Прокуратура органдарындағы қызметтер



1.Прокурорлар, прокуратура органдарының қызметкерлерi, оларға қойылатын талаптар.
2.Прокуратура органдары қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғау.
3.Прокуратура органдары қызметкерлерінің сыныптық шендері,әскери атақтары және нысанды киімдері.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан прокуратурасы мемлекеттiк орган, ал оның қызметкерлерi мемлекеттiк қызметкер болып саналады. Сондықтан да прокуратура органындағы қызмет ҚР “Прокуратура туралы” және “Мемлекеттiк қызмет туралы” Заңдарына негiзделедi.
ҚР “Прокуратура туралы” Заңының 48-бабына сай, прокурор - өз құзыретi шегiнде заңдардың, ҚР Президентi жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерiнiң өкiлi болуды, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда, тәртiп пен шекте қылмыстық құдалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.
Прокурорлар: Республиканың Бас Прокуроры, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, прокуратура органдары департаменттерiнiң, басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының аға прокурорлары және басқармалары мен бөлiмдерiнiң прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкiлеттi және арнаулы прокурорлар.
1. ҚР Конституциясы
2. ҚР “Прокуратура туралы” , заңы
3. Интернет сайттары

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1.Прокурорлар, прокуратура органдарының қызметкерлерi, оларға қойылатын талаптар.

2.Прокуратура органдары қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғау.

3.Прокуратура органдары қызметкерлерінің сыныптық шендері,әскери атақтары және нысанды киімдері.

Пайдаланылған әдебиеттер

Прокуратура органдарындағы қызмет.

1.Қазақстан прокуратурасы мемлекеттiк орган, ал оның қызметкерлерi мемлекеттiк қызметкер болып саналады. Сондықтан да прокуратура органындағы қызмет ҚР “Прокуратура туралы” және “Мемлекеттiк қызмет туралы” Заңдарына негiзделедi.

ҚР “Прокуратура туралы” Заңының 48-бабына сай, прокурор - өз құзыретi шегiнде заңдардың, ҚР Президентi жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерiнiң өкiлi болуды, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда, тәртiп пен шекте қылмыстық құдалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.
Прокурорлар: Республиканың Бас Прокуроры, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, прокуратура органдары департаменттерiнiң, басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының аға прокурорлары және басқармалары мен бөлiмдерiнiң прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкiлеттi және арнаулы прокурорлар.
Прокуратура органдарының қызметкерлерi: прокурорлар қызметiнде аттестациядан өткен адамдар және тiкелей ғылыми-зерттеу немесе оқытушылық жұмыс жүргiзетiн прокуратура ғылыми және бiлiм беру мекемелерiнiң аттестациядан өткен қызметкерлерi.
Әскери, табиғат қорғау, көлiк, арнайы объектiлердiң прокуратуралары мамандандырылған прокуратуралар болып ұғынылады.
Прокуратура органдарына қызметке жоғарғы заң бiлiмi бар, қажеттi iскерлiк қабiлетке ие, ғибратты-өнегелi, өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға денсаулығы жарайтын Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi түрде қабылданады.
Прокуратура органдарына қызметке алу мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын-ала сұрау салынған және азаматтар мiндеттi арнаулы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады. Бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақталмаған негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан,соттар мен әдiлет органдарынан жағымсыз қылықтары бойынша босатылған адамдар прокуратура органдарына қызметке қабылданбайды.
Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына, аудандық, қалалық және оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына 25 жасқа толған, прокуратура органдарында кемiнде үш жылдық жұмыс стажы бар адамдар тағайындалады.
Әскери прокурорлар сонымен бiрге әскери қызметшiлер болуы керек, оларға әскери қызмет және ҚР Қарулы Күштерi әскери қызметшiлерiнiң мәртебесi туралы ҚР заңдары толық көлемде қолданылады.
Прокуратура органдарының қызметкерлерi ҚР Бас Прокуроры белгiлiген тәртiппен үш жылда бiр рет аттестациядан өткiзiледi.
Прокуратура органдарына қызметке тұңғыш рет тағайындалған адам мәтiнiн Республика Президентi бекiткен ант бередi.
Прокуратура қызметкерлерiне белгiленген үлгiдегi куәлiк берiледi. Республиканың Бас Прокурорына, оның орынбасарларына куәлiктi Республика Президентi бередi. Республиканың Бас Прокуроры, облыстардың прокурорлары қарауындағы қызметкерлерге белгiленген үлгiдегi куәлiктi бередi.
Прокуратура органдарында қызмет өткеру тәртiбi ҚР Президентi бекiтетiн ҚР прокуратурасы органдарында қызмет өткеру туралы ережемен реттеледi.
Прокуратура органдары қызметкерлерiне атқаратын қызметiне, бiлiктiлiгiне және арнаулы қызметтегi стажына сәйкес сыныптық шендер мен әскери атақтар берiледi және олар нысанды киiммен тегiн қамтамасыз етiледi.
Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру, тәрбиелеу және әлеуметтiк,құқықтық қорғау.
Прокуратура органдарының маңызды мiндеттерiнiң бiрi кадрлардың кәсiби шеберлiгi мен бiлiктiлiгiн арттыру.Бiлiмдi ұдайы толықтырып отыру - өткiзiлетiн реформалардың тиiмдiлiгiн арттыру мен прокуратура органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық мiндеттерiн жоғарғы дәрежеде орындаудың маңызды шарттары болып табылады. ҚР Бас Прокурорының арнайы бұйрығында көрсетiлген мерзiмде прокуратура органдарының басшылары мен қалған қызметкерлерi бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өткiзiледi.Сонымен қатар прокуратура қызметкерлерi бiлiмдерiн көтеру үшiн шет елдерге де оқуға жiберiледi. Бас прокуратура Институты тиiстi курстар, семинарлар өткiзедi, прокурорлық iс-дағды, ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар материалдары мен басқа да ақпараттық материалдар негiзiнде баспаға прокуратура қызметiнiң барлық бағыты бойынша монография, әдiстемелiк және оқу құралдарын дайындайды.
Бас прокуратураның басшылары, барлық деңгейдегi прокурорлар кадр бiлiктiлiгiн арттыруға тiкелей қатысуға мiндеттi.
Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша Институт жас мамандарды iрiктеуге,олардың бiлiмдерiн арттыруға шара көредi.
Прокуратура органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк өкiмет өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Прокурордың заңды талаптарын орындамау, прокурорды немес оның от басы мүшелерiн оның қызмет бабындағы жұмысына байланысты қорлау, қорқыту, күш көрсету немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғу, прокурордың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Прокуратурадағы қызметті ашу
Прокуратура органдарын қаржыландыру
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері
ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
ҚР құқық қорғау органдарындағы реформалардың ерекшелігі
Құқықты қорғау органдары
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі рөлі
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары
Қазақстан Республикасының прокуратурасының құрылуы мен даму тарихы
Пәндер