Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі



1. Сөйлемдегі оқшау сөздер, олардың түрлері.
2. Қаратпа сөздер, сөз тіркесі, сөйлем, олардың әрқайсысының жасалу жолдары.
3. Қыстырма сөз, сөз тіркесі, сөйлем.
4. Одағай сөздер.
Сөйлеу тiлiнде сөйлемдегi сөздер бiр-бiрiмен байланыста айтылады. Кейбiр сөздер сөйлем аясында қолданылғанымен, сөйлемдегi сөздермен байланыспай сөйлеммен тек мағыналық байланысқа түседi. Бұл сөздер қазақ тiлiнде оқшау сөздер делiнедi. Оқшау сөздер сөйлемде атынан-ақ белгiлi, басқа сөздерден оқшауланып, тыныс белгiлерiмен, интонациямен ажыратылып, сөйлемдегi басқа сөздермен грамматикалық байланысқа, синтаксистiк қатынасқа түспейдi.
Оқшау сөздер қаратпа, қыстырма және одағай болып өзара жiктеледi.
1/ Қаратпа сөз.
Сөйлеушi бiреудiң назарын аудару үшiн оның атын атайды немесе үлкен - кiшiлiгiне лауазым атағына лайық сөздердi қолданады. Мысалы: Аға, сiз менiмен бiрге жиналысқа барасыз ба? Сөйлеушi бiреудiң назарын өзiне аудару үшiн қолданатын оқшау сөздi қаратпа сөз деймiз.
2/ Қыстырма сөз.
Сөйлемде айтылған ойға сөйлеушiнiң түрлiше көзқарасын бiлдiретiн оқшау сөздi қыстырма сөз деймiз.
3/ Одағай сөздер
Одағай дегенiмiз - кiсiнiң көңiл - күйiн, сезiмiн бiлдiретiн оқшау сөздi, дербес грамматикалық тұлғалары жоқ сөздер.
Одағай сөздер өздiгiнен сөйлем мүшесi болмаса да, сөйлемде айтылған ойға сөйлеушiнiң түрлiше көңiл - күйiн бiлдiредi.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі
Сөйлемдегі оқшау сөздер, олардың түрлері.

Қаратпа сөздер, сөз тіркесі, сөйлем, олардың әрқайсысының жасалу жолдары.

Қыстырма сөз, сөз тіркесі, сөйлем.

Одағай сөздер.

Сөйлеу тiлiнде сөйлемдегi сөздер бiр-бiрiмен байланыста айтылады. Кейбiр сөздер сөйлем аясында қолданылғанымен, сөйлемдегi сөздермен байланыспай сөйлеммен тек мағыналық байланысқа түседi. Бұл сөздер қазақ тiлiнде оқшау сөздер делiнедi. Оқшау сөздер сөйлемде атынан-ақ белгiлi, басқа сөздерден оқшауланып, тыныс белгiлерiмен, интонациямен ажыратылып, сөйлемдегi басқа сөздермен грамматикалық байланысқа, синтаксистiк қатынасқа түспейдi.

Оқшау сөздер қаратпа, қыстырма және одағай болып өзара жiктеледi.

1 Қаратпа сөз.

Сөйлеушi бiреудiң назарын аудару үшiн оның атын атайды немесе үлкен - кiшiлiгiне лауазым атағына лайық сөздердi қолданады. Мысалы: Аға, сiз менiмен бiрге жиналысқа барасыз ба? Сөйлеушi бiреудiң назарын өзiне аудару үшiн қолданатын оқшау сөздi қаратпа сөз деймiз.

2 Қыстырма сөз.

Сөйлемде айтылған ойға сөйлеушiнiң түрлiше көзқарасын бiлдiретiн оқшау сөздi қыстырма сөз деймiз.

3 Одағай сөздер

Одағай дегенiмiз - кiсiнiң көңiл - күйiн, сезiмiн бiлдiретiн оқшау сөздi, дербес грамматикалық тұлғалары жоқ сөздер.

Одағай сөздер өздiгiнен сөйлем мүшесi болмаса да, сөйлемде айтылған ойға сөйлеушiнiң түрлiше көңiл - күйiн бiлдiредi.

Егер жасалған сөз табы мен тұлғасына қарай қыстырма сөздердiң кейбiреулерiне сұрақ қоюға болатын болса да мысалы, менiңше-кiмше? ,қысқасы-қалай?, сөйтiп -қайтiп?, ол сұрақтар бұл қыстырмаларға сөйлемнiң белгiлi бiр мүшесiмен байланыста қойылмайды, жалпы сөйлемге, айтылған ойға қойылады. Сондықтан қыстырмаларды, қаратпаларды, одағайларды, ескерпелердi сөйлем мүшелерiнен бөлек алып, оқшау сөздер деп атаймыз. “Оқшау сөз” деген термин шартты, өйткенi сөйлем мүшелерiнен оқшау тұратын элементтер жалғыз дара сөздер ғана емес, сөз тiркестерi де, сөйлемдер де болып келедi. Сондықтан оларды жалпы атағанда қаратпалар, қыстырмалар, одағайлар, ескертпелер деген қолайлы болады.

Ескертпелер деп отырғанымыз сөйлеушi айтып отырған ойының желiсiнде жол-жөнекей бiр нәрселердi ескерте кету, айқындай түсу мақсатында қоюы мүмкiн. Ол үшiн сөйлем мүшелерiнен тыс элементтердi - ескертпелердi пайдаланады.

Оқшау сөздер – сөйлем iшiнде басы артық, “жолдан iлесе салған” элементтер емес, “оларды алып тастағаннан сөйлемге ешқандай нұқсан келмейдi” деген мектеп грамматикаларының түсiндiрмесе ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Оқшау элементтер сөйлем құрауға қатысып, оның басты белгiлерiнiң бiрi - модальдықты бiлдiредi.

Қыстырма сөз, сөйлемдегi ерекшелiктерi. Сөйлемде айтылған ойға сөйлеушiнiң түрлiше көзқарасын бiлдiретiн оқшау сөздi қыстырма сөз деймiз.

Мағынасына қарай қыстырма сөздер бiршама топқа бөлiнедi:

1. Кiсiнiң көңiл-күйiн бiлдiредi несiн айтасың , бағытына қарай, амал қанша: Бағымызға қарай, сол жолы оқуға түстiк.

2. Айтылған ойға нануды, жорамалдауды бiлдiретiн қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, сөз жоқ.

3. Кейбiр қыстырма сөздер ойдың шамамен, жобалап, дүдәмал айтылғанын бiлдiредi: сiрә, мүмкiн, шамасы, расында, шынында т.б.

4. Ойдың айтылу амалын, тәсiлiн бiлдiредi: қысқасы, сайып келгенде, демек, жалпы алғанда т.б. Мысалы: Демек, бiз оған қаражат жинауымыз керек.

5. Айтылған ойға әркiмнiң пiкiрi тұрғысына қарай: сiздiңше, мен бiлсем, оның айтуына қарағанда т.б. Мысалы: Мен бiлсем, сiз өте дарынды адамсыз.

6. Айтылған ойдың өзара қатынасын бiлдiретiн сөздер: бiрiншiден, екiншiден, ақырында, сөйтiп. Мысалы: Ақырында, Садық екеумiз бiрге бармайтын болып келiстiк.

Қыстырмалар және сөздер ретiнде де әрине, рас, сiрә сөз тiркестерi ретiнде де қорыта келгенде, өкiнiшке орай тiптi жеке сөйлем ретiнде де қолданыла бередi.

Қыстырмалар, әдетте, орын талғамайды, көбiнесе сөйлемнiң басында не соңында келедi, сондай -ақ сөйлемнiң ортасында да келе бередi.

Қыстырма сөздер сөйлеушiнiң айтылған ойға әр алуан қатынасын бiлдiретiн сөйлем мүшелерiмен байланыспайды.

Қыстырма сөйлемдер сияқты, сөйлем мүшелерiмен синтаксистiк қарым-қатынасы жоқ, бiрақ мағынасы жағынан негiзгi сөйлемдегi айтылған ойға жол-жөнекей әр түрлi ескертпелер жасайтын қосымша сынамалы сөйлемдер кейде жеке сөздер мен сөз тiркестерi болады. Олардың шын мәнiндегi қыстырмалардан айырмасы – бұлар сөйлеушiнiң айтылған ойға қатынасын бiлдiрмейдi, сөйлемнiң тұтас өзiне немесе оның iшiндегi кейбiр сөздерге қосымша түсiнiк мәлiмет бередi немесе ондағы оқиғаның мекенi мен мезгiлiн, себебiн т.б. дәлдей, анықтай түседi. Сондықтан оларды қыстырма сөйлемдерден ажырату үшiн ескертпе сөйлемдер деп бөлiп қараған дұрыс. Мысалы: Кәлен самауыр құйып отырған жас келiншектiң Алдабергеннiң былтыр үйленген үшiншi әйелiнiң жанына, терi тулаққа тiзе бүктi Нүрпейiсова .

Одағай сөз және оның сөйлемдегi ойға қатысы. Сөйлеушi айтылған ойға өзiнiң қатынасын тек қыстырма сөздер және қыстырма тiркестер мен сөйлемдер арқылы емес, одағайлар арқылы да бiлдiредi. Сонымен қатар одағайлардың бiрсыпырасын сөйлеушi басқа адамға немесе адамдарға және хайуанаттарға қарата әр қилы мақсатпен айтады. Сөйтiп, одағайлардың қай-қайсысы да сөйлем мүшелерiмен белгiлi синтаксистiк тәсiлдер арқылы қарым-қатынасқа түспейдi, сөйлем мүшелерiнiң белгiлi сұрақтарына жауап бермейдi, демек, сөйлем iшiнде оқшау тұрады.

Одағай дегенiмiз - кiсiнiң кјөңiл -күйiн, сезiмiн бiлдiретiн сөздер. Олар зат есiм, сын есiм сияқты негiзгi сөз топтарына тән сөздердiң бiрде-бiреуiне ұқсамайды, сөйлемдегi басқа сөздермен синтаксистiк қатынасқа түспейдi. Демек, одағайлар өз алдына ерекшелiктерi бар сөздер. Одағай басқа сөз топтарына қарағанда әуездiлiкке, интонацияға өте бай. Ол мағынасына қарай мынадай топтарға бөлiнедi. Шақыру одағайлары: кә-кә, мөк-мөк, шөре-шөре, құру- құру. Бұлар малды шақыру, айдау мақсатында қолданылады.

Жекiру одағайлары: жә, тәйт, кет, тек.

Көңiл-күй одағайлары ешқандай жұрнақ жалғамаған: ау, па, ей, әй, уа, уау, я, пай, оћо, оћа, ау, беу жатады. Туынды одағайлары, мәссаған, бәрекелдi, япырай, әттеген-ай, ойпырмай т.б. Одағай сөздердiң мағыналары адамның әр түрлi сезiммен байланысты дыбыстық шарттарды бiлдiредi. Мысалы: Мұны шығарып жүрген кiм екен, ә? Адамның көңiл-күйi құбылып, өзгерiп тұратындықтан, одағайлардың да мағыналары құбылмалы болады. Одағай сөздiң дәл мағынасы сөйлемде айтылатын ойдың жалпы сарынына байланысты болады.

Өйткенi одағай сөздер сөйлемде айтылатын оймен жарыса, қабаттаса айтылатын сезiмдi бiлдiредi. Мысалы: Уай, халайық, мен бiр ақыл айтайын ба? деген сөйлемде одағай сөз дауыс ырғағы арқылы адамның көңiл -күйiн жарыстыра, қабаттастыра бiлдiрiп тұр.

Одағайлар сөйлемдегi ойды түрлендiрiп көрiктендiрiп, оған балама ретiнде жұмсалады.

Қаратпа сөз, оның өзiндiк ерекшелiктерi. Қай тiлде болмасын, қаратпа сөздер сөйлемдегi ойға бөгде кiсiнiң назарын аударады. Қаратпа сөздер құрамына қарай қаратпа сөз, қаратпа сөз тiркесi, қаратпа сөйлемдер болып бөлiнедi.

Қаратпа сөздер қызметiнде жұмсалатын сөздер көбiнесе кiсiнiң аты, әкесiнiң аты, кiм? деген сұрақ қоюға болатын шырақ, айналайын, жолдастар, балалар т.б. сияқты зат есiмдер болып келедi. Мысалы: Жолдастар тыныштық сақтауларыңызды өтiнемiн.

Қазақ тiлiнде бiреудi жақсы көрiп, жылы лебiз бiлдiру үшiн қолданылатын қаратпалар бар: Күнiм, айым, сәулем, ботам, жарығым т.б. Мысалы: Сәулешiм, бүгiн жұмыстан ертерек кел. Қаратпалар сөз тiркесi түрiнде де кездеседi. Намыстарың қайда қарауылдың жiгiттерi?

Сөйлем iшiнде қаратпалардың тұрақты орны жоқ, ол сөйлемнiң басында да, ортасында да, соңында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Атаулы сөйлемдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Бір құрамды сөйлемдер
Бір құрамды сөйлем,оның жасалуы
Жақсыз сөйлемнің түрлері
Контаминацияның қазақ тіл білімінде зерттелінуі
Оқшау сөздердің морфологиялық құрылымы
Сөйлемнің оқшау бөліктері
ОҚШАУ СӨЗДЕР ЖАЙЫНДА
Оқшау сөздердің сөйлемдегі қызметі
Пәндер