Баланың мектепке даярлығының педагогикалық проблемалары


Мазмұны:
Кіріспе
І. Баланың мектепке даярлығының педагогикалық мәселелері
1. 1. Баланың мектепке даярлаудың педагогикалық негіздемесі . . . 7
1. 2. Баланың мектепке психологиялық даярлаудың мүмкіндіктері . . . 12
1. 3. Баланың мектепке даярлаудың мектеп жасына дейінгі бала кезеңіндегі дағдарысы . . . 20
ІІ. Баланың мектепке даярлаудың тәжірибелік жұмыстарының әдістемесі
2. 1. Баланың мектепке даярлаудың зерттеу әдәстері . . . 25
2. 2. Балның мектепке даярлаудың бағыттары мен жолдары . . . 30
ІІІ. Қорытынды . . . 35
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 37
V. Қосымша
Кіріспе
«Балапан» бағдарламасы аясында 2010 жылға дейін бүлдіршіндер толықтай мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, орта мектептерде балаларды тамақтандыру мәселесі де толықтай шешіледі. Бұл туралы Үкіметте «2011-2020-шы жылға дейінгі білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның» жобасын таныстырған министр Жансейіт Түймебаев мәлімдеді. Құжатта жоғары білім беру саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ғылым мен білімді ұштастыруға баса мән беріледі. Бағдарлама бойынша 2020 жылға қарай қалада да, ауылда да балабақша тапшылығы толықтай шешіледі. « Балапан» бағдарламасын іске асыруға 216 миллион теңге қарастырылып отыр. Мектепке дейінгі мекеменің мемлекеттік, жекеменшік, отбасылылық және ведомствалық түрлері болады. Ал 2015 жылдан бастап еліміздегі орта білім 12 жылдық жүйеге көшеді [1] . Қарағандыда балаларды қорғаудың халықаралық күнінде «Аққу» балабақшасы ішінен жаңадан үш топ, сондай - ақ мектептер жанынан үш шағын орталық ашылды. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының аясында мектепалды даярлық мекемелері желісін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Аққу» балабақшасына енді тағы да 200 бала бара алады. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да 690 орындық үш балабақша құрылысын бастау жоспарлануда - деді мерекелік шарға қатысқан қала әкімі Бауыржан Әбішев. Қалалық білім беру бөлімінің мәліметтері бойынша, қазіргі таңда 11 800 кішкентай қарағандылықтар балабақшаға барып жүр және де балабақшамен қамту 70% - ды құрап отыр. « Жылдың аяғына дейін балаларды балабақшамен қамтуды 73% - ға жеткізу жоспарланып отыр», - дейді қалалық білім бөлімінің жалпы және орта білім беру секторының меңгерушісі Светлана Чжао. Мемлекеттік « Балапан» бағдарламасы бойынша 2010 жылдың соңына дейін Қарағандының « Кең дала» шығанауданында 320 орындық жаңа балабақшаны пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық деңгейдегі әкімдерге балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етуге негізделген « Балапан» бағдарламасын жасауды тапсырған болатын [2] . Тараз қалалық білім бөлімі бастығының міндетін атқарушы Павел Чирков аталмыш мәселе турасында қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVIII сессиясында кеңінен түсінік берді. Баяндамашының сөзіне қарағанда, 2015 жылға қарай облыс орталығындағы бүлдіршіндердің 97% - ы мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен қамтылмақ. Бүгінде қаламызда 28 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме, 13 шағын орталық пен 2 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Солай бола тұра, әлі де 8450 бала балабақша кезегінде тұр екен. « Балапан» бағдарламасының аясында үстіміздегі жылы 2310 орынға арналған 14 мектепке дейінгі мекемені пайдалануға беру қарастырылып отыр. Мектепалды дайындықпен осы жылы бүлдіршіндердің 89% - ы қамтылатын болса, 2015 жылы 5-6 жас аралығындағы барлық балалар қамтылады деп жоспарлануда. Елбасының тапсырмасына орай әзірленіп жатқан «Балапан» арнайы бағдарламасы бойынша Павлодар облысында ескі балабақшалар қалпына келтіріледі және жаңадан салынады, деп хабарлады аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев облыс активімен болған кездесуде. Ағымдағы жылы облыста үш жаңа балабақша құрылысы басталады, 86 шағын орталық ашылады, бұрынғы мектепке дейінгі дайындықтың 23 ғимараты қалпына келтіріледі. Балаларды мектепке дейінгі дайындықпен қамту 65 пайызға дейін өседі. Ал 2012 жылға дейін балабақшалардағы орын жетіспеушілігі проблемасы шешімін табады, деп атап көрсетті әкім өз сөзінде. Өркениет көшіне бет бұрған қыруар істің алтын арқауы болып есептелетін ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші білім десек қателеспейміз. Ол - қоғам дамуының кепілі. Білім беру саласында алға ұмтылмай артта қалу мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігіне, ұлттың келешегіне кері әсер етеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы халыққа Жолдауында: “Елімізге экономикалық және қоғамдық жаңғыртудың талап-тілектеріне жауап беретін заманауи білім беру жүйесі қажет”, деп атап өткен еді. Бұл тапсырманы алдымен мектеп жасына дейінгі балаларға көңіл бөлмей орындау әсте мүмкін емес. Қазіргі уақытта елімізде мектепке дейінгі білім беру саласын дамыту мәселесі өзекті болып отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларға тиімді тәрбие беру, заман өлшеміне сай оқыту мәселелері ұлттық дамумен тығыз байланысты және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 1991 жылы Қазақстанда 8743 балабақша жұмыс істеген, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында соның 4868-і, (55, 6%) жекешенің қолына өтіп кеткен. Содан кейінгі тоғыз жыл ішінде еліміз бойынша балабақша саны 7599 бірлікке азайды. Тек 2001 жылдан бастап балабақша желісінің саны көбейіп, құлдырау өрлеуге ұласып, 1167-ге жетті. 2001 жылмен салыстырғанда қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдар желісінің саны 750-ге өсті. Оның 55-інің құрылысы жаңадан салынып пайдалануға берілсе, 131 балабақша жекелер есебінен ашылды. Ал бұрын бар 564 балабақша қайта іске қосылды. Қазір Отанымызда мектеп жасына дейінгі балалардың 37%-ын қамтитын әртүрлі типтегі 4568 балабақша жұмыс істейді, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 1, 4%-ға артып отыр. Осылайша, қаладағы балаларды балабақшамен қамту орта есеппен алғанда - 43, 2%, ауылдағы балаларды қамту 17, 8%-ды құрайды. Ауыл мектептері жанынан ашылған 2651 шағын орталықтарда 68038 бала тәрбиеленуде. Негізінен оған аз қамтылған отбасы балалары тартылып отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамтудың жоғары көрсеткіштері Қостанай (90%), Қарағанды (68, 7%), Ақтөбе (63, 3%) облыстарында болса, Оңтүстік Қазақстан (13, 5%), Алматы (20, 4%) облыстарындағы нәтиже төмен. Дегенмен, Елбасының қолдауымен сең қозғалды. Бірақ балабақшаға кезекте тұрғандар саны азаяр емес (260 мың) . Президент Н. Назарбаев өткен жылы тікелей тележеліде бұл мәселені баса айтып, Білім және ғылым министрлігіне, облыстық және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріне мектепке дейінгі мекемелердің халық үшін қолжетімді болуын, қысқа мерзімде атқарылуға тиіс шараларды тапсырды.
Соған орай, жас ұрпақты балабақшамен қамту жөніндегі 2009-2015 жылдарға арналған қысқа мерзімді және орта мерзімді шаралар тізбесі жасалынды. Оның біріншісі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2009-2015 жылдар ішінде мектепке дейінгі мекеме нысандарын мемлекеттік және жеке меншік қаржы салымы есебінен тұрғызудың жоспар-кестесі түзілді; екіншісі мемлекеттік органдар орналасқан балабақша ғимараттарын босату шаралары; үшіншісі мектепке дейінгі ұйымдарды ашу мақсатымен өзге ғимараттар мен орындарды пайдалану қарастырылуда.
Білім және ғылым министрлігі мен облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері бірлесіп жүзеге асырған қысқа мерзімді шаралар нәтижесінде 2009 жылдың соңына дейін қосымша 16 129 орын пайдалануға берілді.
Елбасы “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының XІІ съезінде (2009 жылғы 15 мамыр) берген тапсырмасына сәйкес 2009-2012 жылдары республикалық бюджеттен 57 400 орындық 200 балабақша құрылысын салуға қаржы қарастырылған.
Биылғы жылы “Жол картасы” аясында жөндеуге жататын мектепке дейінгі білім беру нысандарын нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдарға 1, 9 млрд. теңге бөлініп, 73 нысанды жөндеуге тапсырыс берілді. Мектепке дейінгі мекемелерге лицензия беруді жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысы қабылданды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларын мектепке дейінгі мекемелерге бірінші кезекте қабылдаудың мемлекеттік қызмет стандарты қарастырылып отыр.
Сол секілді мектепке дейінгі мекемелерді медициналық, кадрлық, оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық жағынан жетілдіруді қамтамасыз ету мәселелері пысықталуда. Балабақшалардағы педагог қызметкерлердің білім, тәрбие беру деңгейі жақсаруда. Бұл саладағы педагогтардың жалпы саны 29, 8 мың адам болса, оның 8337-сі (27, 9%-ы) жас мамандар. Олардың 54, 4%-ы жоғары білімі барлар. Балабақша тәрбиешілерін әзірлеу 31 педагогикалық колледжде жүзеге асырылу үстінде.
Қабылданған шаралар негізінде мектепке дейінгі мекемелер желісі 2010-2012 жылдары 217 мың орынға артатын болса, 2013 жылы 34, 6 мың орынға көбейетін болады. Тұтастай алғанда, 2009-2015 жылдар ішінде 312, 8 мың орындық 3358 мектепке дейінгі мекеме іске қосылады. “Жол картасы” аясында мемлекеттік білім беру тапсырысымен биыл балабақшаларға 2000 педагог дайындалады.
Білім беру ісінде Елбасының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан “100 мектеп, 100 аурухана” мемлекеттік бағдарламасының маңызы ерекше. Бұл орта білім саласында зор басымдыққа ие, әрі министрліктің үнемі бақылауында тұр. Салыстырмалы түрде айтсақ, жоба шеңберінде 2007 жылы Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында екі мектеп, ал 2008 жылы 33 015 орындық 44 мектеп пайдалануға берілді. 2009 жылы 33 839 орындық 46 мектеп оқушыларды қабылдады.
Жалпы, “100 мектеп” бағдарламасы шеңберінде 2007-2009 жылдары 86, 3 мың орындық 106 мектеп салу көзделген еді. Ол негізінен үш ауысымда оқитын, апатты жағдайдағы мектептер болатын. Бұл білім ұяларының 21 нысанының құрылысы мерзімінен кешіктіріліп тапсырылды. Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысында - 15, Астана қаласында 6 нысан кешіктірілді. Басты себептері, құрылыс материалдарының қымбаттауы дер едік. Қазір бұған жол бермеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2010 жылы да мектеп салу жалғастырыла береді. Үкіметтің 2009 жылғы 31 тамыздағы №1292 қаулысы бойынша Парламентке ұсынылған “2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасында биыл 14 мектептің құрылысына 2 128 266 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген.
Бұл жобаның жүзеге асуын бақылау үшін Білім және ғылым, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министрліктері мен Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі агенттік қызметкерлерінен арнайы жұмыс комиссиясы құрылды.
Елбасы өткен жылғы халыққа Жолдауында: “2010 жылға дейін білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру арқылы сапалы білім беруді арттыруымыз қажет. Бұл білім беру саласының басты міндеті” деп атап көрсетті. Жолдауды іске асыру үшін білім берудің барлық саласында халықаралық талаптарға жауап беретін сапалы білім беру қажеттілігі тұр. Бұл міндеттерді іске асыру ұлттық білім беру жүйесінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды жаңғырту болып табылады. Жоғары білім беру саласында осы бағытта қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі күні халықаралық білім беру стандарты жіктеуішіне сай келетін бакалавриат пен магистратура мамандарын жүйелі дайындау енгізілді. Жетекші жоғары оқу орындарында кадрларды әзірлеудің әлемдік озық тәжірибесін саралай отырып, білікті мамандардың, ғалымдардың, профессорлардың қатысуымен мемлекеттік стандарт жасалды. Сондай-ақ, онда еңбек рыногының тұтынушылары есепке алынды. Қазақстанда Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет дайындаған «Балапан» бағдарламасының аясында мектепке дейінгі ұйымдардың санын арттыру бойынша түбегейлі шешімдер қабылдануда. 2011 жылы 88 мың орындық 1086 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланып отыр. «Менің тапсырмам бойынша қабылдаған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде, 2010 жылы 35 балабақша салынды, 1534 шағын орталық, 137 жекеменшік балабақша құрылды. Кезінде жекешелендіріліп кеткен мектепке дейінгі мекемелерді қайтарудың есебінен 172 балабақша ашылды», - деп мәлім етті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы Жолдауында. «Балапан» бағдарламасының алдына 2015 жылға дейін мектеп жасына дейінгі балалардың 70 пайызын, 2020 жылға дейін 100 пайызын мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер қойылды.
... жалғасыІ. Баланы мектепке даярлаудың теориялық мәселелері 1. 1. Баланың мектепке даярлаудың теориялық мәселелері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz