Жанжал және оның моральдық-ізгілікті құрылысы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Факультеті: Заң

Кафедрасы: Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминалистика

СӨЖ

Тақырыбы: Жанжал және оның моральдық-ізгілікті құрылысы

Қабылдаған: Татибаева Ж.

Орындаған: Тухтабаев А.

Түркістан 2013

Жоспары:

1. Азаматтық істер бойынша туындаған жанжалдарды шешу жолдары

2. Қылмыстық істер бойынша туындаған жанжалдарды шешу тәртібі

3. Даулы мәселелерді шешудің моральдық- ізгілікті құрылысы

Жанжал және оның моральдық-ізгілікті құрылысы

Қазақ билерінің шешендік сөздері мен даналық сөздері көне грек, римдік шешендерден кем түспейді. Есесіне қазақ билері сөз қорының байлығымен бір сөзді мағынасы мен көркемділігін сақтай отырып, бірнеше сөзді ауыстырып әсерлі жеткізіп отырғанымен ерекшеленеді. Бірақ қазақ қоғамында шешендік сөздер жазбаша түрде жазылмаған. Ауызекі айтылып, халық жадында жатталып ықылым заманнан бүгінгі күнге дейін өз мәні мен мәнерін сөз саптау мәдениетін сақтап келеді.

Қазақ қоғамының құқықтық жүйесіндегі қазақ билерінің оның ішінде ерекше бедел мен құрметке ие Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің қыруар қызметтерін, атап айтар болсақ:

- біріншіден, жүз бен жүздің, ру мен рудың және ағайын-туыстардың арасындағы алауыздық пен өшпенділікті дер кезінде ұрыс-керіссіз дипломатиялық жолмен шешу, бір сөзбен айтқанда қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

- екіншіден, дау барысында шешен сөздің құдіретін пайдалану арқылы халыққа өзінің қызметтік құзырын асыра отырып, халықты өзіне ұйыту, сауатты әділ әрі шешен сөйлеу мәнері әдісімен дауласушы тараптарды ымыраға келтіру;

- үшіншіден, шешен сөйлеу мәдениетін шырқау шегіне жеткізе меңгергені соншалық дауласушы тараптардың жүрегіне адамгершілік пен имандылық нұрын ұялатып, оларды ғұмырының соңына дейін кектесу психологиясынан айырып, мәңгілік бітістіру іс-әрекеттерін бағалайтын болсақ, қазақ билерінің шешендік өнерін теңдесіз, өзге ұлт шешендерінің өнеріне бергісіз деп айтуға болады.

Сондықтан қазіргі қоғам бәсекеге барынша қабілететті деңгейде мамандар даярлау мақсатында біріншіден, заңгерлердің білімі мен біліктілігін; екіншіден, олардың құқықтық санасы ман құқықтық сауаттылығын; үшіншіден, тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі үшін, қазақ халқының тектілік қанында бар шешендік өнерді меңгеру арқылы заңгерлердің шешен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру қажеттілігін талап етіп отыр.

Қазақ билері әрқилы заман талабына сай «Қазылар», «Билер кеңесі», «Би соты» «Билер институты» сияқты қызметтік құрылымға бөлінген. Бірақ қай уақыт, қай замандарда болмасын билердің қоғам өміріндегі белсенді бейнесі мен тартымды тарихи тұлғасы тұрақты болып қала берді. Билердің шешендік сөздерінің құқықтық мәдени сипатын анықтап, жаңа заман талабына сай жаңғырта отырып, заңгерлердің шешен сөйлеу мәдениетін жетілдіру қажет.

Қай қоғам, қай мемлекет болмасын оның басынан өткерген тарихына көз жүгірте отырып, ғылыми шолу жасайтын болсақ дау-дамайсыз, ұрыс-тартыссыз өтпегені мәлім. Қазақ қоғамында халық әртүрлі істің шиеленісіп насырға шапқан шағында даулы мәселелердің шешімін табу үшін беделді билерге жүгінген. Билердің шағымданушы тараптарды ымыраға келтіріп, бәтуа жасаған ауызша шешімдері шағымданушы тараптардың арасында және күллі қоғам алдында өз күшін жойған емес.

Шешендік өнер қоғамның барлық салаларында қолданылады. Ол адамдардың тұрмыстық және кәсіби қатынасының бір бөлігі. Шешендік өнердің әрбір түрі өз саласында халық игілігі үшін айрықша қызмет атқарады. Шешендік өнердің бірнеше түрлері бар. Олар, мазмұнына және қолданылу аясына қарай: Академиялық шешендік, Әлеуметтік-саси шешендік, әлеуметтік-тұрмыстық шешендік, діни шешендік, сауда шешендігі, педагогикалық шешендік, диалогтық шешендік, әскери шешендік және соттық шешендік болып бөлінеді.

Академиялық шешендік - жоғары оқу орындарында лекция, ғылыми конференциялардағы баяндамаға ғылыми талдау жасау болып табылады.

Әлеуметтік-саси шешендік - баяндама, үкімет, парламенттегі сөз, елшілік сөз және үгіт-насихат сөздерді саяси талдау болып табылады.

Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік - мерейтойларда айтылатын сөз, қошемет сөз және дастархан басындағы айтылатын сөздер.

Діни шешендік - мешіт, шіркеулерде айтылатын уағыз сөздер.

Сауда шешендігі - жарнама, тауарлық затардыжарнамалау.

Педагогикалық шешендік - мектеп сабағы, семинар, емтихан, сынақ, оқытушы лекциясы.

Диалогтық шешендік - Пікірталас сөзі, әңгімелесу, пресс-конференция, интервью беру және дөңгелек үстел отырысында сөйлеген сөздер.

Әскери шешендік - бұйрық сөз, әскери-саяси тақырыпқа сөйлеу, әскери-патриоттық сөздер.

Соттық шешендік - Сот процесіндегі прокурор сөзі (айыптау), адвокат сөзі (қорғау), сот сөзі (үкім шығару) .

Бұл шешендік өнердің әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатындықтан шешендік сөзге дайындалудың ерекшеліктері әртүрлі болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
Этика ұғымы және оның заты
Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар
Қиын балалармен жұмыс
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар
Қиын балалардың пайда болуы
Қиын балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау
Этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуші механизмдер
Абай, Ыбырай, Әл-Фараби тағы басқа ұлы адамдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz