Шанхай ынтымақтастық ұйымының Партиясы


Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясы
(Санкт-Петербург қ., 2002 ж. 7 маусым)
Шанхай ынтымақтастық ұйымының (бұдан әрi ШЫҰ немесе Ұйым деп аталады) құрылтайшы мемлекеттерi болып табылатын Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы,
өз халықтарының қалыптасқан тарихи байланыстарын негiзге ала отырып; жан-жақты ынтымақтастықты одан әрi тереңдетуге ұмтыла отырып;
саяси көпполярлылық, экономикалық және ақпараттық ғаламдану процестерiнiң дамуы жағдайында аймақтағы бейбiтшiлiктi нығайту, қауiпсiздiк пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бiрлескен күш-жiгермен үлес қосуға тiлек бiлдiре отырып;
ШЫҰ-ны құру алда туатын мүмкiндiктердi бiрлесе тиiмдiрек пайдалануға және жаңа сынақтар мен қатерлерге қарсы тұруға жағдай жасайтынына бұрыннан сенiмдi екендiгiн бiлдiре отырып;
ШЫҰ аясында өзара ықпалдасу мемлекеттер мен олардың халықтары арасындағы тату көршiлiктiң, бiрлiк пен ынтымақтастықтың зор әлеуетiн ашуға жәрдемдеседi деп есептей отырып;
Шанхайдағы алты мемлекет басшылары кездесуiнде (2001 ж. ) орныққан өзара сенiм арту рухы, өзара тиiмдiлiк, теңдiк, өзара консультациялар, мәдениеттердiң саналуандылығын құрмет тұту мен бiрлесе дамуға ұмтылыстан шыға отырып;
Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы араларындағы шекара ауданында әскери саладағы сенiмдi нығайту туралы 1996 жылғы 26 сәуiрдегi келiсiмде және Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы араларындағы шекара ауданында қарулы күштердi өзара қысқарту туралы 1997 жылғы 24 сәуiрдегi келiсiмде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы басшыларының 1998 жылдан бастап 2001 жылды қоса алғандағы кезеңдегi жоғары деңгейдегi кездесулерiнiң барысында қол қойылған құжаттарда баяндалған принциптердi сақтау аймақта және бүкiл әлемде бейбiтшiлiктi, қауiпсiздiктi және тұрлаулылықты сақтау iсiне маңызды үлес қосқанын атап көрсете отырып;
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптерiн, халықаралық бейбiтшiлiктi, қауiпсiздiктi сақтауға және тату көршiлiк пен достық қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты халықаралық құқықтың барша мойындаған басқа да принциптерi мен нормаларын өздерiнiң жақтайтындығын қуаттай отырып;
Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы 2001 жылғы 15 маусымдағы Декларацияның ережелерiн басшылыққа ала отырып;
мына мәселелер туралы уағдаласты:
1-бап
Мақсаттар мен мiндеттер
ШЫҰ-ның негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi мыналар болып табылады:
мүше мемлекеттер арасындағы өзара сенiм артуды, достық пен тату көршiлiктi нығайту;
аймақта бейбiтшiлiктi, қауiпсiздiк пен тұралаулылықты сақтау және нығайту, жаңа демократиялық, әдiлеттi ұтымды саяси және экономикалық халықаралық тәртiп орнатуға жәрдемдесу мақсатында көп бейiндi ынтымақтастықты дамыту;
терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге олардың барлық көрiнiстерiнде бiрлесе қарсы тұру, есiрткi мен қару-жарақтың заңсыз айналымына, трансұлттық қылмыстық әрекеттердiң өзге дe түрлерiне, coндай-ақ заңсыз көшi-қонға қарсы күрес;
ортақ мүдде бiлдiрiлетiн саяси, сауда-экономикалық, қорғаныс, құқық қорғау, табиғат қорғау, мәдени, ғылыми-техникалық, бiлiм беру, энергетика, көлiк, кредит-қаржы және басқа салалардағы тиiмдi аймақтық ынтымақтастықты ынталандыру;
мүше мемлекеттер халықтарының тұрмыс деңгейiн үздіксiз арттырып, жағдайларын жақсарту мақсатында тең құқылы әрiптестік негiзiнде бiрлескен iс-қимыл арқылы аймақтағы жан-жақты және теңдестiрiлген экономикалық өсуге, әлеуметтiк және мәдени дамуға жәрдемдесу;
әлемдiк экономикаға интеграциялану жағдайында көзқарастарды үйлестiру;
мүше мемлекеттердiң халықаралық мiндеттемелерiне және олардың ұлттық заңнамаларына сәйкес адамның құқықтары мен негізгі еркiндiктерiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарды қолдау және дамыту;
халықаралық жанжалдарға жол бермеуде және оларды бейбiт реттеуде өзара ықпалдасу;
XXI ғасырда туындайтын проблемалардың шешiмiн бiрлесiп iздестiру.
2-бап
Принциптер
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мынадай принциптердi ұстанады:
мемлекеттердiң егемендiгiн, тәуелсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және мемлекеттiк шекаралардың мызғымастығын өзара құрметтеу, шабуыл жасамау, iшкi iстерге араласпау, халықаралық қатынастарда күш қолданбау немесе қауіптөндiре күш жұмсамау, шектес аудандарда бiржақты әскери басымдықтан бас тарту;
барлық мүше мемлекеттердiң тең құқылығы, өзара түсiнiстiк және олардың әрқайсысының пiкiрлерiн құрметтеу негiзiнде бiрлескен көзқарастарды iздестiру;
ортақ мүдделер саласында бiрлескен iс-қимылдарды кезең-кезеңмен жүзеге асыру;
мүше мемлекеттер арасындағы келiспеушiлiктердi бейбiт жолмен шешу;
ШЫҰ-ның басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталмаушылығы;
ШЫҰ мүдделерiне қарсы бағытталған кез келген заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу;
осы Хартиядан және ШЫҰ аясында қабылданған басқа да құжаттардан туындайтын мiндеттемелердi адал ниетпен орындау.
3-бап
Ынтымақтастық бағыттары
ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары мыналар болып табылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz