Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасы


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті
Тарих педагогика факультеті
Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы
ОБСӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының флорасы мен
фаунасы
Қабылдаған : Абдукаюмов С.
Орындаған: Дәулетова Г.
Тобы: ППМ-111
Түркістан - 2011 ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының флорасы.
2. Қазақстан Республикасының фаунасы .
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасы ау райы, жер бедері мен географиялық орнына байланысты бес зонаға бөлініп, қалыптасқан. Әрбір табиғат зонасының өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары бар.
- Орманды дала зонасы.
Орманды дала зонасының өсімдігі алуан түрлі, онда шоқ-шоқ болып, өсіп тұған орманды жиі ұшыратамыз. Кішігірім өзен-көлдердің жағалауларында тал өседі. Ойпаттарында қайың мен көктерек жайқалып тұрады. Жануарлар дүниесі орманда да, далада да мекендейді. Сүтқоректілерден ақ қоян, су егеуқұйрығы, ақкіс, ақ құлан, түлкі, қасқар, елік, бұлан т. б. кездестіреміз.
- Дала зонасы.
Өсіп тұрған орманы жоқ, айнала ашық, көз жеткісіз жазық ақап, бұл дала табиғатына тән көрініс. Бүгінде дала зонасы орманды дала сияқты түгел дерлік жыртылған. Шөптесін өсімдіктерден дала шалфейі, сары жоңышқа, бөрі бұлшақ, беде, құрай т. б. өседі. Ал жануарлары ашық ландшафт жағдайында тіршілік етуге бейімделген. Сүтқоректілерден үлкен сарышұнақ, суыр, қосаяқ, байбақ кездеседі. Жыртқыш аңдардан қасқыр қасқыр, түлкі, борсық, қарсақ көп таралған.
- Шөлейт зона.
Шөлейт зонада далада да, шөлде де шығатын өсімдіктер өседі. Дала зонасына қарағанда шөлейт аймақта өсімдіктің бітік өсуі екі есе аз. Жануарлар дүниесі де алуан түрлі. Шөлейтті және шөлді жерлерде су тапшы болғандықтан, қарақұйрықтар мен ақбөкендер көптеп кездеседі.
- Шөл зона.
Шөл зонада өсімдік қаулап шықпайды, сирек, селдір өседі. Ағаш текті өсімдіктерден ақ және қара сексеуіл өседі. Жануарлардан бат-бат кесіртке, керпі, қара құйрық т. б. кездеседі.
- Биік таулы аймақтар.
Таудың Оңтүстік, Оңтүстік-Шығысында қылқан жапырақты қарағайлар мен балқарағайлар өседі. Сонымен қатар қазтамақ, сарғалдақ, көк шегіргүл, қоңыраубас т. б. кездеседі. Жануарлар дүниесіне келсек нлік, босық, жауран, суыр, ілбіс т. б.
Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасы
Тобы: ППМ-111
Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы - саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы - қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы - жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4, 8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн - эндемиктер. Қазақстан флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңтүстік Балқаш өңiрi мен Бұрынтаудың жоғарғы ордовиктiк қатпарлардан табылған. Оларға плаун тәрізділер, қырықбуындар жатады. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.
Республикамыздың қазiргi флорасы эоцендiк субтропиктiк (36 - 58 млн. жыл бұрын), олигоцендiк орманды-мезофильдiк (26 - 35 млн. жыл), неогендiк ежелгi жерортатеңiздiк таулы-ксерофиттiк, субтропиктiк-ксерофиттi бұталық және миоцен-плиоцендiк алғашқы далалық (13 - 25 млн. жыл), плейстоцендiк (2 млн. жыл) флоралардың негiзiнде қалыптасқан.
Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биологиялық, экологиялық, эволюциялық ерекшелiктерiне байланысты әр түрлiбiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.
Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Жалпы орманды дала зонасының алып жатқан жер көлемі республика жер аумағының 7%-ын қамтиды. Орманды дала зонасы Қазақстанның солтүстігіне кіреді. Батыстан шығысқа қарай 150-200 км-ге дейінгі жерге созылып жатыр. Орманды дала зонасының орманды жерлерінде орманның сұр топырағы, ал далаларында құнарлы қара топырақ кездеседі. Орманды дала зонасының өсімдігі алуан түрлі, онда шоқ-шоқ болып өсіп тұрған орманды жиі ұшыратасың. Ылғалды, батпақты ойпатты жерлерінде бұта, тал қалың болып өседі, ондай жерлерді «шілік» дейді. Кішігірім өзен көлдердің жағалауларында тал өседі.
Қайың-күннің көзін жақсы көретін, тез өсетін ағаш. Оның бірнеше түрі бар, негізінен бізде ақ қайың өседі. Оның биіктігі 25-30метрге дейін жетеді, 400 жылдай өмір сүреді. Ағаштың арасында шөп қалың болып шығады. Әсіресе бидайық, арпабас, қоңырбас, сиырсілекей, қоян шөптер жердің төсін құлпыртып жібереді. Шоқтанып өскен көк теректі, қайыңды орманның ішінде саңырауқұлақтар жақсы шығады. Кілең қарағай өсетін орманды қара орман деп атайды. Қарағайлы орманның ауаны әр түрлі зиянды бактериядан тазартатын қасиеті бар. Орманды дала зонасының ойпаң жерінде қияқ, елекшөп, мажыра өседі, оларды орып, пішен дайындайды.
Далалық аймақ елiмiздiң жер аумағының 26%-ын алып жатыр, аумағы 110, 2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктерi) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам өсімдік түрлері бар деп шамаланады. Оның 175-i - эндемиктер. Дала зонасының топырағы қара және қызыл топырақ. Бүгінде дала зонасы ормнды дала сияқты түгел дерлік жыртылған. Егістікке жыртылғанға дейін дала зорасында неше түрлі шөптесін өсімдіктер өсетін. Шөптесін өсімдіктерден дала шалфейі, сары жоңышқа, бөрі бұршақ, беде, қурай, сасыр, жусан т. б өседі. Даланың оңтүстікке қарай топырағы сортаңдана бастайды, мұндай жерлерде татар төскейшөбі, түкті төскейшөп, мыңжапырақ, түймедақ бітік шығады. Орал, Мұғалжар және Орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларында шиыршық тасты, тастақты дала ұшырасады. Мұнда таубетеге, шөл құмбасы, суық жусан тараған. Дала аймағы жұмыршақ, дәрілік түйежоңышқа, меңдуан, жараргүл, құндызшөп сияқты алуан түрлі өсімдіктерге бай.
Шөлейт зона Қазақстанның жалпы жер көлемінің 23%-вн алып жатыр. Дала зонасына қарағанда шөлейтті аймақта өсімдіктің бітік өсуі 2 есе аз, сондықтан топырағы онша құнарлы болмайды. Шөлейт зонаның жеңіл саздақты, көбінесе сортаңдау жерлерінде шым түзетін астық тұқымдас өсімдіктер: ақ жусан, мыңжапырақ, түймедағы, шөл еркекшөбі, құм еркекшөбі өседі. Көбінесе ойпаң жер шабындыққа бау-бақша егуге пайдаланады. Ұсақ шоқылы жерлердің тастақты топырағында өсімдік селдір өседі. Ондай жерлерде жусан, тобылғы, райқан, сүттеген жақсы өседі. Көктемде тасыған өзен жайылымдарының орнына түрлі шөптер қаулап, шалғынға айналады. Ондай жерлерде жатаған, бидайық жақсы шығады.
Шөл зонасыны жалпы республиканың 40%-ын алып жатыр: Шөлді жерлерде өсімдік алдымен құм төбелердің арасындағы ойпаттарда, беткейлерде өседі. Ағаш текті өсімдіктерден қара және ақ сексеуіл өседі. Республикамыздың оңтүстігінде Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жерінде дермене өседі. Бұл өсімдік дүние жүзінің бірде -бір жерінде кездеспейді. Тек Қазақстанда ғана өсетін өсімдік. Оның биіктігі 30-50см, сабағы тік, тамыз, қыркүйек айында гүлдеп, қазан- қараша айында жеміс береді. Дермененің құрамында дәрілік сантоним деген зат бар. Шөлді жерлерде жүзген, құм қараған, қияқ, еркекшөп, селеу өседі.
Қазақстанның таулы экожүйерінің аумағы 18, 6 млн. ға, яғни республика жерінің 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4-5 биіктік белдеулі биік таулар ғана.
Таулы экожүйелердiң флорасын 3400 - 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның iшiнде 540 - 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 - 170 эндемик түрлер бар. Олардың iшiнде, шыршалы (шренктiк шырша, сiбiрлiк шырша) ; май қарағайлы, самырсынды (сiбiрлiк самырсын, сiбiрлiк майқарағай) ; қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрiктi (кәдiмгi өрiк), қайыңды-теректi (түктi қайың, көк терек) - жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөрiқарақаттың (зеректiң), аршаның, қылшаның, бетегенiң, сарыкүйiк қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы - пайдалы өсiмдiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк өсiмдiктердiң 700-ден астам түрi, дәрiлiк өсiмдiктердiң 400-ге жуық, әсемдiк-безендiрушiлiк 700 - 800, ширнелiк (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсiмдiктер түрлерi бар.
1. 2. Қазақстан Республикасының фаунасы
Қазақстан жерiнде сүтқоректiлердiң 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекендiлердiң 12, балықтың 104-ке жуық түрi бар. Омыртқасыз жәндiктер шаян тәрiздiлер, ұлулар, құрттар, т. б. ) бұдан да көп. Тек жәндiктер түрлерiнiң өзi-ақ 30 мыңнан асады. Қазақстанның солтүстiгіндегі орманды дала белдемiнде бұлан, елiк, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекiлiк, көл айдындарын су құстары - аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Едiл өз. жағалауынан Алтай тауы бөктерiне дейiнгi астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйiрбас сұр тышқан, кәдiмгi сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан - дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседi. Көктемнен күзге дейiн бұл жерлерде ақ бөкен үйiрлерi жайылады, олар қысқа қарай шөлдi аймаққа ығысады.
Едәуiр бөлiгiн Жайық өзенінiң аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнiң батыс бөлiгiн бұлан, елiк жайлаған, мұнда еур. қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседi. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекендiлерден Жайық т. б. өзендердiң аңғарында тарбақа, орман бақасы, т. б. кездеседi. Мұнда бұлдырық, сұр кекiлiк, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнiң шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сiлеусiн, елiк, арқар мекендеген. Өсiмдiк жамылғысы әркелкi шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бiрнеше түрi кездеседi. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 - 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетiн. Бұл белдемде құстан дуадақ, шiл, қылқұйрық, бозторғай, т. б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстiрт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетiн үстiрт арқары жұтаң өсiмдiктермен қоректенiп, ащы суды қанағат етедi. Үстiртте ұзын инелi кiрпi, қарақұйрық, шөл сiлеусiнi - қарақал кездеседi.
Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтiн ерекше тұқымдас өкiлi - жалманды атап өткен жөн. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш к-нiң солт. жағалауындағы кейбiр аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана бар. Солт. Балқаш маңындағы бiрнеше жерден ғана тiршiлiк ететiн бес башайлы ергежейлi қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шiл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседi. Оңт. Балқаш құмында осы араға ғана тән сексеуiл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тiршiлiк етедi. Құмайтты шөлде бiрқатар кесiртке (жұмырбас, ешкiемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т. б. ) түрлерi, дала тасбақасы тараған. Республиканың қиыр оңтүстігіндегi кейбiр жерлерде келес сақталып қалған. Өзен-көл аңғарларындағы орман-тоғайларда елiк, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т. б. кездеседi. Балқаш, Сасықкөл, т. б. көлдердiң жағалауындағы қалың қамыс арасында бiрқазан, жалбағай, ақ құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетiн, Қазақстанның “Қызыл кiтабына” енгiзiлген реликт шағала қоныстайды. Қазақстанның шығысы мен оңт-н қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесi де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сiбiр таутекесi, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиiн, борша тышқан, алтай суыры, құр, шiл, т. б. кездеседi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz