Жас футболшыларды футбол секцияларына іріктеу
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жас футболшыларды футбол секцияларына іріктеу жолдары
2. Жасөпірім футболшылардың техникалық дайындығыныңсипаттамасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адам қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Жасөспірімдердің дене бітімі жағдайына, дене даярлығына республикамыздың саяси, экономикалық және идеологиялық болашағы тәуелді болып келеді.Сондықтан да, жасөспірімдердің дене бітімінің дамуы, дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Үкіметіміз бен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында «Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтырунысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл жұмысты келесі жылы-ақ бастау керек.»-деген болатын еді. Осы Жолдаудан кейін-ақ еліміздің түкпір-түкпірінде, әрбір ауылдарды спорт алаңдары бой көтерді. Соның нәтижесінде салынған футбол алаңдары да жасөспірімдерді көптеп өзіне тарта бастады.
1. Физиология мышечной деятельности. Учебник для институтов физический культур. Под.ред. Я.М. Коца, Москва, Ф и С, 1982 г.
2. Ө.Парпиев И.А: Потапов, С.Т. Сәрсенова. Спорт физиологиясының негіздері. Алматы – 1988 г.
3. Физиология человека. Под. ред. Г.И. Косицкого, Москва, Медицина, 1985
4.Спортшылардың негізгі шұғылданудын жалпы сұрақтар. Спорт физиологияныңеңбекжинағы Л, 1974-130 бет;
5.Психология: В.И.Мельникова М: спорт, 1987-367 бет
6.Совет үқіметденетәрбиежүйесі. Г.И.Кукушкин – М: 1975-556 бет
7.№ 66 ЖББОМ денетәрбиепәнініңмұғаліміМукашев Ж.С.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жас футболшыларды футбол секцияларына іріктеу жолдары
Жасөпірім футболшылардың техникалық дайындығыныңсипаттамасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адам қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Жасөспірімдердің дене бітімі жағдайына, дене даярлығына республикамыздың саяси, экономикалық және идеологиялық болашағы тәуелді болып келеді. Сондықтан да, жасөспірімдердің дене бітімінің дамуы, дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың, Үкіметіміз бен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл жұмысты келесі жылы-ақ бастау керек.-деген болатын еді. Осы Жолдаудан кейін-ақ еліміздің түкпір-түкпірінде, әрбір ауылдарды спорт алаңдары бой көтерді. Соның нәтижесінде салынған футбол алаңдары да жасөспірімдерді көптеп өзіне тарта бастады.
Әлемдегі ең жанкүйері көп спорт түрі – футбол десек қателеспейтін шығармыз. Осы футболдың елімізде қанат жайып келе жатқанына 100жыл толды. Десек те футбол төңірегіндегі шешілмеген мәселелер әлі де шаш етектен. Қазақ футболының жеткен жетістігі де жок емес. Қазақ футболының келешегі өсіп келе жатқан жас футболшыларымыздың қолында. Сондықтан сол жастарды футболға баулып, үйрету біз секілді болашақ жас мамандардың міндеті деп есептеймін.
Бүгінгі күнде жас ұрпақты ең жас кезінен дене күштері мен рухани күштері сайма – сай жетіліп, шынығып өсетіндей етіп тәрбиелеу ісін қамтамасыз етуді мемлекетіміз аса маңызды міндеттердің бірі деп санайды.
Ежелден дене мәдениеті жеке адамды жан – жақты және үйлесімді дамытудың маңызды жолы болып есептеледі. Жоғары оқу орындарында және арнайы орта оқу орындары мен мектепте дене дайындығының ең кең қолданылатын түрлі – спорттық ойындар. Олардың ішінде футбол ойыны – алдыңғы орындардың бірін алады.
Қазіргі заманғы футтбол – шапшаң ойын. Ол кенеттен ұмтылулары, тоқтап қалулардан тұрады және аса шапшаң жүгіруді талап етеді.
Жүгіру, секіру сияқты басқа да қимылдардың өзгешелігі анық, көлемінің кіші болуына және қарсылас әрекетіне байланысты бірімен екіншісіне кенеттен ауысу қажеттілігіне орай анықталып отырады.
Белсенді ойын әрекеттері ерік – жігер күшіне айрықша талаптар қояды, сондықтан да шұғылдану барысында айналысушылар бойында жылдамдық, төзімділік, ерік – жігер, батылдық, шешімділік, бастамашылық, шешім қабылдауда дербестік және жағымсыз көңіл – күйді жасыра білу қабілеттері жетіледі.
1.Жас футболшыларды футбол секцияларына іріктеу жолдары
Мамандандырылған резьерв дайындау жас футболшылардың бастапқы дайындығы мен іріктеудің қандай дәрежеде ұйымдастырылуына байланысты. Бұл мәселелерді дұрыс шешу алдағы оларды жаттықтырудың тиімді жүргізілуін анықтайды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер және тәжірибелер қазіргі таңда іріктеудің екі түрі қолданылатындығын көрсетеді.
Олар: 1) бапкер жаңадан келгендерді бір-бірімен кездесетін командаларға бөледі. Ойын барысында, балалардың ойын ойнау әдісін бақылап отырып, ол ұғымтал, епті, белсенділерін бөліп алады. Осыдан кейін іріктелген топпен дайындықтың бастапқы кезеңі басталады.
2) ойын барысын бағалаудан қосымша тесттер қолданылады: әр түрлі арақашықтыққа жүгіру, секіру жаттығулары, қарапайым техникалық әдіс-тәсілдер: дәлдік және алыс-жақын қашықтыққа допты дәл беру, доппен жүру және т.с.с.
Іріктеу кезінде балалардың белгілі бір уақыт аралығында ие болған оның икемділігі және ептілігі бағаланады. Оларды болашақта футбол саласы бойынша нақты маман болатынына болжау жасай отырып, олардың әлеуетті мүмкіндіктерін бағалау қажет. Егер бұл мәселеге назар аударылмаса, тест нәтижесі бойынша қабілетті балалар емес, көп қозғала алатын, тест тапсылрмаларын көшеде немесе дене шынықтыру сабағында орындап жүрген балалар іріктеуден өтетін болады.
Тест нәтижесі бойынша жоғары нәтижелерді физикалық дайындығы мықты балалар көрсетуі мүмкін. Мысалы, аяғы ұзын балалар 30 м қашықтыққа тез жүгіреді, шыдамдылар 300-400м ұзаққа жақсы жүгіреді және т.с.с. Бірақ бұл олардың болашақта футболды басқалардан мықты ойнайды дегенді білдірмейді.
Жақсы футболшыларды іріктеудің тиімділігі келесі екі мәселінің шешіміне тәуелді: метрологиялық, яғни іріктеудің өлшемдерінде қандай көрсеткіштер қолданылуына байланысты, және әдістемелік, бұл бастапқы іріктеу кезіндегі тәрбиелік және оқу-жаттығу процестерінің қандай дәрежеде ұйымдастырылуына байланысты.
Ереже бойынша іріктеу тесттері келесі талаптарға сай болуы керек. Олар: болжамдық деректемелерге ие болуға тиісті, сенімді болуға, өлшеулердің стандартталған жүйесіне ие болуға, және ондағы нәтижелер бағалар жүйесіне сай болуға тиісті.
Сонымен қатар, балаларға тесттен жақсы нәтиже алу үшін жақсы уәждеме беру қажет, себебі балалар тест нәтижелеріне байланысты олар болашақта футбол ойнау немесе ойнамайтындығын біледі. Оларға жарыстық рух беру жақсы уәждеме болып табылады.
Бірақ, метрологиялық дұрыс тесттердің бар болуы да тиімді іректеу жасалатындығына толық кепілдік бермейді. Бұл келесі зерттелген мәселелердің шешілуіне байланысты мүмкін болады:
1) футбол дамуының басты тенденцияларын анықтау қажет және ол балалардың 10-15 жылдан кейін қандай болатынына байланысты болжауды іске асыру қажет. Бұл футболшыға оның болашағына байланысты талаптар қоюға мүмкіндік береді;
2) қозғалу икемділігінің деңгейін, балғын футболшылардың тұлға ретіндегі және басқа да қасиеттерін анықтау қажет, оларды бақылау қорытындысы бойынша классификациялап, болашақ табыстар мен жетістіктерге байланысты болжам жасау керек;
3) белгілі бір түрде анықталған жоспарланған жүктемелердің құрылымының шарттарына сәйкес іріктеудің бастапқы кезеңін ұйымдастыру қажет.
Көптеген мамандардың пікірі бойынша, іріктеу – бұл ұйымдастыру-методикалық іс-шараларының жүйесі, оның ішіне педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық және мед-биологиялық әдістер кіреді, осының негізінде жасөспірімдердің спорттың бір түріне қабілеттері анықталады. (В.П.Филин, Н.Ж.Булгакова.).
Іріктеу оқу-жаттықтыру процессінің органикалық бөлігінің маңызды элементы болып табылады, себебі бұл спорттық дайындықтың негізгі мәселелерін шешуіне ықпал етеді соның ішінде жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу.(М.С.Бриль).
Спорттық бағдарлану – бұл ұйымдастыру-методикалық іс-шараларының жүйесі, осылардың негізінде баланың спорт түрін таңдап, онымен айналасуы анықталады.
Сөйтіп, іріктеудің міндеті – спорттың сұранысына қарай, айрықша жарамды балаларды іріктеп алу. Спорттық бағдарланудың міндеті – нақты адамның мүмкіндіктерін бағалап, спорттық қызметке ең жарамды кандитатураны таңдау.
Әр спорттын түрі спортшыға белгілі бір талаптар қояды. Бірақ қандай да болсын қызмет, диалектика заңы бойынша, дамып және жетіліп отырады. Сол себептен спортшы жауап беретін талаптар да ауысып тұрады.
Көрсетілген ұғымдардан да басқа, тағы бір ұғым бар – спорттық сұрыптау, бұл ойыншыларды шамамен бір деңгейлі квалификация бойынша іріктеп, белгілі дәрежеде командаға кіргізу.(шеберлер командасы, мемлекеттің құрама командасы т.б.).
Футболдағы іріктеу мәселесі өзекті болып табылады. Бұл төменде көрсетілген ақпараттармен түсіндіріледі, балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі футбол бөлімдері, қазіргі таңда қалап келген жастарды қабылдауға мүмкіндіктері жоқ.
Спорт мектептер алдындағы қойылған міндеттер әр түрлі. Олар ең алдымен мемлекеттік футболға жоғары дәрежелі резерв дайындауы тиіс. Сол себептен спорт мекетептері тек қана іріктелген контингентпен жұмыс істеуге мәжбүр. Сөйтіп, бапкерлер үлкен жауапкершілік сезініп, футбол бөліміне ірктеу кезінде өздерінің әлсіз жақтарынан қорқады. Бұл қорқыныштың да, негіздері бар. Айта кету керек тәжірибеде көптеген қабылданған жас футболшылардың кейбіреулері спорт мектебін бітірмей кетті.
Іріктеудің маңыздылығы осыған да негізделген, әртүрлі адамдарда қозғалыс дағдыларының жаттықтыру дәрежесі, физикалық, психикалық және басқа да көрсеткіштері айрықша болады. Кез келген бала футболда спорттық шеберліктің шыңына жете алмайды, оған жету үшін көптеген жаттығулар арқылы ғана емес, одан басқа көптеген тұқым қуалаушылық деректер де әсер етеді. Сол себептен іріктеудің басты міндеттердің бірі дарынды жасөспірімдерді іздеу. Дарындылар өте сирек кездеседі, сол себептен талантты жасөспірімдерді ғана іздеу дұрыс емес болады. Оқу тобы қабілетті жастардан құралу керек, солардың ішінде дарындылары да болуы мүмкін.
Ең үлкен қиындық – баланың қабілеттер жүйесін танып білу, олар болашақта оған жоғары квалификацияланған футболшы болуына және оның сапалы спортшы болуына ықпал етеді.
Футбол тәжірибесінде көптеген мысалдар бар, әлсіздер белгілі уақыт өткен сол күштілердің арасына өтіп, және керісінше де болады.
Болжаудың ең кең таралған тәсілдері бар(М.С Бриль):
1.Экстрополяциялау- бұл белгілі мәліметтерді белгісіз болашаққа өткізу. Болжамды көріністін дамуының нақты тенденциясы боған кезде ғана бұл тәсіл нәтижелі болады
2. Шекті мәндер тәсілі белгілі бір шекке жеткен элементтердін көрінісі. Мысалы, футболшының жұмыс істеу қабілеті бүкіл ойын ісіне әсер етеді.
3. Болжаудың ең маңызды тәсілі соңғы кезде модельдеу болып отыр. Оның көмегімен елеулі факторлары айқындалады, олардың негізінде болжаудың нәтижелігі арта түседі. Және керісінше, елеулі емес факторларды белгілеп көрсетуге болады, олар болжауға ешқандай әсер тигізбейді.
Іріктеу процедурасын өтетін кандидаттар келесі топтарға бөлуге болады: I – қабілеттілер, оларды келешектегі жаттығуларға алады; II – қабілетсіздер және оқудан шығарылғандар; III – қабілеттілер, бірақ оларды қате жасап оқудан шығарады; IV – қабілетсіздер, бірақ олар қателік арқылы қабілеттілер қатарына кіріп кетеді. Сөйтіп, іріктеу елеулі болу үшін кандидаттар көбісі 1 және 2 топқа еніп, азы 3 және 4 топқа енуі қажет.
Спорттық жетілудің тоқтатылуы көбінесе ұйымдасу-методикалық мінездемеге байланысты, сирек жағдайда әлеуметтік-психологиялық жайттар да әсерін тигізеді.
Тәжірибеде іріктеудің келесі факторлары да бар: критерийлер, тәсілдер және ұйымдастыру.
Критерийлер деп тұлғаның қандай да болсын қабілеттері жатады, оларды іріктеу кезінде бағалауға немесе өлшеуге мүмкіндік болады (мысалы, қозғалу координациясы футболда іріктелудің маңызды критерии болып табылады).
Өз кезегінде критерийлерді келесі 3 түрге бөлуге болады: нышандар, дарындылар және қабілеттер.
Нышандар деп туған кезінен бар анатомо- физиологиялық және адамның психологиялық ерекшеліктері жатады, олар оның болашақ қабілеттерінің негіздері. Мысалы , салмақ, бой көрсеткіштері, жүрек және өкпе жүйелерінің ерекшеліктері және т.б.
Дарындылық – бұл тұлғаның өзгеше сапалық және басқа да құрылымдарының үйлесімі, осыдан оның болашақ спорттық сәттілігі анықталады. Алайда дарындылыққа сәттіліктің өзі ғана тәуелді емес, тек оған жету мүмкіндігін де ескеру қажет. Дарындылық тағы да қабілеттер негізінде қалыптасады. Спорт мектептеріне іріктеу кезінде дарындылық негізгі басты критерий болып табылады. Дарындылық ұғымына тек техникалық және тактикалық дағдылар ғана кірмейді, тағыда сәтті болуды қамтамасыз ететін элементтер кіреді. Бұл өте маңызды. Әйтпесе бапкер өзінің тәжірибесі мен интуициясына сүйеніп міндетті түрде дарынды балаларды ғана емес, тағы да нақты тесттерден сүрінбей өткен балаларды іріктеп ала алады.
Қабілеттер- бұл адамның белгілі бір іске жарамды, ойдағыдай жаттығуларды жасауға мүмкіндігі бар.Адам белгілі қабілеттермен туылмайды.Олар істің асу барысында пайда болады.Сол себептен: жаңадан келген футболшылардың айтарлықтай ойын қабілеті бола бермейді.Жасөспірімдердің ойнау дәрежесін уақыт өте келе бағалауға болады. Кейбір жағдайда субъекттінің индивидуалды ерекшелігі деп түсінеді.Бұл жағдайдағы ерекшелігі футболшылардың ойын барысында көрсетуге мүмкіндік береді. Оқу-жаттығу тобына ойыншылардың спортшылардың қабілетіне қарап алады.
Іріктеу тәсілдері
Іріктеу методтарына, критериялық өлшеуді жатқызамыз ( нышан, дарындылық) және тағы да басқа қабілеттерді. Іріктеу тәжірбиесіне аппаратты, сарапты, топтық тест методтарын қолданады. Жасөспірімнің дарындылығын дәрежесін анықтау үшін сарапты тәсілінің негізінде жеке тәжірбиесімен немесе әсер алуымен анықталады. Қандай да бір мінездемесін өлшеу өте қиын (мысалы ойнау ойын және т.б)
Сарапты тәсіл мамандардын пікіріне негізделген. Іріктеу барысында эксперттық екі түр бар олар:
Медициналық
Педагогикалық
Белгілі бір қабілет дәрежесін өлшеп табу үшін аппаратуралық тәсілдің көмегін қолданамыз.
Тесттік анықтау тәсілі аппартуралық тәсілден нашар болып табылады.
Ойын тәсілі. Екі жақты ойында кандитаттардың дарындығының деңгейін анықтау үшін ойын тәсілін қолданады. Сонымен қатар бұл жаттығуларды қатысушылардың санына байланысты (3х3, 6х6, 11х11 және т.б).
Жасөспірімдердің дарыны мамандандырылған тәсілмен бағаланады. Алдында көрсетілгендей, неғұрлым көп мамандырылған бапкерлер жасөспірімдердің ойынын (бақылап, бағдарласа) бақылауға қатысса және дәрежелері жоғары болса, соғұрлым болжау анық болады.
Жоғарыда айтылғандай, жоғары дамыған сана – айтарлықтай дарындыққа жатпайды. Маңыздысы олардың бір-бірімен байланысы, қозғаластағы ойындардың болашағы, ойынның сапасын анықтау дарынның көрінісі болып табылады.
Бақылау арқылы жасөспірімдердің жүйке жүйесін анықтауға болады.
Бақылаудың объектісі: нақтылық, батылдық, тұрақтылық. Бақылаудың нәтижесіне байланысты кандидаттың қозғалысына, күшіне, өсу және тұрақты жүйке жүйесінебайланысты шешім шығаруға болады.
Кандидаттың ерік-жігерін зерттеуге ойын тәсілі қажет. Футболшының ерік-жігерін қасиеттеріне: беріліп дайындалу, мақсатын соңына дейін жеткізу. Бапкер жоғары деңгейдегі өтілген ойынды қолдану керек. Керектісі бапкер баланың іс-әрекетін дайындық үстінде бақылап, нормативті бақылауларды қадағалау қажет.
Тесттік тәсіл.
Сараптамалық бағалау мен қоса ойынды бағалауды арнайы жаттығулар мен тесттер қолданылады. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:
Педагогикалық бақылау;
Дәрігерлік бақылау; баланың деңсаулығының жағдайын және организмінің жұмыс жасауы жайлы мәлімет беру;
Нәтижелі сынақ; физикалық сапасын білдіретін көрсеткіш;
Арнайы қабілетті бақылау тәсілі;
Тесттер, мұрагерлік факторлар және оқуға деген қабілеті.
Балалардың футболға деген қызығушылығын анықтау қажет. Тест өткізу уақытында кандидаттарды екі топқа бөлу керек. Бірініші топқа футболмен шұғылданып жүргендерді, ал екіншісіне жаңадан келгендерді. Бұл іріктеуге эффектты түрде және мақсатты түрде өтуіне жол береді. Бақылау жұмыстарды алудың методикалық тәсілдері спорттық мектептердің жалпы мойындалған ережелер мен талаптарына сай болу керек. Қазіргі таңда іріктеу жолдарында сапа мен көрсеткішті бағалау: старттық жылдамдық, қашықтық жылдамдық, ептілік, жылдамдық күші, сабырлық, шешімді тез әрі тиімді шешу және т.б. қасиеттер жатады.
2.Жасөпірім футболшылардың техникалық дайындығыныңсипаттамасы
Ойынды дұрыс ұйымдастырып, жеңіске жетуі үшін алаңдағы ойыншылады дұрыс орналастырып, әр қайсысының алдына жеке міндет қойылу керек. Қазіргі заманның ойын жүргізу әдістерін яурыс пайдалануда ойыншылардың өздеріне арнайы белгіленген орны және міндеті болуға тиіс. Сонымен бірге футболшы ойын тәсілдерін түгел әрі шебер орындай отырып, шабуыл яки қорғаныс шебі болып, бірден ойнай білуі шарт және ойын міндеттерін өте жақсы әрі шебер орындағаны дүрыс. Сондықтан ойыншылар орындайтын өз міңдеттеріне қарай қақпашы, екі қабаттағы он, сол қорғаушы, орта қорғаушы, ортаңғы шептегі ойыншылар, оң немесе сол жақ қанаттағы шабуылшылар және ортаңғы шабуылшы болып бөлінеді.
Күрделі және қиын жағдайда, көбінесе допқа қарай қимыл жасап, допқа қарай жылжып, тартып алу керек.
Допқа қарай қимыл жасап тартып алу тәсілін қолданғанда қарсылас ойыншыдан 1,5-2 м қашықтықтан ертерек допқа ие болуға болады. Бұл тәсілді, көбінесе қарсылас ойыншының оң немесе сол жақтан алдап өтуіне қарсы қолданылады. Алыста орна-ласқан допты жартылай "шпагат" жасап, немесе "шпагат" жасап допты ұрып тоқтатып тартып алуға болады. Допты теуіп жібергеңде көбінесе табанның ұшымен ұрған дұрыс ол тез және аз уақыт алады.
Ал допты тоқтатып тартып алу үшін, табан доптың бағытына бөгет болуы керек.
Допты жылжып тартып алу - тәсілін допқа ие болу үшін 2м. қашықтықтағы допқа ие болу үшін қолданылады. Допты тартып алу қарсылас ойыншыдан аттап бір бүйірден орындалады. Шабуыл жасаған ойыншы допқа қарай ұмтылып жайлап сырғанап, допқа тосқауыл қояды.
Қарсылас ойыншыны иықпен итеріп допқа ие болу тәсілі ойын тәртібіне сәйкес орындалады.
Допты лақтыру - тәсілі алаңдағы ойыншыға ойын тәртібі бойынша, алаңның оң немесе сол қанатынан сыртқа шыққан допты ойынға қосу үшін орындалады. Шебер футболшылар допты 25-30 м қашыкпгыққа лақтыру үшін арнайы дайындық жасауы керек, ол үшін қозғалыс дағдысын және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz