
юрисдикциясына түседі, жеке жауапкершілікке тартылады және Статутқа сәйкес
жазалауға жатады;
- 18 жасқа толмаған тұлғаларды жазалаудан босату қағидасы. Осы
қағидаға сәйкес, қылмыс жасағандығы үшін сот 18 жасқа толмаған тұлғаларды
жауапкршілікке тарту күшін иеленбейді;
- лауазымдық қызметке сілтеме жасауға жол бермеу қағидасы, осы
қағидаға сәйкес, Халықаралық қылмыстық соттың Статуты ешқандай
айырмашылықсыз барлық тқлғаларға қолданылады;
- командирлердің және басқа бастықтардың жауапкершілік қағидасы.
Қылмыстық жауапкершіліктің басқа да негіздеріне қосымша ретіндегі осы
қағидаға сәйкес Халықаралық қылмыстық соттың Статутына сәйкес тиімді
басқаруда немесе бақылау негізінде, сондай-ақ командирдің басқаруында оның
қол астындағылармен жасалған қылмыстық әрекет үшін командирдің өзі
халықаралық қылмыстық сот алдында жауап береді;
- мерзімі өтіп кеткен қылмыстарға жазаны тағайындау қағдасы, оған
сәйкес соттың қарауына түсетін қылмыстарға қатысты, ешқандай өткен мерзімі
қойылмайды;
- қылмыстың субъектілік жағына тиісті қағида. Осы қағидаға сәйкес
соттың қарастырылуына жатқызылған қылмыс үшін жауапкешілікке тартылады және
жаза тағайындалады, егер ол қылмысты саналы және қасақналықпен жасалса;
- қылмыстық жауапкершіліктен босатуды тағайындайтын қағида. Осы
қағидаға сәйкес қылмыстық жауапкршіліктен мынадай жағдайда босатылады, егер
қылмыс жасау кезінде тұлға психикалық науқасқа немесе ақыл-есінің бұзылуына
шалдыққан болса, не интоксиикация жағдайында болса немесе өзін не басқа
тұлғаны қорғау мақсатында қылмыс жасаған ретте;
- негізі де қате немесе құқықта қателікке тиісті қағида;
- бастық бұйрығы мен заңда жазылғанның арақатыстылығын реттейтін
қағида. Осы қағидаға сәйкес мемлекет үкіметтің немесе бастықтың бұйрығы
бойынша жасалған қылмыс үшін тұлға жауапкершіліктен босатылмайды;
Халықаралық практикада халықаралық қылмыстық трибуналдарды құрудың
төрт жағдайы болды және халықаралық қылмыстық сотты құру жоспарлануда.
Нюрнбергтік және Токиолық халықаралық әскери трибуналдар. Екінші
дүниежүзілік соғыстар кезінде жасалған, аса ауыр қылмыстар, мұндай
қылмыстыр үшін кінәлі тұлғаларды жауапкршілікке тарту мен жазалау үшін
халықаралық қылмыстық соттардың құрылуын қажет етті.
1945 жылдың 8 тамызында Лондон қаласында Кеңес Одағы, АҚШ және
Франция мемлекеттерінің өкілдерінің арасындағы кліссөздер нәтижесінде
Еуропалық мемлекеттердің басты әскери қылмыскерлерін сотпен қудалау және
жазалау туралы Келісімге қол қойылды, оның негізінде еурплық
мемлекеттердің басты әскери қылмыскерлерін соттайтын Трибуналды ұйымдастыру
тәртібі мен оның жұмыс істеу қағидасын анықтайтын Халықаралық трибунал
құрылды.
1945 жылдың желтоқсанында жапондық милитаристерді жеңгеннен соң,
Мәскеуде КСРО, АҚШ және Ұлыбритания сыртқы істер министрлерінің отырысында
Күншығыс комиссиясын және Жапонияға Одақтық кеңестің құрылу мен оның
өкілеттігі туралы келісімге қол жеткізілді, ал одақтастар арасындағы
келіссөздерден кейін Күншығыс елі үшін Халықаралық трибунал Жарғысы
бекітілді. Трибунал мақсаты Кұн Шығыстағы елдері басты әскери
қылмыскерлерді жазаға тарту және жедел әділ сот төрелігін жүзеге асыру.
Нюрбергтік процесс сияқты, Токиялық процесс халықаралық қылмыстар үшін
жауапкершілік жөніндегі халықаралық құқық нормасының дамуына ықпалын
тигізді.
Бұрынғы Югославия және Руанда бойынша халықаралық қылмыстық
трибуналдар. Адам шығынына және халықаралық гуманитарлық құқытың бұзылуына
әкелген бұрынғы Югославия және Руанда территориясындағы оқиғалар 1993 және
1994 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесімен екі халықаралық қылмыстық сот
органдарының құрылуына қолқабыс етті – бұрынғы Югославия территориясында
халықаралық гуманитарлық құқықтын өрескел бұзылуына жауапты тұлғаларды
сотпен құдалау үшін Халықаралық қылмыстық трибунал және Руанда
территориясында геноцид және басқада халықаралық құқықты өрескел бұзған
жауапты тұлғаларды сотпен құдалаудың Халықаралық қылмыстық трибуналы.
Бұрынғы Югославия үшін Трибунал заңдылығы оның статуты халықаралық
гуманитарлық құқықтын өрескел бұзылуын жатқызады. Ол 1949 жылғы Женева
конвенциясынаң шыққан, осыған адамзатқа қарсы және геноцид қылмыстары
қосылған.
Руанда үшін трибунал халықаралық емес сипаттағы қарулы қақтығыс
барысында жасалған қылмыстарды қарастыру үшін құрылды. Ал оның ішінде:
геноцид қылмыстары үшін, адамзатқа қарсы қылмыстар үшін. Соттық құдалау
үшін заңдық негіз 1949 жылғы Женева Конвенциясын Ережелерінен (3 бап) және
1977жылғы осы Конвенцияға ІІ хаттамадан шығатын жалпымен мойындалған соғыс
құрбандарың қорғау туралы нормалар.
Халықаралық трибуналдарды құру және олардың қызмет етуі халықаралық
қылмыстық құқықтың дамуына маңызды қадам болды.
Халықаралық қылмыстық сот. Ұлттық заңнама шегінен шығатын, транұлттық
қылмыстарды соттауға арналған Тұрақты Халықаралық қылмыстық сотты құру
идеясы ХХ ғасырдың басында пайда болды.
50 жылдардың басында халықаралық қылмыстық сот Статутының ең алғашқы
жобасы пайда болды. Бірақ (саяси себептермен) оны құру жөніндегі жұмыс
тоқтатылды.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының тапсырмасымен БҰҰ-ның халықаралық құқық
Комиссиясы 1982 жылы бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстар Кодексінің жобасымен айналысуды қайтадан бастады. Мыңдай кодекс
тек Халықаралық қылмыстық сотты құрылса ғана қабылданады.
Тарихта тұрақты сот құрудың қайталау сәті БҰҰ қауіпсіздік Кеңесімен
екі трибунал құру – халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел бұзған жауапты
тұлғаларды сотпен құдалаудың Халықаралық трибуналы (1991 ж.) және Руанда

1994 жылы халықаралық құқық комиссиясы жұмыс тобымен дайындалған
Статут жобасын қабылдады. Статут жобасын қарастыру және халықаралық
қылмыстық сотты құру жөніндегі халықаралық конвенцияны қабылдау үшін
дипломатиялық конференцияны шақыру ұсынылды [1, б-18.].
1996 жылдың 15 желтоқсаныңдағы 51207 резолюциясында 1998 жылы Бас
Ассамблея Халықаралық қылмыстық сотты құру туралы Конвенцияның дайындығын
аяқтау және қабылдау мақсатыңда өкілетті өкілдердің дипломатиялық
конференциясың өткізуді шешті.
1997 жылдың 15 желтоқсаныңдағы 52160 резолюциясыңда Бас Ассамблея
Италия үкіметінің осы елде дипломатиялық конференцияны өткізу туралы
ұсінісін қабылдады және 1998 жылы 15 маусымнан – 17 шілдеге деиін Римде
өкілетті өкілдердің Дипломатиялық конференциясын өткізуді орнатты.
Конференция Римдегі БҰҰ-ның штаб – пәтерінде өткізілді. 1998 жылдың 18
шілдесінде дипломатиялық конференция көпшілік дауыспен Халықаралық
қылмыстық соттың Римдік статутын мақұлдады – онда қылмыстар, Соттың жұмыс
жасау тәртәбі және оның басқа мемлекеттермен байланыс жасау тәсілдері
анықталды.
БҰҰ ның Бас хатшысы өзінің 1998 жылдың 18 шілдесіндегі Халықаралық
қылмыстық сот Статутына қол қою рәсімінде былай деді: Сот Мекемесі болашақ
ұрпаққа үлкен үміт береді және адам туралы жалпы заңның орындалуына жететін
зор қадам болып саналады.
Халықаралық қылмыстық соттың Римдік Статуты Сот мекемесін, Статут 60
мемлекеттермен ратификацияланғаннан кейін ғана қарастырады.
2001 жылдың 24 ақпанында Римдік Статут 139 мемлекетпен қол қойылды
және 29 мемлекет ратификациялады.
Жалпы халықаралық құқық бойынша жасғандығы қылмыстың негізгі құрамына
қандай да болмасын мемлекетте жеке адамның жауапкершілігі орнатылған
қылмыстар жатады.
Әдеттегідей, мұндай қылмыстар халықаралық қауымдастықтың
қызығушылықтарын түртеді және адамзатқа қарсы, әскери қылмыстарм, геноцид
және басқыншылық соғыстар ретінде анықталады.
Адамзатқа қарсы қылмыстар – аюандық әрекеттер, кез келген азаматтық
тұлғаларға кең көлемді шеңберде немесе жүйелі түрде шабуылдаумен жасалса
және осы әрекеттер саналы түрда орындалса.
Мұндай қылмыстық әрекеттерге жататындар: кісі өлтіру; жою; халықты
күштеп қоныс немесе жер аудару; халықаралық құқықтың негізін қалаушы
нормаларды бұза отырып, түрмеге қамау немесе физикалық еркіндігін
қатыгездікпен шектеу; қорлау; құлдыққа сату; жезөкшелікке мәжбүрлеу немесе
азаптаумен пара-пар келетін кез келген сексуалдық сипаттағы зорлық-
зомбылық; барлық жерде халықаралық құқықпен тыйым салынған кез келген жеке
топты немесе қауымды нәсілдік, ұлттық, діни, этникалық, мәдени, гендерлік,
саяси себептері бойынша қудалау.
Әскери қылмыстар – 1949 жылдың 12 тамызындағы Женева конвенциясының
өрескел бұзылуына әкеп соқтырған қылмыстар. Осыған төменде тұлғаға немесе
мүлікке қарсы жасалған кез келген әрекеттер жатады. Олар: қасақана кісі
өлтіру; биологиялық тәжірибемен қоса жүретін, қорлау немесе қатыгездікпен
қатынас жасау; қатығездікпен қасақана денесіне немесе денсаулығына зиян
келтіру; әсеери қажеттілікке керек емес, мүлікті кең көлемде жою немесе
өзіне түсіріп алу; әскери тұтқынды немесе басқа күзет ететін тұлғаны, қарсы
жақтың әскерінде қызмет жасауға мәжбүрлеу; әскери тұтқынды немесе басқа
күзет ететін тұлғаның әділ және қалыпты сот ісін жүргізуді заңсыз шектеу;
заңсыз жер немесе қоныс аудару; халықаралық құқықпен орнатылған шегінде
халықаралық қарулы қақтығыстарда қолданылатын, кепілге алу және басқа да
заң мен әдет-ғұрыптарды өрескел бұзу.
Геноцид – қандай да болсын ұлтты, этникалық, нәсілдік немесе діни
топты түгелдей не жартылай жоюға ниетпен жасалған кез келген әрекет.
Мұндай әрекеттерге мыналарды жатқызу қажет: топ мүшелерін өлтіру; ауыр
дене жарақатын келтіру немесе ақыл-есінің ауысуы; топтың түгелдей немесе
жартылай жойылуына әкелетін өмір сүру жағдайын әдейі құрастыру; бала тууды
жоятын шаралар; балаларды бір адамдар тобынан басқаға мәжбүрлі түрде беру.
Басқыншылық – бейбітшіліке қарсы қылмыс, ол мынада бейнеленеді,
мемлекетпен немесе оның бұйрғымен жүзеге асырылатын басқарушы немесе
ұйымдастырушы ретінде тұлға басқыншылықты жоспарлауға, дайындауға, оның
басында немесе жүргізілуіне қатысады.
Конвенциялық қылмыстар – бұл халықаралық конвенциямен қарастырылған
қылмыстар, онда қатысатын мемлекеттерді өздерінің ұлттық заңнамасына
сәйкес нормаларды енгізуді міндеттейді.
Конвенцияда сонымен қатар мемлекетті халықаралық және ұлттық
құқықтарға сәйкес осындай қылмыстардың алдын алуға шаралар қабылдауды
міндеттейтін құқықтық сипаттағы құжаттарды жинақтайды.
Халықаралық құқықтың қылсытар тізіміне қарағанда, конвенциялық
қылмыстар тізімі біршама кең. Барлық конвенциялық қылмыстарды мына топтарға
бөлуге болады:
- адамның бостандығына қол сұғатын қылмыстар (құлдыққа салу немесе
құлдармен сауда жасау, әйелдерді немесе балаларды саудаға салу);
- тұрғындардың денсаулығына және қоғамдық санаға қол сұғатын қылмыстар
(порнографияны тарату, есірткі және психотропты заттарды заңсыз өніру және
айналдыру және т.б.);
- халықаралық ланкестіктің жасалуына әкелетін қылмыстар (қарақшылық;
азаматтық әуе күштерінің қауіпсіздігіне қарсы бағытталған әуе күштерін
кепілге алу және т.б. әрекеттер; кепілге алу; халықаралық қорғауды
пайдаланатын тұлғаларға қарсы қылмыстар және т.б.);
- қоғамдық, соның ішінде экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін
қылмсытар (теңіз кемелерінің қақтығысуы және теңізде қол ұшын бермеу; теңіз
кабельінің үзілуі немесе зақымдануы; спорттық шаралар кезінде тентектік
әрекет жасау; қоршаған ортаны ластау және т.б.);
- экономикалық сипаттағы қылмыстар (тек экономикалық аймақта немесе
континентальді шельфте жасалатын қылмыстар; ақша белгілерін қолдан жасау;
қылмыстық кірістерді заңдастыру және т.б.).
Трансұлттық қылмыстар – бір немесе одан да көп мемлекеттердің
заңнамасына түсетін жалпы қылмыстық сипаттағы қылмыстар.
2000 жылдың 8 қыркүйегінде БҰҰ ның Бас Ассамблеясының 552
резолюциясымен бекітілген мыңжылдық декларациясы әлемдік қауымдастықтың
алдында тұрған басты мәселе трансұлттық қылмыстың барлық салаларында, адам
саудасын және заңсыз өткізу, сондай-ақ ақшаны ағызу секілді қылмыстарды
қосқанда, онымен күресті одан әрі белсендіртудің қажеттілігіне аса кең
көлемде көңіл бөлді.
Үш ай өткен соң, 2000 жылдың 12-15 желтоқсанында БҰҰ мен трансұлттық
қылмысқа қарсы Конвенция қабылданды, ол әлемдік қауымдастықтың қылмыстық
жаһанданушылыққа жауап ретінді болды. Халықаралық-құқықтық практика үшін
осы Конвенцияда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстардың алдын алу тым жаңадан
болды. Конвенциямен бірге, оған қоса екі Хаттамаға қол қойылды: адам
саудасын, әсіресе әйел мен бала саудасының алдын алу және оған тосқауыл
қою, сондай-ақ мигранттарды құрғақ, теңіз және әуеде заңсыз екелуіне тыйым
салу.
Әлемдік қауымдастық Конвенцияға қатысатын мемлекеттердің құқыққорғау
органдары арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ерекше көңіл бөлді. Бұл жерде
сөз етілген мәселе, халықаралық және халықаралық сипаттағы қылмыстарға
зерттеу жүргізу.
Алғаш рет халықаралық-құқықтық жоғары деңгейде бірегей кешенде электро
бақылауы, жеткізілгендерді бақылау және тыңшылық операциялар сияқты
зерттеудің арнайы әдістері бекітілді.
1.2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылымы
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының ұйымдастыру-басқару қызметін
ретке келтіретін бұрынғы құрылтай құжаттарында (1923 ж. Жарғы; 1946 ж.
Уақытша ереже) оның ішкі ұйымдастыру құрылымына ешқандай назар аударылған
жоқ. Жаңа Жарғыны әзірлеушілер (1956 ж.) Интерпол құрылымы бойынша жұмыс
барысында, көрсетілген кемшіліктерді есепке ала отырып, оның негізіне
бірқатар халықаралық ұйымдардың типтік құрылымын қабылдады. Басқаша
айтқанда, өз құрылымы бойынша бұл үкіметаралық ұйым Біріккен Ұлттар
Ұйымының мамандандырылған мекемелерін еске түсіреді.
Жарғының 5-бабына сәйкес Интерпол - Халықаралық қылмыстық полиция
ұйымының құрылымын мыналар құрайды:
• Бас Ассамблея;
• Атқарушы комитет;
• Бас Секретариат;
• Ұлттық орталық бюро (ҰОБ);
• Кеңес берушілер.
Бас Ассамблея Интерпол - Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы жоғарғы
басқару органы болып табылады. Оның жұмысына қатысатын делегациялардың
құрамының саны ешқандай нормативтік актілермен реттелген, яғни делегация
құрамы Интерполғп мүше мемлекеттердің қарауы бойынша анықталатынын атап өту
керек.
Бас Ассамблеяның қызметі Интерпол - Халықаралық қылмыстық полиция
ұйымы Жарғысының 6-14 -баптарына және Регламенттің 2-38 – баптарына сәйкес
реттеледі. Бұдан басқа, Бас Ассамблеяның 65-сессиясында (1996 ж.) 1997 жылы
күшіне енген Рәсімдеу ережелері (оларға қосымша) қабылданды, олар
Интерполға мүше мемлекеттермен ұсынылған (бұл құжатта делегаттардың
құрамының саны көрсетілмеген) делегаттардың өкілеттерін тексеру
мәселелерін, сондай-ақ Бас Ассамблея мәжілістерінде Атқарушы комитет
мүшелерінің құқықтық мәртебесін реттейді.
Бас Ассамблеяның жыл сайынғы сессиясында Интерпол - Халықаралық
қылмыстық полиция ұйымы қызметінің алдағы жылға бағдарламасы қаралады және
бекітіледі. Сессия уақытында талқылау барысында туындайтын нақты мәселелер
бойынша басқару шешімдерін жедел қарау және қабылдау мақсатында
Ассамблеяның арнаулы комитеттері құрылуы мүмкін. Сонымен, 5 мүшеден
тұратын (2 мүше сессия уақытында Атқарушы комитетпен тағайындалады, ал
қалған 3-еуі Бас Ассамблеямен сайланады) ad hoc арнаулы комитеті Ұйымға
мүше мемлекеттердің мүшелік жарнасын төлеу, қаржы ережелеріне және т.б.
өзгерістер енгізу мәселелерін қарастарады. Бас Ассамблея мемлекеттер үшін
міндеттемелері болмайтын қарарларды тек пленарлық мәжілістерде қарар
нысанында қабылдай алады. Интерполға мүше мемлекеттердің құзырына енетін
құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша қабылданған қарарлар міндеттейтін
болып табылмайды, яғни олар ұсыныс сипатында болады.
Атқарушы комитет - барынша өкілеттері шектелген және аз санды
лауазымды тұлғалардың (Ұйым Президенті, 3 вице-президент, Интерполға мүше
мемлекеттерден 9 өкіл) әкімшілік органы. Ұйым Президенті 4 жыл мерзімге
сайланады, ал үш вице-президенттер 3 жылға Интерполға мүше мемлекеттердің
делегаттары санынан сайланады. Сондай-ақ, ұйым президенті мен оның вице-
президенттері ғаламның төрт бөлігінен болуы керек (Азия, Америка, Африка,
Еуропа). Өз өкілеттері аяқталғаннан кейін сол лауазымдарға қайта сайлана
алады немесе Атқарушы комитеттің делегаттарына сайлануы мүмкін. Осы
органның ұйымдастыру-құрылымдық құрылысының ерекшелігі Атқарушы комитет
Интерполға мүше мемлекеттердің жағрапиялық жағдайын есепке ала отырып, 13
мүшеден тұрады: онда әділ жағрапиялық өкілдік принципі бойынша әлемнің
барлық негізгі аймақтарынан ұсынылуы қажет.
Интерполдың тұрақты әкімшілік-атқарушы органы ретінде Бас секретариат
болады, ол Бас Ассамблея мен Атқарушы комитетте қабылданған шешімдер,
қарарлар мен ұсыныстарды іске асырады. Бас Секретариатты Бас Ассамблеямен 5
жылдық мерзімге сайланатын Бас хатшы басқарады. Ол барлық әкімшілік-
қаржылық мәселелер бойынша Бас Ассамблея мен Атқарушы комитетке есеп
береді. Бас секретариаттың қызметін халықаралық-құқықтық мәртебесі бар 380
тұрақты қызметкер атқарады.
Өзінің қызметтік тағайындауы бойынша Бас секретариат халықаралық
қылмыстылықпен күрес бойынша Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция
ұйымының қызметін үйлестіретін атқарушы-әкімшілік орган болып табылады.
Бұдан басқа, Бас Секретариат Интерполға аймақтық мүше мемлекеттермен және
басқа да халықаралық құқық қорғау органдарымен күнделікті жұмысты
жүргізеді.
Бас Секретариаттың Интерпол ұлттық орталық бюросымен ұйымдастыру-
басқару қызметін мынадай бағыттарда іске асырады:
• жеке тұлға және жеке меншікке қарсы қылмыс;
• ұйымдасқан қылмыстылық және терроризм;
• есірткі заттарының, психотропты заттар, қару-жарақ мен жарылғыш
заттардың заңсыз айналымы;
• адам саудасы;
• кәмелетке жасы толмағандарға қатысты қылмыстар;
• алаяқтық;
• жалған ақша дайындау;
• экономика саласындағы қылмыстар [8, б-411.].
Бас Секретариаттың Интерполға мүше мемлекеттердің құқық қорғау
органдарымен ұйымдастыру және үйлестіру рөлі мыналардан тұрады:
• жедел ақпараттарды әзірлейді және таратады;
• ұрланған жеке мүлікті іздестіру картасы;
• нақты қылмыстар мен қылмыскерлер туралы фактілер келтірілетін түрлі
циркуляр хабарламалар, брошюралар;
• тәркіленген есірткі заттары туралы, алаяқтар туралы, ұшақты айдап
кетушілер және т.б. туралы апта сайынғы шолулар.
Бас Секретариат құрылымы:
• әкімшілік бөлімнен (бірінші бөлім);
• байланыс және ақпарат алмасу бөлімінен (екінші бөлім);
• заң бөлімінен (үшінші бөлім);
• техникалық қамтамасыз ету бөлімінен (төртінші бөлім) тұрады.
Бірінші бөлім Ұйым қызметін қамтамасыз ету, Бас Ассамблея мен өзге
мәжіліс сессияларын әзірлеу, сондай-ақ іс қағаздарын жүргізу бойынша
әкімшілік-шаруашылық мәселелермен айналысады. Бұл бөлімге нормативтік
құжаттарды әзірлеу бойынша сектор, бухгалтерлік-қаржы бөлімі, қауіпсіздік
қызметі және конференция өткізу және делегаттарды қабылдау жөніндегі бюро
енеді.
Екінші бөлім полициядан келіп түскен ақпараттарды жинауды жүзеге
асырады, криминалистік есептерді жүргізумен, халықаралық іздестіру
хабарламаларын құрумен, сондай-ақ Интерполдың ұлттық орталық бюросынан Бас
Секретариатпен алынған қылмысқа қатысы бар барлық мәліметтерді электронды
сақтаумен айналысады. Бұдан басқа, бұл бөлім полиция ақпараттарын
компьютерлік өңдеуін және автоматты іздестіру құралымен қызмет көрсету
міндетіне енеді.
Байланыс және ақпарат алмасу бөлімі:
• Еуропа байланыс бюросынан;
• Аймақтық үйлестіру бюросынан;
• Жалпы қылмыстық қылмыстардың алдын алу және оны болдырмау
жөніндегі бөлі;
• Экономикалық және қаржы-несие қылмыстарының алдын алу және
болдырмау жөніндегі бөлім;
• Есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алу және болдырмау
жөніндегі бөлім;
• Полиция ақпараттарымен алмасу жөніндегі бөлімі [9, б-148.].
Еуропаның халықаралық қылмыстылықпен күрестегі маңызды рөлін ескере
отырып, 1986 жылы Еуропа секретариаты құрылды, ол құрылымдық-ұйымдастыру
нысанында Бас секретариаттың құрамында болды. Өзінің құқықтық беделі
бойынша Еуропа секретариаты Интерполдың Бас хатшысына бағынды және оған
есеп берді. Еуропа секретариатына мынадай қызметтер жүктелді: халықаралық
қылмыстылықтың алдын алу және болдырмауға бағытталған іс-шараларды іске
асыруда көмек көрсету, сондай-ақ аса маңызды қылмыстық істер бойынша еуропа
мемлекеттерінің құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру (мысалы, аса
ірі партияда есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша және т.б.).
1988 жылы Еуропа секретариатының өкілеттері кеңейтілді және ол бұрынғы
құқықтық мәртебесімен Еуропа байланыс бюросы деп атауы өзгертілді. Еуропа
байланыс бюросының қызметіне Еуропа комитеті мен Интерполдың Еуропа
аймақтық конференциясы қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке қылмыстық
істер бойынша еуропа мемлекеттері арасында байланысты жүзеге асыру
үшінмүмкіндіктерді ұсыну да енді.
Аймақтық үйлестру бюросы Интерпол шеңберінде полиция ынтымақтастық
қызметін кеңейтуге байланысты 1994 жылы құрылды. Аймақтық үйлестру
бюросының негізгі тағайындауы Еуропа комитетінің моделі бойынша құрылған
аймақтық комитеттерге әкімшілік қолдау көрсету болып табылды, яғни аймақтық
және субаймақтық бюро қызметін үйлестіреді.
Ұлттық орталық бюроларын басқару сызбасынан көрінгендей, субаймақтық
бюро рөлі аймақтандыру саясатын жүргізу барысын бақылауды ғана жүзеге асыра
асырумен ғана шектеледі. Субаймақтық бюролар негізінен, Интерполғп мүше
мемлекеттерден және жартылай Бас секратиатпен қаржыландырылады. Субаймақтық
бюролардың шығуы 1985 жылға келеді, әзірлеушілердің идеясы бойынша Интерпол
қызметін аймақтандыру халықаралық полиция ұйымдарының ынтымақтастығы
процесін жетілдіру қажет болды. Аймақтандыру процесі әр аймақта әр түрлі
жолдармен жүргізілгендіктен, Интерпол қызметін ресми аймақтандыру
стратегиясын әзірлеу қажет болды. Интерполды ресми аймақтандыру стратегиясы
Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы ішінде аймақтандыру
құжатында берілді, бұл Бас Ассамблеяның қарауына ұсынылды (1995 ж.).
Қазіргі уақытта мынадай аймақтарға жедел ақпаратты жинау, өңдеу және
жеткізуді жүзеге асыратын жеті субаймақтық стансалар бар: Бангкок (Оңтүстік-
Шығыс Азия үшін, сондай-ақ есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес
мәселелері жөніндегі бюро); Буэнос-Айрес (Оңтүстік Америка аймағы үшін);
Сан-Сальвадор (Кариб бассейні мемлекеттері үшін); Харара (Оңтүстік Африка
үшін); Найроби (Оңтүстік Африка үшін); Абиджан (Батыс Африка үшін).
2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚПЕН КҮРЕСІНІҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
2.1 Мемлекеттердің ұйымдасқан қылмыстылықпен күрестегі халықаралық
ынтымақтастығы
Қазіргі әлемде ұйымдасқан қылмыстылықтың түрлі нысандары бар. Алайда,
олардың барлығы белгілі бір мафиядан бастау алады (ұйым және құрылым
тұрғысынан). Мафияның Сицилия аралында алғашындаосы арал бостандықты
сүйетін халқын кім езіп-жаншыған адамға қарсылық көрсету ұйымы, патриоттық-
революция сипатындағы ұйым ретінде құрылғаны көпшілікке мәлім. Біртіндеп
бұл ұйым ірі алпауыттардың қолына өтті де, олардың мүдделері үшін
пайдаланыла бастады.
Бір жарым ғасырдан артық тарихы бар мафияны оның барлық сатылары
арқылы өтетін бірыңғай желі байқалады: 1. Ескі мафияның үстемдік құру
кезеңі – 1800 жылдан 1950 жылға дейін; 2. Ауыспалы кезең – 1950 жылдан 1970
жылға дейін; 3. Қазіргі кезең – 1970 жылдан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz