Жақсы сөйлеу мәнері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Халқымыз жақсы сөйлеу деген ұғымды өте терең түсінген, сөйлеу мен сөйлесудің жарқын ажыратып, оның сан түрлі қыры мен сырын тани білген. Мақал - сөздің атасы. Сөздің көркі - мақал. Мақал сөздің тұздығы - деп халық айтады. Мақал - мәтелдер адам баласының өміріндегі барлық саласын қамтып, соның барлығын аз сөзбен кең мағынада жеткізген.

Мақал - мәтелдер халықтың ғасырлар бойы сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиыны, өмір тіршілігінің айнасы, дсыл мұрасы. Мақал-мәтелдер адамды еңбекке, өнерге үндейді, туған елге деген сүйіспеншілікке, достыққа, адамгершілікке т. б. шақырады.

Мақал -өмірін құбылыстарын жинақтайтын, типтендіретін, бір не екі тармақтан құралып, алдыңғысында шарт не жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды шығаратын түйінді пікір айтатын, өте ықшам, бейнелі, ғасырлар бойы ерекшеленген, қырланған, алуан мазмұнды, сан тақырыпты сөз мәйегі. Мақал -дәл мағанасын көрсетіп, халыққа түсінікті етіп баяндап, шындықты бетке басады. Мәтел-жаңашалатып, айтанын ойды бұрмалап, бір нәрсеге теңеп көрсетеді.

Қазақ тілі мақал-мәтелдерге өте бай. Біздің халқымызды, мқал - мәтелдерін ана тілімізге аудару арқылы да байып отырады. Дүниежүзі халықтарының мақал-мәтелдерін қазақ тіліне аударып, олардың көркемдік табиғатын, жанрлық жаратылысын зерттеуде Мұзафар Әлімбаевтің еңбектерін ерекше айта кеткен жөн. « Дүниежүзіндегі үлкенді- кішілі халықтардан рухани қазына алмасу-қазіргі замманның жақсы нышаны. Әсіресе бұл игі процесс социалистік дәуірде кең өріс тауып, тереңге тамыр жаюда.

Мақал- мәтелдер даяр қалпында жұмсалады, мағынасы тұтас, тіркесі тиянқты. Ол еркін сөз тіркестері сияқты әркімнің өз қалауынша жұмсалмайды, құбылтуға келмейді. Ешкімнің ырқына көнбейді, даяр қалпында сөйлемнің құрамына кіреді.

Тіл адамдардың бір -бірімен пікір алмасып, қарым- қатынас жасайтын құралы, сондықтан оның қоғамда атқаратын қызметі ерекше. Тілдің осы қызиеті бір ұлт өкілдерінің екінші ұлт өкілдерімен бір тілде сөйлесіп бірін -бірі түсіну тіларалық, мәдениетаралық қатынастардың жетістігі болып табылатыны сөзсіз. Ұлттар арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етуді арнайы тақырыптарды меңгеру шет ел тілін үйрену мен тікелей байланысты. Мұндағы ең басты ерекшелік - шетелдіктермен сөйлескенде, аударма жұмыстарында, арнайы кәсіби мәтіндерді түсінуді ақпарат құралдарын оқып тыңдағанда әр халықтың ұлттық ерекшелігінен хабардар болу керек. Шетел тілін оқыту әдістемесінің басты мақсаттарының бірі - тілді тек қарам- қатынас құралы емес, тілін үйренуге елдің өмірі, салт -дәстүрі, әдет-ғұрып, мәдениет жөнінде аұпарат беру.

Сондықтан да шетел оқытуда - тілін үйренген елдің мәдениеті жөнінде мағлұмат алу, тілдік құбылыстарда салыстыру арқылы ұлттық ерекшеліктері, адамзат құбылыстармен танысу қажеттілік болып табылады.

Мұндай құбылысты -«Елтану» тақырыбын оқытуда жүзеге асыра аламыз. Бұған дәлел жөнінде қазақ педагогикасының негізін қалаушы ұстаз Ы. Алтынсариннің сөзін алуға болады: «Тілді үйреніп, білім алуды халықтың тұрмысымен ұлттық ерекшелігіне және өзіндік мәдениетін ескеру керек»-деп тұжырымдаған.

Елтану - адамзат және мәдениет құндылықтарымен тікелей байланысты. Адамзат құндылықтарының философия, психология, өзін-өзі тану пәндерін үйрететін болса мәдениет құндылықтар оқу бағдарламасына жаңадан енгізілген пән- мәдениеттенумен байланысты. Әр дәуірде, әр кезде өмір сүрген адамдардың тұрмысында ұқсасатықтар болғанымен, олардың өмір кешкен тағдыры, салт- дәстүрі, тұрмыс тіршілігінде сол халықта тән ерекшеліктерді тарих анықтаған. Қазіргі таңда тіл білімінде тілдік құбылыстарды олардың жүйелік байланысы тұрғысынан зерттеу кең тауып отыр. Қазақ және шетел тіл білімінде тілдердің лексика -фразеологиялық жүйесін тақырыптық топтарға бөліп зерттеу әдәсә кең көлемде жүргізіліп, өз нәтижелерін беруде. Фразеология саласында мұндай бағыт фразиологизмдерді фразео- тақырыптық өріс мүшесі ретінде қарастырады.

Фразеологизмдер біріншіден қандай да бір құбылысты атаудағы олқылықтың орнын толтыру үшін, екіншіден, тілдің коннотативтік қорын байыту үшін тілде бар лексикалық бірліктерді топтастырудың нәтижесінде жасалады. Мысалы километр, метр т. с. с атаулар қолданысқа ене қоймаған кезде, сол замана кезеңіне сәйкес келетін қозы көш жер, ат\ тай\ құнан шаптырым жер, бие сауым уақыт деген секілді тіркестердің қалыптасқандығы белгілі.

Неміс және қазақ қауымдарының арасында өте тығыз әлеуметтік тарихи мәдени т. с. с ареалды байланыс бар деп айту қиын, алайда тіл- тілде бір -бірінен тәуелсіз қалыптасқан., өзара мағыналас келетін барлық азаматқа ортақ не ұқсас жағдаяттарда туындаған фразеологтзмдер кездесіп орырады. Құрылымы бөтен тілдердің өзінде бірдей немесе ұқсас оброзға негізделген, мағыналық және мазмұндық сипат сыртқы құрылымдық -тұлғалық тұрпат жағынан ьіртектес ФЕ-лердің болу себебін Ю. П. Солодуб біріншіден адам баласының өмірлік тәжәрибесі, және оның ойлам процесінде көрінудегі ортақтылықпен сондай -ақ араларында ешқашан тікелей қарым қатынас орнап көрмеген халықтардың да әлемді бейнелей танудың қайсыбір формаларында біртектестік болатындығымен, екіншіден, жекелеген халықтар арасында, тіптен ірі ареалдар арасында орын тепкен мәдени тарихи тығыз қарым- қатынастардың нәтижесімен түсіндіреді.

АФ-тердің (анималистік фразеологизм) адам өмір тіршілігінің барлық саласына түгел қатысы бар деп айтуға болады. Сонымен «Адам» саласына жататын мағыналық топтар акдемик Қайдаровтың жүйелеуі бойынша ең алдымен кең көлемде «Адамзат», «Қазақ этносы», «Дүние мүшелері мен ағзалары». Деген ірі - ірі тақырыптық топтардан және соларға қатысты тақырыпшалардан тұрады. Мәселен, »Адам» ұғымына, әдетте оның сыртқы түр -түсі сын- сипаты, зиялы қасиеттері мен мінез-құлықтары, адам есімдері т. б жатқызылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере келіп, «Адам» саласына жататын АФ-тердің мына тобын жеке бөліп көрсетуді жөн көріп отырмыз: адамның жағымды, жағымсыз қасиеттерін білдіретін АФ-тер.

Адамның жағымды, жағымсыз сапалық қасиеттерін білдіретін АФ-тер өрісінде өз ішінде сематикалық қатарларға бөлінетін төмендегідей микроөрістер жинақталған

Адамның «физикалық қасиеттері» микроөрісі.

әлсіз аурушаң ағылшын тілінде barber’s cat: shotten herring : to have not the strength of cat: қазақ тілінде құр шыбыны ғана бар; қон торғай: сең соққан балықтай: көтерем қойдай. Ептілік пысықтық, икемділік: ағылшын тілінде: off ox:bull in a china shop: hog in armour6 halflicked cub; қазаө тілінде мысықша ырғу: ат тарпаңдау; сөзі түйеден түскендей; түйе үстінен сирақ үйіту; аюдай қорбаңдау; қолынан қой жарысы келмеу; Тышқан алған мысықтай

Сонымен бірге қазақ тілінде қайратты, қуатты, айбарлы, адамды сипаттайтын - атан жілік, арқар мүйіз, нарға жүгін салғысыз; арыстандай айбатты, сайып қыран, жолбарыс жүректі, нар тұлға, т. б АФ- тер кездеседі.

Адамның интелектуалды. Қабілеті.

Ақылдылық, зеректік, талаптылық, ағылшын тілінде: clever dog: bird of wonder: to know a hawk trom a handsaw: to know a groose trom a gridiron : to be a whale at smth: as an owl: as wise as a serpent: қазақ тілігде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар; Талабы тай жегендей; Талағының биті бар, талаптың тұлпарын мінген.

Арамдық, екіжүзділік, жармсақтық Ағылшын тілінде. Old fox: sly dog: sly cat: downy bird: still sow: қазақ тілінде - ішінде ит өліп, түлкі тұншығып жатыр, Мысық тілеу, жылан жүрісті, дәретін көмген мысықтай, қой терісін жамылған қасқыр, текені әке, ешкіні шеше деп отыр.

Құрылымы әр басқа екі тілдің сөздік қорындағы сан алуан ФЕ- лердің ішінде жиі қолданылытын, мағынаға бай, қолданыс ауқымы кең тілдік бірліктердің бірі адам қасиеттеріне қатысты тіркестер. Осы аталмыш тіркестерді зерттеу - ғылыми практикалық мәні зор құбылысқа жатады.

Қос тілдің фразеологиялық қорының негізін құрайтын адам қасиеттеріне байланысты фразеологиялық тіркестер халықтың материалдық және рухани өмірі жайлы мағлұматтарды оқырманға дәл және бейнелі түрде жеткізеді және әр түрлі мәдени ерекшеліктерімен бірге жалпы адамзатқа тән ортақ универсалды танымның бар екенін дәлелдейді. Бүгінгі таңда шетел тілін меңгерудің әлеуметтік саяси маңызды мәртебесі, саяси эканомикалық және мәдени жағдай шетел тілін оқытудың мақсат мазмұнының өзгеріне әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты оқып жатқан шетел тілін мәдениет аралық қарым-қатынас құралы ретінде қолдана білуге үйрету. Шетел тілін оқытудағы бұл мақсат әдіскерлерден, шетел тілі мұғалімдерінен әрдайым тиімді әдіс - тісілдерді іздеуді, сонымен қатар оқыту мазмұнына көңіл бөлудбі талап етеді. Тіл мәдениеттің элементі, ол белгілі бір мәдениет шеңберінде қызмет етеді, ал мәдениетте қолдану ерекшеліктерімен таныс болуы керек. Алдымен біз тілдің әлеуметтік қызметіне, яғни адамзат қоғамына қатынас құралы ретінде қызметіне тоқталамыз, өйткені тіл белгілі бір ұлттың игілігі, әрі өзіне тән ажағысыз белгісі. Тіл -адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын, пікір алысатын, өзара түсінісетін негізгі құралы. Сөйтіп, -тіл -адамзат ісінің барлық саласында және күнделікті тұрмысында бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік беретін құал.

Сонымен, тілге анықтама беруде ойы жүзеге асырудың құралы екендігі негізге алынады. Қазіргі уақытта шетел тілі сабағы шетел тілін оқытудың мақсаты мен мазмұнына сәйкес толығымен мәдениет аралық қарым-қатынасқа бағытталған, сондықтан оқу мен оқыту процесіндегі басты талап студенттердің тілін оқып үйреніп жатқан халықпен ортақ көзқарас, мәдениет түсінікпен қабылдауға даярлық, төзімділік, икемділік сияқты қабілеттерін қалыптастыра отырып, оларды өз мәдениетін, ұлттық салт- дәстүрін сақтауға баулу керек. Олардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамыту, танымдық белсенділіктерін арттыру. Мәдениетаралық қарым-қатынас деген ұғымға толықырақ тоқталар болсақ, ол әр түрді мәдениет өкілдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауы. Студенттерді мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуде оқытудың белсенді түрі болып табылатын әдіс. Әдіс тәсілдерді пайдалана отырып, көзделген нәтижеге жетуге болады. Үйренуші студент сөзден фонетикалық, граматикалық ережелерден басқа нені білуге тиіс. Оған ең бірінші кезекте сол үйреніп жатқан тілде қарым-қатынас жасай білу керек. Ал бұл жерде бірден тілдің елтануға қатысты мәселелерінен хабардар болу қажеттілігі туындайды.

А) Этикет нормалары( қай жерде нені айтуға болады, ал нені болмайды. )

ә) қарым-қатынас жасауда үйреніп жүрген тілдегі әдет -ғұрып, салт- дәстүрлерді білу.

Оған мысал.

Alt genug und doch nicht klug- азу тісі түскенше, ақылы кірмеген.

Die Kuh weib nichts vom Sonntag- Тоқ тышқанға тоқ май да жақпайды.

Ungelandene Gaste gehoren nicht zum Feste-Шақырусыз тойға барғанша, қазусыз көрге бар.

Б) күделікті өмір жаңлықтары.

В) тілдесудегі өзгермейтін айтылыстар.

Г) Фондық білімдер-бұларға сол елдің мәдениеті, ақындарын, мейрамдарын, өнерлері жайында.

Сондықтан мәтінде тілдік елтануға қатысты сөздер мол болу керек

Өз ана тілімен үйреніп жатқан тілдің арасында тілдесу кезінде этикет нориаларындағы алшақтыққа түсініктеме бере отыру;

Үйренуші тіл халқында жиі қолданылатын қалыптасқан тілдік ерекшеліктерді білу

Бұдан шығатын қорытынды тілдік елтану жетіктерін меңгерту қарым-қатынасқа, тілдесуге үйретудегі ең қажетті мәселе болып табылады.

Кез-келген шетел тілін үйренуші тілді үйрене жүріп, бір мезгілде сол халықтың харихымен де, эканомикасымен де, саясатымен де, географиясымен де сонымен бірге мәдениетімен, әдебиетімен өнерімен де танысады. Елтануға қатысты білімі болмайынша, тілді үйрену, меңгеру толық болмас еді. Мұндай мәселелермен студенттердің таныстығыы қаншалықты болуы керектігі және мұндай білімді қалай беру керектігі басқа мәселе. Қолда бар оқулықтар бұл материалдарды әр түрлі жолмен меңгеруді ұсынады. Осы тұста мәдениетті оқытуға қатысты әр түрлі көзқарастардың да бар екендігін ескерте кеткен жөн.

  1. Оқулықта суреттер мен скультуралар берілуі тиіс, осы арқылы студенттер жоғары мәдениеттен хабардар болуы қажет. Осы мақсатта сабақ басталар алдында қазақ сазгерлерінің тақырыпқа қатысты шығармалары орындалуы тиіс.
  2. Оқулықтар күнделікті өмірдегі жағдаяттарға қатысты суреттер, ұлы адамдардың поптреттері берілуі керек.
  3. Мәдениет пен елтану мәселелері ана тіліндегі мәтін ретінде салыстыру керек.
  4. Мәдениет пен әлеуметтік мәселеге қатысты кездесетін жәйттер шет тілінде суреттеледі және олар оқу үшін берілген мәтіндердің мазмұны болып табылады.
  5. Елтануға қатысты кездесетін мәтіндер монологтық және сұқбат үшін берілген мәтіндердің мазмұны болып есептеледі.
  6. Жалпы білім -цитаттар, мақалдар, мәтелдер, өлеңдерден үзінділер-ауызша сөйлеуге, үйретуге арналған мәтіндердің мазмұныны құрайды.
  7. Оқулық елтануға қатысты мәліметтерді аутентикалық мәтіндер арқылы да берілуі тиіс: атап айтқанда, дастархан мәзірі, театр афишасы мен билеттері, хабарландырулар, құжаттар, әр түрлі кестелер т. б.

Неміс тілі мен қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді салыстыру жолдары.

-Ұйтқы сөздеріне қарай мақал-мәтелдердің семантикасы екі тілдеде мәндес келе ме

- Семантикасы екі тілде де мәндес, ал ұйтқы сөздері әр қилы мақал - мәтелдер бар ма

- Семантикалық ерекшелігін анықтап, тұжырымдау.

Мысалы.

  1. Morgen, morgen nur nicht heute, sagen alle faule Leute,

Еріншектің ертеңі таусылмас.

  1. Lugen haben kurze Beine.

Өтіріктің құйрығы бір тұтам.

  1. Strofen ist leiche bessern schwer

Жазалау оңай, тәрбиелеу қиын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогтардың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде
Стиль және шығармашылық ерекшелік
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті
Алғашқы шығарылған қазақ газеттерінің тарихы. Стиль - жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі
Стиль - стилистиканың негізгі орталық ұғымы
Сленг және масыл сөздердің қазақстандық жастардың сөйлеу мәнеріне әсері қандай
Кәсіби педагогикалық білім
Стилистика ғылымы
Қазақстандағы мемлекеттік тілдің жастар арасында қолданылу деңгейі мен қазақ тілінің қазіргі жағдайы
Мектеп жасына дейінгі балаларды интонациялық мәнерлілікке тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz