«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау



1. тақырып. ХХ ғасырдың 60жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960.2000)
2.тақырып. Әбділда Тәжібаев(1909.1998)
3.тақырып. Ілияс Есенберлин(1915.1983)
4.тақырып. Хамит Ерғалиев(1916.1997)
5.тақырып. Жұбан Молдағалиев(1920.1998)
6.тақырып Сырбай Мәуленов(1922.1993)
7.тақырып. Тахауи Ахтанов(1923.1994)
8.тақырып. Бердібек Соқпақбаев(1924.1992)
9.тақырып. Әбдіжәміл Нұрпейісов(1924)
10.тақырып. Зейнолла Қабдолов(1927.2006)
11.тақырып. Мұқағали Мақатаев(1931.1976)
12.тақырып Сағи Жиенбаев (1934.1994)
13.тақырып Жұмекен Нәжімеденов (1935.1983)
14.тақырып Оралхан Бөкей (1943.1993)
Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетінің тарихын жүйелей оқыту мен зерттеудің басты принциптері. Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардан кейінгі даму сипаты туралы әдеби-эстетикалық, қоғамдық-саяси ойлардың маңызы мен мәні.Жаңа бетбұрыс пен даму процесіндегі көлемдік, сапалық өзгерістер.С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сықылды қазақ әдебиетінің негізін салушы жазушылардың шығармаларының әдеби айналымға оралуы,олардың творчествосының зерттеле бастауы қарастырылады.
Қазіргі қазақ прозасының жанрлық байлығы мен стильдік көп қырлығы талданады. Ұлы Отан соғысы тақырыбының көркемдік игерілуі. Соғыс туралы жазылған прозалық шығармалардың жанрлық, стильдік сипаттары: әңгіме, повесть, роман, мемуар, естелік, монолог,диалог. Тарихи дерек және творчестволық қиял ара қатысы талданады. Бауыржан Момышұлының (1910-1983). шығармашылық өмірбаяны. Әңгімелері: «Бір түннің оқиғасы», «Жол үстінде» «Олар менің есімде», «Ана әмірі», «Адам қайраты», «Жон арқа», «Көк төмпеш». «Ұшқан ұя», «Артымызда - Москва» шығармалары.Сюжет пен композиция. Тіл. Характер даралау.Прототип пен тип. Жазушының «Қанмен жазылған кітабы » (1991): Соғыс психологиясы, майданнан жазылған хаттар, әңгімелер, мақал-мәтелдер.Бауыржан Момышұлының әдеби мұрасының қазақ әдебиеті тарихындағы орны. Ә.Шәріпов, Т.Жангельдин, Қ.Қайсенов шығармалары.
Негізгі:
1. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.
2. Қазақ әдебиетінің тарихы . 3-том, екінші кітап. – Алматы: Ғылым,1957.
3. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.- Алматы: Білім, 1998.
4. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана: Күлтегін,2002.
5. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық.- Алматы: Санат,1997.
Ќосымша єдебиеттер:
6. Алпысбаев Қ. Мұқағали өрнегі.- Алматы:Қазақ университеті, 2001.
7. Дәдебаев Ж. Қазақтың тарихи романы: Дәстүр мен жаңашылдық. Алматы,1988.
8. Елеукенов Ш. Замандас парасаты.- Алматы: Жазушы, 1977.
9. Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Монография. – Павлодар: Эко, 2000.
10. Қабдолов З. Жебе. – Алматы: Жазушы,1977.
11. Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан,1996.
12. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау.- Алматы: Санат,1996.
13. Мәмбетов Ж. Жұбан Молдағалиевтің ақындық шеберлігі.- Алматы: Қазақ университеті,2002.
14. Серікқалиев З. Алтын жамбы.- Алматы:Жазушы,2001.
15. Шәріпов Ә.Сырбай Мәуленов творчествосы.- Алматы:Ғылым,1985.
16. Юсупов Қ. Жұмекен Нәжімеденов ақындығы.- Алматы:Ғылым,1995.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Әдістемелік ұсыныстар мен Нысан
нұсқаулардың; әдістемелік ПМУ ҰС Н 7.18.340
ұсыныстардың; әдістемелік
нұсқаулардың титул парағы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер кафедрасы

20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000) пәнінен
050205 Қазақ филологиясы мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту
бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар

Әдістемелік ұсыныстар мен Нысан
нұсқауларды; әдістемелік ПМУ ҰС Н 7.18.341
ұсыныстарды; әдістемелік
нұсқауларды бекіту парағы

БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор __________
Пфейфер Н.Э.
(қолы)
(аты-жөні)
20__ж. _______________

Құрастырушы: _____________ф.ғ.к, доцент Муталиева Р.М.
( қолы)
(аты-жөні)

Филология, журналистика және өнер кафедрасы
(кафедра атауы)

20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000) пәні бойынша
050205 Қазақ филологиясы мамандығының студенттеріне арналған

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау

Кафедраның отырысында ұсынылды
20__ж. _________________,№__ Хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. ____ ________
(қолы) (аты-жөні)
Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды
(факультет атауы)
20__ж. _________________, №____ Хаттама
ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. ____ ________

(қолы) (аты-
жөні)

МАҚҰЛДАНДЫ:
ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. ____ ________
(қолы)
(аты-жөні)

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20__ж. _________________ №____ Хаттама

Курс бойынша қамтылатын тақырыптар

1- тақырып. ХХ ғасырдың 60жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)
Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетінің тарихын жүйелей оқыту мен зерттеудің
басты принциптері. Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардан кейінгі даму
сипаты туралы әдеби-эстетикалық, қоғамдық-саяси ойлардың маңызы мен
мәні.Жаңа бетбұрыс пен даму процесіндегі көлемдік, сапалық
өзгерістер.С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сықылды қазақ әдебиетінің
негізін салушы жазушылардың шығармаларының әдеби айналымға оралуы,олардың
творчествосының зерттеле бастауы қарастырылады.
Қазіргі қазақ прозасының жанрлық байлығы мен стильдік көп қырлығы
талданады. Ұлы Отан соғысы тақырыбының көркемдік игерілуі. Соғыс туралы
жазылған прозалық шығармалардың жанрлық, стильдік сипаттары: әңгіме,
повесть, роман, мемуар, естелік, монолог,диалог. Тарихи дерек және
творчестволық қиял ара қатысы талданады. Бауыржан Момышұлының (1910-1983).
шығармашылық өмірбаяны. Әңгімелері: Бір түннің оқиғасы, Жол үстінде
Олар менің есімде, Ана әмірі, Адам қайраты, Жон арқа, Көк төмпеш.
Ұшқан ұя, Артымызда - Москва шығармалары.Сюжет пен композиция. Тіл.
Характер даралау.Прототип пен тип. Жазушының Қанмен жазылған кітабы
(1991): Соғыс психологиясы, майданнан жазылған хаттар, әңгімелер, мақал-
мәтелдер.Бауыржан Момышұлының әдеби мұрасының қазақ әдебиеті тарихындағы
орны. Ә.Шәріпов, Т.Жангельдин, Қ.Қайсенов шығармалары.
Тарихи прозаның жанры туралы әдеби-теориялық пікірлер. Тарихи
прозаның түрлері. Тарихи дерек пен творчестволық қиял арақатынасы. Әдеби
шығармадағы тарихи, этнографиялық, фольклорлық, әдеби материалдар және
олардың сюжет жасаудағы, адам характерін ашудағы қызметі.
Проза дамуының кейбір бағыттары: Әлеуметтік-философиялық проза.
Психологиялық проза.Публицистикалық проза.Лирикалық проза.Хроникалық
проза.Биографиялық проза. Документальды проза. Прозаны бұлайша
топтастырудың шарттылығы.
Образ жасаудағы ізденістер. Сөз бен істің үндестігі мен қарама-
қайшылығы және олардың характер шындығын танытудағы рөлі.Жазушының портрет
жасаудағы шеберлігі.Монолог пен диалог. Образ жасаудың амал-тәсілдерінің
өзара байланысы.Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, Ә.Нұршайықов, З.Қабдолов, О.Бөкей,
Қ.Жұмаділов, Б.Соқпақбаев, І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, Қ.Ысқақов
шығармаларындағы көркемдік-идеялық ізденістер.
Психологиялық талдау және олардың түрлері мен көркемдік қызметі.
Қазіргі қазақ прозасында психологиялық талдаудың аналитикалық (кейіпкердің
ой-сезім ағыны мен толғаныстары, ішкі монологы) және синтетикалық (іс пен
түстегі, түр мен тұлғадағы құбылулар) формалары, олардың өзара байланысы,
психологиялық параллелизм.
Поэзия.Қазіргі қазақ лирикасы. Тақырып аясы.Проблематикасы. Қазіргі
қазақ лирикасының басты даму сатылары мен ерекшеліктері.Қазіргі қазақ
лирикасының көркемдік-бейнелеуіш құралдары.
Поэма. Тақырыптық-проблематикалық ізденістері.Патриоттық және
интернационалдық пафос. Жанрлық-стильдік көпқырлылығы.Поэмадағы тарихи
өткен дәуір шындығының суреттелу ерекшелігі. Бүгінгі өмір көріністерін
суреттеудегі ақындық шеберлік үлгілері. Дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы.
Лирикалық поэма және оның ерекшелігі. Поэмадағы лиризм мен драматизм.
Драма. Қазіргі қазақ драматургиясы: жанрлық сипаты, тақырып тереңдігі
мен проблематикасы. Көркемдік-идеялық ізденістері. Лирикалық драма
үлгілері. Эпикалық драма үлгілері. Тарихи драма үлгілері. Комедия, оның
жанрлық ерекшеліктері. Трагедия туралы қазіргі әдеби-теориялық ойлар.
Драмадағы тартыс сипаты. Драмадағы сөз бен іс. Қ.Мұхаметханов,
А.Сүлейменовтің шығармашылық ізденістері.
Әдебиеттану мен сынның даму ерекшеліктері. Қазақ әдебиеті тарихының
алты томдығының, монографиялық зерттеу еңбектердің аттарын атау. Қазіргі
заман қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдеби көркем сынының дамуы, салаларына
шолу жасау.Әдебиеттің теориясы мен тарихы, олардың қазіргі жайы мен
міндеттері. Әдеби көркем сын мен қазіргі әдеби процесс. Қазіргі қазақ
әдебиетінің әлем халықтары әдебиетімен байланысы.
Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3], [4],[7], [12].

2-тақырып. Әбділда Тәжібаев(1909-1998)
Жазушының творчестволық өмірбаяны. Ә.Тәжібаев лирикасының стилі
кейіпкерлері арқылы ашылуы керек. Олқылық, Екі жиһан, Құтқару,
Оркестр, Толғау поэмалары. Олардың тақырыбы, проблематикасы. Ағалар
туралы, Ақын, Майра поэмаларының екінші бір тобы қазақ халқының аңыз
әңгімелеріне негізделуі. Абыл, Аққу, Мерген, Толағай.Поэмаларындағы
кейіпкерлерге талдау жасау керек.Драмалық поэмалары : Монологтар, қыз
Бен солдат. Сыршылдық шығармаларының көркем өрнектері: Тараспен әңгіме,
Елден сәлем, Күзет әні, Келіншекпен кеңес, т.б. Драмалары: Жомарттың
кілемі, Көтерілген күмбез. Комедиялары: Дубай Шубаевич, Той боларда.
Майра пьесасы.
Ә.Тәжібаевтың әдебиеттану саласындағы еңбегі: Өмір және поэзия, Өмір
және драматургия. Поэзия туралы зерттеуіне тоқталу.
Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3], [9].

3-тақырып. Ілияс Есенберлин(1915-1983)
Ақын, жазушы, публицист, қоғам қайраткері. Абай атындағы Қазақ ССР
мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Жазушының шығармашылық өмірбаяны. Поэзиялық шығармалары: Сұлтан,
Айша, Біржан сал трагедиясы поэмалары. Прозалық шығармалары. Повестері:
Өзен жағасында, Толқиды Есіл. Романдары: Айқас, Қатерлі өткел,
Ғашықтар, Алтын құс, Көлеңкеңмен қорғай жүр, Маңғыстау майданы.
Олардағы өмір шындықтары, ар-ұждан, адамгершілік мәселелері. Бұл
шығармалардың тақырыбы, кейіпкерлері талданады.
І.Есенберлиннің Көлеңкеңмен қорғай жүр, Аманат романдарында
бүгінгі жұмысшылар мен тың игерушілердің өмірі мен күресінің жан-жақты
пайымдалатыны. Тың игерудің жақсы жақтармен бірге жерді тоздырған
науқаншылдықты, шолақ белсенділікті ашық суреттегені.
Тарихи романдары: Алтын орда, Көшпенділертрилогиясы. Қаһар
романындағы Кенесары бейнесі талданады.
І.Есенберлин прозасының әлем тілдеріне аударылуы. Шығармаларының
тақырыптары және зерттелу жайы.
Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3], [4]. [7].

4-тақырып. Хамит Ерғалиев(1916-1997)
Ақын, жазушы, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері.Мемлекеттік
сыйлық лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.
Әке сыры алғашқы поэмасымен оқырманды дүр сілкіндіргені. Жас ана,
Үлкен жолдың үстінде, Біздің ауылдың қызы, Сенің өзенің,
Құрманғазы, т.б. дастандар тақырыптық, идеялық көркемдік түр бағытында
кезінде әдеби процеске әсер еткен, соны туындылар. Ақын ойлары, Менің
баяндамам, Самарқан деп сайрасам, Зарафшан, Сырласу, Нұра, Үш
ғасыр күткен жақсылық, Құдіретті пірім менің, Сонеттер, Өзіме, Ақын
өлімін ойласам, т.б. өлеңдеріндегі көрінісі.
Х.Ерғалиев поэмалары. Шындық шырқайды жинағына енген әңгіме, очерк,
публицистикалық мақалалары арқылы мазасыз уақыттың көкейкесті мәселелеріне
үн қосып отыруы. Ғұмырнама кітабында өз заманы мен замандастары туралы
сыр шертетіні.
Х.Ерғалиевтің әлем әдебиетінің көрнекті өкілдері Дж.Байрон, Ә.Науаи,
Низами, Софокл, Назым Хикмет, Пабло Неруда, М.Лермонтов, А.Пүшкин,
У.Шекспир шығармаларын аударғаны.
Х.Ерғалиев поэзиясындағы көркем тәсілдердің бірі - монологтар .
бұл тәсілдің өлеңдерімен қатар эпикалық шығармаларында да кездесетіні.
Эпика мен лириканың түрі, көлем сипатын сәтті ұштастыруы – ақын поэзиясының
үлкен табысы. Х.Ерғалиевтің шығармашылығының зерттелуі.
Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3], [9]. [10].

5-тақырып. Жұбан Молдағалиев(1920-1998)
Ақын, публицист, сыншы, қоғам қайраткері. КСРО және Қазақстан
мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.
Ақынның шығармашылық өмірбаяны. Лирикалық өлеңдері. Поэмалары: Мен
қазақпын, Кісен ашқан, Қыран дала, Сел, Жыр туралы жыр.
Поэмаларға арқау болған өмір шындықтары. Шығармаларының поэтикасы.
Көркемдік-бейнелеу құралдары. Образ жасау шеберлігі. Сюжет дамыту,
композиция түзу шеберлігі. Стилі. Қаламгер шығармаларындағы ерлік пен елдік
тақырыбы. Ақын поэзиясының салалары : азаматтық , саяси-әлеуметтік лирика,
философиялық толғау, толғамдар, табиғат, көңіл-күй лирикалары.
Ж.Молдағалиевтің поэзияны тақырыптық, мазмұндық, түрлік, образдық
көркемдік келісімімен байытқаны. Реалистік қуат, романтикалық леп, тақырып
алуандығы, ақынның өзіндік стилі.
Ж.Молдағалиев – орыс әдебиетінің озық үлгілерін аударғаны, көркем
публицистика саласында да жемісті еңбек еткен қаламгер.
Шығармашылық мұрасының зерттелу жайы.
Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3], [9]. [13].

6-тақырып Сырбай Мәуленов(1922-1993)
Ақынның шығармашылық өмірбаяны. Сырбай Мәуленов – лирик ақын.Ақын
шығармаларының жанрлық құрамы.Табиғат лирикасы. Махаббат лирикасы.
Философия лирикасы. Сурет пен суреттілік. Бейне мен бейнелілік.Көркемдік
бейнелеу құралдары.Сыр мен сыршылдық. Ақын шығармаларындағы Ұлы Отан соғысы
тақырыбы, өмір мен өлім тайталасының көріністері.
Сырбай Мәуленов отызыншы жылдардың соңында келсе де, ақын ретінде
танылған тұсы – қырқыншы жылдардың соңы. Ұлы Отан соғысына қатысқан
майдангер ретінде С.Мәуленовтің шығармашылығында соғыс тақырыбы үлкен орын
алады. Алайда оның нағыз өлең өрнегіне ұласар тұсы – соғыстан кейінгі
жылдар. Ақын поэзиясының ерекше сыры,түрі оның халық поэзиясымен ерекше
туыстық табиғи байланысында. 1948 жылы жарық көрген алғашқы өлеңдер
жинағынан бастап, Дала дабылы, Жасыл орман, Жаз ерке, Жолдас, Жол
үстіндегі жалындар, Тартыс таңбасы, Шағым, Шаңқай түс өлеңдер мен
топтамаларында халық эстетикасы мен табиғи байланысы айқын көрінеді.
Сырбай Мәуленовтің ақындық даралығы мен қазақ әдебиеті тарихындағы
орны.
Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3], [9]. [15].

7-тақырып. Тахауи Ахтанов(1923-1994)
Ақын, жазушы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері. Мемлекеттік
сыйлық лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.
Жазушының шығармашылық өмірбаяны. Алғашқы өлеңдері. Алғашқы әңгімесі
(Күй аңызы). Қаһарлы күндер романы : тақырыбы, сюжеттік желісі,
характер және жағдай, ерлік пен елдік мәселері, образдар жүйесі. Дала
сыры повесі, Боран романы. Олардың тақырыбы, проблематикасы. Жазушының
сюжет дамыту, композиция түзу шеберлігі. Шырағың сөнбесін романы:
тақырыбы, проблематикасы. Жазушының образ жасау шеберлігі.Повестері:
Махаббат мұңы, Дала сыры.
Лирикалық проза үлгісіндегі Махаббат мұңы повесі. Шырағың сөнбесін
романы – соғыс тақырыбын өзгеше философияға орай бейнелейтін талантты
туынды. Қаламгер реализмі мен психологизмі реңкі өзге, таза.
Драмалық шығармалары: Сәуле, Боран, Ант, Махаббат мұңы.
Публицистикалары мен сапарнамалары.
Аударма саласындағы А.Пушкиннің Алтын әтеш туралы ертегісін,
А.Толстойдың Азапты сапарда трилогиясын, С.Бабаевскийдің Алтын жұлдызды
жігіт романын, И.Тургеневтің, А.Горькийдің әңгімелерін қазақ оқырмандарына
жеткізуі.
Шығармашылығының зерттелу жайы.
Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3], [4]. [12].

8-тақырып. Бердібек Соқпақбаев(1924-1992)
Қазақ әдебиетінде балаларға арналған шығармаларымен көзге түскен,
балалар прозасының классигі атанған – қаламгер Бердібек Соқпақбаев.
Бердібек Соқпақбаевтың алғашқы көлемді туындысы қазақт әдебиеті үшін тың
тақырып – спортқа арналған 16 жасар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауышта математикалық білім беру
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер (1958ж. - қазіргі кезеңге дейін)
Математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқытуды ұйымдастыру
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Лириканы оқытудың тәсілдері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)
Пәндер