Тұмау (грипп) туралы


Тұмау (грипп) - өте жұқпалы ауру.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т. б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т. б. ) әсерінен тез қырылады.
Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.
Емі
Емі - дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т. б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т. б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс
А(H1N1) доңыз тұмауы
Доңыз тұмауы немесе мексика тұмауы, болмаса «H1N1 вирусы» болжамға қарағанда доңыз ағзасында түрлі вирустардың қосындысынан пайда болған. Ол адам ағзасына түскен соң адамдар арасына жылдам тарай бастады. Бұл жаңа вирус өте жеңіл, жылдам тарайды және бүкіләлемдік індетті немесе тұмау пандемиясын тудыруы мүмкін.
Доңыз тұмауының белгілері кәдімгі тұмаудың белгілеріне ұқсас. Адамның қызуы көтеріліп, жоғарғы тыныс алу жолдары қабынып, тамағы ауырып, қалтырайды. Сырқат аса күрделі болмаса, сіз бес-жеті күн төсекте жатқаныңызбен, содан соң тағы бір, екі аптаға дейін жақсы болып кете алмайсыз. Егер сізде кәдімгі тұмаудың белгілері болса, сіз доңыз тұмауы белсенді түрде таралып жатқан жерде тұратын болсаңыз, немесе сіз осындай жерден келсеңіз, болмаса сіз доңыз тұмауымен ауырған адаммен кездескен болсаңыз, онда осының барлығы сізде аталған тұмаумен ауырып қалмадым ба деген күдік тудыруы керек.
Бұл вирус қалай пайда болды?
«Доңыз тұмауы» жалпы шошқаларда кездесетін, А типті вирусқа жол ашатын ауру. Бұл ауру тез тарайды. Ауру шошқаларға тигеннен жұғатын тыныс алу науқасы болып табылады. Шошқалар арасында бұл ауру тыныс алу жолдары арқылы, тікелей немесе жанамалы байланыс арқылы жұғады. Тұмау дегенмен, бұл вирус шошқаларда жылдың барлық мезгілінде шыға береді.
Адамдардағы тұмау вирусы секілді шошқалардағы вирус та әрдайым өзгеріп отырады. Шошқалардың тыныс алу жолдарында шошқа, адам және құс тұмауы вирустарына сезімтал ағзалар болады. Сондықтан шошқалар осы вирустарды бірдей уақытта жұқтырса, жаңа тұмау вирусы пайда болуы да ықтимал. A/H1N1 вирусы адам, шошқа және құс тұмауы вирустарының араласуынан қалыптасқан. Вирус шошқадан адамға, сондай-ақ адамнан адамға жұғады. Әзірше бұл вирусқа қарсы адамда табиғи иммунитет жоқ. Оның қауіптілігі де осында.
A/H1N1 вирусының жалпы клиникалық белгілері маусымдық тұмауларға ұқсас. Адам тұмауға шалдыққанда дене қызуы көтеріліп, қалтырайды, тыныс алу жолдары қабынады. Оның алғашқы белгілері кәдімгі тұмауға, жоғарғы тыныс алу мүшелерінің суықтауына қатты ұқсайтындықтан, вирусты бірден анықтау қиын.
Шошқа етінен ауру жұға ма?
Шошқа етін жегеннен тұмау жұқпайды. Вирус тыныс алу жолдары арқылы жұғады. «Доңыз тұмауы» етті 70 градуста пісіргенде өледі. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтарына қарағанда, «Доңыз тұмауының» халықаралық таралымы әлі белгісіз. Аурудың Америка Құрама Штаттарында өте жұқпалы деңгейде екені белгілі. Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа (Ұлыбритания, Швеция, Италия), Африка мен Қытай, Жапониядағы шошқаларда бұл қауіптің жоғары екені анықталды.
Аталмыш вирусқа қарсы шошқаларға арналған вакцина бар. Алайда адам үшін әлі вакцина табылмады. Маусымдық тұмау вакциналарының «Доңыз тұмауына» қарсы қаншалықты әсер ететіні белгісіз. Себебі тұмау вирустары өте тез өзгереді. Дегенмен мамандар «Доңыз тұмауына» қарсы жақсы әсер ететін вакцина биыл күзде, атап айтқанда қыркүйек-қазанға дейін табылып қалар деп болжайды. Ал Қытай оның емін таптық деп жариялап та үлгерді. Дәрі қазір сынақтан өткізіліп жатыр.
Ресми деректерге қарағанда әлемде «Доңыз тұмауынан» бір мыңнан аса адам қайтыс болған. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы сырқат жұқтырған 177 мың оқиғаны бақылауына алып отыр.
Вирусологтар A/H1N1 вирусы әсіресе қарт адамдар мен жас балаларға, иммундық жүйесі әлсіздер мен денесін май басқан толық адамдарға, екіқабат әйелдерге тез жұғады дейді. Ал жасы 65-тен асқандарда қорғаныштық реакция өте мықты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz