Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық


Жоспар

1 Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық

2 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау

3 Еңбек Тәртібі

4 Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

Пайдаланған әдебиеттер

Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық

Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды, еңбекті қорғау туралы ұжымдық шарттарда белгіленген міндеттемелерді орындамаған, оларды қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар заңдарда белгіленген тәртіппен әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

Қадағалау мен бақылау органдары еңбекті қорғау туралы заңның бұзылғанын анықтаған кезде кәсіпорындар өз қаржылары есебінен еңбекті қорғау қорларына заңдарда белгіленген тәртіп пен мөлшерде айыппұл төлейді.

Еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін жаңа техниканы, технологияны, өндірістік объектілерді жасаушылар мен дайындаушылар әлеуметтік сақтандыру органдары мен тұтынушылардың осы тәртіп бұзушылықты жоюдан шеккен зиянын, соның ішінде жазатайым жағдай мен кәсіби аурулар нәтижесінде зардап шеккендерге төленетін өтемдік өтемдерге байланысты шығындарды өтейді. Зиян мөлшерін белгіленген тәртіппен төрелік сот белгілейді және өндіреді.

Өндіріс құралдары мен жаңа технологиялардың жобаларын еңбекті қорғау нормалары мен талаптарын бұза отырып жасаған және оларды өндіріске енгізуді талап еткен ғылыми-зерттеу ұйымдары тапсырыс берушілерге келтірілген зиянды өтеуге міндетті.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау

Осы заң мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы өзге де нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес Уәкілетті органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Мемлекеттік еңбек инспекторы қызметінің кепілі

Мемлекеттік еңбек инспекторының өз құзыретіне сәйкес қызмет міндеттерін орындауына, тексеру жүргізуге жібермеу, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі қызметі туралы қажетті құжаттар мен ақпаратты беруден бас тарту түрінде кедергі жасайтын адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғаудағы қамтамасыз ету саласындағы құқықтары.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының:

  1. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйіне тексеру жүргізу мақсатында кәсіпорындарға кедергісіз баруға;
  2. өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысуға;
  3. жұмыс берушілерден, ұйымдардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының сақталу мәселелері жөнінде қажетті ақпараттар, құжаттар, сондай-ақ түсініктемелер алуға;
  4. Қазақстан Республикасының әкімшілігі құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары талаптарының бұзылуына кінәлі заңды лауазымды және жеке тұлғаларға нұсқамалар беруге және әкімшілік жазалар қолдануға;
  5. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына бұзушылық анықталған жағдайда жекелеген өндірістерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындары мен жабдықтарды пайдалануды осы бұзушылық жойылғанға дейін тоқтата тұруға (тыйым салуға) ;
  6. Жұмыс орындарында Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап бермейтін арнаулы киімді, арнаулы аяқ киім мен басқа да жеке қорғану құралдарын пайдалануға тыйым салуға;
  7. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оқытудан, нұсқамадан және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді, нормалар мен нұсқаулықтарды білуін, тексеруден, медициналық куәләндырудан өтпеген, тиісті арнаулы киімді, арнаулы аяқ киімді пайдаланбайтын және Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарын бұзған адамдарды жұмыстан шектеуді талап етуге;
  8. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының бұзылу, жұмыс берушілердің мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындамау фактілері бойынша ақпараттар, талап-арыздары және өзге де материалдарды тиісті құқық қорғау және сот органдарына жіберуге;
  9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Еңбек Тәртібі

Еңбек Тәртібі- қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттілігін білдіретін құқықтық категория. Еңбек тәртібі жұмыс беруші мен қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсыну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады. Еңбек төртібі сендіру жөнө мәжбцрлеу сияқты әдістердің көмегімен қамтамасыз етіледі. Сендіру әдісін колдану кызметкерлердің өкімшілік талаптарын, кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібі ережелерін саналы және ерікті түрде орындауға деген ішкі қажеттіліктерін тәрбиелеу мақсатында олардың санасы мен мінез-құлқына әсер етуді көздейді. Сендіру әдісін іске асырудың нысаны кетермелеу шаралары болып табылады. Мәжбүрлеу әдісі сендіру әдісі қажетті нәтижелерге қол жеткізбеген уақытта қолданылады. Ол еңбек тәртібін бұзға ны үшін қолданылатын тәртіптік жазалау шаралары болып табылады.

Еңбекті ұйымдастырудағы жұмыс берушінің міндеттері:

еңбек жарақатына жол бермейтін техника кауіпсіздігінің осы заманғы құралдарын өндіріске енгізу

қызметкерлердің көсіби және басқа да науқастарға шалдығуының алдын алатын санитарлық-гигиеналық шараларды қамтамасыз ету

қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өртке қарсы сақтану жөніндегі барлық талаптарды орындауын бақылайды.

Жұмыс беруші еңбектегі табыстары үшін қызметкерлерді көтермелеудің әр түрлі нысандарын қолдана алады. Көтермелеудің түрлері мен тәртібі жәке еңбек, ұжымдық шарттар және жұмыс берушінің актілері арқылы анықталады. Бұл - бағалы сыйлықпен марапаттау, сыйақы беру, алғыс жариялау және басқалары болуы мүмкін. Көтермелеу туралы шаралар деректері еңбек кітапшасына жазылады. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңында мемлекеттік қызметкерлерді адал еңбегі үшін көтермелеу шаралары көзделген. Мөселен, қызмет міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыста басқа да жетістіктерге қол жеткізгені үшін мемлекеттік қызметкерлерге мынадай көтермелеу шаралары қолданылады:

жоғары қызмет алу жолымен қызмет бабында көтерілу немесе кезекті біліктілік сыныбын мерзімінен бұрын беру

ақшалай сыйлыктар

заңда көзделген көтермелеудің өзге де нысандары.

Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде және тәртіп туралы жарғыларда көзделген көтермелеу шараларынан басқа қызметкерлер айрықша еңбек қызметі үшін жоғары тұрған органдарга көтермелеуге, Қазақстан Республикасының ордендерімен, медальдарымен, құрметті атақтарымен, құрмет грамоталарымен марапаттауға ұсынылады. Мәселен, білім беру мекемелерінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін өңірге тағатын "Қазақстан Республикасының білім озаты" белгісімен марапаттау көзделген. "Қазакстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы" арнайы заңында республиканың жоғары марапаттарына ұсынылған азаматтарды марапаттаудың тізбесі мен реті беріледі.

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

Лауазым иелері еңбек тәртібін бұзғаны үшін бағыныштылық тәртібімен жауап береді. Лауазым иелерінің кейбір топтары олардың атқарып отырған қызметінің айрықша сипатына байланысты бағыныштылық тәртіппен еңбек тәртібін бұзғаны үшін ғана емес, оның қадір-қасиетімен сыйыспайтын теріс қылықтары үшін де заңда көзделген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

Тәртіптік теріс қылықтардың өзіне тән негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:

нақты кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібін коғамдық қауіпті емес сипатта бұзу

осы кәсіпорынмен (ұйыммен) еңбектік құқықтық қатынастарда тұратын қызметкерлер жасайтын тәртіп бұзушылықтар

қызметкерлердің өздерінің еңбек міндеттерін құқыққа қарсы және кінәні орындамауларынан көрінетін тәртіп бұзушылықтар

кінәлілікпен құқыққа қарсы іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің арасындағы себепті байланыстар.

Жұмыс беруші еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни қызметкердің өзіне тапсырылған еңбек міндеттерін орындамағаны немесе ойдағыдай орындамағаны үшін тәртіптік жазалардың мынадай түрлерін қолдануға құқықты:

ескерту

сөгіс

жеке еңбек шартын бұзу.

Тәртіптік жазалардың бұл көрсетілген тізімі толық болып табылады. "Еңбек туралы" Заңның 94-бабының 2-тармағында осы заңда көзделмеген тәртіптік жазалау шараларын қолдануға жол берілмейді деп нақты айтылған.

Жұмыстан шығару еңбек тәртібін қасақана бұзатын және тәртіптік шаралар ықпалына көнбейтін қызметкерлерге қолданылатын ең ақырғы шара болып табылады. Жұмыстан шығару туралы еңбек кітапшасына жазылады. Жазалаудың өзге шаралары еңбек кітапшасына жазылмайды. Жұмыс берушіге тәртіптік жазалау қолдануға құқық берілген. Жұмыс беруші тәртіптік жазалауды қолданған кезде жасалған теріс қылыктың ауырлық дәрежесін, оның қандай жағдайда жасалғанын, қызметкердің бұдан бұрынғы мінез- құлқын, еңбекке көзқарасын, сондай-ақ тәртіптік жазаның жасалған теріс қылыққа сәйкестігін ескеруі керек.

Жұмыс беруші тәртіптік жазаны теріс қылық ашылғаннан кейін қолдануы тиіс. Жаза қолданбас бұрын тәртіп бұзушыдан жазбаша түсініктеме талап етілуі керек. Жаза теріс қылық ашылған күннен бастап бір айдан қалдырылмай қолданылуы қажет және оны алты айдан кейін қолдануға болмайды. Әрбір еңбек тәртібін бұзғаны үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылатындығы белгіленген. Жаза бұйрықпен жария етіледі және қызметкердің қолын қойдыру арқылы оған ескертіледі.

Қызметкерге осы көрсетілген талаптардың тым болмағанда біреуін бұзу арқылы берілген төртіптік жазалар жарамсыз деп танылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік жайлы ақпарат
Еңбек туралы заңдарды бұзу үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері
Қазақстан Республикасында бұзылған еңбек заңнамасы бойынша туындайтын қатынастардың құқықтық реттелуі
Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесі
Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылық
Еңбек қатынастарындағы тараптардың жауапкершілігі, оның түсінігі мен жалпы ережелері
Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері
Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы және белгілері
Әкімшілік құқық бұзушылықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz