5-6 жастағы балаларға құқықтық тәрбие беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қызметте қолдау үшін

«Қорғауға жіберілді»

кафедра меңгерушісі

п. ғ. д., доцент Б. Т. Ортаев

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: 5-6 жастағы балаларға құқықтық тәрбие беру

5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы

Орындаған Жаксылыкова Ж. Р.

Ғылыми жетекшісі,

аға оқытушы Халилаева Э. Ж.

Түркістан 2016

АННОТАЦИЯ

«5-6 жастағы балаларға құқықтық тәрбие беру» тақырыбында жазылған диплом жұмысында мектепке дейінгі жастағы балаларға құқықтық сана мен құқықтық мәдениет негіздерін қалыптастыру тәрбие беру жүйесін басқару ерекшеліктері, мектеп жасына дейінгі 5-6 жастағы балаларға құқықтық тәрбие беру мазмұны айқындалып, жұмысты ұйымдастырудың қазіргі жайы, тәрбиеші мен баланың бірлескен іс-әрекеті, тәрбие үдерісін ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланудың ерекшеліктері қарастырылған Теориялық бөлімдегі қарастырылған мәселелер тәжірибе жүзінде әдістемелік іс-шаралар ұйымдастыру арқылы дәлелденген.

Аннотация

В дипломной работе на тему «Правовое воспитание детей 5-6 лет» рассмотрены вопросы организации работы по правовому воспитанию детей дошкольного возраста, выявлено современное состояние данной проблемы, содержание воспитания по формированию правового сознания и правовой культуры понимания, особенности совместной деятельности воспитателя и воспитанника, а так же особенности использования различных методов и приемов в процессе воспитания. Проблема рассматриваемая в теоретической части дипломной работы опробирована через организацию методических мероприятий на практике.

Özet

Konunun okul öncesi çağındaki çocukların hukuk eğitimi üzerinde çalışma organizasyonu soruları "5-6 yaş çocuklarının Hukuki eğitimi" konulu araştırma yazıda, yasal bilinç ve anlayış hukuk, kültür, özellikle ortak girişimler eğitimci ve öğrenci oluşumu üzerine eğitim içeriğinin sorununun mevcut durumu ortaya ve Ayrıca eğitim sürecinde farklı yöntem ve tekniklerin kullanımı sunmaktadır. Sorun uygulamada öğretim faaliyetlerinin düzenlenmesi yoluyla çalıştı tezin teorik kısmında kabul edilir.

Abstract

In the research paper on the topic "Legal education of children 5-6 years old" questions of the organization of work on legal education of children of preschool age, revealed the current state of the problem of education content on the formation of legal awareness and legal culture of understanding, particularly joint ventures educator and pupil, and also features the use of different methods and techniques in the process of education. The problem is considered in the theoretical part of the thesis tried out through the organization of teaching activities in practice.

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 4

АНЫҚТАМАЛАР . . . 5

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 6

КІРІСПЕ . . . 7

І. 5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. «Құқықтық тәрбие» түсінігі, оның мақсаты мен міндеттері . . . 13

1. 2. 5-6 жастағы балаларға балабақша жағдайында құқықтық тәрбие берудің ерекшеліктері . . . 20

ІІ. 5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

2. 1. 5-6 жастағы балаларға құқықтық тәрбие берудің балабақшадағы оқыту және тәрбиелеудің бағдарламасындағы сипаты . . . 33

2. 2. 5-6 жастағы балаларға құқықтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері . . . 39

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . 48

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 50

ҚОСЫМШАЛАР. . . . 52

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:

  1. 2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
  2. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.
  3. Назарбаев Н. А. ҚР Президентінің «Қазақстан -2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
  4. Бала құқықтары Декларациясы, 1959ж.
  5. Бала құқықтары жөніндегі Конвенция, 1989ж.
  6. Балалар тіршілігін сақтау, қорғау жəне оларды дамыту Декларациясы, 1990ж. [5]
  7. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы. Астана, 2012ж.
  8. Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам / Н. Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. - 2012. - 10 шілде
  9. Қазақстан Республикасы. Конституция (1995) Қазақстан Республикасының Конституциясы : ресми мәтін. - А. : Заң әдебиеті, 2008.
  10. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар көрсетілген:

Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік - экономикалық, отбасы қатынастарының және институттарының жиынтығы, сол арқылы тұлғалар мен олардың мүдделері қанағаттандырылады.

Құқық нормасы-жалпыға міндетті, нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекетпен қамтамасыз етілетін формалды белгіленген тәртіп жолы

Жеке тұлғаны әлеуметтендіру - жеке тұлғаның әлеуметтік ортаға ену процесі

Мораль-адамдардың тәртібін, жақсылық, әділдік, адалдық жағынан реттейтін нормалар мен принциптер.

Тәртіп-қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалардың талаптарына субьектілердің тәртіптерінің сай болуы.

Құқықтың қызметі дегеніміз - адамның іс-әрекетіне, мінезіне, тәртібіне нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері. Сол арқылы қатынастардың дұрыс және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.

Адамның құқықтық мәдениеті - күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді.

Құқықтық сана дегеніміз - тұ­л­ғаның қолданыстағы не­ме­се қабылданатын құқық нор­­ма­ла­рына деген көзқарас­та­ры мен сезімдерінен, олар­ға тиісінше баға беру мүмкін­дік­терінің жи­ын­тығы болып та­былады.

Құқықтық тәрбие - қоғам мү­шелерінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалып­тастырудағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым­дардың іс-әрекетінің көрінісі бо­лып табылады.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР- Қазақстан Республикасы;

МЖДБ -мектеп жасына дейінгі бала

КІРІСПЕ

Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы арқылы дамуымызға жаңа серпіліс беретін басымдылықтарды айқындап берді. Сөйтіп, Республика өміріндегі өзгерістер білім беру саласына, соның ішіне мектеп жасына дейінгі балаларды жеке дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Әлемдік білім беру кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейде көтеруді талап етеді [1] .

Бала құқықтары, оның өміріне, дамуына, білімденуі мен тəрбиесіне қамқорлық қашанда бүкілəлемдік проблема болған. Қабылданған халықаралық құжаттарда (Бала құқықтары Декларациясы, 1959ж. [2] ; Бала құқықтары жөніндегі Конвенция, 1989ж. [3] ; Балалар тіршілігін сақтау, қорғау жəне оларды дамыту Декларациясы, 1990ж. [4] жəне т. б. ) қоғамда бала құқықтарының үстемдігін, оларда ымырашылдық, басқыншылыққа бармау сезімдерін оятып, тыңдай білу мен зер салуға үйрету қажеттігі жария етілді. Бұл құжаттарда хатталған бағдарламалар барша аймақтардағы барлық халықтар үшін теңдей маңызды да олар тарапынан бірдей орындалуы міндетті.

Кез келген бала бірінші кезекте қамқорлықпен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы (1959ж) Декларациясында былай делінген, «Барлық балалар нәсіліне, ақ-қаралығына, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқада түсінігіне, туған жеріне жағдайына қарамастан өзіне тиісті мүмкіншіліктердің бәріне құқылы [2] . Балалар құқығы 1959 жылы қабылданса, 2012 жылы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы қабылданды [5] .

Бүкіл әлемнің белгілі бір заңдылықтарымен өмір сүретінін қазіргі заман ғылымы жан-жақты дәлелдеп отырғаны мәлім. Соның ішінде бұл заңдылықтар балаларға құқықтық тәрбие беруде адамзаттың жан дүниесі мен рухани ішкі өмірін де қамтиды.

Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет құру мақсатында азаматтық қоғамды жоғары дәрежеде дамыту, жастардың құқықтық сана-сезімі мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру құқықтық тәрбиенің әдіс-тәсілдерімен жүзеге асырылады. Ал тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениеті балабақша табалдырығынан бастау алатын құқықтық тәрбие үдерісінің өтілу сапасына байланысты дамиды [6] .

ҚР Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық құжатында «Қазақстан құқығы» инновациялық курсын енгізуді қарастыратын білім мен тәрбие берудің модернизациясын енгізу қажеттілігі атап көрсетілген. Мемлекет басшысы «оқу орындарында «Қазақстан құқығы» сияқты пәннің болмауы құқықтық нигилизмге және жастардың сауатсыздығына», оның ішінде тұрғындардың барлығының сауатсыздығына әкеп соқтырады деп атап көрсетті. Қазақстандағы білім беру жүйесі ескірген әдістемелерге негізделген, оны тездетіп жаңарту қажет, дейді Нұрсұлтан Назарбаев. «Мысалы, өте көкейкесті болып табылатын «Қазақстан құқығы» (оның болмауы жастардың құқықтық нигилизмі мен сауатсыздығына соқтырады), «Өлкетану» (туған жерге махаббат отаншылдықтың негізі ғой), жеке табысқа жетудің, жеке тұлғаның әлеуметтенуінің әдістемесі сынды «Акмеология» сияқты пәндер қайда?», - дейді Елбасы. Оның ойынша, олардың болмауы салдарынан жастардың едәуір бөлігінің әлеуметтік инфантилизміне, ересек өмірге бейімделе алмауына, басқа да келеңсіздіктерге ұрындырады. Жастардың бір бөлігі діни секталардың, экстремистердің, есірткіге құмар және қылмыстық топтардың «оңай олжасына» айналады. Мұның бәрінің басты себебі - әлеуметтік инфантилизм, өзінің өмірі мен өз отбасының әл-ауқаты үшін өзі жауап бере алатын ересек әрі кемел азамат болуға шамасы жетпеушілік. Сондықтан бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту маңызды. », - деп атап өтті президент [7] .

Жеке тұлғаны жан-жақты дамытатын тәрбие саласының бірі - құқықтық тәрбие. Әрбір азамат өз мемлекетінің заңына жауапкершілікпен қарап, оны орындауды өз міндеті деп есептеуі тиіс. Ол сан қырлы күрделі үдеріс. Жастық шақта адамның қоғамдық белсенділігі артады, сана-сезімі өседі, психикасы шыңдалып нығая түседі. Ол қоғамнан өз орнын табуға тырысады, өзін қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды.

Жастарға құқықтық тәрбие беру - ол жастардың қоғамдық, саяси және мәдени жағынан өсіп-жетілуін, олардың санасында жоғары адамгершілік қағидаларының орнығуын, әлеуметтік белсенділігінің артуын және рухани жағынан бай, жан-жақты қалыптасуын көздейді. Құқықтық тәрбие жалпыға бірдей заңдылықты белгілі мақсатпен және принциппен жүргізуді көздейді. Оның заңдылықтары мен мәнін ұғыну үшін тек теорияға көңіл бөліп қана қоймай, оның саяси, еңбек, адамгершілік тәрбиемен бірлесе жүргізілуі қажеттіліктерін ескеру керек.

Құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке тұлғаның қалыптасуына, оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Бұл міндеттер оң шешімін табу үшін жеке адамның дамуы қалай өтетінін және қалыптасуына қандай жағдайлар ықпал ететінін білу қажет.

Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендігі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.

Жастар қоғамның белсенді, ұтқыр бөлігі, жаңашылдықтың, ерекше және шығармашылық шешімдердің қайнар көзі. Сонымен қатар жастар реформаларды жалғастырушы, Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығының кепілі ретінде қатысады. Халық арасында, әсіресе жастар арасында құқық пен құқықтық нормаларды қолдану ерекшеліктерін түсіндіру қоғам өмірінің барлық жақтарын реформалау жағдайындағы қажеттілік болып табылады.

Бүгінгі егемен еліміздің тірегі - білімді ұрпақ, еліміздің мәртебесін асқақтатып, экономикасын, ішкі және сыртқы саясатын дамыту жастардың қолында. Жас буынға құқықтық тәрбие беру мәселесі - қазіргі қоғамның ең негізгі маңызды міндеттерінің бірі. Олай болса, әңгіме басын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен зерттеу жұмысымыздың өзектілігін айқындап көрсеткіміз келп отыр: «Біздің еліміз құқықтық мемлекетті орнықтырып дамытуды мақсат етіп отырған мемлекет. Сондықтан, жастардың құқықтық тәртібін, құқықтық сауатын, Ата Заңымызға деген құрметін арттыра отырып, жан-жақты тәрбиелеу керек».

Құқықтық тәрбие тұлғаны жан-жақты тәрбиелеудің құрамдас бөлігі болып табылады, балалардың құқықтық сана мен құқықтық мәдениет негіздерін игеруін қамтамасыз етеді, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады, құқықтық дүниетанымының қалыптасуына септігін тигізеді[8; 12б. ] .

Қоғамның демократияландыруы мен әлеуметтік қатынастардың жан - жақты жетілуінің процесінде Қазақстандық жастардың әлеуметтік құрылымы, оның өмірлік мақсаттары мен мүмкіндіктері қалыптасады және өзгертеді, оның әлеуметтік мінез - құлқы мен қоғамдық санасының ерекшеліктері, адамзаттық адамгершілік позициясы қалыптасады. Жас ұрпаққа ерекше жауапкершілік артады, себебі, ол жаңа әлеуметтік құндылықтарды қолданушы болып табылады. Оның ішінде айырықша рөл патриоттық қасиеттерге бөлінеді. Сол себепті қазіргі уақытта өскелең ұрпаққа азаматтық тәрбие беру мәселесі ерекше өзектілікке ие болады. Ал құқықтық тәрбие - азаматтық, адамгершілік тәрбиесінің бір саласы. Құқық арқылы мораль, этика, өнегенің шектен шыққан жерлері реттеледі.

Құқықтық нормалары мен ережелері адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға сай келуін талап етеді. Сондықтан да осы талаптарға сай өмір сүру, еңбек ету және т. б. әрекеттерге бару үшін, оларды білу әрбір азаматтың борышы, міндеті.

Балаларға құқықтық тәрбие беру әрбір азаматқа кәсіби және қоғамдық міндеттерін орындау үшін өз құқықтарын қорғай алуды үйрету үшін қажетті білім алуға бағытталған. Оның мақсаты - азаматтарға құқықтық тәрбие беру, құқықтық білімді насихаттау.

Тәуелсіз, егеменді, демократиялық елімізде құқықтық мемлекет құрудың негізі балабақша табалдырығынан басталады. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі азаматтық қоғамды құру үшін қоғам азаматтарының парасаттылық, әділеттілік қасиеттерімен қатар, санасы мен мәдениетін дамыту негізінде құқықтық тәрбие беру бірден бір өзекті мәселе болып табылады. Балалардың құқықтық тәрбиесін дамыту үшін олардың құқықтық сауатын ашқан дұрыс.

Тәрбиенің осы сатысында бала құқықтық қызметке тән және қоғамда адамның толығымен жұмыс жасауына қажетті интеллектуалды даму, экономикалық қатынастар туралы ойды дамыту, экономикалық шешімдер қабылдау, сұрақтарды талдау, қоғамда экономикалық үдерістер жөніндегі қатынастарға қатысуға жол ашу міндеті тұр.

Құқықтық білім негіздерін анықтауда жалпы адамзаттық құндылықтар, білім беруді демократияландыру және ізгілендіру бастаушы ой болып табылады.

Балаларда құқықтың мәні, мағынасы жайлы түсінік қалыптастырып, экономикадағы адамның рөлі, оның қажеттіліктері мен еңбегінің мәнін анықтау, құқық пен экономиканың негізгі мәселелерін шешу арқылы адамға тигізетін пайдасы туралы түсініктер алады.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарын меңгерту, Қазақстан қоғамының даму заңдылықтарын және оның саяси-құқықтық жүйесін оқыту арқылы балалардың құқықтық сауатты азамат болып өсуіне көмектесу.

Қазіргі таңда қоғамымыздың әлеуметтік өмірінде болып жатқан бұл өзгерістер мектеп жасына дейінгі балаларда адамгершілік-құқықтық түсініктерді қалыптастырудың қажеттілігін туындатып отыр. Көптеген педагог-ұстаздардың пікірінше, қалыптастыру үдерісінің негізін ізгілікті тұлғаның, оның адамгершілік-құқықтық мәдениетінің, қоғам талаптарына сай мінез-құлқының дамуын қамтамасыз ететін, мектеп жасына дейінгі бала түсінік ретінде қабылдай алатын белгілі бір құндылықты-нормативтік білімдерді игеру болып табылады.

Жаңа Қазақстандық азаматтықты бұл сөздің кең және терең мағынасында қалыптастыру үшін жеке азаматтың, сондай - ақ жалпы мемлекет қоғамының бірлескен күш салулары қажет. Себебі Қазақстан - біздің ортақ Отанымыз деген идея адамдардың санасында берік бекігенге дейін біздің мемлекетімізге орасан еңбек атқару қажет және тұрақтылықты халықтың саналық қуатын өз халқының рухани әлеміне таратпастан оның мәдениетінің түп-тамырын оның түсінбеуіміз толық шамада мобилизациялауға болмайды.

Осыған байланысты жаңа Қазақстан жалпы адамзаттық құндылықтарды, оның беріктілігігінің, оның дербестігінің және келешегінің іргетасы оның азаматтыры әрі әсіресе, саяси саналылығынан, оның белсенді азаматтық позициясынан және патриоттық қасиеттердің қалыптасқандығының, оның кәсіпқойлығы жан Қазақстандағы демократиялық қоғамды құрудың экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерінің шешімі тәіелду болатын жастар болып табылатындығын жариялай келе, теңдестердің арасында теңдес болып бекуді мақсат ететіндігін атап өткен жөн.

Сол себепті қазіргі таңда зерттеліп - әзірлеген жаңа құндылықтық бағдарларға сәйкес толығымен өскелең ұрпаққа бұл жұмысты барынша тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін түрлі құралдарды, нысандар мен әдістерді қолданумен бірге азаматтық тәрбие берудің концепциясы деген мұқтаждық бұрын - соңды болмаған шамада сезіледі.

Ғылыми әдебиеттерге талдау қазіргі ғылымда құқықтық тәрбие беру мәселесін зерттеудің бірнеше тәсілдерін айқындайды. Сонымен, И. Ф. Мулько өзінің «Социально-нравственное воспитание детей 5-7 лет» атты еңбегінде құқықтық тәрбиені зерттеген біршама ғалымдарды жіктеп көрсеткен: бұл ұғымды мемлекеттік жарлықтарды білдіретін ережелер жүйесі деп (С. С. Алексеев, Л. С. Явич, және т. б. . ), енді бірі құқықтық сана бүкіл құқықтық шындықтың рухани көрінісі (И. А. Ильин, В. И. Каминская, П. И. Новгородцев, А. Р. Ратинов и др. ), тағы бірі адамгершілік құқықтық мінез-құлықтың ішкі реттеушісі (B. C. Олейников) деп анықтап отыр [9; ] .

Өскелең ұрпаққа азаматтық тәрбие беру мәселелерін К. Д. Ушинский[10], Н. К. Крупская[11], А. С. Макаренко[12], В. А. Сухомлинский[13] және тағы да басқа атақты педагогтар едуәір көңіл бөлген[10, 11, 1213] . Ғалымдар мен педагогтардың тәрбие берудің теориясы мен практикасының жалпы мәселелеріне арналған еңбектері де маңызды. Бұл С. А. Архангельский, А. А. Бодалев, И. П. Волковтың, Б. Т. Лихачевтың, Б. П. Пидкасистыйдың, А. В. Мудриктің, В. А. Караковскийдің зерттеулері.

Ал біршама ғалымдар адамның құқықтарын жалпыадами құндылықтар (В. А. Караковский, М. А. Лазутова, Е. А. Лукашева, Г. В. Мальцев, А. Ф. Никитин, З. К. Шнекедорф және т. б. ), моральдық және адамгершілік құндылықтар (А. Н. Гусев, Ю. М. Смоленцев, А. Н. Титаренко және т. б. ), оқушылардың адамгершілік-құқықтық тәрбиесі (Г. П. Давыдов, Г. А. Кузнецов, О. Г. Шапиева және т. б. ), студенттердің құқықтық тәрбиесі тұрғысынан (И. А. Дерягин, Ю. П. Козюбра) [14] қарастырған.

Қазақстандағы азаматтық тәрбие берудің түрлі аспектілерін және оның тәрбиенің жалпы жүйесінің адамгершілік, адамзаттық, саяси, дене және басқа құралдаушыларымен өзара байланысын зерттеуге А. К. Ахметов[15], Л. А. Байсеркеевтің [16], А. А. Калюжныйдың[17], А. К. Қалимолданованың [18], Н. К. Меңлібаеваның [19], С. К. Нұрмұқашевтің [20], А. Т. Сейтахметованың [21], Э. А. Орынбасарованың [22], Б. И. Мұқановтың [23], Г. К. Нұрғалиеваның [24], К. К. Жанпейісованың [25] еңбектері арналған.

Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың құқықтық тәрбиесі мәселесіне қызығушылық арта түсіп отыр. Ресейлік ғалымдар мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларын азаматтық-құқықтық тәрбиелеудің принциптерін Т. В. Болотина, мазмұнын Я. В. Соколов, В. В. Антонов, әдістерін А. С. Прутченков, Е. С. Шабельник, М. А. Шкробова, щарттарын А. Ф. Никитин, С. А. Морозова, Т. А. Степанова, Е. А. Певцова, З. К. Шнекендорф, Н. И. Элиасберг, А. Н. Тубельскийлер жасақтады. С. А. Козлова құқықтық тәрбие беруде мектепалды балаларға өзі және олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерді қалыптастыру керектігін және бұл білімдерді тек хабарлап қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік құбылысқа, фактілерге бағалаушылық қатынас және сол алған білімдерін өзінің жеке іс-әрекетінде түрлі формаларын қолдануды қалыптастыру деп айқындап отыр [26] .

Сонымен қатар, зерттеулерге жасалған талдаулар мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың адамгершілік-құқықтық түсініктерін қалыптастыру мәселесіне жеткіліксіз көңіл аударылып отырғанын көрсетті.

Зерттеу объектісі: 5-6 жастағы балаларға құқықтық тәрбие берудің мазмұны.
Зерттеу пәні: 5-6 жастағы балаларға құқықтық тәрбие берудің үдерісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамгершілік тәрбие механизмі
«Балапан» бағдарламасының ПАСПОРТЫ
Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің жүйесі
Тәрбиеленушілердің зияткерлік дамуының мәселелері
Балаларды конкурстарға қатысуға дайындау
Күрделі дамуында ауытқуы бар балалар
Мектепке дейінгі мекемедегі ұйымдастырылған іс-әрекетінен жұмыс жоспарын құру және ұйымдастыру әдістері
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттiк аттестаттау
Мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz