Ақтау және қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Ақтау және қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу.

Жоспары:

1. Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтау ұғымы

2. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар адамдар

3. Зиянды өтеу

1. "Ақтау" сөзінің мәні оның ұғым ретінде сот арқылы құқықты қалпына келтіру, жақсы атақты, бұрынғы беделді қалпына келтіру сияқты элементтерді қамтитыны туралы айтуға мүмкіндік береді. Яғни адамды ақтау ұғымы, заңда белгіленген негіздер бар болған жағдайда, қылмыстық ізге түсудің тоқтатылуын, жазаңы өтеу үкімі күшінің жойылуын білдіреді. Сонымен бірге қылмыстық іс (қылмыстық ізге түсу) тоқтатылуының бәрі бірдей қылмыстық іс жүргізушілік мағынасындағы ақтауды білдірмейді. Ақтау - бір кездері басталған қылмыстық ізге түсуді, сотта іс қарауды одан әрі жалғастырудан тек қана оң сипаты бар негіздемелер бойынша мемлекеттің өкілетті органдар мен лауазымды адамдар атынан бас тартуы.

Қылмыстық істі тоқтату үшін негіздемелердің ақтайтын және ақтамайтын деп бөлінуі аталған мән-жайларға байланысты. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізушілік ақтау ұғымын тек қылмыстық процесті жалғастырудан бас тартудың оң негіздерімен ғана байланыстыру қажет.

Қылмыстық процесті жалғастырудан тек соттың немесе қылмыстық ізге түсу органының ғана бас тартуына болады.

ҚІЖК-тің 39-бабына сәйкес ақтау негіздеріне мыналар жатады:

1. қылмыс оқиғасының болмауы;

2. әрекетте қылмыс құрамының болмауы;

3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105, 111, 112, 120 (1-6. ), 121 (2-6. ), 123, 129, 130, 136, 140, 142, 144 (1, 2-6. ), 145 (1-6. ), 188 (1-6. ), 296 (1-6), 300 (І-б. ) -баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, яғни жеке айыптау істері бойынша, сондай-ақ жеке-жария айыптау қылмыстары туралы істер бойынша жәбірленуші шағымының болмауы;

  1. сол айыптау бойынша сот үкімінің заңды күшіне енуі немесе, егер адамның қылмыстық ізіне түсудің мүмкін емес екені анықталса, ол жөнінде күші жойылмаған сот қаулысының болуы;
  2. егер қылмыстық ізге түсу органының сол айыптау бойынша қылмыстық іс қозғау туралы күші жойылмаған қаулысы бар болса, адамның қылмыстық ізіне түсуден бас тарту.

Аталған негіздердің кез келгені бар болған жағдайда адам кінәсіз деп саналады және оның Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуге болмайды.

Қылмыстық істің тоқтатылуына себеп болатын ақтау негіздерінің мәні туралы М. С. Строговичтің айтқан пікірі ерекше мәнді. Ол былай деп жазды: "Осы негіздердің әрбірі адамның айыпталушы ретінде тартылуына жол бермейді және айыпталушы ретінде тартылған адамның кінәсіз екенін анықтайды, өйткені бұрын жорамалданғанына қарамастан қылмыс жасалмаған, не жасалған әрекет қылмыс болып табылмайды». Адамды ақтау үшін көзделген негіздер түгелдей толық қамтылған және кеңейте түсіндіруге жатпайды.

ҚІЖК 37-бабының мәні бойынша қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар бар болса, қылмыстық ізге түсуді қозғауға болмайды, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиіс. Бұл қағида ақтауға тек іс бойынша басталған іс жүргізуге байланысты бөлікке ғана қатысты. Адамды қылмыстық іс жүргізу тәртібімен тек қылмыс жасады деген айыптау бойынша оның қылмыстық ізіне түсу басталған немесе сот ол жөніндегі қылмыстық істі өз қарауына қабылдаған жағдайда ғана ақтауға болады.

Сонымен, қылмыстық іс жүргізушілік ақтауды тек бастапқы сәт қылмыстық іс қозғау, ал түпкі сәт-соттыі ақтау шешімін шығаруы болып табылатын шектерде ғана жүзеге асруға болады. Бұл жағдайда адамның өзі жөнінде қылмыстық іс қозғалғанын білуінің, сондай-ақ ақтау негіздері бойынша істің тоқтатылуына оның қарсылық білдіруінің ешқандай маңызы жоқ.

Негіздер бар болған жағдайда қылмыстық іс жүргізушілік ақтауды қолдану-соттың, қылмыстық ізге түсу органының міндеті. Ақтау негіздері анықталған жағдайда қылмыстық іс сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген сатысында тоқтатылады.

Егер іс сотқа жіберілсе, ал адамды сотқа прокурор берсе, ол айыпталушыны ақтау үшін негіздер бар екенін байқаған жағдайда істі соттан басты сот тергеуі басталғанға дейін кері қайтарып алуға және істің жүргізілуін тоқтатуға құқылы. Егер ақтау негіздері сот тергеуі барысында байқалған болса, іске мемелекеттік айыптаушы ретінде қатысушы прокурор айыптаудан бас тартатыны туралы мәлімдеуге міндетті.

Қылмыстық іс жүргізушілік ақтау толық немесе ішінара болып бөлінеді. Толық ақтау адамның бұзылған барлық құқықтарының қалпына келтірілуін, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілген зиянның барлық түрлерінің толық көлемде өтелуін білдіреді. Егер іс ҚІЖК-тің 39-бабында көзделген негіздер бойынша адамға тағылған айыптар бойынша тоқтатылатын болса, ақтау ішінара сипатта болады. Ішінара ақтау келтірілген зиянның заңдылықтың бұзылуына жол берілген мөлшерде өтелуін көздейді.

2. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар адамдар.

Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне өз құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған сезіктілер мен айыпталушылардың айтарлықтай басым бөлігінің құқығы бар. Заңсыз ұстаудың, қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың, қызметтен уақытша шеттетудің, арнаулы медициналық мекемеге орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесіңде келтірілген зиян әтелуге тиіс. Мүліктік зиян республикалық бюджеттен толық көлемінде өтеледі. Мұндай зиянды өтеу үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның қаншалықты кінәлі екенінің маңызы жоқ.

Өтелуге тиісті материалдық зиянның мәлшері заңдылықтың бұзылуына жол берген органдар арасында бөлінбейді. Тиісті өтем төлемдерінің түгелдей республикалық бюджеттен төленуі үшін мүліктік зиянды өтеуге заңды негіздердің анықталуы жеткілікті. ҚІЖК-тің 40-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянның етелуіне құқығы бар адамдар бес топқа бөлінген.

  1. ҚІЖК-тің 39-бабына сәйкес қылмыстық іс жүргізушілік ақтауға жататын адамдар.
  2. Өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалмауға тиісті, ал қозғалған іс ҚІЖК-тің 40-бабының 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген бірқатар негіздер бойынша қысқартылуға тиісті адамдар. Ол негіздер мыналар:

Жәбірленушінің айыпталушымен татуласуы. Бұл жағдайда ауыртпалығы шағын немесе орташа қылмысты алғаш жасаған айыпталушы жәбірленушіге келтірілген зиян жуып-шайылған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (ҚК-тің 67-бабы) .

Жеке айыптаушының ҚІЖК 33-бабының 1-бөлігінде көзделген жеке айыптау қылмыстар туралы істер бойынша айыптаудан бас тартуы.

  1. Өздеріне қатысты қылмыстық іс рақымшылық ету актісінің шығуына, жасалған қылмыс үшін жаза соған сәйкес қолданылмайтын болуына, сондай-ақ мерзімнің ескіруіне байланысты тоқтатылуға тиісті адамдар.

Қылмыстық пройесті жүргізуші органның іс-әрекетінің заңсыздығы мынада:

  • Егер мерзімнің ескіруі анықталып, қылмыстық ізге түсу жалғастырылатын болса, қылмыстық іс жүргізу заңын қолдану принципі бұзлады;
  • Егер айыпталушы рақымшылық етуг жататын болып, оның қылмыстық ізіне түсу тоқтатылмаса, қылмыстық іс жүргізу заңын адамдарға қолдану принципі бұзылады;
  • Қылмыстық процеске заңсыз қатыстырылған адамдардың рақымшылық ету актісіне немесе мерзімнің ескіруіне байланысты оларға қатысты қылмыстық істің тоқтатылуына келісімі ескерілмейді.
  1. Жасалған қылмыстың саралануы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жеңілдеу қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бабына сай өзгертілгеннен кейін, сонымен бірге ҚІЖК-ке сәйкес ұстауға немесе күзетпен ұстауға жол берілмейтін жағдайда қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға кесілген, ұсталған немесе күзетпен ұсталған адамдар.
  2. Заңды негізсіз тиісті мерзімнің артық қамауда ұсталған, сонымен бірге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында іс жүргізуге мәжбүр етудің кез келген өзге де шараларына заңсыз ұшыраған адамдар.

Қылмыстық поцесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілген зиян өтелуге тиіс.

3. Зиянды өтеу

Заң шығарушы ақтау процесінде өтелуге жататын зиянның мына түрлерін белгілеген: мүліктік зиян, моральдық зиян, еңбек, зейнетақы, тұрғын үй құқықтары мен өзге де құқықтарды қалпына келтіру. Зиянды өтеу құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтың, сыныптық шеннің, дипломатиялық дәреженің, біліктілік сыныбының қалпына келтірілуін, мемлекеттік наградалардың қайтарылуын көздейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық сот өндірісіндегі зиянның орнын толтыру
Бизнес және құқық факультеті
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу тәртібі
Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зияңды өтеу қылмыстық іс жүргізу
Әрекетте қылмыс құрамының болмауы
Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтау ұғымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Судьялардың, алқабилердің, прокурорлардың, тергеушілердің, анықтаушыпардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және оның құқық жүйесіндегі орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz