Бүтін және бөлік нормалар бәсекелестігі және квалификация тәртібі



1 Қылмысты әрекеттерге құқықтық баға
2 Бүтін және бөлік нормалар бәсекелестігі
3 Қылмыстың объективтік жағы бойынша нормалар
4 Қылмыстың субьективтік жағының міндетті белгісі
Қылмыстық заңда қарастырылған қылмыстардың бір келкі бейне-ленбей, құрамы бойынша күрделі құрамдар немесе құрамдас әрекеттермен сипатталуы кездеседі, соған сәйкес қылмысты әрекеттерге құқықтық баға беру кезінде де заң нормаларын қолдануға байланысты қйындықтар кездеседі. Нормалар бәсекелестігінің бұл түрінде бір қылмысты құрайтын әрекеттің жалпы және арнайы нормалар бәсекелестіг-індегідей бір неше нормаларға сәйкес келуі, бірақ мағынасы бойынша емес, белгілерінің көлемі бойынша байқалады. Мұндай кезде бәсеке-лестік көрсетіп отырған нормалардың белгілері әр келкі болуына байланысты бір қылмысты әрекет толық немесе ішін ара көлемде бір неше нормаларға сәйкес келеді. Мұндай жағдайда да қылмысты квалификациялаудың ережесіне сәйкес іс-әрекетті толық қамтитын норма қолда-нылады немесе бүтін және бөлік нормалар бәсекелестігі байқалғанда артықшылық бүтін нормаларға беріледі. Артықшылықтың бүтін нор-маларға берілуі деген ұғым, барлық кезде бүтін норма қолданылады дегенді білдірмейді. Бұл түсінік қылмысты квалификациялау кезінде қылмыстың барлық белгілерін анықтау керек, содан кейін осы белгілерді толық қамтитын норма заңда бар болса, осы номаны қолдану ке-рек дегенді білдіреді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
§3. Бүтін және бөлік нормалар бәсекелестігі және квалификация тәртібі

Қылмыстық заңда қарастырылған қылмыстардың бір келкі бейне-ленбей, құрамы бойынша күрделі құрамдар немесе құрамдас әрекеттермен сипатталуы кездеседі, соған сәйкес қылмысты әрекеттерге құқықтық баға беру кезінде де заң нормаларын қолдануға байланысты қйындықтар кездеседі. Нормалар бәсекелестігінің бұл түрінде бір қылмысты құрайтын әрекеттің жалпы және арнайы нормалар бәсекелестіг-індегідей бір неше нормаларға сәйкес келуі, бірақ мағынасы бойынша емес, белгілерінің көлемі бойынша байқалады. Мұндай кезде бәсеке-лестік көрсетіп отырған нормалардың белгілері әр келкі болуына байланысты бір қылмысты әрекет толық немесе ішін ара көлемде бір неше нормаларға сәйкес келеді. Мұндай жағдайда да қылмысты квалификациялаудың ережесіне сәйкес іс-әрекетті толық қамтитын норма қолда-нылады немесе бүтін және бөлік нормалар бәсекелестігі байқалғанда артықшылық бүтін нормаларға беріледі. Артықшылықтың бүтін нор-маларға берілуі деген ұғым, барлық кезде бүтін норма қолданылады дегенді білдірмейді. Бұл түсінік қылмысты квалификациялау кезінде қылмыстың барлық белгілерін анықтау керек, содан кейін осы белгілерді толық қамтитын норма заңда бар болса, осы номаны қолдану ке-рек дегенді білдіреді.

Қылмысты әрекеттерге құқықтық баға беруде егер бүтін норманың мазмұнына жасалған қылмыстың белгілері толық сәйкес келсе, онда бүтін норманың бөліктерін білдіретін нормалармен қосып, қылмыстар жиынтығымен квалификациялауға болмайды. Бірақ бұл мәселе заң қол-дану практикасында әлі толық қалыптасып болған жоқ, көбінесе сот-тергеу қызметкерлерінің мұндай нормалар бәсекелестігін ескермей қылмыстар жиынтығымен квалификация жасауы әліде кездеседі. Бүтін нормаларға артықшылық беріп, бөлікті білдіретін нормаларсыз-ақ квалификация жүргізудің негізділігін, бүтін және бөлік нормаларды са-лыстырып қарағанда әдетте бүтін нормалардың жауаптылық көлемі жоғары екендігімен анықтауға болады. Яғни бүтін нормаларда бір неше объектілердің қорғауға алынуына, өзге қылмыстың объективтік жағын құрайтын іс-әрекеттер мен зардаптарды, субъективтік жақ белгілерін де қамтуына байланысты жауаптылықты ауырлатып қарастыру тән бо-лып табылады. Сондықтан бөлікті білдіретін нормамен қарастырылған қылмыстың жауаптылығы бүтін нормалармен қамтылғандықтан қылмыстардың жиынтығы түрінде квалификация жасау дұрыс шешім бо-лып табылмайды. Басқаша айтқанда, бөлікке қарағанда бүтін норма-лардың қоғамға қауіптілігі ауыр деп түсінген дұрыс.

Нормалар бәсекелестігінің мұндай түрі орын алғанда бөлікті білдіретін қылмыстың белгісі қандай құрамнан шығатынын білу керек және осыған қарап қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін, оның басқа қылмыспен ұқсас белгілерін анықтауға болады.

Бүтін және бөлік нормалар бәсекелестігі әр түрлі деңгейде байқала-ды және көлемі бойынша толық және ішін ара деңгейде болып, олар қылмыстық құрамның объектісі, объективтік және субъективтік жағы-ның белгілері, субъектісі бойынша бәсекелестік байқатады немесе осы құрам элементтері бойынша ішін ара бірін-бірі қайталайды. Сонымен қатар бөлік деп есептелетін бір нормадағы қылмыстың белгілерін бүтін деп бағаланатын екінші норма барлық құрам белгілері бойынша толық көлемде қамтуы да мүмкін.

Қылмыстардың объектісі бойынша нормалар бәсекелестігінде бір қылмыс құрамының объектісі екінші қылмыс құрамы объектісінің бір бөлігін білдіріп тұрады. Мысалы кепілге алу қылмысының объектісі қоғамның қауіпсіздігі болып табылады дегенмен, осы қылмыста адамның жеке бостандығына да қарсы әрекет жасалады. Демек адамның жеке бостандығын арнайы қорғайтын адамды ұрлау, бас бостандығы-нан заңсыз айыру, психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру қылмыстарының объектісі кепілге алу қылмысы обектісінің бір бөлігі бо-лып табылады немесе жоғарыда аталған қылмыстардың объектілерімен салыстырғанда кепілге алудың объектісі толық деп бағаланады. Сондай-ақ абайсыздықта адамның қазасына соқтырған адамды ұрлау, кепілге алу, әйел зорлау, қарақшылық, еңбекті қорғау ережелерін бұзу сияқты қылмыстардың объектісі 101 бапта қарастырылған абайсыздықта қаза келтіру қылмысының объектісінен толық деп танылады. Себебі 101 бапта қылмыс объектісі ретінде тек бөтен адамның өмірі алынса, ал жоғары-дағы қылмыстардың объектілері 101 баппен салыстырғанда толық бо-лып табылады. Бұларда адамның өмірінен басқа қоғам қауісіздігі, адамның жеке бостандығы, жыныстық бостандығы, меншігі, азаматтардың еңбек етуден туындайтын құқықтары қылмыс объектісі ретінде алынғ-ан. Сонымен қатар жоғарыда аталған қылмыстарды қарастыратын бап-тарда адамның өміріне зардапты абайсыздықта келтіру баптың 3 бөлімінде ауырлататын құрам түрі ретінде келтірілген. Осыған байланысты мысалы адам ұрлау қылмысын қарастыратын 125 баптың 1 бөлімімен салыстырғанда осы баптың 3 бөлімінің объекті көлемі толық деп бағаланады. Себебі 125 баптың 1 бөлімі бойынша квалификациялануға жататын адам ұрлаудың объектісі бөтен адамның жеке бостан-дығы болса, ал 3 бөлімде келтірілген құрамның объектілері жеке адамның бостандығы және адамның өмірі деп танылады. Демек, 125 бап-тың 1 бөліміне қарағанда оның 3 бөлімінің объектісі толық немесе бүтін беп бағаланады. Ал бұл бүтін объектінің бөліктері 101 бапта және 125 баптың 1 бөлімінде жеке қылмыс объектісі ретінде қарастырылған. Осы негізде егер бөлік нормалардың объектілері бір қылмыстық әрекетте орын алса және бір неше обьектілерге қарсы әрекетті бір қылмыс ретінде қарастыратын заң нормасы бар болса, онда қылмыс объектісі бойынша бүтін, толық нормамен квалификациялануы керек.

Қылмыстың объективтік жағы бойынша нормалар бәсекелест-ігінде біріншіден, бір бапта келтірілген қылмыстың белгілері екінші бір баптағы қылмыстың белгірінің бір бөлігін ғана білдіріп тұрады немесе екіншіден, мағынасы бойынша жеңілірек болып саналатын қылмыстың белгісін одан ауырырақ қылмыс қоса отырып, нақты бір қылмыстың объективтік жағын көрсетеді. Мысалы жеңілірек деп бағалана-тын тағылық қылмысының белгілеріне қарағанда, одан ауыр қылмыс түріне жататын бұзақылық қылмысының объективтік белгілері толық деп саналады. Себебі бұл екі қылмыста қоғамдық тәртіпті көрінеу си-ламайтын әрекеттермен анықталғанмен, қоғамдық ортада жасаған әрекеттерінің қауіптілігіне, азаматтарға қарсы күш қолданудың болуына байланысты бұзақылық қылмысының объективтік белгілері толық не-месе көлемді деп бағаланады. Негізінде объективтік жағының белгілері бүтін деп саналатын нормалардың басқа қылмыстың объективтік белгілерін де қамтуын түсінген дұрыс. Өйткені мұндай кезде нормалар бәсекелестігі анық көрінеді және заң қолдану жұмысын тиімді шешуге болады. Мысалы 321 баптағы өкімет өкіліне қатысты күш қолдану қылмысын сипаттайтын объективтік жақтың белгілерін 112 баптағы қор-қыту қылмысының объективтік белгілерімен салыстырғанда толық деп тануға болады. Себебі қорқыту әрекеті (бөлік) 112 бапта жеке қылмыс ретінде қарастырылғанмен оның белгілері өкімет өкіліне қатысты күш қолдану (бүтін) қылмысының бір белгісі ретінде қолданылады. Сол сияқты 261 баптағы есірткі заттарды түтынуға көндіру әрекеті 103 бап-тағы адамның денсаулығына ауыр зардап келтірудің бір түрі ретінде анықталады. 261 бап объективтік жағының белгілері бойынша бір әрекетпен сипатталады және адамның есірткіге тәуелді болуын міндетті белгі ретінде қарастырмаған, ал мұндай әрекетті жасау 103 баптағы денсау-лыққа ауыр зиян келтіруге бағытталған әрекеттердің бір түрі болып табылады, сондықтан 261 баппен салыстырғанда 103 бапта қарастырылған қылмысты объективтік жағының көлемі бойынша толық немесе бүтін норма деп танылады. Бәсекелестіктің мұндай түрі бір баптың әр түрлі бөлімдерінің арасында да кездеседі, бірақ мұндай кезде де бөлік ретінде өзге қылмыстың объективтік белгілері болып табылатын қылмысты әрекеттер немесе зардап келтіріледі. Мысалы автомобильді не-месе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену үшін жауаптылық қарастыратын 185 баптың 2 бөлімі в пунктінде адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен немесе Сондай күш қолданамын деп қорқытумен жасалған әрекет келтірілген. Бұл ауырлататын құрам объективтік белгілері бойынша толық деп бағала-нады, өйткені бұл құрамда 185 баптың 1 бөліміндегі және 178 баптың 2 бөліміндегі әрекеттер қосылып, бір құрамның объективтік белгілері түрінде бейнеленген. Сондықтан мұндай кезде 185 бап 1 бөлімі және 178 бап 2 бөлімі бөлік нормалар деп бағаланады.

Бүтін және бөлік нормалардың бәсекелестігі объективтік жақтың белгілері бойынша мынандай нұсқаларда кездеседі:

- бір нормадағы әрекет басқа нормадағы әрекеттің бір бөлігін білдіреді. Мысалы бандитизм қылмысының бір белгісі 251баптағы қару немесе жарылғыш заттарды заңсыз иелену, алып жүру. Сондай ақ шпиондық қылмысын құрайтын әрекеттер мемлекетке опасыздық қылмысының жеке бір түрі болып табылады;

бір нормада келтірілген зардап басқа нормадағы зардаптың бір бөлігін білдіреді. Мысалы еңбекті қорғау ережелерін бұзу үшін жауап-тылық қарастыратын 152 бапта адамның денсаулығына ауыр және орта-ша, сондай-ақ өміріне зардаптар келтіру көрсетілген. Мұндай зардап түрлері адамның өміріне, денсаулығына қарсы қылмыстарда жеке-жеке келтірілген. Салыстыра қарағанда 152 баптағы зардаптар көлемі және түрлері бойынша толық болып табылады;

бір норма ауыр зардаптарға соқтырмаған әрекетті келтірсе, басқа-сы ауыр зардапқа соқтырған осындай әрекеттерді келтіруі мүмкін. Мұндай бәсекелестік әдетте бір баптың әр түрлі бөлімдерінің арасында кездеседі. Мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысқа оқталуды саралау
Нормалар бәсекелестігінің түсінігі және түрлері
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Оқулық
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Қылмыстық құрамның мазмұнын түсіну
Қылмыстардың жиынтығы бойынша квалификациялау
Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау
Жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігі
Пәндер