Тұрғын үйді меншіктену құқығы туралы заңдарды қолдану


Тұрғын үйді меншіктену құқығы туралы заңдарды қолдану
Тұрғын үйді меншіктену құқығы туралы заңдарды қолдану.
«Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді» - бұл азаматтардың Қазақстан заңы - Конституциямен бекітілген, құқықтарының бірі.
Тұрғын үйді меншіктену құқығы туралы талап, сотқа, осы тұрғын үй орналасқан орын бойынша беріледі. Тұрғын үйді меншіктену құқығы туралы талапқа мыналар жатады: тұрғын үйді өзгелердің заңсыз иеленуінен қайтарып алу жайлы; иелену құқығынан айырумен байланысы жоқ құқық бұзуды, жою жайлы; тұрғын үйге құқығын мойындау туралы; тұрғын үйді иеленуден айыруға байланысты сауданы жарамсыз деп мойындау туралы; тұрғын үйден шеттетуге байланысты келісімді жарамсыз деп мойындау туралы талаптар және т. б.
Меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен қайтарып алуды талап етуі - бұл виндикациондық талап ретінде белгілі қорғану тәсілі. Меншік иесі - талапкер, ал, мүлікті нақты және заңсыз иемденіп отырған тұлға - жауапкер болып есептелетін, талаптық өндіріс тәртібінде осындай қорғану тәсіліне жүгінеді. Жауапкердің басқа біреудің мүлкін ещқандай құқықтық негізсіз иеленуі, талап қою үшін негіз болып есептеледі. Бұл жерде, мүлік табиғи күйінде сақталды ма, жоқ па соған назар аударылады. Мүлікті табиғи күйінде талап ету мүмкін болмаған жағдайда, онда басқа міндетті қорғану тәсілдері қолданылады. Көбіне шығындарды өтеу, негізсіз баю және тағы басқа да талаптар қойылуы мүмкін.
Меншік иесінің өзінің мүлкін талап ету құқығы, осы мүліктің заңсыз иесіндегі иелену негізіне байланысты болатындығын айта кету керек.
Егерде мүлік, меншік иесінің иелігінен оның ықтиярынан тыс шығып қалса және заңсыз иеленушінің иелігіне өткен болса, онда меншік иесінің мүлкін талап ету жайлы талабы, мүліктің нақты иесінің оны алу кезінде қаншалықты адал ниетпен әрекет еткендігіне байланысты қанағаттандырылуға жатқызылады.
Қазіргі уақытта, заңсыз иеленуден (виндикация) мүлкін талап ету жолымен меншік құқығын қорғау мәселелері, белгілі дәрежеде әлеуметтік себептерге байланысты туындап отыр.
Қарағанды облысында 1990 - 2002 жылдар аралығындағы кезең өндірістің күрт құлдырауымен, жұмыс орындарының болмауымен, тұрғын үй бағаларының күрт түсуімен, оны күтіп ұстау үшін тұрғындардың қаражатының болмауымен сипатталды. Орын алған бұл жағдай, тұрғындардың біршама арзан үй іздеу мақсатында пәтерлерін тастап кетуіне, не басқа жаққа кетіп қалуына әкеп соқтырды. Біраз уақыттардан кейін әлеуметтік жағдай тұрақтанды, пәтерге сұраныс пайда болды, олардың құны көтерілді, міне осы кезде, меншік иелері мен басқа да заңды иеленушілер өздерінің үйлеріне қызығушылық таныта бастады. Қазіргі уақытта сот сатыларында, атап айтқанда Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында тастап кеткен пәтер иелерінің, үйін иелену, пайдалану, билік жүргізу жөніндегі өздерінің құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптары бойынша азаматтық істердің саны ұлғайды.
Мысалы, сотқа, 2009 жылғы заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәліктің негізінде, таласқа түсіп отырған пәтерді өзінің меншіктенуге құқығы бар екендігін дәлел етіп, басқа біреудің заңсыз иеленуінен тұрғын үйін талап ету жайлы З- ға қойылған талаппен С. келді, ол жауапкер З- нің оған тиесілі пәтерде заңсыз тұрып жатқандығын көрсетті. Жауапкер З. сот отырысында, көрсетілген үйді С- дан 1999 жылы оның әке- шешесі қайтыс болғаннан кейін алғанын, содан бері осы көрсетілген пәтерде тұрып жатқандығын, бірақ, ақшаны алғандығы жайлы талапкер С- дан қолхат алмағандығын, ол кезде пәтер арзан тұрғандықтан, қолхат алуды қажет деп санамағандығын түсіндірді, сондай- ақ, пәтер заңды түрде талапкердің қайтыс болған әке- шешесіне тиесілі болғандықтан, талапкермен сатып алу келісім - шартының да дұрыс жасалмағандығын және мәмілені нотариалды растаудың мүмкін болмағандығын түсіндірді. Іс материалдарын зерттей келе, сот талапкердің талап- арызын қанағаттандырды. Талапкердің мүлкіне билік ету құқығы, заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы оның куәлігінің мемлекеттік тіркелген кезінен бастап туындағандықтан, бұл туралы жауапкер З. білген болатын, жауапкердің дәлелдерін сот ескере алмады.
Сонымен қатар, мәміле түрі сақталмаған жағдайда, жасалған нақты мәміле куәгерлердің жауаптарынан, айғақтарынан (мысалы, үйді сатқандығы және ақша алғандығы туралы қолхаттан, иеліктен айыру құқығына сенімхат беруден) басқа, дәлелдермен де расталатын болса, мүдделі тарап мәмілені жарамды деп тану туралы талаппен сотқа келуге құқылы екендігін де естен шығармау керек.
Сондай - ақ, егерде солай істеуге құқығы болмаған адаммен тұрғын үйге иеліктен айырылған болса, онда меншік иесінің мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа келуге құқылы екендігін де ескеру керек. Меншік иесінің бұл құқығы заңды бұзумен жасалған бірінші мәмілеге ғана емес, одан кейінгілерге де қатысты болады.
Мәселен, К. өзіне тиесілі пәтерден қаланың басқа ауданына кетіп қалғандығын, бірақ аз уақыттардан кейін, өзіне тиесілі мүліктің үшінші адамға рәсімделгендігін естігендігін дәлел етіп, сатып алу келісім - шарттары мен сенімхатты жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа келген
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz