Туристік жорықтардағы бағдарлау



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Туристік жорықтарда көп қолданылатын компас түрі
2. Курорттағы танымдық туризм
3. Маршрут трассаларын және су туризмі бойында лоцит пайдалану ерекшелігі.
Қорытынды.
Жорықтар кезіндегі бағдарлау жасау қозғалыс бағытын дұрыс таңдап алу және оны маршутқа байланысты дұрыс сақтау үшін қажет. Көкжиек жақтарын компас ,Күн,Ай,Жұлдыздар мен жергілікті заттарға қарап анықтауға болады. Жергілікті заттардың көптеген ерекшеліктері олардың Күнге байланысты орналасуына қарай. Мысалы,көптеген ағаштардың(қарағай т.б) қабығы солтүстік жағында кедір-бұдырлы келеді. Ағаштардың,тастардың,шатырлардың солтүстік жақтарында мүктер мен қыналар жиі өседі. Ыстық ауа райы кезінде қылқан жапырақты ағашштардан аққан сағыздар оңтүстік жағына көбірек жиналады т.б
Жорық кезіндегі бағдарлаудың негізгі түрлерінің бірі- компас арқылы бағдар жасау. Компастың магнитталған тілшігі магниттік меридиан бойымен орналасуы қасиетін пайдаланып көкжиек жақтарын анықтауға болады. Тілшік 0-ты көрсетсе, бұл бағыт солтүстікке,кері жағы оңтүстікке,оң жағы шығысқа,сол жақ батысқа сәйкес келеді.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Туристік жорықтардағы бағдарлау
Жорықтар кезіндегі бағдарлау жасау қозғалыс бағытын дұрыс таңдап алу және оны маршутқа байланысты дұрыс сақтау үшін қажет. Көкжиек жақтарын компас ,Күн,Ай,Жұлдыздар мен жергілікті заттарға қарап анықтауға болады. Жергілікті заттардың көптеген ерекшеліктері олардың Күнге байланысты орналасуына қарай. Мысалы,көптеген ағаштардың(қарағай т.б) қабығы солтүстік жағында кедір-бұдырлы келеді. Ағаштардың,тастардың,шатырлардың солтүстік жақтарында мүктер мен қыналар жиі өседі. Ыстық ауа райы кезінде қылқан жапырақты ағашштардан аққан сағыздар оңтүстік жағына көбірек жиналады т.б
Жорық кезіндегі бағдарлаудың негізгі түрлерінің бірі- компас арқылы бағдар жасау. Компастың магнитталған тілшігі магниттік меридиан бойымен орналасуы қасиетін пайдаланып көкжиек жақтарын анықтауға болады. Тілшік 0-ты көрсетсе, бұл бағыт солтүстікке,кері жағы оңтүстікке,оң жағы шығысқа,сол жақ батысқа сәйкес келеді. Географиалық оьектілердің азимуттарын және жүру, қозғалу бағыттарын анықтай аламыз. Азимут-сағат тілінің бойымен миридианның Солтүстік бағытынан белгілі бір бағытқа дейінгі 0-тан 360-қа дейін есептелетін бұрыш. Азимут географиалық және магниттік болып ажыратылады. Географиалық азимутты топографиалық карта бойынша мередианнан бастап траспортирдің немесе компостың көмегімен анықтайды. Магниттік азимутты магниттік меридианнан бастап есептейді,магниттік меридианның бағыты компос тілшігінің қалыптасқан бағытымен сәйкес келеді.
Азимуттар бойынша сызықтарды бағдарлау
-нағыз мередиан
-магниттік мередиан
-тордың вертикальдық сызығы
Туристік жорықтарда коп қолданылатын компос түрлері-Андрианов компасы, туристік компас, спорттық және тау компастары. Андрианов компасындағы көздеу үшін қажетті мушка мен ойықты екі бағаналы және қорғайтын әйнекті корпус қақпағын айналдыра қозғалтуға болады. Бұрыштарды өлшеу үшін 2 шкалалы лимба қызмет етеді. Бұрыштық тілінің солтүстік шеті,есептеу көрсеткіші, лимбадағы бөліктер (0,90,180,270) қараңғыда жарық беретін қоспамен жабылған.Компос тілінің екінші шеті көк түске бойалған.
Көкжиек жақтарын анықтау үшін компосты көлденең ұстап тұрып, босаған компос тілінің тоқтауын күтеді,сонан соң компасты бұрып оны компас тілінің солтүстік шетін 0-қа келтіріп,оңтүстік 180,шығыс 90, батыс 270 бағыттарын анықтайды. Белгілі-бір обьектінің азимутын анықтау үшін көлденең жатқан компасты алдына ұстап осы нысанаға қарама-қарсы тұрады. Алдымен компасты бағдарлайды,тілшіктің солтүстік шетін 0-қа келтіріледі,одан кейін компасты осы қалыпта ұстап тұрып,оның қақпағын ойық пен мушкадан тұратын көздеу сызығы керекті объектіге бағытталғанша айналдырады және көрсеткіш арқылы азимутты анықтайды.Белгілі-бір азимут бойынша бағытты анықтау үшін компас көрсеткішін керекті градусқа келтіреді де компасты бағдарлайды және оны иық деңгейінде ұстап тұрып ойық-мушка көздеу сызығы бойынша осы бағыттағы жергілікті бір затты бағдарлайды.Сол зат керекті азимут бойында жатады.
Бұл жұмыс туристік компасты қоданған кезде едәуір жеңілдейді,өйткені онда серпіліп ашылатын қақпағының ішкі жағында металл айна бар.Көздеу кезінде (ойық-мушка-қақпақтың кесіксызығы бойынша)бір мезгілде айна арқылы компас тілінің лимбаның 0-тық бөлігіне сәйкестеу дәлдігіне бақылау жасайды.Компасты бағдарлау компасты емес лимбаны бұру арқылы жүзеге асады.
Спорттық компаста қойыртпақ сұйықтық толтырылған колбада (резервуарда)орнатылған компас тілі магниттік меридиан бойындатез тоқталады және қозғалыс кезінде өте тұрақты.Тау компасының көмегімен тек азимутты емес көлбеулік өлшегіш арқылы беткейлердің тіктігін де өлшеуге болады.Көлбеулік өлшегіш-тік тұрақ (отвес) түріндегі қосымша компас тілі.
Компасты маршрутты немесе шағын бөліктерді тез түсіру үшін пайдаланады.Маршрут бойынша қозғала отырып қозғалыс бағытын және екі шеткі 250-500 метрлік жолақты түсіреді,бастапқы нүктеде және барлық бұрылыс нүктелерінде жүрістің тік сызықты бөліктерінің азимуттары мен ұзындықтарын(қадамдау және көз мөлшер арқылы)өлшейді.Жергілікті жердегі заттардың түсіру бұрылыс нүктелерінде дәл тіркеу (засечка),полярлық және ұзына бойы өлшеу әдістері арқылы жүргізіледі,бұл кезде олардың бағыт азимуттары қатар өлшенеді.Өлшеу нәтижелері абриске (қолмен орындалған бір бөліктің схемалық сызықтары)енгізіліп,олар бойынша таңдап алынған масштабқа сай маршрут схемасы сызылады.
Бағдарлаудың келесі түрі-карта арқылы бағдарлау.Жорықтар кезінде масштабы 1см: 200 000-дегі және одан ірірек масштабтағыкарталар(1см:100 000, 1см:50 000 т.б.)көп қолданылады.Бағдарлау кезінде алғаш картаны ыңғайлап,одан соң оны жергілікті жермен салыстырады,өзі тұрған жерді тауып,қозғалыс бағытын анықтайды.Картаны ыңғайлау кезінде картаның жоғарғыжағы солтүстікке қаратылады (төменгі жағы оңтүстік,оң қол шығыс,сол жақ батыс),ондағы бағыттар жергілікті жердегі бағыттарға сай келуі керек.Бағдар саны көп аумақтарда және жақсы көрінетін жағдайда картаны жергілікті жер линиялары бойынша бағдарлаушының тұрған нүктесі сызықтық нысанада жол,орман шеті,байланыс линиясы тұруы керек,бұдан кейін картаны линиялық белгі мен басқа нысана белгілері олардың жергілікті жердегі жағдайларына сәйкес келген дейін бұрады.Бағдарды көздеу тұру нүктесі анық болған жағдайда қолданылады.Бұл кезде картада көрсетілген зат жергілікті жерде анық көрініп тұру керек.тұру нүктесі мен заттың картадағы орындары арасына сызғыш қойылады да сызғыш қабырғасы таңдап алынған бағдарға (затқа) бағытталғанша картаны бұрады.Нашар көрінетін жағдайларда (түнде,орманда т.б.)және бағдары аз жерлерде картаны ыңғайлау кезінде компас қолданылады.Ол үшін оны картаның бетіне 0-180 диаметрі Солтүстік-Оңтүстік меридианына параллель болатындай етіп қояды.Одан соң картаны магниттік тілі босатылған компаспен бірге компас тілінің солтүстік шеті лимбаның нөлдік белгісіне немесе магниттік ауытқу шамасына тең белгіге келгенге дейін бұрады,яғни карта магниттік немесе нағыз меридиан бойынша бағдарланады.
Тұрған орынды картаның жергілікті жермен қоршаған заттар бойынша мөлшерлеп және картада белгіленген жақын заттар бойынша мөлшерлеп және картада белгіленген жақынбағдарларға жасалатын дәл тіркеулер (засечки) мен ұзын өлшеулер арқылы салыстырып анықтайды.Бұл кезде жоғарыда айтылған полярлық қадаммен өлшеу және бағдарды көздеу (визирование)әдістері де пайдаланылады.Бұл әдістер және дәл тіркеу әдісі көз мөлшер бойынша карта түсіру кезінде де қолданылады.Көз мөлшерлік түсіру-маршруттың немесе шағын аумактың (су алды,арғы беткі өту орны т.б)қарапайым,жуықтау кескінін жасау үшін қолданылатын топографиялық түсіру.Нысаналарға дейінгі қашықтықтарды көбінесе көз мөлшермен немесе қадамдау арқылы анықтап,таңдап алынған масштаб бойынша жер кескінін план ретінде түсіріледі.Ірі нысаналардың келбетін алу үшін жер кескініне оның негізгі нүктелерін түсіріп,олар арқылы сызықтар жүргізеді.Ұсақ нысаналарды масштабтан тыс шартты белгілермен белгілейді.Қащықтықты қадаммен анықтағанда 2 орташа қадам-1метр шамасы пайдаланылады.
Жүру сызығына жақын жердегі нысаналарды полярлық тіркеу әдісі бойыгша түсіреді.Ол кезде жүру сызығының бір нүктесінен нысана бағытына және қашықтығын оған жүргізілетін сызық арқылы анықтайды.Алыс нысаналар оларға екі нүктеден жүргізілетін сызық арқылы жүргізілетін тура дәл (прямаязасечка) әдісімен анықталады.Тұрған жерді кескінге түсіру үшін кескінде бар екі затқа қарай өзі тұрған жерден екі сызық жіберіп,олардың қиылысқан жері арқылы тұру нүктесін табады.Бұл әдісті қайтара тіркеу(обная засечка)деп атайды.Түсіру жолынабіршама бұрыш жасай орналасқан тура сызықты нысаналарды тік сызықтар арқылы түсіреді.Ол үшін түсіру жолынан түсіретін нысанамен қиылысатын нүктені тауып,ол арқылы нысана бойымен сызық жүргізеді.
Көз мөлшер түсіру кезінде жер бедері схемалық түрдегі горизонталдар арқылы белгіленеді.Салыстырмалы биіктік анероид немесе альтиметр арқылы, кейде көз мөлшермен анықталады. Құламалардың (пороги), өткелдердің асу алдыларыныңкескіндері ірі масштабта (1:500-1:25000)түсіріледі. Топографиялық нысаналардан басқа оларға бағдарларды, кедергілерді, олардан өтудің мүмкін болатын жолдарын түсіреді. Мысалы, құламалар кескінінде арнадағы кедергілерді (тастарды, иірімдерді т.б), жағалаулардағы бағдарларды, жағаға тоқтау және сақтандыру орындары көрсетіледі. Түсіруді бір жаға бойынша созылатын түсіру жолымен жүргізеді,ол кезде нысаналарды шартты белгілер арқылы белгілеп,оларға деген түсініктемелерді кескін шетіне жазады.Асу кескінін(схемасын)оған жақындаған кезде, яғни асу орны вертикалды кескінге жобаланатындай болған кезде көз мөлшер арқылы сызады.Жоғары көтерілу және төмен түсу жолы бойында беткей көлбеуліктерін,салыстырмалы биіктіктерді,жер сипаттарын(жар тастар,қар т.б)кедергілері(жарықшақтар,тасты жерлер т.б.)және топтың жүру жолы мен оның жеке бөліктерінен жүріп өту уақыттарын,түнеу орындарын көрсетеді.
Көз мөлшері түсіруі кезінде қадамдау,уақыт,жүру жылдамдығы,көз мөлшер т.б әдістерден басқақашықтықты (L)анықтаудың басқа да амалдары қолданылады.Олар:
1)Нысаналардың сызықтық көлемі (м,) және бұрыштық шамалары (см,1)бойынша анықтау.Ол үшін сызғышты көзден 50см алыс ұстап тұрып алыстағы затты жауып тұрған сызғыш ұзындығын сынайды да төмендегі формаларға қойып ол затқа дейінгі қашықтықтышамалап анықтайды.
2) Мыңдықформуланы пайдалану. Бұл тәсіл бойынша заттың бұрыштық шамасын бұрыш өлшеуіш (угломер,мыңдық)бөліктері түрінде білдіреді,бұл кезде бір миллиметрлік бөлік 50см-лік қашықтықта 0-02-лік ( 2мыңдық)бұрышқа сәйкес келеді.Формуладағы -нысанның сызықтық көлемі,м;оның бұрыштық шамасы м,см;Нысанның бұрыштық шамасы сондай-ақ кіші бөліктері 5 мыңға,үлкен бөліктері100 мыңға тең призмалық дүрбінің шкаласы арқылы және тұрақты көлемдегі кейбір заттардың көмегімен де анықталады.Мысалы,сіріңке талының ұзындығы 41мм,бұрыштық шамасы 0-82.
1)Белгілі бұрыштармен салыстыру арқылы көз мөлшермен;
2)20-20дейінгі көлбеулікте горизонтальды көздеу және қадаммен өлшеп шығу арқылы.Ол үшін көлбеу алдында тұрып,сызғышты көз деңгейіне горизонтальды түрде ұстап,көздеу нүктесін ол бойынша байқап алып,оған дейінгі қашықтықты қос,қадамдармен өлшеп шығады да,көлбеулікті мына формула бойынша есептеп шығады;мұндағы n- қос қадамдар саны,60- тұрақты сан.
3)Бұрыш өлшеуіш,яғни транспортир арқылы.Транспортир ортасына салмақ байланған жіп ілінеді,тік сызықты диаметрді көз деңгейіне келтіріп,еңкіштік сызығы бойына бағыттайды 90штрих пен жіп пен арасындағы бұрыш еңкіштік көлбеулігін көрсетеді.
4)Көлбеулік графигін пайдалана отырып топографиялық карта арқылы өлшенеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі ұғымдары. Жорықтың мақсаты мен міндеттері тактикалық өңдеудің мазмұны мен әдістемесі
Таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турлар ұйымдастыру жолдары
Тау туризмі
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі ұғымдары
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі ұғымдары туралы
Туристік сақтандыру қызметтері нарығындағы қалыптасқан жағдайлары
Карабин
Туризм мен демалыс
Әлемдік тәжірибедегі емдік туризм
Экскурсияның белгілері мен функциялары
Пәндер