Шалбардың негізін салу


Шалбардың негізін салу
Адам бойына бірқалыпты еркін қонып тұратын классикалық үлгідегі шалбардың сызбасын жасау үшін келесі өлшемдік белгілердің шамалары қажет Ст, Сб (джинси түріндегі қонымды шалбарға іштің шығыңқылығын ескермей - ақ өлшем шамасын алуға болады) Дбр, Дк (тізеге дейінгі ұзындық тізесі тар, қысқартылған шалбар үшін), Вс, Шн (төменгі жағының ені тар болып келетін сәнді шалбар үшін - өкше арқылы алғанда, табанның шеңберіне тең болу керек. Еркін қонымды болу үшін қосымша: Пт 1см, Пб = 1- 3 см. Шалбардың жоғарғы бөлігінің сызбасын салған кезде, юбкадағы сияқты, дененің мықын бойындағы ерекшеліктері ескеріледі.
Шалбардың алдыңғы жартысының сызбасын салу
1. Төбесі - Т - нүктесі болатын тік бұрыш жасау.
2. ТН = Дбр; ТК = Дк; ТЯ= Вс; ЯБ = Вс: 3; көлденең сызық жүргізіледі.
3. Алдыңғы жартысының мықын бойындағы ені ББ 1 =0, 4X(Сб+Пб) +0, 1. Ст.
4. Б 1 , - нүктесі арқылы тік сызық жүргізіледі, Т 1 , Я 1 - нүктелер белгіленеді. 5. Алдыңғы жартысының отыру деңгейіндегі ені Я 1 Я 2 =0, 1. (Сб+Пб) .
6. Бант сызығының ауытқуы (ортаңғы қисық) ; Т 1 Т 2 =1 см (шалбардың барлық түрі үшін тұрақты шама) .
7. Бант бойын салу:Б 1 , Я 2 - нүктелерін қосады, теңбе-тең етіп бөлу (А - нүктесін), А, Я 1 - нүктелерін қосу, теңбе-тең бөлу (А---нүктесін), Т 2 Б 1 , А 1 , Я 2 - нүктелерін қосып бант бойын жасау. Егер түймесі нақ ортасында болса, тұтас пішілген әдіп салуға болады. Ені 3 - 4 см, ұзындығы 20 - 22 см.
8. Алдыңғы жартысының бел бойындағы ені Т 2 Т 3 = Ст :2+бір немесе екі қатарма тігіс (бастырма) бір қатармаға - 2, 5 екеуіне - 4, 5 см бастырып тігу - 1 см.
9. бүйір тігісінің ұзаруы: Т 3 Т 4 1, 5 см
10. Т 2 , Т 4 -нүктелерін қосу керек
11. Бүктеу сызығының орналасуы: ЯЯ 2 -ні теңбе-тең қақ бөлу (Я 3 - нүктесі) . Белінен етегіне дейін Я 3 - нүктесі арқылы тік сызық жүргізіледі. Б 2 , К 1 , Н 1 - нүктелері белгіленеді.
12. Қатарма бүктелу бойымен түсіріледі: саласы 1, 25+1, 25 см, ұзындығы 8 - 10 см. Қайтармадан бүктемей - ақ көктеп салуға болады. Егер қатарма екеу болса, онда, екіншісі, бірінші қатармамен бүйір сызығының арасында орналасады.
14. Алдыңғы жартысының төменгі жақ бойындағы ені Н 1 Н 2 = Н 1 Н 2 = 0, 5. Шн - 1.
15. Ау қиығы: Я 2 Н 3 = нүктелерін қосу. Қ 3 - нүктесімен белгілеу, Я 2 Қ 3 - бөлігінде 0, 5 см иіп сызық түсіру.
16. Бүйір сызығы: Т 4 , Б, Я, Н 2 - нүктелерін қосу, Қ 2 - нүктесін белгілеу, Т 4 Б бөлігінде 0, 5 - 1 см шығыңқы сызық және БК 2 бөлігінде 0, 5 сантиметрге иіп сызық түсіру.
17. Төменгі жақ бойы: Н 1 - нүктесінен жоғары 1 см қалдырылады, Н 2 Н 3 - нүктелерін қисық сызық арқылы қосу.
Шалбардың артқы жартысының сызбасын салу
18. Шалбар балағының ені: Н 2 Н 4 =Н 3 Н 5 =2 см
19. Балақ бойының төменгі сызықтары: Н 4 Н 5 - нүктелерін төмен қарай 1 см шығарып, қосу керек.
20. Тізе тұсының ені:Қ 2 Қ 4 = Қ 3 Қ 5 = 1 см. Қ 4 , Н 4 , Қ 5, Н 5 - нүктелерін қосу.
21. Орта сызық салу: Б 1 Б 3 = 3 см (тұрақты шама, Б 3 Б 4 = 0, 1 (Сб - 1 см) етіп перпендикуляр түсіру.
2. Я 1 Б 4 - нүктелерін қосу. Жоғары созу. Б 4 Т 5 = Б 1 Т 2 етіп қалдыру.
22. Отыру деңгейіндегі ені: Я 2 Я 5 =Я 1 Я 2.
23. Көмекші нүктелер:А 1 А 2 = Я 2 Я 4 = 1 см (тұрақты шама) .
24. Адым сызығы: Я 5 К 5 нүктелерін 1 см иіп қосу.
25. Я 5 Я 6 ==1 см.
26. Орта сызық бойын түсіру:Т 5 Б 4 , А 2 , Я 4 , Я 6 - нүктелерін қосу.
27Мықын бойындағы ені: Солға қарай Б 1 Б көлденең сызығын ұзарту. Б 4 - нүктесінен мынадай таңба салынады:Б 4 Б 5 - (Сб+Пб) - Б Б 1 .
28. Мына белгілер арқылы Т 6 - нүктесін таб Б 5 Т 6 - БТ 4 , Т 5 Т 6 = Ст:2+қатармалар тігіс бастыру (бір қатармаға 3см, екеуіне 2, 5 - 2, 5 см тігісті бастыру 1 см.
29. Бүйір сызығы: Т 6 Б 6, К 4 , Н 4 - нүктелерін қосу.
Т 6 Б 5 - бөлігінде 0, 5 - 1см шығыңқы етіп және ЯК 4 бөлігінде 0, 5 см иіп сызық жүргізу.
30. Қатарма Т 5 Т 6 кесіндісінің ортасында болады, жазбасы 3 см, ұзындығы10-12 см. Қатарма екеу болса, Т 5 Т 6 - бөлігін бірдей үш бөлікке бөлу керек. Қосымша сызықтар арқылы шолақ. Қосымша сызықтар арқылы шолақ шалбардың төменгі жағының бойын қалай салу керектігі көрсетілген, шалбар тізеден төмен болса:Т - нүктесінен қажетті ұзындықты қалдырып, оның бойын шалбардың толық ұзына бойынша салу керек Тізеге дейін киетін шалбардың балағын кеңейтіп қайырма салуға немесе бүйір сызығына тілік түсіріп, тарылтып салуға болады.
Классикалық негіздегі шалбарларды үлгілеу
Шалбарды пішу кезінде де, көкірекшені, жеңді, юбканы пішудегі әдістер қолданылады. Иініш салу үшін қатарманың төменгі жағынан шетіне дейін уақытша лекало кесіп алу керек. Қатарманы жауып, оның сызығын жүргізіп, инішті кесіп алу керек, уақытша тілік жабылады, қатарманың қалдығын жапсырма қалтамен жабу қажет.
Қалталар - жарма және кесінді қалта болып бөлінеді, оның астары қалта аузының сызығына байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz