Түркістан


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

- Түркістанның орны бөлек қой. Жауапкершілігі жоғары. Түркі әлемінің жақсылары мен жайсаңдары Ахмет Ясауий бабамыздың кесенесіне келіп, тәу етіп қайтып жатады. Қаланың рухани астана деген атына сай болуы үшін өз үлесіңді қосқың келеді. Осыдан барып, қым-қиғаш тіршілік басталады да жүре береді, - деген еді әкім бір кездескенімізде. Ол шынын айтып отыр. Түркістан қаласының дамуы Елбасының бақылауында тұрған мәселе. Сондықтан қасиетті қалаға әкім болған азамат Мемлекет басшысының сенімін ақтауға тырысуға тиісті. Әсіресе, Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту қайсы әкім үшін болса да сын. Бұл мәселеде Түркістан қаласының қазіргі көрсеткіштері жаман емес. 2010 жылдың бірінші жартыжылдығына қала бюджетінің жалпы кіріс бөлігі 5 млрд. 791, 8 млн. теңге деп жоспарланған екен. Меже 101, 1 пайызға орындалыпты. Бұл қала қазынасына өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 130, 8 млн. теңге көп түсті деген сөз. Салықтың барлық түрі бойынша белгіленген жоспар орындалыпты.

Түркістан қаласының құрамына кіретін ауылдар көп. Сондықтан ауылшаруашылығының дамуына көңіл бөлудің салмағы басым. Биыл қаладағы ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2917, 4 млн. теңге болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2, 2 пайыз артық.

Биылғы бірінші жартыжылдықта былтырғымен салыстырғанда ет өндіру 108, сүт 102, 4, жұмыртқамен қамтамасыз ету 107, 6 пайыз болды. Қала аумағындағы суармалы жер 40 мың 653 гектар. 2009 жылы 29 мың 963 гектар жер игерілген екен. Жыл соңына 6105 гектар суармалы жер айналымға қосылыпты. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 83, 7 млн. теңге бөлініп, 39 жер астынан су шығаратын ұңғыманы іске қосу жоспарланыпты. Жарты жылда 21 скважина іске қосылды. Сөйтіп, егістік көлемі едәуір ұлғайыпты. Қосымша 640 адам жұмыспен қамтылыпты. 2011 жылы 39 мың 200 гектар егістік алқапты 40 мың 653 гектарға жеткіземіз, дейді әкім Қайрат Молдасейітов. Сонда 1200 адам жұмысқа тартылады екен.

Қазір егінді тамшылатып суару технологиясына көшіру «модаға» айналып тұр ғой. Түркістандықтар үстіміздегі жылы біраз жерге тамшылатып суару жүйесімен егін саламыз деп жоспарлаған. Жартыжылдықта 603, 8 гектар жер іске қосылды. Жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 1140 гектарға жеткізбекші. 2011 жылы 3400 гектарға тамшылатып суару жүйесі жоспарланған. Бұрын облыс диқандары тамшылатып сурау жүйесін енгізу үшін барлық жабдықтарды, басқа да керек-жарақты шет елдерден сатып алатын. Түркістанға әкім болып келе сала Қайрат Молдасейітов «тамшылатып суаруға қажетті заттарды қаламызда шығарамыз» деген еді. Уәде орындалды. «Түркістан» сервистік-дайындау орталығында осы мақсатта арнайы зауыт салынды.

Биылғы жарты жылда 0, 66 гектарға жылыжай тұрғызылды. Бұл жұмыс 2011 жылы одан әрі жалғасады. Қалада «Түркістан» сервистік дайындау орталығының сыйымдылығы 10 мың тонналық көкөніс сақтайтын заманауи үлгідегі қоймасы бар. Биыл осы қойманы қала халқының игілігіне тиімді пайдалану жоспарланып отыр.

Түркістанда ауыл адамдарының табысы молаюына әкімнің ықпал ете бастағаны да сезіледі. Егістің көлемін диверсификациялау жұмыстарын үйлестіруді қалалық әкімдік қолға алды. Рентабелділігі жоғары дақылдардың алқабын ұлғайтуға ықпал етуде. Дәнді дақылдар былтыр 5, 6 мың гектар жерге егілген еді. Биыл оның көлемі 8 мың гектарға жетті. Көкөніс, бақша дақылдары 514, мақта 2656 гектарға артық егілді. Биыл 430 гектарға жеміс-жидек, 340 гектарға жүзім өсірді. Жалпы, қала бойынша 37173 гектар жерге егін салынды. Бұл тапсырмадан 1473 гектар артық. «Ал, 2011 жылы қазіргімен салыстырғанда егістік алқап 8 мың гектарға артады», - дейді қала әкімі. Суы жоқ жерге су шығарып берген соң диқан қолына кетпенін алмағанда қайтеді?!

Түркістанда ет арзан деген әңгіме бар. Республикамыздағы базар бағасының ең арзан жері - Түркістан. Соның ішінде ет те арзан. Мұның сыры бар. Асыл тұқымды мал көптеу. Қала бойынша қазір 7 асыл тұқымды шаруашылық бар. «Биыл тағы да 1 қой, 1 ірі қара мал асыл тұқымды шаруашылығын ұйымдастырғалы отырмыз», - дейді әкім. Үш қой өсіретін ұжым асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алуға үміткерлікке тіркеліпті. Бір түйе, бір ірі қара, бір шошқа шаруашылықтары үміткерлікке тіркелу үшін Оңтүстік Батыс өсімдік және мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкерлерімен бірге селекциялық жұмыстар жүргізіп жатқаны туралы ақпарат бар.

Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар құрылып жатыр. Жақында ғана Түркістандағы «Тұран» шаруа қожалығында тәулігіне 6 тонна өсімдік майын дайындайтын цех іске қосылды. Сөйтіп, ауылда 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Осындай біраз мысалдар бар. Бірақ негізгі жұмыстар әлі алда. «Максимум» инвестициялық орталығына жалпы құны 440 миллион теңге тұратын 205 жобаға өтініш берілген екен. Олар 105 жобаны қаржыландыруға 193, 3 млн. теңге бөліпті.

Қалада өндірістің дамуында оң өзгерістер бар. Өнеркәсіп орындары биылғы алғашқы жартыжылдықта 2 млрд. 74, 8 миллион теңгенің өнімін шығарды. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегіден 11, 4 пайыз артық.

2009 жылы жаңадан темір бетон конструкцияларын шығаратын зауыт пайдалануға берілген еді. Қуатты электр желілеріне бағаналар шығаратын «Яссы - Трансформер» ЖШС-гі, макарон өнімдерін шығаратын «Айсер» ЖШС-гі ашылды. Биыл құрылыс материалдарын, профнастил, сондай-ақ қырық түрлі тігін бұйымдарын шығаратын «ШТФ» ЖШС-гі іске қосылып, жаңадан 104 жұмыс орны ашылды. Тәулігіне 1 тонна шұжық шығаратын Түркістан СТК-сы іске қосылып, жаңадан 15 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ жақында рудасыз материалдар және асфальт шығаратын «Бекарыстан» ЖШС іске қосылды. Соңғысында жаңадан 68 жұмыс орны ашылды. 2011-2012 жылдары екі ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. «Нұр-Строй» ЖШС трансформатор шығаратын жаңа жауыт салмақшы. Сөйтіп, 260 жұмыс орны ашылады. «Бүркіт и К» ЖШС алдағы жылы мұнай өнімдерін өңдейтін кәсіпорын ашпақшы. Онда 100 адам жұмыс істемекші.

Түркістандықтар туралы бұрыннан «іскер», «мал тапқыш» деген әңгімелер айтылатын. Іскер адамдардың айы оңынан туатын уақыт келді. Кәсіпкерліктің жағдайы жаман емес. Қалада 13 мың 587 шағын кәсіпкерлік нысаны бар. Шағын қала үшін бұл өте жоғары көрсеткіш. Оларда 39 мың 48 адам жұмыс істейді. Биылдың өзінде 11 шаруашылық субъектісі тіркелді. Оларда 172 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл шағын кәсіпкерлік саласында өндіріс көлемі 2, 1 пайызға артты, салық төлемдері 1, 7 пайызға көбейді.

Өткен жартыжылда негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 1 миллиард 611, 6 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 88, 8 пайызға артты. Игерілген инвестициялардың 609, 4 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 686 млн. теңгесі облыстық бюджеттен, 316, 2 млн. теңгесі кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаржысы.

Түркістанның инфрақұрылымының даму қарқыны да соңғы жылдары дамып келеді. Қала аумағында 1 мың 578, 7 шақырым автокөлік жолдары бар. Оның 169, 5 шақырымы республикалық маңызы бар, 369 шақырымы облыстық маңыздағы жолдар. Биыл «Жол картасы» бойынша қала мен елді мекендердегі жалпы ұзындығы 46, 4 шақырым келетін 29 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 365, 8 миллион теңге қаржы қаралған еді. 18 көше жөнделді, сөйтіп 245, 1 миллион теңге игерілді. Қалған көшелерді жөндеу аяқталып келе жатыр.

Түркістанда ауызсу мәселесі үлкен проблема еді. Бұл түйін де шешіле бастайтын сияқты. Биыл «Жол картасы» бойынша республикалық бюджеттен Түркістан қаласы аумағындағы 40 көшенің су құбырларын және елді мекендердегі ауызсу жүйелері мен 3 кәріздік насос стансыларының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 225, 5 млн. теңге қаржы бөлінген болатын. Жарты жыл көлемінде бекітілген кестеге сәйкес бөлінген қаржының 123, 4 млн. теңгесі игерілді. Аталған ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау қазан айына дейін деп жоспарланған.

- Қазір тұрғындардың 45 пайызы орталықтандырылған ауызсу жүйесін пайдаланады. 46 пайызы аулаларынан қазылған құдықтан су ішеді. 6, 0 пайызы суды тасымалдап пайдаланады. 0, 1 пайызы ашық су көздерінен және 3 пайызы «Омега» су тазартқыш қондырғысынан су ішеді. 2010 жылы қалада 11 мың адам таза ауызсумен қамтамасыз етілмекші. 2011 жылы қала мен елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында 2 миллиард 140, 4 млн. теңге жұмсалады деп отырмыз. Бұл жұмыстар іске асқанда, 82 мыңнан аса халық таза су ішетін болады. Сонда орталықтандырылған ауыз сумен қамту 45 пайыздан - 80 пайызға дейін артады, - дейді Түркістан қаласының әкімі Қайрат Молдасейітов. Біз әкімнен Түркістанның білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, спорт салаларының дамуы туралы сұрадық. Ол:

- Қалада білім бөліміне қарайтын 72 күндізгі, 1 сырттай оқыту мектебі және 12 мектепке дейінгі мекеме бар. Соңғы жылдары бірнеше мектеп жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Бірнеше колледж бар. Олар ондаған мамандық бойынша жастарды оқытып жатыр. А. Ясауий атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 23 мыңдай студент білім алуда. Биыл бірнеше мектептің құрылысы жүріп жатыр. Алдағы жылдары да біраз мектептің жағдайын жақсартуды жоспарлап отырмыз. Денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер жетерлік. Қалада 60 төсектік туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы жүріп жатыр. Ол биыл аяқталып қалады. Қажетті қаражат республикалық бюджеттен бөлінді. Облыстық бюджеттің қаржысы есебінен салынып жатқан ауыл округтеріне қарасты бес елді мекендегі дәрігерлік амбулаториялар мен дәрігерлік пунктердің құрылысын қатаң бақылауда ұстаудамыз.

Сондай-ақ, «Жол картасы» бойынша республикалық бюджеттен ересектер емханасы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр екен.

Қала әкімі денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды да атады. Мысалы, өткен жартыжылда бала өлімі өскен. Сарып ауруы да көбейген.

- Әлеуметтік сала орнықты. 2010 жылдың алғашқы жарты жылдығында қаладағы экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың саны 80, 7 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1100 адамға артық. 1709 азамат тұрақты жұмысқа орналасты, - деді Қайрат Құсейінұлы.

Түркістанда дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылданатын спортшылар 9 мың 432 адам. Дене шынықтыру пәні сабағына қатысатындар 52 мың 500 адам. Түркістандық жастардың Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтай, КСРО чемпионы Әбдісалан Нұрмахановтай болғылары келеді, солардан үлгі алады. Жақында Бекзат Саттарханов даңғылының бойындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің алдында Сидней Олимпиадасының жеңімпазына ескерткіш ашылды.

Қысқасы, Түркістан қаласы да Астана қаласынан үлгі алып, өсіп, өркендеп, еңсесін тік ұстап келеді. Басқаша болуы мүмкін емес. Түркістан - қазақтық ондаған хандары мен билері, батырлары жерленген қасиетті құт мекен.

Түркістан қаласының әкімі Молдасеитов Қайрат Құсейнұлының қала және ауылдық округтер тұрғындарының алдында берген есепті баяндамасы

Құрметті түркістандықтар! Биыл мемлекетіміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толып отыр. Осы жыл ішінде еліміздің мол табыстарға қол жеткізді. Мемлекетіміздің дағдарыстан кейінгі тұрақты дамуының мықты іргетасы қаланды. Қазақстанның жаңа онжылдықтағы стратегиялық даму жоспары, сонымен бірге 2014 жылға дейінгі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бекітілді. Еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына табысты төрағалық етуі, әсіресе, Саммиттің 11 жылдан кейін Астанада өткізілуі Қазақстанның халықаралық дәрежедегі абырой-беделін асқақтатып қана қоймай, еліміздің ішкі бірлігі мен азаматтарымыздың патриоттық сезімін арттыра түсетін оқиға болды. Ал, биылғы жылы Қазақстан Ислам конференциясына төрағалық жасаса, қысқы Азияда ойындарының мемлекетімізде өткізілуі еліміздің дамыған 50 елдің қатарына қосылу жолындағы ірі қадамдары деп білуіміз қажет. Сонымен бірге, елімізде басталған «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының шамамен 107 шақырымы Түркістан қаласының аумағынан өтеді (Жібек жолы, Сауран, Қарашық, Жүйнек, Шаға, Ескі Иқан ауыл округтері аумағынан өтеді) . Қазіргі таңда бұл жұмыстардың алғашқы кезеңі басталды. Оған қоса, «Бейнеу-Бозой» газ құбырының да жұмыстары жүргізілуде. Осындай тірліктермен қатар, 2010 жылы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Түркия Республикасының президенті Абдуллаһ Гүл мырзамен қасиетті қаламызда кездесуі басты оқиғаның бірі болды. Екі елдің басшылары осында білім саласындағы мәселелерді талқылап және Түркия мемлекетінің президенті Абдуллаһ Гүл Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевқа түркі елдерінің көшбасшысы (лидері) ретінде арнайы құрметін білдірді. <>Сондай-ақ, осы жылы қаңтар айының 28-і күні Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің кезекті «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауын жариялады. Онда мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының 20 жылдағы әлемдік деңгейдегі жетістігін атап өтіп, басым бағытты әлеуметтік-экономикалық жағдайға арнады. Нақты айтқанда, мемлекетімізде білім және денсаулық саласын дамытуды ерекше назарға алып, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығындағы жұмыстар, мемлекеттік тілді дамыту және тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуді одан әрі жалғастыруға бағыт берді. Осындай басым бағыттардың ішінде ауылшаруашылығы өнімдерін арттыруға күш салынатынын жеткізді. Сонымен бірге, Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің үкімет мүшелерімен өткізген арнайы отырысында, Тәуелсіздік мерекесіне ерекше мән беріп, биылғы жылды Тәуелсіздік жылы деп жариялады. Ендеше Елбасымыздың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған Жолдауын негізге ала отырып, Президент Жарлығымен өзіме жүктелген міндетті іске асырып, тұрғындарға есеп беру мақсатында, 2010 жылы қала аумағында атқарылған жұмыстарды атап өтетін болсам. Жалпы Түркістан өңірі бойынша бүгінгі таңда халық саны 235 мың. Оның 147 мыңы қалада, ал 88 мың тұрғын ауылдарда тұрады. Осынша халқы бар Түркістан қаласының бюджеттік саласына тоқталсақ.

Бюджет cаласы

Кіріс 2010 жылы қала бюджетінің жалпы кіріс бөлігінің жоспары 11 млрд. 279 млн теңгені құрап, бюджеттің кіріс бөлігі 100, 4 пайызға артты. Жалпы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд. 590 млн теңгеге өсіп, шығындар 100 пайызға орындалды. Аумақтық ішкі өндіріс көлемі 32 пайызға артты. Бұл өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жоғарылағанын байқатады. 2010 жылы қаланың аумақтық ішкі өндірілген өнімінің жалпы көлемі 34 млрд. 451 млн теңгені құрады. Оның ішінде ауылшаруашылық саласына - 37 пайызы, өнеркәсіп саласына 14 пайызы, негізгі капиталға бағытталған инвестиция саласына - 28 пайызы және өткізілген тауарлар, көрсетілген қызмет саласына - 21 пайызы тиесілі.

Өнеркәсіп саласы

Өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен биыл 4 млрд 919 млн теңгенің өнімін өндіріп, өндіріс көлемі өткен жылға қарағанда 4 пайызға артты. Есепті мерзімде «ШТФ тігін-тоқыма фабрикасы», «Бекарыстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, тамшылатып суару жүйесі бойынша құрал жабдықтар шығару цехы іске қосылып, нәтижесінде, 2010 жылы 300 жаңа жұмыс орны ашылды. 14 мыңға жуық (13436) шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 38 мың 883 адам жұмыс жасаса, жаңадан 28 шаруашылық субъектілері тіркелді.

Ауылшаруашылық саласы

Слайд №5 Қаланың ауылшаруашылық құрылымдары 2010 жылы 12 млрд. 903 млн теңгенің өнімін өндіріп, өнім көлемін өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға арттырды. Сондай-ақ, 37 мың 600 гектарға әр түрлі дақылдар егіліп, 2009 жылмен салыстырғанда көрсеткіш көлемі 16 пайызға көбейді. Есепті мерзімде субсидияға 166 млн теңге игеріліп, жоспар 101 пайызға орындалса, жеңілдетілген бағада 3144 тонна жанармай, 1552 тонна минералды тыңайтқыш алынды. 2010 жылы 7 мың гектардан 16 мың тонна астық өндіріліп, (гектар түсімі 23 цн болды), облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізілді. 12192 гектарға егілген мақта алқабының әр гектарынан 23 центнер өнім аланып, 28 мың тонна мақта жиналды. Нәтижесінде шаруаларымыз ең жоғарғы көрсеткішпен облысымызда «Алтын медальға» ие болды. Одан бөлек 87 мың тонна бақша, 70 мың тонна көкөніс, 5 мың тонна картоп, 8 мың 300 тонна жеміс, 2 мың тонна жүзім өндірілсе, артық өнімдер еліміздің солтүстік және батыс аймақтарына жөнелтілді. Ауылшаруашылығына жаңа технологияларды енгізу жыл сайын артып келеді. Соның бірі өңіріміздегі қарқынды дамып келе жатқан тамшылатып суғару құрылғыларын пайдалану. Оның көлемі биылдың өзінде 1320 гектарға жетіп, жоспар 100 пайызға орындалды. Нәтижесінде облыс бойынша екінші орын алып, күміс медальға қол жеткізілді. Жылыжай Сондай-ақ, 2010 жылы 1 гектарға жылыжай салынып, жоспар 163 пайызға орындалды. Егін шаруашылығы саласында біраз мәселелерді шешуге қол жеткіздік. 2010 жылы «Жол картасы» аясында 39 скважина мен төменгі Қарашық шлюзін жөндеу жұмыстарына 83 млн теңге жұмсалды. Соның арқасында игерілмей жатқан 600 гектар алқап суармалы жерге айналды. Қала бойынша 4 түлік малдың басы, оның өнімдерінің көлемі жыл сайын артуда. Атап айтқанда, ет 11 мың тонна өндіріліп, 1 пайызға, сүт 53 мың тонна өндіріліп, 2 пайызға, жұмыртқа 9 млн 600 мың дана болып, 4 пайызға артты. Жалпы мал шаруашылығын дамытуда жоғары көрсеткішке қол жеткізген Жүйнек ауылының жеке кәсіпкері Ж. Ордабаев облыс бойынша «Алтын медаль» алып, жеңімпаз атанды. Өткен жылы тұрғындарға 1 мал сою пункті мен 4 мал сою алаңы және 2 мал бордақылау алаңы ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Ірілендіру 1777 ұсақ шаруашылықтар ірілендіріліп, облыс тарапынан берілген тапсырма 48 пайызға артығымен орындалды. Сонымен қатар, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 103 жоба мақұлданып, 171 млн теңгеге несиелендірілді.

Білім саласы

2010 жылы қала бюджетінің 66, 7 пайызы білім саласына жұмсалып, 2009 жылмен салыстырғанда 1692, 0 млн теңге артық қаржы жаратылды. Ал, жалпыға бірдей міндетті білім беру қорына 52 млн теңге игерілді. Сонымен қатар, қаланың 1-4 сынып оқушыларын және ауыл округтеріндегі 1934 оқушыларды тасымалдауға жергілікті бюджеттен 11 млн теңге бөлінді. Есепті мерзімде білім мекемелерін қысқы отынмен қамтамасыз етуге 116 млн теңге бөлінді. Қатты инвентарь (парта мен тақталар) алуға жергілікті бюджеттен 111 млн теңгеге 10 мың 948 парта, 600 тақта алынса, республикалық бюджеттен бөлінген 145 млн теңгеге 8 мектеп биология кабинетімен, 5 мектеп мультимедия кабинетімен, 20 мектеп физика кабинетімен жабдықталды. Жаңа оқу жылына мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету үшін 2010 жылға 72 млн теңге қаралды. Бүгінгі таңда республикалық және жергілікті деңгейде қайырымдылық акциялары өткізіліп, онда жалпы әл-ауқаты төмен отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1758 балаға арнайы әлеуметтік қолдау көрсетілді. «Балапан» бағдарламасы бойынша 2010 жылы қаламызда 1160 орынды 4 бала-бақшаның құрылысына (Сауран, Бекзат, Яссы, Отырар мөлтек аудандарында) республикалық бюджеттен 850 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл нысандар 2011 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. 2010 жылдың басында 17 мың 581 бүлдіршінді бала-бақшамен қамтамасыз ету қажет болатын. Сол мақсатта Елбасымыздың «Балапан» бағдарламасын өз тарапымыздан іске асыру үшін, (оның біреуі 1991-1999 жылдар аралығында жекешеленіп, сатылып кеткен) бос тұрған ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жергілікті бюджет есебінен 75 млн теңге бөлініп, Ескі Иқан, Шорнақ, Шаға, Жібек жолы ауыл округтерінде 275 балаға арналған бала-бақша іске қосылды. Сондай-ақ, 10 мектеп жанынан 500 балаға шағын орталықтар ашылып, балаларды бала-бақшамен қамтамасыз ету көрсеткіші осы жылы 11 пайыздан 15 пайызға жетті. Сонымен қатар, апатты жағдайдағы 4 мектептің (Қ. Сәтбаев, М. Мәметова, Айтжанов, Сауран атындағы мектептері) құрылысына облыстық бюджеттен 693 млн. теңге бөлінді. Соның бірі Жібек жолы ауыл округіндегі 300 орындық Сауран орта мектебі оқу жылының басында пайдалануға берілсе, қалған 3 мектептің құрылысы 2011 жылы бітеді деп жоспарланып отыр. «Жол картасы» бойынша республикалық және жергілікті бюджеттен 96 миллион теңгеден аса қаржыға 8 білім ұясы (Қ. А. Яссауи, А. Югнаки, В. Вахидов, №31 Абай, №7 С. Ерубаев, М. Мұса атындағы орта мектептері мен қаладағы жасөспірімдер орталығы және №31 мектеп-балабақшасы) күрделі жөндеуден өткізілді.

Денсаулық саласы

Есепті мерзімде, денсаулық сақтау саласына 3 млрд 673 млн. теңге қаржы жаратылып, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 84 пайызға өсті. 2003 жылдан бері бітпей тұрған тубдиспансер құрылысын аяқтауға республикалық бюджеттен 757 млн теңге бөлінді. Және де облыстық бюджеттен 170 млн теңгеге 5 елді мекенде медпункт, дәрігерлік амбулаторияларға арналған ғимараттардың (Ескі Иқан, Жаңа Иқан, Қарашық, Бабайқорған, Сауран ауыл округтерінде) құрылысы жүргізілді. Ал, «Жол картасы» бойынша ересектер емханасы мен медицина колледждің ғимараттарына 271 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік сала 2010 жылы зейнетақы мен жалақы 25 пайызға көбейді. Биыл жыл басынан зейнетақы 30 пайызға жоғарыласа, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы шілде айынан бастап 30 пайызға артады. Жалпы соңғы үш жылдағы айлық пен зейнетақының өсуі 80 пайызды құрап отыр. Қалада жалпы жұмыссыздар саны 5700 адам, немесе жұмыссыздық деңгейі 6, 8 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2, 6 пайызға төмендеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан облысында ішкі туризмнің бағыттары
Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері негізінде, араб-парсы және еуропалық саяхатшы-тарихшы, географтардың мәліметтерін сараптау арқылы, жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау
Түркістан - қазақ хандығының астанасы
Түркістан қаласының әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері
Қасиетті түркі жері - Түркістан
Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы
Біртұтас Түркістан идеясы: теориялық негіздері және іске асырылу жағдайлары
Түркістан генерал-губернаторлығы
Түркістан АКСР-дегі білім, ғылым мәселелері: (1918-1924 жж.)
Сералы Лапиннің 1917 жылғы ақпан революциясына дейінгі өмірі мен қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz