Бауырдың зақымданулары кезіндегі клиникалық уланулар



1 Гепататропты әсерлері
2 Патогенез
3 Клиникасы
Бауырдың зақымданулары кезіндегі клиникалық улануларға гепататропты әсерлері бар улар жатады. Гепататропты әсерлері бар заттарға келесі топтың қосындылары жатады: Хлорлы көмірсутектер – хлороформ, дилоратан, тетрахлоэтан, дихлордифенин, трихлоэтан (ДДТ). Бұл заттар металды заттарды майсыздандыру үшін, пластмассаны шығаруда, май, тері, лакты бояғыш, текстилді, резиналы өндірістерді, смола, каучук, резиналарды еріту кездеріндегі еріткіш заттар ретінде кеңінен қолданылдады. Хлорлы көмірсутектердің кейбір түрлері наркоз ретінде қолданылады. Төрт хлорлы көмірсутегі өрттерді сөндіру кезінде кеңінен қолданылады. Дихлорэтан химиялық фармацевтикалық өндірістерде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында зиянкестерді жоюда, дезинфекция және дезинсекцияда қолданылады.
РБК метил хлориді үшін 5 мг/м3, метилен хлориді үшін 50 мг/м3, төрт хлорлы көмірсутегі үшін 20 мг/м3, дихлорэтан үшін 10 мг/м3, тетрахлоэтан үшін 5 мг/м3, трихлоэтилен үшін 10 мг/м3 құрайды.
Бензол резиналы, химиялық фармацевтикада, лакты бояу және өндірістің басқада салаларында қолданылады. Қазіргі кезде бензолдың жоғары улылығына байланысты оны ерігіш ретінде қолдану шектелген, РБК - 5 мг/м3 құрайды.
Анилин — дәрілік заттармен анилинді бояғыш заттарды алу үшін қолданылатын зат. Анилинді бояғыш, фармацевтикалық өндірісте, смола өндірісінде, каучук вулканизациясын жеделдетуде қолданылады, РБК - 0,1 мг/м3 .
Тринитротолуол (ТНТ) әртүрлі қосындыларда екіншілік жарылғыш зат ретінде қолданылады. РБК-1мг/м3.
Стирол – синтетикалық каучукты дайындау өндірістерінде қолданылады. Полистирол өндірісінің бастапқы өнімі болып табылады. РБК- 5 мг/м3

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Бауырдың зақымданулары кезіндегі клиникалық улануларға гепататропты әсерлері бар улар жатады. Гепататропты әсерлері бар заттарға келесі топтың қосындылары жатады: Хлорлы көмірсутектер – хлороформ, дилоратан, тетрахлоэтан, дихлордифенин, трихлоэтан (ДДТ). Бұл заттар металды заттарды майсыздандыру үшін, пластмассаны шығаруда, май, тері, лакты бояғыш, текстилді, резиналы өндірістерді, смола, каучук, резиналарды еріту кездеріндегі еріткіш заттар ретінде кеңінен қолданылдады.  Хлорлы көмірсутектердің кейбір түрлері наркоз ретінде қолданылады. Төрт хлорлы көмірсутегі өрттерді сөндіру кезінде кеңінен қолданылады. Дихлорэтан химиялық фармацевтикалық өндірістерде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында зиянкестерді жоюда, дезинфекция және дезинсекцияда қолданылады.

РБК метил хлориді үшін 5 мгм3, метилен хлориді үшін 50 мгм3, төрт хлорлы көмірсутегі үшін 20 мгм3, дихлорэтан үшін 10 мгм3, тетрахлоэтан  үшін  5 мгм3, трихлоэтилен үшін 10 мгм3 құрайды.

Бензол резиналы, химиялық фармацевтикада, лакты бояу және өндірістің басқада салаларында қолданылады. Қазіргі кезде бензолдың жоғары улылығына байланысты оны ерігіш ретінде қолдану шектелген, РБК -  5 мгм3   құрайды.

Анилин  — дәрілік заттармен анилинді бояғыш заттарды алу үшін қолданылатын зат. Анилинді бояғыш, фармацевтикалық өндірісте, смола өндірісінде, каучук вулканизациясын жеделдетуде қолданылады, РБК -  0,1 мгм3 .

Тринитротолуол (ТНТ) әртүрлі қосындыларда екіншілік жарылғыш зат ретінде қолданылады. РБК-1мгм3.

Стирол – синтетикалық каучукты дайындау өндірістерінде қолданылады. Полистирол өндірісінің бастапқы өнімі болып табылады. РБК- 5 мгм3   

Хлорланған нафталиндер – галовакс – смола, каучук, кабелді өндірістерді, электрлік өндірістерде қолданылады.

Соңғы он жылдықта головаксты зияны аз заттармен қолдануға ауысқан. РБК-1 мгм3.

Қорғасын – ауыр металл, өндірісте кеңінен қолданылады. РБК-0,01 мгм3.

Сынапты органикалық қосындылар – этилмеркурхлорид (гранозан), ауыл шаруашылығында пестицид түрінде қолданылады. РБК – 0,005 мгм3 құрайды.

Фосфор  — минералды құнартқыштарды алуда  өндірісте кеңінен қолданылады, жұмыс орнында фосфор буы түрінде бөлінудің, фосфорлы көміртегінің, әртүрлі фосфор қосындыларының түзілулерінде қолданылады. РБК -  0,03 мгм3 құрайды.

Хлор және фосфорлы органикалық қосындылар пестицид түрінде қолданылады.

Патогенез:

Қанға ферменттердің түсуімен, рибосома диссоциациясы және белок синтезінің бұзылуымен мембраналардың өтімділігі бұзылады, ол бауыр клеткаларына  химимялық заттардың әсерлерінен болады. синтездің күрт төмендеуі бауырда бос май қышқылдарының, трилицеридтер, құрылымды липидтер жиналып, гепатоцидтерде майлы инфильтрацияның дамуына әсер етеді. Токсикалық заттардың метаболизмінің әсерінен бос радикалдар түзіледі, ол мембрананың перекисті қышқылдануына және белсенді ферменттердің босауына, белоктардың денатурациясына, клеткалардың өліміне әкеледі.  Гепатоциттердің құрлымы мен қызметтеріндегі өзгерістер билирубиннің глюкуролизациясын және олардың ұстап қалу қызметін бұзады. Улардың клетка мембраналарымен әсер ету нәтижесінде лизолицетин түзіледі, ол клеткалардың зақымдануларының екінші этабын тудырады және оның дегенерациясы пайда болады. дегенерация процесі регенрация процесімен қатар жүреді. Дегенерация процесінің күшеюі бауыр клеткаларындағы некроз жәнее бауырда цирроздың дамуымен қатар жүреді.

Химиялық заттардың бауырға әсер ету механизмдері бойынша гепатотоксикалық, токсикалық аллергиялық және зат алмасу процесіне әсер етулеріне байланысты бөлуге болады.  Ал бауырда пайда болған өзгерістерге бйланысты цитотоксикалық, холестатикалық және аралас болып бөлінеді.

Бауырдың заымдануларыныңы сипаттары бойынша цитолиз, холестаз, экскреторлық билиарлы синдром басым болады. Классикалық гепатотропты улармен жедел уланулар кезінде бауыр ферменттерінің жоғарлауымен гиперферментемия жүреді. Сілтілі фосфатазаның белсенділігі жоғарлаған кезде холестаз дамиды, ал кейіннен қан сары суындағы билирубинглюкоронид фракциясының жоғарлауымен  гипербилирубинемия дамиды. Көптеген жағдайларда бауырда қабынбалы өзгерістер пайда болады, өте сирек – гепатоцеллюлярлы жетіспеушілік дамиды. Бауырдың токсикалық экзогенді зақымданулары кезінде шынайы қабынудың нақты морфологиялық симптомдары болмайды немесе аздаған айқындылықта болады.

Клиникасы: кәсіптік аурулар ағымы бойынша жедел және сүлелі болуы мүмкін.

Жедел уланулар кезінде бауырдың ауыр зақымданулары токсикалық заттардың химиялық қасиеттеріне байланысты емес, ол әсер ету концентрациясымен анықталынады. Химиялық заттардың гепатотоксикалық әсерлері  улануларға дейінгі бауырдың қызмет ету жағдайларына байлансты. Бұрындары вирусты гепатитпен ауырған және ішімдікті көп қолданған адамдарда гепатропты улармен жедел уланулар ауыр түрде өтеді.

Салыстырмалы түрдегі жоғары концентрациялы улардың әсерлерінен бауырдағы жедел уланулар бірнеше күннің ішінде дамиды және ол бауырдың көлемінің жоғарлауымен, пальпация кезндегі ауырсынулар, өршімелі сарғаюлармен қатар жүреді. Уланулардың ауырлығына байланысты олардың айқындылық деңгейлері әртүрлі болады. қан сары суындағы клетка ішілік ферменттердің жоғарлауы тән: аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминостранфераза(АСТ),фрукт озомонофосфатальдолазаалар (Ф-1-ФА), лактатдегидрогеназа (ЛДГ). Сонымен қатар жедел токсикалық гепатитке билирубинглюкуронид фракциясының басымдылығымен гипербилирубин-емия, уробилинурия және зәрде өт пигменттерінің пайда болулары тән. Ауыр жағдайларда гипоальбуминемиямен гипопротеинемия, қандағы фосфолипид және бета липопротеид мөлшерінің төмендеулері тән болады.

Жедел уланулар кезіндегі бауыр жетіспеушіліктеріне микрогемат-уриядан массивті қан кетулерге дейінгі  геморрагиялық синдромдардың дамулары тән. Осы кезде қанның ұю және ұюға қарсы жүйелерінде өзгерістер анықталынады: фибринолитикалық белсенділіктің жоғарлауына байланысты гипокоагуляция және гепарин құрамының жоғарлауы байқалынады.

Аз концентрациялы токсикалық заттармен жұмыс істеген кездері бауырдағы зақымданулар гепатобилиарлы синдром және функционалды жетіспеушілік түрлерінде көрінеді.

Бауырдың зақымдану белгілері бұрыннан бері жұмыс істеген адамдарда  және ауырсыну, диспепсиялық синдромдармен қатар жүреді. Науқастар ауыздарындағы ашты дәмге, тәбеттерінің төмендеулеріне, тұрақсыз нәжіс, оң жақ қабырға астындағы тұйық ауырсынуларға, әсіресе ашты және майлы тамақтан кейін күшейе түсетін.  Оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар  ұстама тәрізді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Токсикологиялық талдаудың негізін тексеру әдістері
Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері
Кәсіптік аурулар
Ішкі аурулар
Қорғасынмен уланудың патогенезі
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
Тағамдық уланулар. Ботулизм
Малдың улы заттарға сезімталдығы
Қорғасынмен улану
Дәрілік заттардан жедел улану (бөлім: журек-тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілік заттардан улану). Оқу әдістемелік құрал
Пәндер