Құкық пен заң шығарушылық
1 Жалпы мәселелер
2 Қазіргі заманғы негізгі азаматтық.құқықтық жүйелері.
3 Азаматтық.құқықтық жүйенің негізгі элементтері
4 Дамыған мемлекеттердің азаматтық құқығының принциптері
5 Азаматтық құқықтың дерекнамалары.
6 Францияның азаматтық құқығы негіздері
7 Германия азаматтық құқығының негіздері
8 Ақш азаматтық құқығының негіздері
9 Англияның азаматтық құкығының негіздері
10 Жапония азаматтық құқығының негіздері
11 Қытай халық республикасы азаматтык, құқығының негіздері
12 ТМД ЕЛДЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
13 Шетел мемлекеттеріндегі азаматтық құқықтық
Негізгі институтарының жалпы сипаттамасы

Құкық пен заң шығарушылық адамзат мәдени мұрасының ажырамас бөлігі, сондықтан да басқа халықтар мен мемлекеттердін тарихи тәжірибесіне зерделей қараудың еліміздің құқықтық жүйесі үшін маңызы зор. Мемлекетіміздің сыртқы байланысының дами түсуіне орай шетел азаматтық құқығын білудін әрбір заңгер үшін, оның ішінде цивилистер үшін мәні ерекше.
Маман-цивилист шетел азаматтық құқығымен қоса халықаралык жеке құқықты да оқып-үйренуі керек.
Халықаралық жеке құқық дегеніміз мемлекеттің жеке ішкі зандарын, халықаралық шарттар мен әдет-ғұрып нормаларымен біріктіретін кешенді құқықтық жүйе болып табылады. Бұл жүйе коллизиялық-құқықтық және материалдық-құқықтык әдістемелерге сүйене отырып, халықаралық сипаты бар қатынастарды, яғни мүліктік және жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды реттейді.
Халыкаралық жеке құқық азаматтық-құқықтык, сипаттағы әрі мүліктік, әрі жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды камтитын болғандықтан, мемлекеттің ішкі азаматтық құқығымен ұштасады.

Жалпы мәселелер

Екінші жағынан алып қарағанда, халықаралық жеке құқық құрамында әртүрлі халықаралық элементтері бар халықаралық жария құқыққа ұқсайды. Халықаралық жеке құқық тұрғысында қолданылатын "халықаралық" терминінің халықаралық жария құқығын сондай терминінен ерекшелігі болады. Ол белгілі бір жағдайларда азаматтық құқықтық сипаттағы қатынастардың мемлекетгік ішкі құкықтық жүйесі шеңберінен шығып шетел құқығын, сондай-ақ әдет-ғұрып нормаларын қолдану мүмкіндігін туғызады.
Халықаралық жеке құқық мынадай негіздерге жүгінеді: а) мемлекеттің ішкі зандары; ә) халықаралық шарттар; б) халықаралық әдет-ғұрыптар.
Халықаралық жеке құқық "тараптардың ерік дербестігі" деп аталатын арнайы принциппен сипатталады, яғни бұл тараптардың өздерінің қатынастарына қолданылуға тиісті құқықты тандау туралы келісімдерінің нормаларын біріктіретін институт дегенді білдіреді.
Халықаралық жеке құқықтың нормаларын коллизиялық, шиеленісті, сілтеме жасау немесе құқық қолдану деп атау дәстүрі бар.
Халықаралық жеке құқық нормалары негізінен екі элементтен: 1) коллизиялық нормалар қолданылатын қатынастардан; 2) қандай да тиесілі құқықты қолдануды аныктаудан (халықаралық, өз елі немесе басқа мемлекет) тұрады.
Қолдануға тиісті құқық алты құқық аясына жинақталған: 1) қатынастарға қатысушыларының жеке заңы, азаматтығы туралы заңы, занды тұлға құрылған елдің заңы, тұрған жері немесе тұрғылықты жері туралы заңы —Lex personalis; 2) мүліктің тұрған жерінін заңы —Lex геі sitae; 3) құжат жасалған жердің заңы (мәміле жасау кезіндегі заңға сәйкес, деликт кезіндегі заңсыз құжат) —Lex loci aktus; 4) кызметгі жүзеге асыру орнының заңы —Lex loci activitas; 5) соттың, төрелік соттын яғни дауды шешетін заңы —Lex fori; 6) сол катынаспен неғұрлым тығыз байланысты болатын заң —Lex causae.
Сонымен, халыкаралық жеке кұкық ерекше түрдегі халықаралык қатынастарды реттейді. Осы құқықтың аясына Қазақстанның барлық аумағындағы шетелдік занды тұлғалардын құқық қабілеттілігі, әрекет қабілетгілігі, шетелдік азаматтардың Қазакстаннның аумағындағы мүлікке құқық меншігі жатады, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының шетелдегі мүлікке меншік құқығы, сыртқы мәмілелерін жасаудың шарты мен тәртібі, интеллектуалдық меншікке шетелдіктердің құқығын қорғау, Қазақстан азаматтарының шетелдегі өнертабыс құқығын қорғау, шетелдіктермен некеге тұрудың ұйымдық-құқықтық нысандарын жасау, олардың шетелдегі еңбек қатынастарын жүзеге асыру жоғарыда аталған саламен реттеледі.
Қазіргі заманғы негізгі азаматтық-құқықтық жүйелері.
Бүгінгі танда әлемдегі әрбір мемлекеттің өзіне тән құқық жүйесі бар. Қандай елде болмасын, құқық жүйесі аясындағы азаматтық қүқықтық орны айрықша. Француз ғалымы Рене Давид азаматтық құқыққа мынадай анықтамасын берген: "Нағыз құқық —жеке құқық болып қала береді, зангерді қалыптастыру тек азаматтық құқықты оқып-үйрену арқылы ғана болуы мүмкін"
Әдетте, құқықтық жүйелер: роман-герман құқығы, "жалпы құқық" және социалист құқық болып үш топқа бөлінеді. Айта кету керек, мемлекеттік емес қауымдастықтың өз құқығы болады, айталық, оған канон құқығы, мұсылман құқығы, индустар құқығы жатады. Сондай-ақ, бүкіләлемдік немесе аймақтық көлемде мемлекетаралық және сыртқы сауда қатынастарын реттеуге арналған халықаралық құ қық та бар.
Азаматтық-құқықтық жүйенің негізгі элементтері
1. Арнайы әдебиетте азаматтық-құқықтық жүйені бір-бірінен ажыратуға көмектесетін мынадай элементтер келтірілген: 1) құқық дерекнамасының құрамы мен ара салмағы;
2) азаматтық құқықтың құрылымы (мәселен, тұлғалар, заттық құқық, міндеттемелік құқык, айрықша құқык, отбасы және мұрагерлік құқық);
3) құқық қолдану тәжірибесі (сот, конституциялық, әкімшілік және тағы басқа);
4) құқыққа қатысты орныққан пікірлердің (доктрина) жиынтығы және оны тәжірибеде колдану.
Осы элементтерден келіп азаматтық-құқықтык жүйесінін роман-герман (континенталдық), жалпы құқық (англосаксондық), социалистік, мұсылмандық және патриархалдық деп аталатын түрлері шығады. Ал енді осы жүйелерге қысқаша сипаттамалар берелік.
2. Континенталдық (роман-герман) жүйесі Рим құқығы негізінде қалыптасып, Еуропада пайда болған, сондықтан да оны континенталдық жүйе деп атап кеткен. Қазіргі кезде роман-герман құқықтық жүйесі әлемнің көптеген мемлекеттеріне таралған. Ерте заманнан бастап роман-герман құқықтық жүйесі жария және жеке құқық принціпіне бөлінген болатын. Мәселен, атақты жапондық ғалымдар Сакаэ Вагацума мен Тору Арийдзуми былай дейді: "Адамзаттың барлық қатынастарын екі топқа белуге болады: жеке тұлға ретінде әлеуметтік қатынастар (мүліктік қатынастар және азаматтық ахуал) және мемлекеттің қатынастары (мемлекеттің құрылымы мен ұйымдастырылуы, құрылымды жүзеге асыру және тағы баска). Оның біріншісінде жеке құқықтық қатынастар, екіншісінде жария қатынастар болады. Мұндай бөліну барлық жүиелерге тән емес. Мәселен, англо-саксон жүйесі құқықты жеке және жария деп бөлмейді. Бұл жүйеде кұқықтар келісім-шарт құқығы және т.с.с. болып белінеді.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі де жеке және жария құқық деп бөлінбейді. Айта кететін жайт, жеке қатынастар ұғымы азаматтық ұатынастарға қарағанда анағұрлым кең болып келеді. Сондықтан да жеке қатынастар тек қана азаматтық қатынастармен шектеліп қалмайды, ол сонымен қоса сауда, жеке халыкаралық құқықтарды да қамтиды.
Ұзақ уақыттар бойы ғылыми әдебиетте жария және жеке құқық буржуазиялық құқыққа тән ерекшелік делініп келді, ал жеке құқықты азаматтық және сауда құқығына бөліп қарастыру дәстүрі де бар. Мәселен, қазір коммерциялық қатынастарды реттейтін батыстық құқық нормаларының барлық жүйесі азаматгык құқықтық қатынастарды реттеумен ерекшеленеді, яғни сауда (коммерциялық құқығы) азаматгық құқықтан өзгеше. Қазакстандағы заң шығарушьшар Азаматтық кодекске азаматтык құқықты да, сауда құқығын да енгізуді дұрыс деп тапты, бірак та кейбір мамандар мұнымен келісе коймайды.
Профессорлар Ю.Г.Басин мен М.К.Сулейменов мұндай пікірлер қазіргі экономикалык байланыстардың сипатын ескермегендіктен туындап жүргенін дәлелдеп, шетелдегі сауда кодекстерінін, ауқымы тар әрі тәуелділіктен арыла алмайтынын алға тартады. Осы пікірге орай мына бір мәселені де айта кеткен жөн. Мысалы, кейбір елдерде (айталық, Швейцарияда, Италияда) азаматтық және сауда кодекстерін қосу жөнінде бірқатар жұмыстар жүргізілуде, бірақ бұл жұмыстын нәтижесі әлі шыққан жоқ. Біздің пайымдауымызша, Қазақстанда сауда (коммерциялық кәсіпкерлік немесе шаруашылық тәрізді) кодекстерін өз алдына шығару дұрыс болмас еді, себебі біз Батыстың қателігін қайталасақ, қазақ заң саласының менталитетін, беделін түсіріп алуымыз мүмкін.
Қазіргі зерттеулерде "дуализм жөнінде емес, қайта жеке құқықтық плюрализмі туралы айтатын кез келді және оны айту керек" дейтін кезқарас пайда бола бастады. Турасын айтсақ, "дуализм" термині қолдануға келмейді, өйткені азаматгық сауда құқықтары мен еңбек, іс жүргізу, сондай-ақ отбасы және аграрлық (экологиялық) құық салалары да бөлініп отыр. Дамыған Батыс елдерінің жекелеген құқық салаларының немесе жеке құқыққа байланысты институттарының өздеріне тән ерекшеліктері бар болса да, олар қатысушылардың заң алдындағы тендігіне сүйене отырып, мүліктік және онымен байланысты (сондай-ақ көбі байланысты емес) жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды реттейді.
Осы кезде құқыққа сүйенетін адамзат қауымының көбінде статут құқығы (статут ағылшын тілінде —"заң" дегенді білдіреді) орын алған, былайша айтқанда, заңның ролі айрыкша. Ең алдымен заң континенталдық жүйеде үстемдік етеді, осы жүйеге Қазақстан Республикасының зандары да жатады.
Орыс құқығы да континенталдық жүйеге негізделген. Американдық ғалым Кристофер Осакве: "Казақстан ұзақ жылдар бойы Ресейдін отары болғандықган, оның азаматтык құқығының тарихына мұндай жағдай өз ізін қалдырмай койған жок" дейді. Заянын, үстемдік ету саясатын Қазақстан да қолдап отыр, соның бір куәсі ретінде Қазакстанның бірқатар зандары құкықтық континенталдық жүйесіне сүйенгенін айтсақ та жеткілікті.
Сонымен катар қазіргі біздің азаматтық зандар баска да құқықтық жүйелердің, атап айтқанда, континентальдыұ, англо-саксондық ("жалпы құқық") және социалистік құқыұтардың рецепцияларына (нормаға сүйену), яғни олардын идеяларын, нормаларын, институттарын пайдаланды деп тұжырым жасауға болады.
3. Англо-саксондық құқык, жүйесі. Бұл жүйе роман-герман жүйесі сияқты жария және жеке құқық немесе азаматтық пен сауда құқығы деп бөлінбейді, онда тек "жалпы құқық" және "әділдік құкығы" деген жүйе бар. "Жалпы құқық" король сотымен құрылып, бүкіл Англияға қолданатын құқық болып табылады. "Әділдік құқығы" канцлер сотымен құрылатын жалпы құқық нормаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін нормалардың жиынтығы. Мұндай бөлініс бүгінде ағылшын құқығының негізіне айналған. Сондықтан да ағылшындар заңгерлерді "жалпы құқықтың" зангерлері және "әділдік құқығының" заңгерлері бөліп карайды.
4. Қуқықтың мұсылман жүйесі. Мұсылман құқығы шариатқа
негізделген. "Шариат" —арабтың "шариа" —"мақсатка жетудің дұрыс жолы", "шариа" —"зандарды жолдау, шығару" деген ұғымдарды білдіреді. Осы түбірден келіп "ташриун"—"заң шығару", "шариун" —"зан шығарушы", "мута —шариун" —"заң маманы" деген сөздер шыккан. Ислам өзінің мән-мағынасы бойынша дін заңы болып табылады. Мұсылман құқығы ("фикһ" деп аталады) шариаттың құрамдас бөлігі болып саналады. Мұсылман құқығы құқықтың мынадай негіздерінен тұрады: 1) Құран —исламның қасиетгі кітабы;
2) сунна —Мухаммед пайғамбардың сөздері мен уағыздары; 3) кияс —аналогия; 4) иджма —ірі құқықтанушылар мен дін ілімінің токтам пікірлері; 5) фетв —жоғары діни білімпаздарының заң туралы туйіндері; 6) адат —исламды насихаттайтын арабтар мен баска халыктардың дәстүрі мен әдет-ғұрыптары.
Кұран —мұсылмандық құқықтын негізі. Құран —араб тілінен аударғанда "кітап, оку" деген мағынаны білдіреді. Құран сүрелерден, аяттардан тұрады. Мәселен, азаматтык құқыққа жетпіс сүре арналған. Құраннан кейін, әлгінде айтканымыз-дай, сунна, важма, қияс, әдет-ғұрып зандары, ғибадат ету және адамдардың қарым-қатынасын реттейтін нормалар бар.
Шариат ілімі екі бөлімнен: ілім кәлем және ілім фикһтан тұрады. Ілім кәлем догмалық сенімдерді қамтыса, ал ілім фикһ сенімнің практикалық ережелері мен азаматтық қарым-қатынасқа тиісті құқықтардан тұрады.
Фикһ ілімі азаматтық құқықтану, яғни мұсылмандардық азаматтық жалпы тұрмыс-тіршілігіне қатысты қағидаларды, ережелерді, зандарды қамтиды және ол үш кітаптан тұрады. Бірінші кітабында міндетгеме, келісім және оның іске асырылуына қатысты екі жақты өзара міндеттейтін шарттары қаралса, екінші кітабында екі жақтың міндеттелуін талап етпейтін тек бір жақтың ықыласына негізделген азаматтық істер мен келісімдер, ал үшінші кітабына барлық мұсылмандар тарапынан сақталып, әрі орындалуға жататын зандастырылған карар, шешімдер кіреді. Олар күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты қағида-ережелер, куәлік беру, мұрагерлік, кылмыстык істер, сот міндеттері т.б. болып белінеді. Баршамызға белгілі қазақтар исламның бір ағымы суннизм жолын ұстаған. Қазақ халқы сенімді түрде оздерін мұсылманбыз деп есептегенмен, бірак шариаттын талаптары қазақтардың әдет-ғұрып нормаларын ығыстыра алмаған. Айта кететін жайт, IX ғасырдан бастап халифат заң мектебі (оның негізін салушы Абу Ханифат есімімен аталады) оны мұсылман дініне лайықтауға күш сала тұрса да, қазақтың бұрынғы әдет-ғұрып нормалары қала берген.
Дамыған мемлекеттердің азаматтық құқығының принциптері
Азаматтық құқық нормаларының негізгі принциптеріне жататындар: а) жеке меншіктің қасиетгілігі; ә) кәсіпкерліктің еркіндігі; б) шарт еркіндігі; в) азаматгық құқыққа қатысушылардың нарықтағы тең құқықтығы; г) құқық бұзушының жауапкершілігі.
Жеке меншік —капиталисте экономиканың темірқазығы, сондықтан да жеке құкық жеке меншік құқығын корғайды. Меншік құқығы (кейде оны муліктік құқық деп те атайды) -барлық мемлекеттердің құқығының орталық институты. Сол арқылы меншік құқығы қорғалып, меншік иесі мүлікті иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге қақылы болады. Құқықтар жүйесінде мүлікке ие болатын қандай болмасын тұлғаны корғау, одан айрылып қалмауын қамтамасыз ететін принциптер бар. Дамыған мемлекеттер өздерінін заңдарында мүліктік құкықты қорғаудың дуалистік түрін жасаған, демек, меншік құқығын қорғаумен қатар иелікті қорғауды да қарастырған.
Шет елдердің азаматтық құқығында азаматтың кәсіпкерлікпен немесе өзге де шаруашылыктармен айналысуына болатындығын тайға таңба басқандай етіп тәртіптеген. Бұл салада "занда тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі" деген принцип кеңінен қолданылады әрі бүл азаматтық және сауда зандарындағы ең маңызды қағида деп есептеледі. Әңгіме етіп отырған елдердің азаматтық зандарында өңдірістік және коммерциялык қызметтерді жүзеге асыру үшін көптеген ұйымдық-құқықтық нысандар қарастырылған. Мұның өзі кәсіпкерлерге кәсіпкерлік істі жүргізуде оңтайлы жолдар ұсынады. Әсіресе кәсіпкерліктің акадонерлік қоғам түрі өте күшті дамығанын айта кету маңызды. Мәселен, Францияда акционерлік қоғам үкіметгің белсенді араласуымен дамиды. Құкығы институционалды жүйеге бағындырылған. Ал, Германияда акционерлік қоғамдары катаң автономиялы реттеу жолымен жүргізу және оны тәртіптеу "пандекттік" жүйеге енгізілген.
Шарт еркіндігі принципі азамат және сауда айналымына қатысушылардың шарттына қандай болмасын тәртібін, өздері келісіп шешетіндігіне негізделген. Аталған принцип нарықты экономиканы дамытуға және белсенділіктің құқықтық негізі болуына қажетті алғышарт екенін анықтайды. Бұл принциптің мәні —меншік иесіне өзінің меншігін басқаруға мүмкіндік беру. Орыстың атақты ғалымы Г.Ф. Шершеневич былай деп жазды: "Субъективті шектеулерді, сондай-ақ формализмді алып тастаған шарт еркіндігі, қазіргі құқық тәртібінің басты негіздеріне айналып жеке меншік құқығымен катар тұратын дәрежеге жетті."'
Құқықтық теңдік принципі дегеніміз азаматтық-құқықтық қатынастарға катысушылардың бәрі де меншік түріне, кәсіпкерлік қызметінің құқықтық нысанына, немесе азаматтығына қарамастан бірдей құкықтық ахуалды білдіруі болып табьыады. Бұл принцип буржуазиялық революцияға орай феодалдық коғам жойылғаннан кейін жүзеге асты, сол аркылы барлык азаматтар заң алдында тең болды.
Мәселен, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болған отбасына байланысты жасалған реформа отбасылық катынастар жүйесінде орын алған теңсіздікті жойды (мысалы, Австрияның 1977 жылы қабылдаған ата-аналар мен балалар арасындағы қатынастарды жаңаша реттеу туралы Заңы).
Деликт (зиян келтіру) жауапкершілік принципі азаматтық құқықтың маңызды принциптерінің бірінен саналады. Бұл қағида шартты бұзумен байланысты емес құқыкка карсы әрекет нәтижесінде тұлғаға немесе мүлікке келтірілген зиянды қалпына келтіруге бағытталады. Аталған принцип бұрын белгісіз болып келген зиян келтіретін факторлар: ядролық энергияны пайдалану, зиян келтіретін өндіріс ошақтарын көбейту тәрізді жағдайлардың айтарлықтай өсуімен байланысты болып отыр. Мысалы, Наполеон кодексінде зиян келтірумен байланысты міндеттейтін тек қана бес бап болса; қазір еуропа елдерінде жөн-жосықсыз бәсекені желеу етіп қоршаған ортаға аса қауіпті жағдай туғызатын және т.б. заңсыз әрекеттер нәтижесінде зиян келтіретін кінәлілерге азаматтық-кұқықтық жауапкершілікті кеңінен карастырған. Осы айтылғандарға қарап, аталған принцип жалпыға бірдей сипат алатынын байқауға болады.
Азаматтық құқықтың дерекнамалары.
Азаматтық құқықтық негізгі дерекнамалары: заң, әкімшілік құжаттар, сот тәжірибесі (прецеденттер), әдет-ғұрыптар және халықаралық келісімдер болып табылады. Мысалы, роман-герман жүйесі қолданылатын елдерде, заң басты рөл аткарады ("заң құкығы"). Бұл елдерде ең жоғарғы заң сатысында тұрған азаматтық, сауда және т.б. кодекстер дер едік. Ал англо-американдық құқықты қолданатын елдерде сот шешімдері (прецеденттер) басымырақ.
Роман-герман құқық жүйесі таралған елдерде судья закға қатаң түрде бағынады және ол ең алдымен заң негізінде шешім қабылдауға тиіс. Демек, судья талаптан ешқандай бұлтара алмайды. Мәселен, заңда түсініксіздік не ақау болған жағдайдың өзіндеде, онын, норманы ойлаптабуына хақысы жок. Мысалы, Франция Азаматтық кодексінің 5-бабына сәйкес іс бойынша тек заңға сүйеніп отыру міндеттелген, ал жалпы өкім түрінде шешім шығаруға тыйым салынған.
Азаматтық құқық жүйесінде зандардан басқа әкімшілік кұжаттар да үлкен рөл атқарады. Мұндай құжаттардың болуының себебі, ол коммерциялық салаға мемлекетгің араласуымен тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет өзіне берілген өкілеттікке орай үкімет шығаратын заң орнына жүретіп нормативтік кұжаттарға ерекше маңыз берген. Кез келген әкімшілік құжат заңға сүйенеді және оған бағынуға тиіс, бірақ кейбір кездерде тәжірибеде бұл жүзеге аспай калып жүр. Көбінесе ә кімшілік құжаттар зандарды өзгертіп немесе теріске шығаратын жағдайлар да кездеседі. Екінші жағынан алғанда, әкімшілік құжаттарда азаматтық құқықтан туындайтып диспозитивтік нормалар барынша императивті нормалар болып кете береді.
Барлық елдерде де азаматтық кұкықтың негізінің бірі әдет-ғұрып болып табылады. Әдет-ғұрыптың белгілері: 1) кенелілік; 2) үзілмеушілік; 3) жалпы бейбіт тұрғысынан пайдалану; 4) міндеттеу күші; 5) айқындылық; 6) басқада жергілікті әдет-ғүрыппен үйлесімдік; 7) даналық.
Англо-саксоңддык кұкық тараған елдерде сот шешімі (прецедент —үлгі іс) айқындаушы тұтка болып табылады. Оның себебі, ағылшын "жалпы кұқығы" көбіне-көп әдет-ғұрып кұқығынан бастау ала отырып қалыптаскан. Прецеденттік құқық "судьянын шешім шығару процесі кезінде пайда болатын және қолданылатын нормалары мен принциптерінен тұрады".
Құқықтың аталған нысаны үшін құқық пен прецедент доктринасының (ілімінің) —дерекнамасы ретінде нақты іс бойынша (цау), сот шешімі маңызды рөл атқарады. Ағылшын прецедент доктринасының (ілімінің) негізгі принципіне келетін болсақ, ол жоғары тұрған соттың ұқсас іс бойынша шығарған шешімі төмендегілерінің шығарған сот шешімі үшін міндетті үлгі болады. "Сот шешімі" ұғымын "прецедент" ұғымымен тең қоюға болмайды. Прецедентке екінші инстанциадан және одан жоғары шешімдер қатысты келеді (Англия).
Ағылшын құқықтық доктринасы прецеденттерді міндетті күші бар (міндетті прецеденттер) және сендіруші күші бар (сендіруші прецедентгер) прецеденттер деп бөледі. Бұл орайдағы негізгі ерекшеліктер міндеттілік прецедентіне арқа сүйеу міндетті, ал сендіру прецеденттің есепке альшуы, не альгнуға тиістілігімен көрінеді.
Мұсылман құқығының нормалары исламды қабылдаған халықтардың әдет-ғұрып құқық нормалары мен мазмұны жағынан көбіне-көп сәйкес келеді. Соның нәтижесінде құқыктық реттеудің ықпалы барынша қатты сезіледі.
Шетел мемлекеттерінің азаматтық құкығында заңмен_байланыста қолданылатын әдет-ғұрып құқығының: 1) занға толықтыру ретінде; 2) дербес қолданылуы; 3) заңға қарсы қолданылуы тәрізді 3 тобы бар. Алғашқы екі топ заңның осал тұстарын толықтырып, кемшілік тұстарын түзейді. 3-топ заң нормаларын теріске шығарады немесе оны өзгертуді талап етеді.
Әдет-ғұрыпты құкықтық дербес дерекнамасы ретінде қолданатын бірқатар елдер бар. Мәселен, Индияның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz