Туристік бизнесте баға белгілеу саясаты


Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
- Бағаның экономикалық мәні . . . 5Баға құралуының теориялық аспектісі . . . 5Баға түсінігі және мағынасы. Баға қызметі . . . 6
- Нарықтық экономикадағы бағаның құралу факторлары. . 9Бағаның жіктелуі . . . 9Баға белгілеу мақсаттары . . . 13Бағаның төмендеуiне әсер ететiн факторлар . . . 15Дамыған елдердегі баға белгілеу ерекшеліктері. . 16
- Туристік бизнесте баға белгілеу саясаты . . . 20Туристік қызметке баға қалыптастыру ерекшеліктері . . . 20Туристік кәсіпорында баға белгілеу кезеңдері . . . 25
Қорытынды . . . …28
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 32
КІРІСПЕ
Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі - баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.
Бағаның құрылуы жайында жоғары оқу орындарындағы көптеген мамандықтар бойынша оқу бағдарламасына еніп отыр. Бұның негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын анықтау. Жалпы баға - күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.
Турөнімді өндірушілер үшін баға басқа факторлардың өндірісіне қарағанда фирманың рентабельділігін, оның өмір сүру мүмкіндігін, қаржылық тұрақтылығын анықтайды. Осы баға стратегиясы арқылы комерциялық нәтижелікке жете алады. Ал дұрыс қабылданған баға саясаты туристік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші рөлді атқарады және ұзақмерзімде нарықта болуына қамтамасыз ете алады, сонымен қоса кәсіпорын қызметін жалпы түрде дамуына көмектеседі.
Нарықтық жағдайда кәсіпорындар өздеріне және тұтынушыларға ыңғайлы бағаны қалыптастырғысы келеді, яғни өзіндік баға саясатын жүргізгісі келеді.
Баға саясаты- бұл туристік өнімді қалыптастыру және өткізуде бағаны анықтаудың стандарттық жүйесі болып табылады. Туризмде баға саясаты туристік өнім стратегиясы арқылы қалыптасады. Стратегиядан бөлек, турфирма қызметінің баға қою принциптері әр түрлі болуы мүмкін.
Туристік фирма қызметінің баға саясатын қалыптастыру мәселесінің актуальдылығы мына факторларға байланысты болып табылады:
- бағаның қалыптасуы маркетингтік кешенннің негізгі элементі болып табылады, кәсіпорынның пайда көлемін қалыптастыруда басқарудың негізгі бөлігі болып табылады.
- туристік өнімге еркін бағаның белгілеу мынадый мәселелерді шешу әдістемесі балып табылады: нарықтық жағдайда баға қалай қалыптасады; қандай таңдау критерийін қолдануға болады; мемлекет жағынан бағаны бақылау қалай жүргізіледі;
- туристік қызмет нарығы, негізінде тұтынушының нарығы болып табылады; маркетингтік қызметтің бағасы негізгі функцияны атқарады - ол туристік ұйымның және клиенттің қызығушылығына келісу арқылы жүргізіледі .
Бұл семестрлік жұмысымда кіріспе, негізгі 3 бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі қарастырылған. 1-ші бөлімде бағаның экономикалық мәні, бағаның түсінігі және мәнін қарастырамын. Кез келген кәсіпорынның басшысы өзінің өндіріп отырған тауар немесе қызметінің бағасын анықтауда ең алдымен бағаның экономикалық мәніне көңіл аудару қажет деп есептеймін. Ал 2-ші бөлімде нарықтық экономикадағы бағаның құралу факторлары, бағаның жіктелуі, баға белгілеудегі мақсаттарын қарастырамын. Сонымен қоса, дамыған мемлекеттердегі баға белгілеу ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтемін. 3- ші бөлімде туризм саласында жұмыс жасайтын кәсіпорындарындағы баға белгілеу ерекшеліктеріне, туристік бизнесте баға белгілеу кезеңдеріне тоқталып өтемін.
Жұмыстың негізгі мақсаты:
Қазақстан Республикасындағы туристік бизнестегі баға қалыптастыру саласын дамытудың актуалды мәселелерін табуға ұмтылыс және мемлекеттік нарықтық саясатының мазмұнын талдау.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
Туристік бизнесте қызмет көрсету мен тауарлардың алға жылжуын қамтамасыз ету мәселелерін ашып көрсету;
Туристік бизнесте баға саясатының тауар мен қызмет көрсетудің дамуында кері әсер туғызатын факторларды көрсету;
Туристік бизнесте тауар мен қызмет көрсетудің қалыпты деңгейде дамуы үшін баға саясатының мазмұнын талдау және оны іске асыру;
Жұмыстың жаңашылдығы:
Туристік бизнесті дамыту мақсатында баға белгілеуге ерекше көңіл аудару. Туристік бизнесте баға қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру. Бағаға әсер ететін негізгі факторларды анықтап, өз ұсынысымды жасау.
І. Бағаның экономикалық мәні
- Баға құралуының теориялық аспектісі
Қазіргі кезде экономикалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады.
- Баға теориясы;
- Баға жүйесі;
- Баға саясаты;
Баға құрылу тәсілдері:
- Индуктивті;
- Дедуктивті;
- Диалектикалық
Баға құралу ғылымы - баға қозғалысы мен оны қолдануды зерттеуші ғылым.
Баға құралудың оқыту құралы - баға теориясы мен оның тәжірибеде қолданылуы болып табылады.
Баға механизімі, баға құралуы, баға саясаты нарықтың өте күрделі және нәзік құралы болып саналады және іс жүзінде оның құрылуы өте қиын. Сондықтан баға теориясы сұрағын бірінші қарасытуымыз керек. Оның ішінде қазіргі кезде кең таралған баға теориясының бірі шағындық баға теориясы. Бұл теорияның пайда болуы қазіргі заман экономикалық теориясының негізін қалаушылар - А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс ж. т. б. көзқарастарымен байланысты.
Шығындық баға теориясы бойынша тауар құны тауар өндірушілер еңбегінің әлеуметтік жиынтығы ретінде, ал тауар құнының өзі сол өнімді өндіру үшін қажетті өндіріске кететін шығын ретінде анықталған. Соңғысы нақты тауарды дайындау үшін қажетті жұмыс уақытымен есептеледі. Бұл жағдайда нарықтық баға сол тауарларды өндіру үшін кеткен орташа шығындар бойынша құралады. Құн екі жақты сипатталады:
- Сандық;
- Сапалық;
Сандық сипаттамада тауардың тұтынылуы құндылығын құратын сол тауарға кеткен еңбек мөлшерімен анықталады.
Сапалық сипаттамада, адамдар арасындағы тауар алмасуда өндірістік қатынастар ретінде көрсетілген. Осыған байланысты, басқа өнімге айырбастау мүмкіншілігі бар еңбек өнімі, құны бар болып есептеледі.
Егер баға теориясын тереңінен қарастыратын болсақ, онда бұл жайында ежелгі кезеңдерде де көп көңіл бөлінгендігі байқалады.
Нарықтық экономикада бағаның құрылуы тек қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен ғана емес, ақшаның қайта үлестіру факторлары әсерінен де пайда болады. Оған жататындар:
- Сұраныс және ұсыныс қатынасы. Бұл жағдайда бағаның құрылуы үшін қажет жайлардың бірі сұраным икемділігі;
- Әлеуметтік факторлар. Бұл проблемаларды баға жүйесі арқылы шешу үшін мемлекеттің араласуы;
- Мода және тауар болашағы факторлары. Көбіне бұл жайлар монополиялық өндіріспен сәйкестенеді;
- Ұлттық және климаттық ерекшеліктер факторлары. Кейбір ұлттардың тағамдық ерекшеліктеріне байланысты болып табылады.
Бұданда басқа, солтүстіктегі суық климат оңтүстіктегі өндірістерден қарағанда жылу энергиясын көп қажет етеді.
Бағаның құрылуы факторлары, көріп отырғанымыздай, әр түрлі және олардың баға көрсеткішіне әсерлері әр жақты. Бір тауарлар үшін модалық факторлар үшін артықшылық мағынада болатын болса, ал, екінші тауарлар үшін беделдік жайлар, ал, үшіншілерге ұлттық және климаттық ерекшеліктер болып табылады. Барлық факторлар бағаның құрылуына тек жеке-жеке әсер етіп қоймай, кейбір жағдайларда бірлескен жиынтық әсерлерінде тигізіп отырады.
- Баға түсінігі және мағынасы. Баға қызметі.
Баға туралы толық түсінікті алу үшін оның мағынасын тереңдете қарастырумыз қажет. Оны бағаның әр түрлі функцияларынан анықтап көруге болады. Бағаның мағынасын, оның функциясы ашып көрсеткенде - мынадай жайды есте ұстауымыз тиіс: баға функциясы ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни, ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз, ақша экономикалық мағынаға ие бола алмайды.
Баға функциясы . Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты көптеген экономистер оның негізгі қызметін атап көрсетті:
- Есептік өлшемдік;
- Қайта үлестіру;
- Ынталандыру;
- Баланыстық / теңестіру;
- Өндірісті орналастыру.
Есептеу және шығындарды өлшеу функциясын баға, әр түрлі шаруашылық үрдістерін, олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның құндық есепті орындауы бойынша жүргізеді. Мысалы, алдын ала дайындалған жағармай көлемі (көліктік дайындау шығындарын қоса алғанда) осы тауардың баға сомасына эквивалентті кәсіпорынның өндірген немесе сатып өткізген тауарлық өнімдерінің көлемі, оның өнімінің немесе қызмет көрсетуінің жиынтық құннына тең. Есептік-өлшемдік функцияны іс-жүзіне асыра отырып, тауарлар мен қызмет түрлерінің еңбек шығындарына байланысты әр түрлі тұтынушылық жайлардың салыстыруына мүмкіндік туындатады. Қоғамнның дайын тауарларға деген мұқтаждығының қамтамасыз етілуінің қаншаға түсетіндігін баға көрсетіп береді. Сонымен қатар өндірістік айналым шығындарын және пайда көлемін анықтайды.
Баға механизімінің көмегімен экономика секторындағы пайда мөлшері жоғары өндірістерге капиталдың шоғырлануы іс-жүзіне асады. Осыған сәйкес баға өзінің өндірісті орналастыру функциясын жүргізеді.
Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы (баланыстық), өндірістегі және айналымдағы келісімсіздік ( диспропорциялық) жайлардың орнын толтыру есебінен немесе бағаның өзгеруі есебінен (немесе бұл екі шараны бір кезеңде жүргізу арқылы) жүргізілуі мүмкін.
Бағаның ынталандыру функциясының мәндік сипаттамасын төмендегідей сипаттауға болады: Яғни оның өндіріске әсер етуі және әр түрлі тауарларда пайданың бекітілген деңгейі арқылы тұтынылуы.
Бағаның көмегі арқылы, ғылыми техникалық прогресті, шығын үнемділігін қамтамасыз етуді, өнімдер сапасын жақсартуды, өндіріс және тұтыну құрылымдарын өзгертуді ынталандыруға немесе керісінше тоқтатуға мүмкіндік туындайды.
Ынталандыру функциясы, бағадағы пайда деңгейін теңестіру жолымен бағаға қосымша баға немесе жеңілдіктер беру жолымен жүргізледі.
Бағаның үлестіру және қайта үлестіру функциясы да негізгі орындарға ие. Ол нарықтық факторлар іс-әрекеті шегінде бағаның құнынан ауытқуына байланысты. Баға үлестіру және қайта үлестіру экономика салалары арасындағы ұлттық түсімнің, оның секторларының, әр түрлі меншік формаларының, аймақтарының, қорлану және тұтынылу қорларының, әр түрлі әлеуметтік тұрғындар тобының арасында үлестіру құралы ретінде қолданылады. Мысалы: қымбат заттарға (алтын, күміс) және беделі имеджі жоғары тауарларға бөлшек сауда бағасының жоғарлауы халықтың бір бөлігінің әлеуметтік бағыттағы қорларды құруы үшін ақша түсімін үлестіруге көмектеседі. Бағаның бұл функциясы нақты бір тауалар тобының аксизы, ҚҚС және басқа да салықтық сипаттағы алымдар, мемлекет халқының әлеуметтік мұқтаждығын қанағаттандыруға бюджеттік аударымдар арқылы көрініп отырады.
Баға үлестіру құралы ретінде активті түрде қолданылады. Көбіне мемлекеттік немесе реттеуші бағаны қолданғанда бұл жайлар байқалады. Дегенменде, баға-үлестіру мен қайта үлестірудің жалғыз ғана құралы емес. Бұл жерде қаржы-несие жүйесі және еңбек ақы да үлкен роль атқарады.
Бағаның әр түрлі функцияларының арасында тығыз байланыс бар. Олар кейде бір бағытты нұсқаса, келесіде бір-біріне қарама-қайшы жағдайда болуы мүмкін. Мысалы: бағаның ынталандыру функциясы сұраным мен ұсынымды теңестіру функциясын іс-жүзіне ауыстыруға көмектеседі, сұранымға ие тауарлар өндірісін өсіруге жол ашады. Ал, бағаның төмендеуі ұсыным көлемін төмендетеді.
Бағаның үлестіру функциясы өндірісті оңтайлы орналастыру функциясымен бірге іс-әрекет жасайды, яғни жоғарғы сұранымға ие тауарлар өндірісі сферасына капиталдың жинақталуын іс-жүзіне асырады.
Есептік-өлшемдік баға сферасы көп жағдайларда өзінің басқа функцияларымен қарама-қайшы жағдайда болады, себебі, нарықтық жағдайда баға, өндірістік шығындардан көп ауытқуларға ие. Баға функцияларының бір-бірімен байланысын айта келсе, оның арнайы маркетингтік зерттеулер құралы болып табылатындығын ұмытпауымыз тиіс.
Экономикадағы баға жүйесі . Экономикадағы іс-әрекет жасаушы барлық бағалар бір-бірімен байланысты және өзара жеке жүйе құрады. Бұл жүйе көптеген нарықтық фактордың әсерінен әр уақыт қозғалыста болады. Баға жүйесі жеке өзара байланысты баға блоктарынан құрылады. Барлық бағалардың байланыс негізін, қан тамырлары қызметіне ұқсас байланыстық принципі құрады, бір жүйедегі баға қозғалысы басқа да барлық жүйеге автоматты түрде өзгертулер енгізіледі.
Баға жүйесінің маңызды және негізгі блоктары төмендегідей:
- Көтерме сауда бағасы;
- Сатып алу бағасы;
- Бөлшек сауда бағасы;
- Жүк көлік қызмет көрсету тарифі;
Бағаның негізгі блоктары бірнеше блокасты бөліктерден тұрады. Мысалы ретінде: көтерме сауда бағасы блогы екі блокасты тобына бөлінеді, кәсіпорындардың көтерме сауда /босату/ бағасы және өнеркәсіп көтерме сауда бағасы. Жүк көлігі тарифтер блогы мынадай блокасты бөліктерінен тұрады: темір жол жүк көлігі тарифі, теңіз жүк көлігі тарифі, өзен жүк көлігі, әуе жолымен тасымалдау, автожүк көлігі, құбыр байланысы жүк көлігі тарифтері.
Барлық бағалар жүйелерінде анықтаушы және негіздеуші роль атқаратын, бұл -базалық өнеркәсіптік салалар өнімдерінің бағасы, яғни, отын - энергетикалық кешендерінің, металлургия саласының өнімдері, себебі, бұл өнімдер экономиканың барлық салаларында қандайда болмасын бір көлемде тұтынылады немесе қолданылады. Энергетикалық өнімдер бағасының өзгеруі барлық өнімдер мен қызмет түрлерінің баға деңгейіне тез арада өзгерістер енгізетіндігі айқын.
Жоғарыда аталып өткендей, баға жүйесіндегі барлық бағалар бір-бірімен тығыз байланысты. Өзара жеке жүйе құрушы бағалар байланысы және өзарар тәуелділігі төмендегідей екі жағдайға негізделген:
- Құн заңы, сұраным мен ұсыныс және де басқа экономикалық заңдарды қолданана отырып, жекеше әдістемелік негізде бағаның құралуы;
- Бағаның әсерінен өндірістік кәсіпорындар мен салалардың шаруашылық қызметінің байлаыстылығы.
Бұл байланыспен тәуелділікті агроөнеркәсіптік, орман және басқа да кешендік кәсіпорындар мен салалар мысалында көруге болады. Бұл жағдайда айтатынымыз, соңғы өнімнің бағасы, келесі және аяқтаушы кезең үшін қолданылатын шикізат ретінде бастапқы кезең өнімінің баға деңгейімен анықталады.
Баға байланысы тек қана кәсіпорындар арасындағы технологиялық байланыс кезінде ғана емес, оның жоқ кезінде де болатындығы байқалады. Себебі, жеке салалардағы және жеке категориялық жұмысшыларға еңбек ақы деңгейінің өзгеруі, зергерлік бұйымдардың, әдет-ғұрыптық қызмет түрлерінің және т. б. арзандап немесе қымбаттап кетуіне әсер етуі ықтимал.
ІІ. Нарықтық экономикадағы бағаның құралу факторлары
2. 1. Бағаның жіктелуі
Жеткілікті түрде күрделі баға жүйесінде бағыт-бағдарды таңдау үшін баға жіктемелері қолданылады. И. Жельтякова, Г. Маховикова, Н. Пузыния бағаның келесідей жіктемесені атап көрсетеді:
Айналымды қамтамасыз ету сипаттамасы бойынша:
- Көтерме сауда бағасы -кәсіпорынның өндірген тауарын басқа кәсіпорынға немесе сатып-өткізу ұйымына сату үшін қолданылатын баға.
- Көтерме сауда бағасы -сауда -саттық ұйымының халыққа өнімдерді сатып өткізуі үшін қолданылады.
- Сатып алу бағасы- ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өз өнімдерін келесі өңдеулер үшін мемлекетке, фирмалар мен кәсіпорындарға сату бағасы.
- Сметалық құн - құрылыс өнімдеріне (ғимараттар мен құрылғылар, ) төлеу үшін баға.
- Халыққа қызмет көрсету бағалары мен тарифтері - бөлшек сауда бағаларының негізгілерінің бірі.
Мемлекет тарапынан реттелу әсерлері, нарықтық бәсекелестікке байланысты:
- Еркін нарықтағы баға- нарық коньюнктурасына сәйкес сұраным мен ұсыныс негізінде өнімдерге өндірушілердің қойған бағасы.
- Реттелуші баға- арнайы басқару органдарының қойған бағасы, олар көбіне жоғарғы дәрежелі әлеуметтік бағыттағы өнімдер, тауарлар мен тарифтерге байланысты қойылады.
- Париттетік баға - бағаның бұл түрі АҚШ -да мемлекеттік органдар, ауылшаруашылық өнімдері бағасы мен басқа да тауарлар және қызмет түрлері бағасының қатынасын реттеу үшін қолданылады.
Бағаның қойылу әдісі бойынша:
- Қатаң (тұрақты) баға - келісім шарттарда қолданылады және оның аяқталуына дейінгі кезеңде өзгеріссіз қалады.
- Ағымдағы баға - әрбір кезеңдегі баға деңгейі. Олар бір келісім шегінде өзгеруі мүмкін және баға жағдайымен айқындалады.
- Қозғалмалы баға - келісімде белгіленген баға, екі жақтың келісімі бойынша нарықтық бағаның өзгеруіне байланысты келісімнің орындалуы кезінде болашақта өзгеріске ұшырайтын баға.
- Сырғымалы баға - бағаның бұл түрі ұзақ уақыт дайындалу кезеңін қажет ететін өнімдерге қойылады. Өнімді дайындау үшін қажетті, сол уақыт кезеңінде өндіріс шығындарының өзгерісін есепке ала отырып алғашқы келісім бағаны келісім-шарттың орындалуы кезінде қайта қарастыру жолымен анықталады.
Уақыт әсерлерін есепке алу бойынша:
- Тұрақты
- Маусымдық
- Баспалдақты.
Баға деңгейі туралы мәліметтерді алу әдісі бойынша:
- Анықтамалық
- Прейскуранттық
- Есеп айырысу бағасы
Нарық түрлеріне байланысты:
- Аукциондық
- Биржалық котировка -биржа арқылы сатылатын стандартталған бір түрлі ұқсас тауарлардың бағалары
- Сауда бағасы - мамандандырылған сауда бағасының негізгі бір түрі. Бағаның бұл түрі тауарларды жеткізуге тапсырыстар беруге негізделеді.
Фирма ішінде қолданылатын баға түрлері:
- Трансферттік баға- бір фирма бөлімшелерінің арасында немесе бір ассоциацияға кіретін әр түрлі фирмалар арасында өнімдерді сатып-өткізу кезінде қолданылатын баға.
Жеткізіп беру және сату жайлы бойынша:
- Баға нетто -сатып алу-сату орнындағы баға.
- Баға брутто - сатып алу - сату жайларын есепке ала отырып анықталады. (Франко) - бұл термин, тауарлардың қозғалыс кезінде сатушыдан сатыпалушыға дейін қайсы пункт аралығында бағаға транспорттық шығындардың енгендігін көрсетеді.
Сонымен қоса, бағаның монополды баға, монопсоды баға, халықаралық баға деген түрлері бар.
Монополды баға, монополиялар бекіткен жоғары немесе төмен өндіріс бағасын айтамыз. Монопсоды баға, жалғыз сатып алушымен қойылатын баға.
Халықаралық баға-халықаралық сауда бағасы.
Қазіргі уақытта тауарды сатып алу мен қызмет көлемінің 70-80% еркін баға үлесі қамтиды. Нарық діңгегін еркін баға құрайды. Нарықты зерттеу және сегменттеу дамыған көп елдерде баға міндетті түрде реттелінеді, еркін нарықты бағасыз өзін-өзі реттеу механизмі жұмыс істелмейді.
Үкімет органдары тарапынан бағаны бақылау. Мемлекетті орган мен олардың әлеуметтік партнерлары бағалы бақылаудың басты мақсаты - өмір сүру құнының өсуін айқындау.
Бағаға жанама әсер ету. Мұның мәні мынада: сыртқы саудада кейбір сандық немесе кедендік шектеуді еңгізу немесе алып тастау. Сондай-ақ есептеу ставкасының өзгеруі, салық ықпалдығын ескеру, ақша эмиссиясының көлемін көбейту немесе азайту.
Мемлекеттің баға құрылу процесіне араласуы. Бұл жерде үкімет органдарының өндіріс шығындарын көтеруге рұқсат етілуі көзделген: өзіндік құнға көтеріңкі жойылған амортизация қосылады және басқа қорларға жіберілген нәрселер.
Бағадағы лидерлік. Бұл құбылыс өндіріс саласының тауар мен қызмет көрсету саласында басталады. Себебі мемлекеттің үлесі сүбелі. Егер салаларды мемлекет пен жеке кәсіорындар басқарса, мемлекет конъюктуралық немесе құрылымдық-саяси мақсатта өзіне жататын кәсіпорындар бағасына әсер ету қолынан келеді. Мемлекет нарықтың көлемді бөлігін бақылап, ұсынымның шектелуімен баға белгілеуде лидер болып, сала бойынша оның деңгейін анықтайды. Осындай жағдай мемлекеттік ірі сатып алушы және тапсырыс беруші салаларында да қалыптасқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz