Дыбыстың жүйесі- фонетика


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

ФОНЕТИКА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ФОНЕТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР. ДЫБЫС, ӘРІП, ФОНЕМА

Лингвистика- тіл туралы ғылым. Ал кез келген тіл үш түрлі құрылымнан, қалыптасқан саладан тұрады. Олар тілдің дыбыстың жүйесі, яғни, фонетика; сөз байлығы, яғни, лексикасы; тілдің құрылысы, яғни, грамматикасы. Схемада былай көрінеді:

http://portal.vkgu.kz:1010/343/1.files/image001.gif http://portal.vkgu.kz:1010/343/1.files/image002.gif http://portal.vkgu.kz:1010/343/1.files/image003.gif http://portal.vkgu.kz:1010/343/1.files/image004.gif Дыбыстың жүйесі- фонетика

Тіл білімі сөз байлығы- лексика

Құрылысы - грамматика

Сөз жасам синтаксис

морфология

Фонетика (гр. phone - дыбыс, phonetikos - дыбыстық деген термин) - тіл дыбыстарын, оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір тарауы.

Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір - біріне әсері, буын, екпін, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т. б.

Фонетика сөздердің пайда болуын анықтауға, туыстас тілдердің арасындағы байланысты табуға, тілдің айту, жазу нормаларын дұрыс меңгеруге. Мүмкіндік береді. Ана тіліндегі дыбыстардың артикуляциясын жетік білу шет тілін дұрыс меңгеру үшін де қажет.

М: ағылшын тілінде, біздің «Ә», француз тілінде біздің «Ғ» таза күйінде кездеседі.

Зерттеу, баяндау сипатына қарай фонетиканы төрт салаға - төрт типке бөлуге болады:

1. Сипаттамалы (синхрониялық, статистикалық) фонетика;

2. Тарихи (диахрониялық) фонетика;

3. Жалпы фонетика;

4. Эксперименталды фонетика (Ж. Аралбаев) .

А. Байтұрсынұлы (1925) :

http://portal.vkgu.kz:1010/343/1.files/image005.gif Мәтін сөйлем буын дыбыс

Қазақ сөйленісін (реч) осылайша жүйелейді.

Зерттеу мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмасы, салғастырмалы болып келеді.

Сипаттамалы (синхрониялық немесе статистикалық деп те аталады) фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесін қарастырады. Қазіргі мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқылатын фонетика осы сипаттамалы фонетикаға жатады.

Тарихи (диахрониялық) фонетика тілдің дыбыстық жүйесін тарихынан бастап, жүйелі түрде зерттейді. Ол өз ішіндесалыстырмалы-тарихи фонетика деп бөлінеді. Яғни өзара туыс тілдердің дыбыс жүйесін салыстыра қарастырады. М: қазақ: көз, бас, жал, тау. Әзірб. : гөз, баш, джал, тағ. Олардың ұқсастығын, айырым белгісін айқындау салыстырмалы фонетиканың міндетіне жатады.

Туыстығы жоқ, құрылымы бөлек тілдердің дыбыстық жүйесін салыстыра зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді. М. Қазақ - орыс, қазақ - ағылшын т. б.

Жалпы фонетика бүкіл адамзатқа тән тілдік құбылыстарды, фонетикалық заңдылықтарды зерттейді (Зиндер) .

Фонетиканы зерттеу ерекше әдістерді (метод) қажет етеді. Жоғарыда айтқандай, фонетика акустикамен, физиологиямен, байланысып жатады. Мәселен, акустиканы тексеру үшін арнайы физикалық аппараттар қажет. Мұндай әдістерді эксперименттік әдіс дейді. Ал аппарат, құрал-жабдықсыз тәжірибе жасау қарапайым тәжірибе делінеді.

Метод - гр. зерттеу жолы, зерттеу тәсілдері, деген сөз.

Экспер: Магнитофон. Осцилограф. Спектрограф. Кинофотография. Электромиография. Рентнография.

Қарапайым тәжірибеге май шаммен, алақанмен буынды анықтау т. б. жатады. М: Қазақ тілінің үндесу заңы бойынша қатаң дыбыстан кейін қатаң келеді. Осыны әдейі бұзып айтсақ былай болып шығады: ат-ға, ат-дың, ат-да т. б. Міне осыны қарапайым тәжірибе жасау дейді. Бұл тіл білімінде жиі қолданыталың тәсіл.

Адамзат алғаш рет дыбыстық тілді меңгерген. Жазу мен жазба тіл көп кейін пайда болды. Жалпы алғанда, фонетика, көбінесе, осы ауызша айтылып, естілетін дыбыстарды зерттеуге арналған ғылым.

Күнделікті өмірде адамның сөзді жазуынан гөрі айтуы мен тыңдауы көп орын алады. Тіпті үндемей ойлау, іштей оқу да іштей дыбыстарды айту болып табылады. Өйткені сөздің өмір сүру формасы - дыбыс. Әріп - сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты әр түрлі белгілеуге (таңбалауға) болады. М: m, t, w, . Мектепте сендер дыбысты айтамыз және естиміз, ал әріпті жазамыз және көреміз деп оқыған едіңдер. Әріпті оқу айналып келгенде, дыбысты айту болып шығады. Дыбыс біршама тұрақты (өте баяу дамиды), ұлттық сипатта болып келсе, әріпті шексіз ауыстыра беруге болады. Мәселен, қазақ жазуы бес дәуірді бастан кешкені белгілі. Әріп:1. Көне түркі [бы] 2. Көне ұйғыр---[бы] 3. Араб [бы] 4. Латын: Bb [бы] . Кириллица: Бб [бы] .

Бұл жерде тілде қолданылатын дыбыс табиғаттағы барлық дыбыс емес, адамға тән, адамның ғасырлар бойы қалыптасқан үні, дауысы деп білген жөн.

А. Байтұрсынов өзінің «Тіл-құрал» деп аталатын еңбегінде қаріп пен дыбысты шатастыруға болмайтынын ескерткен еді. Шынында да, әріп, көбінесе жеке дыбысқа сәйкес келгенімен, кейде бір әріп бірнеше дыбысты қосып өрнектеп кетуі мүмкін.

М: а, ә, ұ - 1 әріп 1 дыбыс, ю, я - 1 әріп - 2-3 дыбыс (й ұ у, й ү у, й а)

Кейде әріптердің дыбыстың мәні жоқ болуы да мүмкін. М: ь, ъ - таңбалар. Кейде бірнеше әріп бір таңбаны береді. М. Zh, Ch.

Әріп пен дыбыстың сәйкеспеуі сөздердің айтылуы мен жазылуы арасындағы сәйкессіздікке әкеледі.

М: оқы - оқұ, ойланба - ойламба, басшы - башшы т. б.

Сонымен тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар; екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі ұғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Дыбыс сөз құрап қана қоймайды, оларды бір-бірінен ажыратуға да тірек болады. М: мал, бал, жал, қал т. б.

Тіл дыбыстары сөздерді құрастыруға, танып-түсінуге және ажыратуға қызмет етеді.

Фонема (гр. дыбыс) - сөздер мен морфемаларды бір - бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функционалды единицасы. М: ат, ет, от, өт.

Мұнда бір ғана дыбыс Т анық естіліп тұр. Жалпы бұл Т-ның бірде жуан (ат, от), бірде жіңішке (өт, ет) т. б. болып ауытқуын - тіл біліміңде аллофон (гр. басқа-басқа, қаз. реңк) деп атайды.

Фонема туралы ілімді алғаш жариялаған орыс және поляк тілін зерттеуші И. А. Бодуэн де Куртенэ болды. Фонема заңдылығы түркі тілдеріне көп келе бермейтінін алғаш Ж. Аралбаев, Ә. Жүнісбековтер ескерткен еді. Мәселен, Ә. Жүнісбек қазақ тіліне фонемадан гөрі сингармема деген атау лайық, өйткені фонеманың қызметін сингармонизм атқарады дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фонема туралы ілімнің алғашқы негізін салушылар. Фонетика ғылымын зерттеуде қолданылатын әдістер
Қазақ тіліндегі фонетика саласы
Дыбыс үндестігі
Фонетиканы оқыту әдістемесі
Фонема және оның варианты диалектілік бірліктегі категория
Тіл дыбыстарының түрлері. Дауысты, дауыссыз дыбыстар
Қазақ тілі фонологиясының зерттелу тарихы
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі
Қазақ фонетикасының құрылымы
Қазақ тілінің фонетикасын меңгерту маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz