Синтаксис туралы жалпы түсінік



Кіріспе
Синтаксис туралы жалпы түсінік
1.Жай сөйлем синтаксисі
2.Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа жүйесін пайдалана отырып, шешендік сөздерден жай сөйлемдердің қолдануын үйрете отырып, оқушылардың талдау жұмыстарын меңгертуге және шешендік сөздердің тәрбиелік мәніне тоқталамыз.
Қазіргі қоғамдағы болып жатқан жаңа білімдік, мәдени-әлеуметтік, ғылыми-техникалық және т. б. өзгерістер балаларды тәрбиелеу ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр. Бұл, өз кезегінде, балалардың саналы тәртібі, байымды мінезі туралы түсінігін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу қазіргі қалыптасқан, дәстүрлі әдістемелік жүйесін біршама өзгертіп, жетілдіруді қажет етеді. Осыған орай өткен ғасырлардағы озық педогогикалық және әдістемелік идеяларды қайтадан елегінен өткізіп, бүгінгі заманның талабына сай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану ерекше маңызға ие болып отыр. Сондықтан болашақ өміріміз жастардың қолында десек, кейбір жөн сілтер шешендік сөздердің қолданылуын балаларымызды тәрбиелеудің, олардың педогогикалық ой-пікірін, идеяларын тиімді үйлестіріп, ұштастыру мәселесінің шешілуіне ерекше көңіл аударылуға тиіс.
1. Көмекбаев Н. Оқыту теориясы. Алматы, 1976 ж.
2. Қазақтілі мұғалімдерінің іс-тәжірибесінен. Жинақ 1972 ж.
A. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» -Алматы, 1991 ж.
3. P. Рахметқызы «Бастауыш мектептерде оқушылардың тілін ұстарту» - Алматы, 1992 ж.
4. Құлмағанбетова Б. «Қазақ тілі сабағында техникалық құрамдарды пайдалану». Мектеп. 1983 ж.
5. Арғынов X. Құрмалас сөйлем синтаксисіне арналған таблица. 1776, 1986 ж.
6. Жаниязов Ә. Лексиканы оқытуға арналған таблица. 1990 ж.
7. П.Алдамұратов Ә. Оқушылардың граматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы, 1990 ж.
8. Әлімжанов Д. Маманнов И. Қазақ тілін оқыту методикасы. 1990 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Синтаксис туралы жалпы түсінік

1.Жай сөйлем синтаксисі

2.Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа жүйесін пайдалана отырып, шешендік сөздерден жай сөйлемдердің қолдануын үйрете отырып, оқушылардың талдау жұмыстарын меңгертуге және шешендік сөздердің тәрбиелік мәніне тоқталамыз.

Қазіргі қоғамдағы болып жатқан жаңа білімдік, мәдени-әлеуметтік, ғылыми-техникалық және т. б. өзгерістер балаларды тәрбиелеу ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр. Бұл, өз кезегінде, балалардың саналы тәртібі, байымды мінезі туралы түсінігін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу қазіргі қалыптасқан, дәстүрлі әдістемелік жүйесін біршама өзгертіп, жетілдіруді қажет етеді. Осыған орай өткен ғасырлардағы озық педогогикалық және әдістемелік идеяларды қайтадан елегінен өткізіп, бүгінгі заманның талабына сай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану ерекше маңызға ие болып отыр. Сондықтан болашақ өміріміз жастардың қолында десек, кейбір жөн сілтер шешендік сөздердің қолданылуын балаларымызды тәрбиелеудің, олардың педогогикалық ой-пікірін, идеяларын тиімді үйлестіріп, ұштастыру мәселесінің шешілуіне ерекше көңіл аударылуға тиіс.

Бастауыш сыныптарындағы алғашқы сөз ұйқастары туралы проблема -психологиялық, педогогикалық, әдістемелік т. б. әдебиеттерде жиі көтеріліп жүрген мәселе. Окушылардың логикалық ой-өрісін арттыруда оларды тәрбиелеу арқылы дүниеге деген көзқарасының ерекше маңызы бар.

Бүгінгі күнгі жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу баланың алдына үлкен жауапкершілік артып отыр. Өйткені балаға берілетін саналылық тәрбие сипаты ол өмірге келген күннен отбасында басталуы тиіс. Кейіннен бала-бақша, мектеп, қоршаған орта және қоғамдағы болып жатқан әртүрлі жағдайлардың әсерімен одан әрі қалыптаса түседі. Бұл көпшілікке таныс мәселе. Бірақ бұл жерде балалардың жақсы немесе жаман мінезді болып жетілуіне ең алдымен отбасындағы ата-ананың, одан соң сол отбасындағы үлкендердің әсерлі-ықпалы бірінші кезекте аса маңызды фактор болатынына назар аударғымыз келеді. Кейбір ата-аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп, бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы өнегелі тәрбие жұмысына немқұрайдылықпен қарайды. Ал мұндай жағдайлар көбіне көп баланың бойында теріс мінездердің пайда болуына тікелей себепші болуы мүмкін.

Балалардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі арнайы зерттелмеген. Дегенмен, бұл мәселеде аз да болса, С. Рахметов, А. Көшімбаев, Б. Құлмағамбетова, К. Ақбаева, Тоқбергенов, К. У. Тахирдинова, А. Асқарбаева т.б. педагог-ғалымдар оқушының ынтасын, зейінін қалай арттыру кажет және оның әдістемелік әдіс-тәсілдері қандай деген проблемаға назар аударды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық қазынаның, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамда дұрыс тәрбие қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау - делінген. Осы заңның 2-ші бабында былай жазылған: Жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік, тән сауаттылығы, өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау жолымен оның интеллектін байыту және жеке адамның шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін отбасының, мектептердің, бүкіл жүртшылықтың біріге жұмыс істеуі қажет. Төменде ұсынылып отырған бірнеше тарауларда, мен балалар тарапынан болатын ой жүйесі негізіне және сөйлем туралы түсінік талдау жасап, себебін аныгтап, олармен жұмыс істеудің жолдарын белгілеуге, педагогикалық майданның маңызды бөлігінде оны ұйымдастырудың кейбір түрлерін ұсынуға тырыстым.

Синтаксис туралы түсінік.

Жай сөйлем синтаксисі.

Адам өз ойын білдіргенде тек сөзбен ғана білдірмейді. Егер бір сөзбен білдірсе, онда ой толық анықталмайды. Сондықтан сөздерді бір-бірімен байланыстыра отырып, ойын толық жеткізеді. Мысалы: Самсаған көздің бәрі сені байқаған, бәрінде үн жоқ —деген сөйлемде, айтылған ой жұрттың бәрі бір кісіге қарап, үн шығармай тыңдап тұр- дегенді білдіреді. Осы ойды тек жекелеген сөздер мен беруге болмайды, ондай жағдайда айтылар ойдың жүйесі бұзылары анық. Адам бір — бірімен тілдеседі. Тілді коммуникативті малдайта қолданылмайтындықтан, адамның миында бірнеше сөздер өзара мағынасын, байланысып, сөйлеу процесінде түйдектелген, сөздер негізінде құралған сөз тіркесін сөйлемді қазақ тілі ғылымында синтаксис ғылымы қарастырады.

Синтаксис грекше- Syntaxsis - құру, тәртіп грамматикалық марфология саласымен тығыз байланысты, сөздердің өзара тіркесу қабілеттерін байланысу формалары мен тәсілдерін, сөйлемнің құрамын және оның түрлерін зерттейтін грамматиканың бір бөлігі.

Синтаксис ғылымының зерттеу аясын А. Шахматов сөздегі ойды табатын тәсілдерді зерттейтін грамматиканың саласы ретінде анықтаса, Ф. Фортунаитов Сөйлем ішіндегі сөздердің қызметі мен тұлғасын зерттейтін грамматикалық тарауы ретінде таниды. М. Балақаев Синтаксис сөз тіркесін сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксис формаларды адамның ойын білдіру грамматикасының тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қалыптастырады - деп атап көрсетеді. Осы пікірлер негізінде синтаксис ғылымының зерттеу аясы екі жақтама түсіндіріледі.

Нақтылы процестің пайда болуын зерттейтін жасау құралдары
мен қағидалары түсіндіріледі.

Сөйлеу процесінің пайда болуын зерттейтін грамматика-

ның бір саласы. Онда сөйлем ішіндегі мен сөздердің үйлесуі, сөйлемнің жалпы қасиеттерін зерттейді.

Синтаксис ғылымының единицасы болып сөз тіркесі алынады. Осыған байланысты синтаксис ғылымы екі тараудан тұрады. Сөз тіркесінің синтаксисті. Мұнда сөздердің байланысу тәсілдері, формалары және түрлері зерттелінеді. Тіл қарым- қатынас жасаудың құралы да, сөйлем қарым -қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Кісінің ойы әр алуан, әр қилы болғандықтан соларды айту үшін жұмсалатын сөйлемдер. Олардың құрамы да әр түрлі болады. Сөйлем құрамындағы сөздің саны аз болуы, көп болуы, ой ерекшелігін, стиль ерекшелігімен байланысты.

Сөйлемде грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Жай сөйлемдер құралдық ерекшелігіне қарай жалаң және жайылма болып бөлінеді. Жалаң сөйлем бастауыш пен баяндауыштан не оның біреуінен құралады.

Ал, сөйлем құрамына бастауыш, байндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелер не олардың бірі болса, сөйлемнің іргесі кеңіп, ол жайылмаға айналады. Мысалы: Жел өршелене түсті. — жалаң. Ызғарлы жел өршелене түсті — жайылма. Толқын күшейді — жалаң. Теңіздің толқыны кешке таман күшейеді — жайылма.

Сөйлем құруға негіз болатын мүшелер тұрлаулы мүшелер — сөйлем атауының грамматикалық ұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің маңына топталып, не тікелей соларды, не, бірін- бірі , не, бірін-бірі анықтап толықтап, растап тұрады. Мысалы: Шығысқа қарай беттеген үлкен кеме толқынды теңізді тіліп келеді. Бұл сөйлемнің бастауышы - кеме, баяндаушы- тіліп келеді. Олардан басқа мүшелер сол екеуінің маңына біріне-бірі бағынып барып, не тікелей бастауышқа, не баяндауышқа бағынған. Тұрлаусыз мүшелер - толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып үшке бөлінеді.

2.Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік

Синтаксистің объектісіне сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем және күрделі синтаксистік тұтастық жатады. Соңғыны В.В.Виноградов Завершающей частью грамматики деп синтаксистің объектісіне жататын синтаксистік категориялардың барлық жиынтығын шоғырланған тобы деп берген болатын.

Кейде осы күнге дейінгі синтаксистік категорияларды осы ретпен берумен бірге, керісінше, күрделі синтаксистік тұтастық, құрмалас сөйлем, жай сөйлем және сөз тіркесінің синтаксисі деп беру де кездеседі.

Әсіресе осы синтаксис салаларының ішіндегі соңғы кезде жан-жақты қолға алына бастаған синтаксистік объектінің бірі - сөз тіркесінің синтаксисі. Ш.Сарыбаевтың библиографиялық көрсеткіші бойынша сөз тіркесі синтаксисі жөнінде қазақ тілі және қазақ тілі мен басқа тілдерді салыстыру жайында 400-дей монография, оқулық және мақала жарық көріпті. Ол еңбектерде сөз тіркесінің теориялық мәселелері, сөз тіркесінің орыс тілі, ағылшын, неміс тілдерімен салыстырыла берілуі, тарихы сияқты мәселелер қамтылады. Бұл зерттеулерге қарағанда сөз тіркестерінің теориялық мәселелері жан-жақты зерттеу объектісі бола бастағанымен, сөз тіркестерін мектептерде оқу, яғни оны оқытудың методикасы бірер мақаланың төңірегінде ғана сөз болып отыр. Сондықтан да сөз тіркесіне қатысты методикалық мәселелер жан-жақты қарауды күтіп отырған күрделі мәселе. Сөз тіркесінің теориясында, Түркология еңбектерде бір ізге түспеген мәселелер баршылық..

Атап айтқанда, сөз тіркесі сөйлемде қолданыла ма, жоқ одан тыс категория ма, сөз тіркесінің номинативті, не коммунакативті мәні, сөз тіркесіне салалас, не сабақтас тіркестердің қатысы, олардың құрылысы, сөз тіркесінің сөйлемнен айырмашылығы сияқты мәселелері әлі де болса жан-жақты талдауды қажет етеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта жай сөйлемді оқыту әдістемесі
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Синтаксистің зерттеу объектілері. Сөз тіркесінің синтаксисі
Жай сөйлемді оқыту
Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуі
Тіл біліміндегі сөйлем мәселелері
12 жылдық білім беру бағдарламасы
Сөйлем туралы түсінік және олардың түрлері
Пәндер