Әдептілік мәдениеті



1 Сәлемдесу
2 Қол алысу шарттары
3 Қызмет орнына, бөлмеге келген адамдармен ер адам түрегеліп амандасады
4 Халық даналығы: «Сөз атасы . сәлем».
Әдептілік арабша «Адаб», зауқ дегенді білдіреді. Ислам діні бойынша әдеп үш түрге бөлінеді. Олар:
1. Аллаһ Тағаладан болған әдеп.
2. Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) болған әдеп.
3. Адамдармен болған әдеп.
Адамдармен әдеп ең бірінші отбасында қалып- тасып, орнығады. Бұл Сіздің ата-анаңызға көрсететін әдебіңіз. Адамдар әке-шешесінен кейін әйелге әдеп-тілік танытуға тиісті. Мұнан кейін көшеде, қонақта, жұмыста, қоғамдық орындарда әдептілік сақтауға тиісті.
Екі мұсылман бір-бірімен кездескенде міндетті түрде сәлемдесуге тиіс. Олар араз ба, тату ма, ол маңызды емес. Себебі сәлемдесу – Пайғамбарымыздан қалған сүннат. Ал енді сәлем бергенде оны естіген екін- ші мұсылман ризашылық-пен қабыл алып, сәлемге сәлеммен жауап қайтарады. Бұл – шариғатта «фарз айнға» жатады. Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Ара-ларыңа сәлемді жайыңдар» - деп сәлемдесудің мұсыл-мандық міндет екенін өсиет етіп айтып кеткен. Егер де біз сезімізге берілген сәлемге сәлеммен жауап қайтармасақ, онда оған дұшпандық, өшпенділік танытқандай, жамандық ойлағандай оны күдікті жағдайға қалдырамыз.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Әдептілік мәдениеті
Әдептілік арабша Адаб, зауқ дегенді білдіреді. Ислам діні бойынша әдеп үш түрге бөлінеді. Олар:
1. Аллаһ Тағаладан болған әдеп.
2. Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) болған әдеп.
3. Адамдармен болған әдеп.
Адамдармен әдеп ең бірінші отбасында қалып- тасып, орнығады. Бұл Сіздің ата-анаңызға көрсететін әдебіңіз. Адамдар әке-шешесінен кейін әйелге әдеп-тілік танытуға тиісті. Мұнан кейін көшеде, қонақта, жұмыста, қоғамдық орындарда әдептілік сақтауға тиісті.

Сәлемдесу
Екі мұсылман бір-бірімен кездескенде міндетті түрде сәлемдесуге тиіс. Олар араз ба, тату ма, ол маңызды емес. Себебі сәлемдесу – Пайғамбарымыздан қалған сүннат. Ал енді сәлем бергенде оны естіген екін- ші мұсылман ризашылық-пен қабыл алып, сәлемге сәлеммен жауап қайтарады. Бұл – шариғатта фарз айнға жатады. Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): Ара-ларыңа сәлемді жайыңдар - деп сәлемдесудің мұсыл-мандық міндет екенін өсиет етіп айтып кеткен. Егер де біз сезімізге берілген сәлемге сәлеммен жауап қайтармасақ, онда оған дұшпандық, өшпенділік танытқандай, жамандық ойлағандай оны күдікті жағдайға қалдырамыз.
Сәлемдесудің абзал түрі:
Әссәләму аләйкум уа рахматуллаһи уа бәрәкәтуһ.
Оған қайтарылатын жауап:
Уа алейкумүс сәләм уа рахматуллаһ уа бәрәкәтуһ.
Таныстарға сәлем беріп, сәлемге жауап алғанда екі арадағы татулық, ынтымақ нығайып, сыйластық артады. Ол адам жөнінде күдікті, жаман ойларға бармайсың. Сәлемдесу – Расулуллаһтың (с.ғ.с.) сүннаті.
Қазақ дәстүрінде бірнеше сәлемдесі дәстүрі бар. Алайда олардың бәрінде де жасы кішілер бірінші болып сәлем береді. Әдетте сәлемдескенде қол алысады. Онда адамдар алақандарын бір-біріне түйістіріп ұстайды. Ол – мусафих деп аталады. Қол алысқанда саусақтың ұшын беріп сәлемдесу - әдепсіздік.
Жасы үлкен, кіші болсын, көп адам жиналған жерге келген кісі ең бірінші көпшілікпен сәлемдеседі. Сырқат, мүгедек жанға сау адам ең бірінші сәлем бергені абзал.
Әйелге ер адам, басты-ғына қызметкері, жастар үлкенге ең бірінші сәлем береді. Амандасқанда біреуге басыңызды иіп, иығыңызды қозғап, қолыңызды көтеріп, көзіңізді қысып, ерсі әре- кет жасамаңыз. Егер де сә-лем берген кісіңіздің құла-ғы естімесе, оған сәлемі- ңізді ымдап түсіндіруіңізге болады.
Сәлем беруде берік ұстанатын қағидалар:
1. Танысын, танымасын жасы кіші адам үлкенге сәлем бермей өтпейді.
2. Ат үстінде тұрып сәлем бермейді.
3. Атты адам жаяуға бірінші сәлем береді.
4. Танитын адамдармен сәлемдеспей, немесе сәлемін алмай өтпейді.
5. Келе жатқан адам отырған адамға сәлем береді.
6. Әкесінің, шешесінің көзін көргендерге айрықша сәлем беріп, құрмет көрсетеді, батасын алады.
7. Кешке не түнде үйге кірген адам: Кеш жарық! деп сәлемдеседі.
Қандай жағдайда сә-лемдесуге тиым салынады?
1. Әжетханада отырғанда.
2. Ер мен әйел жұпта-сып жатқанда (Байқамай, кездейсоқ үстеріне кіріп барсаңыз).
3. Ұйықтап жатқан кісіге.
4. Моншаға түскенде.
5. Аузыңызда ас шайнап отырғаныңызда.
6. Дұға оқып отырған кісіге.
7. Азан айтып тұрғанда.
8. Құран Кәрімді оқып отырғанда.
9. Намаз үстінде.
10. Тілек айтылып, бата беріліп жатқанда.
11. Ихрам кезінде (ләб-байка, ла шарика ла ка тәрізді қасиетті зікірлер айтып отырғанда.
12. Жезөкшелерге, зіна- қорларға, дінбұзар залым-дарға қол беріп амандасуға болмайды.
13. Бет пішіні әйелге ұқсас көселермен амандасқанда олардың бетіне сұқтанып қарамайды.
14. Күнде көріп жүрген таныстармен көрісіп амандаспайды.

Қол алысу шарттары
Егер де өзіңмен бірге туған апа-қарындасың, некелі әйелің болмаса, басқа әйелдермен қол алысып амандасудың қажеті жоқ. Егер де қадірлі кісімен қол алысып амандасқаннан кейін оның қолынан сүйіп, құрмет көрсетсеңіз айыбы жоқ. Туған-туысың, жолдас-достарың ұзақ сапардан қайтып оралса, әйтпесе олардың көптеген бері көрмесең қол алысып амандасып, құшақтасып көрісіп, сәлемдесуіңе болады. Солардың ішінде жас балалардың бетінен, маңдайынан сүйген айып емес. Алайда ересек адамдардың (ерлердің) бір-бірімен сүйісіп амандасуы – ерсі саналады.

Қызмет орнына, бөлмеге келген адамдармен ер адам түрегеліп амандасады.
Ата-ене күйеу баласы-ның, келінінің маңдайы- на ернін тигізбей, жеңге-сі қайын сіңілісін, апалы-сіңілілер бір-бірін бетінен сүйіп, құшақтасып көріседі. Ислам діні адамдардың өзара сәлемдесуіне айрықша мән берген. Құран Кәрімнің Ниса сүресінің 86 аятында былай деп айтылған: Егер сізге сәлем берілсе, сіз онан жақсырақ болмаса да, тап өзіндей етіп жауап қайтарыңыз. Ал енді Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардан: Исламның ең жақсы сипаттары қайсылар? деп сұрағанда, ол: Аштарға тамақ беру, танитын, һәм танымайтындарға сәлем беру деп жауап қайтарыпты.

Халық даналығы: Сөз атасы – сәлем.
Көшеде жүру Сыртқа шыққанда асығып-үсігіп, жолай киініп, өкшеңді тарсылдатып тез жүру - әдепсіздік. Асықпай, аптықпай, сабырлы қозғалған дұрыс.
Көшеге шыққанда аяқ киімді (туфли, кебіс, етік, пима т.б.), мәсіні жалаң аяқ киюге болмайды. Сыңар аяққа кебісіңізді, туфлиіңізді іле салып, көшеге шығу да әбестік. Шұлғауыңыз, шұлығыңыз таза болсын.
Жеке жүріп сейілдеудің сөкеттігі жоқ. Тек қасыңызда адамдар болса, олардың алдына түсіп, озып кетпеңіз.
Көшенің тар жеріңде, қақ суы, балшық бар тұстарда басқа бір кісімен бетпе-бет кездесе қалсаңыз, қабаттаса жүрмей, жол беріңіз. Сонда екеуіңіздің де киімдеріңіз былғанбайды.
Көшеде келе жатқанда жан-жағыңызға алақтап қарай бермеңіз. Аяғыңыздың астына назар салыңыз.
Көпшілік жиналған жерлерде, базарда жұртты ығыстырып, кимелеп алға ұмтылмаңыз. Мұндайда біреуді қағып-соғып, аяғын басып кетуіңіз мүмкін.
Сөйлесіп тұрған адам-дардың ортасынан бұзып өтпеңіз. Әйелдерді қағып-соғып кету тәрбиесіздік, дө-рекелік екенін ұмытпаңыз. Көшеде дін жолындағы құрметті кісілерді кездес-тірсеңіз, олардан озып, алдына түспеңіз және де ырым жасап олардың ізін басып жүрмеңіз.
Танысыңызбен кездессе-ңіз, көшеде тұра қалып бос сөзбен уақытын алмаңыз. Жеке шаруаңыз болса, шеткері шығып айтыңыз. Келе жатқанда жолда тас, кесек, шыны тәрізді өзгелер-ге зияны тиетін заттар- дың жатқанын көрсеңіз, оны шеткері шығарып тастаңыз.
Егер де көтере алмасыңыз айыбы жоқ.
Қақырық, түкірік келіп қалса, алды, артыңызда келе жатқан адамдарды өткізіп жіберіп, оны сол жағыңызға қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлінің мәні
Іскерлік қатынас
Адамгершілік мәдениеті
Өскелең ұрпақты адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендіру
Әдептілік
Іскерлік қатынастың регламенттелуі
Биологияны оқыту әдістерінің тұжырымдамалық негіздері
Ағылшын тілінде қарым - қатынас мәдениетінің лингвистикалық сипаттамалары
Әдеп жайлы
Пәндер